Aeg-Electrolux 47045VD-MN Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации для кухонной плиты AEG модели 47045VD-MN. В инструкции подробно описаны функции плиты, включая режимы нагрева варочной поверхности и духового шкафа, а также советы по уходу и устранению неполадок. Задавайте свои вопросы, и я постараюсь на них ответить.
  • Как установить время на плите?
    Что делать, если индикаторы остаточного тепла не горят?
    Как очистить варочную поверхность?
    Как установить и снять духовку?
47045VD-MN
KK ПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU КУХОННАЯ ПЛИТА ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
34
ТАМАША НƏТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір
сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға
негізделген, əдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін
функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды
өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін
толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн
дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз,
тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз.
Жоғары стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-
аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын себеттерді, бөтелке
қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нəзік тор тəрізді заттардың
барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg.com/shop
2
МАЗМҰНЫ
4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
8 Бұйым сипаттамасы
9 Бірінші қолданғанға дейін
10 Пештің үсті - Күнделікті
пайдалану
11 Пештің үсті - Пайдалы ақыл-
кеңес
12 Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне
тазалау
13 Тұмшапеш- Күнделікті
пайдалану
14 Тұмшапеш - Сағат функциялары
15 Керек-жарақтарды қолдану
16 Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-
кеңес
26 Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне
тазалау
30 Не істерсіңіз, егер...
31 Орнату
33 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу
туралы мағлұматтар
Осы қолдану
туралы нұсқауларда астыда
көрсетілген белгілер қолданылады:
Өзіңіздің жеке бас қауіпсіздігіңіз менен
бұйымды бұзылдырмай қолдану туралы
мағлұматтар.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей
пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу
құқығына ие.
Мазмұны
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты əрқашан, тіпті құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де, онымен бірге
қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші
жауапты емес.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне
зақым келген адамдар не тəжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы бойынша немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінген жағдайда қолдануына
болады. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу
немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі ашық тұрған немесе жұмыс істеп тұрған
құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу немесе кемтар болып қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй жануарларының құрылғыны байқаусызда
іске қосуына жол бермейді.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін əрдайым құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
Осы құрылғыны лайықтау жағдайлары затбелгіде (немесе деректер тақташасында)
жазылған.
Құрылғыны тек білікті техник орнатып, электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне
немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан
бұрын барлық орамдарын, жапсырмалары
мен төсемдерін алыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл кепілдікті
заңды күшінен айырады.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғы қолданылатын елдегі заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар мен талаптарды
(қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану ережелері, электр немесе газ қауіпсіздігі
ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
(егер қажет
болса).
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны тек білікті электрші орнатып, электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің
бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Сізде дұрыс
оқшаулағыш құралдар болуға тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар,
сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электрлік қондырғыда оқшаулағыш құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны барлық
магниттік полюстерде желіден ажыратуға мүмкіндік береді. Оқшаулағыш
құрылғының ені кем дегенде 3 мм түйіспе саңылауы болуға тиіс.
Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер құралсыз ажыратуға болмайтында етіп
орнатылуға тиіс.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан кезде, қорек сымдарын құрылғының
ыстық есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Өрт шығу қаупі бар.
Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек сымының
жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр розеткасының қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Пайдалану
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам жарақаттанып
немесе мүлікке зиян келмес үшін қажет.
Жұмыс барысында құрылғыны үнемі қадағалап отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, əрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз.
Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны суға
тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен іске
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Пісіру
алаңына темір заттарды, мысалы ас құралдары мен кəстрөл қақпақтарын қоймаңыз,
себебі олар қызып кетеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші ысып
кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-
жарақтары мен кəстрөлдерді алып-салған кезде қолғап киіңіз.
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану барысында ысып
тұрады. Қыздырғыш элементтерге қолыңыз тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Жас
балаларды үнемі қадағалап отырмасаңыз құрылғыдан алыс ұстау керек.
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа
мен
алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық отты құрылғыға жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды жəне/
немесе балқығыш заттарды (пластмасса немесе алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі
бар.
Пісіру алаңын
қолданып болғаннан кейін əрқашан "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа жəне пештің үстіне
нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын қоймаңыз, себебі қызудың əсерінен құрылғы
бүлінуі
мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды алып-
салғанда абай болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден жасалған не түбіне бүлінген ыдысты əрі-бері
сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір
затты тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы
жағының үстін ала орналасқан (егер бар болса).
Еріп кетуі мүмкін нəрсені пештің үстіне қоймаңыз.
Бетіне сызат түскенін байқасаңыз, дереу тоқтан
ажыратыңыз. Электр тоғына түсу
қаупі бар.
Қызу өткізгіш материалдарды (мысалы, жұқа темір тор немесе металл жалатылған
қызу өткізгіштер) ыдыстың астына қоймаңыз. Аса көп қызу шағылысынан, пештің
шыны бетіне нұқсан келуі мүмкін.
Тоқ сөніп қалған кездері құрылғыны қолданбаңыз.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі
бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам қалдықтары өрт
қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек
сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе тот басуына себеп болатын
заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір,
түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі жөкелермен жəне дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Қыздырғыш
элементтері мен термостат сенсорына (қолданылатын болса) ешбір затты
бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл
қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы немесе шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды
міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы
шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе толықтай
жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты дəл осындай, тұрмыстық құрылғыларға
арналған шамды ғана қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уəкілетті техниктің ғана құрылғыны жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты
орындауына болады. Уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл кішкентай балалардың немесе үй
жануарларының құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалуына жол бермейді.
Тұншығып қалу қаупі бар.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы шолу
1
2
3
4
1
11
2 4 5
7
6
8
9
10
3
1 Басқару панелі
2 Пеш тақтасын басқару тетіктері
3 Электрондық бағдарламалағыш
4 Температураны басқару тетігі
5 Температура көрсеткіші
6 Қуат индикаторы
7 Пеш функцияларын басқару тетігі
8 Қыздырғыш элемент
8
Бұйым сипаттамасы
9 Пеш шамы
10 Желдеткіш
11 Сөрелердің орналасуы
Пісіру тақтасының орналасуы
140
mm
250
mm
140
mm
140
mm
120/180
mm
1 2 3
456
1 Бір шығырықты пісіру алаңы 1200 Вт
2 Бу шығатын саңылау
3 Сопақ пісіру алаңы (1100 Вт/900 Вт)
2000 Вт
4 Бір шығырықты пісіру алаңы 1200 Вт
5 Қалдық қызу индикаторлары
6 Қосарлы пісіру алаңы (1000 Вт/700
Вт) 1700 Вт
Керек-жарақтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру жəне қуыру үшін немесе май жинайтын таба ретінде қолданылады.
Қырғыш
Керамика бетке тасып төгілген затты тазалауға арналған.
Зат сақтау суырмасы
Пеш қуысынан төмен зат сақтау суырмасы орналасқан.
Назарыңызда болсын!
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау суырмасы ысып кетуі мүмкін.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін, тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.
Бірінші қолданғанға дейін
9
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
"Күтіп ұстау жəне тазалау" тарауын қараңыз.
Уақытты орнату
Пеш тек уақыт қойылған соң ғана жұмыс жасайды.
Құрылғыны электр желісіне қосқанда не электр
қуаты өшіп қалған кезде уақыт функциясын
көрсететін шам автоматты түрде жыпылықтай
бастайды.
Ағымдық уақытты орнату үшін " +" не " -"
түймешігін қолданыңыз.
5 секундтай уақыт өткеннен кейін жыпылықтау
тоқтап, бейнебетте орнатылған тəулік уақыты
көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін автоматты функцияны
(Ұзақтығы
немесе Соңы ) қоса орнатуға
бірге болмайды.
Алдын ала қыздыру
1. Функцияны жəне ең үлкен температураны орнатыңыз.
2. Пешті шамамен 1 сағат тағам қоймай іске қосып қойыңыз.
3. Функцияны
жəне ең үлкен температураны орнатыңыз.
4. Пешті шамамен 10 минут тағам қоймай іске қосып қойыңыз.
5. Функцияны
жəне ең үлкен температураны орнатыңыз.
6. Пешті шамамен 10 минут тағам қоймай іске қосып қойыңыз.
Бұл құрылғының ішіндегі қалдықтарды жағу үшін керек. Керек-жарақтар əдеттегіден
ыстығырақ болады. Құрылғыны бірінші рет алдын ала қыздырған кезде, одан иіс пен
түтін шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауа айналымының жеткілікті екенін
тексеріңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Қалдық қызуды анықтайтын шам
Қалдық қызуды анықтайтын шам пісіру алаңы ыстық тұрған кезде жанады.
10
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын!
Қалдық қызуға күйіп қалу каупі бар!
Пісіру алаңы іске қосылып тұрғанда, одан біраз уақыт сырылдаған дыбыс естіледі. Бұл
керамика шынылы пісіру алаңдарының бəріне тəн жағдай жəне құрылғы дұрыс істемей
тұр дегенді білдірмейді.
Қыздыру параметрлері
Басқару түймешесі Функция
0 Off (сөндірулі) қалпы
1-12
Қыздыру параметрлері
(1 = ең төмен қыздыру параметрі; 12 = ең жоғары қыздыру
параметрі)
1. Басқару тетігін қажетті қыздыру параметріне бұраңыз.
2. Тағам пісіруді аяқтау үшін, басқару тетігін “0” қалпына бұраңыз.
Қосарлы пісіру алаңын пайдалану
Назарыңызда болсын!
Сопақ/қосарлы пісіру алаңын баптау үшін қосарлы алаңы бар басқару тетігін оңға
бұраңыз (оны тоқтап тұрған қалпында бұрамаңыз).
1. Басқару тетігін оңға - "12" қалпына бұраңыз.
2. Басқару тетігін сырт еткен дыбыс естілгенше
таңбасына қарай баяу бұраңыз.
Сол кезде екі пісіру алаңы да іске қосылады.
3. Қажетті қызу параметрін орнату үшін, "Қызу параметрлері" тарауын қараңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша қалың, əрі мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден жасалған, түбі алюминий не мыс ыдыстар, пештің
керамика бетінің түсін өзгертеді.
Қуатты үнемдеу
Мүмкін болса, ыдыстардың қақпақтарын əрқашан жауып отырыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
Қалдық жылуды пайдалану үшін пісіру алаңдарын пісіру уақыты аяқталмай тұрып
өшіріңіз.
Ыдыстардың түбі мен пісіру алаңдарының көлемі бірдей болуға тиіс.
Тағам пісіруге қатысты мысалдар
Кестедегі ақпарат тек жалпылама ұсыныс ретінде ғана берілген.
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
11
Қызу
парам
етрі
Төмендегілер үшін қолданылады: Уақыт Ақыл-кеңес
1 Пісірілген тағамды жылы ұстау үшін қажетін
ше
Қақпақ
1-3 Голланд соусы, мыналарды еріту
үшін: сарымай, шоколад, желатин
5-25
мин
Мезгіл-мезгіл араластырыңыз
1-3 Мыналарды қатыру үшін: жұмсақ
омлет, қуырылған жұмыртқа
10-40
мин
Қақпағын жауып пісіріңіз
4-6 Сүтке пісірілетін тағамдарды бəсең
отқа қайнату, дайын тағамдарды
ысыту
25-50
мин
Кем дегенде күріштен екі есе көп
сұйық құйыңыз, сүт тағамдарын
пісірудің ортасына келгенде
араластырыңыз
4-6 Көкөністерді, балық, етті буға пісіру
үшін
20-45
мин
Сұйықтан бірнеше ас қасық
қосыңыз
5-7 Картоптарды булап пісіру 20-60
мин
750г картопқа макс. 1/4 л су
құйыңыз
5-7 Көп мөлшердегі тағамдарды,
бұқтырма жəне сорпа тағамдарын
пісіру үшін
60-150
мин
3 л дейін су, сондай-ақ
дəмдеуіштер
8-9 Баппен қуыру: эскалоп, кордон блу,
котлета, пирожок, шұжық, бауыр,
соуыс қоспасы, жұмыртқа, құймақ,
бауырсақ
қажетін
ше
Орта шегіне келгенде аударыңыз
10-11 Қуырма, картоп пісірмесі, филеден
жасалған стейк, стейк
5-15
мин
Орта шегіне келгенде аударыңыз
11-12 Көп мөлшердегі суды қайнату, макарон пісіру, ет қуыру(гуляш,бұқтырма ет), чипсы
қуыруға арналған
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Суымаған пешке күйіп қалу қаупі бар!
Пеш суығанша күтіңіз.
Құрылғыны əр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз.
Əрқашан табаны таза ыдыстарды қолданыңыз.
Шыны керамикаға түскен сызаттар немесе қошқыл дақтар құрылғының жұмысына
ешқандай əсер етпейді.
12
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
Қоқысты тазалау үшін:
1. Дереу тазалаңыз:балқыған пластик, пластик фольга, қант қосылған тағам.
Дереу тазаламасаңыз, құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Шыныға арналған
арнайы қырғышты қолданыңыз. Қырғышты шыны бетке сүйір бұрыш жасап
қойып, жылжыту арқылы тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде суығаннан кейін келесіні алыңыз:əк жолақтары,
су дақтары, май дақтары жəне металл дақтары. Шыны керамикаға
немесе
тоттанбайтын болатқа арналған арнайы тазартқыш құралдарды қолданыңыз.
2. Құрылғыны дымқыл шүберекпен, шамалы жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3. Соңында, құрылғыны таза шүберекпен əбден құрғатыңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Алдыңғы жағы темір құрылғыларды тот баспайтын темірге арналған жуғыш затпен
тазалаңыз.
Жеміргіш əсері бар тазалағыштар
мен түрпілі жөкелерді пайдаланбаңыз.
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру
1. Тұмшапеш функциясын таңдау үшін тұмшапеш функцияларының тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін температура тетігін бұраңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қуат индикаторы жанып тұрады.
Температура индикаторы құрылғының ішіндегі температура жоғарылаған кезде
жанады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш функцияларының тетігін жəне температура
тетігін "Off" (сөндірулі) қалпына қойыңыз.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету тəрізді қатерлі жағдайдың алдын алу үшін
қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік терморелесімен жабдықталған. Температурасы
төмендеген кезде пеш автоматты түрде қайта қосылады.
Пештің функциялары
Пеш функциясы Қолданылуы
Шам Пештің ішін жарықтандыруға арналған.
Дəстүрлі тамақ пісіру Пештің бір сөресінде пісіру мен қуыруға арналған.
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
13
Пеш функциясы Қолданылуы
Түбінің қызуы Кіртілдек əрі қыртысы қатты торттарды пісіру жəне
тамақты консервілеу үшін.
Ауамен желпіп пісіру Бір мезгілде ең көбі пештің екі сөресінде пісіруге
арналған.
Ауамен желпіп пісіру Бір мезгілде ең көбі пештің үш сөресінде пісіруге
арналған. Жəне тағамды кептіруге арналған.
Кеңейтілген гриль Жайпақ тағамды көп мөлшерде пісіру жəне сəл қуыру
үшін.
Турбо гриль Ет пен құс етін көп мөлшерде бір деңгейде қызартып
пісіруге арналған. Сондай-ақ, аунатып əрі қызарғанша
қуыруға арналған.
Суытылған пицца Тағамды пештің бір қатарына қойып қатты қызартып,
түбін қытырлақ етіп пісіруге арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Бейнебет
1 2 3
456
1 Функция индикаторлары
2 Уақыт бейнебеті
3 Функция индикаторлары
4 " түймешігі +"
5 Функция таңдау тетігі
6 " түймешігі -"
Сағат функциясы Қолданылуы
Тəулік уақыты Уақытты көрсетеді. Уақытты орнатуға, өзгертуге немесе
тексеруге арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
Уақыт біткен кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Бұл функция пештің қызметіне əсер етпейді.
Ұзақтығы Пештің қаншалықты ұзақ жұмыс істеуге тиіс екенін көрсетуге
арналған.
Соңы Пеш функциясын өшіру уақытын орнатуға арналған.
14
Тұмшапеш - Сағат функциялары
Ұзақтық пен Соңы функциясын, пеш кейінірек автоматты түрде қосылып не
ажыратылуға тиіс болса қатар пайдалануға болады. Бұндай жағдайда алдымен
Ұзақтық
параметрін, содан кейін Соңы параметрін орнатыңыз.
Сағат функцияларын орнату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2. Минут операторының
, Ұзақтық
немесе Соңы уақытын орнату үшін,
"+" немесе "-" түймешігін қолданыңыз.
Тиісті функция шамы жыпылықтайды.
Уақыт өтіп біткенде функция шамы
жыпылықтайды да, дыбысты сигнал 2
минут бойы беріліп тұрады.
Ұзақтық жəне Соңы функциялары орнатылғанда пеш автоматты түрде өшеді.
3. Дыбысты сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті функцияның шамы жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2. "-" түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат функциясы өшеді.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Тұмшапештің керек-жарақтарын орнату
Пештің сырғымалы керек-жарақтарының қос
қырлы ұштарын пештің артқы жағына келтіріп,
төмен қаратып салыңыз. Пештің сырғымалы
керек-жарақтарын пеш қатарларының біріндегі
бағыттағыш жолдарға келтіріп салыңыз.
Керек-жарақтарды қолдану
15
Пеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Пештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Шұңғыл табаны тұмшапеш
деңгейлерінің біріндегі бағыттағыш жолдарға
келтіріп салыңыз.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Сақтандыру туралы ескерту!
Өте сулы қоспадан жасалған тортты пісіру үшін шұңғыл табақты қолданыңыз. Жемістің
шырыны эмаль қаптамаға кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар. Сөре қатарларын құрылғының астынан
бастап санау керек.
Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің екі деңгейінде пісіруге болады. Сөрелерді 1-
ші жəне 3-ші деңгейге қойыңыз.
Құрылғының
ішіне немесе есігінің шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Тамақ пісірген кезде есікті əрқашан артқа шегініп барып ашыңыз. Бу аз жиналуы
үшін тамақ пісірер алдында пешті 10 минут іске қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз жəне тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру нəтижесіне
əсер етіп, пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір қатарды
ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым құрғақ
болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде, пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май
жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
16
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш табаға
аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін суы сарқылған сайын үстінен су
құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне, құрылымына жəне мөлшеріне байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай пісірілетініне назар аударыңыз. Осы құрылғыны
қолданған кезде, ыдысқа, рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне барынша сай
келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) табыңыз.
Дəстүрлі пісіру
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температу
ра (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Өрме
тоқаш
250 эмальмен
қапталған
3 - 150 25-30
Жалпақ
торт
1000 эмальмен
қапталған
2 10 160-170 30-35
Алма
торты
2000 эмальмен
қапталған
3 - 170-190 40-50
Алма
бəліші
1200+1200 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1 15 180-200 50-60
Кішкене
кекстер
500 эмальмен
қапталған
2 10 160-180 25-30
Майсыз
қопсыма
торт
350 Алюминий
мен
қапталған
1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10 160-170 25-30
Құймақ 1500 эмальмен
қапталған
2 - 160-170
45-55
1)
Тауық,
тұтас
1350 2-деңгейде
пеш сөресі,
1-деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 200-220 60-70
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
17
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температу
ра (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Тауық,
жарты
1300 3-деңгейде
пеш сөресі,
1-деңгейде
қуыру
сөресі
3 - 190-210 30-35
Шошқа
етінің
котлеті
600 3-деңгейде
пеш сөресі,
1-деңгейде
қуыру
сөресі
3 - 190-210 30-35
Жеміс
қосылған
бəліш
800 эмальмен
қапталған
2 20 230-250 10-15
Толтырмас
ы бар
ашытылған
кекс
1200 эмальмен
қапталған
2 10-15 170-180 25-35
Пицца 1000 эмальмен
қапталған
2 10-15 200-220 30-40
Чизкейк 2600 эмальмен
қапталған
2 - 170-190 60-70
Швейцария
лық алма
фланы
1900 эмальмен
қапталған
1 10-15 200-220 30-40
Кристмас
торты
2400 эмальмен
қапталған
2 10-15 170-180
55-65
2)
Киш лорен 1000 1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10-15 220-230 40-50
Шаруа
наны
750+750 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1
18
3)
180-200 60-70
18
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температу
ра (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Румын
қопсыма
торты
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
25 см)
2/2 10 160-170 40-50
Румын
қопсыма
торты -
дəстүрлі
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 160-170 30-40
Ашытылған
тоқаштар
800 эмальмен
қапталған
2 10-15 200-210 10-15
Швейцария
орамасы
500 эмальмен
қапталған
1 10 150-170 15-20
Меренга 400 эмальмен
қапталған
2 - 100-120 40-50
Үгітілмелі
торт
1500 эмальмен
қапталған
3 10-15 180-190 25-35
Қопсыма
торт
600 эмальмен
қапталған
3 10 160-170 25-35
Майлы
торт
600 эмальмен
қапталған
2 10 180-200 20-25
1) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут пеште ұстаңыз.
2) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут пеште ұстаңыз.
3) Алдын ала қыздыру үшін температураны 250 °C градусқа қойыңыз.
Ауамен желпіп пісіру
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температу
ра (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Өрме
тоқаш
250 эмальмен
қапталған
3 10 140-150 20-30
Өрме
тоқаш
250 + 250 эмальмен
қапталған
1/3 10 140-150 25-30
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
19
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температу
ра (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Өрме
тоқаш
250 + 250 +
250
эмальмен
қапталған
1/2/3 10 150-160 30-40
Жалпақ
торт
500 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 30-35
Жалпақ
торт
500 + 500 эмальмен
қапталған
1/3 10 150-160 35-45
Жалпақ
торт
500 + 500 +
500
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
10 155-165 40-50
Алма
торты
2000 эмальмен
қапталған
3 - 170-180 40-50
Алма
бəліші
1200 +
1200
Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 165-175 50-60
Кішкене
кекстер
500 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 20-30
Кішкене
кекстер
500 + 500 эмальмен
қапталған
1/3 10 150-160 30-40
Кішкене
кекстер
500 + 500 +
500
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
10 150-160 35-45
Майсыз
қопсыма
торт
350 Алюминий
мен
қапталған
1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10 150-160 20-30
Құймақ 1200 эмальмен
қапталған
2 - 150-160
30-35
2)
Тауық,
тұтас
1300 2-деңгейде
пеш сөресі,
1-деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 170-180 40-50
20
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
/