• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
• Құрылғыны температурасы 5°C
градустан төмен 35°C градустан
жоғары жерге орнатпаңыз немесе
қолданбаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еденнің
тегіс, орнықты, қызуға төзімді және
таза болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
• Құрылғыны үнемі тік қалыпта
жылжытыңыз.
• Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
• Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас
көмегімен деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанын тексеріңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған.
Құрылғының 13 амперлік қуат
ашасы бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет
болса 13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
• Толтырмасы бар немесе ішіне
нәрсе салынған, нұқсан келген
заттарды кептірмеңіз.
• Кір кептіргіште кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз.
• Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
кептірер алдында қосымша шаю
циклын орындаңыз.
• Конденсат/тазартылған суды
ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін
пайдаланбаңыз. Себебі адамдар
мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
• Суы сорғалап тұрған киімдерді кір
кептіргіш машинада кептірмеңіз.
2.4 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
www.electrolux.com6