Electrolux ESL98825RA Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я чат-бот, который ознакомился с инструкцией по эксплуатации посудомоечной машины Electrolux ESL98825RA. Я могу ответить на ваши вопросы о ее функциях, программах мойки, настройках и устранении неполадок. В руководстве описаны различные режимы мойки, такие как ECO, Intensive, а также функции AutoOpen и TimeManager. Задавайте свои вопросы!
  • Как установить режим мойки?
    Что делать, если посудомоечная машина не запускается?
    Как очистить фильтры посудомоечной машины?
    Как настроить жесткость воды?
    Что означает функция XtraDry?
ESL98825RA
KK Ыдыс жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Посудомоечная машина Инструкция по эксплуатации 29
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БАҒДАРЛАМАЛАР............................................................................................ 8
6. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................10
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................13
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................14
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................17
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 19
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 20
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................23
13. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................27
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа
да тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
ҚАЗАҚ 3
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5
(0.05) / 8 (0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 15 орыннан асырмаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Ас үй құралдарын ас үй құралдарына арналған
себетке ұштарын төмен қаратып немесе өткір
қырларын төмен қатарып, ас үй тартпасына
көлденеңінен салыңыз.
Құрылғының есігін басып кетпеу үшін, байқамай
ашық қалдырмаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғының желдету саңылаулары астыңғы
жағында болса, оларды мысалы кілеммен жабуға
болмайды.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
www.electrolux.com4
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
Ұлыбритания мен Ирландия үшін
ғана. Бұл құрылғыға 13 A қорек
ашасы орнатылған. Егер қорек
ашасының сақтандырғышын
ауыстыру қажет болса 13 А ASTA
(BS 1362) сақтандырғышты ғана
пайдаланыңыз.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген
екі қабат қаптамадан тұрады және
қауіпсіздік клапанымен
жабдықталған.
ЕСКЕРТУ!
Қатерлі кернеу.
Су құятын түтікке зақым келсе,
судың шүмегін дереу жауып, ашаны
розеткадан суырыңыз. Су құятын
түтікті ауыстыру үшін уәкілітті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
2.4 Пайдалану
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш
заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Ыдыстарда жуғыш зат қалуы
мүмкін.
Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу
шығуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
2.5 Ішкі жарық шамы
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу қауіпі бар.
Бұл құрылғының есікті ашқан кезде
қосылып, есік жабылған кезде
сөнетін ішкі шамы бар.
Осы құрылғының ішіндегі шам
бөлмені жарықтандыруға
жарамайды.
ҚАЗАҚ 5
Шамды ауыстыру үшін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
2.6 Қызмет
Құрылғыны жөндету үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Фирмалық қосалқы
бөлшектерді ғана қолдануды
ұсынамыз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласқан кезде
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген келесі деректердің
дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Үлгісі:
Өнім нөмірі (PNC):
Сериялық нөмірі:
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
5
4
10
9
67
11
12
2
3
1
8
1
Ең үстіңгі бүріккіш түтік
2
Үстіңгі бүріккіш түтік
3
Астыңғы бүріккіш түтік
4
Сүзгілер
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Тұз сауыты
7
Ауа саңылауы
8
Шайғыш зат үлестіргіші
9
Жуғыш зат үлестіргіші
10
Астыңғы себет
11
Үстіңгі себет
12
Ас құралдарының тартпасы
www.electrolux.com6
3.1 TimeBeam
TimeBeam - құрылғы есігінің астыңғы
жағындағы еденнен көрінетін дисплей.
Бағдарлама басталған кезде
бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
Бағдарлама аяқталған кезде 0:00
және CLEAN индикаторы жанады.
Кешіктіріп бастау функциясы
басталған кезде кері санақ уақыты
мен DELAY жанады.
Құрылғыда ақау пайда болған кезде
қауіп-қатер сигналының коды
жанады.
Кептіру циклы кезінде
AutoOpen жанса, едендегі
проекция толығымен
көрінбеуі мүмкін.
Орындалып тұрған
бағдарламаның соңына
дейінгі уақытты басқару
панелінің дисплейінен
қараңыз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2 3 4
6 5
1
Қосу/Өшіру түймешігі
2
Шарлау пернесі (жоғары)
3
Бейнебет
4
Option пернесі
5
OK пернесі
6
Шарлау пернесі (төмен)
4.1 Перненің жұмысы
Шарлау пернелері (жоғары және
төмен)
Бұл пернелерді бейнебетте
көрсетілетін тізімдерді, ақпараттық
мәтіндерді шарлау үшін
қолданыңыз.
Option перне
Функция тізіміне кіру үшін қысқа
басыңыз.
ҚАЗАҚ 7
Функция тізімін қысқа басқанда,
бағдарлама тізіміне қайта
ораласыз.
Параметрлер тізімін қысқа
басқанда, функция тізіміне қайта
ораласыз.
Кешіктіріп бастау немесе
бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда
пернені ұзақ басқанда (3 сек),
кешіктіріп бастау, бағдарлама және
параметрлер біржола тоқтайды.
Бейнебетте әдепкі бағдарлама
көрсетіледі: ECO.
OK перне
Қысқа басу: Таңдалған бағдарлама,
функциялар мен параметрлер
құпталады.
Ұзақ басу: MyFavourite
бағдарламасын бастайды.
Ешбір бағдарлама сақталмаса,
дисплейде Таңдаулы
бағдарламаны орнату параметрі
көрсетіледі.
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама Кірдің ауқымы
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдары
Функциялар
ECO
1)
Қалыпты
кірлеген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алғашқы жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Кептіру
TimeManager
XtraDry
AutoFlex
2)
Барлығы
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 45 °C
бастап 70 °C
дейін
Шаю циклдары
Кептіру
XtraDry
FlexiWash
3)
Аралас ластық
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 50 °C және
65 °C
Шаю циклдары
Кептіру
TimeManager
XtraDry
Intensive Қатты
ластанған
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Кептіру
TimeManager
XtraDry
Quick Plus
4)
Жаңа
ластанған
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Жуу 60 °C
Шаю циклдары
XtraDry
www.electrolux.com8
Бағдарлама Кірдің ауқымы
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдары
Функциялар
Glass Care Қалыпты не
аздап кірлеген
Морт сынғыш
ыдыс-аяқтар
мен шыны
ыдыстар
Жуу 45 °C
Шаю циклдары
Кептіру
XtraDry
Rinse & Hold
5)
Барлығы Алғашқы жуу
1)
Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас
құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ
мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
2)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын
анықтай алады. Бұл судың температурасы мен мөлшерін, пайдаланылатын қуат
мөлшері мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
3)
Осы бағдарламамен ыдыстардағы аралас ластықты жууға болады. Қатты ластанған
ыдыстарды астыңғы себетке және қалыпты ластанған ыдыстарды үстіңгі себетке
салыңыз. Астыңғы себеттегі судың қысымы және температурасы үстіңгі себетпен
салыстырғанда жоғары болады.
4)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт
ішінде жақсы нәтиже береді.
5)
Осы бағдарламаның көмегімен тағам қалдықтары ыдыстарға жабысып, құрылғы
ішінде иіс пайда бола бастамау үшін ыдыстарды жылдам шаюға болады. Бұл
бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
5.1 Пайдалану көлемі
Бағдарлама
1)
Су
(л)
Қуат
(кВт)
Ұзақтық
(мин)
ECO 11 0.857 232
AutoFlex 7 - 14 0.6 - 1.6 40 - 170
FlexiWash 14 - 16 1.2 - 1.5 160 - 180
Intensive 12.5-14.5 1.4-1.7 170-190
Quick Plus 10 0.9 30
Glass Care 12 - 14 0.7 - 0.9 82-92
Rinse & Hold 4 0.1 14
1)
Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы,
параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
5.2 Сынақ институттарына
арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті барлық
ақпаратты алу үшін мына эл.поштаға
хат жолдаңыз:
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
құрылғының нөмірін (PNC) жазып
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 9
6. ПАРАМЕТРЛЕР
6.1 Параметрлер тізімі
Параметрлер тізімін қарау үшін
функция тізімінен Параметрлер
параметрін таңдаңыз.
Параметрлер Мәндер Сипаттама
MyFavourite Бағдарламалар
тізімі
Өзіңізге ұнайтын
күнделікті бағдарламаны
орнатыңыз. Осы тарауда
берілген нақты ақпаратты
қараңыз.
AutoOpen ҚОСУ (әдепкі мән)
ӨШІРУ
Rinse & Hold
бағдарламасынан басқа
бағдарламалар үшін
есікті автоматты ашу
функциясын орнатыңыз.
Осы тарауда берілген
арнайы ақпаратты
қараңыз.
Аяқтау сигналы ҚОСУ
ӨШІРУ
Бағдарлама аяқталған
кезде хабар береді.
Зауыттық параметрлер:
өшіру.
Түймешік сигналдары Выкл
Щелчок
Сигнал
Пернелерді басқан кезде
естілетін сигналды
орнатыңыз.
Громкость 1-деңгейінен 10-
деңгейге дейін.
Дыбыстың деңгейін
реттеу.
Яркость 0-деңгейінен 9-
деңгейге дейін.
Бейнебеттің
жарықтылығын өзгертіңіз.
Контраст 0-деңгейінен 9-
деңгейге дейін.
Бейнебет контрастын
өзгертіңіз.
Жест. воды 1-деңгейінен 10-
деңгейге дейін.
Су жұмсартқыштың
деңгейін өзіңіз тұратын
жердегі судың
кермектігіне сай
орнатыңыз.
Зауыттық параметрлер:
5-ші деңгей.
www.electrolux.com10
Параметрлер Мәндер Сипаттама
Шайғыш заттың деңгейі 0-деңгейінен 6-
деңгейге дейін.
0 деңгей = шайғыш
зат үлестірілмейді.
Шайғыш затты үлестіру
деңгейін шайғыш заттың
қаншалықты қажет
екеніне қарай орнатыңыз.
Зауыттық параметрлер:
4-ші деңгей.
Тілдер Тілдер тізімі. Қалаған тілді орнатыңыз.
Әдепкі тіл: Қазақша.
Едендегі бейнебет Түстердің тізімі. TimeBeam түсін таңдаңыз
Параметр. баст. қалп. қою Reset Құрылғының зауытта
орнатылған
параметрлерін
орнатыңыз.
6.2 2 мәні бар параметрді
қалай өзгертуге болады
(ҚОСУ және ӨШІРУ)
Параметрді өзгерткеннен кейін, ол
тіптен бағдарлама аяқталса да,
немесе жұмыс істеп тұрған
бағдарлама жойылса да белсенді
қалпы тұрады.
1. Option пернесін басыңыз.
2. Параметрлер таңдаңыз.
3. OK пернесін басыңыз.
4. Өзгерткіңіз келген параметрді
таңдаңыз.
5. OK пернесін параметрді ҚОСУ
қалпынан ӨШІРУ қалпына немесе
керісінше өзгерту үшін басыңыз.
6. Option пернесін бейнебетте
бағдарлама тізімі көрсетілгенше
бірнеше рет басыңыз.
6.3 Бірнеше мәндері бар
параметрді қалай өзгертуге
болады
Параметрді өзгерткеннен кейін, ол
тіптен бағдарлама аяқталса да,
немесе жұмыс істеп тұрған
бағдарлама жойылса да белсенді
қалпы тұрады.
1. Option пернесін басыңыз.
2. Параметрлер таңдаңыз.
3. OK пернесін басыңыз.
4. Өзгерткіңіз келген параметрді
таңдаңыз.
5. Келесі деңгейге өту үшін OK
пернесін басыңыз.
6. Жаңа мәнді таңдаңыз.
7. OK пернесін басып құптаңыз.
8. Option пернесін бейнебетте
бағдарлама тізімі көрсетілгенше
бірнеше рет басыңыз.
6.4 MyFavourite
бағдарламасын бастау
1. OK түймешігін бейнебетте
MyFavourite параметрі пайда
болғанша шамамен 3 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
2. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
6.5 MyFavourite
бағдарламасын қалай сақтау
керек
Жадыға бір уақытта 1 бағдарламаны
ғана сақтауға болады. Жаңа параметр
алдыңғы параметрді өшіреді.
1. Option пернесін басыңыз.
2. Параметрлер таңдаңыз.
3. OK пернесін басыңыз.
4. MyFavourite таңдаңыз.
5. OK пернесін басыңыз.
Бейнебетте бағдарлама тізімі
көрсетіледі.
6. Бағдарламаны таңдаңыз.
ҚАЗАҚ 11
7. OK пернесін басыңыз.
8. Бейнебетте Қосу функц. және
Аяқталды көрсетіледі.
Бағдарламаны функцияларды
орнатпай сақтағыңыз келсе
Аяқталды параметрін таңдап,
OK түймесін басыңыз.
Бағдарламаға функцияны қосу
үшін Қосу функц. параметрін
таңдап, OK пернесін басып
растаңыз. Функция
таңдалғаннан кейін дисплейде
Қосу функц. және Аяқталды
пайда болады. Басқа
функцияны таңдағыңыз келсе,
қайта Қосу функц. пәрменін
таңдаңыз, әйтпесе Аяқталды
пәрменін таңдаңыз.
9. OK пернесін басыңыз.
Егер бағдарламаның TimeManager
параметрі болса, онда Жылдам
немесе Нормальн. параметрін таңдау
қажет.
10. OK пернесін басып құптаңыз.
Бейнебет MyFavourite
бағдарламасының сақталғанын
растайды.
6.6 AutoOpen
AutoOpen Бұл функция қуатты аз
қолданып, жақсы кептіру нәтижелеріне
қол жеткізуге көмектеседі.
Кептіру фазасы жұмыс
істеп тұрғанда, құрал
құрылғының есігін ашады.
Содан кейін есік
ашылыңқырап тұрады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Есік автоматты түрде
ашылғаннан кейін 2
минуттың ішінде жабуға
тырыспаңыз. Бұл
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Балалар бар болса, цикл
аяқталғаннан кейін есікті
жабық ұстағыңыз келсе,
AutoOpen жүйесін
сөндіруге болады.
AutoOpen жүйесі Rinse & Hold
бағдарламасынан басқа
бағдарламаларда автоматты түрде
қосылып тұрады.
Кептіру нәтижесін жақсарту үшін
XtraDry опциясын қараңыз не
AutoOpen функциясын қосыңыз.
www.electrolux.com12
7. ФУНКЦИЯЛАР
Қажетті функцияларды
міндетті түрде
бағдарламаны бастау
алдында іске қосу керек.
Бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде
функцияларды іске қосу
немесе ажырату мүмкін
емес.
Кей функциялар өзара
үйлесімді емес. Егер өзара
үйлесімсіз функциялар
таңдасаңыз, құрылғы
олардың біреуін немесе
бірнешеуін автоматты
түрде сөндіреді. Тек
қосылып тұрған
функциялардың
индикаторлары ғана жанып
тұрады.
7.1 Функция тізімі
Функциялар Мәндер Сипаттама
Кешіктіріп бастау 1 сағаттан 24 сағатқа дейін
ӨШІРУ (әдепкі мән)
Бағдарламаны кешіктіріп
бастаңыз.
XtraDry ҚОСУ
ӨШІРУ (әдепкі мән)
Кептіру нәтижесін
жақсартқыңыз келсе осы
опцияны қосыңыз. Осы
тарауда берілген нақты
ақпаратты қараңыз.
Параметрлер Құрылғы параметрлеріне кіру
7.2 Функцияны қалай орнату
керек
Функция тізімінде ағымдық таңдалған
бағдарламада ғана қолдануға болатын
функциялар көрсетіледі.
Қолданылмайтын функциялар
көрсетілмейді.
Кейбір функциялар бір-бірімен
үйлеспейді. Егер бір-бірімен
үйлеспейтін 2 функцияны орнатсаңыз,
онда құрылғы олардың біреуін
автоматты түрде сөндіреді.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін
немесе функциялар біржола
тоқтатылғаннан кейін, параметрлер
бастапқы қалпына келеді.
1. Option пернесін басыңыз.
2. Функцияны таңдаңыз.
Бейнебетте функцияның мәні
жақшаның ішінде көрсетіледі.
3. OK пернесін параметрді ӨШІРУ
қалпынан ҚОСУ қалпына немесе
керісінше өзгерту үшін басыңыз.
Егер Кешіктіріп бастау функциясы
таңдалып тұрса, OK пернесін
басқанда, бейнебетте қажетті
кешіктіріп бастау уақытының мәні
көрсетіледі. Сағатты таңдап, OK
пернесін қайта басып құптаңыз.
4. Бағдарлама тізіміне оралу үшін
Option пернесін бейнебетте
таңдалған бағдарлама
көрсетілгенше бірнеше рет
басыңыз.
7.3 XtraDry
Кептіру нәтижесін жақсарту үшін осы
опцияны қосыңыз. Осы опцияны
қолдансаңыз, кейбір
бағдарламалардың уақытына,
пайдаланылатын суға және соңғы шаю
циклының температурасына әсер
етеді.
XtraDry опциясы ECO
бағдарламасынан басқа барлық
бағдарламалар үшін тұрақты опция
және оны әр цикл үшін таңдаудың
қажеті жоқ.
ҚАЗАҚ 13
ECO қосылған сайын, XtraDry опциясы
сөнеді және оны қолдан таңдау керек
болады. Басқа бағдарламаларда
XtraDry параметрі тұрақты орнатылып
тұрады және келесі циклдарда
автоматты түрде қолданылады. Бұл
конфигурацияны кез келген уақытта
өзгертуге болады.
XtraDry опциясын қосқанда,
TimeManager опциясы сөнеді.
7.4 TimeManager
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді.
Жуу және кептіру циклдары қысқарақ
болады. Бағдарламаның жалпы
уақыты шамамен 50% пайызға
азаяды.
Жуу нәтижелері жуу уақыты қалыпты
бағдарламалардағы тәрізді болса да,
кептіру нәтижесі өте қанағаттанарлық
болмауы мүмкін.
TimeManager функциясы барлық қол
жетімді бағдарламалардың
кейбіреуінде қолданылмайды.
1. Бағдарлама тізімін шарлап,
бағдарламаны таңдаңыз.
2. OK пернесін басып құптаңыз.
Егер TimeManager функциясы
таңдалған бағдарламамен үйлесетін
болса бейнебетте Жылдам және
Нормальн. деген 2 режим және
бағдарламаның әр режимдегі уақыты
көрсетіледі:
Жылдам: TimeManager
қосылады. OK пернесін басып
құптаңыз.
Нормальн.: TimeManager
функциясы сөндірулі. OK
пернесін басып құптаңыз.
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Құрылғыны ең алғаш іске қосқанда,
тілді міндетті түрде орнату керек.
Ағылшын тілі әдепкі тіл болып
табылады.
1. Тілді орнатыңыз.
Ағылшын тілін растау үшін OK
түймешігін басыңыз.
Қол жетімді тілдердің тізімін
жүгірте қарап, жаңа тілді
таңдап, оны OK түймешігін
басып құптаңыз.
2. Су жұмсартқыштың ағымдық
деңгейінің сумен жабдықтау
жүйесіндегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Егер сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз.
3. Тұз сауытын толтырыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
5. Су құятын шүмекті ашыңыз.
6. Құрылғының ішінде өндіру
барысында қалуы мүмкін қалдық
заттарды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және
себеттерді толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған кезде, су
жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үшін шамамен 5 минут
уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей
тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу
циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін
ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра
қайталанып тұрады.
8.1 Су жұмсартқыш
Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне
және құрылғыға жағымсыз әсер ететін,
судың құрамындағы минералдарды
тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым
көп болса, судың кермектігі де
соғұрлым жоғары болады. Судың
кермектігі балама шкаламен
есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың
кермектігіне сәйкес бапталуға керек.
Аймағыңыздағы судың кермектігі
туралы ақпаратты жергілікті су
мекемесінен ала аласыз. Жақсы жуу
нәтижесіне жету үшін су
жұмсартқыштың дұрыс деңгейін
орнату керек.
www.electrolux.com14
Судың кермектігі
Неміс
градусы
(°dH).
Француз
градусы (°fH).
ммоль/л Кларк
градусы
Су
жұмсартқыштың
деңгейі
47 - 50 84 - 90 8.4 - 9.0 58 - 63 10
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57 9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52 8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45 7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35 6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
5
1)
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 2
<4 <7 <0.7 < 5
1
2)
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Стандартты жуғыш затты немесе
аралас таблетканы (тұзы жоқ)
пайдалансаңыз, тұзды толтыру
индикаторын қосу үшін су
кермектігін тиісті деңгейге қойыңыз.
Тұзы бар аралас
таблеткалар кермек суды
тиімді түрде жұмсарта
алмайды.
8.2 Тұз сауыты
АБАЙЛАҢЫЗ
Тек ыдыс жуғыштарға
арналған ірі тұзды
қолданыңыз. Ұсақ тұз тот
басу қаупін арттырады.
Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі
шайырды толтыру үшін және
күнделікті жуу нәтижесін
қанағаттанарлық ету үшін
қолданылады.
Тұз сауытын қалай толтыру
керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап
алыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз
(ең алғаш қолданғанда ғана).
3. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 15
5. Тұз сауытын жабу үшін тұз
сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
Тұз сауытын толтырған
кезде одан су және тұз
ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі
бар. Бұндай жағдайға жол
бермеу үшін тұз сауытын
толтырғаннан кейін
бағдарламаны бастаңыз.
Тұз сауытын толтыру
қажет болғанда,
бейнебетте хабар
көрсетіледі.
8.3 Шайғыш зат үлестіргіші
Шаю құралы ыдыс-аяқты ешбір жолақ
немесе дақ қалдырмай құрғатуға
мүмкіндік береді.
Шайғыш зат ыстық сумен шаю циклы
кезінде автоматты түрде қосылады.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 1
(ең аз мөлшер) мен 6 (ең жоғарғы
мөлшер) аралығына қоюға болады. 0-
деңгейде шайғыш зат үлестіргіш
сөнеді және шайғыш зат
үлестірілмейді.
Зауыттық параметрлер: 4-ші деңгей.
Шайғыш зат үлестіргішін
толтыру
A
B
C
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыштарға
арналған шайғыш
заттарды ғана
пайдаланыңыз.
1. Қақпақшаны (C) ашыңыз.
2. Үлестіргішті (B) шайғыш зат ''MAX''
деңгейіне жеткенше толтырыңыз.
3. Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш
шүберекпен тазалаңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Қақпақтың
жабылғанына көз жеткізіңіз.
Шайғыш зат үлестіргішін
(A) индикаторы мөлдір
болған кезде толтырыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін
толтыру қажет болғанда,
бейнебетте хабар
көрсетіледі.
Егер аралас жуғыш таблетканы
пайдалансаңыз және жуу нәтижесі
қанағаттанарлық болса, шайғыш затты
толтыру индикаторын шайғыш зат
деңгейін 0-ге қойып сөндіруге болады.
Шаю сапасын жақсарту
үшін үнемі құрамында
шайғыш заты бар аралас
таблеткамен бірге шайғыш
затты пайдалануды
ұсынамыз.
www.electrolux.com16
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының бағдарлама таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Бейнебетте тұзды толтыру
туралы хабар көрсетілсе, тұз
сауытын толтырыңыз.
Шайғыш зат үлестіргіші бос
индикаторы көрінсе, шайғыш
зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай дұрыс орнатыңыз да, іске
қосыңыз.
9.1 Жуғыш затты қолдану
A
B
C
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машиналарға
арналған арнайы жуғыш
құралдарды ғана
пайдаланыңыз.
1. (A) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі
жуғыш құралды (B) бөлігіне
салыңыз.
3. Бағдарламаның алдын ала жуу
циклы болса, құрылғы есігінің ішкі
бөлігіне жуғыш заттан аздап
салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Қақпақтың
жабылғанына көз жеткізіңіз.
9.2 Бағдарламаны орнату
және бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция құрылғы жұмыс істемей
тұрған кезде автоматты түрде сөндіру
арқылы қуатты үнемдейді.
Құрылғы келесі жағдайда іске
қосылады:
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткенде.
Бағдарламаның басталмағанынан
бері 5 минут өтсе.
Бағдарламаны бастау
Құрылғыны іске қосқанда, бейнебетте
бағдарлама тізімі көрсетіледі. ECO
бағдарламасы үнемі әдепкі
бағдарлама болып табылады.
1. Бағдарлама тізімін жүгірте қарап,
бағдарламаны таңдаңыз.
2. Қажет болса, тиісті функцияларды
таңдаңыз.
Функцияларды орнатқаннан кейін,
бағдарлама тізіміне оралып,
таңдалған бағдарламаны бастаңыз.
3. OK түймешігін басыңыз.
Егер бағдарлама TimeManager
функциясымен үйлесетін болса,
Жылдам немесе Нормальн. түймешігін
басып құптаңыз.
4. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз
Бағдарламаны қалай
кешіктіріп бастауға болады
Кешіктіріп бастау функциясын
MyFavourite бағдарламасымен бірге
орнату мүмкін емес.
1. Бағдарламаны таңдаңыз.
2. Option түймешігін басыңыз.
Бейнебетте функция тізімі көрсетіледі.
3. Кешіктіріп бастау таңдаңыз.
4. OK түймешігін басыңыз.
5. Қажетті кешіктіріп бастау
уақытының мәнін таңдаңыз.
ҚАЗАҚ 17
Бағдарламаны 1 сағаттан 24 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға болады.
6. OK түймешігін басып құптаңыз.
7. Басқа да қол жетімді
функцияларды таңдауға болады.
8. Option түймешігін таңдалған
бағдарлама бейнебетте
көрсетілгенше бірнеше рет
басыңыз.
9. OK түймешігін басыңыз.
10. Кешіктіріп бастау функциясының
кері санағын бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Бұл
қуатты пайдалану мен бағдарлама
уақытына әсер етуі мүмкін. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған
жерінен бастап жұмыс істейді.
Кептіру циклы барысында
есік 30 секундтан ұзақ
ашық тұрса, жұмыс істеп
тұрған бағдарлама
аяқталады. Егер есік
AutoOpen көмегімен
ашылса, бұндай жағдай
болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының есігін
AutoOpen автоматты түрде
ашқаннан кейін 2 минут
ішінде жабуға тырыспаңыз,
себебі құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін. Егер артында
есік тағы 3 минутқа
жабылса, жұмыс істеп
тұрған бағдарлама
аяқталады.
Кері санап тұрғанда кешіктіріп
бастау функциясын
болдырмау
Бағдарламаны кешіктіріп бастауды
біржола тоқтатқаннан кейін
функциялардың әдепкі мәндері
орнатылады.
1. Құрылғының есігін ашыңыз.
2. Option түймесін дисплейде келесі
жазу көрсетілгенше 3 секунд басып
ұстап тұрыңыз: Stop washing?.
Кері санақты жалғастыру үшін
Жалғастыру параметрін таңдап,
OK түймешігін басыңыз.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Кешіктіріп бастауды біржола
тоқтату үшін Stop параметрін
таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны болдырмау
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны
біржола тоқтатқаннан кейін
функциялардың әдепкі мәндері
орнатылады.
1. Құрылғының есігін ашыңыз.
2. Option түймесін дисплейде келесі
жазу көрсетілгенше 3 секунд басып
ұстап тұрыңыз: Stop washing?.
Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны жалғастыру үшін
Жалғастыру параметрін таңдап,
OK түймешігін басыңыз.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны біржола тоқтату
үшін Stop параметрін таңдап,
OK түймешігін басыңыз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде
TimeBeam бейнебетінде 0:00 және
CLEAN көрсетіледі. Есікті ашқан кезде,
құрылғы автоматты түрде сөнеді.
Судың шүмегін жабыңыз.
www.electrolux.com18
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Жалпы
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті
қолдану барысында кептіріп және
тазалаған кезде жақсы нәтижелерге
қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған
ортаны қорғауға көмектеседі.
Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Егер қажет болса,
алдын ала жуу бағдарламасын
(егер бар болса) қолданыңыз
немесе алдын ала жуу циклі бар
бағдарламаны таңдаңыз.
Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
Құрылғыға зат салған кезде,
бүріккіштен шыққан судың
ыдыстардың барлығына толық
жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне
тимей немесе бірін бірі далдалап
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш, шайғыш құралды және
тұзды бөлек пайдалануға немесе
аралас таблеткаларды пайдалануға
болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All
in 1''). Орамында көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз. Аралас
таблеткалар судың кермектігі 21
°dH болатын аймақтар үшін
жарамды. Суының кермектігі осы
шектен асатын аймақтарда,
шайғыш зат пен тұзды да қолдану
керек.
Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай орнатыңыз. ECO
бағдарламасын пайдаланып
қалыпты кірлеген ас үй құралдары
және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен
қуат барынша тиімді жұмсалады.
10.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Аралас таблеткалар судың
кермектігі 21 °dH болатын аймақтар
үшін жарамды. Осы шектен асатын
аймақтарда шайғыш зат пен тұзды
аралас таблеткалармен бірге
пайдалану керек. Дегенмен суы
кермек және өте кермек аймақтарда
жуу және кептіру нәтижесі барынша
жақсы болуы үшін жеке жуғыш,
(қосымша функциялары жоқ
ұнтақты, гельді, таблеткаларды)
шайғыш затты және тұзды жеке-
жеке пайдаланыңыз.
Аралас таблеткаларды
пайдаланғанда шайғыш зат
үлестіруді сөндіруге болады, бірақ
кептіру нәтижесі жақсы болуы үшін
әрқашан шайғыш затты
пайдалануды ұсынамыз.
Аралас таблетканы пайдаланғанда
және судың кермектігі 21 °dH
мәнінен төмен болғанда су
жұмсартқыштың деңгейін ең
төменгі мәнге қоюға болады.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
10.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз
жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 19
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
зат қоспаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
6. Шайғыш зат үлестіргіші бос
индикаторын қосу.
10.4 Себеттерді толтыру
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада
жууға болатын заттарды жуу үшін
ғана қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы
және мыстан жасалған заттарды
құрылғыға салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері)
салмаңыз.
Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан
қалдықтарды жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы,
кесе, стакан және кәстрөл) аузын
төмен қаратып салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей
салыңыз.
Ас құралдары мен кішкене
заттарды ас құралдары тартпасына
салыңыз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды жылжып
кетпейтін етіп салыңыз.
Бағдарламаны бастамай тұрып,
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
10.5 Бағдарламаны бастау
алдында
Мынаны ескеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және
орнатылып тұрғанын.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп
қалмағанын.
Кір жуғыш машина тұзы мен
шайғыш заттың (егер аралас
таблетканы қолданбасаңыз) бар
екенін.
Заттардың себеттерге дұрыс
салынғанын.
Бағдарламаның салынған ыдыстың
түріне және ластану дәрежесіне сай
екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
10.6 Себеттерді босату
1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін
ғана құрылғыдан алыңыз. Ыстық
заттар осал келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі заттарды
алыңыз.
Бағдарламаның соңында
құрылғының
қабырғаларында және
есігінде су тұруы мүмкін.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны жөндеу
алдында электр желісінен
ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен
бүріккіш түтіктер жуу
нәтижесін төмендетеді.
Уақытылы тексеріп, қажет
болса тазалаңыз.
11.1 Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жүйесі 3 бөліктен тұрады.
www.electrolux.com20
/