EWP126300W

Electrolux EWP126300W Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал руководство пользователя для стиральных машин Electrolux EWP 106300W и EWP 126300W. Готов ответить на ваши вопросы о функциях, программах стирки, устранении неполадок и многом другом. В руководстве подробно описаны все функции машины, включая режимы стирки для разных типов тканей, регулировку температуры и скорости отжима, а также функцию защиты от детей.
  • Как выбрать подходящую программу стирки?
    Как использовать функцию отложенного старта?
    Что делать, если стиральная машина выдает ошибку?
    Как очистить барабан стиральной машины?
EWP 106300 W
EWP 126300 W
................................................ .............................................
KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU СТИРАЛЬНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
32
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Мұз қатудан сақтандыру шаралары
4
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 5
Бұйым сипаттамасы 6
Техникалық сиппатама 6
Орнату 6
Арнайы керек-жарақтар 11
Бірінші қолдану 11
Жеке талаптарға сай лайықтау 11
Əркүндік қолдану 11
Жуу бағдарламалары 21
Пайдалану көлемі 24
Күту менен тазалау 25
Не істерсіңіз, егер... 28
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өте маңызды! Мұқият оқып шығыңыз
да, болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыңыздың қауіпсіздігі өнеркəсіп
стандарттары мен тұрмыстық
құрылғылардың қауіпсіздігіне қатысты
заң талаптарына сай келеді.
Дегенмен, өндіруші ретінде қауіпсіздік
туралы төмендегі ақпаратты беруді
міндетіміз деп санаймыз.
Бұл нұсқаулық кітапшаны болашақта
қарау үшін құрылғымен бірге сақтап
қою қажет. Құрылғы сатылса не басқа
пайдаланушыға берілсе не өзіңіз
көшіп
, құрылғыны қалдырсаңыз, оның
жаңа иесі құрылғының функциялары
мен оған қатысты ескертулерден
хабардар болу үшін осы кітапшаны
құрылғымен бірге қалдырудың
маңызы зор.
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас
бұрын осы ақпаратты мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ.
Құрылғыны алғаш рет іске қоспас
бұрын, тасымалдау барысында оның
бүлінбегенін тексеріңіз. Бүлінген
құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз.
Бөлшектері бүлінген жағдайда,
сатушыға хабарласыңыз.
Егер құрылғы
қыстың температурасы
нөлден төмен суық айларында
жеткізілсе, оны алғаш рет
пайдаланбас бұрын бөлме
температурасында 24 сағат ұстаңыз.
Бұл құрылғы тек тұрмыста пайдалану
үшін жасалған. Мұз қату салдарынан
болған ақаулық үшін өндіруші
жауапкершілік көтермейді. "Мұз
қатуға қарсы сақтық шаралары"
тарауын қараңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
АҚПАРАТ
Осы өнімнің техникалық
сипаттамаларын өзгерту не оны
түрлендіруге əрекет жасау қауіпті.
Жоғары
температурада жуатын
бағдарламаларды қолданғанда
есіктің шынысы қызып кетуі мүмкін.
Оны қолмен ұстамаңыз!
Кішкене балалар мен үй
жануарларының барабанға кіруіне
жол бермеңіз. Бұның алдын алу үшін
құрылғыны қолданар алдында
барабанның ішін тексеріңіз.
Тиын, темір түйреуіш, шеге,
бұрамашеге, тас сияқты не басқа да
қатты, өткір заттар қатты бүлдіруі
мүмкін болғандықтан, оларды
құрылғыға салмау керек.
Мата
жұмсартқыш пен жуғыш затты
көрсетілген мөлшерде ғана
пайдаланыңыз. Оларды шамадан
артық салсаңыз, матаға зиян келтіруі
мүмкін. Қолдану мөлшерін өндіруші
нұсқаулығынан қараңыз.
Ұйық, баулар, жуылатын белдіктер
т.с.с. сияқты ұсақ бұйымдарды кір
салатын арнайы торға не жастық
2 electrolux
қапқа салыңыз, себебі мұндай заттар
сыртқы жəне ішкі барабанның
арасына түсіп кетуі мүмкін.
Құрылғыны қыл өткізілген киім-кешек,
жиегі көмкерілмеген не жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланып, тазалап жəне жөндеп
болғаннан кейін құрылғыны əрқашан
тоқтан суырып, су беретін түтігін
жабыңыз.
Құрылғыны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге əрекет жасамаңыз.
Тəжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды
жарақаттауы не
машинаға елеулі ақау келтіруі мүмкін.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Əрқашан тек
фирмалық бөлшектерді пайдалануды
талап етіңіз.
ОРНАТУ
Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Жылжытқан кезде абай болыңыз.
Пайдаланбас бұрын орауыштары мен
тасымалдау бұрандаларының
барлығын алу керек. Бұлай
істемесеңіз, құрылғыға немесе басқа
заттарға да елеулі нұқсан келуі
мүмкін. Пайдаланушы
нұсқаулығындағы тиісті тарауды
қараңыз.
Бұл жеке
тұратын құрылғы.
Жиһаздың астына ОРНАТПАҢЫЗ,
үстіңгі бетін ешқашан АЛМАҢЫЗ.
Құрылғыны орнатып болған соң, оның
су құятын жəне төгетін түтікті басып
тұрмағанын, қорек сымының жұмыс
алаңы мен қабырға арасында
қыстырылып қалмағанын тексеріңіз.
Машинаны тегіс, қатты еденге
орнатыңыз.
Еденнің қандай да бір кедір-бұдырын,
құрылғының астына тақтай, ағаш не
сол сияқты заттарды қойып тегістеуге
тырыспаңыз
.
Құрылғы кілем төселген еденге
қойылса, құрылғының астыңғы
жағында ауа еркін айналуы үшін оның
аяқтарын реттеңіз.
Құрылғының қабырғаға немесе басқа
да ас үй құрылғыларына тиіп
тұрмағанын тексеріңіз.
Бұл құрылғыны міндетті түрде
суық су жүйесіне қосу керек.
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін ескі
құрылғының түтігін қолданбаңыз.
Əрқашан құрылғымен бірге
жеткізілген түтікті пайдаланыңыз.
Су құятын
түтікті ұзартуға болмайды.
Егер ол тым қысқа болса жəне су
шүмегін орнынан жылжытқыңыз
келмесе, осындай қосылымға
арналған жаңа əрі ұзын түтік сатып
алу қажет.
Орнатып болғаннан кейін құрылғының
түтіктері мен қосылымдарынан су
ақпайтынын үнемі тексеріп отырыңыз.
Егер құрылғы мұз қатуы мүмкін жерге
қойылса, «Мұз қатуға қарсы сақтық
шаралары» тарауын оқыңыз. Мұз
қату салдарынан болған
ақау үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Құрылғыны орнату барысындағы су
жүйесіне қосу жұмыстарының
барлығын кəсіпқой сантехник не
білікті адам орындауға тиіс.
Осы құрылғыны орнату үшін қажетті
кез келген электр жұмыстарын білікті
маман немесе құзырлы адам жүзеге
асыруға тиіс.
ПАЙДАЛАНУ
Бұл құрылғы тек тұрмыста
пайдалануға арналған. Құрылғыны
өзінің арналған мақсатынан басқа
мақсатта пайдалануға болмайды.
Тек машинада
жууға болатын
маталарды ғана жуыңыз. Əр киімнің
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. "Жуу бағдарламалары
кестесін" қараңыз.
Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екенін, түймелер
мен сырғытпалардың салынғанын
тексеріңіз. Тозығы жеткен не жыртық
заттарды жумаңыз, бояу, сия, тот,
шөп нілінен қалған дақтарды алдын
ала кетіріңіз. Сым өткізілген төс
тартқыштарды машинада жууға
БОЛМАЙДЫ.
Жуғыш зат үлестіргішінде сұйық
жуғыш затқа арналған кіріктірме бөлік
бар. Алдын ала жуу, кешіктіріп бастау
electrolux 3
функциялары бар бағдарламаларда
жуғыш гельдерді қолдану үшін
кіріктірме бөлікті төмен қаратып
салмаңыз. Жуғыш затпен бірге
берілген өлшегіш шар немесе сашені
барлық жағдайда қолдануға болады.
Жуу циклының соңында өлшегіш
құралды алыңыз.
Тұтанғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Буланатын
тазартқыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмай тұрып
тазартқыш сұйықты кетіріп алу қажет.
Ашаны
розеткадан ешқашан қорек
сымынан тартып ағытпаңыз; əрқашан
ашаның өзінен ұстап тартыңыз.
Қорек сымына, басқару панеліне,
жұмыс алаңына не түбіне нұқсан
келіп, ішкі жағы ашық қалған кір
жуғыш машинаны ешқашан
пайдаланбаңыз.
БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой
кемістігі бар, немесе осы құрылғыны
қауіпсіз пайдалану үшін тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың
(соның ішінде балалардың
)
қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны
пайдалану бойынша нұсқау бермесе,
олардың бұл құрылғыны қолдануына
болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін
оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Орам материалдары (мысалы,
пластик орам, полистирол) балалар
үшін қауіпті болуы мүмкінтұншығып
қалу қаупі бар! Оларды балалардың
қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын
балалардың қолы жетпейтін
жерде
сақтаңыз.
Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Құрылғы балалар мен үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп қамалып
қалмас үшін арнайы функциямен
жабдықталған. Бұл құралды қосу
үшін есіктің ішкі жағындағы түймешікті
(баспай тұрып) сағат тілінің
бағытымен таңбасы көлденең
қалыпқа келгенше бұраңыз. Қажет
болса тиынды пайдаланыңыз.
Бұл құралды ажыратып есікті
қайтадан жабылатындай қалыпқа
келтіру үшін, түймешікті сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, таңбасын тік
қалыпқа келтіріңіз.
МҰЗ ҚАТУДАН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Егер құрылғы температурасы 0°C
градустан түсетін жерге қойылса,
құрылғының ішінде қалған суды төгу
үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
1. құрылғыны тоқтан ажыратыңыз;
2. су құятын шүмекті жабыңыз;
3. су құятын түтікті шүмектен
ағытыңыз;
4. су төгетін түтікті артқы тіреуіштен
ағытып, раковина немесе төлкеден
алыңыз;
5. шараны еденге қойыңыз;
4 electrolux
6. Су төгетін түтікті еденге төсеп, су
төгетін жəне құятын түтіктердің
ұштарын еденге қойылған шараға
салып суын əбден ағызыңыз;
7. су құятын түтікті қайта орнына
бұрап, су төгетін түтікті қайта
орнатыңыз;
Құрылғыны қайта іске қосқыңыз келген
кезде, бөлме температурасының 0°C
градустан жоғары екендігіне көз
жеткізіңіз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кəдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр
жəне электроникалық бұйымдарды
жинап утилизация үшін арнайы
контейнерлерге салуыңыз керек. Осы
бұйымды дұрыс түрде утилизация
арқылы Сіз қоршаған орта менен адам
денсаулығына түсіп пайда бола алатын
зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса
аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс
емес қолданғанда пайда болуы мүмкін
.
Осы бұйымның утилизациясы туралы
көбірек білуіңіз үшін жергілікті
əкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап
əкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫ
Қайта өңдеуден өткізуге болатын
материалдар
белгішесі арқылы
белгіленген.
>PE<=полиэтилен
>PS<=полистирол
>PP<=полипропилен
Бұл аталмыш материалдарды тиісті
жəшіктерге дұрыс салып тастаған
жағдайда қайта өңдеуден өткізуге
болатындығын көрсетеді.
ЭКОЛОГИЯҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-
КЕҢЕС
Су мен қуатты үнемдеу арқылы
қоршаған ортаны қорғауға өз септігіңізді
тигізу үшін төмендегі кеңестерді
орындауды ұсынамыз:
Қалыпты кірлеген кір киімді жуғыш
затты, су мен уақытты(қоршаған орта
да қорғалады!)үнемдеу үшін
алдын
ала жумай-ақ жууға болады.
Кірді толтыра салған кезде машина
неғұрлым тиімді жұмыс жасайды.
Дақ пен кірді алдын ала дұрыс
тазалау арқылы кетіруге болады;
содан соң кірді төменгі
температурада жууға болады.
Жуғыш затты судың кермектігі, кірдің
ауқымы жəне жуылатын кірдің
мөлшеріне қарай өлшеп алыңыз.
electrolux 5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2 3
4
5
6
9
7
10
11
12
8
1
Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасы
2
Жұмыс алаңы
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
(ішкі жақтауда)
6
Алдыңғы өзгермелі аяқтар
7
Су төгетін түтік
8
Су төгетін түтіктің тіреуіші
9
Түтік ұстатқыштар
10
Су құятын түтік
11
Қорек сымы
12
Артқы аяқтары
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Өлшемдері Ені / Биіктігі / Тереңдігі 600 / 850 / 540 мм
Электртоғына қосу Кернеу
Жалпы қуат
Сақтандырғыш
Жиілік
230 В
2100 Вт
10 A
50 Гц
Сумен жабдықтау қысымы Ең азы
Ең көбі
0,5 бар (0,05 MПa)
8 бар (0,8 MПa)
Қатты заттар мен ылғал кіруден сақтау деңгейі IPX4
Сумен жабдықтау
1)
Суық су
Ең үлкен салмақ Мақта мата 6 кг
Айналдыру жылдамдығы Ең көбі 1000 мин/айн (EWP
106300W)
1200 мин/айн (EWP
126300W)
1) Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
ОРНАТУ
ҚОРАПТАН ШЫҒАРУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны орнатар алдында
"Қауіпсіздік туралы ақпарат"
тарауын мұқият оқыңыз.
Назарыңызда болсын!
Тасымалдау құралдарының
барлығын алып, құрылғыны кейін
көшіретін жағдай туса қолдану үшін
барлығын сақтап қойыңыз.
6 electrolux
x 3
x 3
x 2
x 1
B
A
C
Қажетті құралдар
1)
10 mm 30 mm
Сыртқы орамын алыңыз. Қажет болса
пышақты қолданыңыз.
Үстіңгі картонды алыңыз.
Полистирол орам материалдарын
алыңыз.
Орамның алдыңғы жақ бөлігін
құрылғының артындағы еденге төсеп,
содан кейін үстіне құрылғының артқы
жағын қаратып абайлап жатқызыңыз.
Осы кезде құрылғының ешбір түтігінің
жаншылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Астыңғы жағындағы полистирол
төсемді алыңыз.
2
1
Құрылғыны қайта тіктеп қойыңыз.
Есігін ашып, пластик түтік
бағыттағышты, нұсқаулық кітапша
мен пластик тығындар салынған
қалтаны барабаннан алыңыз.
Қорек сымы мен су төгетін жəне
құятын түтіктерді құрылғының
артындағы түтік ұстатқыштан алыңыз.
1) Бұл құралдар құрылғымен бірге жеткізілмейді.
electrolux 7
Үш болтты ағытып, түтік
ұстатқыштарды алыңыз.
Пластик нығыздағыштарды да
алыңыз.
Назарыңызда болсын! Су төгетін
түтікті артқы тіректен алмаңыз.
Осы түтікті суды төгу қажет
болса ғана алыңыз. "Мұз
қатудың алдын алу" жəне "Келесі
жағдайларда не істеу керек"
тарауларын қараңыз.
Үстіңгі кішкене тесік пен екі үлкен
тесікті, пластик тығындармен тиісінше
бітеңіз.
ОРНАЛАСТЫРУ ЖƏНЕ ДЕҢГЕЙЛЕУ
Құрылғыны аяқтарын көтеру не төмен
түсіру арқылы реттеп қойыңыз. Үлгі
түріне қарай, құрылғының төрт
өзгермелі аяғы немесе екі алдыңғы
өзгермелі аяғы жəне екі артқы
өзгермейтін аяқтары болады.
Құрылғы тегіс, əрі орнықты да қатты
еденге қойылуға ТИІС. Қажет болса,
деңгейді ватерпас көмегімен тексеріп
көріңіз. Қажетті түзетулерді гайка
кілтінің көмегімен жүзеге асыруға
болады.
Құрылғыны дұрыс тіктеп орнату діріл,
шу, не машина іске қосылып тұрған
кезде орнынан жылжып кетпеуге
көмектеседі.
Құрылғы тік, əрі орнықты тұрмаса
деңгейін қайта реттеңіз.
8 electrolux
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІК
Түтікті шүмекке 3/4” резьбасы бар
тығырық арқылы жалғаңыз.
Су шүмегінің қалай орналасқанына
байланысты, түтікті оңға не солға
қарай бұрыш жасатып қою үшін
дөңгелек тығырықты босатыңыз. Су
құятын түтікті төмен қаратып
қоймаңыз.
45°
35°
Су құятын түтікті дұрыс
орналастырған соң су жылыстап ағып
кетпес үшін, шығырық тəрізді
тығырықты қатайтып бұрауды
ұмытпаңыз.
СУ ТӨГУ
Қажет болса, пластик түтік
бағыттағышты қолданып су төгетін
түтіктің ұшын имектеңіз.
Су төгетін түтіктің ұшын төрт түрлі
жолмен орнатуға болады:
Пластик түтік бағыттағышты
қолданып, раковинаның жиегінен
асырып салу.
Құрылғының суы төгіліп жатқанда су
төгетін түтік шығып кетпес үшін,
пластик түтік бағыттағышты шүмекке
баумен байлап қойыңыз.
Раковина төлкесіне бекіту арқылы.
Су төгетін түтікті төлкеге қарай итеріп,
қапсырғышпен бекітіңіз,
раковинадағы жуынды су құрылғыға
кіріп кетпес үшін су төгетін түтік иіліп
тұрсын.
Егер бұл төлке бұрын
пайдаланылмаса, орнында тұруы
мүмкін тығындағыш қақпақшаны
алыңыз.
Ақаба су құбырына 60 см-ден кем
емес, 100 см-ден артық емес биіктікте
electrolux 9
тікелей жалғауға болады. Су төгетін
түтіктің ұшы əрқашан желдетіліп
тұруға тиіс, яғни ақаба су құбырының
ішкі диаметрі, су төгетін түтіктің
сыртқы диаметрінен үлкен болуға
тиіс. Су төгетін түтік жаншылып
қалмауға тиіс.
Бөлме қабырғасына кіріктірілген
ақаба су құбырына тура жлғау
арқылы.
Су төгетін түтікті ең ұзыны 4 метрге
ұзартуға болады. Жергілікті қызмет
көрсету орталығында қосымша су
төгетін түтік пен жалғастырғыш
тетіктер бар.
ҚОСЫЛЫМҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ
~max.400 cm
min. 60 cm
max. 100 cm
0.5 bar (0.05 MPa)
8 bar (0.8 MPa)
min.
60 cm
max.
100 cm
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің желі параметрлеріне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
Қорек сымын өз бетіңізбен
ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қорек сымы мен ашаның
құрылғының
артында жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
10 electrolux
АРНАЙЫ КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
РЕЗЕҢКЕ ТІРЕКТЕР ЖИНАҒЫ
(4055126249)
Уəкілетті дилерден алуға болады.
Резеңке тіректерді əсіресе жылжымалы,
тайғанақ жəне ағаш едендерде
қолдануды ұсынамыз.
Резеңке тіректерді діріл, шуыл жəне
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
орнынан жылжып кетпес үшін
қолданыңыз.
Жинақпен бірге берілген нұсқаулықты
мұқият оқыңыз.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Электр желісіне жəне су
жүйелеріне қосу жұмыстарын
құрылғыны орнату нұсқауларына
сəйкес жүзеге асырыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
Кірді алғаш рет жуар алдында,
барабан мен машина ішіндегі
өндіріс қалдықтарды тазалау үшін
мақта мата циклын ең үлкен
температураға қойып, машинаны
кір салмастан іске қосыңыз.
Негізгі жуу циклына арналған
үлестіргіш қорапшаға жуғыш
заттың 1/2 мөлшерін салыңыз да,
машинаны іске қосыңыз.
ЖЕКЕ ТАЛАПТАРҒА САЙ ЛАЙЫҚТАУ
СИГНАЛ
Құрылғы төмендегі жағдайларда
дыбыстық сигнал беретін құралмен
жабдықталған:
циклдің соңында;
егер ақаулық болса.
2 жəне 3 түймешіктерін шамамен 6
секунд қатар басқанда, дыбыстық
сигнал ажырайды (ақаулық болмаса).
Осы 2 түймешікті қайта басу арқылы
дыбыстық сигналды қайтадан іске
қосуға болады.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ҚҰЛПЫ
Бұл құрал балалар жарақаттанады не
құрылғыға нұқсан келтіреді деп
алаңдамай, құрылғыны қараусыз
қалдыра беруге мүмкіндік береді. Бұл
функция сонымен қатар құрылғы жұмыс
істемей тұрған кезде де қосылып
тұрады.
Бұл параметрді орнатудың екі түрлі
тəсілі бар:
1. 8 түймешігін басар алдында:
құрылғыны іске қосу мүмкін емес.
2. 8 түймешігін басқаннан кейін: басқа
ешқандай бағдарламаны
не
параметрді өзгерту мүмкін емес.
Осы функцияны іске қосу немесе
ажырату үшін 2 жəне 3 түймешігін
бейнебетте
белгісі пайда болғанша
немесе көрінбей кеткенше 6 секунд
қатар басып тұрыңыз.
ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ СҰРЫПТАУ
Əр киімнің затбелгісіндегі жуу
белгішелерін қарап, өндірушінің жууға
қатысты нұсқауларын орындаңыз.
Киімді төмендегідей сұрыптаңыз: ақ,
electrolux 11
түрлі-түсті, синтетика, нəзік мата, жүн
тоқыма.
КІР САЛАРДЫҢ АЛДЫНДА
Өте маңызды! Кірде ешбір темір
заттың қалып қоймауын қадағалаңыз
(мысалы, шаш қыстырғыш, қауіпсіздік
түйреуіші, түйреуіштер). Жастық
қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз. Ілмектерді алыңыз (мысалы,
перденің).
Ақ жəне түрлі-түсті киімдерді
ешқашан бірге жумаңыз. Ақ киімнің
«ақтығы» жуу барысында бозарып
қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімді алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін; сондықан да
оларды алғаш жуғанда жеке жуу
керек.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен
тазалаңыз.
Нəски, қолғаптарды қалта немесе
торға
салып жуыңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды жумай
тұрып тазалаңыз:
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуып алыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды
арнайы жуғыш зат салынған суға салып
түні бойы жібітіңіз де, содан кейін
сабынды суға салып ысқылаңыз.
Майлы бояудан қалған дақ:: дақ
кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді
жұмсақ матаның үстіне қойып, дақты
бірнеше рет сіңіріп
алыңыз.
Кеуіп қалған май дақтары:
скипидармен жібітіңіз де, киімді жұмсақ
заттың үстіне қойып, мақтадан
жасалған матаны даққа қойып, оны
саусағыңыздың ұшымен басып сіңіріп
алыңыз.
Тот:: ыстық суға ерітілген шавель
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына əлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары:
ағартқышпен сүртіңіз де,
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: аздап ғана сабындап,
ағартқышпен сүртіңіз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ғана).
Шарикті қаламсап не желім дағы:
ацетонмен жібітіңіз
2)
, киімді жұмсақ
матаның үстіне қойып, дақты сіңіріп
алыңыз.
Далап: жоғарғыдағыдай ацетонмен
жібітіңіз де, содан кейін этил спиртімен
сүртіңіз. Кез келген қалып қойған дақты
ағартқышпен сүртіңіз.
Қызыл шарап: жуғыш зат салынған
суға жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң
шайыңыз. Кез келген қалып қойған
дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай алдымен
матаны ацетонмен
2)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіп алыңыз; ақ матада
қалып қойған кез келген дақты
ағартқышпен сүртіңіз де, соңынан
мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ
кетіргішпен, этил спиртімен не
бензинмен сүртіңіз, содан кейін жуғыш
қоймалжыңмен ысқылаңыз.
ЕСІКТІҢ ТҰТҚАСЫНАН ЕППЕН
ТАРТЫП АШЫҢЫЗ.
КІРДІ САЛЫҢЫЗ
Кірді барабанға бір-бірлеп, барынша
сілки отырып салыңыз.
2) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз.
12 electrolux
ЕҢ ҮЛКЕН САЛМАҚ
Ұсынылатын салмақ "Жуу
бағдарламалары" тарауында берілген.
Жалпы ережелер:
Мақта, зығыр: кірді барабанға
толтыра, бірақ аса тығыздалмай салу
керек;
Синтетика: кір барабанның
ортасынан асырмай салынады;
Нəзік мата мен жүн мата: кір
барабанның үштен біріне дейін
толтырылады.
ЕСІКТІ АБАЙЛАП ЖАБЫҢЫЗ
Назарыңызда болсын!
Маталардың есікті жапқан кезде
қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҮСТЕМЕЛЕР
Кірдің жақсы жуылуы сондай-ақ қандай
тазартқыш заттың таңдалғанына жəне
оны ысырап етпей, қоршаған ортаны
қорғау үшін дұрыс мөлшерде
пайдаланылуына да байланысты.
Тіпті биологиялық түрде ыдырайтын
тазартқыш заттардың құрамында да
қоршаған ортаның теңгерімін бұзуы
мүмкін заттар болады.
Жуғыш затты таңдау матаның түріне
(нəзік мата, жүн тоқыма, мақта мата
т.б.), түсіне,
жуу температурасына жəне
кірлеу дəрежесіне байланысты болады.
Əдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да осы құрылғыда қолдануға
болады:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
нəзік мата (ең көбі 40°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не тек жүн
матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (ең көбі 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫҢ
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӨЛШЕРІ
Жуғыш заттың түрі мен қолданылатын
мөлшері матаның түріне, салынған
мөлшеріне, қаншалықты кірлегеніне
жəне пайдаланылған судың кермектігіне
байланысты.
Жуғыш затты пайдалану мөлшерін
əрқашан оның орамынан қараңыз.
Төменгі жағдайларда жуғыш затты
азырақ жұмсаңыз:
кірдің аз ғана мөлшерін жусаңыз,
шамалы ластанған кір үшін,
жуған кезде көп көбік пайда болса.
СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ
Судың
кермектігі кермектік «деңгейі»
деп аталатын өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен жабдықтайтын
компаниядан не жергілікті мекемеден
алуға болады.
Судың кермектігі орташа не жоғары
болса, əрқашан өндірушінің
нұсқауларын орындай отырып, су
жұмсартқыштан қосыңыз.
Су тұщы болса, жуғыш заттың
қосылатын мөлшерін өзгертіңіз.
electrolux 13
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІНІҢ
СУЫРМАСЫН АШЫҢЫЗ
Негізгі жуу циклі үшін қолданылатын
ұнтақ жуғышқа немесе сұйық жуғыш
затқа арналған бөлік.
Сұйық жуғыш
затқа арналған бөлік (мата
жұмсартқыш, крахмал).
Назарыңызда болсын! Алдын ала
жуу циклін орындағыңыз келсе,
жуғыш затты барабанға салынатын
киімдердің арасына салыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қолданылатын жуғыш заттың түріне
қарай (ұнтақ не сұйық), негізгі
бөлікке салынған кіріктірме
бөлгіштің дұрыс орынға қойылғанын
тексеріңіз.
ҰНТАҚ НЕМЕСЕ СҰЙЫҚ ЖУҒЫШ
ЗАТҚА АРНАЛҒАН БӨЛГІШ
ЖОҒАРЫ- Бөлгішті ҰНТАҚ жуғыш зат
қолданғанда қоятын орын
PUSH
REMOVE
TO CLEAN
ТӨМЕН - Бөлгішті СҰЙЫҚ жуғыш зат
қолданғанда қоятын орын
PUSH
REMOVE
TO CLEAN
Бөлгіш дұрыс орынға қойылмаса:
Тартпаны алыңыз. Тартпаны орнынан
оңай алу үшін, оның көрсеткімен
(PUSH) белгіленген шетін сыртқа
итеріңіз.
Ұнтақ жуғышты қолданғыңыз келсе
бөлгіш төмен қарап тұрады:
Бөлгішті жоғары айналдырыңыз.
Бөлгішті орнына əбден салыңыз.
Суырманы еппен орнына қайта
салыңыз.
14 electrolux
P
O
W
D
E
R
D
E
T
E
R
G
E
N
T
Жуғыш затты мөлшерлеп алыңыз.
Ұнтақ жуғыш затты негізгі жуу
бөліміне салыңыз
.
Сұйық жуғыш затты қолданғыңыз
келгенде бөлгіш жоғары қарап тұрса:
Бөлгішті төмен айналдырыңыз.
Суырманы еппен орнына қайта
салыңыз.
L
I
Q
U
I
D
D
E
T
E
R
G
E
N
T
1
2
0
m
l
6
0
m
l
Жуғыш затты мөлшерлеп алыңыз.
Жуғыш затты қолдану мөлшерін
əрқашан өнімнің орамасында
көрсетілген нұсқаудан қараңыз
жəне жуғыш затты суырмаға құюға
болатынына көз жеткізіңіз.
Сұйық жуғыш затты бөлікте
көрсетілген шектен асырмай,
үлестіргішке
құйыңыз. Жуғыш
затты жуу бағдарламасын бастамай
тұрып үлестіргіштің тиісті бөліктеріне
салу керек.
Назарыңызда болсын! Бөлгіш
"ТӨМЕН" қалпында тұрғанда:
Желатин тəрізді не қою жуғыш
заттарды қолданбаңыз.
Ұнтақ жуғыш.
Алдын ала жуу циклі бар
бағдарламалар үшін.
Жуу бағдарламасын дереу
бастамасаңыз сұйық жуғыш затты
қолданбаңыз.
Жоғарыда көрсетілген
жағдайлардың барлығында бөлгішті
"ЖОҒАРЫ" қалпына қойыңыз.
МАТА ЖҰМСАРТҚЫШТЫ ӨЛШЕП
АЛЫҢЫЗ.
Мата жұмсартқышты немесе басқа
қоспаларды
арқылы белгіленген
бөлікке салыңыз (суырманың «MAX»
таңбасынан асырмаңыз). Егер
қоспаларды қолдансаңыз, оларды
үлестіргіштердегі тиісті бөліктерге, жуу
бағдарламасын бастардың сəл
алдында ғана салыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІНІҢ
СУЫРМАСЫН ЖАБЫҢЫЗ
electrolux 15
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ОРНАТЫҢЫЗ
Басқару панелі жуу бағдарламаларын жəне басқа параметрлерді таңдауға
мүмкіндік береді.
Параметр түймешігін басқанда, тиісті индикатор шам жанады. Əйтпесе ол
сөндірулі болады.
Жуу бағдарламалары мен параметрлердің сыйысымдылығы туралы
ақпаратты «Жуу бағдарламалары» тарауынан қараңыз. Қате параметр
таңдалса 8 түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет жыпылықтап, бейнебетте
Err жазуы көрсетіледі.
7
6
8
1234
5
1
Бағдарлама таңдау
тетігі
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті бағдарламаға
бұрап қойыңыз. Таңдау тетігін сағат тілінің
бағыты бойынша не сағат тілінің бағытына
қарсы бұрауға болады. 8 түймешігінің жасыл
сигнал шамы жыпылықтай бастайды: енді құрылғы
қосулы.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, бағдарлама
таңдау тетігін басқа бағдарламаға қойсаңыз, 8
түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтайды да, бейнебетте Err жазуы пайда
болып, таңдаудың қате екенін білдіреді.
Құрылғы жаңадан таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
Құрылғыны сөндіру үшін, бағдарлама таңдау
тетігін
қалпына қойыңыз.
Орындалып тұрған бағдарламаны болдырмау
немесе өзгерту үшін бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойып құрылғыны сөндіріңіз.
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті бағдарламаға
бұрап, жаңа бағдарламаны таңдаңыз. Жаңа
бағдарламаны 8 түймешігін қайта басып
бастаңыз. Барабанның ішіндегі су төгілмейді.
16 electrolux
2
Температура
түймешігі
Кір жууға барынша қолайлы температураны
таңдау үшін температура түймешігін басыңыз.
: Суық сумен жуу.
3
Айналдыруды
азайту жəне Шаюды
кідірту
Айналдыруды азайту
Бағдарламаны таңдаған кезде машина осы
бағдарлама үшін тағайындалған максимум
айналдыру жылдамдығын автоматты түрде
ұсынады.
Егер кірді басқа жылдамдықта айналдырып
жуғыңыз келсе, осы түймешікті қайта-қайта басып,
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз. Тиісті шам
жанады.
Шаюды кідірту
Осы функция таңдалса, киімдер мыжылып қалмас
үшін соңғы шаю циклынан қалған су түгел
төгілмейді. Есікті ашпас бұрын машина ішіндегі
суды төгу қажет.
Суды төгу үшін «Бағдарламаның соңы» тарауын
қараңыз.
4
Жылдам Осы түймешікті басқанда, тиісті сигнал шамы
жанады.
Жеңіл-желпі кірлеген зат не жеңіл ғана тазартылуға
тиіс киім-кешектерге арналған қысқа цикл.
Осы параметрді қолданғанда кірдің мөлшерін
азайтуды ұсынамыз:
Мақта мата 3 кг
Синтетика жəне нəзік мата 1,5 кг
2
+
4
Қосымша шаю Бұл құрылғы суды үнемдейтін етіп жасалған.
Дегенмен, терісі өте сезімтал (жуғыш затқа
аллергиясы бар) адамдар үшін кірді қосымша сумен
шаю қажет болуы мүмкін.
2 жəне 4 түймешіктерін бірнеше секунд қатар
басыңыз: 7.2 сигнал шамы жанады. Бұл функция
тұрақты түрде белсенді күйде болады. Оны алу
үшін осы түймешіктерді 7.2 түймешігінің сигнал
шамы сөнгенше қайта басыңыз
.
electrolux 17
5
Бейнебет
5.1
5.2
5.3
Бейнебетте төмендегі ақпарат көрсетіледі:
5.1Кешіктіріп бастау белгішесі
5.2Бала қауіпсіздігі құлпы
Бұл құрал жұмыс істеп тұрған құрылғыны қараусыз
қалдыруға мүмкіндік береді.
5.3
Таңдалған бағдарламаның ұзақтығы
Бағдарламаны таңдағаннан кейін бейнебетте
оның ұзақтығы сағат пен минут арқылы (мысалы,
) көрсетіледі. Бағдарламаның ұзақтығы
матаның əрбір түрі үшін ұсынылатын ең үлкен
салмақ негізінде автоматты түрде есептеледі.
Бағдарлама басталғаннан кейін, оның соңына
дейін қалған уақыт минут сайын жаңарып
отырады.
Кешіктіріп бастау
Бейнебетте қажетті түймешікті басу арқылы
таңдалған кешіктіріп бастау уақыты бірнеше
секунд көрсетіліп тұрады да, содан кейін
таңдалған бағдарламаның ұзақтығы қайта
көрсетіледі. Кешіктіріп бастау уақыты əр
сағат
сайын бір сағатқа кеміп отырады да, соңғы 1 сағат
қалғанда, минут сайын азая бастайды.
Ескерту кодтары
Құрылғы жұмысына қатысты ақаулықтар
туындаған кезде, бейнебетте кейбір ескерту
кодтары мысалы,
пайда боладыКелесі
жағдайда не істеу керек...» тарауын қараңыз).
Қате таңдалған функция
Орнатылған жуу бағдарламасына сай келмейтін
функция таңдалса, бейнебеттің астыңғы жағында
Err жазуы бірнеше секунд көрсетіледі де, 8
түймешігінің қызыл сигнал шамы жыпылықтай
бастайды.
Бағдарлама соңы
Бағдарлама аяқталған кезде, нөл (
)
көрсетіледі, сигнал шамы 7.3 жанып, 8
түймешігінің сигнал шамы өшеді де, есікті аша
беруге болады.
6
Кешіктіріп бастау Бағдарламаны осы түймешік арқылы 30 мин.- 60
мин. - 90 мин., 2 сағат, содан соң 1 сағаттан қоса
отырып, ең көбі 20 сағатқа дейін кешіктіруге
болады.
Бағдарламаны бастамай тұрып, оны кешіктіріп
бастағыңыз келсе, қажетті кешіктіріп бастау
уақытын таңдау үшін осы түймешікті басыңыз.
Таңдалған кешіктіріп бастау уақытының мəні
бейнебетте бірнеше секунд көрсетіледі де,
бағдарлама ұзақтығы қайтадан пайда болады.
18 electrolux
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып болғаннан
кейін, оны бастамай тұрып таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген уақытта, 8
түймешігін баспай тұрып біржола тоқтатуға немесе
өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау параметрін таңдау:
Бағдарлама мен қажетті параметрлерді таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын 6 түймешігін басып
таңдаңыз.
8 түймешігін басыңыз:
құрылғы сағат санап кемитін кері санақты
бастайды
.
бағдарлама таңдалған кешіктіріп бастау уақыты
аяқталған соң басталады.
Бағдарламаны бастағаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын болдырмау:
Құрылғыны ҮЗІЛІС параметріне 8 түймешігін
басып қойыңыз.
6 түймешігін бір рет басыңыз. Бейнебетте
'
көрсетіледі.
Бағдарламаны бастау үшін 8 түймешігін қайта
басыңыз.
Таңдалған кешіктіріп бастау уақытын, жуу
бағдарламасын қайта таңдағаннан кейін ғана
өзгертуге болады.
Есік кешіктіріп бастау уақыты аяқталғанша
құлыптаулы тұрады. Есікті ашу керек болса,
алдымен 8 түймешігін басу арқылы
құрылғыны ҮЗІЛІС параметріне қойып,
бірнеше минут өткеннен кейін есікті ашыңыз.
Есікті жапқан соң сол түймешікті қайта
басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын су төгу
бағдарламасымен бірге таңдау мүмкін емес.
.
7.1
7.2
7.3
Индикаторлық
сигнал шамдары
Бағдарламаны 8 түймешігін басып бастағанда,
жуу циклының сигнал шамы (7.1) жанады. Бұл
құрылғының жұмыс істеп тұрғандығы білдіреді.
Құрылғы қосымша шаю циклдерін орындағанда
қосымша циклдердің сигнал шамы (7.2) жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде, "циклдің соңы" (7.3)
сигнал шамы жанады.
electrolux 19
8
Бастау/Үзіліс Бағдарламаны мына түймешікті басып
бастаңыз: 8
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін 8
түймешігін басыңыз, тиісті жасыл шам
жыпылықтағанын қояды. 7.1 сигнал шамы жанады
да, құрылғының жұмыс істей бастағанын жəне
есіктің құлыптаулы екенін көрсетеді. Кешіктіріп
бастау функциясы таңдасаңыз, құрылғы кері
санақты бастайды.
Орындалып тұрған бағдарламаны үзіліске қою
үшін 8 түймешігін басыңыз: жасыл сигнал шам
жыпылықтай бастайды. Орындалып
тұрған
бағдарламаның кейбір функцияларын,
бағдарлама оларды орындамай тұрып өзгертуге
болады.
Бағдарламаны үзілген жерінен бастап қайта
бастау үшін 8 түймешігін басыңыз.
Бағдарлама басталғаннан кейін есік құлыпталып
қалады. Қандай да бір себепке байланысты есікті
ашу қажет болса, алдымен құрылғыны 8
түймешігін басып ҮЗІЛІС параметріне қойыңыз.
Бірнеше минуттан кейін есікті ашуға болады.
Есік құлыптаулы қалпы
тұрса, бұл құрылғының суды
əлдеқашан ысыта бастағанын не су деңгейінің тым
жоғары екендігін білдіреді. Есікті ешқашан күшпен
ашуға тырыспаңыз!
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны міндетті түрде ашу
қажет болса, тетікті
қалпына қою арқылы
құрылғыны сөндіріңіз. Бірнеше минуттан соң есікті
ашуға болады (судың деңгейі мен
температурасына назар аударыңыз!). Есікті
жапқаннан кейін, бағдарлама мен функцияларды
қайта таңдап, 8 түймешігін басу қажет.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды. 8
түймешігінің сигнал шамы мен 7.3
сигнал шамы жанады. Бейнебетте нөл
көрсетіледі.
Егер аяқталғанда барабанның ішінде су
қалатын бағдарлама немесе
функция
таңдалса, есік құлыпталған қалпы
қалады да, алдымен суды төгу
қажеттігін ескертеді.
Суды төгу үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына
бұраңыз.
Суды төгу не айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын тиісті түймешікті басып
азайтыңыз.
8 түймешігін басыңыз.
Бағдарламаның соңында есікті ашуға
болады. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама таңдау тетігін
қалпына
қойыңыз. Кірді машинадан алыңыз да,
барабанның бос екенін мұқият
тексеріңіз. Енді кір жумайтын болсаңыз,
су құятын шүмекті жабыңыз. Зең мен
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есікті
ашық қалдырыңыз.
Назарыңызда болсын! Егер үйде
балалар немесе үй жануарлары
болса, есіктің жақтауының ішкі
жағындағы балаларды қорғау
құралын іске қосыңыз (толығырақ
ақпаратты "Балаларды қорғау
құралын" тарауынан қараңыз).
20 electrolux
/