Electrolux EOB93434AK, EOB93434AX Руководство пользователя

  • Привет! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации духовых шкафов Electrolux моделей EOB93434AK и EOB93434AX. Готов ответить на ваши вопросы о различных режимах приготовления, функциях таймера, процедурах очистки и любых других аспектах использования этого устройства. В инструкции подробно описаны все функции, включая функцию добавления пара для более сочных блюд и различные режимы выпекания.
  • Как установить время на духовом шкафу?
    Какие режимы приготовления доступны?
    Как очистить духовой шкаф?
    Что делать, если духовой шкаф не работает?
EOB93434AK
EOB93434AX
KK Тұмшапеш Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Духовой шкаф Инструкция по эксплуатации 37
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА...............................................................8
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................9
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ................................................................................. 11
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ..................................................................13
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР.............................................................................14
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 14
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 28
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................31
13. ОРНАТУ......................................................................................................... 33
14. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................35
15. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 35
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау
керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен орнатылған мобильді
құралдармен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАЗАҚ 3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-салған
кезде үнемі қолғап киіңіз.
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына
сай келетін қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
www.electrolux.com4
Құрылғы электрлі салқындату
жүйесімен жабдықталған. Ол электр
қуатымен жұмыс істеуге тиіс.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне
жақындауға, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ҚАЗАҚ 5
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат
бөлігінің түсінің өзгеруі құрылғы
жұмысына әсер етпейді.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің
(мысалы, есіктің) артына
орналастырылса, онда құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда есіктің
ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаздың жабық
панеліне жиналған жылу мен ылғал
келешекте құрылғының,
қаптаманың немесе еденнің
бүлінуіне әкелуі мүмкін. Құрылғыны
қолданғаннан кейін толық суығанша
жиһаздың панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.5 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған шам
немесе галоген шамы қолданылған.
Оны бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз..
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
www.electrolux.com6
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
9
8
13
12
5
4
1
2
3
4 7631 52
10
11
1
Басқару панелі
2
Қыздыру функцияларының тетігі
3
Қуат шамы/белгішесі
4
Дисплей
5
Басқару тетігі (температура үшін)
6
Температура индикаторы / белгісі
7
Плюс Бу
8
Қыздырғыш элемент
9
Жарықтама шамы
10
Желдеткіш
11
Корпустың белгісі - Су тазалайтын
сауыт
12
Сөренің алмалы сырғытпалары
13
Сөре деңгейлері
3.2 Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелер мен науаларға арналған.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Түймелер
Сенсор алаңы / Түйме Функция Сипаттама
МИНУС Уақытты орнату үшін.
САҒАТ Сағат функциясын орнату үшін.
ПЛЮС Уақытты орнату үшін.
ҚАЗАҚ 7
Сенсор алаңы / Түйме Функция Сипаттама
БУ ПЛЮС Ыстық желдеткішпен пісіру ПЛЮС
функциясын іске қосу үшін.
4.2 Дисплей
A B C
A. Сағат функциялары
B. Таймер
C. Сағат функциясы
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Тәулік уақытын орнату
үшін "Сағат функциялары"
тарауын қараңыз.
5.1 Алғашқы тазалау
Пештен керек-жарақтардың барлығын
және алмалы сөре сырғытпаларын
алыңыз.
"Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Пешті және керек-жарақтарды алғаш
рет пайдаланар алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды және алмалы сөре
сырғытпаларын орындарына қойыңыз.
5.2 Алдын ала қыздыру
Бос пешті алғаш пайдаланар алдында
қыздырыңыз.
Келесі функция үшін:
Ыстық желдеткішпен пісіру
ПЛЮС "Күнделікті
пайдалану" тарауын,
Параметр орнату тармағын
қараңыз: Ыстық
желдеткішпен пісіру
ПЛЮС".
1. функциясын орнатыңыз.Ең
үлкен температураны орнатыңыз.
2. Пешті 1 сағат қосып қойыңыз.
3. . Ең үлкен температураны
орнатыңыз.
4. Тұмшапешті 15 минут қосып
қойыңыз.
5. функциясын орнатып,
басыңыз: Плюс Бу
. Ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Тұмшапешті 15 минут қосып
қойыңыз.
7. Тұмшапешті сөндіріңіз де,
салқындатыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Пештен иіс және түтін
шығады. Бөлме ішіндегі ауаның
жеткілікті түрде ауысып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
www.electrolux.com8
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Батырма тетіктер
Құрылғыны іске пайдалану үшін оның
тетігін басыңыз. Тетік бері шығады.
6.2 Қыздыру функциясын
орнату
1. Қыздыру функциясын таңдау үшін
қыздыру функцияларының тетігін
бұраңыз.
2. Температура.
Пеш іске қосылғанда оның шам
жанады.
3. Пешті сөндіру үшін қыздыру
функцияларының тетігін сөндіру
қалпына қойыңыз.
6.3 Қыздыру функциялары
Тұмшапеш
функциясы
Қолдану
Сөндіру
қалпы
Тұмшапеш сөндірулі.
Шам
Шамды пісіру
функциясынсыз қосуға
арналған.
Тұмшапеш
функциясы
Қолдану
Ыстық
желдеткішпе
н пісіру /
Ыстық
желдеткішпе
н пісіру
ПЛЮС /
Сумен
тазалау
Тағамды бір уақытта
үш сөреде пісіруге
және кептіруге
арналған.
Температураны
Дәстүрлі пісіру
функциясына
қарағанда 20 – 40 °C
төменірек қойыңыз.
Тағам пісіру
барысында оған ылғал
қосуға арналған.
Тағамды қызартып,
қытырылақ етіп
пісіруге арналған.
Тағамды қайта
қыздыру кезінде
барынша сөлді етуге
арналған.
Аква таза
функциясына қатысты
толық ақпаратты "Күту
менен тазалау"
бөлімінен қараңыз
ҚАЗАҚ 9
Тұмшапеш
функциясы
Қолдану
Ылғалды
желдеткішпе
н пісіру
Бұл тағам пісіру
барысында қуатты
үнемдеуге арналған
функция. Пісіру
нұсқауларын "Ақыл-
кеңес" тарауынан
Ылғалды
желдеткішпен пісіру
қарауға болады.
Функцияға кедергі
келтірмеу үшін пісіру
барысында
тұмшапештің есігі
жабылып тұруы керек
және тұмшапештің
қуат тиімділігі жағынан
ең тиімді режимде
тұрғанына көз
жеткізіңіз. Бұл
функцияны
пайдаланғанда ішкі
температура
орнатылған
температурадан
өзгеше болуы мүмкін.
Қыздыру қуаты
төмендетілуі мүмкін.
Қуатты үнемдеуге
арналған жалпылама
нұсқауларды "Қуат
тиімділігі” тарауы, Қуат
үнемдеу тармағынан
қараңыз.
Астыңғы
қызу
Түбі қытырлақ
торттарды пісіруге
және тағамды
консервілеуге
арналған.
Жібіту
Тағамды жібітуге
арналған (көкөністер
және жемістер). Жібіту
уақыты мұздатылған
тағамның мөлшері мен
көлеміне байланысты.
Жылдам
гриль
Жалпақ етіп көп
мөлшерде
дайындалған тағамнан
гриль жасау және тост
жасау үшін.
Тұмшапеш
функциясы
Қолдану
Турбо гриль
Үлкенірек ет
кесектерін немесе
сүйегі бар құс етін бір
сөреде қақтауға
арналған. Гратин
жасауға және
қызарғанша қуыруға
арналған.
Пицца
параметрі
Пицца пісіруге
арналған. Қатты
қызарту және астын
қытырлақ етіп пісіруге
арналған.
Дәстүрлі
пісіру
(Үстіңгі/
Астыңғы
қызу)
Тұмшапештің бір
сөресінде пісіру мен
қуыруға арналған.
6.4 Функцияны орнату:Ыстық
желдеткішпен пісіру ПЛЮС
Бұл функция пісіру кезінде
ылғалдылықты жақсартуға мүмкіндік
береді.
ЕСКЕРТУ!
Күйіп қалу және құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Шыққан ылғал күйдіруі мүмкін:
Функция істеп тұрғанда пештің
есігін ашпаңыз.
Пештің есігін функция тоқтаған соң
абайлап ашыңыз.
“Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар” тарауын
қараңыз.
1. Корпустың белгіленген деңгейіне
дейін су құйыңыз.
www.electrolux.com10
Корпустың белгіленген деңгейінің
ең үлкен сыйымдылығы 250 мл.
Корпустың белгіленген жеріне
дейін сумен толтыру кезінде
тұмшапеш салқын болуы керек.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағам пісіру
барысында немесе
тұмшапеш ыстық
тұрғанда корпусты
белгіленген жеріне
дейін сумен
толтырмаңыз.
2. Пешке тағам салыңыз және пештің
есігін жабыңыз.
3. Функцияны орнатыңыз: .
4. Түймесін басыңыз: Плюс Бу .
бұл мына функциямен ғана жұмыс
істейді. Ыстық желдеткішпен пісіру
ПЛЮС.
Индикатор жанады.
5. Температураны таңдау үшін
айналмалы тетікті бұраңыз.
6. Қыздыру функциялары тетігін
сөндіру қалпына бұрап, Плюс Бу
түймесін басып пешті сөндіріңіз.
Индикатор сөнеді.
7. Корпустың белгіленген деңгейінен
суды ағызыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Корпустың белгіленген
деңгейінен қалған суды
ағызу алдында пештің
суығанына көз
жеткізіңіз.
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
7.1 Сағат функцияларының кестесі
Сағат функциясы Қолдану
ТӘУЛІК
УАҚЫТЫ
Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға
арналған.
ҰЗАҚТЫҚ Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға
арналған.
АЯҚТАУ Құрылғыны сөндіру уақытын орнатуға арналған.
УАҚЫТТЫ
КЕШІКТІРУ
УАҚЫТ және АЯҚТАУ функциясын біріктіру үшін.
МИНУТ
ОПЕРАТОРЫ
Кері санақ уақытын қоюға арналған. Бұл функция
құрылғының жұмысына әсер етпейді. МИНУТ
ОПЕРАТОРЫН кез келген уақытта, құрылғы сөніп
тұрса да орнатуға болады.
ҚАЗАҚ 11
7.2 Уақытты орнату. Уақытты
өзгерту
Тұмшапешті іске қосар алдында
уақытты орнату керек.
индикаторы құрылғыны электр
қуатына қосқан кезде, тоқ сөніп
қалғанда немесе таймер
орнатылмаған кезде жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін
немесе
түймешігін басыңыз.
Шамамен бес секунд өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтайды да, бейнебетте
сіз орнатқан тәулік уақыты көрсетіледі.
Тәулік уақытын өзгерту үшін
түймесін қайта-қайта
жыпылықтағанша басыңыз.
7.3 ҰЗАҚТЫҚ функциясын
орнату
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. түймесін жыпылықтай
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
3.
немесе түймесін ҰЗАҚТЫҚ
уақытын орнату үшін басыңыз.
Бейнебетте
көрсетіледі.
4. Уақыт аяқталғанда
жыпылықтап, дыбысты сигнал
естіледі. Құрылғы автоматты түрде
сөнеді.
5. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
кез келген түймешікті басыңыз.
6. Пеш функцияларының тетігін және
температура тетігін сөндіру
қалпына бұраңыз.
7.4 АЯҚТАУ функциясын
орнату
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. түймесін жыпылықтай
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
3. Уақытты орнату үшін не
түймесін басыңыз.
Бейнебетте көрсетіледі.
4. Уақыт аяқталғанда
жыпылықтап, дыбысты сигнал
естіледі. Құрылғы автоматты түрде
сөнеді.
5. Сигналды тоқтату үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
6. Пеш функцияларының тетігін және
температура тетігін сөндіру
қалпына бұраңыз.
7.5 УАҚЫТТЫ КЕШІКТІРУ
функциясын орнату
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2.
түймесін жыпылықтай
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
3. немесе түймесін ҰЗАҚТЫҚ
функциясының уақытын орнату
үшін басыңыз.
4. түймешігін басыңыз.
5. немесе түймесін АЯҚТАУ
функциясының уақытын орнату
үшін басыңыз.
6. түймешігін басып құптаңыз.
Құрылғы кейін автоматты түрде
қосылып, орнатылған ҰЗАҚТЫҚ
уақыты аяқталғанша істеп, орнатылған
АЯҚТАУ уақыты келгенде сөнеді.
Орнатылған уақыт келгенде дыбыстық
сигнал естіледі.
7. Құрылғы автоматты түрде сөнеді.
Сигналды тоқтату үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
8. Пеш функцияларының тетігін және
температура тетігін сөндіру
қалпына бұраңыз.
7.6 МИНУТ ОПЕРАТОРЫН
орнату
1. түймесін жыпылықтай
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін не
басыңыз.
Минут операторы 5 секундтан кейін
автоматты түрде іске қосылады.
3. Орнатылған уақыт аяқталған кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
кез келген түймешікті басыңыз.
www.electrolux.com12
4. Тұмшапеш функциясының тетігін
және температура тетігін "off"
(сөндірулі) қалпына қойыңыз.
7.7 Сағат функцияларын
біржола тоқтату
1. түймесін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтай
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
2. түймешігін басып ұстап
тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан
кейін сөнеді.
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Сөрені сөре бағыттағыштарының
арасына салып итеріп, тіректерінің
төмен қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пісірме науа/ Шұңғыл науа:
Пісірме науа /шұңғыл науаны сөре
сырғытпасының бағыттағыштарының
арасына салып итеріңіз.
Тор сөрені және пісірме науаны /
шұңғыл науаны бірге пайдалану:
Пісірме науаны /шұңғыл науаны сөре
тірегінің бағыттағышының және
жоғарыдағы бағыттағыштар үстіндегі
тор сөренің арасына кіргізіңіз.
Үстіңгі жағындағы шағын
ойық қауіпсіздікті
арттырады. Шығыңқы
тұстар құралдардың
аударылып қалуына жол
бермейтін қауіпсіздік
құралдары болып
табылады. Сөренің
айналасындағы биік жиек
ыдыстардың сөреден
сырғып кетуіне жол
бермейді.
8.2 Сырғытпа жолдар
Сырғытпа жолдарды
орнату нұсауларын кейін
пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді оңай алып-салуға болады.
ҚАЗАҚ 13
АБАЙЛАҢЫЗ
Сырғытпа жолдарды ыдыс
жуғыш машинада
жумаңыз. Сырғытпа
жолдарды майламаңыз.
1. Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып
шығарыңыз.
°C
2. Тор сөрені бағыттауыш жолдарға
салыңыз да, пештің ішіне абайлап
итеріңіз.
°C
Пештің есігін жабар алдында,
бағыттауыш жолдардың пешке әбден
кіргізілгеніне көз жеткізіңіз.
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
9.1 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш
салқындағанша жұмыс істеп тұра
береді.
9.2 Қауіпсіздік термостаты
Тұмшапеш дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автомтты түрде қосылады.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
10.1 Пісіруге арналған ақыл-
кеңес
Тұмшапештің сөре қойылатын бес
қатары бар.
Сөренің деңгейлерін тұмшапештің
астыңғы жағынан бастап санаңыз.
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе
қуыруы мүмкін. Төмендегі кестелерде
температураға, пісіру уақытына және
www.electrolux.com14
сөре орындарына қатысты стандартты
ақпарат берілген.
Нақты рецептіге арналған
параметрлерді таба алмасаңыз, ұқсас
біреуін пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің көмегімен
тағамды булы ортада, ішін жұмсақ,
сыртын кітірлек етіп пісіруге болады.
Бұл пісіру уақыты мен қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын
дақ түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
10.2 Ыстық желдеткішпен пісіру ПЛЮС
Торттар / кондитер өнімдері / нандар
Бос тұмшапешті 5 минут алдын ала қыздырыңыз.
Пісірме табақты пайдаланыңыз.
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тағам Корпустың
белгіленген жеріне
дейінгі су мөлшері
(мл)
Температура (°C) Уақыт (мин.)
Печеньелер,
шелпектер,
круассандар
100 150 - 180 10 - 20
Фокачча 100 200 - 210 10 - 20
Пицца 100 230 10 - 20
Булочкалар 100 200 20 - 25
Нан 100 180 35 - 40
Торт қалбырында
пісірілген өрік
торты, алма
бәліші, дәмқабық
булочкалары.
100 - 150 160 - 180 30 - 60
ҚАЗАҚ 15
Мұздатылған дайын тағамдар
Бос тұмшапешті 10 минут алдын ала қыздырыңыз.
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тағам Корпустың
белгіленген жеріне
дейінгі су мөлшері
(мл)
Температура (°C) Уақыт (мин.)
Пицца 150 200 - 210 10 - 20
Круассандар 150 170 - 180 15 - 25
Лазанья 200 180 - 200 35 - 50
Тағамды өңдеу
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
100 мл су пайдаланыңыз.
110 °C градус температураны
орнатыңыз.
Тағам Уақыт
(мин.)
Булочкалар 10 - 20
Нан 15 - 25
Фокачча 15 - 25
Ет 15 - 25
Макарон 15 - 25
Пицца 15 - 25
Күріш 15 - 25
Тағам Уақыт
(мин.)
Көкөністер 15 - 25
Қуыру
Пісіруге арналған шыны ыдысты
пайдаланыңыз.
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
200 мл су пайдаланыңыз.
Тағам Температ
ура (°C)
Уақыт
(мин.)
Ростбиф 200 50 - 60
Тауық еті 210 60 - 80
Қуырылған
шошқа еті
180 65 - 80
10.3 Пісіру және қуыру
Торттар
Тағам Үстіңгі/Астыңғы
қызу
Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналас
уы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Көпіршіті
лген
тағам
рецептіле
рі
170 2 160 3 (2 және
4)
45 - 60 Тортқа
арналған
қалыпта
www.electrolux.com16
Тағам Үстіңгі/Астыңғы
қызу
Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналас
уы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Ашыған
қамыр
170 2 160 3 (2 және
4)
20 - 30 Тортқа
арналған
қалыпта
Сарысу
қосылған
чизкейк
170 1 165 2 60 - 80 26 см торт
қалыбынд
а
Алма
торты
(Алма
бәліші)
1)
170 2 160 2 (сол
және оң)
80 - 100 Тор
сөреге
қойылған
екі 20 см
торт
қалыбынд
а
Штрудель 175 3 150 2 60 - 80 Пісірме
табақта
Джем
тарталетк
асы
170 2 165 2 (сол
және оң)
30 - 40 26 см торт
қалыбынд
а
Бисквит
торт
170 2 160 2 50 - 60 26 см торт
қалыбынд
а
Кристмас
торты /
Көп жеміс
қосылған
торт
1)
160 2 150 2 90 - 120 20 см торт
қалыбынд
а
Қара өрік
торты
1)
175 1 160 2 50 - 60 Нан
қалыбынд
а
Кішкене
кекстер -
бір
деңгейде
170 3 140 - 150 3 20 - 30 Пісірме
табақта
Кішкене
кекстер -
екі
деңгейде
- - 140 - 150 2 және 4 25 - 35 Пісірме
табақта
ҚАЗАҚ 17
Тағам Үстіңгі/Астыңғы
қызу
Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналас
уы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Кішкене
кекстер -
үш
деңгейде
- - 140 - 150 1, 3 және
5
30 - 45 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар
- бір
деңгейде
140 3 140 - 150 3 30 - 35 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар
- екі
деңгейде
- - 140 - 150 2 және 4 35 - 40 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар
- үш
деңгейде
- - 140 - 150 1, 3 және
5
35 - 45 Пісірме
табақта
Меренга -
бір
деңгейде
120 3 120 3 80 - 100 Пісірме
табақта
Меренга -
екі
деңгейд
е
1)
- - 120 2 және 4 80 - 100 Пісірме
табақта
Тоқашта
р
1)
190 3 190 3 12 - 20 Пісірме
табақта
Эклер -
бір
деңгейде
190 3 170 3 25 - 35 Пісірме
табақта
Эклер -
екі
деңгейде
- - 170 2 және 4 35 - 45 Пісірме
табақта
Тарталет
ка
180 2 170 2 45 - 70 20 см торт
қалыбынд
а
www.electrolux.com18
Тағам Үстіңгі/Астыңғы
қызу
Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналас
уы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Көп жеміс
қосылған
торт
160 1 150 2 110 - 120 24 см торт
қалыбынд
а
Виктория
сэндвичі
170 1 160 2 (сол
және оң)
50 - 60 20 см торт
қалыбынд
а
1)
Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
Нан және пицца
Тағам Үстіңгі/Астыңғы
қызу
Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Ақ нан
1)
190 1 190 1 60 - 70 1 - 2
бөлке,
біреуі 500
г
Қарабида
й наны
190 1 180 1 30 - 45 Нан
қалыбынд
а
Булочкал
ар
1)
190 2 180 2 (2 және
4)
25 - 40 Пісіру
табасынд
а 6 - 8
булочка
Пицца
1)
230 - 250 1 230 - 250 1 10 - 20 Пісірме
табақта
немесе
шұңғыл
табақта
Шелпек
1)
200 3 190 3 10 - 20 Пісірме
табақта
1)
Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Ашық бәліштер
Тағам Үстіңгі/Астыңғы
қызу
Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Паста
фланы
200 2 180 2 40 - 50 Қалып
Көкөніс
фланы
200 2 175 2 45 - 60 Қалып
Киш
1)
180 1 180 1 50 - 60 Қалып
Лазанья
1)
180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40 Қалып
Каннелон
и
1)
180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40 Қалып
1)
Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
Ет
Тағам Үстіңгі/Астыңғы
қызу
Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Сиыр еті 200 2 190 2 50 - 70 Торкөз
сөреде
Шошқа еті 180 2 180 2 90 - 120 Торкөз
сөреде
Бұзау еті 190 2 175 2 90 - 120 Торкөз
сөреде
Шала
қуырылға
н
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 50 - 60 Торкөз
сөреде
Орташа
қуырылға
н
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 60 - 70 Торкөз
сөреде
Жақсы
қуырылға
н
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 70 - 75 Торкөз
сөреде
www.electrolux.com20
/