Electrolux EOB2200BOR Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я — чат-помощник, ознакомленный с инструкцией по эксплуатации духового шкафа Electrolux EOB2200. Я могу ответить на ваши вопросы о его функциях, настройках, приготовлении различных блюд и уходе за прибором. В инструкции подробно описаны режимы работы, включая традиционное выпекание, гриль и конвекцию, а также рекомендации по очистке и устранению неполадок.
  • Как включить и выключить духовой шкаф?
    Какие режимы приготовления доступны в этой модели?
    Как использовать таймер?
    Как очистить духовой шкаф?
EOB2200
KK ТҰМШАПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ 2
RU ДУХОВОЙ ШКАФ ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ 24
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
6. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ................................................................................... 9
7. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР...............................................................................9
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................... 9
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 17
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................20
11. ОРНАТУ......................................................................................................... 21
12. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................22
13. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 22
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып,
сымын ауыстыруға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
ҚАЗАҚ 3
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне
www.electrolux.com4
жақындауға, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау не жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
ҚАЗАҚ 5
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
2.4 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.5 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
www.electrolux.com6
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
5
4
3
2
1
3 54 621
8
7
9
10
1
Басқару панелі
2
Тұмшапеш функцияларының тетігі
3
Қуат шамы / белгісі / индикатор
4
Таймер тетігі
5
Температура шамы/белгішесі/
индикаторы
6
Температура тетігі
7
Қыздырғыш элемент
8
Шам
9
Желдеткіш
10
Сөре деңгейлері
3.2 Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
"Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды өз орындарына
қойыңыз.
4.2 Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және
түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде
ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
Тетіктің белгілері,
индикаторлары немесе
шамдарының болуы-
болмауы, құрылғының
үлгісіне байланысты.
Тұмшапеш қызғанда
индикатор жанады.
Құрылғы іске
қосылғанда шам
жанады.
Белгіше арқылы тетіктің
тұмшапеш
функцияларын немесе
температураны
басқаратыны
көрсетіледі.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау
үшін тұмшапеш функцияларының
тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін,
тұмшапеш функциялары мен
температура тетіктерін "сөндіру"
қалпына қойыңыз.
5.2 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Дәстүрлі пісіру Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға
арналған.
Желдеткішпен
пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды 1 емес,
бірнеше сөреге қойып, иістерін сіңірмей қуыруға
немесе қуырып-пісіруге арналған.
Гриль жасау Жалпақ етіп тағамнан гриль жасауға және тост
нанын жасауға арналған.
Жылдам гриль
жасау
Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған
тағамнан гриль жасау және тост жасау үшін.
Пицца
параметрі
Тағамды қатты қызартып, түбін қытырлақ ету
үшін 1 сөреде пісіруге арналған. Температураны
Дәстүрлі пісіру функциясына қарағанда 20 - 40
°C төменірек қойыңыз.
www.electrolux.com8
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Астыңғы қызу Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және тағамды
консервілеуге арналған.
6. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
6.1 Минут операторы +
Пісіруді аяқтау
Бұны тұмшапеш функциясын
автоматты түрде сөндіру уақытын
орнату үшін қолданыңыз.
Құрылғыны уақытты
орнатпай, қолдан іске қосу
үшін таймердің тетігін
қалпына қойыңыз.Минут
операторы + Пісіруді
аяқтау уақыты сөнеді.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Таймердің тетігін шегіне дейін
бұраңыз да, содан кейін қажетті
уақытқа бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Құрылғы сөнеді.
Тұмшапеш функциясының тетігін және
температура тетігін "off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
7. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде
қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
7.2 Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автоматты түрде қосылады.
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
8.1 Жалпылама ақпарат
Құрылғының сөре қоюға арналған
бес деңгейі бар. Сөренің
деңгейлерін құрылғының астыңғы
жағынан бастап санаңыз.
Құрылғы ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің
көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты
мен пайдаланылатын қуат
мөлшерін барынша азайтады.
ҚАЗАҚ 9
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне бу тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам
пісіріп жатқанда құрылғының есігін
ашу қажет болса, әрқашан артқа
шегініңіз. Буды азайту үшін
құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын ылғалды жерлерін
тазалаңыз.
Заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз және тағам пісіріп
жатқан кезде құрылғының ешбір
бөлшектерін алюминий
жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
8.2 Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған
пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өткенше ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына
бір ашық қатар қалдырыңыз.
8.3 Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем
тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте
майлы тағамды пісіргенде шұңғыл
табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің
іші қатты түтіндеп кетпес үшін
шұңғыл табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп
құйып отырыңыз.
8.4 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
8.5 Пісіру және қуыру кестесі
Торттар
Тағам Дәстүрлі пісіру Желдеткіш арқылы
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Көпіршітіл
ген тағам
рецептіле
рі
170 2 160 3 45 - 60 Тортқа
арналған
қалыпта
Ашыған
қамыр
170 2 160 3 20 - 30 Тортқа
арналған
қалыпта
www.electrolux.com10
Тағам Дәстүрлі пісіру Желдеткіш арқылы
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Сарысу
қосылған
чизкейк
170 1 160 1 70 - 80 Торкөз
сөреге
қойылған
26 см
торт
қалыбы
Алма
торты
(Алма
бәліші)
1)
170 2 160 2 (сол
және оң)
80 - 100 Тор
сөреге
қойылған
екі 20 см
торт
қалыбынд
а
Штрудель 175 3 150 2 60 - 80 Пісірме
табақта
Джем
тарталетк
асы
170 2 165 2 (сол
және оң)
30 - 40 26 см
торт
қалыбынд
а
Бисквит
торт
170 2 160 2 50 - 60 26 см
торт
қалыбынд
а
Кристмас
торты /
Көп жеміс
қосылған
торт
1)
160 2 150 2 90 - 120 20 см
торт
қалыбынд
а
Қара өрік
торты
1)
175 1 160 2 50 - 60 Нан
қалыбынд
а
Кішкене
кекстер -
бір
деңгейде
170 3 140 - 150 3 20 - 30 Пісірме
табақта
Кішкене
кекстер -
екі
деңгейде
- - 140 - 150 2 және 4 25 - 35 Пісірме
табақта
ҚАЗАҚ 11
Тағам Дәстүрлі пісіру Желдеткіш арқылы
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Печенье /
тәтті
таспалар
- бір
деңгейде
140 3 140 - 150 3 30 - 35 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар
- екі
деңгейде
- - 140 - 150 2 және 4 35 - 40 Пісірме
табақта
Меренга 120 3 120 3 80 - 100 Пісірме
табақта
Тоқашта
р
1)
190 3 180 3 15 - 20 Пісірме
табақта
Эклер 190 3 170 3 25 - 35 Пісірме
табақта
Тарталетк
а
180 2 170 2 45 - 70 20 см
торт
қалыбынд
а
Көп жеміс
қосылған
торт
160 1 150 2 110 - 120 24 см
торт
қалыбынд
а
Виктория
сэндвич
і
1)
170 1 160 1 50 - 60 20 см
торт
қалыбынд
а
1)
Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
www.electrolux.com12
Нан және пицца
Тағам Дәстүрлі пісіру Желдеткіш арқылы
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Ақ нан
1)
190 1 190 1 60 - 70 1 - 2
бөлке,
біреуі 500
г
Қарабида
й наны
190 1 180 1 30 - 45 Нан
қалыбынд
а
Пицца
1)
230 - 250 1 230 - 250 1 10 - 20 Пісірме
табақта
немесе
шұңғыл
табақта
Шелпек
1)
200 3 190 3 10 - 20 Пісірме
табақта
1)
Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
Ашық бәліштер
Тағам Дәстүрлі пісіру Желдеткіш арқылы
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Паста
фланы
200 2 180 2 40 - 50 Қалып
Көкөніс
фланы
200 2 175 2 45 - 60 Қалып
Киш
1)
180 1 180 1 50 - 60 Қалып
Лазанья
1)
180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40 Қалып
Каннелон
и
1)
180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40 Қалып
1)
Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Ет
Тағам Дәстүрлі пісіру Желдеткіш арқылы
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Сиыр еті 200 2 190 2 50 - 70 Торкөз
сөреде
Шошқа еті 180 2 180 2 90 - 120 Торкөз
сөреде
Бұзау еті 190 2 175 2 90 - 120 Торкөз
сөреде
Шала
қуырылға
н
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 50 - 60 Торкөз
сөреде
Орташа
қуырылға
н
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 60 - 70 Торкөз
сөреде
Жақсы
қуырылға
н
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 70 - 75 Торкөз
сөреде
Шошқаны
ң қол
омыртқас
ы
180 2 170 2 120 - 150 Терісі
алынбаға
н
Шошқаны
ң жіліншігі
180 2 160 2 100 - 120 Екі кесек
Қой еті 190 2 175 2 110 - 130 Қол еті
Тауық еті 220 2 200 2 70 - 85 Бүтін
Күркетау
ық еті
180 2 160 2 210 - 240 Бүтін
Үйрек еті 175 2 220 2 120 - 150 Бүтін
Қаз еті 175 2 160 1 150 - 200 Бүтін
Қоян 190 2 175 2 60 - 80 Кесектеп
туралған
Қоян 190 2 175 2 150 - 200 Кесектеп
туралған
www.electrolux.com14
Тағам Дәстүрлі пісіру Желдеткіш арқылы
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Қырғауыл 190 2 175 2 90 - 120 Бүтін
Балық
Тағам Дәстүрлі пісіру Желдеткіш арқылы
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Бақтақ /
Теңіз
мөңкесі
190 2 175 2 40 - 55 3 - 4
балық
Тунец/
Албырт
балық
190 2 175 2 35 - 60 4 - 6 филе
8.6 Гриль жасау
Бос тұмшапешті тағам
пісірер алдында 3 минут
алдын ала қыздырыңыз.
Тағам Мөлшері Температ
ура (°C)
Уақыт (мин.) Сөренің
орналасу
ы
Саны (г) 1-ші
жағы
2-ші
жағы
Қоң ет
стейктері
4 800 макс. 12 - 15 12 - 14 4
Сиыр
етінің
стейктері
4 600 макс. 10 - 12 6 - 8 4
Шұжықта
р
8 - макс. 12 - 15 10 - 12 4
Туралған
шошқа еті
4 600 макс. 12 - 16 12 - 14 4
Тауық (2-
ге
бөлінген)
2 1000 макс. 30 - 35 25 - 30 4
Кәуап 4 - макс. 10 - 15 10 - 12 4
ҚАЗАҚ 15
Тағам Мөлшері Температ
ура (°C)
Уақыт (мин.) Сөренің
орналасу
ы
Саны (г) 1-ші
жағы
2-ші
жағы
Тауықтың
төс еті
4 400 макс. 12 - 15 12 - 14 4
Гамбурге
р
6 600 макс. 20 - 30 - 4
Балықтың
қоң еті
4 400 макс. 12 - 14 10 - 12 4
Тост
сэндвичте
рі
4 - 6 - макс. 5 - 7 - 4
Қыздыры
лған нан
4 - 6 - макс. 2 - 4 2 - 3 4
8.7 Кептіру - Желдеткішпен
пісіру
Табақтарды май өткізбейтін немесе
пісіруге арналған қағазға салыңыз.
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін
кептіру уақытының жартысы өткен
кезде тұмшапешті тоқтатып, есікті
ашып, кептіруді аяқтау үшін бір түн
ашық қалдырыңыз.
Көкөністер
Тағам Температура
(°C)
Уақыт (сағ) Сөренің орналасуы
1-ші деңгей 2-ші деңгей
Бұршақ 60 - 70 6 - 8 3 1 / 4
Бұрыш 60 - 70 5 - 6 3 1 / 4
Тұздықталаты
н көкөніс
60 - 70 5 - 6 3 1 / 4
Саңырауқұлақ 50 - 60 6 - 8 3 1 / 4
Шөптер 40 - 50 2 - 3 3 1 / 4
Жеміс-жидек
Тағам Температура
(°C)
Уақыт (сағ) Сөренің орналасуы
1-ші деңгей 2-ші деңгей
Қара өрік 60 - 70 8 - 10 3 1 / 4
Сары өрік 60 - 70 8 - 10 3 1 / 4
Алма тілімдері 60 - 70 6 - 8 3 1 / 4
Алмұрт 60 - 70 6 - 9 3 1 / 4
www.electrolux.com16
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Тазалауға қатысты
ескерім
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
зат қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін
тазалау үшін әдетте қолданылатын
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын
пайдаланып болған сайын тазалап
отырыңыз. Май жиналғанда немесе
басқа тағам қалдығы жиналса, өрт
шығуы мүмкін. Гриль табағында
бұндай қауіп одан да күшті.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Керек-жарақтарды әр қолданып
болған сайын тазалап, құрғатып
отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына
ластық тұрмайтын болса, жеміргіш
затпен, өткір қырлы құралмен
тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
9.2 Тот баспайтын болаттан
не алюминийден жасалған
құрылғылар
Тұмшапештің есігін
дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе
түрпілі материалдарды
қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар
тұмшапештің бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару
панелін де осындай сақтық
шараларды орындап
тазалаңыз.
9.3 Есіктің тығыздағышын
тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының
айналасында орналасқан. Есіктің
тығыздағышына нұқсан келсе,
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жапы ақпаратты
қараңыз.
9.4 Тұмшапештің есігін
тазалау
Тұмшапештің есігі екі шыны панельден
тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі
шыны панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді
тұмшапештің есігін алмай
тұрып алғыңыз келсе,
тұмшапештің есігі
жабылып қалуы мүмкін.
ҚАЗАҚ 17
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны ішкі шыны
панельсіз пайдаланбаңыз.
1. Есікті шегіне дейін ашып, есіктің екі
топсасын ұстаңыз.
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз
де бұраңыз.
3. Тұмшапештің есігін бірінші ашу
күйіне жартылай жабыңыз. Есікті
алға қарай тартыңыз да, ұясынан
шығарып алыңыз.
4.
Есікті жұмсақ мата төселген
орнықты жерге қойыңыз.
5. Ішкі шыны панельді алу үшін бекіту
жүйесін босатыңыз.
6. Екі бекітпені 90° градусқa бұраңыз
да, ұясынан шығарып алыңыз.
www.electrolux.com18
90°
7. Әуелі шыны панельді абайлап
көтеріп, содан кейін алыңыз.
1
2
8. Шыны панельді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельді жақсылап
құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін шыны
панельді және тұмшапештің есігін
орнатыңыз. Жоғарыдағы қадамдарды
кері ретпен орындаңыз.
Панельдің бедері бар жағы есіктің ішкі
жағына қарап тұруға тиіс. Орнатып
болғаннан кейін шыны панельдің
безендірілген жағын ұстап көрген
кезде қолға оның бұдыры сезілмеуге
тиіс.
Ішкі шыны панельді ұяларына дұрыс
қойғаныңызды тексеріңіз.
9.5 Шамды ауыстыру
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы
мен құрылғының ішіне нұқсан келмес
үшін қажет.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар!
Сақтандырғышты шамды
ауыстыру алдында
ағытыңыз.
Шам және шамның қақпағы
ыстық болуы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Шамға майдың қалдығы
жұғып күймес үшін, галоген
шамды үнемі шүберекпен
ұстаңыз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз
немесе айырып-қоқышты
ажыратыңыз.
Артқы шам
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C
шамға ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
ҚАЗАҚ 19
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбайды. Тұмшапеш сөндірулі. Тұмшапешті іске
қосыңыз.
Тұмшапеш қызбайды. Минут операторы +
Пісірудің соңын
бағдарламалағыш
орнатылған жоқ.
Минут операторы +
Пісірудің соңын
бағдарламалағышты
орнатыңыз. "Сағат
функциялары" тарауын
қараңыз.
Тұмшапеш қызбайды. Сақтандырғыш ағытылып
қалған.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-
қайта босап кетсе, білікті
электршіге
хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Шамды ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат
тағамның үстіне және
тұмшапештің корпусына
жиналады.
Тұмшапештің ішіне тағам
ұзақ уақытқа қойылған.
Тағамды пісіргеннен
кейін тұмшапеш ішінде 15
- 20 минуттан артық
қалдырмаңыз.
10.2 Қызмет көрсету дерегі
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Техникалық ақпарат тақтайшасы
құрылғы корпусының алдыңғы
жақтауында орналасқан. Құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
www.electrolux.com20
/