Zanussi ZCV560MW Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство пользователя для кухонной плиты Zanussi ZCV560M и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве описаны функции плиты, советы по приготовлению пищи и подробные инструкции по технике безопасности, эксплуатации и уходу. Спрашивайте!
  • Как правильно чистить варочную панель?
    Как включить и выключить духовой шкаф?
    Что делать, если индикатор остаточного тепла горит?
    Какие меры предосторожности необходимо соблюдать при использовании духовки?
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
21
UK
Інструкція 42
Пеш
Кухонная плита
Плита
ZCV560M
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ 2
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану _ _ _ 7
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ _ 7
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану _ _ _ _ 8
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ _ _ 9
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау _ 16
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 19
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты əрқашан, тіпті
құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де,
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нəтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес
.
Балалар мен дəрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар
мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-
есіне зақым келген адамдар не
тəжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы
бойынша немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына
сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінген жағдайда қолдануына болады.
Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе
жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі ашық
тұрған немесе жұмыс істеп тұрған
құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу
немесе кемтар болып қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не
түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй
жануарларының құрылғыны
байқаусызда іске қосуына жол бермейді.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат
алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін əрдайым
құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
Құрылғыны тек білікті техник орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса,
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет пайдаланар
алдында барлық орамдарын,
жапсырмалары мен төсемдерін алыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасын
алмаңыз. Бұл
кепілдікті заңды күшінен
айырады.
Құрылғы қолданылатын елдегі
заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар мен
талаптарды (қауіпсіздік ережелері, қайта
пайдалану ережелері, электр немесе газ
2
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық
орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан
тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның қуат
көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
(егер қажет болса).
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны тек білікті электрші орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол бермейді.
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға
тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық магниттік полюстерде желіден
ажыратуға мүмкіндік береді.
Оқшаулағыш құрылғының ені кем
дегенде 3 мм түйіспе саңылауы болуға
тиіс.
Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер
құралсыз ажыратуға болмайтында етіп
орнатылуға тиіс.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі
бар.
Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының
қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан
тартпаңыз. Əрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Пайдалану
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік
мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам
жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін қажет.
Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,
əрқашан құрылғыдан алыс тұрып
ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны су қолмен
іске пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы
3
ас құралдары мен кəстрөл қақпақтарын
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші
ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-
жарақтары мен кəстрөлдерді алып-
салған кезде қолғап киіңіз.
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа
мен алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл
немесе ашық
отты құрылғыға жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін
əрқашан "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.
Ыдыстың
ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа жəне пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын
қоймаңыз, себебі қызудың əсерінен
құрылғы бүлінуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп
алмас үшін, керек-жарақтарды алып-
салғанда абай болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не түбіне бүлінген
ыдысты əрі-
бері сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат
түсуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш
заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын
жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін ала
орналасқан (егер бар болса).
Бетіне сызат түскенін байқасаңыз, дереу
тоқтан ажыратыңыз. Электр тоғына түсу
қаупі бар.
Қызу өткізгіш материалдарды (мысалы,
жұқа темір тор немесе металл
жалатылған қызу өткізгіштер) ыдыстың
астына қоймаңыз. Аса көп қызу
шағылысынан, пештің шыны бетіне
нұқсан келуі мүмкін.
Тоқ сөніп қалған кездері құрылғыны
қолданбаңыз.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында құрылғының
суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның
беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне
мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны
тек сабынды сумен
жуыңыз. Тұтанғыш
заттарды немесе тот басуына себеп
болатын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдармен,
4
өткір, түрпілі тазартқыш заттармен,
түрпілі жөкелермен жəне дақ
кетіргіштермен тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат
сенсорына (қолданылатын болса) ешбір
затты бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті
сынуы немесе шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін
.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін қолдануға
болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі бар.
Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уəкілетті техниктің ғана құрылғыны
жөндеуіне немесе оған қатысты
жұмысты орындауына болады. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін:
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл
кішкентай балалардың немесе үй
жануарларының құрылғының ішіне
кіріп, қамалып қалуына жол бермейді.
Тұншығып қалу қаупі бар.
5
Бұйым сипаттамасы
Жалпы шолу
1
11
3 4 5 6
7
8
9
10
12
1
2
3
4
2
1 Басқару панелі
2 Пісіру алаңдарының индикаторы
3 Тұмшапеш температурасының тетігі
4 Температура индикаторы
5 Пеш үстінің индикаторы
6 Тұмшапеш функцияларының тетігі
7 Пеш үстін басқаратын тетіктер
8 Гриль
9 Тұмшапештің шамы
10 Желдеткіш
11 Техникалық ақпарат тақтайшасы
12 Сөре сырғытпасы
Пісіру қабатының орналасуы
180
mm
180
mm
140
mm
140
mm
5 4
1 2
3
1 Жалғыз пісіру аймағы 1200 Вт
2 Жалғыз пісіру аймағы 1800 Вт
3 Жалғыз пісіру аймағы 1200 Вт
4 Қалдық қызу индикаторы
5 Жалғыз пісіру аймағы 1800 Вт
Пеш жабдықтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Жалпақ алюминий таба
Торттар мен печеньелерге арналған.
Сақтау бөлігі
Тұмшапештің төменгі жағында сақтау
бөлігі орналастырылған.
Бөлікті қолдану үшін астыңғы жақтағы
алдыңғы есікті көтеріп, одан кейін оны
төмен басыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда сақтау бөлігі
ысып кетуі мүмкін.
6
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында
тұмшапештің ішіндегі жəне
сыртындағы орам материалдарының
барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
1.
функциясын жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Бос пешті 45 минут іске қосып
қойыңыз.
3.
функциясын жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Бос пешті 15 минут іске қосып
қойыңыз.
Бұл пештің ішкі қабырғаларындағы
қалдықтардың жанып кетуі үшін керек.
Керек-жарақтар əдеттегіден қаттырақ
қызуы мүмкін. Осы кезде иіс пен түтін
шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай. Ауа
ағынының жеткілікті екенін тексеріңіз.
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Қыздыру параметрлері
Басқару
тетігі
Функция
0 Off (сөндірулі) қалпы
1-9
Қыздыру параметрлері
(1 = ең төменгі қызу
параметрі; 9= ең жоғарғы
қызу параметрі)
1. Басқару тетігін қажетті қызу
параметріне қойыңыз. Пеш үстін
басқару индикаторы жанады.
2. Тағам пісіруді аяқтау үшін басқару
тетігін “0” қалпына койыңыз. Пісіру
алаңдарының барлығы сөндірілсе,
пештің үстін басқару индикаторы
сөнеді.
Қалдық қызуды анықтайтын шам
Қалдық қызуды анықтайтын шам пісіру
алаңы ыстық тұрған кезде жанады.
Назарыңызда болсын! Қалдық
қызуға күйіп қалу каупі бар!
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша қалың, əрі
мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден
жасалған, түбі алюминий не мыс
ыдыстар, пештің керамика бетінің
түсін өзгертеді.
7
Қуатты үнемдеу
Мүмкін болса, ыдыстардың
қақпақтарын əрқашан жауып
отырыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
Қалдық жылуды пайдалану үшін
пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталмай тұрып өшіріңіз.
Ыдыстардың түбі мен пісіру
алаңдарының көлемі бірдей болуға
тиіс.
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны əр пайдаланып болған сайын
тазалап отырыңыз.
Əрқашан табаны таза ыдыстарды
қолданыңыз.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай əсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1. Дереу тазалаңыз:балқыған
пластик, пластик фольга, қант
қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін. Шыныға арналған
арнайы қырғышты қолданыңыз.
Қырғышты
шыны бетке сүйір бұрыш
жасап қойып, жылжыту арқылы
тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде
суығаннан кейін келесіні
алыңыз:əк жолақтары, су дақтары,
май дақтары жəне металл дақтары.
Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2. Құрылғыны дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3. Соңында, құрылғыны таза
шүберекпен əбден құрғатыңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға батырылған
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Алдыңғы жағы темір құрылғыларды тот
баспайтын темірге арналған жуғыш
затпен тазалаңыз.
Жеміргіш əсері бар тазалағыштар мен
түрпілі жөкелерді пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру
1. Тұмшапеш функцияларын басқару
тетігін тұмшапеш функциясына
бұраңыз.
2. Температураны басқару түймешігін
температураға бұраңыз.
Температура индикаторы жанады да,
құрылғының ішіндегі температура
артады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін бұраңыз да,
температура басқару тетігін Off
қалпына қойыңыз.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тəрізді қатерлі жағдайдың алдын алу үшін
қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
8
Пештің функциялары
Пеш функциялары Қолданыс аясы
Пеш өшірулі.
Дəстүрлі пісіру
Жоғарғы жəне төменгі элемент бірдей
қыздырады. Пештің бір деңгейінде пісіру жəне
қызарғанша қуыру үшін.
Бүтін қақтама
Бүтін қақтама элементі қосылады. Жалпақ етіп
дайындалған тағамдардан көп мөлшерде гриль
дайындауға арналған. Тостер жасау үшін. Бұл
функцияға арналған максимум температура
210 °C градус
Астыңғы қыздырғыш элемент
Қызу тек пештің астыңғы жағынан келеді.
Бəліштерді жұмсақ немесе қытырлақ негіздерде
пісіру үшін.
Желдеткіш арқылы пісіру
Бірнеше сөрені пайдалана отырып, бірдей
температурада пісірілуге тиіс тағамдарды
иістерін бір-біріне сіңірмей қуыру, немесе пісіру
жəне қуыруға арналған.
Пицца, үнемді
Желдеткішті қолданып, гриль элементтерінің
көмегімен тағамды пештің бір қатарына қойып
қуыру немесе қуыру жəне пісіруге арналған.
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің екі
деңгейінде пісіруге болады. Сөрелерді
1-ші жəне 3-ші деңгейге қойыңыз.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті əрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесіне əсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті
тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым
құрғақ болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін
май жинайтын табаны қолданыңыз.
9
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай
тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып
қалмас үшін суы сарқылған сайын
үстінен су құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне
барынша сай келетін параметрлерді (қызу
параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) табыңыз.
Дəстүрлі пісіру
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Өрме
тоқаш
250 эмальмен
қапталған
3 - 150 25-30
Жалпақ
торт
1000 эмальмен
қапталған
2 10 160-170 30-35
Алма
торты
2000 эмальмен
қапталған
3 - 170-190 40-50
Алма
бəліші
1200+1200 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1 15 180-200 50-60
Кішкене
кекстер
500 эмальмен
қапталған
2 10 160-180 25-30
Майсыз
қопсыма
торт
350 Алюминий
мен
қапталған
1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10 160-170 25-30
Құймақ 1500 эмальмен
қапталған
2 - 160-170
45-55
1)
10
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Тауық,
тұтас
1350 2-
деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 200-220 60-70
Тауық,
жарты
1300 3-
деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
3 - 190-210 30-35
Шошқа
етінің
котлеті
600 3-
деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
3 - 190-210 30-35
Жеміс
қосылған
бəліш
800 эмальмен
қапталған
2 20 230-250 10-15
Толтырма
сы бар
ашытылға
н кекс
1200 эмальмен
қапталған
2 10-15 170-180 25-35
Пицца 1000 эмальмен
қапталған
2 10-15 200-220 30-40
Чизкейк 2600 эмальмен
қапталған
2 - 170-190 60-70
Швейцари
ялық алма
фланы
1900 эмальмен
қапталған
1 10-15 200-220 30-40
Кристмас
торты
2400 эмальмен
қапталған
2 10-15 170-180
55-65
2)
11
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Киш лорен 1000 1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10-15 220-230 40-50
Шаруа
наны
750+750 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1
18
3)
180-200 60-70
Румын
қопсыма
торты
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
25 см)
2/2 10 160-170 40-50
Румын
қопсыма
торты -
дəстүрлі
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 160-170 30-40
Ашытылға
н
тоқаштар
800 эмальмен
қапталған
2 10-15 200-210 10-15
Швейцари
я орамасы
500 эмальмен
қапталған
1 10 150-170 15-20
Меренга 400 эмальмен
қапталған
2 - 100-120 40-50
Үгітілмелі
торт
1500 эмальмен
қапталған
3 10-15 180-190 25-35
Қопсыма
торт
600 эмальмен
қапталған
3 10 160-170 25-35
Майлы
торт
600 эмальмен
қапталған
2 10 180-200 20-25
1) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут пеште ұстаңыз.
12
2) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут пеште ұстаңыз.
3) Алдын ала қыздыру үшін температураны 250 °C градусқа қойыңыз.
Ауамен желпіп пісіру
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Өрме
тоқаш
250 эмальмен
қапталған
3 10 140-150 20-30
Өрме
тоқаш
250 + 250 эмальмен
қапталған
1/3 10 140-150 25-30
Өрме
тоқаш
250 + 250
+ 250
эмальмен
қапталған
1/2/3 10 150-160 30-40
Жалпақ
торт
500 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 30-35
Жалпақ
торт
500 + 500 эмальмен
қапталған
1/3 10 150-160 35-45
Жалпақ
торт
500 + 500
+ 500
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
10 155-165 40-50
Алма
торты
2000 эмальмен
қапталған
3 - 170-180 40-50
Алма
бəліші
1200 +
1200
Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 165-175 50-60
Кішкене
кекстер
500 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 20-30
Кішкене
кекстер
500 + 500 эмальмен
қапталған
1/3 10 150-160 30-40
Кішкене
кекстер
500 + 500
+ 500
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
10 150-160 35-45
Майсыз
қопсыма
торт
350 Алюминий
мен
қапталған
1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10 150-160 20-30
13
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Құймақ 1200 эмальмен
қапталған
2 - 150-160
30-35
2)
Тауық,
тұтас
1300 2-
деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 170-180 40-50
Шошқаның
қуырылған
еті
800 2-
деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 170-180 45-50
Толтырма
сы бар
ашытылға
н кекс
1200 эмальмен
қапталған
2 20-30 150-160 20-30
Пицца 1000 +
1000
эмальмен
қапталған
1/3 - 180-200 30-40
Пицца 1000 эмальмен
қапталған
2 - 190-200 25-35
Чизкейк 2600 эмальмен
қапталған
1 - 160-170 40-50
Швейцари
ялық алма
фланы
1900 эмальмен
қапталған
2 10-15 180-200 30-40
Кристмас
торты
2400 эмальмен
қапталған
2 10 150-160
35-40
2)
Киш лорен 1000 1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
2 10-15 190-210 30-40
14
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Шаруа
наны
750+750 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1
15-20
3)
160-170 40-50
Румын
қопсыма
торты
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
25 см)
2/2 10-15 155-165 40-50
Румын
қопсыма
торты -
дəстүрлі
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 150-160 30-40
Ашытылға
н
тоқаштар
800 эмальмен
қапталған
3 15 180-200 10-15
Ашытылға
н
тоқаштар
800 + 800 эмальмен
қапталған
1/3 15 180-200 15-20
Швейцари
я орамасы
500 эмальмен
қапталған
3 10 150-160 15-25
Меренга 400 эмальмен
қапталған
2 - 110-120 30-40
Меренга 400 + 400 эмальмен
қапталған
1/3 - 110-120 45-55
Меренга 400 + 400
+ 400
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
- 115-125 55-65
Үгітілмелі
торт
1500 эмальмен
қапталған
3 - 160-170 25-35
15
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Қопсыма
торт
600 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 25-35
Майлы
торт
600 + 600 эмальмен
қапталған
1/3 10 160-170 25-35
1) 4-деңгейдегі торт дайын болғаннан кейін, оны алыңыз да, орнына 1-деңгейдегі тортты қойыңыз.
Тағы он минут пісіріңіз.
2) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут пеште ұстаңыз.
3) Алдын ала қыздыру үшін температураны 250 °C градусқа қойыңыз.
Пицца, үнемді
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре
деңге
йі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Темпера
тура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Науа түрі
Пицц
а
1000 1 - 200-210 20-30 эмальмен
қапталған
Пицц
а
1000 +
1000
1/2 - 180-200 30 2-деңгей эмальмен
қапталған, 1-деңгей
алюминиймен
қапталған
1)
1) 20 минуттан кейін науалардың орындарын алмастырыңыз.
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға батырылған
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін əдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Тұмшапештің ішін əр пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз,
əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарының
(жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бəрін əр
пайдаланып болған сайын тазалаңыз
да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл
оның ластық тұрмайтын қаптамасын
бүлдіреді!
16
Пештің есігін тазалау
Пештің есігінде бірінен кейін бірі
орналасқан екі қабатты шыны бар.
Оңайырақ тазалау үшін пештің есігі мен
ішкі шыны қабатты шығарып алыңыз.
Назарыңызда болсын! Есік əлі
орнатылып тұрғанда ішкі қабатты
шығарып алуға əрекет жасаған болсаңыз,
пештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті
тазаламас бұрын, шыны қабаттардың
салқын болуын тексеріңіз. Шынының
сынып кету
қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны
қабаттары зақымданған немесе
жарылған кезде, олар əлсіз болып, сынып
кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін
оларды ауыстыру қажет. Қосымша
нұсқауларды алу үшін жергілікті қызмет
көрсету орталығымен байланысыңыз.
Пештің есігі мен шыны қабатты
шығарып алу
1
Есікті толық
ашып, есіктің екі
топсасын ұстап
тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
3
Пештің есігін
бірінші ашу күйіне
(жартылай) қарай
жабыңыз. Алға
қарай тартып, оны
ұясынан шығарып
алыңыз.
1
1
4
Есікті жұмсақ
матамен қорғалған
ыңғайлы жерге
қойыңыз.
Есіктің төменгі
жағындағы 2
бұранданы
шығарып алу үшін
бұрағышты
пайдаланыңыз.
Өте маңызды!
Бұрандаларды
жоғалтып алмаңыз
3
2
2
5
Ішкі есікті ашу
үшін ағаштан,
пластиктен немесе
осыларға балама
заттан жасалған
қалақшаны
пайдаланыңыз
Сыртқы есікті ұстап
тұрып, ішкі есікті
есіктің жоғарғы
шетіне қарай
итеріңіз
6
Ішкі есікті
көтеріңіз
7
Есіктің ішкі
жағын тазалаңыз
Шыны қабатты
сумен жəне
сабынмен
тазалаңыз.
Жақсылап сүртіңіз.
17
Назарыңызда болсын! Шыны
қабатты тек сумен жəне сабынмен
тазалаңыз. Қырғыш тазалау құралдары,
дақ кетіргіштер жəне қырлы заттар (мыс.,
пышақтар немесе қырғыштар) шыныға
зақым келтіруі мүмкін.
Пештің есігі мен шыны қабатын салу
Тазалау рəсімі аяқталғаннан кейін есікті
орнына салыңыз. Мұны орындау үшін
əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
4
4
5
5
6
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
Пешті өшіріңіз.
Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін пештің
табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны
қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына қарсы
бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық қызуға
төзімді, сай келетін шамға
айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Қалдық қызу
индикаторлары жанбайды
Пісіру алаңы ыстық емес,
себебі аз уақытқа ғана
қосылған
Егер пісіру алаңы ыстық
болуы қажет болса, қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз
Құрылғы жұмыс істемей тұр Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғыш босап
кеткен
Сақтандырғышты
тексеріңіз. Сақтандырғыш
бірнеше рет ағытылып
қалса, білікті электрші
маманға хабарласыңыз.
Пеш қызбай тұр Пеш тоққа қосылмаған Пешті тоққа қосыңыз
Пеш қызбай тұр Қажетті параметрлер
орнатылмаған
Параметрлерді
қадағалаңыз
Пештің шамы жанбай тұр Пештің шамында ақау бар Пештің шамын
ауыстырыңыз
18
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Бу мен конденсат тағамның
үстіне жəне пештің ішіне
жиналады
Тағам пеш ішінде ұзақ
уақыт қалып қойған
Тағамды пісіріп болғаннан
кейін пеш ішінде 15-20
минуттан артық
қалдырмаңыз
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пеш корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
Орнату
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғы орнатылатын жер
Жеке тұратын бұл құрылғыңыздың бір
жағын немесе екі жағын ас үй жиһазына
тақатып, не бұрышқа қоюыңызға болады.
B
A
Мин. қашықтық
Өлшемде
рі
мм
A 690
B 150
Техникалық сипаттама
2-ші санат, 1-ші қосымша санат жəне 1-ші
санат құрылғысы.
Өлшемдері
Биіктігі 858 мм
Ені 500 мм
Тереңдігі 600 мм
Жалпы электр
қуаты
8685 Вт
Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц
19
Электр қосылымы
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауындағы сақтық шаралары
орындалмаған жағдайда, өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғымен аша жəне қорек сымы
бірге жеткізілмейді.
Жарамды кабель түрлері: қимасы сай
келетін H05 RR-F сымы.
Қуат сымы құрылғының суретте
көрсетілген жеріне тиіп тұрмауға
тиісті.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кəдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр жəне
электроникалық бұйымдарды жинап
утилизация үшін арнайы контейнерлерге
салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс
түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған
орта менен адам денсаулығына түсіп
пайда бола алатын зиянын болдыртпауын
үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл
бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда
болуы мүмкін
. Осы бұйымның
утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін
жергілікті əкімшілігіңізбен, қалдықтарды
жинап əкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
Орам материалдары
Орам материалдары қоршаған ортаға
зиян келтірмейді жəне оларды қайта
өңдеуге болады. Пластмасса бөлшектер
PE, PS, т.б. сияқты халықаралық
таңбаламамен белгіленген: Орам
материалдарын жергілікті қалдық жинау
мекемесі орнатқан тиісті қоқыс жəшіктеріне
тастаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тастар алдында, бұдан кейін қауіп-
қатер көзіне айналмас үшін іске қосуға
жарамсыз ету керек.
Бұл үшін алдымен ашаны розеткадан
суырып,
құрылғының қорек сымын ағытып
алыңыз.
20
/