жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге
хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Электр сымдарын құрылғының
есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке
тигізуге болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау не жарылыс шығу
қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
ҚАЗАҚ
5