EDH3498RL3

Electrolux EDH3498RL3 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с руководством по эксплуатации сушильного барабана Electrolux EDH3498 RL3. Готов ответить на ваши вопросы о его функциях, программах сушки, уходе и устранении неисправностей. В руководстве подробно описаны режимы сушки для различных типов тканей, а также советы по подготовке белья к сушке.
  • Как выбрать правильную программу сушки?
    Что делать, если сушильный барабан перестал работать?
    Как часто нужно чистить фильтр?
    Можно ли сушить в этом барабане все типы тканей?
EDH3498RL3 КЕПТІРГІШ БАРАБАН
СУШИЛЬНЫЙ БАРАБАН
СУШИЛЬНИЙ БАРАБАН
KK
RU
UK
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2
И
НСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 23
ІНСТРУКЦІЯ 44
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................8
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ................................................................................... 9
6. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................11
7. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................13
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................14
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................15
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 16
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 16
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................19
13. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА........................................................................20
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы
жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
ҚАЗАҚ 3
Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір кептіргіш
машина қойылып тұрса, орнату жинағын
пайдаланыңыз. Уәкілетті дилерден алуға болатын
орнату жинағын нұсқауларда көрсетілген, керек-
жарағы бірге жеткізілген құрылғыларда ғана
пайдалану керек. Орнатуды бастамай тұрып
мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны бекітілетін есіктің, сырғыма есіктің
артына немесе топсасы керісінше орналасқан,
құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын
жерлерге орнатпаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Басқа жанармай қолданылатын құрылғылардан,
сондай-ақ ашық оттан бөлінетін шығынды газдар
қайта бөлмеге кірмес үшін, құрылғы орнатылған
бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе
басқа отын түрінің шығарынды түтіндерін шығаруға
арналған түтіктен шығаруға болмайды. (егер бар
болса)
Егер қуат
cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Ең көп салмақ 9 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Өнеркәсіптік тазалағыш құралдармен тазаланған
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды тазалаңыз.
www.electrolux.com4
Құрылғыны сүзгісін салмай іске қоспаңыз.
Пайдаланар алдында немесе пайдаланып
болғаннан кейін қыл-қыбыр сүзгісін тазалаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш
машинада кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат
пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін
қалпақтар, су өткізбейтін текстиль, резеңкемен
астарланған заттар мен киімдерді немесе резеңке
толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
мата жұмсартқыштың нұсқауларында көрсетілген
тәрізді пайдалану керек.
Қалталардан шылым тұтатқыш және сіріңке тәрізді
заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кір дереу алынып, қызулары тезірек
тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны ешқашан
кептіру циклы аяқталмай тұрып тоқтатпаңыз.
Кір кептіргіш машинаның соңғы циклы кезінде,
киімдердің температурасы киімдерге зақым
келтірмейтін деңгейде болуы үшін қызу бөлінбейді
(салқындату циклы).
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны температурасы 5°C
градустан төмен 35°C градустан
жоғары жерге орнатпаңыз немесе
қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің
тегіс, орнықты, қызуға төзімді және
таза болуын қамтамасыз етіңіз.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғыны үнемі тік қалыпта
жылжытыңыз.
Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас
көмегімен деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанын тексеріңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған.
Құрылғының 13 амперлік қуат
ашасы бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет
болса 13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр қатері,
күйіп қалу және өрт қаупі,
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Толтырмасы бар немесе ішіне
нәрсе салынған, нұқсан келген
заттарды кептірмеңіз.
Кір кептіргіште кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз.
Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
кептірер алдында қосымша шаю
циклын орындаңыз.
Конденсат/тазартылған суды
ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін
пайдаланбаңыз. Себебі адамдар
мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді кір
кептіргіш машинада кептірмеңіз.
2.4 Ішкі жарық шамы
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу қауіпі бар.
Шамнан көзге көрінетін сәуле
шығады, сәулеге тура қарамаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Ішкі жарықтама шамын ауыстыру
үшін уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
2.5 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
www.electrolux.com6
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
2.7 Компрессор
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Компрессор мен оның кептіргіш
машина ішіндегі жүйесі фтор-хлор-
көмірсутек қосылмаған арнайы
затпен толтырылған. Бұл жүйе
жабық тұруға тиіс. Жүйеге зақым
келсе ішіндегі зат ағып кетуі мүмкін.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2
7
4
3
5
6
9
10
11
12
8
1
Су сауыты
2
Басқару панелі
3
Ішкі жарық шамы
4
Құрылғының есігі
5
Бастапқы сүзгі
6
Қызу алмастырғыштың есігін
ашатын есік
7
Ауа саңылаулары
8
Реттемелі тірек
9
Қызу алмастырғыштың есігі
10
Қызу алмастырғыштың қақпағы
11
Қызу алмастырғыштың қақпағын
бекітетін тетік
12
Техникалық ақпарат тақтайшасы
Пайдаланушы кір
салынатын есікті керісінше
орната алады. Бұл кірді
оңай салуға және алуға
көмектеседі немесе құрылғы
орнатылатын жер тар болса
ыңғайлы (жеке кітапшаны
қараңыз).
ҚАЗАҚ 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4321
910111213
5
8
7
6
1
Бағдарлама түймешесі
2
Құрғақ сенсорлық түймешігі
3
Кері плюс
сенсорлық түймешігі
4
Бейнебет
5
Уақыт сенсорлық түймешігі
6
Кешіктіру сенсорлық түймешігі
7
Дабыл сенсорлық түймешігі
8
Мыжылудан сақтау сенсорлық
түймешігі
9
Бастау/Үзіліс сенсорлық
түймешігі
10
Кептіру уақытын ұзарту
сенсорлық түймешігі
11
Кептіру уақытын азайту
сенсорлық түймешігі
12
MyFavourite+ сенсорлық түймешігі
13
Қосу/Өшіру
түймешігі
Сенсорлық түймешіктердің
белгісі немесе функция
атауы көрсетілген тұсын
саусағыңызбен түртіңіз.
Басқару панелін қолданған
кезде қолғап кимеңіз.
Басқару панелінің үнемі таза
және құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз.
4.1 Индикатор шамдары
Индикатор шамдары Сипаттама
Кептіру циклы
Салқындату циклы
Мыжылудан сақтау циклы
Конденсатор
Су сауыты
Сүзгі
www.electrolux.com8
Индикатор шамдары Сипаттама
Кешіктіріп бастау
Бала қауіпсіздігінің құралы
Дыбыстық сигналдар
Кері плюс
Өте шуылсыз
Кептіру деңгейі
Мәтін жолағы
Бағдарлама ұзақтығы
-
Кептіру уақыты
-
Кешіктіріп бастау уақыты
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Бағдарламалар Ыдысты салу түрі
Салу (ең көп)
1)
/
Мата белгісі
Мақта мата
Кептіру деңгейі:
Өте құрғақ,
Құрғақ, Шкафқа
2)3)
,
Үтіктеу
3)
9кг/
Синтетика
Кептіру деңгейі: Өте құрғақ,
Шкафқа
3)
, Үтіктеу
3)
3,5кг/
Спорт киімдері
Жұқа және жеңіл матадан,
микрофибра, полиэстер тәрізді
үтіктелмейтін матадан жасалған спорт
киімдері.
2кг/
Көрпелер
Бір неесе екі көрпені және жастықты
кептіруге арналған (қауырсын, мамық
немесе синтетика толтырылған).
3кг/
Кептіру торы
4)
Спорт киімдерін Кептіру торын
пайдаланып кептіруге ғана арналған
(Кептіру торының пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз).
1кг (немесе 1
пар спорт аяқ
киімі)
ҚАЗАҚ 9
Бағдарламалар Ыдысты салу түрі
Салу (ең көп)
1)
/
Мата белгісі
Жүн мата
5)
Жүн маталар. Жуылатын жүн
маталарды баппен кептіру.
Бағдарлама аяқталған кезде заттарды
дереу алыңыз.
1кг
Жылдам
Мақта мата және синтетика маталарға
арналған, төмен температураны
пайдаланады.
2кг/
Басқалар
6)
Мақта мата,
шуылсыз
Шуылды ең аз деңгейге қойып, мақта
мата заттарды баппен кептіріңіз.
Түнде қолдануға болатын бағдарлама.
Кептіру деңгейі:
Өте құрғақ,
Құрғақ,
Шкафқа
9кг/
Джинс
Джинс, жейде тәрізді қалыңдығы әр
түрлі (мысалы, мойыны, манжеті,
тігістері) материалдан жасалған,
демалыс киімдері.
9кг/
Нәзік маталар Нәзік маталар.
2кг/
Оңай үтіктеу
Шамалы ғана үтіктеуді қажет ететін,
көп күтім талап етпейтін маталар.
Кептіру нәтижесі әр матада әр түрлі
болуы мүмкін. Кірлерді құрылғыға
салар алдында сілкілеңіз. Бағдарлама
аяқталған кезде заттарды дереу
алыңыз да, ілгішке іліңіз.
1кг (немесе 5
жейде)/
Кептіру уақыты
Осы бағдарламада Уақыт функциясын
қолдануға және бағдарлама уақытын
орнатуға болады.
9кг/
www.electrolux.com10
Бағдарламалар Ыдысты салу түрі
Салу (ең көп)
1)
/
Мата белгісі
Жаңарту Шкафта тұрған маталарды жаңарту. 1кг
1)
Ең үлкен салмақ құрғақ заттардың негізінде берілген.
2)
Бұл
Мақта мата Шкафқа бағдарламасы - кәдімгі дымқыл мақта мата
бұйымдары үшін қолайлы және дымқыл мақта мата бұйымдарын қуатты тиімді
пайдаланып кептіруге барынша оңтайлы “Cтандартты мақта мата бағдарламасы”
болып табылады.
3)
Сынақ институттарына арналған: EN 61121 құжатында көрсетілген сынақтарға
арналған стандартты бағдарламалар.
4)
Кептіруге ғана арналған тақта (үлгіге сәйкес стандартты немесе қосымша керек-
жарақ).
5)
Осы кір кептіретін машинаның жүн матаны кептіретін циклы Woolmark компаниясы
тарапынан тексерілген және бекітілген. Бұл Woolmark компаниясы рұқсат еткен
қолмен жуу циклымен жуылған және өндіруші нұсқауларына сай кір жуғыш машинада
кептірілген, "қолмен жуылады" деген затбелгісі бар жүн мата аттарды кептіруге сай
келетін цикл. M1129.
6)
Дисплейде қажетті бағдарлама көрсетілгенше
Басқалар сенсорлық түймешігін
қайта-қайта басыңыз
6. ФУНКЦИЯЛАР
6.1 Уақыт
Бұл функция Кептіру уақыты
бағдарламасында ғана жұмыс істейді.
Бағдарламаның уақытын ең кемі 10
минуттан бастап, ең көбі 2 сағатқа
дейін қоюға болады. Уақыт параметрі
құрылғының ішіндегі кірдің мөлшеріне
байланысты қойылады.
Аз кір жуғанда немесе бір
ғана кірді жуған кезде
бағдарлама уақытын
азайтуды ұсынамыз.
6.2 Мыжылудан сақтау
Кептіру циклының соңында
стандартты мыжылудан сақтау циклын
(30 минут) 60 минутқа дейін созады.
Бұл функция кірді мыжылып қалудан
сақтайды. Мыжылудан сақтау циклы
кезінде кірді алуға болады.
6.3 Құрғақ
Бұл функция кірді барынша кептіре
түсуге көмектеседі. Қолжетімді
функцияның 4 түрі бар:
Өте құрғақ
Құрғақ (мақта матаға ғана
арналған)
Шкафқа
Үтіктеу
6.4 Кері плюс
Нәзік және температураға сезімтал
маталарды (мысалы, акрил, вискоза)
кептіруге арналған. Сондай-ақ, бұл
функция кірдің қыжымын азайтуға
көмектеседі. Матасының
жапсырмасында белгісі бар
маталарға арналған.
6.5 Rack Time Drying (
Торда
кептіру уақыты)
Бұл функция Кептіру торы
бағдарламасында ғана жұмыс істейді.
Бағдарламаның уақытын ең кемі 30
минуттан бастап, ең көбі 4 сағатқа
дейін қоюға болады. Уақыт параметрі
құрылғының ішіндегі кірдің мөлшеріне
байланысты қойылады.
ҚАЗАҚ 11
Аз кір жуғанда немесе бір ғана кірді
жуған кезде бағдарлама уақытын
азайтуды ұсынамыз.
6.6 Дабыл
әдетте дыбыс естуіңіз мүмкін:
цикл соңында
мыжылып қалудан сақтау циклын
бастау және аяқтау
циклды кідірту
Әдетте сигнал құралы функциясы
үнемі қосулы тұрады. Бұл функцияны
сигналды қосу немесе ажырату үшін
қолдануға болады.
Дабыл функциясын барлық
бағдарламаларда қосуға
болады.
6.7 MyFavourite+
Құрылғыны алғаш рет іске қосқан
кезде MyFavourite+
түймешігін
бассаңыз, бейнебетте жадының бос
екені көрінеді. Құрылғы ең жиі
пайдаланылатын бағдарламаларды
бірнеше рет пайдаланғаннан кейін
автоматты түрде жадыға сақтайды.
Осы сенсорлық түймешіктің көмегімен
ең жиі пайдаланылатын 3 кептіру
бағдарламасының бірін орната
аласыз.
My Favourite 1 бағдарламасын
орнату үшін MyFavourite+
түймешігін бір рет басыңыз
My Favourite 2 бағдарламасын
орнату үшін MyFavourite+
түймешігін екі рет басыңыз
My Favourite 3 бағдарламасын
орнату үшін MyFavourite+
түймешігін үш рет басыңыз
6.8 Функциялар кестесі
Бағдарламалар
1)
Мақта мата
Синтетика
Спорт киімдері
Кептіру торы
Жылдам
Көрпелер
Жүн мата
Басқалар
Мақта мата,
шуылсыз
Джинс
Нәзік маталар
Оңай үтіктеу
Кептіру уақыты
www.electrolux.com12
Бағдарламалар
1)
Жаңарту
1)
Бағдарламаға 1 немесе одан көп функцияларды орнатуға болады. Оларды қосу
немесе ажырату үшін тиісті сенсорлық түймешікті басыңыз.
7. ПАРАМЕТРЛЕР
A
D
B
C
E
I
J
FGH
A) Уақыт сенсорлық түймешігі
B) Кешіктіру сенсорлық түймешігі
C) Дабыл сенсорлық түймешігі
D) Мыжылудан сақтау
сенсорлық
түймешігі
E) Бастау/Үзіліс сенсорлық
түймешігі
F) Кептіру уақытын ұзарту
сенсорлық түймешігі
G) Кептіру уақытын азайту
сенсорлық түймешігі
H) MyFavourite+ сенсорлық түймешігі
I) Кері плюс
сенсорлық түймешігі
J) Құрғақ сенсорлық түймешігі
7.1 Бала қауіпсіздігі
функциясы
Бұл параметр бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде, балаларға құрылғымен
ойнауға жол бермейді. Бағдарлама
тетігі мен сенсорлық түймешіктер
бұғатталады.
Қосу/сөндіру түймешігі ғана
бұғатталмай тұрады.
Бала қауіпсіздігі функциясын
қосу:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. (A) және (D) сенсорлық түймешігін
бірге басып ұстап тұрыңыз. Бала
қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жанады.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жанады.
Бала қауіпсіздігі функциясын
бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде ажыратуға
болады. Сол сенсорлық
түймешіктерді бала
қауіпсіздігі функциясының
индикаторы сөнгенше бірге
басып ұстап тұрыңыз.
7.2 Тіл
Тілді таңдауға арналған:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. (B) және (C) функция
түймешіктерін, алдыңғы таңдалған
тіл көрсетілгенше қатар басып
ұстап тұрыңыз.
3. Өз тіліңізді орнату үшін немесе
сенсорлық түймешігін басыңыз.
4. Таңдауды жадыға сақтау үшін (E)
сенсорлық түймешігін басыңыз.
7.3 Кірде қалған ылғалдың
деңгейін реттеу
Кірде қалған ылғалдың әдепкі деңгейін
реттеу үшін:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. (A) және (B) түймешіктерін бірге
басып ұстап тұрыңыз.
Осы индикаторлардың бірі жанады:
өте құрғақ кір
барынша құрғақ кір
әдепкі құрғақ кір
ҚАЗАҚ 13
3. (E) түймешігін дұрыс деңгейдің
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
4. Параметрдің өзгергенін растау
үшін (A) және (B) түймешіктерін
шамамен 2 секунд бірге басып
ұстап тұрыңыз.
7.4 Су сауытының
индикаторы
Әдетте су сауытының индикаторы
жанып тұрады. Бұл индикатор
бағдарлама аяқталған кезде немесе су
сауытын босату қажет болған кезде
жанады.
Егер су төгу жинағы
(қосымша керек-жарақ)
орнатылса, құрылғы су
сауытындағы суды
автоматты түрде төгеді.
Бұндай жағдайда су
сауытының индикаторын
сөндіріп қоюды ұсынамыз.
Бар керек-жарақтарды
құрылғымен жеткізілген
ақпараттан қараңыз.
Су сауытының индикаторын
сөндіру:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. (J) және (I) сенсорлық түймешігін
бірге басып ұстап тұрыңыз.
Дисплейде осы 2 теңшелімнің бірі
көрсетіледі:
индикаторы сөнеді де,
индикаторы жанады.
Су сауытының индикаторы
сөнеді. Шамамен 4 секундтан
кейін 2 индикатор сөнеді.
Индикатор
мен
жанады.
Су сауытының индикаторы
жанады. Шамамен 4 секундтан
кейін 2 индикатор сөнеді.
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны ең алғаш пайдаланар
алдында мына әрекеттерді
орындаңыз:
Кір кептіргіш машинаның
барабанын дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Дымқыл кірлерді салып қысқа
бағдарламаны (мысалы, 30 минут)
бастаңыз.
Кептіру циклының бас
кезінде (3-5 мин.) сәл
қаттырақ шуыл естілуі
мүмкін. Бұл компрессордан
қуат алатын құрылғыларда
компрессор іске қосылған
кезде естілетін қалыпты
шуыл, мысалы:
тоңазытқыштарда,
мұздатқыштарда.
8.1 Тіл
Тілді қалаған уақытта
өзгерте беруге болады
(
Параметрлер
тарауын
қараңыз).
Құрылғыны бірінші рет іске қосқанда,
дисплейде әдепкі тіл көрсетіледі. Оны
растауға немесе басқа тілді таңдауға
болады. Басқа тілге қою үшін:
1. Өз тіліңізді орнату үшін
немесе
сенсорлық түймешігін басыңыз.
2. Таңдауды жадыға сақтау үшін
Бастау/Үзіліс сенсорлық түймешігін
басыңыз.
www.electrolux.com14
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
9.1 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастаңыз
1. Кірді дайындап, құрылғыға
салыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Есікті жапқан кезде
құрылғының есігі мен
резеңке
тығыздағышының
арасына кір қыстырылып
қалмағанына көз
жеткізіңіз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
Дисплейде бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
4. Бастау/Үзіліс сенсор пернесін
басыңыз.
Бағдарлама басталады.
9.2 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте қажетті кешіктіріп
бастау уақыты пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
Бағдарламаны ең кемі
30 минуттан бастап, ең
көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіріп бастай аласыз.
3. Бастау/Үзіліс сенсор пернесін
басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау
функциясының кері санағы көрінеді.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
9.3 Бағдарламаны өзгерту
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
9.4 Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде:
Үзік-үзік дыбыстық сигнал естіледі.
индикаторы жанады.
Бастау/Үзіліс индикаторы жанады.
Құрылғы тағы да 30 минут мыжылып
қалуға жол бермейтін циклды қосып,
жұмысын жалғастырады.
Мыжылып қалуға қарсы цикл кірдің
бырысын жазады.
Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл
аяқталмай тұрып алуға болады.
Нәтижесі жақсы болу үшін кірді цикл
аяқталған кезде немесе аяқталуға
жақын қалған кезде алуды ұсынамыз.
Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл
аяқталған кезде:
индикаторы жанады.
Бастау/Үзіліс индикаторы өшеді.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының есігін ашыңыз.
3. Кірді алып шығыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз.
Бағдарлама аяқталған кезде
сүзгіні әрқашан тазалаңыз
және су сауытын босатыңыз.
9.5 Автоматты сөндіру
функциясы
Пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, бұл функция құрылғыны
келесі жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
Егер бағдарламаны бастамасаңыз
5 минуттан кейін.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткен кезде.
ҚАЗАҚ 15
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Кірді дайындау
Тартқыштарын жабыңыз.
Көрпе тыстарының түймелерін
салыңыз.
Галстук немесе бантиктерді
(мысалы, фартук бауларын) бос
салмаңыз. Оларды бағдарламаны
бастамай тұрып байлаңыз.
Қалталардағы заттардың барлығын
алыңыз.
Егер заттың ішкі қабаты мақта
матадан жасалса, астарын сыртқа
аударыңыз. Мақта матадан
жасалған жағының сыртқа қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз
Біз құрылғыға салынған
маталардың түріне сай келетін
дұрыс бағдарламаны орнатуды
ұсынамыз.
Бояуы қатты шығатын маталарды
ашық түсті маталармен бірге
салмаңыз. Қанық бояулар ағып
кетеді.
Мақта мата джерсиі немесе
тоқылған заттарды жууға сай
келетін бағдарламаны
пайдаланыңыз, бұл заттар отырып
қалуы мүмкін.
Кірдің салмағының бағдарлама
кестесінде көрсетілген ең үлкен
салмақтан аспайтынына көз
жеткізіңіз.
Кір кептіргіш машинада кептіруге
болатын кірлерді ғана кептіріңіз.
Заттардың матасындағы затбелгіні
қараңыз.
Матаның
затбелгісі
Сипаттама
Кір кептіргіш машинада кептіруге болатын кір.
Кір кептіргіш машинада кептіруге болатын кір. Стандартты
температурасы бар бағдарламаны орнатыңыз.
Кір кептіргіш машинада кептіруге болатын кір. Төмен
температурасы бар бағдарламаны орнатыңыз.
Кір кептіргіш машинада кептіруге болмайтын кір.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
11.1 Сүзгіні тазалау
1. 2.
1
2
www.electrolux.com16
3.
1
2
4.
5.
1)
6.
2
1
1)
Егер қажет болса, сүзгіні шөткемен және/немесе шаңсорғышпен, жылы кран суымен
тазалаңыз.
11.2 Су сауытын босату
1.
2.
3. 4.
Су сауытындағы суды
тазартылған судың орнына
(мысалы, булап үтіктеу үшін)
пайдаланыңыз. Суды
пайдаланар алдында
қалдықтарын сүзгімен
тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 17
11.3 Конденсаторды тазалау
1. 2.
3.
2
1
4.
1
1
22
5. 6.
7.
1)
8.
9.
2
2
11
10.
1)
Қажетіне орай, әр 6 ай сайын қызу алмастырғыш тұрған бөліктің қыл-қыбырын бір
рет тазалаңыз. Шаңсорғышты пайдалануға болады.
www.electrolux.com18
Сүзгілерді тазалау уақыты
кірдің түріне және
мөлшеріне байланысты
анықталады. Егер кірді
толтырып кептірсеңіз,
сүзгілерді әр 3 цикл сайын
тазалаңыз.
11.4 Барабанды тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны тазалар
алдында тоқтан ағытыңыз.
Барабанның ішкі беті мен барабанның
қырларын тазалау үшін стандартты
бейтарап сабынды жуғышты
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Барабанды тазалау үшін
жеміргіш материалдарды
немесе темір жүн жөкені
қолданбаңыз.
11.5 Басқару панелі мен
корпусын тазалау
Басқару панелі мен корпусын тазалау
үшін стандартты, бейтарап сабынды
жуғышты қолданыңыз.
Тазалау үшін дымқыл шүберекті
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны жиһаз
тазалайтын заттармен
немесе тот бастыратын
жуғыш заттармен
тазаламаңыз.
11.6 Ауа шығатын
саңылауларын тазалау
Ауа шығатын саңылаулардағы қыл-
қыбырды тазалау үшін шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Ашаның розеткаға қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы (үй
желісіндегі) сақтандырғышты
тексеріңіз.
Бағдарлама басталмай тұр. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының есігі жабылмайды. Сүзгінің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының есігі мен резеңке
тығыздағышының арасына кір
қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрып тоқтап
қалады.
Су сауытының бос екеніне көз
жеткізіңіз. Бағдарламаны қайта бастау
үшін
Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бейнебетте ұзақ бағдарлама уақыты
көрсетіледі.
1)
Кірдің салмағының бағдарлама
уақытына сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сүзгінің таза екеніне көз жеткізіңіз.
Кір өте дымқыл. Кірді кір жуғыш
машинаға салып қайта айналдырыңыз.
Бөлме температурасының өте жылы
емес екеніне көз жеткізіңіз.
Бейнебетте қысқа бағдарламаның
уақыты көрсетіледі.
Кептіру уақыты немесе Өте құрғақ
бағдарламасын орнатыңыз.
Бейнебетте Err көрсетіледі. Егер жаңа бағдарлама орнатқыңыз
келсе, құрылғыны сөндіріңіз де,
қосыңыз.
Функциялардың бағдарламаға сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Бейнебетте көрсетіледі (мысалы, E51). Құрылғыны сөндіріңіз де, іске қосыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастаңыз.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
1)
Ең көбі 5 сағат өткеннен кейін бағдарлама автоматты түрде аяқталады
Егер кептіру нәтижелері
қанағаттанарлық болмаса
Дұрыс бағдарлама орнатылмаған.
Сүзгі бітеліп қалған.
Конденсатор бітеліп қалған.
Құрылғыға өте көп кір салынған.
Барабанның іші лас.
Өткізгіштік сенсорының параметрі
дұрыс емес.
Ауа шығаратын саңылаулар
бітелген.
13. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Биіктігі x Ені x Тереңдігі 850 x 600 x 600 мм (ең көбі 640 мм)
Құрылғының есігі ашық тұрған кездегі
макс. тереңдігі
1090 мм
Құрылғының есігі ашық тұрған кездегі
макс. ені
950 мм
Реттеуге болатын биіктік 850 мм (+ 15 мм - тіректерді реттеу)
Барабанның сыйымдылығы 118 л
Кірдің макс. салмағы 9 кг
Кернеу 230В
Жиілік 50 Гц
www.electrolux.com20
/