EDC2086PDW

Electrolux EDC2086PDW Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации сушильной машины Electrolux EDC2086PDW. В этом документе подробно описаны все функции, программы, а также приведены рекомендации по уходу и устранению неполадок. Задавайте мне свои вопросы – я готов вам помочь!
  • Как часто нужно чистить фильтр?
    Что делать, если сушильная машина остановилась во время работы?
    Как включить/выключить звуковую сигнализацию?
    Какова максимальная загрузка белья?
    Можно ли сушить шерстяные вещи?
EDC2086PDW
KK Кептіргіш барабан Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Сушильный барабан Инструкция по эксплуатации 21
UK Сушильний барабан Інструкція 41
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ................................................................................... 8
6. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................10
7. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................12
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................12
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................13
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 14
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 15
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................17
13. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................18
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Бұл құрылғыны орнату және іске қолдану алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан
балалар мен физикалық мүмкіндіктері шектеулі
адамдар, құрылғыны қауіпсіз пайдалану және одан
келетін ықтимал қауіп-қатер туралы нұсқау алса
және/немесе қадағалау үстінде болса пайдалана
алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды үздіксіз бақылауда
болмаса, құрылғыдан алыс ұстау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
ҚАЗАҚ 3
Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір кептіргіш
машина қойылып тұрса, орнату жинағын
пайдаланыңыз. Уәкілетті дилерден алуға болатын
орнату жинағын нұсқауларда көрсетілген, керек-
жарағы бірге жеткізілген құрылғыларда ғана
пайдалану керек. Орнатуды бастамай тұрып
мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын қараңыз).
Бұл құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып ас үй қаптамасының астына
орнатуға болады (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма
есіктің артына немесе топсасы керісінше
орналасқан, құрылғының есігін толық ашуға кедергі
жасайтын жерлерге орнатпаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем, төсеніш немесе еденнің қаптамасы
кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанын тексеріңіз.
Газ немесе басқа жанармай қолданатын
құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан бөлінетін
шығынды газдар қайта бөлмеге кірмес үшін,
құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе
басқа жанармайдан бөлінетін түтіндерді шығаруға
арналған түтік арқылы шығаруға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Ең көп 8 кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Өнеркәсіп химикаттарымен ластанған заттар үшін
осы құрылғыны қолданбаңыз.
www.electrolux.com4
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды немесе орамдарды тазалаңыз.
Құрылғыны сүзгісін салмай іске қоспаңыз.
Пайдаланар алдында немесе пайдаланып
болғаннан кейін қыл-қыбыр сүзгісін тазалаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш
машинада кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат
пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін
қалпақтар, су өткізбейтін текстиль, резеңкемен
астарланған заттар мен киімдерді немесе резеңке
толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
мата жұмсартқыштың нұсқауларына сәйкес
пайдалану керек.
Темекі тұтатқыш немесе сіріңке тәрізді өрт көзіне
айналуы мүмкін заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кір дереу алынып, қызулары тезірек
тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны ешқашан
кептіру циклы аяқталмай тұрып тоқтатпаңыз.
Кір кептіргіш машинаның соңғы циклы кезінде,
киімдердің температурасы киімдерге зақым
келтірмейтін деңгейде болуы үшін қызу бөлінбейді
(салқындату циклы).
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны температурасы 5°C
градустан төмен немесе 35°C
градустан жоғары жерге
орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылған еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғыны орнынан жылжытқан
кезде әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл үйде ғана қолдануға арналған
құрылғы.
Төсемесі немесе толтырмасы
(жыртылған, сөгілген) бар, нұқсан
келген заттарды кептірмеңіз.
Кір кептіргіште кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз.
Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
кептірер алдында қосымша шаю
циклын орындаңыз.
Конденсат/тазартылған суды
ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін
пайдаланбаңыз. Себебі адамдар
мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді кір
кептіргіш машинада кептірмеңіз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
www.electrolux.com6
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2
6
3
4
5
8
9
10
11
7
1
Су сауыты
2
Басқару панелі
3
Құрылғының есігі
4
Бастапқы сүзгі
5
Конденсатор есігінің түймешігі
6
Ауа саңылаулары
7
Реттемелі тірек
8
Конденсатор есігі
9
Конденсатордың қақпағы
10
Конденсатор қақпағының
бекітпелері
11
Техникалық ақпарат тақтайшасы
Кірді оңай салу үшін
немесе ауыстырылатын
есікті оңай орнату үшін.
(ілеспе парақты қараңыз).
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2
7
3
6
5
4
8
1
Бағдарлама түймешесі
2
Дисплей
3
Уақыт сенсорлық түймешігі
4
Delay (Кешіктіру) сенсорлық
түймешігі
ҚАЗАҚ 7
5
Delicate (Нәзік мата) сенсорлық
түймешігі
6
Wool Load (Жүн мата)
сенсорлық түймешігі
7
Бастау/Үзіліс сенсорлық
түймешігі
8
Қосу/Өшіру түймешігі
Сенсорлық түймешіктердің
белгісі немесе функция
атауы көрсетілген тұсын
саусағыңызбен түртіңіз.
Басқару панелін қолданған
кезде қолғап кимеңіз.
Басқару панелінің үнемі
таза және құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз.
4.1 Индикатор шамдары
Индикатор шамдары Сипаттама
Кептіру циклы
Салқындату циклы
Мыжылудан сақтау циклы
Конденсатор
Су сауыты
Сүзгі
Кешіктіріп бастау
Бала құлпы
Дыбыстық сигналдар
Бағдарлама ұзақтығы
-
Кептіру уақыты
-
Кешіктіріп бастау уақыты
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Бағдарламалар Ыдысты салу түрі
Кір (макс.)
1)
/
Мата белгісі
Мақта мата
Extra Dry (Өте
құрғақ)
Кептіру деңгейі: өте құрғақ.
8кг/
Құрғақ
Кептіру деңгейі: құрғақ.
8кг/
www.electrolux.com8
Бағдарламалар Ыдысты салу түрі
Кір (макс.)
1)
/
Мата белгісі
Cupboard Dry
(Шкафқа)
2)
3)
Кептіру деңгейі: шкафқа.
8кг/
Iron Dry
(Үтіктеуге)
2)
Кептіру деңгейі: үтіктеуге жарамды.
8кг/
Synthetic (Синтетика)
Extra Dry (Өте
құрғақ)
Кептіру деңгейі: өте құрғақ.
3,5кг/
Cupboard Dry
(Шкафқа)
2)
Кептіру деңгейі: шкафқа.
3,5кг/
Iron Dry
(Үтіктеуге)
Кептіру деңгейі: үтіктеуге жарамды.
3,5кг/
Жеңіл үтіктеу
Шамалы ғана үтіктеуді қажет ететін,
көп күтім талап етпейтін маталар.
Кептіру нәтижесі матаның түріне қарай
өзгеше болуы мүмкін. Кірлерді
құрылғыға салар алдында сілкілеңіз.
Бағдарлама аяқталған кезде заттарды
дереу алып, ілгішке іліңіз.
1кг (немесе 5
жейде)/
Duvet (Көрпе)
Бір қабат немесе астарлы көрпені,
жастықтарды (құс жүні, мамық,
синтетика салынған) кептіру үшін.
3кг/
Нәзік мата
Нәзік маталар.
2кг/
Жүн мата
4)
Жүн маталар. Жуылатын жүн
маталарды баппен кептіру.
Бағдарлама аяқталған кезде заттарды
дереу алыңыз.
1кг
Спорт киімдерін Кептіру торын
пайдаланып кептіруге ғана арналған
(Кептіру торының пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз).
1 пар спорт аяқ
киімі
Жаңарту
Шкафта тұрған маталарды жаңарту. 1кг
ҚАЗАҚ 9
Бағдарламалар Ыдысты салу түрі
Кір (макс.)
1)
/
Мата белгісі
Time Drying
(Уақыт)
Бұл бағдарламада Уақыт функциясын
қолдануға және бағдарлама уақытын
орнатуға болады.
8кг/
Жылдам
Мақта мата және синтетика
маталарды кептіруге арналған.
2кг/
1)
Ең үлкен салмақ құрғақ заттардың негізінде берілген.
2)
Сынақ институттарына арналған: EN 61121 құжатында көрсетілген сынақтарға
арналған стандартты бағдарламалар.
3)
Мақта мата Cupboard Dry (Шкафқа) бағдарламасы - “Стандартты мақта мата
бағдарламасы”. Бұл қалыпты деңгейдегі дымқыл мақта матаны кептіруге жарамды
және дымқыл мақта матаны кептіргенде қуатты барынша тиімді пайдаланатын
бағдарлама.
4)
Осы машинаның жүн матаны кептіру циклы, машинада жууға болатын жүн
маталарды затбелгісіндегі нұсқауларына және кір жуғыш машина өндірушісінің
нұсқауларына сай жуып, кептірген жағдайда, Woolmark компаниясы тарапынан
сертификатталған. M1221. Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконгта және Индияда
Woolmark белгісі - сертификатталған сауда белгісі болып табылады.
6. ФУНКЦИЯЛАР
6.1 Уақыт
Бұл функцияға Time Drying (Уақыт)
бағдарламасында және Жүн мата
бағдарламасында (Кептіру торы бар
болса ғана) қол жетімді.
Аз кір жуғанда немесе бір
ғана кірді жуған кезде
бағдарлама уақытын
азайтуды ұсынамыз.
Time Drying (Уақыт) бағдарлама:
Бағдарламаның уақытын ең кемі 10
минуттан бастап, ең көбі 2 сағатқа
дейін қоюға болады. Уақыт
параметрі құрылғының ішіндегі
кірдің мөлшеріне байланысты
қойылады.
Жүн мата бағдарлама:
Бағдарламаның уақытын ең кемі 30
минуттан бастап, ең көбі 4 сағатқа
дейін қоюға болады. Уақыт
параметрі құрылғының ішіндегі
кірдің мөлшеріне байланысты
қойылады.
6.2 Wool Load (Жүн мата)
Бұл функция Жүн мата
бағдарламасында ғана жұмыс істейді.
Кірді тағы да кептіргіңіз келсе Wool
Load (Жүн мата) сенсорлық
түймешігін қайта-қайта басып,
бағдарламаның уақытын ұзартыңыз.
6.3 Delicate (Нәзік мата)
Осы функцияның көмегімен төмен
температурасы бар баппен кептіру
бағдарламасын орнатуға болады.
Затбелгісінде белгісі бар (мысалы,
акрил, вискоза) маталар үшін осы
функцияны пайдаланыңыз.
www.electrolux.com10
6.4 Функциялар кестесі
Бағдарламалар
1)
Мақта мата
Extra Dry (Өте
құрғақ)
Құрғақ
Cupboard Dry
(Шкафқа)
Iron Dry
(Үтіктеуге)
Synthetic (Синтетика)
Extra Dry (Өте
құрғақ)
Cupboard Dry
(Шкафқа)
Iron Dry
(Үтіктеуге)
Жеңіл үтіктеу
Duvet (Көрпе)
Нәзік мата
Жүн мата
2)
Жаңарту
Time Drying
(Уақыт)
Жылдам
1)
Бағдарламаға 1 немесе одан көп функцияларды орнатуға болады. Оларды қосу
немесе ажырату үшін тиісті сенсорлық түймешікті басыңыз.
2)
Кептіру торымен ғана (стандартты керек- жарақ немесе қосымша, үлгіге
байланысты).
ҚАЗАҚ 11
7. ПАРАМЕТРЛЕР
A
D
B
C
E
A. Уақыт сенсорлық түймешігі
B. Delay (Кешіктіру)
сенсорлық
түймешігі
C. Delicate (Нәзік мата) сенсорлық
түймешігі
D. Wool Load (Жүн мата)
сенсорлық түймешігі
E. Бастау/Үзіліс сенсорлық
түймешігі
7.1 Бала қауіпсіздігі
функциясы
Бұл параметр бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде, балаларға құрылғымен
ойнауға жол бермейді. Бағдарлама
тетігі мен сенсорлық түймешіктер
бұғатталады.
Қосу/сөндіру түймешігі ғана
бұғатталмай тұрады.
Бала қауіпсіздігі функциясын
қосу:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (A) және (D) сенсорлық түймешігін
бірге басып ұстап тұрыңыз. Бала
қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жанады.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жанады.
Бала қауіпсіздігі
функциясын бағдарлама
жұмыс істеп тұрған кезде
ажыратуға болады. Сол
сенсорлық түймешіктерді
бала қауіпсіздігі
функциясының индикаторы
сөнгенше бірге басып
ұстап тұрыңыз.
7.2 Сигнал қосулы/сөндірулі
Дыбыстық сигналдарды сөндіру
немесе қосу үшін (B) және (C)
сенсорлық түймешіктерін шамамен 2
секунд бірге басып ұстап тұрыңыз.
7.3 Кірде қалған ылғалдың
деңгейін реттеу
Кірде қалған ылғалдың әдепкі деңгейін
реттеу үшін:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (A) және (B) түймешіктерін бірге
басып ұстап тұрыңыз.
Осы индикаторлардың бірі жанады:
өте құрғақ кір
барынша құрғақ кір
қалыпты құрғақ кір
4. (E) түймешігін дұрыс деңгейдің
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
5. Параметрдің өзгергенін растау
үшін (A) және (B) түймешіктерін
шамамен 2 секунд бірге басып
ұстап тұрыңыз.
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Құрылғыны ең алғаш рет пайдалану
алдында:
Кір кептіргіш машинаның
барабанын дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Дымқыл кірлерді салып қысқа
бағдарламаны (мысалы, 30 минут)
бастаңыз.
www.electrolux.com12
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
9.1 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастаңыз
1. Кірді дайындап, құрылғыға
салыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Есікті жапқан кезде
құрылғының есігі мен
резеңке
тығыздағышының
арасына кір
қыстырылып
қалмағанына көз
жеткізіңіз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
Дисплейде бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
Мақта мата және джинс
бағдарламаларындағы
кептіру уақыты 5 кг кірге
арналған. Басқа
бағдарламалардың кептіру
уақыты, кірдің ұсынылған
салмағына байланысты
берілген. 5 кг-нан көп кірге
арналған мақта мата және
джинс бағдарламалардың
кептіру уақыты ұзағырақ.
4. Бастау/Үзіліс сенсор пернесін
басыңыз.
Бағдарлама басталады.
9.2 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте қажетті кешіктіріп
бастау уақыты пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
Бағдарламаны ең кемі
30 минуттан бастап, ең
көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіріп бастай
аласыз.
3. Бастау/Үзіліс сенсор пернесін
басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау
функциясының кері санағы көрінеді.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
9.3 Бағдарламаны өзгерту
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
9.4 Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде:
Үзік-үзік дыбыстық сигнал естіледі.
индикаторы жыпылықтайды.
индикаторы жыпылықтайды.
Бастау/Үзіліс индикаторы жанады.
Құрылғы тағы да 30 минут
қыжымданып қалудан сақтау циклын
қосып, жұмысын жалғастырады.
Қыжымданып қалудан сақтау циклы
кірдің бырысын жазады.
Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл
аяқталмай тұрып алуға болады.
Жақсырақ нәтижеге қол жеткізу үшін
кірді цикл аяқталуға жақын қалған
кезде алуды ұсынамыз.
Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл
аяқталған кезде:
индикаторы жанып тұрады, бірақ
жыпылықтамайды.
индикаторы жанып тұрады, бірақ
жыпылықтамайды.
Бастау/Үзіліс индикаторы өшеді.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының есігін ашыңыз.
ҚАЗАҚ 13
3. Кірді алып шығыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз.
Бағдарлама аяқталған
кезде сүзгіні әрқашан
тазалаңыз және су
сауытын босатыңыз.
9.5 Күту режимі
Пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, бұл функция құрылғыны
келесі жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
Егер бағдарламаны бастамасаңыз
5 минуттан кейін.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткен кезде.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Кірді дайындау
Тартқыштарын жабыңыз.
Көрпе тыстарының түймелерін
салыңыз.
Галстук немесе бантиктерді
(мысалы, фартук бауларын) сол
күйінде кептірмеңіз. Оларды
бағдарламаны бастамай тұрып
байлаңыз.
Қалталардағы барлық заттарды
алыңыз.
Заттың ішкі қабаты мақта матадан
жасалса, астарын сыртқа
аударыңыз. Мақта мата қабатының
әрқашан сыртқа қарап тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғыға салынған маталардың
түріне сай келетін дұрыс
бағдарламаны орнатуды ұсынамыз.
Баран киімдерді ашық түсті
киімдермен бірге салмаңыз. Баран
түсті бояулар ағып кетеді.
Мақта мата, джерси және тоқыма
заттар отырып қалмау үшін сәйкес
келетін бағдарламаны орнатыңыз.
Кірдің салмағы бағдарлама
кестесіндегі максималды салмақтан
аспағанына көз жеткізіңіз.
Кептіргіш машинамен кептіруге
болатын кірлерді ғана кептіріңіз.
Заттардың матасындағы затбелгіні
қараңыз.
Үлкен және кішкене заттарды бірге
кептірмеңіз. Кішкене заттар үлкен
заттардың ішіне кіріп, кеппей қалуы
мүмкін.
Матаның
затбелгісі
Сипаттама
Кептіргіш машинамен кептіруге жарамды кір.
Кептіргіш машинамен жоғары температурада кептіруге
жарамды кір.
Кептіргіш машинамен төмен температурада ғана кептіруге
жарамды кір.
Кептіргіш машинамен кептіруге жарамсыз кір.
www.electrolux.com14
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
11.1 Сүзгіні тазалау
1. 2.
1
2
3. 4.
5.
1)
6.
2
1
1)
Қажет болса, сүзгіні ыстық сумен тазалаңыз.
11.2 Су сауытын босату
1. 2.
3. 4.
ҚАЗАҚ 15
Су сауытындағы суды
тазартылған судың орнына
(мысалы, булап үтіктеу
үшін) пайдаланыңыз. Суды
пайдаланар алдында
қалдықтарын сүзгімен
тазалаңыз.
11.3 Конденсаторды тазалау
1. 2.
3.
2
1
4.
11
2
1
1
5. 6.
7. 8.
11
1
2
2
3
11.4 Барабанды тазалау
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны тазалар
алдында тоқтан ағытыңыз.
Барабанның ішкі беті мен барабан
көтергіштерді тазалау үшін стандартты
бейтарап сабынды жуғышты
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
www.electrolux.com16
АБАЙЛАҢЫЗ
Барабанды тазалау үшін
жеміргіш материалдарды
немесе темір жүн жөкені
қолданбаңыз.
11.5 Басқару панелі мен
корпусын тазалау
Басқару панелі мен корпусын тазалау
үшін стандартты, бейтарап сабынды
жуғышты қолданыңыз.
Тазалау үшін дымқыл шүберекті
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны жиһаз
тазалайтын заттармен
немесе тот бастыратын
жуғыш заттармен
тазаламаңыз.
11.6 Ауа шығатын
саңылауларын тазалау
Желдеткіш саңылаулардағы қыл-
қыбырды тазалау үшін шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Ашаның розеткаға қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы (үй
желісіндегі) сақтандырғышты
тексеріңіз.
Бағдарлама басталмай тұр. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының есігі жабылмайды. Сүзгінің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының есігі мен резеңке
тығыздағышының арасына кір
қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрып тоқтап
қалады.
Су сауытының бос екеніне көз
жеткізіңіз. Бағдарламаны қайта бастау
үшін Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Цикл уақыты тым ұзақ немесе кептіру
нәтижесі қанағаттанғысыз.
1)
Кірдің салмағының бағдарлама
уақытына сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сүзгінің таза екеніне көз жеткізіңіз.
Кір өте дымқыл. Кірді кір жуғыш
машинаға салып қайта айналдырыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бөлме температурасының +5°C
градустан жоғары және +35°C
градустан төмен болуын қамтамасыз
етіңіз. Бөлменің оңтайлы
температурасы 19°C градустан 24°C
градусқа дейін.
Time Drying (Уақыт) немесе Extra Dry
(Өте құрғақ) бағдарламасын
орнатыңыз.
2)
Дисплейде Err көрсетіледі. Егер жаңа бағдарлама орнатқыңыз
келсе, құрылғыны сөндіріңіз де,
қосыңыз.
Функциялардың бағдарламаға сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Дисплейде көрсетіледі (мысалы, E51). Құрылғыны сөндіріңіз де, іске қосыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастаңыз.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
1)
Ең көбі 5 сағат өткеннен кейін бағдарлама автоматты түрде аяқталады.
2)
Үлкен заттарды (мысалы, үлкен ақжаймалар) кептірген кезде кей жерлері дымқыл
қалпы қалуы мүмкін.
Егер кептіру нәтижелері
қанағаттанарлық болмаса
Дұрыс бағдарлама орнатылмаған.
Сүзгі бітеліп қалған.
Конденсатор бітеліп қалған.
Құрылғыға өте көп кір салынған.
Барабанның іші лас.
Өткізгіш сенсорының параметрі
дұрыс орнатылмаған (Жақсырақ
параметрді "
Параметрлер - Кірде
қалған ылғал деңгейін реттеу
"
тарауынан қараңыз).
Ауа шығаратын саңылаулар
бітелген.
Бөлме температурасы тым төмен
немесе тым жоғары (бөлменің
оңтайлы температурасы 19°C
градустан 24°C градусқа дейін)
13. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
Биіктігі x Ені x Тереңдігі 850 x 600 x 600 мм (ең көбі 630 мм)
Құрылғының есігі ашық тұрған кездегі
макс. тереңдігі
1090 мм
Құрылғының есігі ашық тұрған кездегі
макс. ені
950 мм
Реттеуге болатын биіктік 850 мм (+ 15 мм - тіректерді реттеу)
Барабанның сыйымдылығы 118 л
Кірдің макс. салмағы 8 кг
www.electrolux.com18
Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц
Қажетті сақтандырғыш 10 A
Жалпы қуаты 2250 Вт
Қуат тиімділігі санаты B
Қуатты тұтыну
1)
4,80 кВт/сағ
Жылдық пайдаланылатын қуат
көлемі
2)
560 кВт/сағ
Қосулы тұрғанда пайдаланылатын қуат
мөлшері
0,50 Вт
Сөндірулі тұрғанда пайдаланылатын
қуат мөлшері
0,50 Вт
Қолдану түрі Тұрмыста қолдану
Рұқсат етілген бөлме температурасы + 5°C бастап + 35°C дейін
Төмен кернеумен жұмыс істейтін және
ылғалға қарсы қорғалмаған жерлерден
басқа жерлердің барлығы қатты заттар
және ылғалдың кіруіне жол бермейтін
қорғаныс қабатымен қорғалған
IPX4
1)
EN 61121 стандарты бойынша. 8 кг мақта мата 1000 мин/айн бойынша
айналдырылады.
2)
Жылдық пайдаланылатын қуаттың кВт/сағ мәнімен көрсетілетін көлемі, мақта
матаны толтыра және жартылай толтыра салып, қуат аз тұтынатын стандартты мақта
мата бағдарламасымен 160 кептіру циклын орындау негізінде анықталған. Әр циклдың
пайдаланатын қуатының мөлшері құрылғының қалай пайдаланылғанына байланысты
(REGULATION (EU) № 392/2012).
13.1 Ресурстарды пайдалану ақпараты
Бағдарлама
Айналдыру / қалған
ылғалдылық
Кептіру
уақыты
Қуатты
тұтыну
Мақта мата 8 кг
Cupboard Dry
(Шкафқа)
1400 мин/айн / 50% 130 мин.
4,21
кВт/сағ
1000 мин/айн / 60% 146 мин.
4,80
кВт/сағ
Iron Dry (Үтіктеуге) 1400 мин/айн / 50% 110 мин.
3,49
кВт/сағ
1000 мин/айн / 60% 126 мин.
3,98
кВт/сағ
ҚАЗАҚ 19
Бағдарлама
Айналдыру / қалған
ылғалдылық
Кептіру
уақыты
Қуатты
тұтыну
Synthetic (Синтетика) 3,5 кг
Cupboard Dry
(Шкафқа)
1200 мин/айн / 40% 52 мин.
1,50
кВт/сағ
800 мин/айн / 50% 59 мин.
1,71
кВт/сағ
14. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
www.electrolux.com20
/