Zanussi ZOB35701XK Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я чат-бот, который ознакомился с руководством пользователя для духовых шкафов Zanussi ZOB 35701XK и ZOB 735701X. Я могу ответить на ваши вопросы об установке, использовании, функциях, таких как гриль, выпечка, и уходе за этими моделями. Спрашивайте!
  • Как установить время на духовом шкафу?
    Как очистить духовой шкаф?
    Что делать, если духовой шкаф не нагревается?
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
22
TR
Kullanma Kılavuzu 42
Тұмшапеш
Духовой шкаф
Fırın
ZOB35701XK
ZOB735701X
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Сағат фунциялары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Қосымша функциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 9
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 19
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 19
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам жарақат
алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының
барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
2
www.zanussi.com
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат
түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
Сөре сырғытпаларын алу үшін əуелі сөре сырғытпасының
алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік
қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын əрекеттерді
керісінше орындап салыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы
минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
3
www.zanussi.com
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының есігіне,
əсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
Тоққа қосулы тұрған
жəне оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Пайдалану
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының
қатеріне ұшырау немесе жарылыс шығу
қаупі
бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған
құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды
немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
Ыдыстарды немесе басқа заттарды
құрылғының табанына тура қоймаңыз.
Құрылғының табанына алюминий
жұқалтырды тура қоймаңыз.
ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл
ыдыстарды жəне тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
4
www.zanussi.com
керек-жарақтарды алып-салған кезде
абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы
мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның
қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы қолданылған.
Оны бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
5
www.zanussi.com
Бұйым сипаттамасы
7
6
12
11
10
5
4
1
2
3
3 52 41
8
9
1
Тұмшапеш функцияларының тетігі
2
Қуат индикаторы
3
Электрондық бағдарламалағыш
4
Температура тетігі
5
Температура индикаторы
6
Гриль
7
Тұмшапештің шамы
8
Желдеткіш
9
Сумен тазалауға арналған сауыт
10
Сөренің алмалы сырғытпалары
11
Техникалық ақпарат тақтайшасы
12
Сөре деңгейлері
Тұмшапештің керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарын қоюға,
тағам қуыруға арналған.
Алюминий пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
Керек-жарақтарының барлығын жəне
алмалы сөре сырғытпаларын (бар
болса) алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Өте маңызды! "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Уақытты орнату
Тұмшапешті іске қосар алдында
уақытты орнату керек.
Құрылғыны тоққа қосқан кезде немесе тоқ
сөніп қалғаннан кейін Тəулік уақыты
функциясының индикаторы
жыпылықтайды.
Дұрыс
уақытты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
Шамамен бес секунд өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтайды да, бейнебетте сіз
орнатқан тəулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін
түймешігін
Тəулік уақыты функциясының
индикаторы жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз. Ұзақтық
немесе Аяқтау
функциясын бір уақытта орнатпау керек.
Алдын ала қыздыру
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
6
www.zanussi.com
1.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны бір сағат қосып қойыңыз.
3.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
5.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс жəне түтін
шығады. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру
1. Тұмшапеш функцияларының тетігін
тұмшапеш функциясына бұраңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қуыт
индикаторы жанады.
2. Температура тетігін температураға
бұрап қойыңыз.
Құрылғының ішкі температурасы
жоғарылай бастаған кезде
температура индикаторы жанады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функциялары тетігі мен температура
тетігін "Сөндірулі" қалпына бұраңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Шам
Тұмшапештің шамын пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
Дəстүрлі пісіру /
Сумен тазалау
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін. Үстіңгі
жəне астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта іске
қосылады.
Сумен тазалау функциясына қатысты толық ақпаратты "Күту
менен тазалау" тарауынан қараңыз.
Үстіңгі қызу
Піскен тағамдарды аяқтап пісіруге арналған. Тек үстіңгі
қыздыру элементі ғана жұмыс істейді.
Астыңғы қызу
Торттың астыңғы қыртысын кіртілдек етіп пісіруге арналған.
Тек астыңғы қыздыру элементі ғана жұмыс істейді.
Гриль жасау
Жайпақ тағамды аз мөлшерде сөренің ортасында қақтауға
арналған. Тост жасауға арналған.
Жылдам гриль
жасау
Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп мөлшерде гриль
дайындауға арналған. Тост жасауға арналған. Толық гриль
элементі жұмыс істейді.
Ыстық желмен
пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бірнеше сөреге
қойып, иістерін сіңірмей қуыру немесе қуырып-пісіруге
арналған.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітуге арналған. Температура тетігін
"сөндіру" қалпына қою керек.
7
www.zanussi.com
Сағат фунциялары
Электрондық бағдарламалағыш
345
2 11
1
Функция индикаторлары
2
Уақыт бейнебеті
3
+ түймешігі
4
Таңдау түймешігі
5
- түймешігі
Сағат функциясы Қолданылуы
Тəулік уақыты Тəулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Бұл функция тұмшапештің
жұмысына ешбір əсер етпейді.
Ұзақтық Құрылғының жұмыс жасау уақытының ұзақтығын орнатуға
арналған.
Аяқтау Құрылғының сөндірілетін уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық жəне Аяқтау
функцияларын құрылғының іске
қосылатын, содан кейін сөнетін
уақыттарын орнату үшін бір уақытта
пайдалануға болады. Əуелі Ұзақтық
параметрін, содан кейін Аяқтау
параметрін орнатыңыз.
Сағат функцияларын орнату
1.
Ұзақтық
жəне Аяқтау
параметрлерін пайдалану үшін,
тұмшапештің функциясын жəне
температурасын орнатыңыз. Бұл
Минут операторы
үшін қажет емес.
2. Таңдау түймешігін қажетті сағат
функциясының индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
3. Қажетті сағат функциясының уақытын
орнату үшін + немесе - түймешігін
басыңыз.
Бейнебетте сіз орнатқан сағат
функциясының индикаторы пайда
болады. Орнатылған уақыт аяқталған
кезде индикатор жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал екі минут естіледі.
8
www.zanussi.com
Ұзақтық жəне Аяқтау
функцияларының көмегімен құрылғы
өздігінен сөнеді.
4. Сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз.
5. Тұмшапеш функцияларының тетігі мен
температура тетігін "сөндірулі"
қалпына бұраңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2. - түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы сөнеді.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының температурасы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термоэлементі
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған кезде
немесе құралас бөлшектерінде ақау бар
болса, қатты қызып кету қаупі орын алады.
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін
тұмшапеш қуаттың берілуін тоқтататын
термоэлементпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайтадан автоматты түрде іске қосылады.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Құрылғының сөре қойылатын бес
деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан бастап
санау керек.
Құрылғы ауа айналдыратын жəне буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ жəне сыртын күтірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен
пайдаланылатын қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есіктің шыны
панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі
артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат
мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам
пісірер алдында 10 минут қосыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
оның ылғалын тазалаңыз.
Тағам пісірген кезде заттарды
құрылғының табанына қоймаңыз жəне
құрылғының бөлшектеріне алюминий
жұқалтыр жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесін өзгертіп, эмаль қаптамаға да
нұқсан келтіруі мүмкін.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру табағын
пайдалансаңыз, араларына бір бос
деңгей қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті
кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
9
www.zanussi.com
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына жəне мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге
жəне тағамның мөлшеріне сай келетін
параметрлерді (қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
Пісіру жəне қуыру кестесі
ТОРТТАР
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Шайқап пісіру
рецептері
2 170 3 (2 жəне 4) 160 45 - 60 Тортқа арналған
қалыпта
Үгілмелі қамыр 2 170 3 (2 жəне 4) 160 20 - 30 Тортқа арналған
қалыпта
Сарысу
қосылған
чизкейк
1 170 2 165 60 - 80 26 см торт
қалыбында
Алма торты
(Алма бəліші)
2 170 2 (сол жəне
оң)
160 80 - 100 Торкөз сөреге
қойылған 20 см
торт қалыбы
1)
Штрудель 3 175 2 150 60 - 80 Пісірме табақта
Джем қосылған
пирожныйлар
2 170 2 (сол жəне
оң)
165 30 - 40 26 см торт
қалыбында
Бисквит торт 2 170 2 160 50 - 60 26 см торт
қалыбында
Рождество
торты/
шырынды
жеміс-жидек
торты
2 160 2 150 90 - 120 20 см торт
қалыбында
1)
Қара өрік торты 1 175 2 160 50 - 60
Нан қалыбында
1)
Кішкене
кекстер - бір
деңгейде
3 170 3 140 -
150
20 - 30 Пісірме табақта
Кішкене
кекстер - екі
деңгейде
- - 2 мен 4 140 -
150
25 - 35 Пісірме табақта
Кішкене
кекстер - үш
деңгейде
- - 1, 3 жəне 5 140 -
150
30 - 45 Пісірме табақта
10
www.zanussi.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Печенье / тəтті
таспалар - бір
деңгейде
3 140 3 140 -
150
30 - 35 Пісірме табақта
Печенье / тəтті
таспалар - екі
деңгейде
- - 2 мен 4 140 -
150
35 - 40 Пісірме табақта
Печенье / тəтті
таспалар - үш
деңгейде
- - 1, 3 жəне 5 140 -
150
35 - 45 Пісірме табақта
Меренга - бір
деңгейде
3 120 3 120 80 - 100 Пісірме табақта
Меренга - екі
деңгейде
- - 2 мен 4 120 80 - 100
Пісірме табақта
1)
Мейізді тоқаш 3 190 3 190 12 - 20
Пісірме табақта
1)
Эклер - бір
деңгейде
3 190 3 170 25 - 35 Пісірме табақта
Эклер - екі
деңгейде
- - 2 мен 4 170 35 - 45 Пісірме табақта
Тарталетка 2 180 2 170 45 - 70 20 см торт
қалыбында
Шырынды
жеміс торты
1 160 2 150 110 - 120 24 см торт
қалыбында
Виктория
сэндвичі
1 170 2 160 50 - 60 20 см торт
қалыбында
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
НАН ЖƏНЕ ПИЦЦА
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Ақ нан 1 190 1 190 60 - 70 1 - 2 бөлке, біреуі
500 г
1)
Қарабидай
наны
1 190 1 180 30 - 45 Нан қалыбында
Булочка 2 190 2 (2 жəне 4) 180 25 - 40 6 - 8 булочка,
пісіру
табағында
1)
11
www.zanussi.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Пицца 1 230 -
250
1 230 -
250
10 - 20 Пісіру табасында
немесе шұңғыл
табада
1)
Шелпек 3 200 3 190 10 - 20
Пісірме табақта
1)
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
АШЫҚ БƏЛІШ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Макаронды
ашық бəліш
2 200 2 180 40 - 50 Қалып
Көкөністі ашық
бəліш
2 200 2 175 45 - 60 Қалып
Киш лорен 1 180 1 180 50 - 60
Қалып
1)
Лазанья 2 180 -
190
2 180 -
190
25 - 40
Қалып
1)
Каннелони 2 180 -
190
2 180 -
190
25 - 40
Қалып
1)
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
ЕТ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Сиыр еті 2 200 2 190 50 - 70 Торкөз сөреде
Шошқа еті 2 180 2 180 90 - 120 Торкөз сөреде
Бұзау еті 2 190 2 175 90 - 120 Торкөз сөреде
Шала
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 50 - 60 Торкөз сөреде
Орташа
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 60 - 70 Торкөз сөреде
12
www.zanussi.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Жақсы
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 70 - 75 Торкөз сөреде
Шошқаның қол
омыртқасы
2 180 2 170 120 - 150 Терісі алынбаған
Шошқаның
жіліншігі
2 180 2 160 100 - 120 2 дана
Қой еті 2 190 2 175 110 - 130 Қол еті
Тауық еті 2 220 2 200 70 - 85 Тұтас еті
Күркетауық еті 2 180 2 160 210 - 240 Тұтас еті
Үйрек еті 2 175 2 220 120 - 150 Тұтас еті
Қаз еті 2 175 1 160 150 - 200 Тұтас еті
Қоян 2 190 2 175 60 - 80 Кесектеп
туралған
Қоян еті 2 190 2 175 150 - 200 Кесектеп
туралған
Қырғауыл 2 190 2 175 90 - 120 Тұтас еті
БАЛЫҚ ЕТІ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Бақтақ/Теңіз
мөңкесі
2 190 2 175 40 - 55 3 - 4 балық
Тунец/Албырт
балық
2 190 2 175 35 - 60 4 - 6 филе
Гриль жасау
Бос тұмшапешті тағам пісірер
алдында 10 минут қыздырыңыз.
Мөлшері Гриль жасау Пісіру уақыты [мин]
ТАҒАМ ТҮРІ Саны [г] Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет стейктері 4 800 4 макс. 12-15 12-14
Сиыр етінің
стейктері
4 600 4 макс. 10-12 6-8
Шұжық 8 - 4 макс. 12-15 10-12
13
www.zanussi.com
Мөлшері Гриль жасау Пісіру уақыты [мин]
ТАҒАМ ТҮРІ Саны [г] Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
1-ші жағы 2-ші жағы
Туралған шошқа еті 4 600 4 макс. 12-16 12-14
Тауық (2-ге
бөлінген)
2 1000 4 макс. 30-35 25-30
Кəуап 4 - 4 макс. 10-15 10-12
Тауықтың төс еті 4 400 4 макс. 12-15 12-14
Гамбургер 6 600 4 макс. 20-30 -
Балықтың қоң еті 4 400 4 макс. 12-14 10-12
Тост сэндвичтері 4-6 - 4 макс. 5-7 -
Қыздырылған нан 4-6 - 4 макс. 2-4 2-3
Жібіту
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
[г]
Жібіту
уақыты [мин]
Қосымша жібіту
уақыты [мин]
Ескерім
Тауық еті 1000 100 - 140 20 - 30
Тауықты үлкен табақтың
үстіне төңкеріліп қойылған
табақшаға қойыңыз. Орта
тұсында аударыңыз.
Ет 1000 100 - 140 20 - 30 Орта тұсында аударыңыз.
Ет 500 90 - 120 20 - 30 Орта тұсында аударыңыз.
Бақтақ 150 25 - 35 10 - 15 -
Құлпынай 300 30 - 40 10 - 20 -
Сары май 250 30 - 40 10 - 15 -
Қаймақ 2 x 200 80 - 100 10 - 15
Кілегейдің кейбір жерлері
сəл тоңазыса да, шайқауға
болады.
Печеньелер 1400 60 60 -
Кептіру - Желдеткіш арқылы пісіру
Тұмшапештің сөрелерін ас қағазымен
жабыңыз.
КӨКӨНІСТЕР
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Бұршақ 3 1/4 60 - 70 6 - 8
Бұрыш 3 1/4 60 - 70 5 - 6
Сорпаға арналған
көкөністер
3 1/4 60 - 70 5 - 6
14
www.zanussi.com
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Саңырауқұлақ 3 1/4 50 - 60 6 - 8
Шөптер 3 1/4 40 - 50 2 - 3
ЖЕМІС
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Қара өрік 3 1/4 60 - 70 8 - 10
Сары өрік 3 1/4 60 - 70 8 - 10
Алма тілімдері 3 1/4 60 - 70 6 - 8
Алмұрт 3 1/4 60 - 70 6 - 9
Консерв жасау - Астыңғы қызу
Жидек
КОНСЕРВЛЕУ Температура [°C]
Қайнай бастағанға
дейінгі уақыт [мин]
100 °C градуста
пісіруді жалғастыру
[мин]
Құлпынай, қаражидек,
таңқурай, піскен
тошала
160 – 170 35 – 45
Сүйекті жеміс
КОНСЕРВЛЕУ Температура [°C]
Қайнай бастағанға
дейінгі уақыт [мин]
100 °C градуста
пісіруді жалғастыру
[мин]
Алмұрт, айва, қара
өрік
160 – 170 35 – 45 10 – 15
Көкөністер
КОНСЕРВЛЕУ Температура [°C]
Қайнай бастағанға
дейінгі уақыт [мин]
100 °C градуста
пісіруді жалғастыру
[мин]
Сəбіз
1)
160 – 170 50 – 60 5 – 10
Қияр 160 – 170 50 – 60
Тұздалған көкөніс
қоспасы
160 – 170 50 – 60 5 – 10
Кольраби, бұршақ,
спаржа
160 – 170 50 – 60 15 – 20
1) Құрылғыны сөндіргеннен кейін, консервлерді тұмшапештің ішінде қалдырыңыз.
15
www.zanussi.com
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін кəдімгі
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Тұмшапешті пайдаланып болған сайын
ішкі жағын тазалаңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, əрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын
пайдаланып болған
сайын тазалаңыз
жəне кептіріңіз. Шүберекті, жылы су мен
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Себебі
ластық жабыспайтын қаптаманы
бүлдіруі мүмкін.
Болаттан немесе алюминийден
жасалған құрылғылар:
Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Жүн мақтаны, қышқылды немесе жеміргіш
материалдарды пайдаланбаңыз,
себебі
тұмшапештің бетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де осындай
сақтық шараларды орындап тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жалпылама
нұсқауларды қараңыз.
Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сөре сырғытпаларын алу
1
Сөре
сырғытпасының
алдыңғы жағын
бүйір қабырғадан
тартып шығарыңыз.
2
1
2
Сырғытпа
жолдың артқы
ұшын бүйір
қабырғадан тартып
шығарыңыз.
Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Сөре сырғытпаларының доғал ұштары
алдыңғы жаққа қарап тұруға тиіс.
Сумен тазалау
Сумен тазалау функциясы тұмшапештегі
майдың жəне тағамның қалдықтарын
тазалау үшін буды пайдаланады.
1. Тұмшапештің астында орналасқан су
сауытына 300 мл су құйыңыз.
2.
Тұмшапештің функциясын
орнатыңыз.
3. Температураны 90 °C градусқа
қойыңыз.
4. Құрылғыны 30 минут қосып қойыңыз.
5. Құрылғыны сөндіріңіз де, салқындатып
қойыңыз.
6. Құрылғы салқындаған кезде,
тұмшапештің ішкі беттерін шүберекпен
тазалаңыз.
16
www.zanussi.com
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
ұстамай тұрып, салқындағанына көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қатері бар.
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын! Тұмшапештің
шамын ауыстырған кезде абай
болыңыз. Электр қатері бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына жəне шыны
қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек төсеңіз.
Шамға майдың қалдығы
жұғып күймес
үшін, галоген шамды үнемі шүберекпен
ұстаңыз.
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш
шамын салыңыз.
Шамның дəл осындай түрін
пайдаланыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапеш есігінің екі шыны панелі бар.
Тұмшапештің есігін жəне ішкі шыны
панелін
алып тазалауға болады.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай
тұрып, ішкі шыны панелін алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі жабылып қалуы
мүмкін.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
1
Есікті толық
ашып, есіктің екі
топсасын ұстап
тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
3
Тұмшапештің
есігін бірінші ашу
күйіне (жартылай)
қарай жабыңыз.
Есікті алға қарай
тартыңыз да,
ұясынан шығарып
алыңыз.
4
Есікті жұмсақ
мата төселген
орнықты жерге
қойыңыз.
5
Ішкі шыны
панельді алу үшін
бекіту жүйесін
босатыңыз.
90°
6
Екі бекіткіш
тетікті 90° градусқа
бұраңыз да, ағытып
алыңыз.
17
www.zanussi.com
1
2
7
Шыны панельді
еппен көтеріп (1-ші
қадам) орнынан (2-
ші қадам) алыңыз.
Шыны панельді сабын сумен жуыңыз.
Шыны панельді жақсылап құрғатыңыз.
Есік пен шыны панельді орнату
Тазалап болғаннан кейін шыны панельді
жəне тұмшапеш есігін орнатыңыз.
Жоғарыдағы қадамдарды кері ретпен
орындаңыз.
Панельдің бедері бар жағы есіктің ішкі
жағына қарап тұруға тиіс. Орнатып
болғаннан кейін шыны панельдің
жақтауының басылған жазуы бар беткі
жағы қолмен ұстағанда бұдыр болмауға
тиіс.
Ішкі шыны панельдің ұяшықтарға дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Суретке
қараңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбайды. Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Тұмшапеш қызбайды. Сағат қойылмаған. Сағатты қойыңыз.
Тұмшапеш қызбайды. Қажетті параметрлер
орнатылмаған.
Параметрлердің дұрыс екеніне
көз жеткізіңіз.
Тұмшапеш қызбайды. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыш ағытылған.
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
ағытылып қалса, білікті
электршіге хабарласыңыз.
Тұмшапештің шамы жанбайды. Тұмшапештің шамында ақау
бар.
Тұмшапештің шамын
ауыстырыңыз.
Бейнебетте 12.00 көрсетіледі. Тоқ сөніп қалған. Сағатты қойыңыз.
Тағамның үстіне жəне
тұмшапештің ішіне бу жəне
конденсат жиналады.
Тұмшапештің ішіне тағам ұзақ
қойылған.
Тағамды пісіріп болғаннан
кейін тұмшапештің ішінде 15 -
20 минуттан ұзақ уақыт
қалдырмаңыз.
Ақаулықты өзіңіз шеше алмасаңыз,
дилерге немесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы құрылғы корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
18
www.zanussi.com
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
Техникалық сиппатама
Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц
Орнату
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Кіріктіріп орнату
573
594
5
589
558
548
20
min. 550
20
590
min. 560
19
www.zanussi.com
min. 550
min. 560
600
20
A
B
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Электртоғына білікті маман ғана
қосуға тиіс.
"Қауіпсіздік ақпараты" тарауындағы
сақтық шаралары орындалмаса,
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен жəне
негізгі ашамен жабдықталған.
Сым
Орнатуға немесе ауыстыруға болатын
электр сымы қолданылған. H07 RN-F, H05
RN-F, H05 RRF, H05 VV-F, H05 V2V2-F
(T90), H05 BB-F.
Электр сымының көлденең қимасын
жалпы қуат (техникалық ақпарат
тақтайшасында) жəне кестеге қарап
анықтаңыз:
Жалпы қуаты
Электр сымының
көлденең қимасы
ең көбі 1380 Вт 3 x 0.75 мм²
ең көбі 2300 Вт 3 x 1 мм²
ең көбі 3680 Вт 3 x 1.5 мм²
Пештің жерге тұйықталатын сымы (жасыл /
сары сым) фаза жəне бейтарап сымдарға
(көк жəне қоңыр сымдар) қарағанда 2 см
ұзынырақ болуға тиіс.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кəдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр жəне
электроникалық бұйымдарды жинап
утилизация үшін арнайы контейнерлерге
салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс
түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған
орта менен адам денсаулығына түсіп
пайда бола алатын зиянын болдыртпауын
үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл
бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда
болуы мүмкін. Осы бұйымның
утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін
жергілікті əкімшілігіңізбен, қалдықтарды
жинап əкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
20
www.zanussi.com
/