EOC6851AAX

Electrolux EOC6851AAX Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который прочитал руководство по эксплуатации духового шкафа Electrolux EOC6851. Я могу ответить на ваши вопросы о функциях устройства, таких как различные режимы нагрева, автоматические программы приготовления, использование паровой обработки и термощупа, а также о процессе очистки и устранении неисправностей. Задавайте ваши вопросы!
  • Как использовать функцию паровой обработки?
    Как работает встроенный термощуп?
    Как очистить духовой шкаф с помощью пиролиза?
    Что делать, если духовой шкаф не включается?
EOC6851
................................................ .............................................
KK БУ ПЕШІ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU ДУХОВОЙ ШКАФ С
ФУНКЦИЕЙ ПАРА
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
42
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
3. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
6. САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
7. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
10. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
12. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
13. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 40
14. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 40
15. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен
дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар
мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне
зақым келген адамдар не тәжірибесі мен
білімі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы
бойынша немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша нұсқау алғаннан кейін
қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе
салқындап тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің
құралымен жабдықталса, оны іске қосуды
ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету
жұмыстарын басқа адамның қарауынсыз
орындамауға тиіс.
1.2 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған
конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының есігіне,
әсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын
етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Ашаны розеткаға қосар алдында
құрылғының есігін толық жабыңыз.
1.3 Пайдалану
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
немесе жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы
ысып кетеді. Құрылғының ішіндегі
қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз.
Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды
алып-салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын
немесе ашық отты жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– Ыдыстарды немесе басқа заттарды
құрылғының табанына тура қоймаңыз.
– Құрылғының табанына алюминий
жұқалтырды тура қоймаңыз.
– ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыстарды және тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алып-салған кезде
абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Бұл кепілдік заңына сәйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Буға пісіру
Назарыңызда болсын!
Күйіп қалу және құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Тағамды буға пісіру кезінде құрылғының
есігін ашпаңыз. Бу шығып кетуі мүмкін.
1.4 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
4
www.electrolux.com
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың немесе
тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық шараларын
орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.
Пиролитпен тазалау
Назарыңызда болсын!
Өрт және күйіп қалу қаупі бар.
Пиролитпен тазалау нұсқауларын мұқият
оқып шығыңыз.
Пиролитпен тазалау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда балаларды құрылғыдан
алыс ұстаңыз. Құрылғы қатты қызып кетеді.
Пиролитпен тазалау барысында және
тазалап болғаннан кейін үнемі жақсы
желдетіңіз.
Бірінші рет қосқан кезде және бірінші рет
қолданып болғаннан кейін жоғары
температураға қойып жақсылап желдетіңіз.
Пиролитпен тазалау барысында және
тазалап болғаннан кейін үй жануарларын
(әсіресе құстарды) құрылғының қасынан
алыңыз және жақсы желдетілген жерде
әуелі ең жоғары температураға қойыңыз.
Кейбір құстар мен бауырымен
жорғалаушылар тұмшапештерді
Пиролитпен тазалау барысында бөлінетін
түтінге ерекше сезімтал келеді.
Кішкене үй жануарлары да Пиролитпен
өздігінен тазалау бағдарламасы қосылып
тұрғанда, Пиролит тұмшапештерінің
қасындағы температураның өзгерісіне өте
сезімтал келеді.
Кәстрөлдердің, табалардың, науалардың,
ыдыстардың т.с.с. зат жабыспайтын
қаптамасы барлық Пиролит
тұмшапештерінің жоғары температурада
Пиролитпен тазалау бағдарламасы жұмыс
істеп тұрған кезде бүлініп қалуы мүмкін
және олардан аздаған зиянды түтіндер
бөлінуі мүмкін.
Пиролит тұмшапештерінен / Тағам
қалдықтарынан бөлінген, жоғарыда
сипатталған түтіндердің адамдарға, соның
ішінде жас балалар мен дәрігердің
бақылауындағы адамдарға зияны жоқ.
1.5 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға
ғана арналған жарықтама шам немесе
галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
1.6 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
ҚАЗАҚ 5
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
5
12
9
10
8
4
3
11
7
5
4
1
2
3
1 2
6
1
Электрондық бағдарламалағыш
2
Су тартпасы
3
Ішкі температура сенсорлық құралының
розеткасы
4
Гриль
5
Тұмшапештің шамы
6
Желдеткіш
7
Сөренің алмалы сырғытпалары
8
Су төгетін түтік
9
Су төгетін түтіктің клапаны
10
Техникалық ақпарат тақтайшасы
11
Сөре деңгейлері
12
Бу жіберетін түтікше
2.1 Тұмшапештің керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарын қоюға, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын
таба ретінде қолдануға арналған.
Ішкі температура сенсоры
Тағамның қаншалықты піскенін тексеруге
арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелер мен науаларға арналған.
Диеталық тағамдар пісірілетін ыдыс
Бумен пісіру функциялары үшін.
3. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
3.1 Алғашқы тазалау
Керек-жарақтарының барлығын және
алмалы сөре сырғытпаларын (бар болса)
алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында
тазалаңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
3.2 Алғаш рет іске қосу
Құрылғыны электр желісіне жалғау үшін
немесе тоқ сөніп қалғаннан кейін тілді,
бейнебет контрастын, бейнебет
ажыратымдылығын және тәулік уақытын
орнату қажет.
1.
Мәндерді орнату үшін немесе
түймешігін басыңыз.
2.
OK түймешігін басып растаңыз.
3.3 Алдын ала қыздыру
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2.
Құрылғыны 45 минут қосып қойыңыз.
3.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4.
Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар әдеттегіден ыстық болып
кетуі мүмкін. Құрылғыдан иіс және түтін
6
www.electrolux.com
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналуын қамтамасыз етіңіз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Электрондық бағдарламалағыш
1 10
11
2 43 8 95 6 7
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық алаңдарды пайдаланыңыз
Нөмір
Сенсорлық
өріс
Функция Түсіндірме
1
Қосу / өшіру Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге
арналған.
2
Қыздыру
функциялары
немесе Пісіру
барысында
көмектесу
Қыздыру функциясын немесе Пісіру
барысында көмектесу функциясын таңдау.
Қажетті функцияны ашу үшін құрылғы іске
қосылған кезде өрісті бір немесе екі рет
түртіңіз. Шамды жағу немесе сөндіру үшін
өрісті 3 секунд басыңыз. Шамды құрылғы
сөніп тұрғанда да жағуға болады.
3
Басты перне Мәзірде бір деңгей артқа жылжуға
арналған. Басты мәзірді көрсету үшін өрісті
3 секунд басыңыз.
4
Температура
таңдау
Температураны орнату немесе құрылғының
ағымдық температурасын көрсету. Жылдам
қыздыру функциясын іске қосу немесе
ажырату үшін өрісті 3 секунд басыңыз.
5
Таңдаулы
бағдарламалар
Таңдаулы бағдарламаларды сақтауға және
оларға баруға арналған.
6
"Жоғары" пернесі Мәзірде жоғары жылжуға арналған.
7
"Төмен" пернесі Мәзірде төмен жылжуға арналған.
ҚАЗАҚ 7
Нөмір
Сенсорлық
өріс
Функция Түсіндірме
8
Уақыт және
қосымша
функциялар
Түрлі функцияларды орнату. Қыздыру
функциясы жұмыс істеп тұрғанда, таймерді,
Балалар қауіпсіздігі, Таңдаулы бағдарлама
жады, Қыздыру + Кідірту немесе Орнату +
Орындау функцияларын орнату үшін
немесе ішкі температура сенсорының
параметрлерін өзгерту үшін сенсорлық
өрісті түртіңіз (таңдаулы үлгілерде ғана).
9
Минут операторы Минут операторын орнату.
10
OK Таңдалған элементті немесе параметрді
құптау.
11
Бейнебет Құрылғының ағымдық параметрін
көрсетеді.
Бейнебет
A
DE
B C
A)
Қыздыру функциясы
B)
Тәулік уақыты
C)
Қыздыру индикаторы
D)
Температура
E)
Ұзақтық және Аяқтау функциялары
Бейнебеттегі басқа индикаторлар
Белгіше Функция
Минут операторы Функция жұмыс істейді.
Тәулік уақыты Бейнебетте тәулік уақыты көрсетіледі.
Ұзақтық Бейнебетте қажетті тағам пісіру уақыты көрсетіледі.
Аяқтау Бейнебетте пісіру уақыты қашан аяқталатыны
көрсетіледі.
Уақыт көрсеткіші Бейнебетте қыздыру функциясының қаншалықты
ұзақ жұмыс жасайтыны көрсетіледі. Уақытты нөлге
қою үшін
және түймешіктерін бір уақытта
басыңыз.
Қыздыру индикаторы Бейнебетте құрылғы ішіндегі температура
көрсетіледі.
Жылдам қыздыру
индикаторы
Функция жұмыс істейді. Бұл функция қыздыру
уақытын азайтады.
Автоматты салмақ Бейнебетте автоматты салмақ жүйесінің жұмыс
жасап тұрғаны немесе салмақты өзгертуге болатыны
көрсетіледі.
Қыздыру + Кідірту Функция жұмыс істейді.
8
www.electrolux.com
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
5.1 Мәзір ішінде шарлау
Мәзірлердің жұмысы:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Мәзір параметрін таңдау үшін
немесе түймешігін басыңыз.
3.
Ішкі мәзірге өту немесе параметрді
растау үшін OK түймешігін басыңыз.
Негізгі мәзірге
түймешігінің көмегімен кез
келген уақытта оралуға болады.
5.2 Мәзірлердің жалпы көрінісі
Негізгі мәзір
Белгіше Мәзір элементі Қолданылуы
Қыздыру функциялары Қыздыру функцияларының тізімдері қамтылған.
Пісіру барысында
көмектесу
Автоматты түрде пісіретін бағдарламалар тізімін
қамтиды.
Таңдаулы бағдарламалар
Пайдаланушы жасаған, таңдаулы пісіру
бағдарламаларының тізімі қамтылған.
Пиролит Пиролитпен тазалау.
Негізгі параметрлер
Бұны басқа параметрлерді орнату үшін
пайдалануға болады.
Арнайы тағамдар
Қосымша қыздыру функцияларының тізімі
қамтылған.
Ішкі мәзірлер: Негізгі параметрлер
Белгіше Ішкі мәзір Сипаттама
Тәулік уақытын орнату Сағатқа ағымдық уақытты орнатады.
Уақыт көрсеткіші
ON қалпында тұрса, құрылғыны сөндірген кезде
бейнебетте ағымдық уақыт көрінеді.
ОРНАТУ + ОРЫНДАУ
ON қалпында тұрғанда Параметрлер таңдау
терезесінен ОРНАТУ + ОРЫНДАУ функциясын
таңдай аласыз.
Қыздыру + Кідірту
ON қалпында тұрғанда Параметрлер таңдау
терезесінен Қыздыру + Кідірту функциясын
таңдай аласыз.
Қосымша уақыт Функцияны іске қосады және ажыратады.
Бейнебет контрасты
Бейнебеттің контрастын градус бойынша
лайықтайды.
Бейнебет жарықтылығы
Бейнебет жарықтылығын градус бойынша
лайықтайды.
Тілді орнату Бейнебет тілін орнатады.
ҚАЗАҚ 9
Белгіше Ішкі мәзір Сипаттама
Сигналдың үнділігі
Түймешік басылғанда естілетін сигналдар мен
дыбысты сигналдардың қатаңдығын реттейді.
Негізгі сигналдар
Сенсорлық алаңдардың сигналдарын іске
қосады және ажыратады.
Ескерту/Ақаулық
сигналдары
Ескерту сигналдарын іске қосады және
ажыратады.
Тазалау барысында
көмектесу
Тазалау барысында нұсқау беріп отырады.
Тазалық ескертушісі
Құрылғыны қашан тазалау қажет екенін
ескертеді.
Қызмет
Бағдарламалық жасақтама нұсқасын және
теңшелімін көрсетеді.
Зауыттық параметрлер
Зауытта орнатылған параметрлердің барлығын
қалпына келтіреді.
5.3 Қыздыру функциялары
Ішкі мәзір: Қыздыру функциялары
Қыздыру функциясы Қолданылуы
Ыстық желмен пісіру Бір мезгілде ең көбі пештің үш сөресінде пісіруге
арналған. Осы функцияны қолданғанда
тұмшапештің температурасын Дәстүрлі пісіру үшін
қалыпты температурадан 20 - 40 °C градусқа
азайтыңыз.
Ыстық желдеткіш + Бу Тағамдарды булауға арналған. Бұл функцияны
пісіру уақытын азайту үшін және тағамның
дәрумендері мен құнарлы заттарын сақтау үшін
пайдаланыңыз. Бұл функцияны пайдалану үшін
функцияны таңдаңыз да, температураны 130 °C -
230 °C градус аралығына қойыңыз.
Пицца параметрі Пицца, киш немесе бәліш тағамдарын буға
пісіруге арналған.
Дәстүрлі пісіру Бір деңгейде пісіру және қуыру үшін.
Баяу пісіру Етті былбыратып, баппен қуыруға арналған.
Астыңғы қызу Торттардың астыңғы жағын кіртілдек немесе
қытырлақ етіп пісіруге және консерв жасауға
арналған.
ЭКО қуыру ЭКО функциясы тағам пісіру барысында қуатты
барынша тиімді жұмсауға көмектеседі. Бұл үшін
әуелі пісіру уақытын орнату керек.
10
www.electrolux.com
Қыздыру функциясы Қолданылуы
Мұздатылған тағамдар Фри, картоп тілімдері немесе рулет тәрізді
тағамдарды кіртілдек етіп пісіруге арналған.
Гриль жасау Жалпақ етіп дайындалған тағамды грильдің
ортасына қойып грильдеуге және нанды
қыздыруға арналған.
Жылдам гриль жасау Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған тағамнан
гриль жасауға және нанды қыздыруға арналған.
Турбо гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар құс етін
бір сөреде қақтауға арналған. Сондай-ақ, гратин
жасауға және қызарғанша қуыруға арналған.
Буды қайта бөліп шығару Пісірілген тағамды табаққа салып тікелей қайта
қыздыруға арналған.
Ішкі мәзір: Арнайы тағамдар
Қыздыру функциясы Қолданылуы
Нан пісіру Нанды бумен пісіруге арналған.
Гратин Лазанья немесе картоп гратині сияқты
тағамдарды дайындауға арналған. Сондай-ақ,
гратин жасауға және қызарғанша қуыруға
арналған.
Қамырды көтеру Қамырды пісірер алдында оның көтерілуіне
арналған.
Табақты жылыту Дастарқанға тартылатын табақты алдын ала
жылытуға арналған.
Консерв жасау Шыны ыдыстарға құйылған сұйықтағы
көкөністерден консерв жасауға арналған
(мысалы, көкөністерді араластырып тұздау).
Кептіру Алма, өрік немесе шабдалы тәрізді туралған
жемістерді және қызанақ, цуккини не
саңырауқұлақ тәрізді көкөністерді кептіруге
арналған.
Жылы ұстау Пісірілген тағамды жылы ұстауға арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
5.4 Қыздыру функциясы іске қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Қыздыру функциялары мәзірін таңдаңыз.
OK түймешігін басып құптаңыз.
3. Қыздыру функциясын орнатыңыз. OK
түймешігін басып құптаңыз.
4. Температураны орнатыңыз. OK
түймешігін басып құптаңыз.
түймешігін бір немесе екі рет
басып, Қыздыру функциялары
мәзіріне (құрылғы іске қосылған
кезде) тікелей бара аласыз.
ҚАЗАҚ 11
5.5 Буға пісіру
Су тартпасының қақпағы басқару
панелінде орналасқан.
1.
Су тартпасын ашу үшін қақпақты
басыңыз.
2.
Су тартпасына 900 мл су құйыңыз.
Су шамамен 55-60 минутқа жетеді.
Суды бу генераторына тікелей
құймаңыз.
Суды ғана пайдаланыңыз. Сүзгіден
өткізілген (минералы тазартылған)
немесе тазартылған суды
пайдаланбаңыз. Басқа
сұйықтықтарды пайдаланбаңыз. Су
тартпасына жанғыш немесе алкоголі
бар сұйықтарды құймаңыз.
3.
Су тартпасын бастапқы орнына қойыңыз.
4.
Құрылғыны іске қосыңыз.
5.
Тағамды дұрыс ыдысқа салып пісіріңіз.
6.
Буға пісіру функциясын және
температураны таңдаңыз.
7.
Қажет болса Ұзақтық немесе Аяқтау
функцияларын орнатыңыз.
Пісіру уақыты аяқталғанда дыбыстық
сигнал естіледі.
8.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғының есігін ашық қалдырып,
әбден құрғатыңыз.
9.
Буға пісіріп болғаннан кейін су сауытын
босатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Буға пісіру функциясын пайдаланып
болған сайын, су жіберетін клапаннан
ыстық су ағып кетпес үшін кем
дегенде 60 минут күтіңіз.
5.6 "Сауыт бос" индикаторы
Сауыт босап, оны қайта толтыру қажет болған
кезде бейнебетте Су қажет жазуы пайда
болады да, дыбыстық сигнал естіледі.
Қосымша ақпаратты "Буға пісіру" тарауынан
қараңыз.
5.7 "Сауыт толы" индикаторы
Бейнебетте Су сауыты толы жазуы
көрсетілген кезде буға пісіру функциясын
пайдалануға болады.
Сауыт толы болса дыбыстық сигнал естіледі.
Егер сауытқа өте көп су құйсаңыз,
қауіпсіздік түтігі артық суды
тұмшапештің табанына ағызады.
Суды жөкемен немесе шүберекпен
тазалаңыз.
5.8 Су сауытын босату
Су сауытын босатпай тұрып
құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз.
1.
Пайдаланушы нұсқаулығы салынған
қалтадағы су төгетін түтікті (C) дайындап
алыңыз. Су төгетін түтіктің бір ұшына
жалғастырғышты (B) салыңыз.
2.
Су төгетін түтіктің екінші ұшын (C)
сауытқа салыңыз. Оны су төгетін түтік
клапанының (A) деңгейінен төмен
орнатыңыз.
3.
Тұмшапештің есігін ашыңыз да,
жалғастырғышты (B) су төгетін клапанға
(A) салыңыз.
4.
Су сауытын босатқан кезде
жалғастырғышты қайта-қайта итеріңіз.
5.
Су ақпай тоқтаған кезде жалғастырғышты
клапаннан алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Су сауытын қайта толтыру үшін
сауытты босатқан кезде жиналған
суды пайдаланбаңыз.
Бейнебетте Су қажет жазуы
көрсетілген кезде сауытта шамалы су
тұруы мүмкін. Су төгетін түтік
клапанынан ағып жатқан су
тоқтағанша күтіңіз.
B
C
A
12
www.electrolux.com
5.9 Қыздыру индикаторы
Қыздыру функциясын іске қосқан кезде,
бейнебеттегі жолақ жанады. Жолақ
температураның жоғарылай бастағанын
көрсетеді.
5.10 Жылдам қыздыру индикаторы
Бұл функция қыздыру уақытын азайтады. Осы
функцияны іске қосу үшін
түймешігін 3
секунд басып тұрыңыз. Қыздыру
индикаторының кезек-кезек жанып тұрғанын
көресіз.
5.11 Қалдық қызу
Құрылғыны ажыратқанда, бейнебетте қалдық
қызу көрсетіледі. Қызуды тағамды жылы ұстау
үшін қолдануыңызға болады.
5.12 Қуат үнемдеу
Құрылғының күнделікті тамақ пісіру
кезінде қуат үнемдеуге көмектесетін
мүмкіндіктері бар:
Қалдық қызу:
Қыздыру функциясы немесе бағдарлама
жұмыс істеп тұрғанда, қыздыру
элементтері 10 % ертерек ажыратылады
(шам мен желдеткіш жұмыс істей
береді). Осы функция жұмыс істеуі үшін
пісіру уақыты 30 минуттан артық болуы
керек немесе сағат функцияларын
( Ұзақтық , Аяқтау ) қолдануыңыз керек.
Құрылғы сөнгенде, қызуды тағамды
жылы ұстау үшін қолдануға болады.
Бейнебетте қалдық температура
көрсетіледі.
Бейнебетті сөндіру - Қажет болса,
құрылғыны толық сөндіруге болады.
Бейнебет сөнгенше
және
түймешіктерін қатар басыңыз. Бұл әрекет
сондай-ақ құрылғыны іске қосады.
Шам сөніп тұрғанда тамақ пісіру - тамақ
пісіру кезінде шамды сөндіру үшін
түймешігін 3 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Эко функциялары - " Қыздыру
функциялары " тарауын қараңыз.
6. САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ
6.1 Сағат функциялары
Белгіше Функция Сипаттама
Минут операторы
Кері санақты (ең көбі 2 сағ 30 мин) орнатуға арналған.
Бұл функция құрылғының жұмысына әсер етпейді. Бұл
функцияны құрылғы сөндірулі тұрса да қосуға болады.
Функцияны іске қосу үшін
түймешігін қолданыңыз.
Минутты орнату үшін
немесе , ал бастау үшін OK
түймешігін басыңыз.
Ұзақтық
Құрылғының қанша уақыт (ең көбі 23 сағ. 59 мин.) жұмыс
істеуге тиіс екенін көрсетуге арналған.
Аяқтау
Қыздыру функциясын өшіру уақытын (ең көбі 23 сағ. 59
мин.) орнатуға арналған.
Сағат функциясына уақытты орнатсаңыз, 5
секундтан кейін уақыттың кері санағы
басталады.
Егер Ұзақтық және Аяқтау
сағат функцияларын қолдансаңыз,
орнатылған уақыттың 90 % пайызы
өткеннен кейін құрылғы қыздыру
элементтерін сөнеді. Құрылғы қалдық
қызуды, уақыт аяқталғанша тағам
пісіру үрдісін жалғастыру үшін
қолданады (3 - 20 минут).
Сағат функцияларын орнату
1.
Қыздыру функциясын орнатыңыз.
2.
түймешігін бейнебетте қажетті сағат
функциясы мен сәйкес белгіше
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
ҚАЗАҚ 13
3.
Қажетті уақытты орнату үшін не
басыңыз. OK түймешігін басып құптаңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі. Құрылғы сөнеді. Бейнебетте
жазу көрсетіледі.
4.
Сигналды тоқтату үшін сенсорлық өрісті
басыңыз.
Ұзақтық
және Аяқтау
функциясын пайдалану үшін әуелі
қыздыру функциясы мен
температураны орнату қажет.
Содан кейін сағат функциясын
орнатуға болады. Құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
Құрылғыны кейін белгілі бір
уақытта автоматты түрде қосу
немесе сөндіру үшін Ұзақтық
және Аяқтау функцияларын
қатар қолдануға болады.
Ішкі температура сенсорын (егер
қолданылса) пайдаланған кезде,
Ұзақтық
және Аяқтау
функциялары жұмыс істемейді.
6.2 Қыздыру + Кідірту
Қыздыру + Кідірту функциясы тағамды 80 °C
градус температурада 30 минут жылы
ұстайды. Бұл функция пісіру немесе қуыру
бағдарламасы аяқталғаннан кейін іске
қосылады.
Бұл функцияны Негізгі
параметрлер мәзірінде іске қосуға
немесе ажыратуға болады.
Функцияның жұмыс жасауына
қажетті параметрлер:
Орнатылған температура 80 °C
градустан артық.
Функцияның Ұзақтық мәні
орнатылады.
Функцияны қосу
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Қыздыру функциясын таңдаңыз.
3.
80 °C градустан жоғары температураны
орнатыңыз.
4.
түймешігін бейнебетте Қыздыру +
Кідірту көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз. OK түймешігін басып құптаңыз.
Функция аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
Қыздыру+Кідірту функциясы 30 минут жұмыс
істейді.
Қыздыру функцияларын өзгертсеңіз Қыздыру
+ Кідірту функциясы қосулы күйінде қалады.
6.3 Қосымша уақыт
Қосымша уақыт функциясы Ұзақтық
функциясы аяқталғаннан кейін қыздыру
функциясын жалғастырады.
Ұзақтық немесе Автоматты салмақ
параметрлері бар барлық қыздыру
функцияларында қолданылады.
ІТ сенсоры бар қыздыру функцияларында
қолданылмайды.
Функцияны іске қосу:
1.
Пісіру уақыты аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Сенсорлық өрісті
басыңыз.
2.
Бейнебетте Қосымша уақыт
функциясына қатысты хабар бес минут
көрсетіледі.
3.
Іске қосу үшін (немесе болдырмау
үшін
) түймешігін басыңыз.
4.
Қосымша уақыт функциясының
ұзақтығын орнатыңыз. OK түймешігін
басып құптаңыз.
7. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР
7.1 Пісіру барысында көмектесу
( Автоматты рецепт параметрі бар)
Құрылғыда қолдануға болатын рецептілер
жинағы бар. Рецептілер біржола орнатылған,
оларды өзгерту мүмкін емес.
Функцияны іске қосу:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Пісіру барысында көмектесу мәзірін
таңдаңыз. OK түймешігін басып
құптаңыз.
3.
Санат пен тағамды таңдаңыз. OK
түймешігін басып құптаңыз.
14
www.electrolux.com
4.
Автоматты рецепт функциясын таңдаңыз.
OK түймешігін басып құптаңыз.
Қолдан пісіру функциясын
қолдансаңыз, құрылғы автоматты
параметрлерді пайдаланады.
Оларды басқа функциялардағыдай
өзгертуге болады.
7.2 Пісіру барысында көмектесу
( Автоматты салмақ параметрі бар)
Бұл функция қуыру уақытын автоматты түрде
есептеп шығарады. Оны қолдану үшін
тағамның салмағын көрсету қажет.
Функцияны іске қосу:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Пісіру барысында көмектесу функциясын
таңдаңыз. OK түймешігін басып
құптаңыз.
3.
Санат пен тағамды таңдаңыз. OK
түймешігін басып құптаңыз.
4.
Автоматты салмақ мүмкіндігі бар барлық
функцияларда қолданылады. OK
түймешігін басып құптаңыз.
5.
Тағамның салмағын орнату үшін не
түртіңіз. OK түймешігін басып
құптаңыз.
Автоматты бағдарлама басталады. Салмақты
кез келген уақытта өзгертуіңізге болады.
Салмақты өзгерту үшін
немесе
түймешігін басыңыз. Уақыт аяқталған кезде
дыбыстық сигнал естіледі. Сигналды ажырату
үшін сенсорлық өрісті басыңыз.
Кейбір бағдарламаларда тағамды 30
минут өткенде аударыстырыңыз.
Бейнебетте ескерту сигналы
көрсетіледі.
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
8.1 Ішкі температура сенсоры
Ішкі температура сенсоры еттің ішкі
температурасын өлшейді. Еттің
температурасы орнатылған температураға
жеткенде құрылғы сөнеді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
Тұмшапештің температурасы.
Ішкі температура.
Құрылғымен бірге жеткізілген ішкі
температура сенсорын ғана немесе
фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
1.
Ішкі температура сенсорының ұшын еттің
ортасына салыңыз.
2.
Құрылғыны іске қосыңыз.
3.
Ішкі температура сенсорының ашасын,
құрылғының алдындағы розеткаға
сұғыңыз.
Бейнебетте ішкі температура
сенсорының белгішесі көрсетіледі.
4.
Ішкі температураны орнату үшін не
түймешігін 5 секундтан азырақ
басыңыз.
5.
Тұмшапеш функциясын және, қажет
болса, тұмшапеш температурасын
орнатыңыз.
Құрылғы болжамды аяқталу уақытын
есептейді. Аяқталу уақыты тағамның
мөлшерінің әр түрлі болуына, орнатылған
тұмшапеш температурасына (кем
дегенде 120 °C) және жұмыс режиміне
байланысты әр түрлі болады. Құрылғы
ҚАЗАҚ 15
аяқтау уақытын шамамен 30 минут ішінде
есептейді.
6.
Тағам пісіру барысында ішкі температура
сенсорының етке салынып және
розеткаға қосылып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
7.
Егер қажет болса, тағам пісіру
барысында жаңа ішкі температураны
орнатуға болады. Ол үшін
түймешігін
басу керек.
8.
Еттің температурасы орнатылған ішкі
температураға жеткенде, дыбыстық
сигнал естіледі. Құрылғы автоматты
түрде сөнеді.
Сигналды тоқтату үшін сенсорлық өрісті
түртіңіз.
9.
Ішкі температура сенсорының ашасын
розеткадан суырыңыз. Етті құрылғыдан
алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ішкі температура сенсоры ыстық.
Күйіп қалу қатері бар. Ішкі
температура сенсорының ұшы мен
ашасын алған кезде абай болыңыз.
8.2 Сырғытпа жолдар
°C
1.
Оң және сол жақ сырғытпа жолдарды
тартып шығарыңыз.
°C
2.
Тор сөрені сырғытпа жолдарға қойыңыз
да, құрылғыға абайлап итеріңіз.
Тұмшапештің есігін жабар алдында,
сырғытпа жолдардың құрылғыға әбден
кіргізілгеніне көз жеткізіңіз.
Сырғытпа жолдарды орнату
нұсқауларын кейін пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Сырғытпа жолдарды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Сырғытпа
жолдарды майламаңыз.
16
www.electrolux.com
8.3 Буға пісіруге арналған керек-жарақ
B
Буға пісіру функцияларында пайдаланылатын
диеталық тағам пісіру ыдысы. Ыдыс екі
бөліктен тұрады: инжекторға арналған тесік
(B) және пісірме табақтың астына қоюға
арналған темір тор.
BAC
Инжекторлар мен резеңке түтікше. "А" -
резеңке түтік, "В" - буға пісіруге арналған
инжектор, "С" - будың көмегімен тікелей
пісіруге арналған инжектор.
Диеталық тағам пісіру ыдысын пайдаланып буға пісіру
Тағамды пісірме табақтың ішіне қойылған
темір торға салыңыз. Шамалы су қосыңыз.
Инжекторды (B) резеңке түтікшеге кіргізіңіз.
Инжекторды (B) диеталық тағам пісірілетін
табақтағы арнайы ұяшыққа кіргізіңіз. Резеңке
түтікшеге (A) жалғанған жалғастырғышты бу
кіргізетін клапанға жалғаңыз.
Пісірме табақты астынан санағанда бірінші
немесе екінші деңгейге қойыңыз. Резеңке
түтікті жаншып немесе тұмшапештің үстіндегі
қыздырғыш элементке тигізіп алмас үшін абай
болыңыз. Тұмшапешті бумен пісіру
функциясына қойыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Буға тура пісіру
Тағамды пісірме табақтың ішіне қойылған
темір торға салыңыз. Шамалы су қосыңыз.
Инжекторды (С) резеңке түтікшеге кіргізіңіз.
Резеңке түтікшеге (A) жалғанған
жалғастырғышты бу кіргізетін клапанға
жалғаңыз.
Ыдыстың үстіңгі жағын
пайдаланбаңыз.
Тауық, үйрек, күркетауық, кішкене немесе
үлкен балық тәрізді тағамды пісіргенде,
инжекторды (C) еттің ашық жағына тура
кіргізіңіз. Тесіктерінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Пісірме табақты астынан санағанда бірінші
немесе екінші деңгейге қойыңыз. Резеңке
түтікті жаншып немесе тұмшапештің үстіндегі
қыздырғыш элементке тигізіп алмас үшін абай
болыңыз. Тұмшапешті бумен пісіру
функциясына қойыңыз.
Буға пісіру режиміне қатысты қосымша
ақпаратты буға пісіру кестесінен қараңыз.
Резеңке түтікше тағам пісіруге
арналған және оның құрамында
ешбір зиянды зат жоқ.
Тұмшапеш жұмыс істеп тұрғанда
инжекторларды абайлап пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ыстық тұрғанда инжекторларды
әрқашан қолғап киіп ұстаңыз. Буға пісіру
функциясын пайдаланбайтын кездері
инжекторларды тұмшапештен үнемі алып
қойыңыз.
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
9.1 Таңдаулы бағдарлама мәзірі
Ұзақтық, температура немесе қыздыру
функциясы тәрізді таңдаулы параметрлерді
сақтай аласыз. Олар Таңдаулы бағдарлама
мәзірінде бар. 20 бағдарламаны сақтауға
болады.
Бағдарламаны сақтау
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Қыздыру функциясын немесе Пісіру
барысында көмектесу функциясын
орнатыңыз.
3.
түймешігін бейнебетте САҚТАУ
көрсетілгенше қайта-қайта түртіңіз. OK
түймешігін басып құптаңыз.
4.
Бейнебетте жадыдағы алғашқы бос орын
көрсетіледі.
OK түймешігін басып құптаңыз.
5.
Бағдарламаның атауын енгізіңіз.
Алғашқы әріп жыпылықтайды.
Әріпті өзгерту үшін
немесе
түймешігін басыңыз. OK түймешігін
басыңыз.
18
www.electrolux.com
6.
Меңзерді оңға немесе солға жылжыту
үшін
немесе түймешігін түртіңіз.
OK түймешігін басыңыз.
Келесі әріп жыпылықтайды. Қажетіне
қарай 5-ші және 6-шы қадамдарды
орындаңыз.
7.
Сақтау үшін OK түймешігін басып ұстап
тұрыңыз.
Пайдалы ақпарат:
Жадыдағы орынның үстіне басқасын
жазуға болады. Бейнебетте жадыдағы
алғашқы бос орын көрсетілген кезде,
немесе түртіңіз де, бұрынғы
бағдарламаның үстінен жазу үшін OK
басыңыз.
Бағдарламаның атауын Бағдарлама
атауын өзгерту мәзірінде өзгерте аласыз.
Бағдарламаны іске қосу
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Таңдаулы бағдарлама мәзірін таңдаңыз.
OK түймешігін басып құптаңыз.
3.
Қалаған бағдарлама атауын таңдаңыз.
OK түймешігін басып құптаңыз.
түймешігін Таңдаулы бағдарлама мәзіріне
тікелей бару үшін басыңыз.
9.2 Функция бекітпесі
Функция бекітпесі қыздыру функциясының
кездейсоқ өзгеріп кетуіне жол бермейді.
Функция бекітпесін құрылғы жұмыс істеп
тұрғанда ғана іске қоса аласыз.
Функция бекітпесін іске қосу:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Қыздыру функциясын немесе параметрді
орнатыңыз.
3.
түймешігін бейнебетте Функция
бекітпесі көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
4.
OK түймешігін басып құптаңыз.
5.
Есік құлыпталады да, бейнебетте кілт
белгішесі көрсетіледі.
Егер құрылғыда Пиролитпен тазалау
функциясы болса және ол жұмыс
істеп тұрса, есік бекітіледі.
Функция бекітпесін ажырату:
1.
түймешігін басыңыз. Бейнебетте жазу
көрсетіледі.
2.
түймешігін басып, содан кейін OK
түймешігін басып құптаңыз.
9.3 Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы құрылғының
кездейсоқ іске қосылуына жол бермейді.
Бала қауіпсіздігінің құралы функциясын іске
қосу және ажырату:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Бейнебетте хабар көрсетілгенше
және түймешігін қатар басыңыз.
Егер құрылғыда Пиролитпен тазалау
функциясы болса және ол жұмыс
істеп тұрса, есік бекітіледі.
Сенсорлық өрісті түрткен кезде,
бейнебетте хабар пайда болады.
Құрылғының бұғатын ашу үшін бейнебетте
хабар көрсетілгенше
және түймешігін
қатар басыңыз.
9.4 ОРНАТУ + ОРЫНДАУ
ОРНАТУ + ОРЫНДАУ функциясы қыздыру
функциясын (немесе бағдарламасын)
орнатып, кейін оны сенсорлық өрісті бір рет
басу арқылы іске қосып, қолдануға мүмкіндік
береді.
Функцияны іске қосу:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Қыздыру функциясын орнатыңыз.
3.
түймешігін бейнебетте Ұзақтық
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
4.
Уақытты орнатыңыз.
5.
түймешігін бейнебетте ОРНАТУ +
ОРЫНДАУ көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
6.
OK түймешігін басып құптаңыз.
ОРНАТУ + ОРЫНДАУ функциясын бастау
үшін кез келген сенсорлық өрісті (
түймешігінен басқа) басыңыз. Орнатылған
қыздыру функциясы басталады.
Қыздыру функциясы аяқталған кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Пайдалы ақпарат:
Қыздыру функциясы жұмыс істеп тұрғанда
Функция бекітпесі қосулы тұрады.
ҚАЗАҚ 19
ОРНАТУ + ОРЫНДАУ функциясын Негізгі
параметрлер мәзірінде іске қосуға және
ажыратуға болады.
9.5 Автоматты түрде өшіру
Құрылғы біраз уақыттан кейін қауіпсіздік
мақсатында автоматты түрде сөнеді:
Егер тұмшапеш функциясы жұмыс істеп
тұрса.
Егер тұмшапештің температурасын
өзгертпесеңіз.
Тұмшапештің
температурасы
Сөндіру уақыты
30 °C - 120 °C 12,5 сағ.
120 °C - 200 °C 8,5 сағ.
200 °C - 250 °C 5,5 сағ.
250 °C - ең үлкен
°C
3,0 сағ.
Автоматты түрде сөндіру функциясы
Шам , Ұзақтық және Аяқтау
функцияларынан басқа
функциялардың бәрінде жұмыс
істейді.
9.6 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының температурасы салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
9.7 Қауіпсіздік термоэлементі
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған кезде
немесе құралас бөлшектерінде ақау бар
болса, қатты қызып кету қаупі орын алады.
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
қуаттың берілуін тоқтататын
термоэлементпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайтадан автоматты түрде іске қосылады.
10. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Құрылғының сөре қойылатын бес деңгейі
бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының
астыңғы жағынан бастап санау керек.
Құрылғы ауа айналдыратын және буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ және сыртын күтірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен
пайдаланылатын қуат мөлшерін барынша
азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есіктің шыны
панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі
артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат
мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам
пісірер алдында 10 минут қосыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
оның ылғалын тазалаңыз.
Тағам пісірген кезде заттарды құрылғының
табанына қоймаңыз және құрылғының
бөлшектеріне алюминий жұқалтыр
жаппаңыз. Бұл пісіру нәтижесін өзгертіп,
эмаль қаптамаға да нұқсан келтіруі мүмкін.
10.1 Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру табағын
пайдалансаңыз, араларына бір бос деңгей
қалдырыңыз.
10.2 Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде
шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа
шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп құйып
отырыңыз.
20
www.electrolux.com
/