57
Өткір пышақ/айналып тұратын жетегі арқылы жаралану қауібі!
Араластыру аяғындағы пышақты ешқашан ұстамаңыз.
Пышақты ешқашан жалаңаш қолмен тазаламаңыз.
Ол үшін тазалау қылшағын қолданыңыз.
Осы қолдану нұсқаулығы ішінде түрлі
үлгілер сипатталған. Сурет беттерінде
бұйымдардың түрлі үлгілердің тізімі
беріледі (
суретін қараңыз).
Жалпы мәліметтер
Екі жағынан жайып ашыңыз.
cурет
1Негізгі құрал
2Желі кабелі
3 Айналым санын реттеуіш
Жұмыс жылдамдығы ең төменгі ()
және ең жоғарғы (12) айналым саны
арасында сатысыз реттеліп қойыла
алынады (тек қана 4a түймешігімен
бірге).
4Қосу түймешігі
a Реттеліп отыра алынатын жылдам-
дық (3 айналым саны реттеуішімен)
b Турбо жылдамдығы
Қосу түймешігі (a немесе b) басылып
тұрған уақыт бойы батырмалы блендер
қосылып тұрады. Турбо жылдамдығы
әмбебап ұсатқыш үшін қолданылады
(сату жиынтығы құрамында бар болса).
5 Оқшаулаудан шығару түймешіктері
Араластыру аяғын шығарып алу үшін
оқшаулаудан шығару түймешіктерінің
екеуін де бір уақытта бірге басыңыз.
6Араластыру аяғы
Пластиктен немесе металлдан
(үлгісіне қарай) жасалған араластыру
аяғын үстінен енгізіп, толығымен
қондырып алыңыз.
7 Араластыру аяғының пышағы
8Араластыру шынаяғы
Араластыру шынаяғында жұмыс істеу
арқылы араластырылатын өнімдердің
шашылуына жол берілмейді.
модельге қарай:
9Араластыру үшін қақпақ
Өнделінген өнімдерді сақтай алу
үшін араластыру шынаяғын үстінен
қақпақпен жауып қойыңыз.
10 Жетегі бар бұлғауыш
11 Жетегі бар езгіш қондырғысы
12 Әмбебап ұсатқыш
13 Әмбебап ұсатқышы үшін қақпақ
Өнделінген өнімдерді сақтай алу
үшін әмбебап ұсатқышын үстінен
қақпақпен жауып қойыңыз.
Әмбебап ұсатқыш сатылу немесе жеткізіліп
берілу құрамына кірмесе, оны қызмет
көрсету орталығы арқылы тапсырыс беріп
сатып алуға болады (тапсырыс беру үшін
нөмірі: 657248).
Әмбебап ұсатқыш арқылы нанға жағы-
латын бал қосылған пастасын дайындау
барысында электр бұйымның қабілеттерін
толығымен қолдана алуыңызға болады
(берілген рецепт реттерін ұстанғаныңызда).
Рецептті әмбебап ұсатқыштың қолдану
нұсқаулығында таба аласыз.
Қолдану
Бұл құрал майонез, соустар, араластырыл-
ған сұсындар, балалар тағамдары, пісіріл-
ген жеміс пен көкөністерді араластыру
үшін жарамды.
Көжелер мен сорпаларды езбелеп
араластыру үшін.
Өңделмеген шикі азық-түлік өнімдерін
(пияз, сарымсақ, дәмдеуіш көктерін, ...)
ұсату/турау үшін әмбебап ұсатқышын
қолданыңыз!
Жұмыс істеу үшін жеткізу қорап құрамын-
дағы араластыру шынаяғын қолдануыңыз
лазым. Басқа лайықты ыдыстарды
да қолдануыңызға болады.
Сақтандыру!
Қолданылатын құрылғылар астыларында
ешбір дөңес жерлері болмауы қажет.
Алғашқы қолдану алдынан барлық
бөлшектерін тазалап алыңыз.
cурет
Желі кабелін толығымен ораудан
жазып алыңыз.
Араластыру аяғын негізгі құрал үстінен
қойып, толығымен қондырыңыз.
Бұйым айырын электр қуат жүйесіне
қосыңыз.
Азық-түлік өнімдерін араластыру
шынаяғына немесе басқа бір биік
ыдысқа салыңыз.
MQ67115_de-ar.book Seite 57 Mittwoch, 14. Januar 2015 7:30 07