11
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
АБАЙЛАҢЫЗ
• Бұл құрылғы үй ішінде қалыпты тұрмыстық
мақсатқа ғана пайдалануға арналған. Ол кеңселік
немесе коммерциялық мақсатқа пайдаланылмайды.
• Жөндеуші маманнан басқа ешкім өнімді
бөлшектемеуі немесе өзгертпеуі керек.
Одан өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
• Бензин не ерітінділер сияқты тұтанғыш
материалдарды немесе жуу құралдары не ванна
заттары сияқты үстіртін белсенді заттарды немесе
сусындарды шаңсорғыштың және оның зарядтағыш
тірегінің жанында шашпаңыз.
Одан жарылыс немесе өрт шығуы мүмкін.
• Қуат сымын ауыр заттар басып қалмасын,
майыстырмасын немесе кеспесін.
Зақымдалған сымды не ашаны пайдаланудан
өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін. Қуат сымы
зақымдалғанда, ол қауіпті, сондықтан сымды өкілетті
қызмет көрсету орталығына ауыстыртыңыз.
• Су сияқты сұйықтықты өнімге кіргізбеңіз және
сұйықтық, үшкір заттар немесе ыстық көмірлер
жинау үшін өнімді пайдаланбаңыз.
Ол өрттің шығуына немесе ток соғуға себеп болады.
Егер су байқаусызда өнімге кірсе, негізгің бөліктің
қуатын бірден өшіріңіз, сосын қуат сымын ажыратып,
қауіпті жою үшін LG Electronics қызмет көрсетуші
агентіне хабарласыңыз.
• Істіктер немесе үшкір құралдарды шаңсорғыштың
не оның зарядтағыш тірегінің ішіне салмаңыз
немесе жанына тастамаңыз.
Ток соғу қаупі бар.
• Газ иістері шықса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғыны ажыратып, ықтимал қауіпті кетіру үшін
желдетіңіз.
Өрт шығу немесе жарылыс қаупі бар.
• Құрылғының 10 А жоғары ток көзіне қосылғанына
және шамадан тыс жүктелмегенін тексеріңіз.
Ток көзін шамадан тыс жүктеуден өрт шығу және
өнімнің істемей қалуы мүмкін.
• Қуат сымы немесе ұя тар немесе зақымдалған
болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Одан өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
• Сору кірісі немесе шығысы жабық құрылғыны
қоспаңыз.
Қызып кетуден негізгі бөліктің пішіні өзгеруі немесе өрт
шығуы мүмкін.
• Шаң қалтасы шығарылған кезде, шаңсорғышты
қоспаңыз.
Өнімнің зақымдалу немесе ток соғудан жарақат алу
қаупі бар.
• Қуат сымын және өнімді қыздырғыш
құрылғылардың жанына қоймаңыз.
Ол негізгі бөлік пішінінің өзгеруіне, дұрыс жұмыс
істемеуге немесе өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
• Ток көзінен ашаны суырған кезде, саусақтарыңыз
істіктерге тиіп кетпесін.
Одан ток соғуы мүмкін.
• Балаларды не үй жануарларын өніммен
ойнатқызбаңыз немесе өнімді ойыншық ретінде
пайдаланбаңыз.
Ол адамды жарақаттауы және құрылғыны зақымдауы
мүмкін.
• Ашаны су қолдарыңызбен ұстамаңыз.
Одан ток соғуы мүмкін.
• Су кіретін жерді тазаламаңыз және алдымен
компоненттерді кептірген соң бірден
пайдаланыңыз.
Одан ток соғуы және дұрыс істемеуі мүмкін.
• Сыртын тазалаған кезде, қуат ашасын суырыңыз
және қатты не абразивтік ерітінділермен жумаңыз.
Одан ток соғуы және сырты бүлінуі мүмкін.
• Құрылғы қосулы кезде, қолдарыңызды кіріс
жолына қоймаңыз. Адам жарақатының алдын
алу үшін құрылғыны тоқтатып, ток көзінен
ажыратыңыз.
• Кіріс жолының сыртын немесе астыңғы бетін сумен
не жуу құралымен жумаңыз. Дымқыл тазалағыш
шүберекті ғана пайдаланыңыз.
Одан өнімнің зақымдалуы немесе ток соғуы мүмкін.
• Егер қуат сымы зақымдалса, оны өндіруші, қауіптің
алдын алу үшін оны қызмет көрсетуші агенті
немесе соған ұқсас білікті адамдар ауыстыруы
керек.
• Өнімді өндірістік май түтіні немесе металл
бөлшектер көп жерде пайдаланбаңыз.
Одан өрт шығуы немесе өнімге зақым келуі мүмкін.
• Сұйықтық аққан немесе тұтанғыш газдар шыққан
жерде өнімді пайдаланбаңыз.
Одан өрт шығуы немесе жарылыс болуы мүмкін.
• Батареяны бөлшектемеңіз.
Өрт шығу немесе ток соғу қаупі бар.
• Өнімді ыстық не өртті жерге шығармаңыз.
Өнімді күннің астына тікелей қоймаңыз.
Өрт шығу және жарылыс қаупі бар.
• Батареяға физикалық соққы жасамаңыз.
Өрт шығу және жарылыс қаупі бар.
• Көрсетілген зарядтағышпен ғана зарядтаңыз.
(Түпнұсқа адаптер өнім қорабына салынған)
Берілген адаптерді басқа өнімдермен немесе
қолдануға арналғаннан басқа мақсатқа
пайдаланбаңыз.
Дұрыс жолмен зарядтаған жөн.
Батарея зақымдалып, өрт шығуы мүмкін.
• Егер батареялардан сұйықтық ақса, теріңізге не
көздеріңізге тигізбеңіз.
Егер сұйықтыққа тиіп кетсеңіз, тиген жерді көп
сумен жуып, медициналық амалдар қолданыңыз.
Күйіп қалу және соқырлық қаупі бар.