Electrolux ESL98810RA Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
ESL 98810RA
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА
ПОСУДОМОЕЧНАЯ МАШИНА
ПОСУДОМИЙНА МАШИНА
KK
RU
UK
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2
ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 24
ІНСТРУКЦІЯ 48
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БАҒДАРЛАМАЛАР............................................................................................ 8
6. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................11
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................12
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................13
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................15
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 17
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 19
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................21
13. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................22
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы
жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа
да тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5
(0.05) / 8 (0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 15 орыннан асырмаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының
ұштарын төмен қаратып немесе көлденеңінен
қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып
қалмас үшін қараусыз қалдырмаңыз.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
1.2 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
www.electrolux.com4
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған.
Құрылғының 13 амперлік қуат
ашасы бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет
болса 13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
2.3 Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген
екі қабат қаптамадан тұрады және
қауіпсіздік клапанымен
жабдықталған.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қатерлі кернеу.
Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны
дереу розеткадан суырыңыз. Су
құятын түтікті ауыстыру үшін
уәкілітті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
2.4 Пайдалану
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш
заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Ыдыстарда жуғыш зат болуы
мүмкін.
Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу
шығуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
2.5 Ішкі жарық шамы
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу қауіпі бар.
Бұл құрылғының есікті ашқан кезде
қосылып, есік жабылған кезде
сөнетін ішкі шамы бар.
Осы құрылғының ішіндегі шам
бөлмені жарықтандыруға
жарамайды.
Шамды ауыстыру үшін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
5
4
10
9
67
11
12
2
3
1
8
1
Ең үстіңгі бүріккіш түтік
2
Үстіңгі бүріккіш түтік
3
Астыңғы бүріккіш түтік
4
Сүзгілер
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Тұз сауыты
7
Ауа саңылауы
8
Шайғыш зат үлестіргіші
9
Жуғыш зат үлестіргіші
10
Астыңғы себет
11
Үстіңгі себет
12
Ас құралдарының тартпасы
3.1 TimeBeam
TimeBeam - құрылғы есігінің астыңғы
жағындағы еденнен көрінетін
бейнебет.
Бағдарлама басталған кезде
бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
Бағдарлама аяқталған кезде 0:00
және CLEAN индикаторы жанады.
Кешіктіріп бастау функциясы
басталған кезде кері санақ уақыты
мен DELAY жанады.
Құрылғыда ақау пайда болған кезде
қауіп-қатер сигналының коды
жанады.
www.electrolux.com6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2 3 4
6 5
1
Қосу/Өшіру түймешігі
2
Program пернесі
3
Бейнебет
4
OK пернесі
5
Шарлау пернесі (оң жақ)
6
Шарлау пернесі (сол жақ)
4.1 Перненің жұмысы
Шарлау пернелері (оң және сол жақ)
Бұл пернелерді бейнебетте
көрсетілетін тізімдерді, ақпараттық
мәтіндерді жүгірте қарау үшін
қолданыңыз.
Program key
Пернелерді қысқа басқанада негізгі
бейнебетте таңдауға болатын
бағдарламалар, функциялар,
параметрлер, кешіктіріп бастау
уақыты көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау немесе
бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда
пернені ұзақ басқанда (3 сек)
кешіктіріп бастау, бағдарлама,
параметрлер біржола тоқтайды.
Бейнебетте әдепкі бағдарлама
көрсетіледі: ECO.
OK перне
Қысқа басу: Таңдалған бағдарлама,
функциялар мен параметрлер
құпталады.
Ұзақ басу: MyFavourite
бағдарламасы басталады. Егер
ешбір бағдарлама сақталмаса,
бейнебетте MyFavourite орнатыңыз
параметрі көрсетіледі.
4.2 Бейнебет
Бейнебеттің 3 аймағы бар. Шарлау
пернелерінің бірін іске қосқыңыз
келген аймақ бөлектенгенше басыңыз.
A
B
C
Кешіктіріп бастау аумақ (A) -
Кешіктіріп бастау функциясын
қалай орнату керек
Бағдарламаны 1 сағаттан 24 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға болады.
Егер бағдарламаның
функцияларын орнатқыңыз
келсе, оларды кешіктіріп
бастау функциясын
орнатпай тұрып орнату
керек. MyFavourite
бағдарламасын кешіктіріп
бастау мүмкін емес.
1. Шарлау пернелерін қолданып,
Кешіктіріп бастау аумағын
таңдаңыз.
2. OK пернесін басып құптаңыз.
Бейнебетте бағдарлама тізімі
көрсетіледі.
3. Шарлау пернелерінің көмегімен
бағдарлама тізімін жүгірте қарап,
бағдарламаны таңдаңыз.
4. OK пернесін басып құптаңыз.
Бейнебетте 3 баған көрсетіледі.
Кешіктіру: осы бағаннан
кешіктіріп бастау уақытын
көруге болады:
Бастау: осы бағаннан
бағдарламаның басталатын
уақытын көруге болады.
ҚАЗАҚ 7
Соңы: осы бағаннан
бағдарламаның аяқталатын
уақытын көруге болады.
5. Оң жақ шарлау пернесін басып,
кешіктіріп бастау уақытын
таңдаңыз.
Сағат мәндері көбейе түскен сайын
Бастау және Соңы бағандарындағы
мәндер жаңарады. Сағат мәнін азайту
үшін сол жақтағы шарлау пернесін
пайдаланыңыз.
6. OK пернесін басып құптаңыз.
7. Кері санақты бастау үшін есікті
жабыңыз.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
Бағдарлама аумақ (B) -
Бағдарламаны қалай
орнатуға болады
Бұл аумақта бағдарлама тізімі
көрсетіледі және әдетте, құрылғыны
қосқан кезде таңдалып тұрады. Егер
бұл аумақ таңдалмаса, Program
түймешігін басыңыз.
1. OK пернесін басыңыз.
Бейнебетте бағдарлама тізімі
көрсетіледі.
2. Шарлау пернелерінің көмегімен
бағдарлама тізімін жүгірте қарап,
бағдарламаны таңдаңыз.
3. OK пернесін басып құптаңыз.
4. Есікті жабыңыз, бағдарлама
басталады.
Функциялар аумақ (C) -
Функциялар мен
параметрлерді қалай орнату
керек
Егер бағдарламаның функцияларын
орнатқыңыз келсе, оларды
бағдарламаны таңдамай тұрып орнату
керек. Бағдарлама аяқталғаннан кейін
немесе функциялар жойылған болса,
әдепкі мән орнатылатын болады.
Параметрді өзгерткеннен кейін, ол
тіптен бағдарлама аяқталса да,
немесе жұмыс істеп тұрған
бағдарлама жойылса да белсенді
қалпы тұрады.
1. Шарлау пернелерін қолданып,
Функциялар аумағын таңдаңыз.
2. OK пернесін басып құптаңыз.
Бейнебетте функция және
параметрлер тізімі көрсетіледі.
3. Шарлау пернелерінің көмегімен
тізімді жүгірте қарап, функцияны
немесе параметрді таңдаңыз.
4. Параметрлер мәні көрсетілген
деңгейге ауысу үшін OK пернесін
басыңыз.
5. Шарлау пернелерін қолданып,
жаңа мәнді таңдаңыз.
6. OK пернесін басып құптаңыз.
Бейнебетте 3 аумақ көрсетіледі.
Егер басқа функцияны орнатқыңыз
немесе басқа параметрдің мәнін
өзгерткіңіз келсе, іс-әрекетті
қайталаңыз.
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама Кірдің ауқымы
Ыдысты салу
түрі
Бағдарлама
циклдары
Функциялар
ECO 50°
1)
Қалыпты
кірленген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Кептіру
Multitab
www.electrolux.com8
Бағдарлама Кірдің ауқымы
Ыдысты салу
түрі
Бағдарлама
циклдары
Функциялар
AutoFlex 45°-70°
2)
Барлығы
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 45 °C
бастап 70 °C
дейін
Шаю циклдары
Кептіру
Multitab
FlexiWash 50°-65°
3)
Аралас ластық
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
және 65 °C
Шаю циклдары
Кептіру
Multitab
Қарқынды 70°
4)
Қатты
ластанған
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Кептіру
XtraPower
5)
Multitab
1 сағат 55° Аз кірленген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Жуу 55 °C
Шаю циклдары
Multitab
Quick Plus 60°
6)
Жаңа ластанған
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Жуу 60 °C
Шаю циклдары
Multitab
Glass Care 45° Қалыпты не
аздап кірлеген
Морт сынғыш
ыдыс-аяқтар
мен шыны
ыдыстар
Жуу 45 °C
Шаю циклдары
Кептіру
Multitab
ҚАЗАҚ 9
Бағдарлама Кірдің ауқымы
Ыдысты салу
түрі
Бағдарлама
циклдары
Функциялар
Шаю және
кідірту
7)
Барлығы Алдын ала жуу
1)
Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас
құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ
мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
2)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын
анықтай алады. Бұл судың температурасы мен мөлшерін, пайдаланылатын қуат
мөлшері мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
3)
Осы бағдарламамен ыдыстардағы аралас ластықты жууға болады. Қатты ластанған
ыдыстарды астыңғы себетке және қалыпты ластанған ыдыстарды үстіңгі себетке
салыңыз. Астыңғы себеттегі судың қысымы және температурасы үстіңгі себетпен
салыстырғанда жоғары болады.
4)
Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада
шаю циклы бар. Шаю циклі кезінде температура кем дегенде 10 минут 70 °C градуста
тұрады.
5)
Егер Жылдам параметрін орнатсаңыз, XtraPower функциясы автоматты түрде
ажырайды.
6)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт
ішінде жақсы нәтиже береді.
7)
Осы бағдарламаның көмегімен тағам қалдықтары ыдыстарға жабысып, құрылғы
ішінде иіс пайда бола бастамау үшін ыдыстарды жылдам шаюға болады. Бұл
бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
5.1 Пайдалану көлемі
Бағдарлама
1)
Су
(л)
Қуат
(кВт)
Ұзақтық
(мин)
ECO 50° 11 0.857 225
AutoFlex 45°-70° 7 - 14 0.6 - 1.4 40 - 150
FlexiWash 50°-65° 14 - 16 1.2 - 1.5 139 - 149
Қарқынды 70° 12.5 - 14.5 1.4 - 1.6 154 - 164
1 сағат 55° 9.5 - 10.5 1.10 - 1.30 55 - 65
Quick Plus 60° 10 0.9 30
Glass Care 45° 12 - 14 0.7 - 0.9 75 - 85
Шаю және кідірту 4 0.1 14
1)
Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы,
параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
www.electrolux.com10
5.2 Сынақ институттарына
арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті барлық
ақпаратты алу үшін мына эл.поштаға
хат жолдаңыз:
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
құрылғының нөмірін (PNC) жазып
қойыңыз.
6. ПАРАМЕТРЛЕР
6.1 Параметрлер тізімі
Параметрлер Мәндер Сипаттама
MyFavourite орнатыңыз Бағдарламалар тізімі Өзіңізге ұнайтын
күнделікті бағдарламаны
орнатыңыз. Осы тарауда
берілген нақты ақпаратты
қараңыз.
Уақыт Сағат және минут Уақытты орнатыңыз.
Аяқтау сигналы Қосу
Сөндірулі
Бағдарлама аяқталған
кезде хабар береді.
Зауыттық параметрлер:
сөндірулі.
Көлемі 0 деңгейінен 10 деңгейге
дейін.
0 деңгей = дыбыс
өшірілген.
Дыбыстың деңгейін
реттеу.
Жарықтылық 0 деңгейінен 9 деңгейге
дейін.
Бейнебеттің
жарықтылығын өзгертіңіз.
Контраст 0 деңгейінен 9 деңгейге
дейін.
Бейнебеттің контрастын
өзгертіңіз.
Су кермектігі 1 деңгейінен 10 деңгейге
дейін.
Су жұмсартқыштың
деңгейін өзіңіз тұратын
жердегі судың
кермектігіне сай
орнатыңыз.
Зауыттық параметрлер:
5-ші деңгей.
Тілдер Тілдер тізімі. Қалаған тілді орнатыңыз.
Әдепкі тіл: Ағылшынша.
Едендегі бейнебет Түстер тізімі. TimeBeam түсін
орнатыңыз
Әдепкі параметрлерді
орнату
Қалпына келтіру Құрылғының зауытта
орнатылған
параметрлерін
орнатыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Параметрлер Мәндер Сипаттама
Шайғыш заттың деңгейі 0 деңгейінен 6 деңгейге
дейін.
0 деңгей = шайғыш зат
үлестірілмейді.
Шайғыш затты үлестіру
деңгейін шайғыш заттың
қаншалықты қажет
екеніне қарай орнатыңыз.
Зауыттық параметрлер:
4-ші деңгей.
6.2 MyFavourite
бағдарламасын қалай сақтау
керек
Қолданылатын функцияларды
бағдарламамен бірге сақтауға болады.
Кешіктіріп бастау функциясын
бағдарламамен бірге сақтауға немесе
MyFavourite бағдарламасын кешіктіріп
бастауға болмайды. Жадыға бір
уақытта 1 бағдарламаны ғана сақтауға
болады. Жаңа параметр алдыңғы
параметрді өшіреді.
1. Функциялар аумағын таңдаңыз.
2. Бағдарламаға орнатып сақтағыңыз
келген параметрлерді орнатыңыз.
3. MyFavourite орнатыңыз таңдаңыз.
4. OK пернесін басыңыз.
Бейнебетте бағдарлама тізімі
көрсетіледі.
5. Бағдарламаны таңдап, OK
пернесін басыңыз.
Егер бағдарламаның TimeSaver
параметрі болса, онда Жылдам
немесе Қалыпты параметрін таңдау
қажет.
6. OK пернесін басып құптаңыз.
Бейнебет MyFavourite
бағдарламасының сақталғанын
растайды.
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Функция тізімі
Функциялар және
параметрлер
Мәндер Сипаттама
XtraPower Қосу
Сөндірулі (әдепкі мән)
Осы функцияны
қолданып қатты
ластанған ыдыс-
аяқтарды жуғанда жақсы
нәтиже береді. Судың
қысымы алдын ала жуу
және жуу циклдары
кезінде көбейеді.
Multitab Қосу
Сөндірулі (әдепкі мән)
Бұл функцияны жуғыш
таблеткаларды
қолданғыңыз келсе
қосыңыз. Осы тарауда
берілген нақты ақпаратты
қараңыз.
7.2 Multitab
Бұл функцияны тұз, шайғыш зат және
жуғыш заттардан тұратын жуғыш
таблеткаларды қолданған кезде
пайдаланыңыз. Олардың құрамында
басқа да жуғыш немесе шайғыш
заттар болуы мүмкін.
www.electrolux.com12
Бұл функция тұз сауытынан тұздың
шығуын тоқтатады. Бейнебетте тұзды
толтыру туралы жазу көрсетілмейді.
Осы функцияны пайдаланғанда,
жуғыш таблеткаларды қолданған
кезде жуу және кептіру нәтижелері
жақсы болу үшін бағдарлама уақыты
ұзарады.
Multitab функциясы тұрақты таңдалып
тұрмайды, сондықтан әр цикл сайын
таңдау қажет.
Қосу : Multitab қосулы.
Сөндірулі : Multitab сөндірулі.
Multitab функциясын қосқан кезде,
шайғыш зат үлестіргішінен шайғыш
заттың қосылуы жалғасады. Дегенмен,
шайғыш зат үлестіргіштің
мөлшерлемесін 0 қалпына қойып,
шайғыш зат үлестіру функциясын
сөндіруге болады. Бұл жағдайда
кептіру нәтижесі қанағаттанарлық
болмауы мүмкін.
7.3 TimeSaver
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді.
Жуу және кептіру циклдары қысқарақ
болады. Бағдарламаның жалпы
уақыты шамамен 50% пайызға
азаяды.
Жуу нәтижелері жуу уақыты қалыпты
бағдарламалардағы тәрізді болса да,
кептіру нәтижесі өте қанағаттанарлық
болмауы мүмкін.
Бұл функция барлық қол
жетімді бағарламалардың
кейбіреуінде
қолданылмайды.
Функцияны бағдарламада
қолдануға болса,
TimeSaver фунциясын іске
қосуға немесе сөндіріп
қоюға болады.
Бағдарламаны таңдаңыз.
Егер TimeSaver функциясы қолдануға
болса, бейнебетте Жылдам және
Қалыпты параметрі көрсетіледі,
бағдарламаның әр параметрдегі
ұзақтығы:
Жылдам: TimeSaver
функциясын іске қосу үшін осы
параметрді таңдаңыз да, OK
пернесін басып құптаңыз.
Қалыпты: TimeSaver
функциясын сөндіру үшін осы
параметрді таңдаңыз да, OK
пернесін басып құптаңыз.
TimeSaver параметрін ECO
бағдарламасына орнатар алдында,
AutoOpen функциясын сөндіріңіз.
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Құрылғыны ең алғаш іске қосқанда, тіл
мен уақытты міндетті түрде орнату
керек. Ағылшын тілі әдепкі тіл болып
табылады.
1. Тілді орнатыңыз
OK пернесін басып, ағылшын
тілін құптаңыз
Жаңа тілді таңдап, содан кейін
OK пернесін басып құптаңыз.
2. Уақытты таңдап, содан кейін OK
пернесін басып құптаңыз.
3. Су жұмсартқыштың ағымдық
деңгейінің сумен жабдықтау
жүйесіндегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Егер сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз.
4. Тұз сауытын толтырыңыз.
5. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
6. Су құятын шүмекті ашыңыз.
7. Құрылғының ішінде өндіру
барысында қалуы мүмкін қалдық
заттарды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және
себеттерді толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған кезде, су
жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үшін шамамен 5 минут
уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей
тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу
циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін
ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра
қайталанып тұрады.
ҚАЗАҚ 13
8.1 Су жұмсартқыш
Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне
және құрылғыға жағымсыз әсер ететін,
судың құрамындағы минералдарды
тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым
көп болса, судың кермектігі де
соғұрлым жоғары болады. Судың
кермектігі балама шкаламен
есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың
кермектігіне сәйкес бапталуға керек.
Аймағыңыздағы судың кермектігі
туралы ақпаратты жергілікті су
мекемесінен ала аласыз. Жақсы жуу
нәтижесіне жету үшін су
жұмсартқыштың дұрыс деңгейін
орнату керек.
Су кермектігі
Неміс
градусы (dH
°).
Француз
градусы (°fH).
ммоль/л Кларк
градусы
Су
жұмсартқыштың
деңгейі
47 - 50 84 - 90 8.4 - 9.0 58 - 63 10
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57 9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52 8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45 7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35 6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
5
1)
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 2
<4 <7 <0.7 < 5
1
2)
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
8.2 Тұз сауыты
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ыдыс жуғыш машиналарға
арналған арнайы тұздарды
ғана пайдаланыңыз.
Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі
шайырды толтыру үшін және
күнделікті жуу нәтижесін
қанағаттанарлық ету үшін
қолданылады.
Тұз сауытын қалай толтыру
керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап
алыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз
(ең алғаш қолданғанда ғана).
3. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
www.electrolux.com14
4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5. Тұз сауытын жабу үшін тұз
сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
Тұз сауытын толтырған
кезде одан су және тұз
ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі
бар. Бұндай жағдайға жол
бермеу үшін тұз сауытын
толтырғаннан кейін
бағдарламаны бастаңыз.
Тұз сауытын толтыру
қажет болғанда,
бейнебетте хабар
көрсетіледі.
8.3 Шайғыш зат үлестіргіші
Шаю құралы ыдыс-аяқты ешбір жолақ
немесе дақ қалдырмай құрғатуға
мүмкіндік береді.
Шайғыш зат ыстық сумен шаю циклы
кезінде автоматты түрде қосылады.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 1
(ең аз мөлшер) мен 6 (ең жоғарғы
мөлшер) аралығына қоюға болады. 0-
деңгейде шайғыш зат үлестіргіш
сөнеді және шайғыш зат
үлестірілмейді.
Зауыттық параметрлер: 4-ші деңгей.
Шайғыш зат үлестіргішін
толтыру
A
B
C
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ыдыс жуғыштарға
арналған шайғыш
заттарды ғана
пайдаланыңыз.
1. Қақпақшаны (C) ашыңыз.
2. Үлестіргішті (B) шайғыш зат ''MAX''
деңгейіне жеткенше толтырыңыз.
3. Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш
шүберекпен тазалаңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Қақпақтың
жабылғанына көз жеткізіңіз.
Шайғыш зат үлестіргішін
(A) индикаторы мөлдір
болған кезде толтырыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін
толтыру қажет болғанда,
бейнебетте хабар
көрсетіледі.
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз. 2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Бейнебетте тұзды толтыру
туралы хабар көрсетілсе, тұз
сауытын толтырыңыз.
Бейнебетте шайғыш затты
толтыру туралы хабар
көрсетілсе, шайғыш зат
үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз. Егер
жуғыш таблеткаларды
қолдансаңыз, Multitab функциясын
қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай дұрыс орнатыңыз да, іске
қосыңыз.
9.1 Жуғыш затты қолдану
A
B
C
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ыдыс жуғыш машиналарға
арналған арнайы жуғыш
құралдарды ғана
пайдаланыңыз.
1. (A) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі
жуғыш құралды (B) бөлігіне
салыңыз.
3. Бағдарламаның алдын ала жуу
циклы болса, құрылғы есігінің ішкі
бөлігіне жуғыш заттан аздап
салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Қақпақтың
жабылғанына көз жеткізіңіз.
9.2 Бағдарламаны орнату
және бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция құрылғы жұмыс істемей
тұрған кезде автоматты түрде сөндіру
арқылы қуатты үнемдейді.
Құрылғы келесі жағдайда іске
қосылады:
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткенде.
Бағдарламаның басталмағанынан
бері 5 минут өтсе.
Бағдарламаны бастау
1. Қажет болса, тиісті функцияларды
таңдаңыз.
Функцияларды орнатқаннан кейін,
бағдарлама тізіміне өтіңіз.
2. Бағдарлама тізімінен
бағдарламаны таңдаңыз.
3. OK пернесін басып құптаңыз.
Егер бағдарлама TimeSaver
функциясымен үйлесетін болса,
Жылдам немесе Қалыпты түймешігін
басып құптаңыз.
4. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз
Бағдарламаны қалай
кешіктіріп бастауға болады
Кешіктіріп бастау функциясын
MyFavourite бағдарламасымен бірге
орнату мүмкін емес.
1. Қажет болса, функцияларды
орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау аумағын
таңдаңыз.
3. OK пернесін басыңыз.
Бейнебетте бағдарлама тізімі
көрсетіледі.
4. Бағдарламаны таңдаңыз.
5. OK пернесін басып құптаңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау
функциясының 3 бағанасы көрінеді.
6. Қажетті кешіктіріп бастау
уақытының мәнін таңдаңыз.
7. OK пернесін басып құптаңыз.
www.electrolux.com16
8. Кешіктіріп бастау функциясының
кері санағын бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
MyFavourite бағдарламасын
бастау
1. OK түймешігін бейнебетте
MyFavourite параметрі пайда
болғанша шамамен 3 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
2. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды.
Есікті жапқаннан кейін, құрылғы
тоқтаған жерінен бастап жұмыс
істейді.
Кептіру циклы кезінде есік
30 секундтан артық ашық
тұрса, жұмыс істеп тұрған
бағдарлама аяқталады.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған
кезде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
Бағдарламаны кешіктіріп бастауды
біржола тоқтатқаннан кейін
функциялардың әдепкі мәндері
орнатылады.
1. Құрылғының есігін ашыңыз.
2. Program түймешігін бейнебетте
Жууды болдырмау? көрсетілгенге
дейін 3 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Кері санақты жалғастыру үшін
Жалғастыру параметрін таңдап,
OK түймешігін басыңыз.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын
болдырмау үшін Тоқтату
параметрін таңдап, OK
түймешігін басыңыз.
Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны болдырмау
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны
біржола тоқтатқаннан кейін
функциялардың әдепкі мәндері
орнатылады.
1. Құрылғының есігін ашыңыз.
2. Program түймешігін бейнебетте
Жууды болдырмау? көрсетілгенге
дейін 3 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны жалғастыру үшін
Жалғастыру параметрін таңдап,
OK түймешігін басыңыз.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны болдырмау үшін
Тоқтату параметрін таңдап, OK
түймешігін басыңыз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде
TimeBeam бейнебетінде 0:00 және
CLEAN көрсетіледі. Есікті ашқан кезде,
құрылғы автоматты түрде сөнеді.
Судың шүмегін жабыңыз.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Жалпы
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті
қолдану барысында кептіріп және
тазалаған кезде жақсы нәтижелерге
қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған
ортаны қорғауға көмектеседі.
Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Егер қажет болса,
алдын ала жуу бағдарламасын
(егер бар болса) қолданыңыз
ҚАЗАҚ 17
немесе алдын ала жуу циклі бар
бағдарламаны таңдаңыз.
Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
Құрылғыға зат салған кезде,
бүріккіштен шыққан судың
ыдыстардың барлығына толық
жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне
тимей немесе бірін бірі далдалап
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш, шайғыш құралды және
тұзды бөлек пайдалануға немесе
аралас таблеткаларды пайдалануға
болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All
in 1''). Орамында көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз. Аралас
таблеткалар судың кермектігі 21
°dH болатын аймақтар үшін
жарамды. Суының кермектігі осы
шектен асатын аймақтарда,
шайғыш зат пен тұзды да қолдану
керек. Егер аралас таблетканы
пайдалансаңыз, Multitab параметрін
(егер бар болса) таңдаңыз. Бұл
функция аралас таблетканы
пайдаланғанда, жуу және кептіру
сапасын жақсартады.
Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай орнатыңыз. ECO
бағдарламасын пайдаланып
қалыпты кірлеген ас үй құралдары
және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен
қуат барынша тиімді жұмсалады.
10.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Аралас таблеткалар судың
кермектігі 21 °dH болатын аймақтар
үшін жарамды. Осы шектен асатын
аймақтарда шайғыш зат пен тұзды
аралас таблеткалармен бірге
пайдалану керек. Дегенмен суы
кермек және өте кермек аймақтарда
жуу және кептіру нәтижесі барынша
жақсы болуы үшін жеке жуғыш,
(қосымша функциялары жоқ
ұнтақты, гельді, таблеткаларды)
шайғыш затты және тұзды жеке-
жеке пайдаланыңыз.
Егер аралас таблетканы
пайдалансаңыз, Multitab параметрін
(егер бар болса) таңдаңыз. Бұл
функция аралас таблетканы
пайдаланғанда, жуу және кептіру
сапасын жақсартады.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
10.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
зат қоспаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
10.4 Себеттерді толтыру
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада
жууға болатын заттарды жуу үшін
ғана қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы
және мыстан жасалған заттарды
құрылғыға салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері)
салмаңыз.
www.electrolux.com18
Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан
қалдықтарды жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы,
кесе, стакан және кәстрөл) аузын
төмен қаратып салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей
салыңыз.
Ас құралдары мен кішкене
заттарды ас құралдары тартпасына
салыңыз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды жылжып
кетпейтін етіп салыңыз.
Бағдарламаны бастамай тұрып,
бүріккіш түтіктің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
10.5 Бағдарламаны бастау
алдында
Мынаны ескеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және
орнатылып тұрғанын.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп
қалмағанын.
Кір жуғыш машина тұзы мен
шайғыш заттың (егер аралас
таблетканы қолданбасаңыз) бар
екенін.
Заттардың себеттерге дұрыс
салынғанын.
Бағдарламаның салынған ыдыстың
түріне және ластану дәрежесіне сай
екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
10.6 Себеттерді босату
1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін
ғана құрылғыдан алыңыз. Ыстық
заттар осал келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі заттарды
алыңыз.
Бағдарламаның соңында
құрылғының
қабырғаларындағы және
есігіндегі су ыстық болып
тұруы мүмкін.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны жөндеу
алдында электр желісінен
ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен
бүріккіш түтіктер жуу
нәтижесін төмендетеді.
Уақытылы тексеріп, қажет
болса тазалаңыз.
11.1 Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жүйесі 3 бөліктен тұрады.
C
B
A
1. Сүзгіні (B) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап алыңыз.
ҚАЗАҚ 19
2. (C) сүзгісін (B) сүзгісінен алыңыз.
3. Жалпақ сүзгіні (A) алыңыз.
4. Сүзгілерді жуыңыз.
5. Зумпф сорғышының ішінде немесе
айналасында ешбір тағам
қалдығыңың немесе қоқыстың жоқ
екеніне көз жеткізіңіз.
6. Жалпақ сүзгіні орнына (A)
қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың
астына дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
7. (B) және (C) сүзгілерін
құрастырыңыз.
8. (B) сүзгісін (A) сүзгісіне салыңыз.
Сырт етіп орнына түскенше сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сүзгілер дұрыс салынбаса,
жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болуы
және құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
11.2 Бүріккіш түтіктерді
тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп
қалса, қалдықтарды жіңішке
шырпымен тазалаңыз.
11.3 Сыртын тазалау
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз.
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72

Electrolux ESL98810RA Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ