• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда
болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Электр сымдарын құрылғының есігіне,
əсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған жəне
оқшаулағышы бар бөлшектердің электр
қатерінен сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте
ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Пайдалану
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу, күйіп қалу немесе электр
тоғының қатеріне ұшырау немесе
жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған
құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы үмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
4
www.zanussi.com