• Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің
керамика бетіне құласа, оған зақым
келтіруі мүмкін.
• Шойын, алюминийден жасалған, не
түбіне нұқсан келген ыдыстарды әрі-
бері сырғытсаңыз, керамика бетке
сызат түсуі мүмкін.
• Құрылғының бетіне сызат түссе,
электр тоғының қатеріне ұшырамас
үшін оны ажыратып қойыңыз.
• Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан
келмес үшін ыдыстарды ішіндегісі
әбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос
ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
• Пештің эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі, құрылғы жұмысына әсер
етпейді. Бұл кепілдікті заңды күшінен
айырмайды.
• Құрылғының есігін күш салып
баспаңыз.
• Құрылғы іске қосылып тұрғанда, оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қатері бар.
Керек-жарақтар мен кәстрөлдерді
алып не салып жатқанда қолғап киіңіз.
• Іске қосылып тұрған құрылғының
есігін ашатын кезде (әсіресе бумен
пісірген кезде) әрқашан артқа
шегініңіз. Бұлай істегенде жиналып
қалған бу немесе қызу сыртқа шығады.
• Құрылғының сырлы қаптамасы
бүлініп қалмас үшін:
– құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз
– Ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз
– тағам пісіруді аяқтағаннан кейін су
ыдыстарды және тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
• Бұл пешті суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске
қоспаңыз.
• Су ыдыстар мен пісірілген
тағамдарды құрылғының ішінде
ұстамаңыз, себебі бу құрылғының
сырлы қаптамасын бүлдіреді немесе
құрам бөліктерінің ішіне кіріп кетеді.
• Тез тұтанғыш сұйықтар мен
материалдарды, немесе балқығыш
заттарды (пластик не алюминийден
жасалған) құрылғы үстіне немесе
оған жақын қоймаңыз.
• Тек қызуға төзімді керек-жарақтарды
ғана пештің астындағы суырмаға
салған дұрыс. Суырмаға тұтанғыш
материалдарды салмаңыз.
• Пеш қуысындағы ауа айналымын
қамтамасыз ету үшін пештің арт
жағының орта шегінде орналасқан
саңылаудың бітеліп не далдада
қалмағанын әрқашан тексеріңіз.
Күтім көрсету және тазалау
• Жөндеу жұмысын жүргізбей тұрып,
құрылғыны сөндіріп, ашаны
розеткадан ағытып алыңыз.
Құрылғының суығанына көз жеткізіп
алыңыз.
• Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Пеште жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
• Құрылғының бетін жиі-жиі тазалап
тұру, оны сыны кетіп сапасы түсуден
сақтайды.
• Құрылғыны тазалау үшін тек су мен
сабынды пайдаланыңыз. Өткір
заттар, түрпілі тазалағыш құралдар,
жеміргіш жөкелер мен дақ кетіргіштер
құрылғыға нұқсан келтіреді.
• Құрылғыны бу бүріккішпен немесе
жоғары қысым арқылы тазалайтын
құралмен тазаламаңыз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
қызуға төзімді беті сынып, жарылып
кетуі мүмкін.
•Шыны панельдерді тазаламай тұрып,
олардың салқындағанына көз
жеткізіңіз. Шыны сынып қалуы
ықтимал.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қосымша нұсқауларды
жергілікті қызмет көрсету
орталығынан алыңыз.
• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
май сүзгісіне(егер бар болса),
қыздырғыш элементтер мен
термореле сенсорлық құралына
electrolux 3