EDC2086PDW

Electrolux EDC2086PDW Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство пользователя по сушильной машине Electrolux EDC2086PDW и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны программы сушки, функции, рекомендации по уходу и устранению неполадок. Задавайте ваши вопросы!
  • Как выбрать программу сушки для разных типов ткани?
    Как часто нужно чистить фильтр?
    Что делать, если сушильная машина остановилась во время работы?
    Как использовать функцию отложенного старта?
EDC2086PDW
KK КЕПТІРГІШ БАРАБАН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ 2
RU СУШИЛЬНЫЙ БАРАБАН ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ 21
UK СУШИЛЬНИЙ БАРАБАН ІНСТРУКЦІЯ 41
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................8
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ................................................................................... 9
6. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................10
7. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................12
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................13
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................13
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 14
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 15
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................17
13. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА........................................................................19
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
ҚАЗАҚ 3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір кептіргіш
машина қойылып тұрса, орнату жинағын
пайдаланыңыз. Уәкілетті дилерден алуға болатын
орнату жинағын нұсқауларда көрсетілген, керек-
жарағы бірге жеткізілген құрылғыларда ғана
пайдалану керек. Орнатуды бастамай тұрып
мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын қараңыз).
Бұл құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып ас үй қаптамасының астына
орнатуға болады (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны бекітілетін есіктің, сырғыма есіктің
артына немесе топсасы керісінше орналасқан,
құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын
жерлерге орнатпаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Басқа жанармай қолданылатын құрылғылардан,
сондай-ақ ашық оттан бөлінетін шығынды газдар
қайта бөлмеге кірмес үшін, құрылғы орнатылған
бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе
басқа отын түрінің шығарынды түтіндерін шығаруға
арналған түтіктен шығаруға болмайды. (егер бар
болса)
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Ең көп салмақ 8 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
www.electrolux.com4
Өнеркәсіптік тазалағыш құралдармен тазаланған
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды тазалаңыз.
Құрылғыны сүзгісін салмай іске қоспаңыз.
Пайдаланар алдында немесе пайдаланып
болғаннан кейін қыл-қыбыр сүзгісін тазалаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш
машинада кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат
пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін
қалпақтар, су өткізбейтін текстиль, резеңкемен
астарланған заттар мен киімдерді немесе резеңке
толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
мата жұмсартқыштың нұсқауларында көрсетілген
тәрізді пайдалану керек.
Қалталардан шылым тұтатқыш және сіріңке тәрізді
заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кір дереу алынып, қызулары тезірек
тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны ешқашан
кептіру циклы аяқталмай тұрып тоқтатпаңыз.
Кір кептіргіш машинаның соңғы циклы кезінде,
киімдердің температурасы киімдерге зақым
келтірмейтін деңгейде болуы үшін қызу бөлінбейді
(салқындату циклы).
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны температурасы 5°C
градустан төмен 35°C градустан
жоғары жерге орнатпаңыз немесе
қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің
тегіс, орнықты, қызуға төзімді және
таза болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғыны үнемі тік қалыпта
жылжытыңыз.
Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас
көмегімен деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанын тексеріңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған.
Құрылғының 13 амперлік қуат
ашасы бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет
болса 13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Толтырмасы бар немесе ішіне
нәрсе салынған, нұқсан келген
заттарды кептірмеңіз.
Кір кептіргіште кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз.
Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
кептірер алдында қосымша шаю
циклын орындаңыз.
Конденсат/тазартылған суды
ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін
пайдаланбаңыз. Себебі адамдар
мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді кір
кептіргіш машинада кептірмеңіз.
2.4 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
www.electrolux.com6
2.5 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2
6
3
4
5
8
9
10
11
7
1
Су сауыты
2
Басқару панелі
3
Құрылғының есігі
4
Бастапқы сүзгі
5
Конденсатор есігінің түймешігі
6
Ауа саңылаулары
7
Реттемелі тірек
8
Конденсатор есігі
9
Конденсатордың қақпағы
10
Конденсатор қақпағының
бекітпелері
11
Техникалық ақпарат тақтайшасы
Пайдаланушы кір
салынатын есікті керісінше
орната алады. Бұл кірді
оңай салуға және алуға
көмектеседі немесе
құрылғы орнатылатын жер
тар болса ыңғайлы (жеке
кітапшаны қараңыз).
ҚАЗАҚ 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2
7
3
6
5
4
8
1
Бағдарлама түймешесі
2
Дисплей
3
Время (Уақыт) сенсорлық
түймешігі
4
Отлож. Старт (Кешіктіру)
сенсорлық түймешігі
5
Тонкие ткани (Нәзік мата)
сенсорлық түймешігі
6
Шерсть (Жүн мата) сенсорлық
түймешігі
7
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
сенсорлық түймешігі
8
Қосу/Өшіру түймешігі
Сенсорлық түймешіктердің
белгісі немесе функция
атауы көрсетілген тұсын
саусағыңызбен түртіңіз.
Басқару панелін қолданған
кезде қолғап кимеңіз.
Басқару панелінің үнемі
таза және құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз.
4.1 Индикатор шамдары
Индикатор шамдары Сипаттама
Кептіру циклы
Салқындату циклы
Мыжылудан сақтау циклы
Конденсатор
Су сауыты
Сүзгі
Кешіктіріп бастау
www.electrolux.com8
Индикатор шамдары Сипаттама
Бала құлпы
Дыбыстық сигналдар
Бағдарлама ұзақтығы
-
Кептіру уақыты
-
Кешіктіріп бастау уақыты
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Бағдарламалар Ыдысты салу түрі
Кір (макс.)
1)
/
Мата белгісі
Хлопок (Мақта мата)
Очень сухое
(Өте құрғақ)
Кептіру деңгейі: өте құрғақ.
8кг/
Сухое (Құрғақ)
Кептіру деңгейі: құрғақ.
8кг/
В шкаф
(Шкафқа)
2)
3)
Кептіру деңгейі: шкафқа.
8кг/
Под утюг
(Үтіктеуге)
2)
Кептіру деңгейі: үтіктеуге жарамды.
8кг/
Синтетика (Синтетика)
Очень сухое
(Өте құрғақ)
Кептіру деңгейі: өте құрғақ.
3,5кг/
В шкаф
(Шкафқа)
2)
Кептіру деңгейі: шкафқа.
3,5кг/
Под утюг
(Үтіктеуге)
Кептіру деңгейі: үтіктеуге жарамды.
3,5кг/
Легкая глажка
(Жеңіл үтіктеу)
Шамалы ғана үтіктеуді қажет ететін,
көп күтім талап етпейтін маталар.
Кептіру нәтижесі әр матада әр түрлі
болуы мүмкін. Кірлерді құрылғыға
салар алдында сілкілеңіз. Бағдарлама
аяқталған кезде заттарды дереу
алыңыз да, ілгішке іліңіз.
1кг (немесе 5
жейде)/
ҚАЗАҚ 9
Бағдарламалар Ыдысты салу түрі
Кір (макс.)
1)
/
Мата белгісі
Одеяла (Көрпе)
Бір неесе екі көрпені және жастықты
кептіруге арналған (қауырсын, мамық
немесе синтетика толтырылған).
3кг/
Тонкие тканиs
(Нәзік мата)
Нәзік маталар.
2кг/
Шерсть (Жүн
мата)
4)
Жүн маталар. Жуылатын жүн
маталарды баппен кептіру.
Бағдарлама аяқталған кезде заттарды
дереу алыңыз.
1кг
Спорт киімдерін Кептіру торын
пайдаланып кептіруге ғана арналған
(Кептіру торының пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз).
1 пар спорт аяқ
киімі
Освежить
(Жаңарту)
Шкафта тұрған маталарды жаңарту. 1кг
Время (Уақыт)
Осы бағдарламада Время (Уақыт)
функциясын қолдануға және
бағдарлама уақытын орнатуға болады.
8кг/
Короткая
(Жылдам)
Мақта мата және синтетика маталарға
арналған, төмен температураны
пайдаланады.
2кг/
1)
Ең үлкен салмақ құрғақ заттардың негізінде берілген.
2)
Сынақ институттарына арналған: EN 61121 құжатында көрсетілген сынақтарға
арналған стандартты бағдарламалар.
3)
Бұл
Хлопок (Мақта мата) В шкаф (Шкафқа) бағдарламасы - кәдімгі дымқыл
мақта мата бұйымдары үшін қолайлы және дымқыл мақта мата бұйымдарын қуатты
тиімді пайдаланып кептіруге барынша оңтайлы “Cтандартты мақта мата
бағдарламасы” болып табылады.
4)
Осы машинаның жүн матаны кептіру циклы, машинада жууға болатын жүн
маталарды затбелгісіндегі нұсқауларына және кір жуғыш машина өндірушісінің
нұсқауларына сай жуып, кептірген жағдайда, Woolmark компаниясы тарапынан
сертификатталған. M1221. Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг және Индияда Wool‐
mark белгісі - сертификатталған сауда белгісі болып табылады.
6. ФУНКЦИЯЛАР
6.1 Время (Уақыт)
Бұл функцияға Время (Уақыт)
бағдарламасында және Шерсть (Жүн
мата) бағдарламасында (тек ғана
Кептіру торы бар болса) қолжетімді.
www.electrolux.com10
Аз кір жуғанда немесе бір
ғана кірді жуған кезде
бағдарлама уақытын
азайтуды ұсынамыз.
Время (Уақыт) бағдарлама:
Бағдарламаның уақытын ең кемі 10
минуттан бастап, ең көбі 2 сағатқа
дейін қоюға болады. Уақыт
параметрі құрылғының ішіндегі
кірдің мөлшеріне байланысты
қойылады.
Шерсть (Жүн мата) бағдарлама:
Бағдарламаның уақытын ең кемі 30
минуттан бастап, ең көбі 4 сағатқа
дейін қоюға болады. Уақыт
параметрі құрылғының ішіндегі
кірдің мөлшеріне байланысты
қойылады.
6.2 Шерсть (Жүн мата)
Бұл функция Жүн мата
бағдарламасында ғана жұмыс істейді.
Кірді тағы да кептіргіңіз келсе Шерсть
(Жүн мата)
сенсорлық түймешігін
қайта-қайта басып, бағдарламаның
уақытын ұзартыңыз.
6.3 Тонкие ткани (Нәзік мата)
Осы функцияның көмегімен төмен
температурасы бар баппен кептіру
бағдарламасын орнатуға болады.
Затбелгісінде белгісі бар (мысалы,
акрил, вискоза) маталар үшін осы
функцияны пайдаланыңыз.
6.4 Функциялар кестесі
Бағдарламалар
1)
Хлопок (Мақта мата)
Очень сухое
(Өте құрғақ)
Сухое (Құрғақ)
В шкаф
(Шкафқа)
Под утюг
(Үтіктеуге)
Синтетика (Синтетика)
Очень сухое
(Өте құрғақ)
В шкаф
(Шкафқа)
Под утюг
(Үтіктеуге)
Легкая глажка
(Жеңіл үтіктеу)
ҚАЗАҚ 11
Бағдарламалар
1)
Одеяла (Көрпе)
Тонкие тканиs
(Нәзік мата)
Шерсть (Жүн
мата)
2)
Освежить
(Жаңарту)
Время (Уақыт)
Короткая
(Жылдам)
1)
Бағдарламаға 1 немесе одан көп функцияларды орнатуға болады. Оларды қосу
немесе ажырату үшін тиісті сенсорлық түймешікті басыңыз.
2)
Кептіру торымен ғана (стандартты керек- жарақ немесе қосымша, үлгіге
байланысты).
7. ПАРАМЕТРЛЕР
A
D
B
C
E
A) Время (Уақыт) сенсорлық
түймешігі
B) Отлож. Старт (Кешіктіру)
сенсорлық түймешігі
C) Тонкие ткани (Нәзік мата)
сенсорлық түймешігі
D) Шерсть (Жүн мата)
сенсорлық
түймешігі
E) Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
сенсорлық түймешігі
7.1 Бала қауіпсіздігі
функциясы
Бұл параметр бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде, балаларға құрылғымен
ойнауға жол бермейді. Бағдарлама
тетігі мен сенсорлық түймешіктер
бұғатталады.
Қосу/сөндіру түймешігі ғана
бұғатталмай тұрады.
Бала қауіпсіздігі функциясын
қосу:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (A) және (D) сенсорлық түймешігін
бірге басып ұстап тұрыңыз. Бала
қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жанады.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жанады.
Бала қауіпсіздігі
функциясын бағдарлама
жұмыс істеп тұрған кезде
ажыратуға болады. Сол
сенсорлық түймешіктерді
бала қауіпсіздігі
функциясының индикаторы
сөнгенше бірге басып
ұстап тұрыңыз.
www.electrolux.com12
7.2 Сигнал қосулы/сөндірулі
Дыбыстық сигналдарды сөндіру
немесе қосу үшін (B) және (C)
сенсорлық түймешіктерін шамамен 2
секунд бірге басып ұстап тұрыңыз.
7.3 Кірде қалған ылғалдың
деңгейін реттеу
Кірде қалған ылғалдың әдепкі деңгейін
реттеу үшін:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (A) және (B) түймешіктерін бірге
басып ұстап тұрыңыз.
Осы индикаторлардың бірі жанады:
өте құрғақ кір
барынша құрғақ кір
қалыпты құрғақ кір
4. (E) түймешігін дұрыс деңгейдің
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
5. Параметрдің өзгергенін растау
үшін (A) және (B) түймешіктерін
шамамен 2 секунд бірге басып
ұстап тұрыңыз.
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны ең алғаш пайдаланар
алдында мына әрекеттерді
орындаңыз:
Кір кептіргіш машинаның
барабанын дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Дымқыл кірлерді салып қысқа
бағдарламаны (мысалы, 30 минут)
бастаңыз.
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
9.1 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастаңыз
1. Кірді дайындап, құрылғыға
салыңыз.
САҚТАНДЫРУ
ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Есікті жапқан кезде
құрылғының есігі мен
резеңке
тығыздағышының
арасына кір
қыстырылып
қалмағанына көз
жеткізіңіз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
Дисплейде бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
4. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) сенсор
пернесін басыңыз.
Бағдарлама басталады.
9.2 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте қажетті кешіктіріп
бастау уақыты пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
Бағдарламаны ең кемі
30 минуттан бастап, ең
көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіріп бастай
аласыз.
3. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) сенсор
пернесін басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау
функциясының кері санағы көрінеді.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
ҚАЗАҚ 13
9.3 Бағдарламаны өзгерту
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
9.4 Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде:
Үзік-үзік дыбыстық сигнал естіледі.
индикаторы жыпылықтайды.
индикаторы жыпылықтайды.
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
индикаторы жанады.
Құрылғы тағы да 30 минут мыжылып
қалуға жол бермейтін циклды қосып,
жұмысын жалғастырады.
Мыжылып қалуға қарсы цикл кірдің
бырысын жазады.
Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл
аяқталмай тұрып алуға болады.
Нәтижесі жақсы болу үшін кірді цикл
аяқталған кезде немесе аяқталуға
жақын қалған кезде алуды ұсынамыз.
Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл
аяқталған кезде:
индикаторы жанып тұрады, бірақ
жыпылықтамайды.
индикаторы жанып тұрады, бірақ
жыпылықтамайды.
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
индикаторы өшеді.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының есігін ашыңыз.
3. Кірді алып шығыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз.
Бағдарлама аяқталған
кезде сүзгіні әрқашан
тазалаңыз және су
сауытын босатыңыз.
9.5 Күту режимі
Пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, бұл функция құрылғыны
келесі жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
Егер бағдарламаны бастамасаңыз
5 минуттан кейін.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткен кезде.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Кірді дайындау
Тартқыштарын жабыңыз.
Көрпе тыстарының түймелерін
салыңыз.
Галстук немесе бантиктерді
(мысалы, фартук бауларын) бос
салмаңыз. Оларды бағдарламаны
бастамай тұрып байлаңыз.
Қалталардағы заттардың барлығын
алыңыз.
Егер заттың ішкі қабаты мақта
матадан жасалса, астарын сыртқа
аударыңыз. Мақта матадан
жасалған жағының сыртқа қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз
Біз құрылғыға салынған
маталардың түріне сай келетін
дұрыс бағдарламаны орнатуды
ұсынамыз.
Бояуы қатты шығатын маталарды
ашық түсті маталармен бірге
салмаңыз. Қанық бояулар ағып
кетеді.
Мақта мата джерсиі немесе
тоқылған заттарды жууға сай
келетін бағдарламаны
пайдаланыңыз, бұл заттар отырып
қалуы мүмкін.
Кірдің салмағының бағдарлама
кестесінде көрсетілген ең үлкен
салмақтан аспайтынына көз
жеткізіңіз.
Кір кептіргіш машинада кептіруге
болатын кірлерді ғана кептіріңіз.
Заттардың матасындағы затбелгіні
қараңыз.
www.electrolux.com14
Матаның
затбелгісі
Сипаттама
Кір кептіргіш машинада кептіруге болатын кір.
Кір кептіргіш машинада кептіруге болатын кір. Стандартты
температурасы бар бағдарламаны орнатыңыз.
Кір кептіргіш машинада кептіруге болатын кір. Төмен
температурасы бар бағдарламаны орнатыңыз.
Кір кептіргіш машинада кептіруге болмайтын кір.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
11.1 Сүзгіні тазалау
1. 2.
1
2
3. 4.
5.
1)
6.
2
1
1)
Қажет болса, сүзгіні ыстық сумен тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 15
11.2 Су сауытын босату
1. 2.
3. 4.
Су сауытындағы суды
тазартылған судың орнына
(мысалы, булап үтіктеу
үшін) пайдаланыңыз. Суды
пайдаланар алдында
қалдықтарын сүзгімен
тазалаңыз.
11.3 Конденсаторды тазалау
1. 2.
3.
2
1
4.
11
2
1
1
www.electrolux.com16
5. 6.
7. 8.
11
1
2
2
3
11.4 Барабанды тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны тазалар
алдында тоқтан ағытыңыз.
Барабанның ішкі беті мен барабанның
қырларын тазалау үшін стандартты
бейтарап сабынды жуғышты
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Барабанды тазалау үшін
жеміргіш материалдарды
немесе темір жүн жөкені
қолданбаңыз.
11.5 Басқару панелі мен
корпусын тазалау
Басқару панелі мен корпусын тазалау
үшін стандартты, бейтарап сабынды
жуғышты қолданыңыз.
Тазалау үшін дымқыл шүберекті
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны жиһаз
тазалайтын заттармен
немесе тот бастыратын
жуғыш заттармен
тазаламаңыз.
11.6 Ауа шығатын
саңылауларын тазалау
Ауа шығатын саңылаулардағы қыл-
қыбырды тазалау үшін шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Ашаның розеткаға қосылғанына көз
жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 17
Ақаулық Ықтимал шешімі
Сақтандырғыш қорабындағы (үй
желісіндегі) сақтандырғышты
тексеріңіз.
Бағдарлама басталмай тұр. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) түймешігін
басыңыз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының есігі жабылмайды. Сүзгінің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының есігі мен резеңке
тығыздағышының арасына кір
қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрып тоқтап
қалады.
Су сауытының бос екеніне көз
жеткізіңіз. Бағдарламаны қайта бастау
үшін Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте ұзақ бағдарлама уақыты
көрсетіледі.
1)
Кірдің салмағының бағдарлама
уақытына сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сүзгінің таза екеніне көз жеткізіңіз.
Кір өте дымқыл. Кірді кір жуғыш
машинаға салып қайта айналдырыңыз.
Бөлме температурасының өте жылы
емес екеніне көз жеткізіңіз.
Бейнебетте қысқа бағдарламаның
уақыты көрсетіледі.
Время (Уақыт) немесе Очень сухое
(Өте құрғақ) бағдарламасын
орнатыңыз.
Бейнебетте Err көрсетіледі. Егер жаңа бағдарлама орнатқыңыз
келсе, құрылғыны сөндіріңіз де,
қосыңыз.
Функциялардың бағдарламаға сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Бейнебетте көрсетіледі (мысалы, E51). Құрылғыны сөндіріңіз де, іске қосыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастаңыз.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
1)
Ең көбі 5 сағат өткеннен кейін бағдарлама автоматты түрде аяқталады
Егер кептіру нәтижелері
қанағаттанарлық болмаса
Дұрыс бағдарлама орнатылмаған.
Сүзгі бітеліп қалған.
Конденсатор бітеліп қалған.
Құрылғыға өте көп кір салынған.
Барабанның іші лас.
Өткізгіштік сенсорының параметрі
дұрыс емес.
www.electrolux.com18
Ауа шығаратын саңылаулар
бітелген.
13. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Биіктігі x Ені x Тереңдігі 850 x 600 x 600 мм (ең көбі 630 мм)
Құрылғының есігі ашық тұрған кездегі
макс. тереңдігі
1090 мм
Құрылғының есігі ашық тұрған кездегі
макс. ені
950 мм
Реттеуге болатын биіктік 850 мм (+ 15 мм - тіректерді реттеу)
Барабанның сыйымдылығы 118 л
Кірдің макс. салмағы 8 кг
Кернеу 230В
Жиілік 50 Гц
Қажетті сақтандырғыш 10 A
Жалпы қуаты 2250 Вт
Қуат тиімділігі санаты B
Қуатты тұтыну
1)
4,80 кВт/сағ
Жылдық пайдаланылатын қуат
көлемі
2)
560 кВт/сағ
Қосулы тұрғанда пайдаланылатын қуат
мөлшері
0,55 Вт
Сөндірулі тұрғанда пайдаланылатын
қуат мөлшері
0,55 Вт
Қолдану түрі Тұрмыста қолдану
Рұқсат етілген бөлме температурасы + 5°C бастап + 35°C дейін
Төмен кернеумен жұмыс істейтін және
ылғалға қарсы қорғалмаған жерлерден
басқа жерлердің барлығы қатты заттар
және ылғалдың кіруіне жол бермейтін
қорғаныс қабатымен қорғалған
IPX4
1)
EN 61121 стандарты бойынша. 8 кг мақта мата 1000 мин/айн бойынша
айналдырылады.
2)
Жылдық пайдаланылатын қуаттың кВт/сағ мәнімен көрсетілетін көлемі, мақта
матаны толтыра және жартылай толтыра салып, қуат аз тұтынатын стандартты мақта
мата бағдарламасымен 160 кептіру циклын орындау негізінде анықталған. Әр циклдың
пайдаланатын қуатының мөлшері құрылғының қалай пайдаланылғанына байланысты
(REGULATION (EU) № 392/2012).
ҚАЗАҚ 19
13.1 Пайдаланылатын ресурстар туралы ақпарат
Бағдарлама
Айналдыру / қалған
ылғалдылық
Кептіру
уақыты
Қуатты
тұтыну
Хлопок (Мақта мата) 8 кг
В шкаф (Шкафқа) 1400 мин/айн / 50% 130 мин.
4,21
кВт/сағ
1000 мин/айн / 60% 146 мин.
4,80
кВт/сағ
Под утюг
(Үтіктеуге)
1400 мин/айн / 50% 110 мин.
3,49
кВт/сағ
1000 мин/айн / 60% 126 мин.
3,98
кВт/сағ
Синтетика (Синтетика) 3,5 кг
В шкаф (Шкафқа) 1200 мин/айн / 40% 52 мин.
1,50
кВт/сағ
800 мин/айн / 50% 59 мин.
1,71
кВт/сағ
14. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
www.electrolux.com20
/