L87695NWD

AEG L87695NWD Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации для стирально-сушильной машины AEG L 87695 NWD. Готов ответить на ваши вопросы о ее функциях, программах стирки и сушки, а также о решении возможных проблем. В руководстве подробно описаны все режимы работы, параметры настройки и советы по уходу. Спрашивайте!
  • Как выбрать программу стирки для деликатных тканей?
    Можно ли использовать жидкое моющее средство?
    Как установить функцию отложенного старта?
    Что делать, если на дисплее появился код ошибки?
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Жуғыш-кептіргіш машина
RU Инструкция по эксплуатации 40
Стирально-сушильная машина
L 87695 NWD
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................8
5. БАҒДАРЛАМАЛАР ......................................................................................... 11
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................17
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................18
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................20
9. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК ЖУУ...........................................................20
10. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК КЕПТІРУ..................................................24
11. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ.....................................26
12. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 28
13. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 30
14. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................34
15. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................38
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету
үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін
функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету
үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіндіктерін барынша толық
пайдалану үшін бірнеше минут уақытыңызды бөліп оқып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.aeg.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registeraeg.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.aeg.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
ҚАЗАҚ 3
Бұл құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып, ас үй қаптамасына орнатуға
болады.
Құрылғыны бекітілетін есіктің, сырғыма есіктің
артына немесе топсасы керісінше орналасқан,
құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын
жерлерге орнатпаңыз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
Басқа жанармай қолданылатын құрылғылардан,
сондай-ақ ашық оттан бөлінетін шығынды газдар
қайта бөлмеге кірмес үшін, құрылғы орнатылған
бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе
басқа отын түрінің шығарынды түтіндерін шығаруға
арналған түтіктен шығаруға болмайды (егер бар
болса).
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп)
0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында
болуға тиіс.
Ең көп салмақ 9 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды тазалаңыз.
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш
www.aeg.com4
машинамен кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат
пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
Өнеркәсіптік тазалағыш құралдармен тазаланған
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін
қалпақтар, су өткізбейтін текстиль, резеңкемен
астарланған заттарды және киімдерді немесе
резеңке толтырылған жастықтарды кір кептіргіш
машинада кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
мата жұмсартқыштың нұсқауларында көрсетілген
тәрізді пайдалану керек.
Қалталардан шылым тұтатқыш және сіріңке тәрізді
заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кір дереу алынып, қызулары тезірек
тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны ешқашан
кептіру циклы аяқталмай тұрып тоқтатпаңыз.
Кір кептіргіш машинаның соңғы циклы кезінде,
киімдердің температурасы киімдерге зақым
келтірмейтін деңгейде болуы үшін қызу бөлінбейді
(салқындату циклы).
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерлерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғыны үнемі тік қалыпта
жылжытыңыз.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің
тегіс, орнықты, қызуға төзімді және
таза болуын қамтамасыз етіңіз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерлерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
Құрылғы мен кілемнің арасында
тиісті орын болуын қамтамасыз ету
үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас
көмегімен деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанын тексеріңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған:
Құрылғының 13 А қуат ашасы бар.
Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет
болса 13 А ASTA (BS 1362)
сақтандырғышты пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде есіктің шынысына қол
тигізбеңіз. Шыны ыстық болуы
мүмкін.
Толтырмасы бар немесе ішіне
нәрсе салынған, нұқсан келген
заттарды кептірмеңіз.
Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
кептіру циклы алдында қосымша
шаю циклын орындаңыз.
Кірдегі темір заттардың
барлығының алынғанына көз
жеткізіңіз.
Кір жуғыш машинада кептіруге
болатын маталарды ғана кептіріңіз.
Матаның затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Пластик заттар қызуға төзімді емес.
Егер жуғыш зат салынған
шарикті пайдалансаңыз, оны
кептіру бағдарламасын
орнатпай тұрып алыңыз.
www.aeg.com6
Тоқтамайтын бағдарламаны
орнатқан кезде жуғыш зат
шаригін пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді
құрылғыға салып кептірмеңіз.
2.5 Құрылғыны тастау
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
1
2
3
5
6
7
4
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғы деңгейін реттеуге
арналған тірек
3.2 Бала қауіпсіздігі
құралын қалай қосу керек
Бұл құрал балалар немесе үй
жануарлары құрылғыға кіріп кетуден
қорғайды.
Құралды сағат тілінің бағытымен
кертігі көлденең қалыпқа келгенше
бұраңыз.
Есікті жаба алмайсыз.
Есікті жабу үшін, құралды сағат тілінің
бағытына қарсы, кертігі тік қалыпқа
келгенше бұраңыз.
3.3 Орнатуға арналған
жинақ (4055171146)
Уәкілетті дилерден алуға болады.
ҚАЗАҚ 7
Егер құрылғыны плинтусқа
орнатсаңыз, құрылғыны орнату
тақтайшасына бекіту керек.
Керек-жарақтармен бірге берілген
нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
Start/Pause
Delay
Start
Time
Save
Extra
Rinse
/
Temp.
Spin
Stains/
Prewash
Drying
Time
Drying
Level
On/Off
Silk
20 Min. - 3 kg
NonStop 60min.
Steam
DRYING
WASH/
DRYING
Cottons
Cottons
Cottons Eco
Synthetics
Synthetics
Wool
Wool
Anti-Allergy
Rinse
Spin/
Drain
Easy Iron
Delicates
1 2 3
4
5
6789101112
1
Қосу/Өшіру түймешігі
2
Бағдарлама түймешесі
3
Дисплей
4
Кептіру деңгейі түймешігі
5
Кептіру уақыты түймешігі
6
Start/Pause (Бастау/Үзіліс)
түймешігі
7
Тоқтата тұру түймешігі
8
Уақытты үнемдеу түймешігі
9
Қосымша шаю түймешігі
10
Дақтар/Алдын ала жуу түймешігі
11
Айналдыру түймешігі
12
Температура түймешігі
4.2 Дисплей
A HC
NOP
D E F G I
LM
KB J
Бейнебетте төмендегілер
көрсетіледі:
www.aeg.com8
A
Орнатылған бағдарламаның температурасы
Суық су
B
Орнатылған бағдарламаның айналдыру жылдамдығы
Айналдырмау индикаторы
1)
Шаюды кідірту белгішесі
1)
АЙНАЛДЫРУ/СУ ТӨГУ бағдарламасында ғана жұмыс істейді.
C
Цикл белгішелері
Бағдарлама орнатылған кезде, бағдарламаның циклдарына қатысты
белгішелердің барлығы жанады.
Бағдарлама басталғанда, тек орындалып тұрған циклдің ғана белгішесі
жыпылықтайды.
Бағдарлама аяқталғанда, соңғы циклдің белгішесі жанып тұрады.
Алдын ала жуу циклі
Жуу циклы
Шаю циклы
Айналдыру циклы
D
Кептіру бағдарламасын орнатқанда, кептіру белгішесі жанады.
E
Бу бағдарламасын орнатқанда, бу белгішесі жанады.
F
Кептіру бағдарламасын орнатқанда, мыжылудан сақтау
белгішесі жанады.
G
Белгіше көрсетіліп тұрғанда құрылғының есігін аша алмайсыз.
Есікті белгіше көрінбей кеткенде ғана аша аласыз.
Бағдарлама аяқталса да, белгіше көрсетіліп тұрса:
«Шаюды кідірту» функциясы қосулы.
Барабанның ішінде су бар.
H
Бала қауіпсіздігі құралының белгішесі, осы құрал іске қосылған
кезде жанады.
I
Кешіктіріп бастау функциясын орнатқан кезде, кешіктіріп бастау
белгішесі жанады.
ҚАЗАҚ 9
J
Бағдарлама уақыты (жуу және/немесе кептіру кезеңі)
Бағдарлама басталған кезде, бағдарламаның уақыты 1 минутқа
кеміп отырады.
Кешіктіріп бастау
Кешіктіріп бастау түймешігін басқан кезде бейнебетте кешіктіріп
бастау уақыты көрсетіледі
Ескерту кодтары
Құрылғыда ақау бар болса, бейнебетте ескерту кодтары
көрсетіледі. «Ақаулықты түзету» тарауын қараңыз.
Келесі жағдайларда бейнебетте мына хабар бірнеше секунд
көрсетіледі:
Функцияны жуу бағдарламасымен бірге орната алмаған
кезде.
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны өзгертуге әрекет жасаған
кезде.
Бағдарлама аяқталған кезде.
K
Құрғақтық деңгейінің белгілері: бұлар автоматты кептіруді орнатқан кезде
жанады.
Өте құрғақ деңгейінің белгісі
Шкафқа сақтау құрғақтығы белгісі
Үтіктеу құрғақтығы белгісі
L
Кептіру бағдарламасын орнатқанда, кептіру уақытының
белгішесі жанады.
M
Құрылғы жуғыш заттың тым көп салынғанын анықтаса, циклдің
соңында жуғыш заттың шамадан тыс салынғанын көрсететін
белгі жанады.
Графикалық жолақ
Егер функцияны орнатылған бағдарлама үшін таңдауға болса
ғана бос индикатор жолағы көрсетіледі.
Индикатордың жолағы орнатылған функцияларға қарай тола
бастайды.
Егер теріс функция таңдалса, Err жазуы көрсетіліп, таңдаудың теріс
екенін көрсетеді.
www.aeg.com10
N
Бағдарлама ұзақтығының бірін орнатқан кезде Уақытты үнемдеу
индикаторы жанады.
Қысқарған уақыт
Өте жылдам
O
Осы функция іске қосылған кезде Қосымша шаю белгішесі
жанады.
Бұл мән шаю циклдерінің жалпы санын көрсетеді.
Шаю циклдерінің ең үлкен санын орнатқан кезде индикатордың
жолағы толық көрсетіледі.
P
Функцияны іске қосқан кезде Дақтар индикаторы жанады.
Осы функция іске қосылған кезде Алғашқы жуу белгішесі
жанады.
Функциялардың тек біреуін ғана орнатқан кезде индикатор
жолағы толық болмайды.
Екі функцияны орнатқан кезде индикатор жолағы толық болып
көрсетіледі.
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
5.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Мақта мата
95°C - Суық
9 кг
1600 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата.
Қалыпты және шамалы ластанған
кір.
Мақта мата Эко
1)
60°C - 40°C
9 кг
1600 мин/айн
Ақ мақта мата және бояуы қанық
мақта мата. Қалыпты кірлеген.
Қуатты пайдалану азаяды және жуу
бағдарламасының уақыты ұзарады.
Синтетика
60°C - Суық
4 кг
1200 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
ҚАЗАҚ 11
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Жібек мата
30°C
1 кг
1200 мин/айн
Жібек және аралас синтетикалық
заттарға арналған арнайы
бағдарлама.
Жүн мата/Қолмен жуу
40°C - Суық
2 кг
1200 мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік
маталар, машинамен жууға
болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн
маталар.
2)
NonStop 60мин.
40°C - 30°C
1 кг
1200 мин/айн
Аралас матадан (мақта мата және
синтетика заттар) жасалған аз
мөлшердегі заттарды жууға
арналған, жуу және кептіру
циклынан тұратын толық
бағдарлама.
Аллергияға қарсы
60° C
9 кг
1600 мин/айн
Ақ мақта мата заттар. Бұл
бағдарлама 60°C градуста жуу
циклінің көмегімен микро-ағзаларды
жояды және бір шаю циклін қосады.
Осылайша киім барынша тиімді
жуылады.
Жуу бағдарламалары
Бу
40°C
1,5 кг Мақта мата және синтетика заттарға
арналған бу бағдарламасы. Бұл
цикл кірді жаңартып, қыжымын
кетіруге көмектеседі.
Бу бағдарламалары
3)
Бу циклін кепкен, жуылған немесе бір рет жуылған кір үшін қолдануға болады.
Бұл бағдарламалар кірдің бырысын жазып, иісін азайтып, матаны барынша
тегіс етуге көмектеседі.
Ешбір жуғыш зат қолданбаңыз. Егер қажет болса, дақты жуу немесе жумай
тұрып тазарту арқылы кетіріңіз.
Бу бағдарламалары ешбір зарарсызданыру циклін орындамайды.
Мына заттар үшін Бу бағдарламасын орнатпаңыз:
зат белгісінде кептіргіш машинада кептіруге болады деген жазуы жоқ заттар.
пластик, темір, ағаш немесе сол сияқты заттар тағылған киімдердің барлығы.
www.aeg.com12
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Шаю
Суық
9 кг
1600 мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға
арналған. Барлық маталар, жүн
мата мен өте нәзік матадан басқа.
Айналдыру жылдамдығын матаның
түріне қарай азайтыңыз.
Айналдыру/Шаю
4)
9 кг
1600 мин/айн
Кірді айналдыруға және
барабандағы суды төгуге арналған.
Барлық маталар.
20 мин. - 3 кг
40°C - 30°C
3 кг
1200 мин/айн
Шамалы кірлеген немесе бір рет
ғана киілген мақта мата және
синтетика заттар.
Easy Iron (Жеңіл үтіктеу)
60°C - Суық
4 кг
800 мин/айн
Баппен жуылатын синтетикалық
заттар. Қалыпты және шамалы
ластанған кір.
5)
Нәзік мата
40°C - Суық
4 кг
1200 мин/айн
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді
биязы матадан жасалған заттар.
Қалыпты кірлеген.
Кептіру бағдарламалары
Wool (Жүн мата)
1 кг Жүн матаны кептіруге арналған
бағдарлама.
Синтетика
3 кг Синтетикалық заттарды кептіруге
арналған бағдарлама.
ҚАЗАҚ 13
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Мақта мата
6 кг Мақта мата заттарды кептіруге
арналған бағдарлама.
1)
60ºC градуспен жуатын Мақта мата Эко жуу бағдарламасы (9 кг үшін) және Мақта мата кептіру
бағдарламасы - қуат мәндері EEC 92/75 стандарттары бойынша көрсетілген тақтайшадағы
ақпарат негізінде берілген үлгілік бағдарлама.
Жуу циклы суының температурасы таңдалған бағдарламаға арнап көрсеткен
температурадан өзгеше болуы мүмкін.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған
сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бұл құрылғы үшін қалыпты жағдай.
3)
Бу бағдарламасын кепкен кір үшін орнатқан кезде, цикл соңында кір дымқыл болуы мүмкін. Кірді
кептіріп алу үшін таза ауаға шамамен 10 минут қою керек. Бағдарлама аяқталған кезде кірді
барабаннан дереу алыңыз. Бу циклі аяқталғаннан кейін, кірді бәрібір үтіктеу керек, бірақ ол жеңіл
үтіктеледі!
4)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Оның кірге сай келетініне жақсылап көз жеткізіңіз. Егер
Айналдырмау циклын орнатсаңыз, тек су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
5)
Бұл цикл кірлер мыжылып қалмас үшін судың температурасын реттеп, баппен жуады және
сығады. Құрылғы бірнеше шаю циклдарын қосады. Бұл бағдарлама кептіру циклымен үйлесімді
емес.
Бағдарлама опцияларының сәйкестігі
Бағдарлама
Айнал
дыру
Дақтар/
Алдын
ала
жуу
1)
Қосым
ша
шаю
2)
Уақытт
ы
үнемд
еу
3)
Тоқтат
а тұру
Мақта мата
Мақта мата Эко
4)
Синтетика
Жібек мата
Жүн мата/Қолмен жуу
NonStop 60мин.
Аллергияға қарсы
Бу
Шаю
www.aeg.com14
Бағдарлама
Айнал
дыру
Дақтар/
Алдын
ала
жуу
1)
Қосым
ша
шаю
2)
Уақытт
ы
үнемд
еу
3)
Тоқтат
а тұру
Айналдыру/Шаю
20 мин. - 3 кг
Easy Iron (Жеңіл
үтіктеу)
5)
Нәзік мата
1)
Егер сұйық жуғыш затты қолдансаңыз, Алдын ала жуу циклі жоқ бағдарламаны орнатыңыз. Дақ
функциясы 40°C градустан төмен температурада жұмыс істемейді.
2)
Егер тұрақты түрде Қосымша шаю функциясы қосылса, құрылғы қосымша шаю циклдарын
қосады. Шаю бағдарламасы үшін төмен жылдамдықпен айналдыру циклын орнатсаңыз, құрылғы
баппен шаю және қысқа айналдыру циклын орындайды.
3)
Егер қысқа цикл уақытын орнатсаңыз, кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Құрылғыға кірді
толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижесі төмендейді.
4)
Бұл бағдарлама үшін Өте жылдам циклды ғана орнатуға болады.
5)
Тек Алдын ала жуу функциясына қол жетімді.
5.2 Автоматты түрде кептіру
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салыным
Өте құрғақ
Сүлгі материалдарына арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары, монша
сүлгілері, т.с.с.)
6 кг-ға дейін
Шкафқа
1)
Жинап қойылатын заттарға
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары, монша
сүлгілері, т.с.с.)
6 кг-ға дейін
Синтетика және аралас
маталар
(джемпер, блуза, іш
киімдер, тұрмыста
пайдаланылатын
жапқыштар)
3 кг-ға дейін
Жібек маталар (блуза,
жейде, киім.)
1 кг-ға дейін
Жүн мата (жүн жемпір) 1 кг-ға дейін
ҚАЗАҚ 15
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салыным
Үтіктеуге
Үтіктеуге жарамды
Мақта мата және Зығыр
мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер
т.с.с.)
6 кг-ға дейін
1)
Сынақтан өткізетін мекемеге арналған кеңестер EN 50229 стандартына сай сынақты БІРІНШІ
кептірілетін кірді салып, ең үлкен көрсетілген кептіру параметрлері бойынша, (кірдің құрамы
EN61121 стандартына сай) АВТ. ШКАФҚА бағдарламасын Мақта мата режиміне қойып орындау
керек. ЕКІНШІ кептірілетін кірлерді қалған кірмен бірге, АВТ. ШКАФҚА бағдарламасын Мақта мата
режиміне қойып орындау керек.
5.3 Уақыты қойылған кептіру циклы
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салмақ
(кг)
Айналд
ыру
жылда
мдығы
(айн/
мин)
Ұсынылат
ын уақыт
(мин)
Өте құрғақ
Сүлгі
материалдарына
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары, монша
сүлгілері, т.с.с.)
6 1600 220 - 240
4 1600 140 - 160
2 1600 100 - 110
Шкафқа
Жинап қойылатын
заттарға арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары, монша
сүлгілері, т.с.с.)
6 1600 210 - 230
4 1600 130 - 150
2 1600 90 - 100
Шкафқа
Жинап қойылатын
заттарға арналған
Синтетика және аралас
маталар
(джемпер, блуза, іш
киімдер, тұрмыста
пайдаланылатын
жапқыштар)
3 1200 100 - 110
1 1200 40 - 50
Жүн мата
(жүн мата джемперлер)
1 1200 110 - 130
Жібек мата
(блуза, жейде, киім т.с.с.)
1 1000 80
Үтіктеуге
Үтіктеуге жарамды
Мақта мата және Зығыр
мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер
т.с.с.)
6 1600 150 - 170
4 1600 85 - 105
2 1600 55 - 65
www.aeg.com16
5.4 Woolmark Apparel Care -
Көк
Woolmark компаниясы бұл
машинаның жүн матаны жуу
бағдарламасын сертификаттаған,
дегенмен бұл компанияның талабы
бойынша «қолмен жуу» деген
затбелгісі бар заттарды, осы кір
жуғыш машинаны өндірушінің
нұсқауларын сақтап жуу керек.
Киімді кептіру және басқа
нұсқауларды күтім көрсету
белгісінен қараңыз. M1144
Woolmark компаниясы бұл
машинаның жүн матаны кептіру
бағдарламасын сертификаттаған,
дегенмен бұл компанияның талабы
бойынша «қолмен жуу» деген
затбелгісі бар заттарды, осы
машинаны өндірушінің нұсқауларын
сақтап кептіру керек. Киімге күтім
көрсетуге қатысты басқа
нұсқауларды киімге күтім көрсету
белгісінен қараңыз. M1224
Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг
пен Индияда Woolmark белгісі -
сертификатталған сауда белгісі болып
табылады.
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі
себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен
түрі, судың және қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарлама басталған кезде бейнебетте кірдің ең көп мөлшеріне
арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Жуу циклы кезінде бағдарлама ұзақтығы автоматты түрде
есептеледі және салынған кірдің салмағы кірдің ең көп мөлшерінен
аз болса барынша азаяды (мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп
мөлшері 9 кг болса, онда бағдарлама ұзақтығы 2 сағаттан асады;
нақты салмақ 1 кг болса, бағдарлама ұзақтығы 1 сағатқа жетпейді).
Құрылғы бағдарламаның нақты уақытын есептеп тұрғанда
бейнебетте нүкте жыпылықтайды.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Мақта мата 60 °C 9 1.6 69 168
Мақта мата Эко
Мақта мата, үнемді 60 °C
бағдарламасы
1)
9 1.05 56 244
Мақта мата 40 °C 9 1.0 69 164
ҚАЗАҚ 17
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Синтетика 40 °C 4 0.6 48 105
Нәзік мата 40 °C 4 0.7 58 86
Жүн мата/Қолмен жуу 30
°C
2 0.35 57 61
1)
9 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама.
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Қосу/Өшіру
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
осы түймешікті басыңыз. Құрылғы іске
қосылған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
АВТ. Күту режимі функциясы қуатты аз
қолдану үшін келесі жағдайларда
құрылғыны автоматты түрде сөндіреді:
Start/Pause (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басар алдында құрылғы
5 минут қолданылмай тұрса.
Барлық параметр біржола
тоқтатылады.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
Жуу бағдарламасын және барлық
қажетті функцияларды қайта
орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан
кейін 5 минут өткен соң
«Бағдарламаның соңы» тарауын
қараңыз
7.2 Бағдарлама түймешесі
Бағдарламаны орнату үшін осы тетікті
бұраңыз. Тиісті бағдарламаның
индикаторы жанады.
7.3 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін
осы түймешікті басыңыз. Дисплейде
және пайда болған кезде
құрылғы суды қыздырмайды.
7.4 Айналдыру
Төмендегі әрекеттерді орындау үшін
осы түймешікті басыңыз:
Бағдарламаның айналдыру циклінің
ең үлкен жылдамдығын азайту
үшін.
Бейнебетте тек
орнатылған бағдарлама
үшін таңдауға болатын
айналдыру
жылдамдықтары ғана
көрсетіледі.
Айналдыру циклін ажыратыңыз.
Шаюды кідірту функциясын іске
қосыңыз.
Мата мыжылып қалмас үшін осы
функцияны орнатыңыз. Бағдарлама
аяқталған кезде құрылғы суы
төгілмейді.
7.5 Дақтар/Алдын ала жуу
Бағдарламаға дақ және/немесе алдын
ала жуу циклін қосу үшін түймешікті
басыңыз.
Бір немесе екі функцияны іске қосу
үшін түймешікті қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте тиісті белгіше және
индикатор жолағы көрсетіледі.
Дақтар: Дағы оңай кетпейтін
кірлерді жуу үшін осы функцияны
қолданыңыз.
Осы функцияны орнатқан кезде,
дақ кетіргішті
бөлігіне салыңыз.
www.aeg.com18
Бұл функция бағдарламаның
уақытын ұзартады.
Бұл параметр 40° C
градустан төмен
температурада жұмыс
істемейді.
Алғашқы жуу: Жуу циклінен бұрын
орындалатын алдын ала жуу циклін
қосу үшін осы параметрді
қолданыңыз.
Қатты кірлеген кірді жуу үшін осы
параметрді қолдануды ұсынамыз.
Осы параметрді
орнатқан кезде
бағдарламаның уақыты
ұзарады.
7.6 Қосымша шаю
Бағдарламаға қосымша шаю
циклдарын қосу Қосымша шаю
түймешігін басыңыз.
Жуғыш заттарға аллергиясы бар
адамдар үшін немесе суы тым тұщы
жерлерде осы функцияны
қолданыңыз.
7.7 Уақытты үнемдеу
Осы функция арқылы бағдарламаның
уақытын азайтуға болады.
Күнделікті ластанатын киімдер үшін
«Қысқартылған уақыт» функциясын
осы түймешікті бір басып
орнатыңыз.
Шамалы кірлеген заттар үшін «Өте
жылдам» функциясын осы
түймешікті екі рет басып
орнатыңыз.
Кей бағдарламаларда екі
функцияның тек біреуін
ғана орнатуға болады.
7.8 Тоқтата тұру
Осы параметрдің көмегімен
бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға болады.
Бейнебетте тиісті индикатор және
кешіктіру уақыты пайда болады.
7.9 Start/Pause (Бастау/
Үзіліс)
Бағдарламаны бастау немесе кідірту
үшін Start/Pause (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басыңыз.
7.10 Кептіру деңгейі
Осы түймешікті басып құрылғы
ұсынатын 3 автоматты құрғақтық
деңгейінің бірін орнатыңыз. Дисплейде
орнатылған деңгейдің белгішесі
көрсетіледі:
Үтіктеу құрғақтығы
үтіктелетін кір
Шкафқа – шкафқа салуға
жарамды
Өтке құрғақ – әбден
құрғатылатын кір
Матаның бір түріне
арналған уақыттардың
барлығын орнату
мүмкін емес.
7.11 Кептіру уақыты
Маталарды кептіру уақытын орнату
үшін осы түймешікті басыңыз.
Бейнебетте параметрдің орнатылған
мәні көрсетіледі.
Осы түймешікті басқан сайын уақыт
мәні 5 минутқа артып отырады.
Маталарға арнап әр түрлі
уақыттарды орнату мүмкін
емес.
ҚАЗАҚ 19
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына
жағдайларда қосылады:
Құрылғыны іске қосқанда.
Құрылғыны сөндіргенде.
Түймешіктерді басқанда.
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін
және түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
8.2 Бала қауіпсіздігінің
құралы
Осы функцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол
бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
Start/Pause (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
Start/Pause (Бастау/Үзіліс)
түймешігін баспай тұрып: құрылғы
іске қосылмайды.
8.3 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа
бағдарлама орнатқан кезде қосымша
шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін
және түймешіктерін
Қосымша шаю индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар
басыңыз.
9. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК ЖУУ
9.1 Бірінші қолданғанға
дейін
1. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
2. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
9.2 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тығыздағыш пен есіктің
арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы
немесе кірге нұқсан келуі
мүмкін.
www.aeg.com20
/