Siemens MQ66110/01, MQ64010, MQ64010/01 Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации для погружных блендеров Siemens MQ64 и MQ66. Готов ответить на ваши вопросы о функциях, рецептах, чистке и других аспектах использования. В инструкции подробно описаны режимы работы, рекомендации по безопасности и несколько рецептов.
  • Как снять насадку блендера?
    Можно ли мыть блендер в посудомоечной машине?
    Что делать, если блендер прилипает ко дну емкости?
    Можно ли использовать блендер для горячих продуктов?
de Gebrauchsanleitung
en Operating instructions
fr Notice d’utilisation
it Istruzioni per l’uso
nl Gebruiksaanwijzing
da Brugsanvisning
no Bruksanvisning
sv Bruksanvisning
fi Käyttöohje
el Οδηγίες χρήσης
tr Kullanma talimatı
kk Пайдалану туралы нұсқаулығы
ru Инструкция по эксплуатации
ar
MQ64...
MQ66...
51
Мазмұны
Өз қауіпсіздігіңіз үшін . . . . . . . . . . . . . 51
Жалпы мәліметтер . . . . . . . . . . . . . . . 53
Қолдану . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53
Тазалау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54
Тағам рецепттері мен кеңестер . . . . 54
Кәдеге жарату бойынша нұсқаулар . 55
Кепілдеме шарттары . . . . . . . . . . . . . 55
Өз қауіпсіздігіңіз үшін
Бұл бұйым үшін маңызды қауіпсіздік және қолдану нұсқауларын
алу үшін осы қолдану туралы нұсқаулығын толығымен мұқиятпен
оқып шығыңыз.
Бұл бұйым тұрмыстық жағдайларда азық-түлік өнімдерінің
тұрмыстық көлемдерде немесе тұрмыстық жағдайларға
ұқсас бейкоммерциялық мақсаттарда өңдеу үшін арналған.
Тұрмыстық жағдайларға ұқсас қолдану қатарына, мысалы,
бұйымды дүкендер, кеңселер, ауылшаруашылық және басқа
коммерциялық өндірістердегі қызметкерлер асханаларында
қолдану, немесе пансиондарда, шағын қонақ үйлерде немесе
осыларға ұқсас жерлерде қолдану жатады.
Бұйымды тек қана азық-түлік өнімдерін қалыпты тұрмыстық
көлемде мен уақытта өңдеу үшін қолданыңыз.
Электрбұйым тек қана азық-түлік өнімдерді ұсақтау немесе
араластыру үшін мақсатталған. Бұйымды басқа нәрселерді
немесе заттарды өңдеу үшін қолдануға болмайды.
Қолдану туралы нұсқаулығын сақтап жүріңіз.
Бұйымды басқа адамдарға бергеніңізде онымен бірге Қолдану
туралы нұсқаулығын да бірге беріңіз.
, Жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
Электр тоқ соққысы қауібі
Бұл бұйым балалар тарабынан қолданбауы керек.
Бұйымды және оның кабелін балалардан ұзақ жерде сақтау
керек.
Бұл бұйымдар физикалық, сезімдік және психикалық мүмкін-
діктері шектеулі, сонымен бірге тәжірибесі және білімі жеткіліксіз
адамдар тарапынан тек бақылау астында болғандарында, немесе
бұйымды қауіпсіз түрде қолдану бойынша мәліметтерін өздеріне
жауапты тұлғалардан алып, осы бұйымды қолдану арқылы пайда
бола алатын қауіптерін түсінгендерінде ғана қолданыла алады.
Балардың бұл бұйыммен ойнамауы қажет.
kk
SIEMENS фирмасының жаңа бұйымын
сатып алғаныңызбен құттықтаймыз.
Осы бұйымды сатып алумен Сіз өз
шешіміңізді замануи, жоғары сапалы
тұрмыстық электрбұйымы үшін жасады-
ңыз. Біздің бұйымдарымыз туралы
қосымша мәліметтерді ғаламтордағы
бетімізде таба аласыз.
MQ64_de-ar.book Seite 51 Mittwoch, 14. Januar 2015 6:56 06
52
Бұйымды тек қана бұйым тақташасында көрсетілген мәліметтері
бойынша іске қосып қолданыңыз. Тоқ беру жүйесі мен бұйымның
өзінде ешбір зақымданған не бұзылған жерлері болмағанда ғана
қолданыңыз.
Электрбұйым жұмыс істегенде жылжып тұратын қосалқы немесе
қосымша бөлшектерді ауыстыру алдында электрбұйымды өшіріп,
оның ашасын тоқ беру жүйесінен ажырату керек.
Бұйымды, оны бақылаусыз қалдырғаныңызда, құрастырып
орнатқаныңызда, бөлшектегеніңізде немесе тазалағаныңызда
әрқашан электр тоқ жүйесінен ажыратыңыз.
Бұйым кабелін өткір немесе ыстық жерлер арқылы тартпаңыз.
Осы бұйымның кабелі бұзылып зақымданған күйде болса,
қауіптердің пайда болуын болдырмау үшін, оның шығарушы
немесе техникалық қызмет көрсету орталығының маманы
арқылы, немесе осыларға ұқсас арнайы білімі бар адам
тарабынан ауыстырылуы қажет.
Бұйымды жөндеу жұмыстары тек қана техникалық қызмет
көрсету орталығының маманы арқылы өткізілуі қажет.
, Бұл бұйым үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Жаралану қауібі
Электр тоқ соққысы қауібі
Батырмалы блендерді сулы қолмен немесе бос болған түрінде
қолдануға болмайды.
Электрбұйымды, оның негізгі құралының араластыру аяғының
біріктіріп қосу жері арқылы сұйықтықтарға батырмаңыз.
Бұйым тұрқысын ешқашан сұйық заттарға малуға және ыдыс
жуу машинасында тазалауға болмайды.
Ыстық болып тұрған сұйықтықтарды өңдеу барысында абайлап
әрекет етіңіз. Сұйықтықтар өңдеу барысында шашырап кетуі
мүмкін.
Араластыру аяғын ешқашан ыстық үстілер үстіне қоймаңыз
немесе өте ыстық болып тұрған араластырылатын өнімдер ішінде
қолданбаңыз. Ыстық болып тұрған араластырылатын өнімдерді
блендермен араластыру алдынан 80 °C немесе одан да төмені-
рек қылып суытып алыңыз. Батырмалы блендерді тамақ пісіру
кастрөл ішінде қолдану алдында кастрөлді алдымен тамақ пісіру
пешінен алып қойыңыз.
Батырмалы блендерді тек қана түпнұсқалық толымдауыштармен
қолданыңыз.
kk
MQ64_de-ar.book Seite 52 Mittwoch, 14. Januar 2015 6:56 06
53
Аспаптарды құрал тоқтатылып қойылғанда ғана енгізуге немесе
шығарып алуға болады. Электрбұйым ешқашан араластырыла-
тын өнімдерді өңдеу үшін керекті уақытынан ұзағырақ уақыт бойы
қосылып қойылмауы лазым.
Араластыру шынаяғы шағын толқынды пеште қолдану үшін
жарамды емес.
Өткір пышақ/айналып тұратын жетегі арқылы жаралану қауібі!
Араластыру аяғындағы пышақты ешқашан ұстамаңыз.
Пышақты ешқашан жалаңаш қолмен тазаламаңыз.
Ол үшін тазалау қылшағын қолданыңыз.
Осы қолдану нұсқаулығы ішінде түрлі
үлгілер сипатталған. Сурет беттерінде
бұйымдардың түрлі үлгілердің тізімі
беріледі (
суретін қараңыз).
Жалпы мәліметтер
Екі жағынан жайып ашыңыз.
cурет
егізгі құрал
елі кабелі
осу түймешігі
a Қалыпты жылдамдығы
b Турбо жылдамдығы
Қосу түймешігі (a немесе b) басылып
тұрған уақыт бойы батырмалы блендер
қосылып тұрады.
4 Оқшаулаудан шығару түймешіктері
Араластыру аяғын шығарып алу үшін
оқшаулаудан шығару түймешіктерінің
екеуін де бір уақытта бірге басыңыз.
раластыру аяғы
Пластиктен немесе металлдан
(үлгісіне қарай) жасалған араластыру
аяғын үстінен енгізіп, толығымен
қондырып алыңыз.
6 Араластыру аяғының пышағы
раластыру шынаяғы
Араластыру шынаяғында жұмыс істеу
арқылы араластырылатын өнімдердің
шашылуына жол берілмейді.
8 Әмбебап ұсатқыш
Әмбебап ұсатқышты тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығынан тапсырыс
беру арқылы сатып алуыңызға болады
(тапсырыс беру нөмірі: 657248).
Әмбебап ұсатқыш арқылы нанға жағыла-
тын бал қосылған пастасын дайындау
барысында электр бұйымның қабілеттерін
толығымен қолдана алуыңызға болады
(берілген рецепт реттерін ұстанғаныңызда).
Рецептті әмбебап ұсатқыштың қолдану
нұсқаулығында таба аласыз.
Қолдану
Бұл құрал майонез, соустар, араластырыл-
ған сұсындар, балалар тағамдары, пісіріл-
ген жеміс пен көкөністерді араластыру
үшін жарамды. Көжелер мен сорпаларды
езбелеп араластыру үшін.
Өңделмеген шикі азық-түлік өнімдерін
(пияз, сарымсақ, дәмдеуіш көктерін, ...)
ұсату/турау үшін әмбебап ұсатқышын
қолданыңыз!
Жұмыс істеу үшін жеткізу қорап құрамын-
дағы араластыру шынаяғын қолдануыңыз
лазым. Басқа лайықты ыдыстарды да
қолдануыңызға болады.
Сақтандыру!
Қолданылатын құрылғылар астыларында
ешбір дөңес жерлері болмауы қажет.
Алғашқы қолдану алдынан барлық
бөлшектерін тазалап алыңыз.
cурет
Желі кабелін толығымен ораудан
жазып алыңыз.
Араластыру аяғын негізгі құрал үстінен
қойып, толығымен қондырыңыз.
Бұйым айырын электр қуат жүйесіне
қосыңыз.
Азық-түлік өнімдерін араластыру
шынаяғына немесе басқа бір биік
ыдысқа салыңыз.
kk
MQ64_de-ar.book Seite 53 Mittwoch, 14. Januar 2015 6:56 06
54
Өнделетін азық-түлік өнімдерінде біраз
сұйықтық бар болғанда блендер
жұмысы жақсырақ болады.
Батырмалы блендер мен тостағанды
берік ұстап тұрыңыз.
Батырмалы блендерді өзіңіз қалаған
қосу (Қалыпты/Turbo жылдамдығы)
түймешігін басу арқылы іске қосыңыз.
Жалпы алғанда, азық-түлік өнімдерін
өңдеу үшін Turbo жылдамдығын
қолдануыңыз лазым.
Сұйықтықтар мен ыстық араластыру
өнімдерін өңдеу үшін қалыпты
жылдамдығын қолдануыңыз лазым.
Араластыру шынаяғы астында “қадала
сорылып қалуын” болдырмау үшін
блендерді іске қосу уақытта блендерді
біраз қиғаштап ұстауыңыз лазым.
Қосу түймешігі басылып тұрған уақыт
бойы блендер қосылып тұра береді.
Араластырылатын өнімдердің шашы-
лып кетуін болдырмау үшін, қосу түйме-
шігін тек араластыру аяғы араластыры-
латын өнімдер ішіне батырылғанында
ғана басуыңыз керек.
Араластырылатын өнімдерден шығару
алдынан блендерді ылғи алдымен
өшіріп қоюыңыз керек.
Өндеуді аяқтағаннан кейін қосу түйме-
шігін босатыңыз.
Жұмыстан кейін:
Бұйым айырын электр жүйесінен
ажыратыңыз.
Оқшаулаудан шығару түймешігін
басып, араластыру аяғын негізгі
құралдан шығарыңыз.
Тазалау
Сақтандыру!
Бұйым тұрқысын ешқашан сұйық заттарға
малуға және ыдыс жуу машинасында
тазалауға болмайды.
Бумен тазалау құралын қолданбаңыз!
Үстілердің бұзылып кетуіне апаруы
мүмкін. Ешбір қыра алатын тазалау
бұйымдарын қолданбаңыз.
Қызыл орамжапырақ және сәбіз сияқты
өнімдерді өндегенде пластмассадан
жасалған бөлшектерінің боялып кетуі
мүмкін – оларды өсімдік тағам майдың
бірнеше тамшысы арқылы кетіруге
болады.
Бұйым айырын электр жүйесінен
ажыратыңыз!
Негізгі құралды ылғалды шүберекпен
сүртіп, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
Араластыру тостағанын ыдыс жуу
машинасында жууға болады.
Араластыру аяғын ыдыс жуу
машинасында немесе ағып тұрған
су астында қылшақпен тазалаңыз.
Араластыру аяғын, ішіне кіріп қалған
судың ағып шығуын қамтамасыз ету
үшін, тік тұрған қалпында (араластыру
аяғының пышағын жоғарыға қарай
қойып) құрғатыңыз.
Тағам рецепттері мен
кеңестер
Майонез
1 жұмыртқа (сарыуызы мен ағы)
1 АҚ (ас қасық) қыша
1 АҚ лимон шырыны немесе сірке суы
200–250 мл өсімдік майы
өзіңіз қалағанша тұз, бұрыш
Өнімдер біркелкі жылылық деңгейде
болуы қажет!
Өнімдерді шынаяққа салыңыз.
Батырмалы блендерді шынаяқ еденіне
үстінен енгізіп, араласпа біркелкі
эмульсияға айналғанша дейін қосып
тұрыңыз (Турбо жылдамдылығы).
Қосылып тұрған блендерді майонез
дайын болғанша дейін ақырын ғана
араласпаның жоғарғы шетіне дейін
көтере және қайта батырып отырыңыз.
Кеңес: Майонезді осы рецепт бойынша
жұмыртқаның тек сарыуызымен
де дайындауыңызға болады.
Бұл жағдайда өсімдік майдың берілген
көлемінің жартысын ғана қосыңыз.
Көкөніс көжесі
300 г картоп
200 г сәбіз
1 кішкентай балдыркөк
2 қызанақ
1 пияз
50 г сары май
2 л су
өзіңіз қалағанша тұз, бұрыш
kk
MQ64_de-ar.book Seite 54 Mittwoch, 14. Januar 2015 6:56 06
55
Қызанақтардың қабықшалары мен
дәндерін алып тастаңыз.
Тазаланған және жуылған
көкөністерді кесектерге кесіп, ыстық
сары майда бұқтырыңыз.
Су қосып, тұздаңыз.
Барлығын 20–25 мин. бойы пісіріңіз.
Кастрөлді пештен алыңыз.
Көжені блендермен кастрөл ішінде
езбелеп араластырыңыз.
Тұз бен бұрыштың дәмін көріп, керек
болса, оларды тағы қосыңыз.
Жұқа құймақ қамыры
250 мл сүт
1 жұмыртқа
100 г ұн
25 г ерітіліп, суытылып алынған сары май
Өнімдердің барлығын көрсетілген реті
бойынша шынаяққа салып, біркелкі
қамыр пайда болғанша дейін аралас-
тырыңыз.
Сүтпен араластырылған сұсындар
1 стакан сүт
6 дана ірі құлпынай жидегі
немесе
10 дана таңқұрай жидегі
1 банан (бөлектеп кесілген)
Өнімдерді шынаяққа салып аралас-
тырыңыз.
Өзіңіз қалағанша қант қосыңыз.
Кеңес:
Сүт шарбатын дайындау үшін оған домалақ
ас қасық балмұздақ қосыңыз немесе өте
суық сүтті қолданыңыз.
Кәдеге жарату бойынша
нұсқаулар
Бұл электрбұйым Электр және
электроника бұйымдары туралы
2012/19/EU Еуропалық
Директивасына сай белгіленген
(waste electrical and electronic
equipment – WEEE).
Осы Директива шеңберінде қолданылған
ескі бұйымдар Еуропа Одағы елдерінде
қабылдау мен кәдеге жаратуға тиісті.
Қазіргі уақыттағы мүмкін болған кәдеге
жарату жолдары туралы мәліметтерді
электрбұйым дүкеніңізде немесе өзіңіздің
жергілікті әкімшілік орындарында сұрап
біле аласыз.
Кепілдеме шарттары
Бұл бұйым үшін осы бұйым сатылып
алыңған елдегі фирмамыздың өкілдіктері
шығарған кепілдеме шарттары қолданы-
лады. Кепілдеме шарттарын өз қалағаны-
ңызша әр уақытта өзіңіз бұйымды сатып
алған электрбұйымдарын дүкеніңізде
немесе фирмамыздың сол елдегі
өкілдігінде сұрап білуіңізге болады.
Германия үшін кепілдеме шарттары мен
мекен-жайлар тізімін кітапшаның артқы
бетінде таба аласыз.
Сонымен қатар, кепілдеме шарттарын
ғаламторда да, осында көрсетілген
фирмамыздың веб мекен-жайы астында
таба аласыз. Кепілдеме қызметтерін алу
үшін әр жағдайда сатып алу туралы чек-
қағазының көрсетілуі талап етіледі.
kk
Өзгертулердің бар болуы мүмкін.
MQ64_de-ar.book Seite 55 Mittwoch, 14. Januar 2015 6:56 06
/