Electrolux EWW51696SWD Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который прочитал инструкцию по эксплуатации стирально-сушильной машины Electrolux EWW51696SWD. Я знаю о различных программах стирки и сушки, функциях, таких как отложенный старт и паровая обработка, а также о правилах ухода за машиной. Задавайте свои вопросы – я с удовольствием помогу!
  • Как выбрать правильную программу стирки?
    Что делать, если машина выдает ошибку?
    Как использовать функцию отложенного старта?
    Как правильно загружать белье в машину?
    Как ухаживать за машиной?
EWW51696SWD
KK Жуғыш-кептіргіш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Стирально-сушильная машина Инструкция по эксплуатации 38
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 4
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 7
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 8
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................9
5. БАҒДАРЛАМАЛАР ......................................................................................... 10
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................15
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................16
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................17
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................18
10. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК ЖУУ.........................................................18
11. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК КЕПТІРУ..................................................23
12. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ.....................................24
13. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 26
14. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 28
15. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................32
16. ЕСІКТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА АШУ............................................................35
17. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................36
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
www.electrolux.com2
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 3
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан
балалар мен физикалық мүмкіндіктері шектеулі
адамдар, құрылғыны қауіпсіз пайдалану және одан
келетін ықтимал қауіп-қатер туралы нұсқау алса
және/немесе қадағалау үстінде болса пайдалана
алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды
жұмыс істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс
ұстау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
www.electrolux.com4
Құрылғыны жеке тұратын құрылғы ретінде немесе
өлшемдері сай келсе ас үй қаптамасының астына
орнатыңыз.
Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма
есіктің артына немесе топсасы керісінше
орналасқан, құрылғының есігін толық ашуға кедергі
жасайтын жерлерге орнатпаңыз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанын тексеріңіз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем, төсеніш немесе еденнің қаптамасы
кедергі жасамауға тиіс.
Газ немесе басқа жанармай қолданатын
құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан бөлінетін
шығынды газдар қайта бөлмеге кірмес үшін,
құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе
басқа жанармайдан бөлінетін түтіндерді шығаруға
арналған түтік арқылы шығаруға болмайды.
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың
жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8
МПа) аралығында болуы керек.
Ең көп 9 кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік
жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды немесе орамдарды тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Тағам пісіретін көкөніс майы, ацетон, спирт,
бензин, керосин, дақ кетіргіштер, скипидар,
балауыз және балауыз кетіргіш тәрізді заттарды,
кір кептіргіш машинамен кептірмей тұрып, қосымша
жуғыш зат пайдаланып, ыстық сумен жеке жуу
керек.
Өнеркәсіп химикаттарымен ластанған заттар үшін
осы құрылғыны қолданбаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Көбік резеңке (латекс көбік), монша қалпақтарын,
су өткізбейтін текстильді, резеңкемен астарланған
заттарды және киімдерді немесе резеңке
толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
өнім өндірушісінің нұсқауларына сәйкес ғана
пайдалану керек.
Темекі тұтатқыш немесе сіріңке тәрізді өрт көзіне
айналуы мүмкін заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кірді дереу алып, қалдық қызулары
тезірек тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны
ешқашан кептіру циклы аяқталмай тұрып
тоқтатпаңыз.
Кептіргіштің соңғы циклы заттардың
температуралары оларға зақым келтірмейтіндей
төмен болуы үшін ешбір қызусыз (салқындату
циклы) орындалады.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
www.electrolux.com6
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғыны орнынан жылжытқан
кезде әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Құрылғы орнатылған еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны
көшірген кезде, ішкі бөліктеріне
зақым келмес үшін барабанды
бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
Құрылғы мен еден арасында тиісті
орын қалдыру үшін өзгермелі
тіректерді реттеңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл үйде ғана қолдануға арналған
құрылғы.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде шыны есікті ұстамаңыз.
Шыны ысып кетуі мүмкін.
Төсемесі немесе толтырмасы
(жыртылған, сөгілген) бар, нұқсан
келген заттарды кептірмеңіз.
Кір дақ кетіргішпен жуылған болса,
кептіру циклын бастау алдында
қосымша шаю циклын қосыңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 7
Кір жуғыш-кептіргіш машинада
кептіруге болатын маталарды ғана
кептіріңіз. Матаның затбелгісіндегі
тазалауға қатысты нұсқауларды
орындаңыз.
Пластик заттар қызуға төзімді емес.
Жуғыш зат шаригін
қолдансаңыз, кептіру
бағдарламасын бастамай тұрып
алыңыз.
Тоқтамайтын бағдарламаны
орнатсаңыз, жуғыш зат шаригін
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді
құрылғыға салып кептірмеңіз.
2.5 Құрылғыны тастау
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
1
2
3
5
6
7
4
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
тіректер
3.2 Орнатуға арналған жинақ
(4055171146)
Уәкілетті дилерден алуға болады.
Егер құрылғыны плинтусқа
орнатсаңыз, құрылғыны орнату
тақтайшасына бекіту керек.
Керек-жарақтармен бірге берілген
нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
www.electrolux.com8
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
Предв
.
стирка
53 4
1011
8
7
9
6
1 2
1
Қосу/Өшіру түймешігі (ВКЛ/
ВЫКЛ)
2
Бағдарлама түймешесі
3
Айналдыруды азайтатын
сенсорлық түймешік (Отжим)
4
Температура сенсорлық түймешігі
(Температура)
5
Дисплей
6
Кептіру сенсорлық түймешігі
(Время сушки)
7
Кешіктіріп бастау сенсорлық
түймешігі
(Oтсрочка старта)
8
Алдын ала жуу сенсорлық
түймешігі (Предв. стирка)
9
Кептіру деңгейінің сенсорлық
түймешігі (Уровень сушки)
10
Бастау/Үзіліс сенсорлық түймешігі
(Старт/Пауза)
11
Уақытты басқару сенсорлық
түймешігі (Time Manager)
4.2 Дисплей
A B C
D
E
F
GH
I
J
K
A. Температура аумағы:
: Температура индикаторы
ҚАЗАҚ 9
: Суық су индикаторы
B. : Таймер индикаторы.
C. Уақыт аумағы:
: бағдарламаның ұзақтығы
: кешіктіріп бастау
: ескерту кодтары
: ақаулық хабарлары
: бағдарлама аяқталды.
D.
: Кептіру циклы.
E. : Бу циклы.
F. : Тұрақты қосымша шаю
опциясы.
G.
, , : Құрғақтық деңгейінің
индикаторлары.
H. Айналдыру аумағы:
: Айналдыру
жылдамдығының индикаторы
: Айналдырмау
индикаторы
: Шаюды кідірту индикаторы
I. : Жуу циклы.
J.
: Бала қауіпсіздігі құралының
индикаторы.
K. : Есік құлыптаулы индикаторы
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
5.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Хлопок
90°C- Суық
9 кг
1600 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата.
Қалыпты және шамалы
ластанған кір.
Хлопок Экo
1)
60°C - 40°C
9 кг
1600 мин/айн
Ақ және бояуы қанық мақта
мата. Орташа кірлеген. Қуатты
пайдалану азаяды және жуу
бағдарламасының уақыты
ұзарады.
Cтирка&Cушка 60 мин
40°C - 30°C
1 кг
1200 мин/айн
Аралас матадан (мақта мата
және синтетика заттар) жасалған
аз мөлшердегі заттарды жууға
арналған, жуу және кептіру
циклынан тұратын толық
бағдарлама.
Синтетика
60°C- Суық
4 кг
1200 мин/айн
Синтетика немесе аралас
матадан жасалған заттар.
Орташа кірлеген.
Тонкие ткани
40°C- Суық
4 кг
1200 мин/айн
Акрил, вискоза, полиэстер
сияқты биязы матадан
жасалған заттар. Орташа
кірлеген.
www.electrolux.com10
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Шелк
30°C
1 кг
1000 мин/айн
Жібек мата және аралас
синтетика заттарға арналған
арнайы бағдарлама.
Шерсть/Ручная стирка
40°C- Суық
1,5 кг
1200 мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік
маталар, машинамен жууға
болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн
маталар
2)
Одеяла
60°C- Суық
3 кг
800 мин/айн
Бір синтетикалық төсек
жапқыш, көрпе, төсек
жабдығы т.с.с. заттарды жууға
арналған арнайы бағдарлама.
Отжим/Слив
3)
9 кг
1600 мин/айн
Кірді айналдыруға және
барабандағы суды төгуге
арналған. Жүн мата мен өте
нәзік маталардан басқа
барлық маталар..
Полоскание
Суық
9 кг
1600 мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға
арналған. Барлық маталар, жүн
мата мен өте нәзік матадан
басқа. Айналдыру жылдамдығын
матаның түріне қарай
азайтыңыз.
Кептіру бағдарламалары
Сушка шерсти
1 кг Жүн матаны кептіруге арналған
бағдарлама.
Сушка синтетики
3 кг Синтетикалық заттарды
кептіруге арналған бағдарлама.
Сушка хлопка
6 кг Мақта мата заттарды кептіруге
арналған бағдарлама.
ҚАЗАҚ 11
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Бу бағдарламалары
4)
Бу циклін кепкен, жуылған немесе бір рет жуылған кір үшін қолдануға болады.
Бұл бағдарламалар кірдің қыжымдануын және иісін азайтып, матаны барынша
жұмсартады.
Ешбір жуғыш зат қолданбаңыз. Егер қажет болса, дақты жуу немесе жумай
тұрып тазарту арқылы кетіріңіз.
Бу бағдарламалары ешбір зарарсыздандыру циклін орындамайды.
Мына заттар үшін Бу бағдарламасын орнатпаңыз:
40°C градустан төмен температурада жуылатын заттар.
затбелгісінде кептіргіш машинада кептіруге болады деп көрсетілмеген
заттар.
Пластик, темір, ағаш немесе т.б. тағылған заттардың барлығы.
Освежить паром
1,5 кг Мақта мата және синтетика
заттардың қыжымын жазуға
немесе жаңартуға арналған бу
бағдарламасы.
Қол жетімді циклдарды таңдау
үшін Time Manager түймелерін
басыңыз:
Қыжымданудан сақтау
(әдепкі бағдарлама ұзақтығы)
Жаңарту (қысқа
бағдарламаның ұзақтығы)
1)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60ºC градуспен жуатын, 9 кг
салмаққа арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC
92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты
аз тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты
ұзарады.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай
тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін.
3)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Жуылып жатқан кірдің түріне сай келетініне
көз жеткізіңіз. Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, су төгу циклы ғана жұмыс
істейді.
4)
Бу бағдарламасын кепкен кір үшін орнатқан кезде, цикл соңында кір дымқыл болуы
мүмкін. Кірді кептіріп алу үшін таза ауаға шамамен 10 минут жаю керек. Бағдарлама
аяқталған кезде кірді барабаннан дереу алыңыз. Бу циклі аяқталғаннан кейін,
заттарды бәрібір үтіктеу керек, бірақ ол жеңіл үтіктеледі.
www.electrolux.com12
Бағдарлама параметрлерінің үйлесімділігі
Бағдарлама
Хлопок
Хлопок Экo
Cтирка&Cушка 60 мин
Синтетика
Тонкие ткани
Шелк
Шерсть/Ручная стирка
Одеяла
Отжим/Слив
1)
Полоскание
1)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Жуылып жатқан кірдің түріне сай келетініне
көз жеткізіңіз. Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, су төгу циклы ғана жұмыс
істейді.
5.2 Автоматты түрде кептіру
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салыным
Extra Dry (Өте құрғақ)
Сүлгі материалдарына
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
6 кг-ға дейін
Cupboard Dry (Шкафқа)
1)
Сақтап қоюға арналған заттарға
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
6 кг-ға дейін
Синтетика және аралас
маталар
(джемпер, блуза, іш
киімдер, тұрмыста
пайдаланылатын
жапқыштар)
3 кг-ға дейін
Жібек маталар
(блузалар, жейделер,
киімдер.)
1 кг-ға дейін
Жүн мата заттар (жүн
жейделер)
1 кг-ға дейін
ҚАЗАҚ 13
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салыным
Iron Dry (Үтіктеуге)
Үтіктеуге жарамды
Мақта мата және Зығыр
мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер
т.с.с.)
6 кг-ға дейін
1)
Сынақтан өткізетін мекемеге арналған кеңестер EN 50229 стандартына сай
сынақты БІРІНШІ кептірілетін кірді салып, ең үлкен көрсетілген кептіру параметрлері
бойынша, (кірдің құрамы EN61121 стандартына сай) АВТ. ШКАФҚА бағдарламасын
Мақта мата режиміне қойып орындау керек. ЕКІНШІ кептірілетін кірлерді қалған кірмен
бірге, АВТ. ШКАФҚА бағдарламасын Мақта мата режиміне қойып орындау керек.
5.3 Уақыты қойылған кептіру циклы
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салмақ
(кг)
Айналд
ыру
жылда
мдығы
(айн/
мин)
Ұсынылат
ын уақыт
(мин)
Extra Dry (Өте
құрғақ)
Сүлгі
материалдарына
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
6 1600 225 - 245
4 1600 135 - 155
2
1600 95 - 105
Cupboard Dry
(Шкафқа)
Сақтап қоюға
арналған заттарға
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
6 1600 215 - 235
4 1600 125 - 145
2 1600 85 - 95
Cupboard Dry
(Шкафқа)
Сақтап қоюға
арналған заттарға
арналған
Синтетика және аралас
маталар
(джемпер, блуза, іш
киімдер, тұрмыста
пайдаланылатын
жапқыштар)
3 1200 135 - 145
1 1200 40 - 50
Жүн мата
(жүн джемперлер)
1 1200 110 - 130
Жібек мата
(блуза, жейде, киім т.с.с.)
1 1000 80
Iron Dry (Үтіктеуге)
Үтіктеуге жарамды
Мақта мата және Зығыр
мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер
т.с.с.)
6 1600 185 - 205
4 1600 95 - 115
2 1600 75 - 85
www.electrolux.com14
5.4 Woolmark Apparel Care -
Көк
Woolmark компаниясы бұл
машинаның жүн матаны жуу
бағдарламасын сертификаттаған,
дегенмен бұл компанияның талабы
бойынша «қолмен жуу» деген
затбелгісі бар заттарды, осы кір
жуғыш машинаны өндірушінің
нұсқауларын сақтап жуу керек.
Киімді кептіру және басқа
нұсқауларды күтім көрсету
белгісінен қараңыз. M1144
Woolmark компаниясы бұл
машинаның жүн матаны кептіру
бағдарламасын сертификаттаған,
дегенмен бұл компанияның талабы
бойынша «қолмен жуу» деген
затбелгісі бар заттарды, осы
машинаны өндірушінің нұсқауларын
сақтап кептіру керек. Киімге күтім
көрсетуге қатысты басқа
нұсқауларды киімге күтім көрсету
белгісінен қараңыз. M1224
Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг
пен Индияда Woolmark белгісі -
сертификатталған сауда белгісі болып
табылады.
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде орташа мәндер көрсетілген. Түрлі айнымалы шамалар
деректерді өзгертуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және
қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарлама басталғанда дисплейде кірдің ең көп мөлшеріне
арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Жуу циклы кезінде бағдарламаның уақыты автоматты түрде
есептеледі, егер кірдің мөлшері ең көп кірдің мөлшерінен аз болса
барынша азая түсуі мүмкін (мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп
мөлшері 9 кг, бағдарламаның уақыты 2 сағаттан асса; салынған
кірдің нақты салмағы 1 кг болса, бағдарламаның уақыты 1 сағатқа
жетпейді).
Құрылғы бағдарламаның нақты уақытын есептеп тұрғанда
дисплейде нүкте жыпылықтайды.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Мақта мата 60°C 9 1.68 71 180
Хлопок Экo
Мақта мата, үнемді 60 °C
бағдарламасы
1)
9 1.05 57 220
Мақта мата 40°C 9 1.05 71 175
ҚАЗАҚ 15
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Синтетика 40°C 4 0.65 52 110
Нәзік мата 40°C 4 0.7 63 91
Жүн мата/Қолмен жуу
30°C
1,5 0.35 57 58
1)
9 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» үшін EEC 92/75
стандарттарына сай қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде
берілген бағдарлама.
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін
осы параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Бейнебетте орнатылған температура
көрсетіледі.
7.2 Отжим
Осы функцияның көмегімен әдепкі
айналдыру жылдамдығын азайтуға
болады.
Бейнебетте орнатылған
жылдамдықтың индикаторы
көрсетіледі.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
Барлық айналдыру циклдарын алу
үшін осы параметрді орнатыңыз.
Бұл параметрді өте нәзік маталар
үшін орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Бейнебетте индикаторы
пайда болады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда
барабан ішінде су тұрады. Кір
мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
Бейнебетте индикаторы пайда
болады.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
7.3 Время сушки
Осы функцияның көмегімен матаны
кептіретін уақытты орнатуға болады.
Бейнебетте параметрдің орнатылған
мәні көрсетіледі.
Осы сенсорлық түймешікті әр басқан
сайын уақыт мәні 5 минутқа артып
отырады.
Әр түрлі маталарға арнап
түрлі уақыттарды орнату
мүмкін емес.
7.4 Oтсрочка старта
Осы параметрдің көмегімен
бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда
болады.
7.5 Предв. стирка
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына алдын ала жуу
циклын қосуға болады.
www.electrolux.com16
Осы параметрді қатты кірлеген кірді
жуу үшін пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде
бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.
7.6 Уровень сушки
Осы функцияның көмегімен кірдің
автоматты құрғақтық деңгейін
орнатуға болады. Бейнебетте
орнатылған деңгейдің белгішесі
көрсетіледі.
Мақта мата заттарға арналған
Өте құрғақ деңгей
Мақта мата, синтетика, жүн және
жібек маталарға арналған Шкафқа
салуға болатын құрғақтық деңгейі
Мақта мата заттарға арналған
Үтіктеуге болатын құрғақтық
деңгейі
7.7 Таймер
Жуу бағдарламасын орнатқан кезде
бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту
немесе көбейту үшін немесе
түймешігін басыңыз.
Таймер функциясы кестеде
көрсетілген бағдарламаларда ғана
жұмыс істейді.
Индикатор
Хлопок Экo
1)
Индикатор
Хлопок Экo
2)
3)
3)
4)
3) 3)
5)
1)
Ең қысқа: кірді жаңартуға арналған.
2)
Кірді жаңартуға арналған
бағдарламаның ұзақтығы.
3)
Бағдарламаның әдепкі уақыты.
4)
Ең ұзақ: Бағдарламаның ұзақтығын
баяу көбейткен кезде пайдаланылатын
қуат мөлшері азаяды.
Оңтайландырылған қыздыру циклы
пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайтады және ұзақ бағдарламаны
қолданғанда, жуу нәтижесі өзгермейді
(әсіресе қалыпты кірлеген кірлерде).
5)
Кірдің қыжымдануына жол бермеу
үшін қолданылатын бағдарламаның
ұзақтығы.
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы
Осы функцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол
бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
ҚАЗАҚ 17
түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
түймешігін баспайынша:
құрылғы іске қосылмайды.
8.2 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа
бағдарлама орнатқан кезде қосымша
шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
8.3 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына
жағдайларда қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін
және түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Жуу циклының жуғыш затына
арналған бөлікке 2 литр су
құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
2. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
3. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
10. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК ЖУУ
10.1 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тығыздағыш пен есіктің
арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы
немесе кірге нұқсан келуі
мүмкін.
10.2 Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
1. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты бөліктерге
салыңыз.
3. Жуғыш зат үлестіргішті абайлап
жабыңыз
www.electrolux.com18
10.3 Жуғыш зат салынатын бөліктер
АБАЙЛАҢЫЗ
Кір жуғыш машинаға арнайы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш.
10.4 Сұйық немесе ұнтақ
жуғыш зат
1.
A
2.
ҚАЗАҚ 19
3.
B
4.
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
Алдын ала жуу циклын орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.
10.5 Құрылғыны іске қосу
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
түймешігін басыңыз. Құрылғы іске
қосылған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
10.6 Бағдарламаны орнату
1. Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз:
Тиісті бағдарламаның
индикаторы жанады.
индикаторы жыпылықтайды.
Бейнебетте Таймердің деңгейі,
бағдарламаның уақыты және
бағдарлама циклдарының
индикаторлары көрсетіледі.
2. Қажет болса, температураны,
айналдыру жылдамдығын, цикл
ұзақтығын өзгертіңіз немесе
қолжетімді параметрлерді
қосыңыз. Параметрді қосқан кезде
орнатылған параметрдің
индикаторы жанады.
Егер қате орнатып
қойсаңыз, бейнебетте
көрсетіледі.
10.7 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
түймешігін басыңыз.
индикаторы жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
Бейнебетте индикаторы
жыпылықтай бастайды.
Бағдарлама басталады да, есік
құлыпталып, дисплейде
индикаторы көрсетіледі.
Егер индикатор
жыпылықтаса, есік
бекітіліп жатыр.
Индикатор
бірнеше рет
жыпылықтағаннан
кейін дисплейде
ескерту хабары
пайда болса, есіктің
дұрыс
жабылмағанын
(толық ақпаратты
Ақаулықты түзету
тарауынан қараңыз)
көрсетеді.
www.electrolux.com20
/