Zanussi ZOB38903XD Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
25
Тұмшапеш
Духовой шкаф
ZOB38903
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Сағат фунциялары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Қосымша функциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 10
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 11
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 19
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 24
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам жарақат
алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының
барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
2
www.zanussi.com
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат
түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
Сөре сырғытпаларын алу үшін əуелі сөре сырғытпасының
алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік
қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын əрекеттерді
керісінше орындап салыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Əрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы
минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне
3
www.zanussi.com
көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының есігіне,
əсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
Тоққа қосулы тұрған жəне
оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан
тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз.
желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының
қатеріне ұшырау немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы үмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы
есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған
дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
ыстық құрылғыға суды тура құймаңыз.
пісіріп болғаннан кейін су ыдыстар мен
сұйық тағамдарды құрылғы ішінде
ұстамаңыз.
керек-жарақтарын алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
4
www.zanussi.com
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына əсер етпейді.
Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы
мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт шығуы
мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға
ғана арналған жарықтама шам немесе
галоген шамы қолданылған. Оны
бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
5
www.zanussi.com
Бұйым сипаттамасы
8
7
4
5
6
5
4
1
2
3
1
3
2
1
Электрондық бағдарламалағыш
2
Гриль
3
Тұмшапештің шамы
4
Желдеткіш
5
Сумен тазалауға арналған сауыт
6
Сөренің алмалы сырғытпалары
7
Техникалық ақпарат тақтайшасы
8
Сөре деңгейлері
Тұмшапештің керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарын қоюға,
тағам қуыруға арналған.
ϳñ³ðìå òàáà?
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын
таба ретінде қолдануға арналған.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
Керек-жарақтарының барлығын жəне
алмалы сөре сырғытпаларын (бар
болса) алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Өте маңызды! "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Уақытты орнату жəне өзгерту
Тұмшапешті іске қосар алдында
уақытты орнату керек.
Тұмшапешті тоққа қосқан кезде немесе
электр қуаты сөніп қалғаннан кейін
белгішесі жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
Уақытты өзгерту
1.
түймешігін бейнебетте белгісі
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2. Дұрыс уақытты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
12
Шамамен 5 секунд уақыт өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тəулік уақыты көрсетіледі.
Алдын ала қыздыру
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны бір сағат қосып қойыңыз.
3.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
6
www.zanussi.com
5.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс жəне түтін
шығады. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Бейнебет
1 2 3
1
Пісіру функциясы
2
Температура
3
Уақыт
Түймешік Функция Сипаттама
Қосу/сөндіру Құрылғыны іске қосуға немесе сөндіруге арналған.
Таңдау Тұмшапеш функциясын орнатуға арналған.
Жылдам қыздыру
Жылдам қыздыру функциясын іске қосуға
арналған.
Сағат Сағат функциясын орнатуға арналған.
/
Минус, плюс Уақыт пен температураны орнатуға арналған.
Тұмшапеш функциясын орнату
12
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
түймешігін қажетті тұмшапеш
функциясының белгісі
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
Бейнебетте əдепкі температура
көрсетіледі. Шамамен бес секунд
ішінде температураны өзгертпесеңіз,
құрылғы жұмыс істей бастайды.
3. Температураны өзгерту үшін + немесе
- түймешігін басыңыз.
Температураны өзгерту
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
температураны өзгерту үшін:
1.
түймешігін басыңыз. ° белгісі
жыпылықтайды.
2. Температураны өзгерту үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
Тұмшапеш функциясын орнатқан
кезде
белгісі жыпылықтайды. Белгі
құрылғының ішіндегі температураның
көбейгенін көрсетеді.
Құрылғы орнатылған температураға жеткен
кезде дыбыстық сигнал естіледі де,
температура белгісі жыпылықтамай
тоқтайды.
7
www.zanussi.com
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Шам
Тұмшапештің шамын пісіру функциясынсыз
жарықтандыруға арналған.
Ыстық желмен пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамдардың иістерін бір-
біріне сіңірмей, бірнеше сөреге қойып қуыруға немесе
пісіруге арналған.
Дəстүрлі пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін. Үстіңгі
жəне астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта жұмыс
істейді.
Гриль жасау
Жайпақ тағамдарды сөренің ортасында қақтауға арналған.
Тост жасауға арналған.
Турбо гриль
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Гриль элементі
мен тұмшапештің желдеткіші бірінен кейін бірі қосылып,
ыстық ауаны тағамның айналасына жібереді.
Пицца параметрі Пицца, киш немесе бəліш жасауға арналған.
Жылдам гриль жасау
Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп мөлшерде
гриль дайындауға арналған. Тост жасауға арналған.
Толық гриль элементі іске қосылады.
Астыңғы қызу
Торттың астыңғы қыртысын кіртілдек етіп пісіруге
арналған. Астыңғы қыздыру элементі ғана жұмыс істейді.
Ет
Ет қуыруға арналған. Үстіңгі жəне астыңғы қыздыру
элементтері бір уақытта жұмыс істейді.
Жылы ұстау Тағамды жылы ұстауға арналған.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітуге арналған. Кремі бар тоқаш,
безендірілген торттар, кондитер өнімдері, нан жəне басқа
да ашыған қамырдан жасалған тағамдарды жібітуге
қолайлы.
Қалдық қызу функциясы
Ұзақтық функциясын қолданғанда,
тұмшапеш пісіру уақытының аяқталуына
бірнеше минут қалған кезде сөнеді.
Тұмшапеш қалдық қызуды тағамды ешбір
қуат жұмсамай аяқтап пісіру үшін
қолданады.
Өте маңызды! Қалдық қызу функциясы
Ұзақтық
функциясының уақыты 20
минуттан көп болса ғана жұмыс істейді.
Жылдам қыздыру функциясы
Жылдам қыздыру функциясының
көмегімен алдын ала қыздыру уақытын
азайтасыз. Бұл функцияны Жылы ұстау
жəне Жібіту функцияларынан басқа
тұмшапеш функцияларының əр
қайсысымен пайдалануға болады. Жылдам
қыздыру функциясы қажетті температура
тұмшапештің ағымдық температурасынан
100 °C градус жоғары болса ғана жұмыс
істейді.
Өте маңызды! Тағамды Жылдам қыздыру
функциясы аяқталғанша тұмшапештің ішіне
салмаңыз.
8
www.zanussi.com
1. Тұмшапеш функциясын орнатыңыз.
Қажет болса, температураны
өзгертіңіз.
2.
түймешігін басыңыз. Бейнебетте
FHU көрсетіледі. Жылдам қыздыру
функциясы жұмыс істей бастайды.
3. Жылдам қыздыру функциясы
аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі. FHU сөнеді. Орнатылған
тұмшапеш функциясы жалғасады.
4. Тағамды тұмшапешке қойыңыз.
Сағат фунциялары
Сағат функциясы Қолданылуы
Тəулік уақыты Тəулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Бұл функция тұмшапештің
жұмысына ешбір əсер етпейді.
Ұзақтық Құрылғының жұмыс жасау уақытының ұзақтығын орнатуға арналған.
Аяқтау Құрылғының сөндірілетін уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық жəне Аяқтау
функцияларын құрылғының іске
қосылатын, содан кейін сөнетін уақыттарын
орнату үшін бір уақытта пайдалануға
болады. Əуелі Ұзақтық
параметрін,
содан кейін Аяқтау
параметрін
орнатыңыз.
Сағат функцияларын орнату
12
1.
Ұзақтық
жəне Аяқтау функциясы
үшін тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз. Минут
операторы үшін
бұл функцияны
орнатудың қажеті жоқ. "Тұмшапеш
функциясын орнату" тарауын қараңыз.
2.
түймешігін қажетті сағат
функциясының белгісі
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
3. Қажетті сағат функциясын орнату үшін
+ немесе - түймешігін басыңыз.
Бейнебетте сіз орнатқан сағат
функциясының белгісі көрсетіледі.
Орнатылған уақыт аяқталған кезде,
белгі жыпылықтайды да, дыбыстық
сигнал екі минут естіледі.
Ұзақтық
жəне Аяқтау
функцияларының көмегімен құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
4. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіріңіз.
9
www.zanussi.com
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1.
түймешігін қажетті сағат
функциясының белгісі мен
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2. - түймешігін сағат функциясы сөнгенше
басып ұстап тұрыңыз.
Қосымша функциялар
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы қосылып
тұрғанда құрылғыны пайдалана
алмайсыз. Бала қауіпсіздігінің құралы
қосылғанда тұмшапештің есігі бекітіледі.
Бала қауіпсіздігінің құралын қосу
1.
Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін
басыңыз.
2.
жəне - түймешігін бейнебетте SAFE
көрсетілгенше қатар басыңыз. Бала
қауіпсіздігінің құралын қосулы.
Бала қауіпсіздігінің құралын ажырату
Бала қауіпсіздігінің құралын ажырату үшін
көрсетілген қадамдарды қайта орындаңыз.
Түймешіктің сигналы
Дыбыстық сигналды ажырату
1.
Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін
басыңыз.
2.
жəне + түймешіктерін дыбыстық
сигнал естілгенше шамамен 2 секунд
басып ұстап тұрыңыз.
Дыбыстық сигнал сөнеді.
Дыбыстық сигналды қосу
Дыбыстық сигналды қосу үшін осы
қадамдарды қайта орындаңыз.
ҚОСУ / СӨНДІРУ түймешігінің
дыбысын сөндіру мүмкін емес.
Автоматты түрде өшіру
Құрылғы біраз уақыттан кейін қауіпсіздік
мақсатында автоматты түрде сөнеді:
Егер тұмшапеш функциясы жұмыс істеп
тұрса.
Егер тұмшапештің температурасын
өзгертпесеңіз
.
Тұмшапештің
температурасы
Сөндіру уақыты
30 - 115 °C 12.0 сағ
120 - 195 °C 8.5 сағ
200 - 245 °C 5.5 сағ
250 - ең көбі °C 3.0 сағ
Құрылғыны автоматты түрде сөнгеннен
кейін біржола сөндіру керек. Содан кейін
қайта қосуға болады.
Өте маңызды! Ұзақтық немесе Аяқтау
функциясы орнатылып тұрса, оны
автоматты түрде сөндіру функциясы
ажыратады.
Ақау коды
Егер кей параметрлер дұрыс болмаса,
басқару құралы жұмыс істеп тұрған
функцияларды ажыратады да, бейнебетте
тиісті ақау коды пайда болады. "Келесі
жағдайда не істеу керек" тарауын қараңыз
.
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының температурасы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термоэлементі
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған кезде
немесе құралас бөлшектерінде ақау бар
болса, қатты қызып кету қаупі орын алады.
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін
тұмшапеш қуаттың берілуін тоқтататын
термоэлементпен жабдықталған.
Температура
төмендеген кезде тұмшапеш
қайтадан автоматты түрде іске қосылады.
10
www.zanussi.com
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Құрылғының сөре қойылатын бес деңгейі
бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының
астыңғы жағынан бастап санау керек.
Құрылғы ауа айналдыратын жəне буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ жəне сыртын күтірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен
пайдаланылатын қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есіктің
шыны
панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі
артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат
мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам
пісірер алдында 10 минут қосыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
оның ылғалын тазалаңыз.
Тағам пісірген кезде заттарды
құрылғының табанына қоймаңыз жəне
құрылғының бөлшектеріне алюминий
жұқалтыр жаппаңыз. Бұл пісіру нəтижесін
өзгертіп,
эмаль қаптамаға да нұқсан
келтіруі мүмкін.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру табағын
пайдалансаңыз, араларына бір бос
деңгей қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына жəне мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланған кезде қолданылатын
ыдыстарға, рецептілерге жəне тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
Пісіру жəне қуыру
кестесі
ТОРТТАР
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Көпіршітілген
тағам
рецептілері
2 170 3 (2 жəне 4) 160 45 - 60 Торт қалыбында
Ашыған қамыр 2 170 3 (2 жəне 4) 160 20 - 30 Торт қалыбында
11
www.zanussi.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Сарысу
қосылған
чизкейк
1 170 2 165 80 - 100 26 см торт
қалыбында
Алма торты
(Алма бəліші)
2 170 2 (сол жəне
оң)
160 80 - 100 Тор сөреге
қойылған екі 20
см торт
қалыбында
1)
Штрудель 3 175 2 150 60 - 80 Пісірме табақта
Джем
тарталеткасы
2 170 2 (сол жəне
оң)
165 30 - 40 26 см торт
қалыбында
Бисквит торт 2 170 2 150 40 - 50 26 см торт
қалыбында
Кристмас
торты / Көп
жеміс қосылған
торт
2 160 2 150 90 - 120 20 см торт
қалыбында
1)
Қара өрік торты 1 175 2 160 50 - 60
Нан қалыбында
1)
Кішкене
кекстер - бір
деңгейде
3 170 3 150 -
160
20 - 30
Пісірме табақта
1)
Кішкене
кекстер - екі
деңгейде
- - 2 жəне 4 140 -
150
25 - 35
Пісірме табақта
1)
Кішкене
кекстер - үш
деңгейде
- - 1, 3 жəне 5 140 -
150
30 - 45
Пісірме табақта
1)
Печенье / тəтті
таспалар - бір
деңгей
3 140 3 140 -
150
25 - 45 Пісірме табақта
Печенье / тəтті
таспалар - екі
деңгей
- - 2 жəне 4 140 -
150
35 - 40 Пісірме табақта
Печенье / тəтті
таспалар - үш
деңгей
- - 1, 3 жəне 5 140 -
150
35 - 45 Пісірме табақта
Меренга - бір
деңгей
3 120 3 120 80 - 100 Пісірме табақта
Меренга - екі
деңгей
- - 2 жəне 4 120 80 - 100
Пісірме табақта
1)
Тоқаштар 3 190 3 190 12 - 20
Пісірме табақта
1)
12
www.zanussi.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Эклер - бір
деңгей
3 190 3 170 25 - 35 Пісірме табақта
Эклер - екі
деңгей
- - 2 жəне 4 170 35 - 45 Пісірме табақта
Тарталетка 2 180 2 170 45 - 70 20 см торт
қалыбында
Көп жеміс
қосылған торт
1 160 2 150 110 - 120 24 см торт
қалыбында
Виктория
сэндвичі
1 170 2 160 30 - 50 20 см торт
қалыбында
1)
1) 10 минут алдын ала қыздырыңыз.
НАН ЖƏНЕ ПИЦЦА
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Ақ нан 1 190 1 190 60 - 70 1 - 2 бөлке,
əрқайсысы 500 г
1)
Қарабидай
наны
1 190 1 180 30 - 45 Нан қалыбында
Булочкалар 2 190 2 (2 жəне 4) 180 25 - 40 Пісірме табаққа
салынған 6 - 8
булочка
1)
Пицца 1 230 -
250
1 230 -
250
10 - 20 Пісірме табақта
немесе шұңғыл
табақта
1)
Шелпек 3 200 3 190 10 - 20
Пісірме табақта
1)
1) 10 минут алдын ала қыздырыңыз.
АШЫҚ БƏЛІШ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Паста фланы 2 200 2 180 40 - 50 Қалыпта
пісіріледі
13
www.zanussi.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Көкөніс фланы 2 200 2 175 45 - 60 Қалыпта
пісіріледі
Киш 1 180 1 180 50 - 60 Қалыпта
пісіріледі
1)
Лазанья 2 180 -
190
2 180 -
190
25 - 40 Қалыпта
пісіріледі
1)
Каннелони 2 180 -
190
2 180 -
190
25 - 40 Қалыпта
пісіріледі
1)
1) 10 минут алдын ала қыздырыңыз.
ЕТ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Сиыр еті 2 200 2 190 50 - 70 Тор сөреде
Шошқа еті 2 180 2 180 90 - 120 Тор сөреде
Бұзау еті 2 190 2 175 90 - 120 Тор сөреде
Ағылшын
ростбифі, шала
пісірілген
2 210 2 200 50 - 60 Тор сөреде
Ағылшын
ростбифі,
орташа
пісірілген
2 210 2 200 60 - 70 Тор сөреде
Ағылшын
ростбифі,
əбден пісірілген
2 210 2 200 70 - 75 Тор сөреде
Шошқаның қол
омыртқасы
2 180 2 170 120 - 150 Терісі алынбаған
Шошқаның
жіліншігі
2 180 2 160 100 - 120 2 дана
Қой еті 2 190 2 175 110 - 130 Қол еті
Тауық еті 2 220 2 200 70 - 85 Тұтас еті
Күркетауық еті 2 180 2 160 210 - 240 Тұтас еті
Үйрек еті 2 175 2 220 120 - 150 Тұтас еті
Қаз еті 2 175 1 160 150 - 200 Тұтас еті
14
www.zanussi.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Қоян еті 2 190 2 175 60 - 80 Кесектеп
туралған
Қоян еті 2 190 2 175 150 - 200 Кесектеп
туралған
Қырғауыл 2 190 2 175 90 - 120 Тұтас еті
БАЛЫҚ ЕТІ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Бақтақ/Теңіз
мөңкесі
2 190 2 175 40 - 55 3 - 4 балық
Тунец/Албырт
балық
2 190 2 175 35 - 60 4 - 6 филе
Гриль жасау
Бос тұмшапешті тағам пісірер алдында
10 минут қыздырыңыз.
Мөлшері Гриль жасау Пісіру уақыты [мин]
ТАҒАМ ТҮРІ Саны [г] Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет стейктері 4 800 4 макс. 12-15 12-14
Сиыр етінің
стейктері
4 600 4 макс. 10-12 6-8
Шұжық 8 - 4 макс. 12-15 10-12
Туралған шошқа еті 4 600 4 макс. 12-16 12-14
Тауық (2-ге
бөлінген)
2 1000 4 макс. 30-35 25-30
Кəуап 4 - 4 макс. 10-15 10-12
Тауықтың төс еті 4 400 4 макс. 12-15 12-14
Гамбургер 6 600 4 макс. 20-30 -
Балықтың қоң еті 4 400 4 макс. 12-14 10-12
Тост сэндвичтері 4-6 - 4 макс. 5-7 -
Қыздырылған нан 4-6 - 4 макс. 2-4 2-3
15
www.zanussi.com
Турбо гриль
Сиыр еті
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері
Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қуырылған сиыр еті
немесе қоң ет, шала
пісірілген
əр см
қалыңдығы үшін
1
190 - 200
1)
5 - 6
Қуырылған сиыр еті
немесе қоң ет,
орташа пісірілген
əр см
қалыңдығы үшін
1
180 - 190
1)
6 - 8
Қуырылған сиыр еті
немесе қоң ет, əбден
пісірілген
əр см
қалыңдығы үшін
1
170 - 180
1)
8 - 10
1) Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Шошқа еті
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері
Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қол омыртқа, мойын
омыртқа, сан еті
1- 1.5 кг 1 160 - 180 90 - 120
Жаншылған ет,
қабырға
1- 1.5 кг 1 170 - 180 60 - 90
Қабаттама ет 750 г - 1 кг 1 160 - 170 50 - 60
Шошқа сирағы
(алдын ала
пісірілген)
750 г - 1 кг 1 150 - 170 90 - 120
Бұзау еті
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қуырылған бұзау
еті
1 кг 1 160 - 180 90 - 120
Бұзау сирағы 1.5 - 2 кг 1 160 - 180 120 - 150
Қой еті
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қойдың сирағы,
қуырылған қой еті
1- 1.5 кг 1 150 - 170 100 - 120
Қозы белдемесі 1- 1.5 кг 1 160 - 180 40 - 60
Құс еті
16
www.zanussi.com
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Құстың кесек еті əрқайсысы 200 -
250 г
1 200 - 220 30 - 50
Тауықтың жарты
еті
əрқайсысы 400 -
500 г
1 190 - 210 35 - 50
Тауық еті,
пулярка
1- 1.5 кг 1 190 - 210 50 - 70
Үйрек еті 1.5 - 2 кг 1 180 - 200 80 - 100
Қаз еті 3.5 - 5 кг 1 160 - 180 120 - 180
Күркетауық еті 2.5 - 3.5 кг 1 160 - 180 120 - 150
Күркетауық еті 4 - 6 кг 1 140 - 160 150 - 240
Балық (буға пісірілген)
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Тұтас балық еті 1- 1.5 кг 1 210 - 220 40 - 60
Жібіту
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
[г]
Жібіту
уақыты [мин]
Қосымша жібіту
уақыты [мин]
Ескерім
Тауық еті 1000 100 - 140 20 - 30
Тауықты үлкен табақтың
үстіне төңкеріліп қойылған
табақшаға қойыңыз. Орта
тұсында аударыңыз.
Ет 1000 100 - 140 20 - 30 Орта тұсында аударыңыз.
Ет 500 90 - 120 20 - 30 Орта тұсында аударыңыз.
Бақтақ 150 25 - 35 10 - 15 -
Құлпынай 300 30 - 40 10 - 20 -
Сары май 250 30 - 40 10 - 15 -
Қаймақ 2 x 200 80 - 100 10 - 15
Кілегейдің кейбір жерлері
сəл тоңазыса да, шайқауға
болады.
Печеньелер 1400 60 60 -
Консерв жасау - Астыңғы қызу
Жидек
17
www.zanussi.com
КОНСЕРВЛЕУ Температура [°C]
Қайнай бастағанға
дейінгі уақыт [мин]
100 °C градуста
пісіруді жалғастыру
[мин]
Құлпынай, қаражидек,
таңқурай, піскен
тошала
160 – 170 35 – 45
Сүйекті жеміс
КОНСЕРВЛЕУ Температура [°C]
Қайнай бастағанға
дейінгі уақыт [мин]
100 °C градуста
пісіруді жалғастыру
[мин]
Алмұрт, айва, қара өрік 160 – 170 35 – 45 10 – 15
Көкөністер
КОНСЕРВЛЕУ Температура [°C]
Қайнай бастағанға
дейінгі уақыт [мин]
100 °C градуста
пісіруді жалғастыру
[мин]
Сəбіз
1)
160 – 170 50 – 60 5 – 10
Қияр 160 – 170 50 – 60
Тұздалған көкөніс
қоспасы
160 – 170 50 – 60 5 – 10
Кольраби, бұршақ,
спаржа
160 – 170 50 – 60 15 – 20
1) Құрылғыны сөндіргеннен кейін, консервлерді тұмшапештің ішінде қалдырыңыз.
Кептіру - Желдеткіш арқылы пісіру
Тұмшапештің сөрелерін ас қағазымен
жабыңыз.
КӨКӨНІСТЕР
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Бұршақ 3 1/4 60 - 70 6 - 8
Бұрыш 3 1/4 60 - 70 5 - 6
Сорпаға арналған
көкөністер
3 1/4 60 - 70 5 - 6
Саңырауқұлақ 3 1/4 50 - 60 6 - 8
Шөптер 3 1/4 40 - 50 2 - 3
ЖЕМІС
18
www.zanussi.com
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Қара өрік 3 1/4 60 - 70 8 - 10
Сары өрік 3 1/4 60 - 70 8 - 10
Алма тілімдері 3 1/4 60 - 70 6 - 8
Алмұрт 3 1/4 60 - 70 6 - 9
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін кəдімгі
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Тұмшапешті пайдаланып болған сайын
ішкі жағын тазалаңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, əрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын
пайдаланып болған
сайын тазалаңыз
жəне кептіріңіз. Шүберекті, жылы су мен
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Себебі
ластық жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
Болаттан немесе алюминийден
жасалған құрылғылар:
Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Жүн мақтаны, қышқылды немесе жеміргіш
материалдарды пайдаланбаңыз,
себебі
тұмшапештің бетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де осындай
сақтық шараларды орындап тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жалпылама
нұсқауларды қараңыз.
Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сөре сырғытпаларын алу
1
Сөре
сырғытпасының
алдыңғы жағын
бүйір қабырғадан
тартып шығарыңыз.
2
1
2
Сырғытпа
жолдың артқы
ұшын бүйір
қабырғадан тартып
шығарыңыз.
Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Сөре сырғытпаларының доғал ұштары
алдыңғы жаққа қарап тұруға тиіс.
19
www.zanussi.com
Сумен тазалау
Сумен тазалау функциясы тұмшапештегі
майдың жəне тағамның қалдықтарын
тазалау үшін буды пайдаланады.
1. Тұмшапештің астында орналасқан су
сауытына 300 мл су құйыңыз.
2.
Тұмшапештің функциясын
орнатыңыз.
3. Температураны 90 °C градусқа
қойыңыз.
4. Құрылғыны 30 минут қосып қойыңыз.
5. Құрылғыны сөндіріңіз де, салқындатып
қойыңыз.
6. Құрылғы салқындаған кезде,
тұмшапештің ішкі беттерін шүберекпен
тазалаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
ұстамай тұрып, салқындағанына көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қатері бар.
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын! Тұмшапештің
шамын ауыстырған кезде абай
болыңыз. Электр қатері бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз
.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына жəне шыны
қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек төсеңіз.
Шамға майдың қалдығы жұғып күймес үшін,
галоген шамды үнемі шүберекпен ұстаңыз.
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш
шамын
салыңыз.
Шамның дəл осындай түрін
пайдаланыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапеш есігінің үш шыны панелі бар.
Тұмшапештің есігін жəне ішкі шыны
панельдерін алып тазалауға болады.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай
тұрып, шыны панельдерін алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі жабылып қалуы
мүмкін.
Тұмшапештің есігі мен шыны
панельдерін алу
1
Есікті толық
ашып, есіктің екі
топсасын ұстап
тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
3
Тұмшапештің
есігін бірінші ашу
күйіне (жартылай)
қарай жабыңыз.
Есікті алға қарай
тартыңыз да,
ұясынан шығарып
алыңыз.
4
Есікті жұмсақ
мата төселген
орнықты жерге
қойыңыз.
20
www.zanussi.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52

Zanussi ZOB38903XD Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ