Philips SC2006/05 Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
SC2008, SC2006
5
SC2008, SC2006
ҚАЗАҚША 6
РУССКИЙ 35
УКРАЇНСЬКА 65
6
Мазмұндар кестесі
Кіріспе 7
Артықшылықтар 7
Үйде пайдалануға арналған қарқынды импульсті жарық шығару
(IPL) технологиясы 7
Күнделікті тегіс ету үшін түкті қайта шығуын тоқтату 8
Сезімтал дене тұстарында да жұмсақ әдіспен қолданылады 8
Дербес және икемділікке арналған сымсыз әрекет 8
Бүкіл денедегі және беттегі түкті алуға арналған ұзаққа
жететін батарея 8
Ауыстырылатын бөлшектер қажет емес, жасырын шығындар жоқ 8
Philips компаниясының қарқынды импульсті жарық шығару
технологиясының жұмыс істеу әдісі 8
Түк өсуі 8
Жұмыс жасау қағидалары 9
Жалпы сипаттама 9
Маңызды 10
Қауіпті жағдайлар 10
Абайлаңыз! 10
Зақымдалудан сақтау 10
Ескерту 11
Philips Lumea Precision Plus құралының пайдалану мерзімін
азайтпау үшін мыналар есіңізде болсын: 11
Philips Lumea Precision Plus құралын кімдерге пайдалануға
БОЛМАЙДЫ? 11
Қолдануға болмайтын жағдайлар 11
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз,
құралды пайдаланбаңыз. 11
Егер теріңіздің және/немесе түгіңіздің түсі сәйкес келмесе,
яғни төмендегі жағдайларда құралды ешқашан пайдаланбаңыз: 11
Егер төменде берілген аурулардың біреуімен ауырсаңыз,
құралды ешқашан пайдаланбаңыз: 12
Егер төменде берілген дәрілердің біреуін қабылдап жүрсеңіз,
құралды ешқашан пайдаланбаңыз: 12
Ешқашан құралды мына аумақтарға пайдаланбаңыз: 12
Күннен қарайған, жақында (соңғы 48 сағатта) қарайған немесе
жасанды қарайған теріге құралды ешқашан пайдаланбаңыз: 13
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) 13
Зарядтау 13
Пайдалануға дайындау 14
Түкті алу аумақтарды дайындау 14
Жарық қарқынының деңгейін орнату 14
Ұсынылған жарық қарқыны (1-5) 15
Маңызды 15
Қараю кезіндегі кеңес 15
Құрылғыны пайдалану 16
Дұрыс саптаманы таңдау 17
Бірінші рет пайдалану және теріні тексеру 17
Кейінгі пайдалану 18
Пайдалануға арналған нұсқау 21
Орташа түкті алу уақыты 21
Арнаулы түкті алу аумақтары 21
ҚАЗАҚША
Құралды аяқтарға пайдалану 21
Құралды бикини тұсында пайдалану 22
Құралды қолтықтарға пайдалану 23
Құралды бетке (үстіңгі ерін, иек, жақтар) пайдалану 23
Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу тәсілі 24
Техникалық қызмет көрсету кезеңі 24
Ықтимал кері әсерлері және тері реакциялары 24
Пайдаланудан кейін 25
Тазалау және күтіп ұстау 26
Сақтау 27
Қоршаған орта 27
Зарядталатын батареяларды шығару 27
Кепілдік және қолдау 29
Техникалық ерекшеліктер 29
Ақаулықтарды жою 29
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Түкті жарыққа негізделген әдіспен алу — денедегі қажетсіз түкті ұзақ
шықпайтын етіп алудың ең тиімді әдістерінің бірі. Ол үйдегі түкті алу
әдісінен басқаша, себебі ол түктің қайта өсуін едәуір азайтады. Philips
компаниясы бұл әдісті жетекші дерматологтармен 10 жылдан аса
зерттеп келді. Енді қалаған уақытта және қалаған жерде осы
инновациялық технологияны өз үйіңізде қолайлы пайдалана аласыз.
Бұл құрал әйелдер үшін арнайы жасалып, оңтайландырылған, бірақ оны
ерлер де пайдалана алады.
Philips Lumea Precision Plus технологиясы барлық денедегі, оның
ішінде беттегі (үстіңгі ерін, иек пен жақтағы) қажетсіз түкті үш арнайы
саптамамен алуға мүмкіндік береді.
Philips Lumea Precision Plus бір адамның пайдалануына арналған.
Philips Lumea Precision Plus туралы ақпарат және Lumea құрылғысын
пайдалану бойынша фильмдерді алу үшін www.philips.com/lumea
сайтын қараңыз. Біздің бастапқы беттен үнемі жаңартуларды тексеріп
отырыңыз.
Артықшылықтар
Бұл құралдың мынадай артықшылықтары бар:
Үйде пайдалануға арналған қарқынды импульсті жарық
шығару (IPL) технологиясы
Philips Lumea Precision Plus әдісінде қарқынды импульсті жарық шығару
(Intense Pulsed Light, IPL) деп аталатын жарыққа негізделген технология
қолданылады. IPL технологиясы түкті алу үшін кәсіби сұлулық саласында
да соңғы 15 жыл бойы қолданылып келеді. Philips Lumea Precision
Plus қазір осы инновациялық технологияны үйде қауіпсіз әрі тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚША 7
Күнделікті тегіс ету үшін түкті қайта шығуын тоқтату
Бұл әдіс түктің қайта шығуын ұзақ уақытқа тоқтатады және теріні
жібектей теп-тегіс етеді. Біздің зерттеулеріміз екі рет қолданғаннан
кейін түктің едәуір азайғанын көрсетті. Жалпы төрт-бес рет
қолданғаннан кейін оңтайлы нәтижелерге қол жеткізді. Әр қолданғаннан
кейін түк тығыздығының азайғаны білінеді. Әсердің қаншалықты жылдам
білінетіні және нәтижелердің ұзақтығы әр адамға байланысты әр
түрлі болады. Толық ақпаратты «Құралды пайдалану» тарауының
«Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу тәсілі» бөлімінен қараңыз.
Сезімтал дене тұстарында да жұмсақ әдіспен
қолданылады
Philips Lumea Precision Plus жетекші дерматологтармен тығыз
байланыста әзірленді және тиімді әрі жеңіл қолдану үшін 2000 әйел
адам денесінің, тіпті ең сезімтал аумақтары мен бетінде тексерілді.
Дербес және икемділікке арналған сымсыз әрекет
Зарядталатын батареялармен жұмыс жасайтын болғандықтан ол
жылжымалы және кез келген жерде пайдаланылады.
Бүкіл денедегі және беттегі түкті алуға арналған ұзаққа
жететін батарея
Толық зарядталған батарея қуаты бүкіл денедегі және беттегі түктерді
(үстіңгі ерін, қолтықтар, бикини тұсы мен тірсектердегі) үздіксіз алуға
мүмкіндік береді.*
*Әр аумақ үшін орташа түк алу уақыттарына және бір пайдаланушы
үшін ұсынылған қарқындылықтар негізінде.
Ауыстырылатын бөлшектер қажет емес, жасырын
шығындар жоқ
Philips Lumea Precision Plus ауыстыруды қажет етпейтін өнімділігі жоғары
шаммен жабдықталған. Бұл шам 140000-нан аса жарық шығарады және
қымбат ауыстырылатын шамдарға ақша үнемдей отырып, 5 жылдан*
аса нәтижелерді үзіліссіз ұстап тұруға мүмкіндік беруі керек.
*Әр аумақ үшін орташа түк алу уақыттарына және бір пайдаланушы
үшін ұсынылған қарқындылықтар негізінде.
Philips компаниясының қарқынды импульсті жарық
шығару технологиясының жұмыс істеу әдісі
Түк өсуі
Түктің өсу мөлшерлері жасына, зат алмасуына және басқа жағдайларға
байланысты әр адамда әр түрлі болады. Дегенмен, барлық адамның
түгі қалыпты жағдайда 3 кезеңмен өседі.
1 Өсу кезеңі (анагендік кезең)
Түк түбінен белсенді түрде өседі. Бұл кезеңде меланиннің шоғыры өте
жоғары. Меланин түктің пигментіне жауапты. Сонымен бірге меланин
шоғыры осы әдістің тиімділігін анықтайтын фактор болып табылады.
Осы өсу кезеңіндегі түкке ғана жарық әсер етеді.
2 Әлсіреу кезеңі (катагендік кезең)
Түк өсуі тоқтайды және түспестен бұрын, түбі кішірейеді.
3 Демалыс кезеңі (телогендік кезең)
Ескі түк фолликулынан бөлектеніп түседі. Биологиялық сағат оның
қайтадан белсенді болып, жаңа түк өсетінін білдіргенше, фолликул
демалады.
8 ҚАЗАҚША
Жұмыс жасау қағидалары
- Құрал түк пен тері астындағы түпті ысыту арқылы жұмыс істейді.
Түктегі және түк түбіндегі меланин босатылған жарық пульстерін
сіңіреді. Түктің түсі қара болған сайын, жарық та көбірек сіңіріледі.
Бұл процесс түктің демалыс кезеңіне өтуіне себепші болады.
- Қолдану арасында түк табиғи жолмен түседі және артынан қайта
өседі. Түктер бір-екі аптада түсіп отырады.
- Өсу кезеңінде ғана түктерге жарық әсер ететіндіктен, бір сеанспен
түкті алудың оңтайлы нәтижесіне қол жеткізуге болмайды. Түкті
алу кезінде сол аумақтағы түктер әдетте түк өсу кезеңінің әр түрлі
сатыларында болады. Барлық түкті тиімді алу үшін екі апта сайын
бірнеше рет қайталау керек.
Біртұтас оптикалық сүзгі ультракүлгін жарықтың теріге түспеуін
қамтамасыз етіп, құралдың тері үшін қауіпсіз екеніне кепілдік береді.
Жалпы сипаттама (Cурет 5)
1 Біріктірілген UV сүзгісі бар жарық шығару терезесі
2 Саптамалар
A Бетке арналған саптама: барлық дене аумағына, оның ішінде
үстіңгі ерінге, иекке және жаққа қолайлы
B Денеге арналған саптама: мойыннан төменгі барлық дене
аймақтарына қолайлы
C Бикини тұсына арналған саптама (тек SC2008 үлгісінде): бикини
тұсына қолайлы
3 Саптама ішінде металл жақтау
4 Қауіпсіздік жүйесі (байланыс қосқышы бар қауіпсіздік сақинасы)
5 Жарық түймесі
6 Қарқындылық шамы (1-5)
7 %Қарқынды арттыру түймесі
8 ^Қарқынды азайту түймесі
9 Зарядталып жатқандығын және батареясы аз екендігін білдіретін
жарық
10 Қосу/өшіру түймесі
11 Құрал қабырға розеткасы
12 «Дайын» жарығы
13 Ауа булығы
14 Адаптер
15 Кішкене штепсельдік ұш
9ҚАЗАҚША
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Су мен электр тогының байланысы қауіпті. Бұл құралды дымқыл
жерлерде (мысалы, ваннада, душтың немесе бассейннің жанында)
қолданбаңыз.
- Құралды және адаптерді құрғақ күйде сақтаңыз.
- Егер құрал сынса, ток соқпауы үшін ішкі бөлшегіне тиіспеңіз.
- Ешқашан құралдың ішіне заттар салмаңыз.
Абайлаңыз!
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құралды
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық, сезу және ойлау қабілеті
шектеулі адамдар (соның ішінде балалар) бұл құралды қолданбауы
керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Құрал жасы 15-тен төмен балалардың пайдалануына арналмаған.
15 және 18 жас аралығындағы жасөспірімдер ата-аналарының
немесе оларға ата-аналарының рұқсаты бар адамдардың келісімімен
және/немесе көмегімен пайдалана алады. 19 жастан асқан
ересектер құралды еркін пайдалана алады.
- Құралды тек берілген адаптер арқылы зарядтаңыз.
- Егер құрал немесе адаптер зақымдалған болса, оларды қолданбаңыз.
- Адаптердің трансформаторы бар. Басқа штепсельдік ұшпен
алмастыру мақсатында адаптерді кесіп тастамаңыз. Қауіпті жағдай
орын алады.
- Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін,
оны тек түпнұсқасымен ауыстыру керек.
- Жарық шығару терезесінің ультракүлгін сүзгісі сынғанда құралды
пайдаланбаңыз.
- Сүзгісі сынған болса, бетке арналған саптаманы немесе бикини
тұсына арналған саптаманы (тек SC2008 үлгісінде) пайдаланбаңыз.
Зақымдалудан сақтау
- Желдеткіш тесіктерінен ауаның өтуіне ештеңе кедергі болмауы тиіс.
- Ешқашан құралды соғып алмаңыз және оны шайқамаңыз немесе
түсіріп алмаңыз.
- Құралды өте салқын жерден өте ыстық жерге немесе керісінше
алып кіргенде, қолданбастан бұрын шамамен 3 сағат күтіңіз.
- Шаң болып қалмас үшін, құрылғыны шаң емес жерде сақтаңыз.
- Құралды қосулы күйінде қалдырмаңыз. Пайдаланғаннан кейін оны
әрдайым өшіріп қойыңыз.
- Құралды тікелей күн сәулесі немесе ультракүлгін жарық түсетін
жерде бірнеше сағат қалдырмаңыз.
- Теріден басқа жерге жарықты қоспаңыз. Ол саптамаларды
және/немесе жарық шығару терезесін қатты зақымдауы мүмкін.
Құрал теріге тиіп тұрғанда ғана қосыңыз.
ҚАЗАҚША10
Ескерту
- Көзіңізге зақым келтіріп алмау үшін құралды ешқашан көзіңіздің
айналасына және қасыңыздың жанында пайдаланбаңыз.
- Бұл құралды теріңіздің түріне қолайлы параметрлерде ғана
пайдаланыңыз. Ұсынылғандардан жоғары параметрлерде пайдалану
тері реакцияларының қаупін және кері әсерлерді арттыруы мүмкін.
- Бұл құрал жақ сүйектерінен төмен аумақтардағы қажетсіз түкті
ғана жинақтағы саптамалармен алуға арналған. Оны басқа мақсатқа
пайдаланбаңыз.
Philips Lumea Precision Plus құралының пайдалану
мерзімін азайтпау үшін мыналар есіңізде болсын:
- Құралды 15°C температурасынан төмен 35°C температурасынан
жоғары жерлерде ұстауға болмайды.
- Құрал ішкі қызып кету қорғанысымен жабдықталған. Егер құрал
қызып кетсе, жарық жанбайды. Құралды өшірмеңіз, бірақ жұмысты
жалғастырмастан бұрын шамамен 15 минут суытып алыңыз.
- Құралды тексеру үшін немесе оны жөндеу үшін, оны Philips әкімшілігі
берген қызмет орталығына апарыңыз. Құралды біліксіз адамдарға
жөндету, қолданушыға өте қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.
- «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімінде айтылған
жағдайлардың ешқайсысында құралды пайдаланбаңыз.
Philips Lumea Precision Plus құралын кімдерге
пайдалануға БОЛМАЙДЫ?
Philips Lumea Precision Plus барлық адамға арналмаған. Егер мыналардың
біреуі сізге қатысты болса, онда сізге бұл құралды пайдалануға
болмайды!
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз,
құралды пайдаланбаңыз.
Егер теріңіздің және/немесе түгіңіздің түсі сәйкес
келмесе, яғни төмендегі жағдайларда құралды ешқашан
пайдаланбаңыз:
- түкті алу аумақтарындағы түктің табиғи түсі ашық, ақ, сұр немесе
қызыл болғанда;
- теріңіздің түрі VI тип болғанда (теріңіз күнге сирек күйетін не
ешқашан күймейтін болса және теріңіз қап-қара болса; теріңіздің
түсі қоңыр қара не қою түсті болса). Мұндай жағдайда Philips Lumea
Precision Plus пайдаланылса, терінің түссіздену, қатты қызаруы не
күюі сияқты реакциялардың пайда болу қаупі жоғарылайды. Сондай-
ақ, «Құралды пайдалану» тарауының «Ықтимал кері әсерлері және
тері реакциялары» бөлімін қараңыз.
Егер төменде берілген аурулардың біреуімен
ауырсаңыз, құралды ешқашан пайдаланбаңыз:
- сізде тері обыры сияқты тері ауруы болса, түкті алу аумақтарында
тері обыры немесе қандайда бір жергілікті ісік ауруы болғанда;
- сіздегі түкті алу аумақтарында обырға дейінгі жарақаттар немесе
бірнеше дақ болғанда;
- коллагеноз бұзылуы, соның ішінде күйік тыртығы немесе нашар
жазылған жаралар болғанда;
ҚАЗАҚША 11
- түк алынатын тұстарда варикоздық көк тамыр болғанда немесе
тамыр кеңеюі сияқты тамыр аурулары болғанда;
- теріңіз жарыққа сезімтал болып, қауіпті не аллергиялық реакция
оңай берілгенде;
- түк алынатын тұстарда жұқпалы жара, экзема, күйік, түк
фолликулаларының қабынуы, ашық жарақаттар, сызат, асқынған ұшық,
жара немесе жарақат және гематома болғанда;
- түк алынатын аумақтарға операция жасалғанда;
- жарық сезімталдығымен талма ауруы болғанда;
- қант диабеті, тері туберкулезі, порфирия немесе қан ұйыған жүрек
ауруларында;
- қан айналымыңыз дұрыс болмағанда;
- иммуносуппрессорлық аурумен (оның ішінде АИВ немесе ЖИТС)
ауырғаныңызда.
Егер төменде берілген дәрілердің біреуін қабылдап
жүрсеңіз, құралды ешқашан пайдаланбаңыз:
- теріңізге қазір альфагидроқышқыл (АГҚ), бетагидроқышқыл (БГҚ),
жергілікті изотретиноин және азелаинды қышқыл қолданылып
жатқанда немесе қолданылғанда;
- соңғы алты айда Accutane
®
немесе Roaccutance
®
изотретиноинын
ішкенде. Ондай кезде теріңіз жарылуға, жараларға және қышынуға
бейім болуы мүмкін;
- терінің ыстыққа сезімталдығын төмендететін ауруды басатын дәріні
қабылдаған кезде;
- жарыққа сезімтал құралдарды не дәрілерді қабылдап жүрсеңіз,
дәрінің қаптамасын тексеріңіз және жарыққа аллергия, жарыққа
қарсы реакция берілетіні туралы айтылса немесе бұл дәріні
қабылдаған кезде күннің көзіне шықпау керек болса, құралды
пайдаланбаңыз;
- әр түкті алғанға дейін кемінде 1 апта шаюға мүмкіндік бермейтін
тәртіппен антикоагулянтты дәрілер, оның ішінде аспиринді көп
ішкенде;
- иммуносупрессорлық дәрілерді ішкен кезде;
Ешқашан құралды мына аумақтарға пайдаланбаңыз:
- көздің айналасында және қастың жанында;
- емшекке, іріңдеген жерлерге, кіші жыныс қуыстарына, қынапқа, артқы
тесікке және мұрын қуысы мен құлақтың ішіне;
- ер адамдар оны ұма мен бетінде пайдаланбауы керек;
- силикон имплантат, кардиостимулятор, тері астына дәрі
(инсулин дәрісі) егу немесе пирсинг сияқты жасанды жердің
үстіне немесе жанына;
- дәрігеріңізбен ақылдаспай меңдерге, секпілдерге, үлкен тамырларға,
қою пигментті жерлерге, тыртықтарға, тері ақаулықтарына.
Мұның нәтижесінде теріңіз күйіп қалып, түсін өзгертуі мүмкін,
ал ол болса теріге қатысты ауруларды (мысалы, тері обыры)
анықтауды қиындатады.
- сүйелдерге, дене суреттеріне немесе күнделікті косметикаға.
Оның нәтижесінде терінің күюі және түсін өзгертуі
(гипопигменттеу не гиперпигменттеу) мүмкін.
- ұзаққа жететін дезодоранттар пайдаланылатын жерлерге.
Оның нәтижесінде теріде реакциялар болуы мүмкін.
«Құралды пайдалану» тарауының «Ықтимал кері әсерлері және
тері реакциялары» бөлімін қараңыз.
12 ҚАЗАҚША
Күннен қарайған, жақында (соңғы 48 сағатта) қарайған
немесе жасанды қарайған теріге құралды ешқашан
пайдаланбаңыз:
- Барлық қараю түрлері түкті алудың қауіпсіздігіне ықпал етуі мүмкін.
Ол табиғи күн сәулесіне және қарайту лосьондары, қарайту
құралдары, т.б. сияқты жасанды қарайту әдістеріне қатысты. Егер
сіз қарайсаңыз немесе қараюды жоспарлап жүрсеңіз, «Пайдалануға
дайындау» тарауының «Қараю кезіндегі кеңес» бөлімін қараңыз.
Ескертпе. Бұл тізім толық емес. Егер құралды пайдалану жағынан
сенімсіз болсаңыз, дәрігерден сұрауға кеңес береміз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Зарядтау
Құралды алғаш қолданбас бұрын және батареялары таусылғанда,
оларды толық зарядтаңыз. Батареялардың толық зарядталуына 1 сағат
40 минутқа дейін уақыт кетеді.
Зарядтау шамы қызғылт сары болып жанып, батарея зарядының аздығын
және жақын арада таусылатынын білдірген кезде құралды зарядтаңыз.
Толық зарядталған батареялар жарық қарқынының 5-деңгейімен
кемінде 370 рет жарық береді.
Әрбір 3- 4 айда құралды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз да, оны толық
зарядтаңыз.
Құралды мына жолмен зарядтаңыз:
1 Құралдысөндіріңіз.
2 Құралдыңкішкенешанышқысынзарядтаушығаенгізіп,адаптерді
қабырғадағырозеткағаенгізіңіз.
, Құралдыңзарядталыпжатқандығынбілдіріп,зарядтау
жарығыжасылтүстіболыпжанып-өшеді.
, Батареялартолығымензарядталғанда,батареяшамыүздіксіз
жасылболыпжанады.
Ескертулер:
- Зарядталып жатқанда адаптер мен құрал жылы болып тұрады.
Ол — қалыпты жағдай.
- Зарядталып жатқанда құралды пайдалануға болмайды.
- Бұл құрал батареяны шамадан тыс қызудан қорғау жүйесімен
жабдықталған және бөлме температурасы 40°C асқанда
зарядтамайды.
Зарядтағануақыттақұралдыжәнеадаптердіешқашанжабумен
жаппаңыз.
3 Зарядтапболғансоң,қабырғадағырозеткаданадаптердісуырып,
құралданкішкенешанышқынышығарыңыз.
13ҚАЗАҚША
Пайдалануға дайындау
Оңтайлы нәтижелерге және жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін
құрал пайдаланылатын жерлерді төменде сипатталғандай дайындаңыз.
Түкті алу аумақтарды дайындау
1 Түкөсуінтоқтатуүшінсолорындағытүктіқырыңыз.
Ескертпе. Егер соңғы депиляция кезінде түктерді түптерімен жұлу
(мысалы, түкті жұлу, балауызда, т.б.) әдісін қолдансаңыз, Philips
Lumea Precision Plus құралын пайдаланбас бұрын түктің едәуір қайта
өскенін байқағанша күтіңіз. Қырудың орнына депиляторлық кремдерді
пайдаланбаңыз.
Қырылмаған немесе дұрыс қырылмаған аумақтарға
түкті алудың қалаусыз нәтижелері болатынын ескеріңіз:
- Жарық шығару терезесі және саптама түктермен және кірмен
ластануы мүмкін. Ластанған жарық шығару терезесі мен саптама
құралдың пайдалану мерзімін және тиімділігін азайтуы мүмкін.
Бұдан басқа, ластану салдарынан күйіктер немесе жарық шығару
терезесі мен саптамаларда пайда болатын қара дақтар түкті алу
кезінде ауыртуы немесе қызару және түстің өзгеруі сияқты теріде
реакциялардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
- Теріңіздегі түктер күйіп, нәтижесінде жағымсыз иістің шығуы мүмкін.
2 Теріңіздітазартыңызжәнеондатүктіңқалмағанынакөз
жеткізіп,толығыменқұрғатып,майлызаттардан(мысалы,
дезодарант,лосьон,әтір,қарайтукреміжәнекүнненқорғайтын
кремдерсияқтыкосметикалықөнімдерден)тазартыңыз.
3 Құралдан,әсіресе,жарықшығарутерезесіменсаптамадан
қырылғантүкті,шаңдыжәнеталшықтардытексеріңіз.Егер
ластанғанынкөрсеңіз,«Тазалаужәнекүтімжасау»тарауындағы
нұсқауларғасәйкесқұралдытазалаңыз.
Ескертулер:
- Егер қырыну жарақатқа не зақымдануға себеп болса, теріңіз
тым сезімтал болуы мүмкін және жарықпен түкті алу кейде
қолайсыздық тудыруы мүмкін.
- 4-5 қолданыстан кейін түк өсуін тоқтатқанда, құралды қолданбастан
бұрын қырынудың қажеті жоқ.
Жарық қарқынының деңгейін орнату
Philips Lumea Precision Plus — тұтынушының үйде пайдалануына
арналған құрал, оны ауыруды сезуге қатысты жарыққа негізделген кәсіби
құралдармен салыстыруға болмайды. Philips Lumea Precision Plus арқылы
берілетін жарық импульстері кәсіби құралдардікіне қарағанда жұмсақтау,
сондықтан жанға жайлы әрі тиімді болады.
Жарық қарқынын тері мен дене түгі түсіне сәйкестендіріп, ыңғайлы
деңгейді орнатыңыз.
Төменде ұсынылған жарық қарқынының кестесі дұрыс жарық қарқынын
қоюға көмектеседі
1 Теріменденетүгітүсінеқолайлыжарыққарқынынанықтау
үшінжәнебұләдістіңтолығыменсізгеқолайлылығынтексеру
үшінтөмендегікестеніқараңыз(қолайлыболмаса,кестеде«х»
таңбасыменбелгіленген).
14 ҚАЗАҚША
2 Әрбірденеаумағыжәнедененіңбіркелкібөліктерітөмендегі
ұсынылғанжарыққарқыныныңкестесінесәйкестиісіншежарық
қарқынынбөлекқажететуімүмкін.Бұләдісжоғарыжарық
қарқынындатиімдірек,бірақауырғаныннемесеқолайсыздықты
сезінсеңіз,жарыққарқыныназайтукерек.
Ескертпе. Әр түрлі дене аумақтарына қажетті жарық қарқыны әр
түрлі тері түстеріне байланысты өзгеше болуы мүмкін. Мысалы,
тірсектердің терісі күн сәулесінің көп тиюінен қолтықтардың
терісінен қоңыр болуы мүмкін.
Терісіқараторыадамдардыңтерілерікөбірекжарықсіңіретіндіктен,
олардатерітітіркенуінекөбірекұшырауқаупібар.Сондықтаноларға
төменжарыққарқынынқолдануұсынылады.
Жарықимпульсітерідежылынеыстықболыпсезілуімүмкін,бірақ
ешқашанауыртпауыкерек.Теріреакцияларынболдырмауүшін
«Құралдыпайдалану»тарауының«Ықтималкеріәсерлеріжәнетері
реакциялары»бөлімінқараңыз.
Ұсынылған жарық қарқыны (1-5)
Төмендегі кестеде «x» таңбасықұралдың сізге қолайлы еместігін білдіреді.
Терітүсіжәне
сипаттамалары:
Ақ
(әрқашан
қараятын,
күнге
күймеген)
Ақшыл
сары(тез
қараятын,
күнгеаз
күйген)
Ашық
қоңыр
(кейде
қараятын,
жақсы
күнге
күйген)
Орташа
қоңыр(сирек
қараятын,тез
жәнежақсы
күнгекүйген)
Қара
қоңыр
(шамалы
қараятын,
өтежақсы
күнге
күйген)
Қоңыр
қара
және
қоюлау
(сирек
қараятын,
күнге
қатты
күйген)
Дене түгінің түсі:
қою ақсары/ақшыл
қоңыр/қоңыр/қою
қоңыр/қара
4/5 4/5 4/5 3/4 1/2/3 x
ақ/сұр/қызыл/ақшыл
ақсары
x x x x x x
Маңызды
Philips Lumea Precision Plus құралының сізге қолайлылығын тексеру үшін
«Philips Lumea Precision Plus құралын кімдерге пайдалануға болмайды?»
бөлімін қараңыз.
Егер теріңізге табиғи күн сәулесі немесе жасанды қарайту әдісі әсер
етсе, алдыңғы түкті алуға қарағанда ол қараюы мүмкін. Теріңіздің түсіне
қолайлы параметрлерді анықтау үшін жоғарыдағы кестені тексеріңіз.
Қараю кезіндегі кеңес
Түкті алудан бұрын күн көзіне шығу
- Егер теріңіз қарайса, тиісті жарық қарқынын анықтау үшін түкті алу
аумағындағы теріні тексеріңіз («Құралды пайдалану» тарауының
«Бірінші рет пайдалану» бөлімін қараңыз). Оны орындамау Philips
Lumea Precision Plus құралымен түкті алып болғаннан кейін теріде
реакциялардың орын алу қаупін тудырады.
15
ҚАЗАҚША
- Құралды пайдаланбастан бұрын күн көзінде қарайғаннан кейін кемінде
48 сағат күтіңіз. Күн көзінде қараю терінің қараюына себеп болуы
мүмкін және/немесе күюге себеп болуы мүмкін (терінің қызаруы).
- Сол 48 сағаттан кейін терінің қалған күн сәулесінен күйген-
күймегенін тексеріңіз. Күннен болған күйік кетпейінше Philips Lumea
Precision Plus құралын пайдаланбаңыз.
- Күннен болған күйік кеткенде, тиісті жарық қарқынын анықтау үшін
түкті алу аумағындағы теріні тексеріңіз («Құралды пайдалану»
тарауының «Бірінші рет пайдалану» бөлімін қараңыз).
Түкті алудан кейін күн көзіне шығу
- Түк алынған аумақтарды күн көзіне шығармастан бұрын кемінде
24 сағат күтіңіз. Тіпті 24 сағаттан кейін күн көзіне шығардан бұрын
түгі алынбаған терінің түкті алу салдарынан қызармағанына көз
жеткізіңіз.
- Күннің көзіне сыртқа шыққанда түкті алудан кейін екі апта бойы түк
алынған аумақтарды жауып алыңыз немесе күннен қорғайтын крем
(SPF 30+) пайдаланыңыз.
- Түкті алудан кейін бірден түк алынған аумақтарды күн көзіне
қорғансыз шығару салдарынан кері әсерлер қаупі және тері
реакциялары артуы мүмкін. «Құралды пайдалану» тарауының
«Ықтимал кері әсерлері және тері реакциялары» бөлімін қараңыз.
Жасанды жарықпен қарайту
- Жоғарыдағы «Түкті алудан бұрын күн көзіне шығу» және
«Түкті алудан кейін күн көзіне шығу» бөлімдеріндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Кремдермен қарайту
- Егер жасанды қарайтатын лосьонды пайдалансаңыз, Philips Lumea
Precision Plus құралын пайдаланбастан бұрын жасанды қараюдың
кетуін күтіңіз.
Ескертпе. Қажетсіз тері реакциялары туралы қосымша мәліметтерді
«Құралды пайдалану» тарауының «Ықтимал кері әсерлері және тері
реакциялары» бөлімінен қараңыз.
Құрылғыны пайдалану
Теріңізге және денеңіздегі түктің түсіне өте қолайлы жарық
қарқындарын анықтау үшін «Пайдалануға дайындау» тарауының
«Жарық қарқынының деңгейін орнату» бөліміндегі ұсынылған
жарық қарқындарының кестесін қараңыз. Құралды жақсы
жарықтандырылған бөлмеде пайдаланыңыз; ол қабылданатын
жарықтың ашықтығын азайтады. Құралды пайдаланбастан бұрын түкті
алу аумағының түгін қырыңыз («Пайдалануға дайындау» тарауының
«Түкті алу аумақтарын дайындау» бөлімін қараңыз).
Егертүктіалуданкезкелгенуақытташыдамсызауырсынубайқалса,
түктіалуқолайлыболғаншажарыққарқыныныңпараметрін
азайтыңыз.Егераздапқызарғаннанкүштіректеріреакцияларын
байқасаңыз,түктіалудыбірдентоқтатып,осытараудың«Ықтимал
керіәсерлеріжәнетеріреакциялары»бөліміноқыпшығыңыз.
16 ҚАЗАҚША
Дұрыс саптаманы таңдау
- Денеге арналған саптама
Мойыннан төмен дене аумақтарының барлығынан қажетсіз түкті алу
үшін дене саптамасын пайдалануға болады (ерекшеліктерін «Маңызды»
тарауының «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімінен қараңыз).
Дене саптамасы 4 см² аумағын жаба алады және аяқ сияқты үлкенірек
аумақтардағы түкті жылдам алуға арнайы жасалған.
Денесаптамасынбеткепайдаланбаңыз.
- Бетке арналған саптама
Бетке арналған саптамада қосымша біртұтас жарық сүзгісі бар және
оны үстіңгі еріннен, иектен және жақтардан қажетсіз бет түгін аса
қауіпсіз алу үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге оны қолтықтар
мен қол жеткізу қиын аумақтар сияқты дененің басқа сезімтал
аумақтарында пайдалануға болады.
Құрылғыныешқашанкөзіңіздіңайналасынажәнеқасыңыздың
жанындапайдаланбаңыз.
- Бикини тұсына арналған саптама (тек SC2008 үлгісінде)
Бикини тұсына арналған саптамада бикини тұсындағы түкті алуға
арналған арнайы сүзгі бар. Бұл саптама бикини тұсындағы түкті
тиімдірек азайтуға арналған. Ол осы аумақтағы қатты түктерді алу үшін
арнайы жасалған. Бикини тұсына арналған саптаманы қолтықтарға да
пайдалануға болады.
Бикинитұсынаарналғансаптаманыбеткепайдаланбаңыз.
Бірінші рет пайдалану және теріні тексеру
1 Түктіалғыңызкелгенаумаққатиістісаптаманытаңдаңыз.
2 Түктіалғыңызкелгенаумаққажақынаумақтытаңдаңыз.
Ескертпе. Құралды үстіңгі ерінге, иекке не жаққа пайдаланбастан
бұрын, теріні тексеріп алу үшін құлағыңыздан төмен меңі және түгі жоқ
жерді таңдаңыз.
17ҚАЗАҚША
3 Құрылғынықосуүшін,қосу/өшірутүймесінбасыңыз.
, Құраләрдайымеңтөменгіпараметрдеавтоматтытүрдеіске
қосылады.
4 Теріңіздіңтүрінеұсынылғанеңтөменгікүшпенбіржарықты
қолданыңыз(жарықтыбосатужолдарытуралынұсқаулардыосы
тараудың«Кейінгіпайдалану»бөлімінің6-9қадамдарынанқараңыз).
5 Қолайлысезінгенде(ауырсынбағанда),теріңіздіңтүрінеұсынылған
ауқымішіндемәндібірдеңгейгежоғарылатып,әрмәнгебір
жарыққолданыңыз.Бірнүктедебірденкөпжарыққолданбаңыз.
6Терінітексергенсоң,24сағаткүтіп,теріңізденқандайда
бірреакциянытексеріңіз.Егертеріңізденреакцияларкөрінсе,
кейінгіпайдалануүшінтерідереакциятудырмайтынеңжоғарғы
мәндітаңдаңыз.
Құралды бірінші рет пайдаланғанда, теріңіздің түкті алуға реакциясын
тексеру және жарық негізіндегі түкті алуға үйрену үшін түкті алу
аумағындағы теріні тексеруге кеңес береміз.
Кейінгі пайдалану
1 Әртүктіалуданбұрын,PhilipsLumeaPrecisionPlusқұралының
саптамаларын,жарықшығарутерезесінжәнесаптамаларының
ішіндегіметаллжақтаудытазалаңыз.Толықақпаратты«Тазалау
жәнекүтімжасау»тарауынанқараңыз.
2 Түктіалғыңызкелгенаумаққатиістісаптаманытаңдаңыз.
3 Құралдықосуүшін,қосу/өшірутүймесінбасыңыз.
Ескертпе. Пайдаланылған кезде құрал мен саптаманың жылығаны
қалыпты жағдай.
4 Теріңіздіңсезімталдығынажәнетүктіалуқаншалықтықолайлы
болатынынақарайжарыққарқынынөтеұқыптытаңдауарқылыәр
түктіалудыбастаңыз.
Теріңіз бірнеше себепке байланысты, әсіресе, қарайтудан кейін әр түрлі
күндері/жағдайларда әр түрлі жауап беруі мүмкін. Толық ақпаратты осы
тараудың «Ықтимал кері әсерлері және тері реакциялары» бөлімінен
қараңыз.
18 ҚАЗАҚША
5 Жарыққарқынынкөбейтуүшін%түймесінбасыңыз.Жарық
қарқыныназайтуүшін^түймесінбасыңыз.
, Түйменібасқансайынсәйкесжарықжыпылықтаудыбастайды.
Бұлбірнешесекундуақыттыалады.
6Құралдытеріге90°бұрышжасапорналастырыңыз,сондасаптама
менқауіпсіздіксақинасытерігетиіптұрады.
7 Қауіпсіздіксақинасынтерігеақырынбасыңыз.
Ескертпе. Қауіпсіздік сақинасында құралдың қауіпсіздік жүйесін қосатын
контакт болады. Бұл қауіпсіздік сақинасы теріге тимей абайсызда
қыздырудың алдын алады.
, Қауіпсіздіксақинасыныңбарлықбайланысқосқышытеріге
тигендежәнеқұралзарядталғанда,құралдыңартындағы«дайын»
шамыжасылболыпжанады.Оғанбірнешесекундкетуімүмкін.
Кеңес Оңай пайдалану үшін түк алынатын тері аумағын созыңыз.
Терісі жұмсақ аумақтарда барлық байланыс қосқышы тиіп тұруы үшін
құралды басыңқырап ұстау қажет.
8 Жарқылдышығаруүшінжарқылтүймесінбасыңыз.Ендісізде
келесіжарқылдышығаруүшін2параметрбар:
19ҚАЗАҚША
A Жарқыл түймесін басып тұрыңыз. Қауіпсіздік сақинасы теріге толық
тиіп тұрғанда құрал бір жарқылдан кейін екіншісін шығарады. Құрал
жарқылдаған бойдан, құралды келесі аймаққа сырғытыңыз. Қауіпсіздік
сақинасының теріге толық басылғанын тексеріңіз.
Бұл «Жылжыту және жарқыл режимі» әсіресе аяқ сияқты үлкен
аймақтардағы түкті алғанда қолайлы.
B Әр жарқылдан кейін жарқыл түймесін босатыңыз. Келесі жарқыл
үшін құралды алдыңғы жарқыл қолданылған аймақтың жанындағы
аймаққа қойыңыз. Қауіпсіздік сақинасының теріге толық басылғанын
тексеріңіз.
Бұл «Қадам және жарқыл режимі» мысалы, үстіңгі еріндегі, тізелердегі
не тобықтағы түкті дұрыстап алуға кепілдік береді.
Ескертпе. Бірнеше секундтан кейін, құрал тағы да жарқылға дайын
болады, сондықтан ол жарқылдаған бойдан оны келесі аймаққа
міндетті түрде жылжытыңыз.
Бірсеанскезіндебірорындыбірнешеретөңдеугеболмайды.
Бұлтүкалутиімділігінарттырмайды,бірақтеріреакциясының
қаупінарттырады.
Ескертпе. Құралдан шығатын көзге көрінетін жарық теріге түскен
жарықтың шағылысуы және ол көзге зиянсыз болып табылады.
Пайдалану кезінде көзілдірік киюдің қажеті жоқ.
9Құралтимегенаумақтарболмауыүшінтерігеқұралдықойғанда
алдыңғыаумақтардыңаздапқабаттасатынынакөзжеткізіңіз.
Жарықшығарутерезесіненғанатиімдіжарықшығады.
Жарықтардыңбір-бірінежақынболыпшыққанынакөзжеткізіңіз.
10Жұмыстыаяқтағаннанкейінқұралдыөшіріңіз.
11 Жарықшығарутерезесіменсаптамадантүкпенкірдітексеріп,
пайдаланғаннанкейінқұралдытазалаңыз(«Тазалаужәнекүтім
жасау»тарауынқараңыз).
20 ҚАЗАҚША
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88
  • Page 89 89
  • Page 90 90
  • Page 91 91
  • Page 92 92
  • Page 93 93
  • Page 94 94
  • Page 95 95
  • Page 96 96
  • Page 97 97
  • Page 98 98

Philips SC2006/05 Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ