Electrolux EWC1350 Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который прочитал инструкцию по эксплуатации стиральной машины Electrolux EWC1350. Я могу ответить на ваши вопросы о функциях этой модели, программах стирки, уходе за машиной и решении возможных проблем. В инструкции описаны различные программы стирки, функции отжима и дополнительные возможности, например, предварительная стирка и полоскание. Задавайте ваши вопросы!
  • Как выбрать программу стирки?
    Что делать, если машина не включается?
    Как очистить барабан от накипи?
    Как убрать остатки воды после стирки?
EWC1350
KK Кір жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Стиральная машина Инструкция по эксплуатации 25
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ОРНАТУ............................................................................................................. 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 8
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................9
5. ТЕТІКТЕР МЕН ТҮЙМЕЛЕР.............................................................................9
6. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ................................................................................. 10
7. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................12
8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................12
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 16
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 17
11. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ...................................................................................20
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................20
13. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................23
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан
алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
ҚАЗАҚ 3
Бұл құрылғыны үйде немесе соған ұқсас жерлерде
пайдалану керек, мысалы:
дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орындарының ас үйлерінде;
қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас
қонақжайлары мен басқа резиденциялық
жерлерде;
коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын
жерлерде.
Ең көбі 3кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың
жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8
МПа) аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік
жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды пайдаланбаңыз.
2. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
www.electrolux.com4
2.1 Машинаны көтеру
Машинаны көтерген кезде абай
болыңыз. Дұрыс көтермеген кезде
адам жарақат алу және машинаға
зақым келу қаупі күшейеді. Есікті
ашыңыз да, есіктің жақтауының ішкі
үстіңгі жағынан ұстаңыз. Машинаны
сонымен қатар артқы үстіңгі
жағындағы шығыңқы жерінен ұстап
көтеруге де болады.
ЕСКЕРТУ!
Машинаны ешқашан
басқару панелінен, есігінен
немесе жуғыш зат
үлестіргішінен ұстап
көтеруге болмайды.
2.2 Қораптан шығару
Кір жуғыш машинаның барабаны мен
қозғалтқышына тасымал барысында
зақым келмеу үшін бірнеше бекіту
құралдары/орам материалдарымен
бекітіліп, оралып жеткізіледі.
Құрылғыны іске пайдаланар алдында
барлық тасымал болттары мен орам
материалдарын алу керек.
1. Сыртқы орам материалдарын
алыңыз. Қажет болса, кескішті
пайдаланыңыз. Есікті ашыңыз.
Барабаннан барлық заттарды
алыңыз.
2. Полистиролдан жасалған кейбір
орам материалдарын машинаның
артқы жағындағы еденге төсеңіз
де, олардың үстіне машинаны
сыртқы жағын төмен қаратып
абайлап жатқызыңыз. Осы кезде
құрылғының ешбір түтігінің
жаншылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
3. Құрылғының астыңғы жағынан
полистирол төсемді алып
тастаңыз.
4. Машинаны тік қалпына келтіріп
қойыңыз да, қорек сымы мен су
төгетін, құятын түтіктерін
құрылғының артқы жағындағы
ұстағыштардан алыңыз.
5. Машинаның артқы жағындағы үш
бұранда мен оның
тығыздағыштарын сай келетін
кілтпен ағытыңыз.
ҚАЗАҚ 5
6. Содан кейін үш тесікті, барабанның
ішіндегі пайдаланушы нұсқаулығы
салынған қалтадағы пластик
тығындармен тығындау керек.
Құрылғыны көшіргенде
қолдану үшін орам
материалдары мен
тасымалдау болттарын
сақтауды ұсынамыз.
2.3 Орналастыру
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
дірілдемеу, шуыл шығармау не
қозғалып кетпеу үшін оны дұрыс
реттеңіз. Құрылғыны тегіс, қатты
еденге орнатыңыз. Құрылғыны
деңгейлеп және орнықты етіп орнату
керек. Құрылғы қабырғаға немесе
басқа құрылғыларға тимей тұрғанын
және астыңғы жағында ауа алмасуға
мүмкіндік барын тексеріңіз. Деңгейін
реттеу үшін тіректерін босатыңыз
немесе қатайтыңыз. Барлық тіректері
орнықты тұруы керек.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғының деңгейін
реттеу үшін оның
тіректерінің астына картон,
ағаш немесе сол сияқты
заттарды қоймаңыз.
2.4 Су құятын түтік
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны суық
сумен жабдықтау
жүйесіне қосу қажет.
Машинаны жаңа құбыр
жүйесіне немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған
құбыр жүйесіне жалғар
алдында, жиналып
қалуы мүмкін қоқысты
тазалау үшін суды
әжептәуір ағызыңыз.
1. Машинамен бірге жеткізілген су
құятын түтікті 3/4" резьбасы бар
шүмекке жалғаңыз. Әрқашан
құрылғымен бірге жеткізілген түтікті
пайдаланыңыз.
Машинаны су
жүйесіне жалғау үшін
бұрынғы машинадан
қалған түтікті
пайдаланбаңыз.
www.electrolux.com6
2. Су құятын түтіктің машинаға
жалғанатын ұшын кез келген
бағытқа бұрауға болады. Дөңгелек
сомынды босату арқылы түтікті
дұрыстап орнатыңыз. Су құятын
түтікті орналастырғаннан кейін су
жылыстап ақпау үшін, дөңгелек
сомынды қатайтып бұраңыз.
2.5 Су төгу
Суды төгетін түтіктің ұшын үш түрлі
жолмен орнатуға болады:
Машинамен бірге жеткізілген түтктің
пластик бағыттауышы арқылы
раковинаның жиегінен асыра іліп
қою.
Мұндай жағдайда машинадан су
төгілген кезде, түтіктің ұшының
раковина жиегінен шығып кетпеуін
қадағалаңыз. Бұл үшін оны шүмекке
баумен байлап қоюға не қабырғаға
бекітіп қоюға болады.
Раковинаның төлкесі бар су төгетін
түтігі.
650-800 mm
Су төгетін түтікті су төлкесінің тура
үстіңгі жағынан, құбырға тікелей
(мысалы, ванна немесе раковинаның
астыңғы жағында) жалғау керек. Су
төгетін түтікті төсеген кезде оның
кейбір жерін ваннаның үстіңгі жиегімен
деңгейлес жерге орналастырып, сол
жерге бекіту керек.
Ақаба су құбырына 65 см-ден кем
емес және 80 см-ден аспайтын
биіктікте тікелей жалғауға болады.
ø40 mm
650-800 mm
Су төгетін түтіктің айналасында және
ұшының астыңғы жағында ауа
жастықшасы болуға тиіс. Бұл тік
құбырдың ішкі диаметрінің түтіктің
сыртқы диаметрінен үлкен болуға тиіс
екенін көрсетеді.
Түтік тік құбырға 50 мм-ден аса
жақындап кетпеуге және өз орнында
бекітіліп тұруға тиіс. Су төгетін түтік
жаншылып қалмауға тиіс.
Су төгетін түтікті жалпы 3,5 м-ге дейін
ұзартуға болады. Ұзарту үшін ішкі
диаметрі кем дегенде машинаның өз
түтігінің диаметріндей түтікті
пайдаланыңыз. Сай келетін түтік
жалғастырғышты пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 7
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы
көрінісі
1 2
6
7
9
8
4
3
5
1
Жуғыш зат тартпасы
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
тіректер
6
Су төгетін түтік
7
Су құятын түтіктер
8
Тасымал тетіктері
9
Қорек сымы
www.electrolux.com8
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
Eco
Eco
1 2 3 4 5
6
8 97
1
Жуғыш зат үлестіргіш
2
Кешіктіріп бастау түймешігі
3
Алдын ала жуу түймешігі
4
Жылдам түймешігі
5
Қайта шаю түймешігі
6
Бастау/Үзіліс түймешігі
7
Бағдарлама үрдісінің
индикаторлары
8
АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі
9
Бағдарлама таңдау тетігі
5. ТЕТІКТЕР МЕН ТҮЙМЕЛЕР
5.1 Кіріспе
Опциялар/функциялар кей
жуу бағдарламаларында
қолжетімсіз. Опциялар/
функциялар мен жуу
бағдарламаларының өзара
үйлесімділігін "Бағдарлама
кестесінен" қараңыз.
Опциялар/функциялар
басқа функциялармен
үйлеспеуі мүмкін, мұндай
жағдайда құрылғы
үйлеспейтін опциялар/
функцияларды орнатуға
рұқсат бермейді.
5.2 Кешіктіріп бастау
Осы түймешік арқылы бағдарламаны 6
немесе 3 сағат кешіктіріп бастауға
болады. Тиісті индикатор жанып,
таңдалған кешіктіру уақыты
көрсетіледі.
5.3 Алдын ала жуу
Осы функцияның көмегімен машина
негізгі жуу циклінің алдында алдын ала
жуу циклін орындайды. Жуу уақыты
ұзарады. Бұл опцияны қатты кірлеген
заттарды жуу үшін қолдануды
ұсынамыз.
5.4 Жылдам
Осы функцияны таңдағанда жуу
уақыты шамамен 10 минутқа азаяды.
Бұл функция шамалы кірлеген ақ-/
түрлі-түсті және синтетика заттар үшін
ұсынылады.
5.5 Қайта шаю
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын
қосуға болады. Егер кірді қосымша
сумен шаю (қосымша шаю) керек
болса осы функцияны таңдаңыз.
Қосымша шаю циклдары орындалады.
Бұл функция жуғыш заттарға
ҚАЗАҚ 9
аллергиясы бар адамдарға, сондай-ақ
суы аса тұщы жерлерде қолдану үшін
ұсынылады.
Бұл опция бағдарламаның
уақытын ұзартады.
5.6 Бастау/Үзіліс
Бұл түймешік таңдалған
бағдарламаны бастауға немесе
кідіртуге мүмкіндік береді.
5.7 Индикатор шамдары
A
B
C
D
E
A шамы машина жуу циклін орындап
тұрған кезде жанады.
B шамы машина шаю циклін орындап
тұрған кезде жанады.
C шамы машина айналдыру циклін
орындап тұрған кезде жанады.
D шамы жуу циклі аяқталғанда
жанады.
E шамы есікті ашуға болатын-
болмайтынын көрсетеді:
Шам қосулы: есікті ашуға
болмайды.
Шам сөндірулі: есікті ашуға болады.
Шам жыпылықтап тұр: есікті көп
кешіктірмей ашуға болады.
5.8 Айналдыруды азайту тетігі
Айналдыру жылдамдығын таңдау
тетігін бұрау арқылы, таңдалған
бағдарламаның кірді айналдыру
жылдамдығын өзгертуге немесе
Шаюды кідірту
немесе
Айналдырмау
параметрін таңдауға
болады.
5.9 Бағдарлама таңдау тетігі
Бұл құрылғыны қосуға/сөндіруге және/
немесе бағдарлама таңдауға мүмкіндік
береді.
6. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Айналды
ру
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Мақта мата
90 - 30 °C
1300 - 500
мин/айн
3 кг Ақ мақта мата. Қатты және қалыпты
кірлеген.
Эко мақта
мата
1)
60 - 40 °C
1300 - 500
мин/айн
3 кг Ақ және бояуы қанық мақта мата.
Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану
азаяды және жуу бағдарламасының уақыты
ұзарады және жақсы жуу нәтижелерімен
қамтамасыз етеді.
Синтетика
40 - 30 °C
900 - 500
мин/айн
1,5 кг Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
www.electrolux.com10
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Айналды
ру
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Нәзік мата
40 °C
700 - 500
мин/айн
1,5 кг Баппен жууды қажет ететін акрил,
вискоза және аралас маталарға
арналған. Қалыпты кірлеген.
Аралас 20°
20 °C
900 - 500
мин/айн
1,5 кг Шамалы кірлеген мақта мата, синтетика
және аралас матадан жасалған заттарға
арналған арнайы бағдарлама.
Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту
үшін осы бағдарламаны таңдаңыз. Жақсы
жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін жуғыш
затты төмен температурада пайдалануға
болатынына көз жеткізіңіз.
Жүн
40 °C - Суық
( )
900 - 500
мин/айн
1 кг Машинамен жууға болатын жүн маталар
және қолмен жууға болатын «Қолмен
жуу» белгісі бар маталар және жүн
маталар
2)
.
Мини 30°
30°C
700 - 500
мин/айн
1,5 кг Шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет
ететін синтетика және нәзік заттарға
арналған қысқа цикл.
Шаю
циклдары
1300 - 500
мин/айн
3 кг Барлық маталар, жүн мата мен өте нәзік
матадан басқа. Кірді шаятын және
айналдыратын бағдарлама. Мақта мата
бағдарламалар үшін орнатылған әдепкі
айналдыру жылдамдығы қолданылады.
Айналдыру жылдамдығын матаның түріне
қарай азайтыңыз. Қажет болса, қосымша
шаю үшін Қайта шаю опциясын
қолданыңыз. Айналдыру жылдамдығы
төмен болған кезде, құрылғы баппен
шаяды және қысқа айналдырады.
Су төгу
- 3 кг Барабандағы суды төгуге арналған.
Барлық маталар.
Айналдыру
1300 - 500
мин/айн
3 кг Жүн мата мен өте нәзік маталардан
басқа барлық маталар. Кірді айналдыруға
және барабандағы суды төгуге арналған.
1)
Бұл бағдарлама 3 кг кірді 60 °C градуста жуатын GOST R IEC 60456:2010
стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай
тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы
бағдарлама үшін қалыпты жағдай
ҚАЗАҚ 11
Бағдарлама опцияларының үйлесімділігі
Бағдарлама
Мақта мата
1)
Эко мақта
мата
Синтетика
Нәзік мата
Аралас 20°
Жүн
Мини 30°
Шаю
циклдары
Су төгу
Айналдыру
1)
Егер осы параметрді таңдасаңыз, ең үлкен салмақты азайтуды ұсынамыз. Мақта
мата үшін ұсынылатын салмақ: 2 кг.
7. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Құрылғының барлық тасымал
болттарының алынып тұрғанына
көз жеткізіңіз.
2. Ашаны розеткаға қосыңыз.
3. Су құятын шүмекті ашыңыз.
4. Барабанға шамамен 100 мл жуғыш
затты тура құйыңыз.
5. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз. Бұл цикл барабан
мен машинаның ішінде бар болуы
мүмкін қоқыс-кірлердің барлығын
кетіреді.
8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Кірді салу
1. Машина есігін ашыңыз
2. Құрылғыға салмас бұрын
қалталарды босатып, оралған
заттарды ашыңыз.
3. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
www.electrolux.com12
Су төгіліп не кірге зақым
келмес үшін тұмшалағыш
пен есіктің арасына кір
қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Қатты майланған, май
дақтары түскен затты
жуғанда, кір жуғыш
машинаның резеңке
бөліктеріне зақым келуі
мүмкін.
8.2 Жуғыш зат пен үстемелерді салу
Негізгі жуу циклына арналған
ұнтақ немесе сұйық жуғыш зат
бөлігі. Егер сұйық жуғыш затты
пайдалансаңыз, оны
бағдарламаны бастаудың сәл
алдында ғана құйыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
Кез келген мата
жұмсартқышты немесе
крахмалды жуу бағдарламасын
бастау алдында бөлікке құю
керек.
Сұйық үстемелердің
мөлшеріне арналған ең жоғары
деңгей.
Алдын ала жуу опциясы бар бағдарламаны орнатқанда, алдын ала
жуу циклына арналған жуғыш затты барабанға тура салыңыз.
Әрқашан жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз, бірақ макс. ( ) деңгейден асырмауды ұсынамыз.
Дегенмен тамаша жуу нәтижесіне жету жуғыш заттың мөлшеріне
байланысты.
Жуу циклынан кейін, егер қажет болса, жуғыш зат үлестіргіште қалған
жуғыш затты тазалаңыз.
8.3 Қажетті бағдарламаны
бағдарлама таңдайтын
тетікпен таңдаңыз
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз. Таңдау тетігін
сағат тілінің бағытымен не сағат тілінің
бағытына қарсы бұрауға болады.
Бастау/Үзіліс түймешігінің жасыл
индикаторы жыпылықтай бастайды.
Таңдалған бағдарламаның барлық
циклдарына қатысты шамдар жанады.
ҚАЗАҚ 13
қалпына қойған кезде бағдарлама
бастапқы қалпына қойылады және
машина СӨНЕДІ.
Бағдарламаның соңында машинаны
сөндіру үшін бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойыңыз.
Машина жұмыс істеп
тұрған кезде бағдарлама
таңдау тетігін басқа
бағдарламаға қойсаңыз,
таңдаудың қате екенін
көрсету үшін бағдарлама
үрдісінің дисплейіндегі
шамдар жыпылықтай
бастайды. Машина
жаңадан таңдалған
бағдарламаны
орындамайды.
8.4 Айналдыру
жылдамдығын, шаюды кідірту
немесе айналдырмау
функциясын таңдаңыз
Айналдыру жылдамдығын, Шаюды
кідірту немесе Айналдырмау
параметрін айналдыру жылдамдығын
таңдау тетігімен таңдаңыз.
Мақта матаға арналған 1300
мин/айн қалпы, Синтетика және
Жүн мата бағдарламаларында 900
мин/айн-ға, Баппен жуу
бағдарламасында 700 мин/айн-ға
тең.
Шаюды кідірту
Бұл параметрді таңдағанда, киімдер
мыжылып қалмас үшін соңғы шаю
циклынан қалған су түгел төгілмейді.
Бағдарлама аяқталғанда D және E
шамдары жанып, суды төгу қажет
екенін көрсетеді (Қараңыз:
"Бағдарламаның соңы").
Айналдырмау
Осы параметрді таңдағанда
айналдыру циклдарының ешбірі
орындалмайды. Өте нәзік матаны
жууға арналған. Мақта мата және
синтетика бағдарламалары үшін
машина қосымша шаю циклдарын
қосады.
Әр бағдарламада рұқсат етілген ең
үлкен айналдыру жылдамдығы туралы
ақпаратты 'Бағдарлама кестесі'
тарауынан қараңыз.
8.5 Кешіктіріп бастау
функциясын таңдаңыз
Бағдарламаны бастамай тұрып, оны
кешіктіріп бастағыңыз келсе, қажетті
кешіктіріп бастау уақытын таңдау үшін
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
Орнатылған кешіктіру уақытына сай
келетін шамдар жанады.
Бұл опцияны бағдарламаны орнатып,
түймесін баспай тұрып таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, түймешігін баспай тұрып
біржола тоқтатуға немесе өзгертуге
болады.
түймешігін басқаннан кейін
кешіктіріп бастау опциясын
болдырмау:
1. Кір жуғыш машинаны ҮЗІЛІС
параметріне түймешігін басып
қойыңыз.
2.
түймешігін бір рет басыңыз,
таңдалған кешіктіріп бастауға
қатысты шам сөнеді.
3. Бағдарламаны бастау үшін
түймешігін қайта басыңыз.
www.electrolux.com14
Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын, жуу
бағдарламасын қайта
таңдағаннан кейін ғана
өзгертуге болады.
Кешіктіру уақыты кезінде
есік құлыпталып тұрады
("есік құлыптаулы" шамы
жанады).
Кешіктіріп бастау
бағдарламасын келесі
бағдарламамен таңдау
мүмкін емес: Су төгу
немесе Айналдыру.
8.6 Қажетті параметрлерді
таңдаңыз
Бағдарлама түріне қарай әр түрлі
функцияларды біріктіріп пайдалануға
болады. Бұны қажетті бағдарламаны
таңдап алған соң, түймешігін
баспай тұрып таңдау қажет. Тиісті шам
жанады.
Егер теріс функция таңдалса, тиісті
индикатор шам шамамен 2 секунд
жыпылықтайды. Опциялардың жуу
бағдарламаларымен үйлесетін-
үйлеспейтінін «Жуу
бағдарламалары» тарауынан
қараңыз.
8.7 Бағдарламаны бастау
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін
түймешігін басыңыз; тиісті
индикатор шам жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама күйінің дисплейінде A
және E индикатор шамдары жанып,
құрылғының жұмыс істей бастағанын
және есіктің құлыптаулы екенін
көрсетеді.
8.8 Параметрді не орындалып
тұрған бағдарламаны өзгерту
Бағдарламаның кейбір функцияларын
орындалмай тұрғанда өзгертуге
болады.
Қандай да бір өзгеріс енгізердің
алдында, кір жуғыш машинаны
түймешігін басып үзіліске қою қажет.
Бағдарламаны
түймешігі басылмай
тұрғанда өзгертуге болады.
Орындалып тұрған бағдарламаны,
қайта бастапқы қалпына қойғаннан
кейін ғана өзгерте аласыз. Бағдарлама
таңдау тетігін қалпына қойып,
содан кейін жаңа бағдарламаға
қойыңыз. Жаңа бағдарламаны
түймешігін қайта басып бастаңыз.
8.9 Бағдарламаны кідірту
Орындалып тұрған бағдарламаны
кідірту үшін
түймешігін басыңыз,
тиісті индикатор жыпылықтай
бастайды. Бағдарламаны қайта бастау
үшін түймешікті тағы да басыңыз.
8.10 Бағдарламаны
болдырмау
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны
біржола тоқтату үшін таңдау тетігін
қалпына қойыңыз. Енді жаңа
бағдарламаны таңдауыңызға болады.
8.11 Бағдарлама басталып
кеткен соң есікті ашу
Әуелі түймешігін басып
бағдарламаны үзіліске қойыңыз.
Біраз минут өткеннен кейін, келесі
жағдайлар орындалса есікті аша
беруге болады:
Судың температурасы 55°C
градустан төмен.
Судың деңгейі есіктің астыңғы
жиегінен төмен болса.
Машина кірді айналдырмайды.
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны
міндетті түрде ашу қажет болса,
ҚАЗАҚ 15
таңдау тетігін қалпына қойып
машинаны сөндіріңіз. Бірнеше
минуттан кейін есікті ашуға болады.
(Судың деңгейі мен
температурасына назар
аударыңыз!).
Осы әрекеттен кейін, бағдарлама мен
параметрлерді қайта орнатып, содан
кейін түймешігін басыңыз.
8.12 Бағдарламаның соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды.
D индикатор шамы жанып,
бағдарламаның аяқталғанын
көрсетеді. E индикатор шамы сөнеді;
есікті ашып, кірді ала беруге болады.
Бағдарламаның соңында барабан
ішінде су қалса ("Шаюды кідірту"
функциясы таңдалған кезде), суды
төгу үшін келесі нұсқауларды
орындаңыз:
бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойыңыз
Су төгу немесе Айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз
түймешігін басыңыз
E индикатор шамы сөнген кезде есікті
ашып, кірді ала беруге болады.
Циклдың соңында машинаны сөндіру
үшін бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойыңыз.
Кірді машинадан алыңыз да,
барабанның бос екенін мұқият
тексеріңіз. Енді кір жумайтын
болсаңыз, су құятын шүмекті жабыңыз.
Зең мен жағымсыз иіс пайда болмас
үшін есікті ашық қалдырыңыз.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
9.1 Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік және жүн
мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу
нұсқауларын орындаңыз.
Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды
бірге жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін.
Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға
кеңес береміз.
Көп қабатты матадан, жүн матадан
және сурет салынған киімдердің
астарын сыртына аударыңыз.
Қатып қалған дақтарды арнайы
жуғыш затпен тазалаңыз.
Қатып қалған дақтары бар заттарды
барабанға салу алдында жуыңыз
және дағын алдын ала кетіріңіз.
Перделерді абайлап жуыңыз.
Ілгектерін алыңыз да, перделерді
кір жуатын торға немесе жастықтың
тысына салыңыз.
Көмкерілмеген немесе кесілген
жерлері бар заттарды құрылғыда
жумаңыз. Кір жуатын торды шағын
және/немесе өте нәзік заттарды
(мысалы сым өткізілген лифчикті,
белдікті, колготканы, бәтеңкенің
бауларын, лентаны т.б.) жуғанда
пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру
циклі кезінде теңгерімді сақтауға
қатысты мәселе орын алуы мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса,
барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
Жастық қаптарының түймесін
салып, тартпаларды тартып жауып,
ілгектер мен батырма
түймешіктерді салыңыз. Белдікті,
бауды, жіпті, бәтеңкенің бауларын,
лентаны және басқа да бос тұрған
заттардың ұштарын түйістіріп
байлап, салыңыз.
Қалталарды босатып, оралған
заттарды ашыңыз.
www.electrolux.com16
9.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен
жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұл дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып алдын ала тазалауды
ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар
болады. Дақ пен матаның түріне сай
келетін арнайы дақ кетіргішті
қолданыңыз.
9.3 Жуғыш заттар мен
үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған
жуғыш заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне
арналған ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен
жүн тоқымаларға арналған
ұнтақ жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не
тек жүн матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (ең көбі 60 °C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды
араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу
үшін жуғыш затты қажетті
мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін
құралдарды қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
болмаса, (жуғыш зат өндірушісі
қамтамасыз етеді) сұйық жуғыш
затты мөлшерлегіш шарикпен
қосыңыз.
9.4 Қоршаған ортаға қатысты
ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала
жуу циклі жоқ бағдарламаны
қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын әрқашан кірді
ең көп рұқсат етілетін мөлшерде
салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде,
қажет болса дақ кетіргішті
қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде
қолдану үшін, жергілікті су
жүйесіндегі судың кермектігін
тексеріңіз. "Судың кермектігі"
тарауын қараңыз.
9.5 Су кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинада су жұмсартқышты
қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы
жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін
білу үшін су жүйесін басқару
мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы сумен
ғана тазалаңыз. Барлық беттерін
әбден құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Спирт, еріткіш немесе
химиялық заттарды
қолданбаңыз.
10.2 Қақты тазалау
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинаға арналған қақ
ҚАЗАҚ 17
тазалайтын құралды қолдануды
ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл
тексеріп, әк және тот бөлшектерінің
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір
жуғыш машиналарға арналған арнайы
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бұны
кір жумай тұрғанда орындаңыз.
Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды
әрқашан орындаңыз.
10.3 Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы
жуғыш зат қалып қоюы мүмкін.
Тазалап жуу процедурасын уақытылы
орындаңыз. Ол үшін:
Барабаннан барлық кірді алыңыз.
Мақта мата бағдарламасын
шамалы жуғыш зат салып, ең
жоғары температураға қойып
таңдаңыз.
10.4 Есік тығыздағышы
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың барлығын алыңыз.
10.5 Үлестіргіштің суырмасын
тазалау
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар
үлестіргішінің суырмасын мезгіл-мезгіл
тазалап отыру қажет.
1. Қажет болса, машинаны тазалау
үшін жуғыш зат суырмасын тұтас
алып қоюға болады. Тежегіштен
шығару үшін қатты ұстап тұрып
тарту керек.
2. Суырманың ішіндегі түтікшені
тазалау үшін алғыңыз келсе, оны
ішке қарай басып тұрып, жоғары
көтеру керек. Ағып тұрған суға
шайып, жиналып қалған ұнтақ
жуғышты тазалаңыз. Орнына
қойған кезде, "сырт" еткен дыбыс
естілгенше төмен басыңыз.
10.6 Тартпаның ұясын
тазалау
Суырманы алғаннан кейін, оның ұясын
кішкене шөткемен тазалап, ұяның
астыңғы және үстіңгі жағынан жуғыш
ұнтақты кетіріңіз.
Суырманы орнына қойып, шаю
бағдарламасын барабанға ешбір кір
салмай орындаңыз.
www.electrolux.com18
10.7 Су құятын түтіктің және клапанның сүзгісін тазалау
1.
1
2
3
2.
3. 4.
45°
20°
10.8 Мұздап қалу қаупі
Машина 0°C градустан төмен
температурасы бар жерде тұрса, тиісті
сақтық шараларын орындау керек.
Сумен жабдықтауды тоқтатыңыз.
Су құятын түтікті шүмектен ағытып
алыңыз.
Жуу бағдарламасын таңдаңыз,
машинаны іске қосыңыз және
бағдарламаны шамалы уақыт
қосып қойыңыз.
Бағдарламаны кідірту үшін
бағдарламаны таңдау тетігін
қалпына қойыңыз.
Су құятын және төгетін түтіктердің
ұшын едендегі су жинағышқа
салыңыз. Түтіктің ұшының ақаба су
(ақаба) шүмегінің деңгейінен төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз.
"Су төгу" бағдарламасын таңдаңыз
да, соңына дейін қосыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойыңыз. Құрылғыны қайта
іске қосқыңыз келген кезде, бөлме
температурасының 0 °C градустан
жоғары екендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны температурасы қалыпты
бөлме ішінде ғана қолдану және
сақтау керек. Мұз қату салдарынан
болған ақаулық үшін өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
ҚАЗАҚ 19
11. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Көрсетілген мәндер зертхана жағдайында тиісті стандарттар
көмегімен алынған. Әр түрлі себептер деректердің өзгеруіне әкелуі
мүмкін: кірдің мөлшері және түрі, қоршаған ортаның температурасы.
Судың қысымы, ток кернеуі және берілетін судың температурасы
жуу бағдарламасының ұзақтығына әсер етуі мүмкін.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін техникалық параметрлер алдын ала
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Мақта мата 60°C 3 0,90 45 120
Мақта мата, үнемді 60°C
бағдарламасы
1)
3 0,62 35 170
Мақта мата 40°C 3 0,45 45 110
Синтетика 40°C 1,5 0,50 50 80
Нәзік мата 40°C 1,5 0,50 52 70
Жүн мата/Қолмен жуу
30°C
1 0,30 60 75
1)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. 3 кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл
бағдарлама GOST R IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат
жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,10 0,98
Жоғарғы кестеде ақпарат 1015/2010 стандартына сай ЕО Комиссиясының
2009/125/EC директивасын жүзеге асыру үшін берілген.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
12.1 Кіріспе
Кейбір мәселелер қарапайым
техникалық қызмет
көрсетілмегендіктен не бақылаудың
аздығынан пайда болатындықтан,
оларды маманды арнайы шақырмай
шешуге болады. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласпас
бұрын төмендегілерді тексеріңіз.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
сигнал шамы D жыпылықтап,
машинаның жұмыс істемей тұрғанын
көрсетуі мүмкін:
1 рет жыпылықтау: сумен
жабдықтауға қатысты ақаулық.
2 рет жыпылықтау: су төгуге
қатысты ақаулық.
4 рет жыпылықтау: есік ашық.
www.electrolux.com20
/