Абайлаңыз
- Щетка басын, сапты, зарядтағышты, зарядтағыш қақпағын
және/немесе дезинфекторды ыдыс жуу машинасында тазаламауға
болмайды.
- Тіс щеткасын қолданар алдында, егер сіз 2 ай шамасында жақ
сүйекке, бетіңізге немесе тіс етіне операция жасаған болсаңыз,
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Осы тіс щеткасын пайдаланғаннан кейін көп қан ақса немесе 1
апта пайдаланылса да, тістің қанауы тоқтамаса, тіс дәрігерінен
кеңес алыңыз. Сондай-ақ, Philips Sonicare щеткасын
пайдаланғанда қолайсыздықты немесе ауырсынуды сезінсеңіз, тіс
дәрігерінен кеңес алыңыз.
- Philips Sonicare тіс щеткасы электромагниттік құрылғыларға
арналған қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Егер сізде
кардиостимулятор немесе басқа импланттық құрылғылар болса,
пайдаланар алдында дәрігеріңізге немесе имплант құрылғысын
өндірушіге хабарласыңыз.
- Егер сізде медициналық проблемалар болса, Philips Sonicare
құрылғысын пайдаланар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Бұл құрылғы тек тістер, қызыл иектер мен тілді тазалауға
арналған. Оны басқа мақсатпен қолдануға болмайды.
Қолайсыздық немесе ауырсыну сезінсеңіз, құрылғыны қолдануды
тоқтатып, дәрігерге хабарласыңыз.
- Philips Sonicare тіс щеткасы — жеке күтім құрылғысы және
стоматологиялық жұмыста немесе мекемеде көптеген
емделушілерге қолдануға арналмаған.
- Қылшықтары жаншылған немесе майысқан щетка басын
қолданбаңыз. Щетка басын 3 ай сайын немесе тозу белгілері
байқалса, одан да ертерек ауыстырыңыз.
- Өндірушінің ұсынған щетка басынан басқа щетка бастарын
қолдануға болмайды.
- Егер тіс пастаңызда пероксид, ас немесе екі көмір қышқылды
содасы (ағартатын тіс пасталарында көбіне кездеседі) болса,
щетка басын әрбір пайдаланған соң сабындап, сумен мұқият
тазалаңыз. Бұл пластиктің шытынауынан қорғайды.
40
Қазақша