Zanussi ZCV954001W Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с руководством пользователя для кухонной плиты Zanussi ZCV954001W. В нем подробно описаны все функции плиты, включая варочную панель и духовой шкаф с грилем, а также правила безопасности и рекомендации по уходу. Задавайте мне ваши вопросы – я готов вам помочь!
  • Как использовать функцию гриля в духовом шкафу?
    Что делать, если индикатор остаточного тепла горит?
    Как очистить стеклокерамическую поверхность?
    Как правильно установить противень в духовом шкафу?
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
20
Пеш
Кухонная плита
ZCV954001W
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану _ _ _ 8
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ _ 8
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану _ _ _ 9
Тұмшапеш - Керек-жарақтарды қолдану
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 10
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ 11
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны
дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам
жарақат алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. 3 жасқа
толмаған балаларды
құрылғының қасына қараусыз
қалдыруға болмайды.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
2
www.zanussi.com
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерін ұстамаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті жəне өрт шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге əрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды
қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тəрізді затпен
жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық жəне қақпақ тəрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш
заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат
түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Сөндіруге арналған құралдарды электр сымдарын тарту
ережелеріне сай, тұрақты орнатылған сымға орнату керек.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уəкілетті техник немесе
сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
3
www.zanussi.com
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт
шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының есігіне,
əсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
Тоққа қосулы тұрған
жəне
оқшаулағышы бар бөлшектердің электр
қатерінен сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
4
www.zanussi.com
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу, күйіп қалу немесе электр
тоғының қатеріне ұшырау қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі
жағы ысып кетеді. Құрылғының
ішіндегі
қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе
ыдыстарды алып-салған кезде үнемі
қолғап киіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны басқару үшін сыртқы
таймерді немесе бөлек қашықтан
басқару
жүйесін қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кəстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Пісіру алаңын пайдаланып болғаннан
кейін "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу
тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл əрекет
электр қатеріне ұшырап
қалуға жол
бермейді.
Назарыңызда болсын! Өрт немесе
жарылыс шығу қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
əкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Өртті сумен сөндіруге əрекеттенбеңіз.
Құрылғыны ажыратып, жалынды
қақпақпен немесе көрпемен басыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
Пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
Алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
5
www.zanussi.com
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ
қалуы мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалыр
қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе
астына нұқсан келген ыдыстар шыны
керамика бетке сызат түсіруі мүмкін.
Бұндай заттарды құрылғының бетінде
үнемі көтеріп жылжыту керек.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
аударылып кетпес үшін оны орнықты
етіп орнататын құралдарды орнатыңыз.
Орнату
тарауын қараңыз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу, өрт қаупі жəне құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің
салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса)
ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы
қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Қызмет көрсету
Құрылғыны жөндету үшін
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды
ұсынамыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
6
www.zanussi.com
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
Бұйым сипаттамасы
Жалпы көрінісі
9
2 3 541
8
6
7
4
1
2
3
8
1
Пеш үстінің тетіктері
2
Температура индикаторы
3
Температура тетігі
4
Тұмшапеш функцияларының тетігі
5
Пештің үстін басқаратын индикатор
6
Қыздырғыш элемент
7
Тұмшапештің шамы
8
Сөре деңгейлері
Пісіру алаңдарының көрінісі
180 mm
180 mm
140 mm
140 mm
6 5
1 32
4
1
Пісіру алаңы 1200 Вт
2
Бу шығатын саңылау
3
Пісіру алаңы 1700 Вт
4
Пісіру алаңы 1200 Вт
5
Қалдық қызу индикаторы
6
Пісіру алаңы 1700 Вт
Пеш жабдықтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Сақтау бөлігі
Тұмшапештің төменгі жағында сақтау
бөлігі орналастырылған.
Бөлікті қолдану үшін астыңғы жақтағы
алдыңғы есікті көтеріп, одан кейін оны
төмен басыңыз.
7
www.zanussi.com
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда сақтау бөлігі
ысып кетуі мүмкін.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
Тұмшапештің
функциясы мен ең
үлкен температурасын орнатыңыз.
2. Құрылғыны 45 минут қосып қойыңыз.
3.
функциясын орнатыңыз. Бұл
функцияға арналған ең үлкен
температура: 210 °C.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып тұруы мүмкін. Құрылғыдан иіс жəне
түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай.
Ауаның жеткілікті түрде айналып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Қызу параметрлері
Басқару тетігі Функция
Сөндіру қалпы
1 - 6
Қызу параметрлері
1 - ең төмен қыздыру
параметрі; 6 - ең жоғары
қыздыру параметрі
1. Тетікті қажетті қыздыру параметріне
бұраңыз. Пеш үстін басқару
индикаторы жанады.
2.
Тағам пісіруді тоқтату үшін тетікті
қалпына қойыңыз. Пісіру
алаңдарының барлығы сөндірілсе,
пештің үстін басқару индикаторы
сөнеді.
Қуат тұтынуды азайту үшін қалдық
қызуды пайдаланыңыз. Пісіру алаңын
тағам пісіруді аяқтауға шамамен 5 - 10
минут қалғанда сөндіріңіз.
Қалдық қызу индикаторы
Пісіру алаңы ыстық тұрған кезде қалдық
қызу индикаторы жанады.
Назарыңызда болсын! Қалдық
қызуға күйіп қалу қаупі бар.
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша қалың əрі
мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден жəне
табаны алюминий немесе мыстан
8
www.zanussi.com
жасалған ыдыстар шыны керамика
беттің түсін өзгертуі мүмкін.
Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа
əрқашан қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
Қалған жылуды пайдалану үшін
пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталмай тұрып өшіріңіз.
Ыдыстың түбі мен пісіру алаңының
көлемі бірдей болуға тиіс.
Тамақ пісіру үлгілері
Қызу
парамет
рі:
Пайдалану:
1 Жылы ұстау
2 Баппен қайнату
3 Қайнатып пісіру
4 Қуыру / қызарту
5 Қайнату
6 Қайнату / жылдам қуыру / майға
қуыру
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Өте маңызды! Қалдық қызуға күйіп қалу
қаупі бар!
Құрылғы суығанша күтіңіз.
Құрылғыны əр пайдаланғаннан кейін
тазалап отырыңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны əрқашан
таза болсын.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай əсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1. Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга жəне
қант қосылған тағам
. Дереу
тазаламасаңыз, құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін. Шыныға арналған
арнайы қырғышты қолданыңыз.
Қырғышты шыны бетке сүйір бұрыш
жасап қойып, ары-бері жылжыту
арқылы тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде суыған
кезде алыңыз: əк дақтары, су
дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Шыны
керамикаға немесе тоттанбайтын
болатқа арналған арнайы
тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2. Құрылғыны дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып тазалаңыз
.
3. Соңында құрылғыны таза
шүберекпен əбден құрғатыңыз.
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру
1. Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
Температура индикаторы құрылғының
ішіндегі температура жоғарылаған
кезде жанады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін жəне
температура тетігін "Off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
9
www.zanussi.com
Қауіпсіздік термоэлементі
Қауіпсіздік термоэлементі жұмыс
істеп тұрған термоэлементті
ажыратуға арналған.
Шектен тыс қызып кету салдарынан
тұмшапештің термоэлементіне зақым
келмеу үшін, тұмшапеш тоқты үзетін
қауіпсіздік термоэлементімен
жабдықталған. Температура төмендеген
кезде тұмшапеш қайта автомтты түрде
іске қосылады.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
термоэлементі тұмшапештің
термоэлементі дұрыс жұмыс істемесе
ғана іске қосылады. Бұндай жағдай орын
алған кезде тұмшапештің температурасы
өте жоғары болады жəне барлық тағамды
күйгізіп жібереді. Термоэлементті
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына дереу хабарласу керек.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөніп тұр.
Дəстүрлі пісіру
Жоғарғы жəне төменгі элементтен бірдей қыздырады.
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін.
Астыңғы қыздыру
Қызу тек тұмшапештің астыңғы жағынан келеді. Күртілдек, əрі
қыртысы қатты торттарды пісіру үшін.
Үстіңгі қыздыру
Қызу тек тұмшапештің үстіңгі жағынан келеді. Піскен тағамдарды
аяқтап пісіруге арналған.
Гриль жасау
Гриль элементі қосулы. Жалпақ етіп дайындалған тағамдарды көп
мөлшерде қақтауға арналған. Тост жасау үшін.
Назарыңызда болсын! Бұл функцияға арнлған ең үлкен
температура 210 °C.
Тұмшапеш - Керек-жарақтарды қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Пісірме табақты салу
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы
жағына, алдыңғы жəне артқы қабырғаның
ортасына қойыңыз. Бұл қызу пісірме
табақтың алдыңғы жəне артқы жағында
айналуына мүмкіндік береді. Табақты
суретте көрсетілгендей, қисық жағын
артқа қаратып салыңыз.
10
www.zanussi.com
Назарыңызда болсын! Пісірме
табақты тұмшапештің артқы
қабырғасына тигенше итермеңіз. Себебі
бұлай істегенде табақтың айналасына
қызу келуге кедергі жасайды. Тағамның
əсіресе табақтың артқы жағындағы бөлігі
күйіп қалуы мүмкін.
Тұмшапештің сөресін салу
Тұмшапештің сөресін тұмшапештің ішінің
ортаңғы жағына, алдыңғы жəне артқы
қабырғаларының ортасына қойыңыз.
Тұмшапештің сөресінің артқы жағында
керек-жарақты өз орнына дұрыс орнатуға
көмектесетін арнайы пішім бар.
Тұмшапеш сөресін міндетті түрде суретте
көрсетілгендей орнатыңыз.
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Сақтандыру туралы ескерту! Өте
сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табақты қолданыңыз.
Жемістің шырыны эмаль қаптамаға
кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарлары құрылғының
астыңғы жағынан бастап саналады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті əрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз
. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесіне əсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
11
www.zanussi.com
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті
тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым
құрғақ болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін
май жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін суы сарқылған
сайын үстінен су құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне
барынша сай келетін параметрлерді (қызу
параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) табыңыз.
Дəстүрлі пісіру
Тағам
Науа түрі мен сөренің
деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты (мин)
Температура
(°C)
Пісіру уақыты
(мин)
Тəтті таспалар
(250 г)
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгей
- 150 25 - 30
Жалпақ торт
(1000 г)
эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
10 160 - 170 30 - 35
Алма қосылған
ашыған ұннан
жасалған торт
(2000 г)
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгей
- 170 - 190 40 - 50
Алма бəліші
(1200+1200 г)
Алюминиймен
қапталған 2 дөңгелек
табақ (диаметрі: 20
см), 1-ші деңгей
15 180 - 200 50 - 60
Кішкене кекстер
(500 г)
эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
10 160 - 180 25 - 30
Майсыз бисквит
торт (350 г)
Алюминиймен
қапталған 1 дөңгелек
табақ (диаметрі: 26
см), 1-ші деңгей
10 160 - 170 25 - 30
Май таба торты
(1500 г)
эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
- 160 - 170
45 - 55
1)
Бүтін тауық (1350
г)
тұмшапештің сөресі 2-
ші деңгейде, пісіру
науасы 1-ші деңгейде
- 200 - 220 60 - 70
Жарты тауық
(1300 г)
тұмшапештің сөресі 3-
ші деңгейде, пісіру
науасы 1-ші деңгейде
- 190 - 210 30 - 35
Қуырылған
шошқа котлеті
(600 г)
тұмшапештің сөресі 3-
ші деңгейде, пісіру
науасы 1-ші деңгейде
- 190 - 210 30 - 35
12
www.zanussi.com
Тағам
Науа түрі мен сөренің
деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты (мин)
Температура
(°C)
Пісіру уақыты
(мин)
Флан наны (800
г)
эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
20 230 - 250 10 - 15
Толтырылған
ашыған қамыр
кексі (1200 г)
эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
10 - 15 170 - 180 25 - 35
Пицца (1000 г) эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
10 - 15 200 - 220 30 - 40
Чизкейк (2600 г) эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
- 170 - 190 60 - 70
Алма қосылған
ашық бəліш
(1900 г)
эмальмен қапталған
науа, 1-ші деңгей
10 - 15 200 - 220 30 - 40
Рождество торты
(2400 г)
эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
10 - 15 170 - 180
55 - 65
2)
Киш лорен (1000
г)
1 дөңгелек табақ
(диаметрі: 26 см), 1-ші
деңгей
10 - 15 220 - 230 40 - 50
Шаруа наны (750
+ 750 г)
Алюминиймен
қапталған 2 дөңгелек
табақ (диаметрі: 20
см), 1-ші деңгей
18
3)
180 - 200 60 - 70
Румын торты
(600 + 600 г)
2 дөңгелек алюминий
табақ (ұзындығы: 25
см), 2-ші деңгей
10 160 - 170 40 - 50
Румын торты -
дəстүрлі (600 +
600 г)
2 дөңгелек алюминий
табақ (ұзындығы: 20
см), 2-ші деңгей
- 160 - 170 30 - 40
Ашыған булочка
(800 г)
эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
10 - 15 200 - 210 10 - 15
Швейцария
орамасы (500 г)
эмальмен қапталған
науа, 1-ші деңгей
10 150 - 170 15 - 20
Меренга (400 г) эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
- 100 - 120 40 - 50
Үгілмелі торт
(1500 г)
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгей
10 - 15 180 - 190 25 - 35
Қопсыма торт
(600 г)
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгей
10 160 - 170 25 - 35
Майлы торт (600
г)
эмальмен қапталған
науа, 2-ші деңгей
10 180 - 200 20 - 25
1) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.
2) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.
3) Алдын ала қыздыру үшін температраны 250 °C мəніне орнатыңыз.
13
www.zanussi.com
Пицца пісірген кезде тамаша
нəтижеге қол жеткізу үшін, тұмшапеш
функцияларының тетігін Пицца қалпына
қойыңыз.
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға батырылған
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін əдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Тұмшапештің ішін əр пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз,
əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарының
(
жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бəрін əр
пайдаланып болған сайын тазалаңыз
да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын
қаптамасын бүлдіреді!
Пештің есігін тазалау
Пештің есігінде бірінен кейін бірі
орналасқан екі қабатты шыны бар.
Оңайырақ тазалау үшін пештің
есігі мен
ішкі шыны қабатты шығарып алыңыз.
Назарыңызда болсын! Есік əлі
орнатылып тұрғанда ішкі қабатты
шығарып алуға əрекет жасаған болсаңыз,
пештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті
тазаламас бұрын, шыны қабаттардың
салқын болуын тексеріңіз. Шынының
сынып кету қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Есіктің
шыны қабаттары зақымданған
немесе жарылған кезде, олар əлсіз
болып, сынып кетуі мүмкін. Мұны
болдырмау үшін оларды ауыстыру қажет.
Қосымша нұсқауларды алу үшін жергілікті
қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз.
Пештің есігі мен шыны қабатты
шығарып алу
1
Есікті толық
ашып, есіктің екі
топсасын ұстап
тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
14
www.zanussi.com
3
Пештің есігін
бірінші ашу күйіне
(жартылай) қарай
жабыңыз. Алға
қарай тартып, оны
ұясынан шығарып
алыңыз.
1
1
4
Есікті жұмсақ
матамен қорғалған
ыңғайлы жерге
қойыңыз.
Есіктің төменгі
жағындағы 2
бұранданы
шығарып алу үшін
бұрағышты
пайдаланыңыз.
Өте маңызды!
Бұрандаларды
жоғалтып алмаңыз
3
2
2
5
Ішкі есікті ашу
үшін ағаштан,
пластиктен немесе
осыларға балама
заттан жасалған
қалақшаны
пайдаланыңыз
Сыртқы есікті ұстап
тұрып, ішкі есікті
есіктің жоғарғы
шетіне қарай
итеріңіз
6
Ішкі есікті
көтеріңіз
7
Есіктің ішкі
жағын тазалаңыз
Шыны қабатты
сумен жəне
сабынмен
тазалаңыз.
Жақсылап сүртіңіз.
Назарыңызда болсын! Шыны
қабатты тек сумен жəне сабынмен
тазалаңыз. Қырғыш тазалау құралдары,
дақ кетіргіштер жəне қырлы заттар (мыс.,
пышақтар немесе қырғыштар) шыныға
зақым келтіруі мүмкін.
Пештің есігі мен шыны қабатын салу
Тазалау рəсімі аяқталғаннан кейін есікті
орнына салыңыз. Мұны орындау үшін
əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
4
4
5
5
6
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын ауыстырған
кезде абай болыңыз. Шамды ауыстырар
алдында əрқашан құрылғыны сөндіріп
қойыңыз. Электр тоғына түсу қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Осы
құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жарықтандыру немесе
бөлменің кей жерін жарықтандыру үшін
пайдаланбаңыз. Егер шам ауыстыру
керек болса, орнына қолданылатын
шамның қуаты дəл
осындай болуға тиіс
жəне тұрмыстық құрылғыларда ғана
қолданылатын шамды қолдану керек.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Құрылғыны сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің астына шүберек төсеңіз.
Бұл тұмшапештің шамы мен шыны
қалпағын зақым келуден сақтайды.
Тұмшапештің шамын ауыстыру:
1. Шамның қалпағын тұмшапештің арт
жағынан таба аласыз.
15
www.zanussi.com
Шамның қалпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамын 300 °C қызуға
төзімді тұмшапеш шамына
ауыстырыңыз.
Орнына тек осындай тұмшапеш
шамын ғана пайдаланыңыз. Шамның
қуаты құрылғы шамының қуатымен
бірдей болуға тиіс жəне тек
тұрмыстық құрылғыға арналған
шамды пайдаланыңыз.
4. Шыны қалпақты орнатыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Қалдық қызу индикаторлары
жанбайды
Пісіру алаңы ыстық емес,
себебі аз уақытқа ғана
қосылған
Егер пісіру алаңы ыстық
болуы қажет болса, қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз
Құрылғы жұмыс істемей тұр Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғыш босап кеткен
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
ағытылып қалса, білікті
электрші маманға
хабарласыңыз.
Пеш қызбай тұр Пеш тоққа қосылмаған Пешті тоққа қосыңыз
Пеш қызбай тұр Қажетті параметрлер
орнатылмаған
Параметрлерді қадағалаңыз
Пештің шамы жанбай тұр Пештің шамында ақау бар Пештің шамын ауыстырыңыз
Бу мен конденсат тағамның
үстіне жəне пештің ішіне
жиналады
Тағам пеш ішінде ұзақ уақыт
қалып қойған
Тағамды пісіріп болғаннан
кейін пеш ішінде 15-20
минуттан артық қалдырмаңыз
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пеш корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
Орнату
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғы орнатылатын жер
Жеке тұратын бұл құрылғыңыздың бір
жағын немесе екі жағын ас үй жиһазына
тақатып, не бұрышқа қоюыңызға болады.
16
www.zanussi.com
B
A
Мин. қашықтық
Өлшемдері мм
A 690
B 150
Техникалық сипаттама
Өлшемдері
Биіктігі 858 мм
Ені 500 мм
Тереңдігі 600 мм
Жалпы электр қуаты 7615 Вт
Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц
Деңгейін келтіру
Құрылғының деңгейін басқа
құрылғылармен дəлдеу үшін құрылғының
астындағы кішкене тіректерді
қолданыңыз.
Аударылып кетуден қорғау
Назарыңызда болсын! Аударылып
кетуден қорғайтын құралды орнату
керек. Құрылғыға салмақ дұрыс түспеген
кезде құлап қалмас үшін аударылып
кетуден қорғайтын құралды орнатыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғының
суретте көрсетілген белгісі (егер бар
болса) аударылып кетуден қорғайтын
құралды орнату қажет екенін ескертеді.
Өте маңызды! Аударылып кетуден
қорғайтын құралды дұрыс биіктікке
орнатыңыз.
17
www.zanussi.com
80-85
mm
317-
322 mm
Аударылып кетуден қорғайтын
құралды орнату
1. Аударылып кетуден қорғайтын
құралды орнатпай тұрып құрылғыны
дұрыс жерге биіктігін реттеп
орнатыңыз.
2. Құрылғының артқы жағына келетін
қаптама бетінің майда болуын
қамтамасыз етіңіз.
3. Аударылып кетуден қорғайтын
құралды құрылғының үстіңгі бетінен
317-322 мм, жанынан 80-85 мм төмен
дөңгелек саңылауға (суретке қараңыз)
салып орнатыңыз. Оны қатты
материалға бұрап немесе тиісті
күшейткішті (қабырға) қолданып
орнатыңыз.
4. Саңылауды
құрылғының артқы сол
жағынан таба аласыз. Суретке
қараңыз.
5. Егер пештің өлшемдерін өзгертсеңіз,
аударылып кетуден қорғайтын
құралды дұрыс орнатыңыз.
Өте маңызды! Ас үй қаптамасының
ортасындағы орын құрылғының енінен
кеңірек болса, құрылғыны ортаға қою үшін
екі жағынан қалатын орындарды реттеу
керек.
Электр қосылымы
"Қауіпсіздік ақпараты" тарауындағы
сақтық шаралары орындалмаса,
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғымен аша жəне қорек сымы
бірге жеткізілмейді.
Жарамды кабель түрлері: қимасы сай
келетін H05 RR-F сымы.
Назарыңызда болсын! Ағытпаға
электр сымын қосар алдында
, үйдің
электр желісінің фазаларының
арасындағы кернеуді өлшеңіз.
Содан кейін, электр желісіне дұрыс қосу
үшін құрылғының артқы жағындағы
қосылым жапсырмасын қараңыз
Қадамдарды осы рет бойынша
орындасаңыз, орнату барысында қате
жібермеуге жəне құрылғының электр
бөлшектеріне зақым келтірмеуге
көмектеседі.
Қуат сымы құрылғының суретте
көрсетілген жеріне тиіп тұрмауға
тиісті.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу
үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік жəне электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға жəне
адамның денсаулығына зиын келтіретін
18
www.zanussi.com
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Орам материалдары
Орам материалдары қоршаған ортаға
зиян келтірмейді жəне оларды қайта
өңдеуге болады. Пластмасса бөлшектер
PE, PS, т.б. сияқты халықаралық
таңбаламамен белгіленген: Орам
материалдарын жергілікті қалдық жинау
мекемесі орнатқан тиісті қоқыс
жəшіктеріне тастаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тастар алдында, бұдан кейін қауіп-
қатер көзіне айналмас үшін іске қосуға
жарамсыз ету керек.
Бұл үшін алдымен ашаны розеткадан
суырып, құрылғының қорек сымын ағытып
алыңыз.
19
www.zanussi.com
Содержание
Сведения по технике безопасности _ _ 20
Указания по безопасности _ _ _ _ _ _ _ 22
Описание изделия _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 25
Перед первым использованием _ _ _ _ 26
Варочная панель - ежедневное
использование _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 27
Варочная панель - полезные советы _ 27
Варочная панель - уход и чистка _ _ _ 27
Духовой шкаф - ежедневное
использование _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 28
Духовой шкаф - Аксессуары _ _ _ _ _ _ 29
Духовой шкаф - полезные советы _ _ 30
Духовой шкаф - уход и чистка _ _ _ _ _ 33
Что делать, если ... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 35
Установка _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 36
Охрана окружающей среды _ _ _ _ _ _ 38
Право на изменения сохраняется.
Сведения по технике безопасности
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно
ознакомьтесь с приложенным руководством. Производитель
не несет ответственность за травмы и повреждения, полу-
ченные/вызванные неправильной установкой и эксплуата-
цией. Позаботьтесь о том, чтобы данное руководство было
у Вас под рукой на протяжении всего срока службы прибо-
ра.
Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
ВНИМАНИЕ! Существует риск удушья, получения травм
или стойких нарушений нетрудоспособности.
Данный прибор может эксплуатироваться детьми старше
8 лет и лицами с ограниченными физическими, сенсорны-
ми или умственными способностями или с недостаточным
опытом или знаниями только при условии нахождения
под присмотром лица, отвечающего за их безопасность.
Не позволяйте детям играть с прибором. Запрещается
ос-
тавлять детей в возрасте до 3 лет без присмотра вблизи
прибора.
Храните все упаковочные материалы вне досягаемости
детей.
20
www.zanussi.com
/