Zanussi FCS1020C Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
GETTING
STARTED?
EASY.
User Manual
FCS 1020C
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кір жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 25
Стиральная машина
UK Інструкція 49
Пральна машина
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды жұмыс
істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс ұстау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Ең көп 3 кг салмақ көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың жұмыс
қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа)
аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем, төсеніш
немесе еденнің қаптамасы кедергі жасамауға тиіс.
2
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік жинағын
немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа
түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/немесе буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
Орам материалдарының және тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны көшірген кезде,
ішкі бөліктеріне зақым келмес үшін
барабанды бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ
киім киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге
орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылған еден тегіс, орнықты,
қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны еденнің үстіне тура
орнатпаңыз.
Құрылғы мен еден арасында тиісті орын
қалдыру үшін өзгермелі тіректерді реттеңіз.
Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын
керек-жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып біліңіз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау
желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
3
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
СУҒА ҚОСУ
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату алдында,
жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін
немесе жаңа құралдарды орнатқаннан
кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза
және тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында немесе
бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік тым қысқа болса ұзартқыш
түтікті қолданбаңыз. Су құятын түтікті
ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге ұзартуға
болады. Басқа су төгетін түтік алу немесе
оны ұзарту үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт қаупі,
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Бұл үйде ғана қолдануға арналған құрылғы.
Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
Май немесе басқа да майлы заттар қатты
ластаған маталарды жумаңыз. Бұл кір
жуғыш машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай маталарды кір
жуғыш машинаға салар алдында, алдын
ала қолмен жуыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
шыны есікті ұстамаңыз. Шыны ысып кетуі
мүмкін.
СЕРВИС
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен жабдықтау
желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары барабанға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын тастауға
(WEEE) арналған жергілікті ережелерге
сәйкес тастаңыз.
4
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
МАШИНАНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ЖАҒЫ
1 2
3
4
5
1
Жуғыш зат үлестіргіштің тартпасы
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Сыртқы есіктің жақтауы
5
Құрылғыны деңгейлейтін тіректер
МАШИНАНЫҢ АРТҚЫ ЖАҒЫ
1
2
4
3
5
1
Су төгетін түтік
2
Су құятын түтік
3
Тасымалдау құралдары
4
Электр сымы
5
Тіректер
5
ЖУҒЫШ ЗАТ ДИСПЕНСЕРІ
Негізгі жуу циклында қолданылатын
ұнтақ не сұйық жуғыш затқа
арналған бөлік. Сұйық жуғыш зат
қолдансаңыз, бағдарламаны
бастаудың сәл алдында ғана
құйыңыз.
Алдын ала жуу циклы
бар бағдарламаны
орнатқанда, алдын ала
жуу циклына арналған
жуғыш затты барабанға
тікелей салыңыз.
Сұйық қоспаларға (мата
жұмсартқыш, крахмал) арналған
бөлік.
Кез келген мата жұмсартқышты
немесе крахмалдау қоспаларын жуу
бағдарламасын бастаудың сәл
алдында ғана тартпаға құю керек.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
ECO
1000
900
700
500
D
E
L
I
C
A
T
E
S
Y
N
T
H
E
T
I
C
M
I
X
1 2 3 4 5 6 8 97
1
Жуғыш зат үлестіргіш
2
ЖЫЛДАМ түймешігі /
3
АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі
4
ЭКО түймешігі
5
ҚОСЫМША ШАЮ түймешігі
6
БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
7
Бағдарлама үрдісінің индикаторлары
8
АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі
6
9
Бағдарлама таңдау тетігі
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШ
Жуғыш заттың жуғыш зат пен мата
жұмсартқышқа арналған 2 жеке бөлімшесі бар.
ТАЙМЕР /
Бұл түйменің көмегімен бағдарлама уақытын
30 минуттан 10 минутқа дейін қысқартуға
болады.
АЛДЫН АЛА ЖУУ
Осы функцияның көмегімен машина негізгі
жуу циклінің алдында алдын ала жуу циклін
орындайды. Жуу уақыты ұзарады. Бұл
опцияны қатты кірлеген заттарды жуу үшін
қолдануды ұсынамыз.
ЭКО
Қалыпты кірлеген мақта матаны және
синтетиканы қуатты үнемдей отырып жуғыңыз
келсе, осы параметрді қолдануыңызға
болады.
ҚОСЫМША ШАЮ
Бұл құрылғы қуатты үнемдейтін етіп жасалған.
Егер кірді қосымша сумен шаю (қосымша
шаю) керек болса осы функцияны таңдаңыз.
Қосымша шаю циклдары орындалады. Бұл
функция жуғыш заттарға аллергиясы бар
адамдарға, сондай-ақ суы аса тұщы жерлерде
қолдану үшін ұсынылады.
БАСТАУ/ҮЗІЛІС
Бұл түймешік таңдалған бағдарламаны
бастауға немесе кідіртуге мүмкіндік береді.
ИНДИКАТОР ШАМДАРЫ
A
B
C
D
E
A шамы машина жуу циклін орындап тұрған
кезде жанады.
B шамы машина шаю циклін орындап тұрған
кезде жанады.
C шамы машина айналдыру циклін орындап
тұрған кезде жанады.
D шамы жуу циклі аяқталғанда жанады.
E шамы есікті ашуға болатын-болмайтынын
көрсетеді:
Шам қосулы: есікті ашуға болмайды.
Шам сөндірулі: есікті ашуға болады.
Шам жыпылықтап тұр: есікті көп
кешіктірмей ашуға болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ АЗАЙТУ ТЕТІГІ
Айналдыру жылдамдығын таңдау тетігін бұрау
арқылы, таңдалған бағдарламаның кірді
айналдыру жылдамдығын өзгертуге немесе
Шаюды кідірту немесе Айналдырмау
параметрін таңдауға болады.
БАҒДАРЛАМА ТАҢДАУ ТЕТІГІ
Бұл құрылғыны қосуға/сөндіруге және/немесе
бағдарлама таңдауға мүмкіндік береді.
7
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
ЕСКЕРТУ! Барабаннан кірдің бәрін
алыңыз.
Кір жуғыш машинаны өндіру барысында қалуы
мүмкін қалдықтардан тазалау үшін жуу
бағдарламасын ешбір кір салмай орындаңыз.
Шамамен 100 мл жуғыш затты барабанға тура
құйып, мақта мата циклін 60°C градусқа қойып
орындаңыз. Бағдарлама аяқталған кезде
машина іске қосуға дайын тұрады.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРДІ САЛУ
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
3. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз
жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Тығыздағыш пен
есіктің арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге
нұқсан келуі мүмкін.
Қатты майланған, май дақтары
түскен затты жуғанда, кір жуғыш
машинаның резеңке бөліктеріне
зақым келуі мүмкін.
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН МАТА ЖҰМСАРТҚЫШТЫ
ӨЛШЕП АЛЫҢЫЗ
Үлестіргіш қорапшаны тоқтағанша тартып
шығарыңыз. Жуғыш затты қажетіне орай
өлшеп алып, сол жақтағы үлкенірек бөлікке
салыңыз.
Қажет болса, мата жұмсартқышты белгісі
салынған кішкене бөлікке салыңыз
(пайдаланылатын мөлшері тартпаның «MAX»
таңбасынан аспауға тиіс). Қорапшаны еппен
жабыңыз.
ҚАЖЕТТІ БАҒДАРЛАМАНЫ БАҒДАРЛАМА
ТАҢДАЙТЫН ТЕТІКПЕН ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз. Таңдау тетігін сағат
тілінің бағытымен не сағат тілінің бағытына
қарсы бұрауға болады.
8
түймешігінің жасыл индикаторы
жыпылықтай бастайды.
Таңдалған бағдарламаның барлық
циклдарына қатысты шамдар жанады.
қалпына қойған кезде бағдарлама
бастапқы қалпына қойылады және машина
СӨНЕДІ.
Бағдарламаның соңында машинаны сөндіру
үшін бағдарлама таңдау тетігін қалпына
қойыңыз.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
бағдарлама таңдау тетігін басқа
бағдарламаға қойсаңыз,
таңдаудың қате екенін көрсету
үшін бағдарлама үрдісінің
дисплейіндегі шамдар
жыпылықтай бастайды. Машина
жаңадан таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
АЙНАЛДЫРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН, ШАЮДЫ
КІДІРТУ НЕМЕСЕ АЙНАЛДЫРМАУ
ФУНКЦИЯСЫН ТАҢДАҢЫЗ
Айналдыру жылдамдығын, Шаюды кідірту
немесе Айналдырмау параметрін айналдыру
жылдамдығын таңдау тетігімен таңдаңыз.
Мақта матаға арналған 1000 мин/айн
қалпы, Синтетика және Жүн мата
бағдарламаларында 900 мин/айн-ға,
Баппен жуу бағдарламасында 700 мин/айн-
ға тең.
Шаюды кідірту
Бұл параметрді таңдағанда, киімдер мыжылып
қалмас үшін соңғы шаю циклынан қалған су
түгел төгілмейді. Бағдарлама аяқталғанда D
және E шамдары жанып, суды төгу қажет
екенін көрсетеді (Қараңыз: "Бағдарламаның
соңы").
Айналдырмау
Осы параметрді таңдағанда айналдыру
циклдарының ешбірі орындалмайды. Өте нәзік
матаны жууға арналған. Мақта мата және
синтетика бағдарламалары үшін машина
қосымша шаю циклдарын қосады.
Әр бағдарламада рұқсат етілген ең үлкен
айналдыру жылдамдығы туралы ақпаратты
"Жуу бағдарламалары" тарауынан қараңыз.
ЖЫЛДАМ ОПЦИЯЛАРДЫ ТАҢДАУ
Бағдарламаны бастау алдында бағдарлама
уақытын қысқартуға болады. Күнделікті
кірлейтін заттар үшін осы опцияны
пайдаланыңыз. Тиісті индикатор жанады.
Өте жылдам опциясын таңдағанда, жуу
уақыты мақта мата үшін шамамен 30 минутқа,
синтетика үшін 20 минутқа азаяды. Машина
шаю циклының санын 1-ге азайтады.
Жылдам опциясын таңдағанда, жуу уақыты
шамамен 10 минутқа азаяды. Бұл функция
шамалы кірлеген ақ-/түрлі-түсті және
синтетика заттар үшін ұсынылады.
Бұл опцияны бағдарламаны орнатып,
түймесін баспай тұрып таңдаңыз.
Жылдам немесе Өте жылдам опциясын кез
келген уақытта, түймешігін баспай
тұрып біржола тоқтатуға немесе өзгертуге
болады.
ҚАЖЕТТІ ПАРАМЕТРЛЕРДІ ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарлама түріне қарай әр түрлі
функцияларды біріктіріп пайдалануға болады.
Бұны қажетті бағдарламаны таңдап алған соң,
түймешігін баспай тұрып таңдау қажет.
Тиісті шам жанады.
Егер теріс функция таңдалса, тиісті индикатор
шам шамамен 2 секунд жыпылықтайды.
Опциялардың жуу бағдарламаларымен
үйлесетін-үйлеспейтінін «Жуу
бағдарламалары» тарауынан қараңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін
түймешігін басыңыз; тиісті индикатор шам
жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы
тұрады.
9
Бағдарлама күйінің дисплейінде A және E
индикатор шамдары жанып, құрылғының
жұмыс істей бастағанын және есіктің
құлыптаулы екенін көрсетеді.
ПАРАМЕТРДІ НЕ ОРЫНДАЛЫП ТҰРҒАН
БАҒДАРЛАМАНЫ ӨЗГЕРТУ
Бағдарламаның кейбір функцияларын
орындалмай тұрғанда өзгертуге болады.
Қандай да бір өзгеріс енгізердің алдында, кір
жуғыш машинаны түймешігін басып
үзіліске қою қажет.
Бағдарламаны
түймешігі басылмай
тұрғанда өзгертуге болады. Орындалып
тұрған бағдарламаны, қайта бастапқы
қалпына қойғаннан кейін ғана өзгерте аласыз.
Бағдарлама таңдау тетігін қалпына қойып,
содан кейін жаңа бағдарламаға қойыңыз.
Жаңа бағдарламаны түймешігін қайта
басып бастаңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ
Орындалып тұрған бағдарламаны кідірту үшін
түймешігін басыңыз, тиісті индикатор
жыпылықтай бастайды. Бағдарламаны қайта
бастау үшін түймешікті тағы да басыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны біржола
тоқтату үшін таңдау тетігін қалпына
қойыңыз. Енді жаңа бағдарламаны
таңдауыңызға болады.
БАҒДАРЛАМА БАСТАЛЫП КЕТКЕН СОҢ
ЕСІКТІ АШУ
Әуелі түймешігін басып бағдарламаны
үзіліске қойыңыз.
Біраз минут өткеннен кейін, келесі жағдайлар
орындалса есікті аша беруге болады:
Судың температурасы 55°C градустан
төмен.
Судың деңгейі есіктің астыңғы жиегінен
төмен болса.
Машина кірді айналдырмайды.
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны міндетті
түрде ашу қажет болса, таңдау тетігін
қалпына қойып машинаны сөндіріңіз. Бірнеше
минуттан кейін есікті ашуға болады. (Судың
деңгейі мен температурасына назар
аударыңыз!).
Осы әрекеттен кейін, бағдарлама мен
параметрлерді қайта орнатып, содан кейін
түймешігін басыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Машина автоматты түрде тоқтайды.
D индикатор шамы жанып, бағдарламаның
аяқталғанын көрсетеді. E индикатор шамы
сөнеді; есікті ашып, кірді ала беруге болады.
Бағдарламаның соңында барабан ішінде су
қалса ("Шаюды кідірту" функциясы
таңдалған кезде), суды төгу үшін келесі
нұсқауларды орындаңыз:
бағдарлама таңдау тетігін қалпына
қойыңыз
немесе бағдарламасын таңдаңыз
түймешігін басыңыз
E индикатор шамы сөнген кезде есікті ашып,
кірді ала беруге болады.
Циклдың соңында машинаны сөндіру үшін
бағдарлама таңдау тетігін қалпына
қойыңыз.
Кірді машинадан алыңыз да, барабанның бос
екенін мұқият тексеріңіз. Енді кір жумайтын
болсаңыз, су құятын шүмекті жабыңыз.
Зең мен жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есікті ашық қалдырыңыз.
10
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бағдарлама/
Температура
Кірдің түрі
Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
МАҚТА МАТА
90°C
Ақ мақта мата
(қатты немесе
қалыпты кірлеген
мақта мата заттар)
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ӨТЕ ЖЫЛДАМ/
ЖЫЛДАМ
1)
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1000 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
МАҚТА МАТА
ECO
2)
60°C - 40°C
Ақ мақта мата,
үнемді
(Бұл бағдарламаны
шамалы не қалыпты
кірлеген мақта
матадан жасалған
заттар үшін таңдауға
болады.
Температура
төмендейді де, жуу
уақыты ұзарады. Бұл
қуатты үнемдей
отырып, жуу
нәтижесін
жақсартуға
көмектеседі.)
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ӨТЕ ЖЫЛДАМ/
ЖЫЛДАМ
1)
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ECO
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1000 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
МАҚТА МАТА
60°C - 30°C
Ақ мақта мата
(қалыпты кірлеген
мақта мата заттар).
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ӨТЕ ЖЫЛДАМ/
ЖЫЛДАМ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1000 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
АРАЛАС
20°C
Қуатты өте тиімді
пайдаланатын, суық
сумен жуатын
бағдарлама.
Шамалы кірлеген.
Бұл бағдарламаға
суық суға арналған
жуғыш зат қажет.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 900 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
11
Бағдарлама/
Температура
Кірдің түрі
Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
СИНТЕТИКА
60°C - 30°C
Синтетика не
аралас мата: іш
киім, түрлі түсті
киімдер, отырып
қалмайтын
жейделер, блузалар.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ӨТЕ ЖЫЛДАМ/
ЖЫЛДАМ
1)
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ECO
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 900 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
НӘЗІК МАТА
40°C - 30°C
Нәзік маталар:
акрил, вискоза,
полиэстер.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ӨТЕ ЖЫЛДАМ/
ЖЫЛДАМ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 700 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
ЖҮН МАТА
30°- СУЫҚ ( )
Машинамен жууға
болатын жүн матаға
арналған жуу
бағдарламасы.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 900 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1 кг
ШАЮ
ЦИКЛДАРЫ
Бұл бағдарлама
арқылы қолмен
жуылған, мақта
матадан жасалған
киім-кешектерді
шаюға және
айналдыруға
болады. Машина 3
рет шаяды да,
соңынан ұзақ
айналдыру циклын
орындайды.
Айналдыру
жылдамдығын
азайтуға болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ҚОСЫМША ШАЮ
Шаю циклдары
Айналдыру, макс.
1000 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
СУ ТӨГУ
Шаюды кідірту
функциялары
таңдалған
бағдарламаларда кір
соңғы рет шайылған
суды төгуге
арналған.
Суды төгу
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
12
Бағдарлама/
Температура
Кірдің түрі
Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
АЙНАЛДЫРУ
Қолмен жуылған
киім-кешек үшін
және шаюды тоқтата
тұру параметрі
таңдалған
бағдарламалардан
соң бөлек
айналдыру.
Айналдыру
жылдамдығын
таңдау тетігін бұрап,
айналдырылатын
матаға сай келетін
айналдыру
жылдамдығын
таңдауға болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
Суды төгу және ұзақ
айналдыру
Ең үлкен айналдыру
жылдамдығы 1000
мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
/СӨНДІРУ
Бағдарламаны бастапқы қалпына қою немесе машинаны сөндіруге
арналған
1) Егер осы параметрді таңдасаңыз, ең үлкен салмақты азайтуды ұсынамыз. Мақта мата үшін
ұсынылатын салмақ: 2 кг. Бұл параметрді Үнемді параметрімен таңдауға болмайды.
2) Қуат жапсырмасында көрсетілген мәндерге сай келетін стандартты бағдарламалар.
Бұл бағдарламалар 1061/2010 стандарты бойынша "Стандартты 60 °C мақта мата
бағдарламасы" мен "Стандартты 40 °C мақта мата бағдарламасы"-на сай келеді. Бұл
бағдарламалар қалыпты кірлеген мақта маталарды жууға арналған бағдарламалардың ішіндегі,
қуат және суды тұтыну жағынан қарағанда ең тиімді бағдарламалар болып есептеледі.
ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Көрсетілген мәндер зертхана жағдайында тиісті стандарттар көмегімен алынған.
Әр түрлі себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері және түрі,
қоршаған ортаның температурасы. Судың қысымы, ток кернеуі және берілетін
судың температурасы жуу бағдарламасының ұзақтығына әсер етуі мүмкін.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін техникалық параметрлер алдын ала ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
Бағдарламалар
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Мақта мата 60°C 3 0,90 45 120
Мақта мата, үнемді 60 °C
1)
3 0,90 45 120
Мақта мата 40°C 3 0,45 45 110
13
Бағдарламалар
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Синтетика 40°C 1,5 0,50 50 80
Нәзік мата 40°C 1,5 0,50 52 70
Жүн мата/Қолмен жуу 30°C 1 0,30 60 75
1) бағдарламасы 3 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» үшін, ЕО-
тың 95/12/EО директивасына сай берілген және EN 60456/2005 стандартына сай өлшенген, қуат
мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат ретінде берілген бағдарлама.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,10 0,98
Жоғарыдағы кестеде берілген ақпарат 2009/125/EО директивасын жүзеге асыру үшін ЕО
Комиссиясының 1015/2010 стандартына сай берілген.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
КІР САЛУ
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш
жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
Көп қабатты матадан, жүн матадан және
сурет салынған киімдердің астарын
сыртына аударыңыз.
Қатып қалған дақтарды арнайы жуғыш
затпен тазалаңыз.
Қатып қалған дақтары бар заттарды
барабанға салу алдында жуыңыз және
дағын алдын ала кетіріңіз.
Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз да, перделерді кір жуатын торға
немесе жастықтың тысына салыңыз.
Көмкерілмеген немесе кесілген жерлері
бар заттарды құрылғыда жумаңыз. Кішкене
заттарды жуу үшін (мысалы, сым өткізілген
төс тартқыш, белдіктер, колготкилер, т.с.с.)
кір жууға арналған торды пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе
орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
ОҢАЙ КЕТПЕЙТІН ДАҚТАР
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат
жеткіліксіз болады.
Бұл дақтарды кірді құрылғыға салмай тұрып
алдын ала тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҮСТЕМЕЛЕР
Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не тек жүн
матаға арналған, төмен температурада
жуатын бағдарламаларға (ең көбі 60
°C) арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
14
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен кірдің
деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде
мөлшерлегіш құрал болмаса, (жуғыш зат
өндірушісі қамтамасыз етеді) сұйық жуғыш
затты мөлшерлегіш шарикпен қосыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРІМ
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі
жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын әрқашан кірді ең көп
рұқсат етілетін мөлшерде салғаннан кейін
бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса
дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз. "Судың кермектігі"
тарауын қараңыз.
СУ КЕРМЕКТІГІ
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы
тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін
су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны сабын мен жылы сумен ғана
тазалаңыз. Барлық беттерін әбден
құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Спирт, еріткіш
немесе химиялық заттарды
қолданбаңыз.
ҚАҚТЫ ТАЗАЛАУ
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинаға
арналған қақ тазалайтын құралды қолдануды
ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк
және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір жуғыш
машиналарға арналған арнайы құралдарды
ғана пайдаланыңыз. Бұны кір жумай тұрғанда
орындаңыз.
Бұйымның орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
ТАЗАЛАП ЖУУ
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш зат
қалып қоюы мүмкін. Тазалап жуу
процедурасын уақытылы орындаңыз. Ол үшін:
Барабаннан барлық кірді алыңыз.
Мақта мата бағдарламасын шамалы жуғыш
зат салып, ең жоғары температураға қойып
таңдаңыз.
ЕСІК ТЫҒЫЗДАҒЫШЫ
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп, ішіндегі
заттардың барлығын алыңыз.
ҮЛЕСТІРГІШТІҢ СУЫРМАСЫН ТАЗАЛАУ
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар үлестіргішінің
суырмасын мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет.
1. Қажет болса, машинаны тазалау үшін
жуғыш зат суырмасын тұтас алып қоюға
болады. Тежегіштен шығару үшін қатты
ұстап тұрып тарту керек.
15
2. Суырманың ішіндегі түтікшені тазалау үшін
алғыңыз келсе, оны ішке қарай басып
тұрып, жоғары көтеру керек. Ағып тұрған
суға шайып, жиналып қалған ұнтақ
жуғышты тазалаңыз. Орнына қойған кезде,
"сырт" еткен дыбыс естілгенше төмен
басыңыз.
ТАРТПАНЫҢ ҰЯСЫН ТАЗАЛАУ
Суырманы алғаннан кейін, оның ұясын
кішкене шөткемен тазалап, ұяның астыңғы
және үстіңгі жағынан жуғыш ұнтақты кетіріңіз.
Суырманы орнына қойып, шаю
бағдарламасын барабанға ешбір кір салмай
орындаңыз.
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКТІҢ ЖӘНЕ КЛАПАННЫҢ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
1.
1
2
3
2.
16
3. 4.
45°
20°
МҰЗДАП ҚАЛУ ҚАУПІ
Машина 0°C градустан төмен температурасы
бар жерде тұрса, тиісті сақтық шараларын
орындау керек.
Сумен жабдықтауды тоқтатыңыз.
Су құятын түтікті шүмектен ағытып алыңыз.
Жуу бағдарламасын таңдаңыз, машинаны
іске қосыңыз және бағдарламаны шамалы
уақыт қосып қойыңыз.
Бағдарламаны кідірту үшін бағдарламаны
таңдау тетігін қалпына қойыңыз.
Су құятын және төгетін түтіктердің ұшын
едендегі су жинағышқа салыңыз. Түтіктің
ұшының ақаба су (ақаба) шүмегінің
деңгейінен төмен емес екеніне көз
жеткізіңіз.
"Су төгу" бағдарламасын таңдаңыз да,
соңына дейін қосыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігін қалпына
қойыңыз. Құрылғыны қайта іске қосқыңыз
келген кезде, бөлме температурасының 0
°C градустан жоғары екендігіне көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны температурасы қалыпты бөлме
ішінде ғана қолдану және сақтау керек. Мұз
қату салдарынан болған ақаулық үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРІСПЕ
Кейбір мәселелер қарапайым техникалық
қызмет көрсетілмегендіктен не бақылаудың
аздығынан пайда болатындықтан, оларды
маманды арнайы шақырмай шешуге болады.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласпас бұрын төмендегілерді тексеріңіз.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде сигнал
шамы D жыпылықтап, машинаның жұмыс
істемей тұрғанын көрсетуі мүмкін:
1 рет жыпылықтау: сумен жабдықтауға
қатысты ақаулық.
2 рет жыпылықтау: су төгуге қатысты
ақаулық.
4 рет жыпылықтау: есік ашық.
Ақаулықты түзеткеннен кейін бағдарламаны
қайта бастау үшін түймешігін басыңыз.
Егер осының бәрін тексергеннен кейін ақаулық
түзелмесе, уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
17
ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі
Машина іске қосылмай
тұр:
Есік жабылған жоқ.
Есікті нығыздап жабыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Таңдау тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған және Бастау
түймешігі басылмаған.
Таңдау тетігін бұраңыз да, Бастау түймешігін қайта
басыңыз.
Машинаға су құйылмай
тұр:
Су құятын шүмек жабық.
Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су құятын түтік бұратылып немесе жаншылып қалған.
Су құятын түтіктің қосылымын тексеріңіз.
Су құятын түтіктегі сүзгі бітеліп қалған.
Су құятын түтіктің сүзгісін тазалаңыз.
Есік дұрыс жабылған жоқ.
Есікті нығыздап жабыңыз.
Машинаға су құйылады
да, дереу ағып кетеді:
Су төгетін түтіктің ұшы тым төмен орналасқан.
«Орнату» тарауындағы тиісті параграфты қараңыз.
Машинаның суы
төгілмейді және/не ол
айналмайды:
Су төгетін түтік қысылып немесе бұратылып қалған.
Суды төгетін түтік қосылымын тексеріңіз.
Аяқталғанда су әлі де машина ішінде қалатын немесе ешбір
айналдыру циклдері орындалмайтын функция немесе
бағдарлама таңдалған.
Суды төгу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
Кірді таратып салыңыз.
Еденге су аққан: Жуғыш зат тым көп не жарамайтын жуғыш зат (тым көп көбік
пайда болады) қолданылған.
Жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз не басқа жуғыш
затты пайдаланыңыз.
Су құятын түтіктің жалғастырғыштарының бірінен су ақпай
тұрғанын тексеріңіз. Су түтік арқылы төмен қарай
ағатындықтан, мұны көру оңай бола бермейді; оның дымқыл
болмауын тексеріңіз.
Су құятын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін немесе құятын түтік бүлінген.
Оның орнына жаңасын салыңыз.
18
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі
Жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз:
Жуғыш зат өте аз немесе мүлде жарамсыз жуғыш зат
қолданылған.
Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Қатып қалған дақтар кірді жумай тұрып алдын ала
кетірілмеген.
Қатып қалған дақтарды кетіру үшін дүкенде сатылатын
заттарды пайдаланыңыз.
Температура дұрыс таңдалмаған.
Температураны дұрыс таңдаған-таңдамағаныңызды
тексеріңіз.
Кірдің салмағы шамадан артық.
Кірдің салмағын азайтыңыз.
Есік ашылмайды: Бағдарлама әлі жұмыс істеп тұр.
Жуу циклы аяқталғанша күтіңіз.
Есіктің бұғаты ағытылған жоқ.
Есік индикаторының шамы сөнгенше күтіңіз.
Барабанның ішінде су бар.
Суды төгу үшін төгу не айналдыру бағдарламасын
таңдаңыз.
Машина дірілдегенде
шуыл шығады:
Тасымалдау бұрандалары мен орам материалдары
алынбаған.
Құрылғының дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Тіреуіш аяқтары реттелмеген
Құрылғының дұрыс тіктеп орнатылғандығын тексеріңіз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
Кірді таратып салыңыз.
Барабанға тым аз кір салынуы мүмкін.
Кірді көбірек салыңыз.
Айналдыру кеш
басталады немесе
машина айналмайды:
Теңгерім жоғын анықтайтын электрондық құрал, барабанның
ішіндегі кір біркелкі таратылмағандықтан іске қосылған.
Барабанды кері қарай айналдыру арқылы кір қайта
таратылып салынады. Салмақ теңсіздігі жойылып, барабан
қалыпты айналғанға дейін бұл бірнеше рет қайталануы
мүмкін. Егер 10 минуттан соң барабан ішіндегі кір әлі де
біртегіс таратылмаса, машина айналмайды. Мұндай
жағдайда кірді қолмен таратып салыңыз да, айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
Кірді таратып салыңыз.
Кір тым аз салынған.
Жуылатын заттан көбірек салыңыз, кірді қолмен
таратыңыз да, айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Барабанның ішінде су
көрінбейді:
Қазіргі технологияға сай жасалған машиналар суды өте аз
пайдаланып тиімді жұмыс жасайды және бұл машинаның
жұмысына еш әсер тигізбейді.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
19
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
Өлшемі Ені / Биіктігі / Тереңдігі/
Жалпы тереңдігі
495 мм/ 670 мм/ 515 мм/ 550 мм
Электртоғына қосу Кернеу
Жалпы қуат
Сақтандырғыш
Жиілік
230 В
1600 Вт
10 A
50 Гц
Төмен кернеумен жұмыс істейтін және ылғалға
қарсы қорғалмаған жерлерден басқа жерлердің
барлығы қатты заттар және ылғалдың кіруіне жол
бермейтін қорғаныс қабатымен қорғалған
IPX4
Құйылатын судың
қысымы
Ең азы
Ең көбі
0,5 бар (0,05 MПa)
8 бар (0,8 MПa)
Сумен жабдықтау
1)
Суық су
Ең үлкен салмақ Мақта мата 3 кг
Қуат тиімділігі санаты A
Айналдыру
жылдамдығы
Ең көбі 1000 мин/айн
1) Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
НЕГІЗГІ ЖЕЛІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ
Тоқ уақытша немесе ұзақ уақыт сөніп қалса,
әсіресе, электр желісіндегі жүктеме ең үлкен
номиналды жүктемеден, 2000 ваттан асқанда,
кір жуғыш машинаның жұмысына кедергі
келтіреді. Бұл кернеумен жабдықтауды рұқсат
етілген мәннен, 185 вольттан төмендетеді.
Мұндай кедергі пайда болғанда, көп жағдайда,
қалыпты кернеу қалпына келгенше күту керек.
Бұл кедергілерге жол бермеу үшін
мынаны ұсынамыз:
Кір жуғыш машинаны электр
желісінің жүктемесі артпай
тұрған кезде пайдалану
(мысалы, түнде) керек.
Басқа құрылғылардың жұмыс
істемей тұрғанына көз жеткізу
керек.
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
МАШИНАНЫ КӨТЕРУ
Машинаны көтерген кезде абай болыңыз.
Дұрыс көтермеген кезде адам жарақат алу
және машинаға зақым келу қаупі күшейеді.
Есікті ашыңыз да, есіктің жақтауының ішкі
үстіңгі жағынан ұстаңыз. Машинаны сонымен
қатар артқы үстіңгі жағындағы шығыңқы
жерінен ұстап көтеруге де болады.
20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72

Zanussi FCS1020C Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ