Electrolux EKD513503X Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Қолдану туралы
нұсқаулары
Инструкция по
эксплуатации
navodila za uporabo
Пеш
Кухонная плита
Štedilnik
EKD513503
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 6
Бірінші қолданғанға дейін 6
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану 7
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес 9
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
10
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану 11
Сағат фунциялары 14
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес 15
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
24
Не істерсіңіз, егер... 27
Орнату 29
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 30
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу
құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан
бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты əрқашан, тіпті
құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де,
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нəтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты
емес.
Балалар
мен дəрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан
балалар мен денесіне, сезім жүйесіне
не ақыл-есіне зақым келген адамдар
не тəжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы бойынша
немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп,
дұрыс қолданбау салдарын түсінген
жағдайда қолдануына болады.
Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз
. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі
ашық тұрған немесе жұмыс істеп
тұрған құрылғыға жақындатпаңыз.
Жарақат алу немесе кемтар болып
қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы
не түймешікті құрсаулау тетігі болса,
соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар
мен үй жануарларының құрылғыны
байқаусызда іске қосуына жол
бермейді.
Қауіпсіздік туралы
жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз.
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін
əрдайым құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
Осы құрылғыны лайықтау
жағдайлары затбелгіде (немесе
деректер тақташасында) жазылған.
Құрылғыны тек білікті техник орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл
құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет
болса, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет
пайдаланардан бұрын барлық
орамдарын, жапсырмалары мен
төсемдерін алыңыз. Техникалық
2 electrolux
ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл
кепілдікті заңды күшінен айырады.
Құрылғы қолданылатын елдегі
заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар
мен талаптарды (қауіпсіздік
ережелері, қайта пайдалану
ережелері, электр немесе газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық
орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан
тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның
қуат көзінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз
(егер қажет болса).
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум арақашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны тек білікті электрші
орнатып, электр желісіне қосуға тиіс.
Уəкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық магниттік полюстерде
желіден ажыратуға мүмкіндік береді.
Оқшаулағыш құрылғының ені кем
дегенде 3 мм түйіспе саңылауы
болуға тиіс.
Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер
құралсыз ажыратуға болмайтында
етіп орнатылуға тиіс.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен
қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Пайдалану
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік
мақсатта қолданбаңыз.
Бұл адам
жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін қажет.
Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін, əрқашан құрылғыдан алыс
тұрып ашыңыз. Ыстық бу шығуы
мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су
қолмен іске пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі
бар. Пісіру алаңына темір заттарды,
electrolux 3
мысалы ас құралдары мен кəстрөл
қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар
қызып кетеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Керек-жарақтары мен кəстрөлдерді
алып-салған кезде қолғап киіңіз.
Құрылғы мен оның қол жететін
жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерге қолыңыз тиіп кетпес
үшін абай болыңыз. Жас балаларды
үнемі қадағалап
отырмасаңыз
құрылғыдан алыс ұстау керек.
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда,
ауа мен алкоголь қоспасы пайда
болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт
шығу қаупі бар.
Пісіру алаңын қолданып болғаннан
кейін əрқашан "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа жəне
пештің үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне
жақын
қоймаңыз, себебі қызудың
əсерінен құрылғы бүлінуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын
бүлдіріп алмас үшін, керек-
жарақтарды алып-салғанда абай
болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не түбіне бүлінген ыдысты
əрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне
сызат түсуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
əсер етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне
тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда
тек қызуға төзімді заттарды (егер
болса) ғана қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын
жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін
ала орналасқан (егер бар болса).
Еріп кетуі мүмкін нəрсені пештің
үстіне қоймаңыз.
Бетіне сызат түскенін байқасаңыз,
дереу тоқтан ажыратыңыз. Электр
тоғына түсу қаупі бар.
Қызу өткізгіш материалдарды
(мысалы, жұқа темір тор немесе
металл жалатылған қызу өткізгіштер)
ыдыстың астына қоймаңыз. Аса көп
қызу шағылысынан, пештің шыны
бетіне нұқсан
келуі мүмкін.
Егер сізде қондырылған
кардиостимулятор болса,
индукциялық пісіру алаңдары жұмыс
істеп тұрғанда, кеудеңізді олардан
кем дегенде 30 см алыс ұстауыңыз
керек.
Тоқ сөніп қалған кездері құрылғыны
қолданбаңыз.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында
құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі бар. Шыны
панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған
май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса,
оның беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін
құрылғыны тек сабынды сумен
4 electrolux
жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе
тот басуына себеп болатын заттарды
қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын,
жоғары қысыммен тазалайтын
құралдармен, өткір, түрпілі тазартқыш
заттармен, түрпілі жөкелермен жəне
дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтер мен
термостат сенсорына (егер бар
болса) ешбір зат бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны
панельдің
қызуға төзімді беті сынуы немесе
шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін
қолдануға
болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі
бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп
қалу қаупі бар.
Каталитті эмальды тазаламаңыз.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уəкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты жұмысты орындауына
болады.
Уəкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін:
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкентай балалардың немесе
үй жануарларының құрылғының
ішіне кіріп, қамалып қалуына жол
бермейді. Тұншығып қалу қаупі бар.
electrolux 5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы көрінісі
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
1 Басқару панелі
2 Пештің үсті
3 Пештің үстін басқаратын
түймешелер
4 Бейнебет
5 Температура түймешесі
6 Температураны көрсететін шам
7 Пеш функциясын басқаратын
түймеше
8 Гриль
9 Пеш шамы
10 Желдеткіш
11 Сөренің телескопиялық
сырғытпалары
12 Техникалық ақпарат тақтайшасы
13 Суырма
14 Өзгермелі сирақтар
Пеш бетінің көрінісі
1
5
2
3
4
180 mm
210 mm
140 mm
140 mm
1 Индукциялық пісіру алаңы 2100 Вт,
қуат функциясы 3600 Вт
2 1400Вт индукция арқылы пісіретін,
қуат функциясы 2500Вт пісіру
алаңы
3 Бейнебет
4 1800Вт индукция арқылы пісіретін,
қуат функциясы 2800Вт пісіру
алаңы
5 1400Вт индукция арқылы пісіретін,
қуат функциясы 2500Вт пісіру
алаңы
Пеш жабдықтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру жəне қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
Зат сақтау суырмасы
Пеш қуысынан төмен зат сақтау
суырмасы орналасқан.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау
суырмасы ысып кетуі мүмкін.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында
тұмшапештің ішіндегі жəне
сыртындағы орам
6 electrolux
материалдарының барлығын
алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын əрқашан ортасынан
ұстаңыз.
Уақытты орнату
Пеш тек уақыт қойылған соң ғана
жұмыс жасайды.
Құрылғыны электр желісіне қосқанда не
электр қуаты өшіп қалған кезде уақыт
функциясын көрсететін шам автоматты
түрде жыпылықтай бастайды.
Ағымдық уақытты орнату үшін " + " не "
-" түймешігін қолданыңыз.
5 секундтай уақыт өткеннен соң
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тəулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін автоматты
функцияны (Ұзақтығы
немесе
Соңы
) қоса орнатуға бірге
болмайды.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау
жəне тазалау" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
1.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Пешті шамамен 1 сағат тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
3.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Пешті шамамен 10 минут тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
5.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Пешті шамамен 10 минут тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
Бұл құрылғының ішіндегі қалдықтарды
жағу үшін керек. Керек-жарақтар
əдеттегіден ыстығырақ болады.
Құрылғыны бірінші рет алдын ала
қыздырған кезде, одан иіс пен түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Ауа айналымының жеткілікті екенін
тексеріңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Индукция арқылы пісіретін
алаңдарда тек жарамды
ыдыстарды ғана қолданыңыз.
Қызу параметрі
Қызуды көбейту үшін түймешені сағат
бағытымен бұраңыз. Қызуды азайту
үшін түймешені сағат бағытына қарсы
бұраңыз. Өшіру үшін түймешені 0
қалпына қойыңыз.
Қызу параметрінің бейнебеті
Бейнебеттер қай функциялардың қосылып тұрғанын көрсетеді
Бейнебет Сипаттамасы
Пісіру алаңы сөніп тұр
electrolux 7
Бейнебет Сипаттамасы
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді
Қуат функциясы
Ақаулық орын алды
Пісіру алаңы əлі ыстық (қалдық жылу)
Бала қауіпсіздігі функциясы қосулы
Сай келмейтін не тым кішкене ыдыс таңдалған не пісіру
алаңына еш ыдыс қойылмаған
Автоматты түрде ажыратқыш қосулы
Қалдық қызуды анықтайтын шам
Назарыңызда болсын! Қалдық
қызуға күйіп қалу каупі бар!
Индукция арқылы пісіретін алаңдар,
қызуды ыдыстың түбіне тура
бағыттайды. Ыдыстағы қалдық қызу
пештің керамика бетін қыздырады.
Автоматты түрде өшіру
Функция пештің үстін төмендегі
жағдайларда автоматты түрде
өшіреді:
пісіру алаңдарының барлығы өшсе
.
қызу параметрін пештің бетін іске
қосқан соң орнатпайсыз.
сенсорлық алаңды бөгде зат(кəстрөл,
шүберек т.с.с.) 10 секундтан артық
жауып қалса. Дыбысты сигнал затты
алғанша беріліп тұрады.
пештің үсті қатты қызып кетсе
(мысалы, кəстрөлдің ішіндегісі
сарқылғанша қайнаса). Пештің үстін
қайта іске қоспас бұрын пісіру алаңын
суытып алу керек.
егер сай келмейтін
ыдыс
пайдаланылса. бейнебетте
жанады да, 2 минуттан кейін пісіру
алаңы автоматты түрде өшіп қалады.
пісіру алаңын тоқтатпайсыз немесе
параметрді өзгертпейсіз. Біраз уақыт
өткеннен кейін
жанады да, пеш
сөнеді. Кестеге қараңыз.
Автоматты түрде өшіру уақыты
Қызу параметрі
- - -
Мына уақыттан
кейін өшеді
6 сағаттан соң 5 сағаттан соң 4 сағаттан соң 1.5 сағаттан соң
Қуат функциясын қосу жəне өшіру
Қуат функциясы пісіру алаңдарына,
мысалы, көп суды қайнату үшін көп қуат
береді. Қуат функциясын қосу үшін
пісіру алаңының түймешесін
бейнебетте
пайда болғанша оңға
қарай бұраңыз. Қуат функциясы ең көп
дегенде 10 минутқа қосылады. Содан
кейін индукция арқылы пісіретін алаң,
автоматты түрде ең жоғары қызу
параметріне қойылады. Оны сөндіру
үшін түймешені сағат бағытына қарсы
бұраңыз.
Қуатты басқару
3600 W
3600 W
Қуатты басқару жүйесі екі пісіру
алаңының ортасындағы қуатты жұпқа
бөледі(суретке қараңыз). Қуат
функциясы, жұптағы пісіру алаңының
бірінің қуатын максимум деңгейге дейін
8 electrolux
көбейтеді де, екінші пісіру алаңының
қуатын автоматты түрде азайтып,
төмен қуат деңгейіне қояды. Қуаты
азайтылған алаңның бейнебеті өзгеріп
тұрады.
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
Қосу үшін артқы сол жақ жəне алдыңғы
оң жақтағы пісіру алаңдарының
түймешелерін, бір уақытта сағат
бағытына қарсы бұраңыз. Бейнебетте
пайда болады.
Сөндіру үшін осы түймешелерді қайта
сағат бағытына қарсы бұраңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Индукция арқылы пісіретін алаңға
арналған ыдыстар
Өте маңызды! Индукция арқылы
пісірген кезде қуатты электромагнитті
өріс, қас-қағым сəтте ыдыс ішінде қызу
пайда болдырады.
Ыдыстың материалы
жарамды: шойын, болат, эмальмен
қапталған болат, тот баспайтын
болат, түбі көп қабатты материалдан
жасалған (өндіруші жарамды деп
белгі салған).
жарамсыз: алюминий, мыс, жез,
шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукция
арқылы пісіретін
алаң үшін жарамды деп саналады,
егер
•... жоғары қызу деңгейіне қойылған
алаңға, аздаған су құйылған ыдыс
қойылғанда тез қайнап кетсе.
•... ыдыстың түбіне магнит жабысып
қалса.
Ыдыстың түбі барынша қалың, əрі
мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Ыдыстың өлшемдері: индукция
арқылы пісіретін алаңдар, белгілі
бір деңгейге дейін ыдыс түбінің
өлшеміне бейімделе алады.
Дегенмен, ыдыс түбінің магнитті
бөлігінің диаметрі, пісіру алаңының
диаметрінің кем дегенде 3/4
мөлшеріне сай болуға тиіс.
Жұмыс кезіндегі шуыл түрлері
Егер төмендегі шуылдарды естісеңіз
шытыр-шытыр еткен дыбыс: ыдыс
əртүрлі материалдардан
жасалған(
Сэндвич құрылымды).
ысқырған дыбыс: бір немесе бірнеше
пісіру алаңдарын жоғары қуатқа
қойып пайдаланудасыз жəне ыдыстар
əр түрлі материалдардан
жасалған(Сэндвич құрылымды).
ызылдаған дыбыс: жоғары қуат
деңгейлерін қолданудасыз.
сырт-сырт еткен дыбыс: электр
қосылып кетеді.
ысылдау, ызыңдау: желдеткіш
қосылып тұр.
Бұл қалыпты шуылдар жəне бұл
құрылғыда ақау бар дегенді
білдірмейді.
Қуатты үнемдеу
Мүмкін болса, ыдыстардың
қақпақтарын əрқашан жауып
отырыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске
қосыңыз.
Тағам пісіруге қатысты мысалдар
Кестедегі ақпарат тек жалпылама
ұсыныс ретінде ғана берілген.
Қызу
парам
етрі
Төмендегілер үшін қолданылады: Уақыт Ақыл-кеңес
0 Off қалпы
1 Пісірілген тағамды жылы ұстау үшін қажетін
ше
Қақпақ
electrolux 9
Қызу
парам
етрі
Төмендегілер үшін қолданылады: Уақыт Ақыл-кеңес
1-2 Голланд соусы, мыналарды еріту
үшін: сарымай, шоколад, желатин
5-25
мин
Мезгіл-мезгіл араластырыңыз
1-2 Мыналарды қатыру үшін: жұмсақ
омлет, қуырылған жұмыртқа
10-40
мин
Қақпағын жауып пісіріңіз
2-3 Сүтке пісірілетін тағамдарды бəсең
отқа қайнату, дайын тағамдарды
ысыту
25-50
мин
Кем дегенде күріштен екі есе көп
сұйық құйыңыз, сүт тағамдарын
пісірудің ортасына келгенде
араластырыңыз
3-4 Көкөністерді, балық, етті буға пісіру
үшін
20-45
мин
Сұйықтан бірнеше ас қасық
қосыңыз
4-5 Картоптарды булап пісіру 20-60
мин
750г картопқа макс. 1/4 л су
құйыңыз
4-5 Көп мөлшердегі тағамдарды,
бұқтырма жəне сорпа тағамдарын
пісіру үшін
60-150
мин
3 л дейін су, сондай-ак
дəмдеуіштер
6-7 Баппен қуыру: эскалоп, кордон блу,
котлета, пирожок, шұжық, бауыр,
соуыс қоспасы, жұмыртқа, құймақ,
бауырсақ
қажетін
ше
Орта шегіне келгенде
аударыңыз
7-8 Қуырма, картоп пісірмесі, филеден
жасалған стейк, стейк
5-15
мин
Орта шегіне келгенде
аударыңыз
9 Көп мөлшердегі суды қайнату, макарон пісіру, ет қуыру(гуляш,бұқтырма ет), чипсы
қуыруға арналған
Қуат функциясы көп мөлшердегі суды
қыздыруға жарайды.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны əр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз.
Əрқашан табаны таза ыдыстарды
қолданыңыз.
Назарыңызда болсын! Өткір
заттар мен түрпілі тазартқыштар
құрылғыға нұқсан келтіреді.
Құрылғыны өз қауіпсіздігіңізді
қамтамасыз ету үшін бу бүріккіш
немесе жоғары қысым арқылы
тазалайтын құралдармен
тазаламаңыз.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай əсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1. Дереу тазалаңыз:балқыған
пластик, пластик фольга, қант
қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Шыныға
арналған арнайы қырғышты
қолданыңыз. Қырғышты шыны
бетке сүйір бұрыш жасап қойып,
жылжыту арқылы тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде
суығаннан кейін келесіні
алыңыз:əк жолақтары, су
дақтары
, май дақтары жəне
металл дақтары. Шыны
керамикаға немесе тоттанбайтын
болатқа арналған арнайы
тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2. Құрылғыны дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып
тазалаңыз.
10 electrolux
3. Соңында, құрылғыны таза
шүберекпен əбден құрғатыңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Алдыңғы жағы темір құрылғыларды
тот баспайтын темірге арналған
жуғыш затпен тазалаңыз.
Жеміргіш əсері бар тазалағыштар
мен түрпілі жөкелерді
пайдаланбаңыз.
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Пешті қосу жəне өшіру
1. Пештің функциясын басқаратын
түймешесін пеш функциясына
қойыңыз.
2. Температура түймешесін
температурға қойыңыз.
Пеш жұмыс жасап тұрған кезде қуат
шамы жанады.
Температура шамы пештің
температурасы көбейе бастаған
кезде жанады.
3. Пешті өшіру үшін пештің
функцияларын басқаратын түймеше
мен температура түймешесін Off
қалпына қойыңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөніп тұр.
Пеш шамы Ешқандай пісіру функциясынсыз жанып тұрады.
Дəстүрлі пісіру
Жоғарғы жəне төменгі элементтен бірдей қыздырады. Пештің
бір деңгейінде пісіру жəне қызарғанша қуыру үшін.
Астыңғы
қыздырғыш
элемент
Қызу тек пештің астыңғы жағынан келеді. Күртілдек, əрі
қыртысы қатты торттарды пісіру үшін.
Ауамен желпіп
пісіру
Бірнеше əр түрлі тағамды бір уақытта пісіру үшін. Қолдан
жасалған сироп қосылған сусындарды қайнату жəне
саңырауқұлақтарды кептіру үшін.
Ауамен желпіп
пісіру
Бірнеше сөрені пайдалана отырып, бірдей температурада
пісірілуге тиіс тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға
немесе қуырып-пісіруге арналған.
Кеңейтілген гриль
Бүтін қақтама элементі қосылады. Жалпақ етіп дайындалған
тағамдардан көп мөлшерде гриль дайындауға арналған. Тост
жасау үшін. Бұл функцияға арналған ең үлкен
температура: 210 °C
Турбо гриль
Гриль элементі мен пештің желдеткіші кезек-кезек іске
қосылып, ыстық ауаны тағамның айналасына таратады. Еттің
үлкен кесектерін пісіруге арналған. Бұл функцияға арналған
ең үлкен температура: 210 °C.
electrolux 11
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Пицца функциясы
Астыңғы қыздырғыш элемент пицца, киш лорен немесе
бəліштердің астына қызуды тура жібереді де, желдеткіш
пицца мен бəліштің толтырмаларын пісіру үшін ыстық ауаны
айналдырып тұрады.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітеді. Температураны басқару тетігі
"сөндірулі" қалпына қойылуы керек.
Желдеткіш
Құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде іске
қосылады. Егер құрылғыны өшірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс жасап тұра береді.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тəрізді қатерлі жағдайдың алдын алу
үшін қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
Пештің керек-жарақтарын салу
Пештің сырғымалы керек-
жарақтарының қос қырлы ұштарын
пештің артқы жағына келтіріп, төмен
қаратып салыңыз. Пештің сырғымалы
керек-жарақтарын пеш қатарларының
біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп
салыңыз.
Пеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Пештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Шұңғыл табаны тұмшапеш
деңгейлерінің біріндегі бағыттағыш
жолдарға келтіріп салыңыз.
Сөренің телескопиялық тірегіштері
2-ші жəне 4-ші сөре қатарларына
телескопиялық сөре тірегіштер
орнатылған. Телескопиялық сөре
тірегіштер көмегімен сөрелерді оңай
кіргізіп, оңай алуға болады.
12 electrolux
1. Оң жəне сол жақтағы
телескопиялық сөре тірегіштерді
түгелдей тартып шығарып алыңыз.
°C
2. Сөрені телескопиялық сөре
тірегіштерге қойыңыз да, оларды
пештің ішіне қарай еппен итеріңіз.
°C
Назарыңызда болсын!
Телескопиялық сөре тірегіштер пеш
ішіне əбден кірігіп тұрмаса, пеш
есігін жаппаңыз. Бұл пеш есігінің
сыры мен шынысын бүлдіруі
мүмкін.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
іске қосылып тұрғанда,
телескопиялық сөре тірегіштер мен
басқа да керек-жарақтар қатты
қызып кетеді. Пешке арналған
қолғап киіңіз не сол сияқты затты
пайдаланыңыз.
electrolux 13
САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ
Бейнебет
1 2 3
456
1 Функция индикаторлары
2 Уақыт бейнебеті
3 Функция индикаторлары
4 "+" түймешігі
5 Функция таңдау тетігі
6 "-" түймешігі
Сағат функцияларын орнату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2.
Минут операторының
, Ұзақтық
немесе Соңы уақытын орнату
үшін, " +" немесе " -" түймешігін
қолданыңыз.
Тиісті функция шамы
жыпылықтайды.
Уақыт өтіп біткенде функция шамы
жыпылықтайды да, дыбысты сигнал
2 минут бойы беріліп тұрады.
Ұзақтық жəне Соңы
функциялары орнатылғанда пеш
автоматты түрде өшеді.
3. Дыбысты сигналды тоқтату үшін кез
келген түймешікті басыңыз.
Сағат функциясы Қолданылуы
Тəулік уақыты Уақытты көрсетеді. Уақытты орнатуға, өзгертуге немесе
тексеруге арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
Уақыт біткен кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Бұл функция пештің қызметіне əсер етпейді.
Ұзақтығы Пештің қаншалықты ұзақ жұмыс істеуге тиіс екенін көрсетуге
арналған.
Соңы Пеш функциясын өшіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық пен Соңы
функциясын, пеш кейінірек
автоматты түрде қосылып не
ажыратылуға тиіс болса қатар
пайдалануға болады. Бұндай
жағдайда алдымен Ұзақтық
параметрін, содан кейін Соңы
параметрін орнатыңыз.
14 electrolux
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2. "-" түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы өшеді.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің
екі деңгейінде пісіруге болады.
Сөрелерді 1-ші жəне 3-ші деңгейге
қойыңыз.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті əрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер
алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесіне əсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торттарды пісіру
Торт пісіруге 150°C мен 200°C
аралығындағы температура тамаша
сай келеді.
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті
пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет
өте кебір болып піседі.
Қызыл еттің сырт жағын əбден, ішін
сөлімен пісіру үшін температураны
200 °C-250 °C аралығында
орнатыңыз
.
Үй құсының еті не балық тəрізді ақ
етті пісіру үшін температураны 150°C
- 175 °C аралығында орнатыңыз.
Өте майлы тағам пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны
қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға
аздап су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін, су кеуіп кеткен
сайын қосымшалап су құйыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне
барынша сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
табыңыз.
electrolux 15
Дəстүрлі пісіру
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Өрме
тоқаш
250 эмальмен
қапталған
3 - 150 25-30
Жалпақ
торт
1000 эмальмен
қапталған
2 10 160-170 30-35
Алма
торты
2000 эмальмен
қапталған
3 - 170-190 40-50
Алма
бəліші
1200+1200 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1 15 180-200 50-60
Кішкене
кекстер
500 эмальмен
қапталған
2 10 160-180 25-30
Майсыз
қопсыма
торт
350 Алюминий
мен
қапталған
1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10 160-170 25-30
Құймақ 1500 эмальмен
қапталған
2 - 160-170
45-55
1)
Тауық,
тұтас
1350 2-деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 200-220 60-70
Тауық,
жарты
1300 3-деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
3 - 190-210 30-35
Шошқа
етінің
котлеті
600 3-деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
3 - 190-210 30-35
Жеміс
қосылған
бəліш
800 эмальмен
қапталған
2 20 230-250 10-15
16 electrolux
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Толтырмас
ы бар
ашытылған
кекс
1200 эмальмен
қапталған
2 10-15 170-180 25-35
Пицца 1000 эмальмен
қапталған
2 10-15 200-220 30-40
Чизкейк 2600 эмальмен
қапталған
2 - 170-190 60-70
Швейцари
ялық алма
фланы
1900 эмальмен
қапталған
1 10-15 200-220 30-40
Кристмас
торты
2400 эмальмен
қапталған
2 10-15 170-180
55-65
2)
Киш лорен 1000 1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10-15 220-230 40-50
Шаруа
наны
750+750 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1
18
3)
180-200 60-70
Румын
қопсыма
торты
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
25 см)
2/2 10 160-170 40-50
Румын
қопсыма
торты -
дəстүрлі
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 160-170 30-40
Ашытылға
н тоқаштар
800 эмальмен
қапталған
2 10-15 200-210 10-15
Швейцари
я орамасы
500 эмальмен
қапталған
1 10 150-170 15-20
Меренга 400 эмальмен
қапталған
2 - 100-120 40-50
Үгітілмелі
торт
1500 эмальмен
қапталған
3 10-15 180-190 25-35
electrolux 17
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Қопсыма
торт
600 эмальмен
қапталған
3 10 160-170 25-35
Майлы
торт
600 эмальмен
қапталған
2 10 180-200 20-25
1) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут пеште ұстаңыз.
2) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут пеште ұстаңыз.
3) Алдын ала қыздыру үшін температураны 250 °C градусқа қойыңыз.
Ауамен желпіп пісіру
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Өрме
тоқаш
250 эмальмен
қапталған
3 10 140-150 20-30
Өрме
тоқаш
250 + 250 эмальмен
қапталған
1/3 10 140-150 25-30
Өрме
тоқаш
250 + 250
+ 250
эмальмен
қапталған
1/2/3 10 150-160 30-40
Жалпақ
торт
500 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 30-35
Жалпақ
торт
500 + 500 эмальмен
қапталған
1/3 10 150-160 35-45
Жалпақ
торт
500 + 500
+ 500
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
10 155-165 40-50
Алма
торты
2000 эмальмен
қапталған
3 - 170-180 40-50
Алма
бəліші
1200 +
1200
Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 165-175 50-60
Кішкене
кекстер
500 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 20-30
Кішкене
кекстер
500 + 500 эмальмен
қапталған
1/3 10 150-160 30-40
Кішкене
кекстер
500 + 500
+ 500
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
10 150-160 35-45
Майсыз
қопсыма
торт
350 Алюминий
мен
қапталған
1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10 150-160 20-30
18 electrolux
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Құймақ 1200 эмальмен
қапталған
2 - 150-160
30-35
2)
Тауық,
тұтас
1300 2-деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 170-180 40-50
Шошқаның
қуырылған
еті
800 2-деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 170-180 45-50
Толтырмас
ы бар
ашытылған
кекс
1200 эмальмен
қапталған
2 20-30 150-160 20-30
Пицца 1000 +
1000
эмальмен
қапталған
1/3 - 180-200 30-40
Пицца 1000 эмальмен
қапталған
2 - 190-200 25-35
Чизкейк 2600 эмальмен
қапталған
1 - 160-170 40-50
Швейцари
ялық алма
фланы
1900 эмальмен
қапталған
2 10-15 180-200 30-40
Кристмас
торты
2400 эмальмен
қапталған
2 10 150-160
35-40
2)
Киш лорен 1000 1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
2 10-15 190-210 30-40
Шаруа
наны
750+750 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1
15-20
3)
160-170 40-50
Румын
қопсыма
торты
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
25 см)
2/2 10-15 155-165 40-50
electrolux 19
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Румын
қопсыма
торты -
дəстүрлі
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 150-160 30-40
Ашытылға
н тоқаштар
800 эмальмен
қапталған
3 15 180-200 10-15
Ашытылға
н тоқаштар
800 + 800 эмальмен
қапталған
1/3 15 180-200 15-20
Швейцари
я орамасы
500 эмальмен
қапталған
3 10 150-160 15-25
Меренга 400 эмальмен
қапталған
2 - 110-120 30-40
Меренга 400 + 400 эмальмен
қапталған
1/3 - 110-120 45-55
Меренга 400 + 400
+ 400
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
- 115-125 55-65
Үгітілмелі
торт
1500 эмальмен
қапталған
3 - 160-170 25-35
Қопсыма
торт
600 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 25-35
Майлы
торт
600 + 600 эмальмен
қапталған
1/3 10 160-170 25-35
1) 4-деңгейдегі торт дайын болғаннан кейін, оны алыңыз да, орнына 1-деңгейдегі тортты қойыңыз.
Тағы он минут пісіріңіз.
2) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут пеште ұстаңыз.
3) Алдын ала қыздыру үшін температураны 250 °C градусқа қойыңыз.
Ауамен желпіп пісіру
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңг
ейі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Тəтті таспа 250 эмальмен
қапталған
3 10 150-160 20-30
Тəтті таспа 250 + 250 эмальмен
қапталған
1/3 10 140-150 25-30
Тəтті таспа 250 + 250 +
250
эмальмен
қапталған
1/2/4 10 150-160 30-35
Шелпек 1000 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 30-40
Шелпек 1000 +
1000
эмальмен
қапталған
1/3 10 140-150 45-55
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88

Electrolux EKD513503X Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ