Electrolux EWW51476HW Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
EWW 51476 HW
................................................ .............................................
KK ЖУҒЫШ-КЕПТІРГІШ
МАШИНА
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU СТИРАЛЬНО-СУШИЛЬНАЯ
МАШИНА
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
30
UK ПРАЛЬНА МАШИНА ІЗ
СУШКОЮ
ІНСТРУКЦІЯ 59
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
5. БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
7. ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
9. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
10. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - КЕПТІРУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
11. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
12. АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
13. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
14. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
15. ЕСІКТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА АШУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
16. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.RegisterElectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне, сезім
жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша
берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса, оны
іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 7 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
ҚАЗАҚ 3
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе оның техникалық қызмет
көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп) 0,5 бар
(0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға тиіс
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су жүйесіне
қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының және тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін
жерлерге орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза болуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын жерге
орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті орын
болуын қамтамасыз ету үшін өзгермелі
тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Құрылғының қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде
қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға
тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
4
www.electrolux.com
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек. Ескі
түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш
жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп
қалу және өрт қаупі, құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны
ыстық болуы мүмкін.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз.
Киімдерге нұқсан келтірмес үшін кептіру
циклының соңғы тұсында (суыту циклы)
қызу бөлінбейді.
Егер құрылғыны кептіру циклы аяқталмай
тұрып тоқтатсаңыз, барлық заттарды дереу
алып, қызуды тарқатып жіберу үшін
олардың барлығын таратыңыз.
Егер жуғыш зат, мата жұмсартқыш немесе
сол сияқты заттарды пайдалансаңыз, орам
материалындағы нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының айналасына жиналып қалған
қыл-қыбырды тазалаңыз.
Толтырмасы бар немесе ішіне нәрсе
салынған, нұқсан келген заттарды
кептірмеңіз.
Көбікті резеңке (латекс көбігі), себезгі
кезінде киюге арналған бас киім, су
өткізбейтін мата және резеңке астарлы
заттарды кептірмеңіз.
Тағам пісіруге арналған май, ацетон, спирт,
бензин, керосин, дақ кетіргіштер, скипидар,
балауыз және балауыз тазалағыштар
тәрізді нәрселерге тиген заттарды кептірер
алдында, қосымша жуғыш зат салынған
ыстық сумен жуыңыз.
Өнеркәсіптік тазалағыш құралдарды
пайдаланып тазалаған заттарды
кептірмеңіз.
Киімдердің қалталарында газ тұтатқыштар
немесе оттықтардың жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Кір кептіргіште кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыда жуылмаған заттарды
кептірмеңіз.
Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
құрылғыны іске қосар алдында қосымша
шаю циклын орындаңыз.
Пластик заттар қызуға төзімді емес.
Егер жуғыш зат салынған шарикті
пайдалансаңыз, оны кептіру
бағдарламасын орнатпай тұрып алыңыз.
Тоқтамайтын бағдарламаны орнатқан
кезде жуғыш зат шаригін
пайдаланбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
Кірдің салмағын көрсетілген ең үлкен
салмақ мөлшерінен асырмаңыз.
Суы сорғалап тұрған киімдерді құрылғыға
салып кептірмеңіз.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
ҚАЗАҚ 5
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
•Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2 3
5
6
7
4
1
Жұмыс алаңы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғы деңгейін реттеуге арналған
тірек
3.1 Орнатуға арналған тақтайша
жинағы (4055171146)
Уәкілетті дилерден алуға болады.
Егер құрылғыны плинтусқа орнатсаңыз,
құрылғыны орнату тақтайшасына бекіту керек.
Жинақпен бірге берілген нұсқауларды
орнатыңыз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Доп.
полоскание
Время
сушки
Отсрочка
старта
Уровень
сушки
Температура
Отжим
Ст
а
рт/Пауза
T
imeManager
Одеяла
Шерсть/Ручная стирка
Тонкие ткани
Синтетика
Хлопок Eco
Хлопок
Освежить
Разглаживание
Сушка
шерсти
Сушка
синтетики
Сушка
хлопка
Отжим/
Слив
Полоскание
Хлопок + Предв. стирка
53 41 2
8
7
9
6
1011
1
Қосу Өшіру түймешігі
(AutoOff)
2
Бағдарлама тетігі
3
Айналдыруды азайтатын сенсорлық
перне
(Oтжим)
6
www.electrolux.com
4
Температура сенсорлық пернесі
(Температура)
5
Бейнебет
6
Кептіру уақытының сенсорлық пернесі
(Время сушки)
7
Кешіктіріп бастау сенсорлық пернесі
(Отсрочка старта )
8
Қосымша шаю сенсорлық пернесі
(Доп. полоскание)
9
Кептіру деңгейінің сенсорлық пернесі
(Уpoвeнь сушки)
10
Бастау үзіліс сенсорлық пернесі
(Старт/Пауза)
11
Time Manager сенсорлық пернелері
4.1 Бейнебет
AB C
D
E
F
GH
I
J
K
A)
Температура аумағы:
: Температура индикаторы.
: Суық су индикаторы.
B)
: Time Manager индикаторы.
C)
Уақыт аумағы:
: Бағдарламаның ұзақтығы.
: Кешіктіріп бастау.
: Ескерту кодтары.
: Ақаулық хабары.
: Бағдарлама аяқталды.
D)
: Кептіру циклы.
E)
: Бу циклы.
F)
: Тұрақты қосымша шаю параметрі.
G)
, , : Құрғақтық деңгейінің
индикаторлары.
H)
Айналдыру аумағы:
: Айналдыру жылдамдығының
индикаторы.
: Айналдырмау индикаторы.
: Шаюды кідірту индикаторы.
I)
: Жуу циклы.
J)
: Бала қауіпсіздігі құралының
индикаторы.
K)
: Есік құлыптаулы индикаторы.
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама
Температура ауқымы
Кір салынымының және кірдің түрі
Макс. кір салынымы, Макс. айналдыру жылдамдығы
Жуу бағдарламалары
Хлопок
90° C - Суық
Ақ мақта мата және түрлі түсті мақта мата (қалыпты
және шамалы ластаған).
7 кг, 1400 мин/айн
ҚАЗАҚ 7
Бағдарлама
Температура ауқымы
Кір салынымының және кірдің түрі
Макс. кір салынымы, Макс. айналдыру жылдамдығы
Хлопок + Предв. стирка
90° C - Суық
Ақ мақта мата және түрлі түсті мақта мата (қатты және
шамалы ластанған).
7 кг, 1400 мин/айн
Хлопок Eco
1)
60° C - 40° C
Ақ мақта мата және бояуы берік мақта мата. Қалыпты
кірленген.
7 кг, 1400 мин/айн
Синтетика
60° C - Суық
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар.
Қалыпты кірленген.
3.5 кг, 1200 мин/айн
Тонкие ткани
40 °C- Суық
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді нәзік матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірленген.
3.5 кг, 1200 мин/айн
Шерсть /Ручная стирка
40 °C – 30 °C
«Қолмен жуылады» деген белгісі бар, машинада
жуылатын, қолмен жуылатын жүн тоқыма заттар және
нәзік матадан жасалған заттар.
2 кг, 1200 мин/айн
Одеяла
60 °C – 30 °C
Бір синтетика төсек жапқыш, көрпе, төсек жабдығы
т.с.с. заттарды жууға арналған арнайы бағдарлама.
2 кг, 800 мин/айн
Полоскание
Суық
Кірді шаюға және айналдыруға арналған. Барлық
маталар.
7 кг, 1400 мин/айн
Отжим /Слив
Кірді айналдыруға және барабандағы суды төгуге
арналған. Барлық маталар.
7 кг, 1400 мин/айн
Кептіру бағдарламалары
Сушка шерсти
Жүн матаны кептіру бағдарламасы
Сушка синтетики
Синтетика заттарды кептіру бағдарламасы
Сушка хлопка
Мақта мата заттарды кептіру бағдарламасы
Бу бағдарламалары
Освежить паром
Мақта мата және синтетикаға заттарға арналған бу
бағдарламасы
Бұл цикл кірдің иісін кетіреді.
Разглаживание паром
Мақта мата және синтетикаға заттарға арналған бу
бағдарламасы
Бұл цикл кірдің бырысын жазуға көмектеседі.
1)
7 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°» бағдарламасы, қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін
жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты
ұзарады.
8
www.electrolux.com
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
Бағдарлама
алдын ала жуу циклы
бар
Eco
1)
1)
Егер Айналдырмау функциясын орнатсаңыз, тек су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
5.1 Автоматты кептіру бағдарламалары
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салыным
Өте құрғақ
Сүлгі материалдарына арналған
Мақта мата және зығыр мата
(монша халаттары, монша
сүлгілері, т.с.с.)
5кг-ға дейін
Шкафқа
Жинап қойылатын заттарға
арналған
Мақта мата және зығыр мата
(монша халаттары, монша
сүлгілері, т.с.с.)
5кг-ға дейін
Синтетика және аралас
маталар
(джемпер, блуза, іш киімдер,
тұрмыста пайдаланылатын
жапқыштар)
2 кг-ға дейін
Үтіктеуге
Үтіктеуге арналған
Мақта мата және зығыр мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер т.с.с.)
5кг-ға дейін
ҚАЗАҚ 9
5.2 Уақыты қойылған кептіру бағдарламалары
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі
Салыны
м
(Кг)
Айналды
ру
жылдамд
ығы
(мин/
айн)
Ұсынылат
ын
уақыттар
(минут)
Өте құрғақ
Сүлгі
материалдарына
арналған
Мақта мата және зығыр мата
(монша халаттары, монша
сүлгілері, т.с.с.)
5 1400 190 - 210
3 1400 115 - 135
1 1400 55 - 65
Шкафқа
1)
Жинап қойылатын
заттарға арналған
Мақта мата және зығыр мата
(монша халаттары, монша
сүлгілері, т.с.с.)
5 1400 180 - 200
3 1400 105 - 125
1 1400 44 - 55
Шкафқа
Жинап қойылатын
заттарға арналған
Синтетика және аралас
маталар
(джемпер, блуза, іш киімдер,
тұрмыста пайдаланылатын
жапқыштар)
2 1200 95 - 110
1 1200 45 - 55
Үтіктеуге
Үтіктеуге жарамды
Мақта мата және зығыр мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер т.с.с.)
5 1400 150 - 170
3 1400 85 - 105
1 1400 35 - 45
Жүн матаны кептіру Жүн мата (джемперлер) 1 1200 80 - 100
1)
Сынақтан өткізетін мекемеге арналған кеңестер
EN 50229 стандартына сай сынақты БІРІНШІ кептірілетін кірді салып, ең үлкен көрсетілген кептіру
параметрлері бойынша, (кірдің құрамы EN61121 стандартына сай) АВТОМАТТЫ ШКАФҚА ҚҰРҒАҚ
бағдарламасын Мақта мата режиміне қойып орындау керек.
ЕКІНШІ кептірілетін кірлерді қалған кірмен бірге, АВТОМАТТЫ ШКАФҚА ҚҰРҒАҚ бағдарламасын
Мақта мата режиміне қойып орындау керек.
5.3 Woolmark сертификаты
Woolmark компаниясы бұл машинаның жүн
матаны жуу бағдарламасын тексерген және
сертификаттаған, дегенмен бұл
компанияның талабы бойынша «қолмен
жуу» деген затбелгісі бар заттарды, киім
өндіруші мен кір жуғыш машинаны өндіруші
нұсқауларын сақтап жуу керек. M1380
Осы кір кептіретін машинаның жүн матаны
кептіретін циклы The Woolmark Company
компаниясы тарапынан тексерілген және
бекітілген. Бұл рұқсат еткен қолмен жуу
циклымен жуылған және өндіруші
нұсқауларына сай кір жуғыш машинада
кептірілген, Woolmark сертификаттаған
"қолмен жуылады" деген затбелгісі бар жүн
мата заттарды кептіруге сай келетін цикл.
M1381
Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг пен
Индияда Woolmark белгісі - сертификатталған
сауда белгісі болып табылады.
10
www.electrolux.com
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Бағдарлама басталған кезде бейнебетте кірдің ең көп мөлшеріне арналған
бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Жуу циклы кезінде бағдарламаның уақыты автоматты түрде есептеледі, егер кірдің
мөлшері ең көп кірдің мөлшерінен аз болса (мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп
мөлшері 7 кг, бағдарламаның уақыты 2 сағаттан асады; салынған кірдің нақты
салмағы 1 кг болса, бағдарламаның уақыты 1 сағатқа жетпейді).
Құрылғы бағдарламаның нақты уақытын есептеп тұрғанда бейнебетте нүкте
жыпылықтайды.
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі себептер деректердің
өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және қоршаған ортаның
температурасы.
Бағдарламалар Салыным
(Кг)
Қуатты
тұтыну
(кВт)
Суды тұтыну
(литр)
Бағдарлама
ұзақтығы
(минут)
Хлопок 60 °C 7 1.25 70
Бағдарламалард
ың
ұзақтығын
басқару
панелінің
бейнебетінен
қараңыз.
Хлопок Eco 60 °C
1)
7 1.02 53
Хлопок 40 °C 7 0.78 70
Синтетика 40 °C 3.5 0.47 50
Тонкие ткани 40 °C 3.5 0.53 62
Шерсть 30 °C 2 0.25 45
1)
7 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60° бағдарламасы, қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген бағдарлама.
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін осы
параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Бейнебетте орнатылған температура
көрсетіледі.
7.2 Айналдыру
Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру
жылдамдығын өзгертуге болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы
жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
Барлық айналдыру циклдарын болдырмау
үшін осы функцияны орнатыңыз. Су төгу
циклы ғана жұмыс істейді.
Тиісті индикатор жанады.
Бұл функцияны өте нәзік маталар үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы
көп су пайдаланады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде барабан
ішінде су қалады.
ҚАЗАҚ 11
Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
7.3 Кептіру уақыты
Осы функцияның көмегімен матаны кептіретін
уақытты орнатуға болады. Бейнебетте
параметрдің орнатылған мәні көрсетіледі.
Осы сенсорлық түймешікті әр басқан сайын
уақыт мәні 5 минутқа артып отырады.
Әр түрлі маталарға арнап түрлі
уақыттарды орнату мүмкін емес.
7.4 Кешіктіріп бастау
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 30
минуттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға
болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда болады.
7.5 Қосымша шаю
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға
болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы
бар адамдар үшін және суы тым тұщы
жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.6 Автоматты түрде кептіру
Осы функцияның көмегімен кірдің автоматты
құрғақтық деңгейін орнатуға болады.
Бейнебетте орнатылған деңгейдің белгішесі
көрсетіледі.
Мақта мата заттарға арналған ерекше
құрғақ деңгей
Мақта мата және синтетика заттарды
шкафқа салуға болатын құрғақтық деңгейі
Мақта мата заттарды үтіктеуге болатын
құрғақтық деңгейі
7.7 Time Manager
Жуу бағдарламасын орнатқан кезде
бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту немесе
көбейту үшін
немесе түймешігін
басыңыз.
Time Manager функциясы кестеде көрсетілген
бағдарламаларда ғана жұмыс істейді.
Индикатор
1)
2)
2)
3)
2)
2)
1)
Ең қысқа: кірді жаңартуға арналған.
2)
Бағдарламаның әдепкі уақыты.
3)
Ең ұзақ: Бағдарламаның ұзақтығын баяу
көбейткен кезде пайдаланылатын қуат
мөлшері азаяды. Оңтайландырылған қыздыру
циклы пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайтады және ұзақ бағдарламаны
қолданғанда, жуу нәтижесі өзгермейді
(қалыпты кірлеген кірлер).
7.8 Бала қауіпсіздігінің құралы
Осы функцияның көмегімен балалар басқару
панелімен ойнауға жол бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/сөндіру үшін
және түймешіктерін бір уақытта
индикаторы жанғанша/сөнгенше басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
түймешігін басқаннан кейін функциялар
мен бағдарлама тетігі бұғатталады.
түймешігін баспайынша: құрылғы іске
қосылмайды.
7.9 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа бағдарлама
орнатқан кезде қосымша шаю циклі тұрақты
орнатылып тұрады.
Осы функцияны іске қосу/ажырату үшін
және түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
12
www.electrolux.com
7.10 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
және түймешіктерін 6 секунд қатар
басыңыз.
Егер дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла қосыла
береді.
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1.
Жуу циклының жуғыш затына арналған
бөлікке 2 литр су құйыңыз. Бұл су төгу
жүйесін іске қосады.
2.
Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
3.
Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып
ешбір кір салмай жуыңыз. Бұл цикл
барабан мен машинаның ішінде бар
болуы мүмкін кірлердің барлығын
кетіреді.
9. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ
9.1 Кірді салу
1.
Құрылғы есігін ашыңыз.
2.
Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз. Барабанға тым көп кір
салынбағанына көз жеткізіңіз.
3.
Есікті жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тығыздағыш пен есіктің арасына
ешбір кір қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге
нұқсан келуі мүмкін.
ҚАЗАҚ 13
9.2 Жуғыш зат пен үстемелерді пайдалану
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп
алыңыз.
Жуғыш зат үлестіргішті абайлап жабыңыз.
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал).
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш.
Сұйық немесе ұнтақ жуғыш зат
1.
A
2.
3.
B
4.
14
www.electrolux.com
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
Алдын ала жуу циклын орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.
9.3 Құрылғыны іске қосу
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін AutoOff
түймешігін басыңыз. Құрылғы іске қосылған
кезде дыбыстық сигнал естіледі.
9.4 Бағдарламаны орнату
1.
Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз.
Тиісті бағдарламаның индикаторы
жанады.
индикаторы жыпылықтайды.
Бейнебетте Time Manager деңгейі,
бағдарламаның уақыты және
бағдарлама циклдарының
индикаторлары жыпылықтайды.
2.
Қажет болса, температураны, айналдыру
жылдамдығын, циклдың ұзақтығын
өзгертіңіз немесе қолжетімді
параметрлерді қосыңыз. Параметрді
қосқан кезде орнатылған параметрдің
индикаторы жанады.
Егер қате орнатып қойсаңыз,
бейнебетте Err көрсетіледі.
9.5 Кешіктіріп бастау функциясы
жоқ бағдарламаны бастау
түймешігін басыңыз:
индикаторы жыпылықтауын тоқтатып,
жанған қалпы тұрады.
Бейнебетте
индикаторы жыпылықтай
бастайды.
Бағдарлама басталады да, есік
құлыпталып, бейнебетте
индикаторы
көрсетіледі.
Құрылғыға су құйылған кезде су төгетін
сорғы шамалы уақыт жұмыс істейді.
Бағдарлама басталғаннан кейін
шамамен 15 минуттан кейін:
Құрылғы бағдарламаның
ұзақтығын автоматты түрде кірдің
ластану деңгейіне сай келтіріп
реттейді.
Бейнебетте жаңа мән көрсетіледі.
9.6 Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
түймешігін бейнебетте орнатқыңыз
келген кешіктіріп бастау уақыты
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте тиісті индикатор жанады.
түймешігін басыңыз:
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Орнатылған кері санақ мәнін
түймешігін баспай тұрып
болдырмауға немесе өзгертуге
болады.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау
үшін:
1.
Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
2.
түймешігін бейнебетте ’ пайда
болғанша басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау үшін
түймешігін қайта басыңыз.
9.7 Бағдарламаны кідірту және
параметрлерді өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1.
түймешігін басыңыз. Индикатор
жыпылықтайды.
2.
Параметрді өзгертіңіз.
3.
түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
ҚАЗАҚ 15
9.8 Бағдарламаны болдырмау
1.
Бағдарламаны біржола тоқтатып
құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
2.
Құрылғыны іске қосу үшін осы түймешікті
қайта басыңыз. Енді жаңа жуу
бағдарламасын орнатуға болады.
Құрылғыдан су ақпайды.
9.9 Есікті ашу
Сақтандыру туралы ескерту!
Егер барабанның ішіндегі
температура мен судың деңгейі өте
жоғары болса және барабан әлі
айналып тұрса, есік ашылмайды.
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының есігі бекітіліп,
бейнебеттен
индикаторы көрсетіліп
тұрады.
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау режимі
жұмыс істеп тұрғанда құрылғыны ашу:
1.
Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
2.
Есік бұғаттаулы индикаторы
сөнгенше күтіңіз.
3.
Есікті ашыңыз.
4.
Есікті жауып, түймешігін қайта
басыңыз. Бағдарлама немесе кешіктіріп
бастау функциясы жалғасады.
9.10 Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі (егер қосулы
тұрса).
Бейнебетте
жанады.
индикаторы сөнеді.
Есік құлпының индикаторы сөнеді.
Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос
екеніне көз жеткізіңіз.
Зең және иіс пайда болмас үшін есікті сәл
ашып қойыңыз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
Есік бұғаттаулы
индикаторы жанып
тұр. Есік құлыпталып тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1.
Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз. Егер
параметрін орнатсаңыз,
құрылғы тек суды ғана төгеді.
2.
түймешігін басыңыз. Құрылғы суды
төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды.
3.
Бағдарлама аяқталып, есік бұғаттаулы
индикаторы
көрінбей кеткенде
есікті ашуға болады.
4.
Құрылғыны сөндіру үшін түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан кейін
суды автоматты түрде төгеді және
айналдырады (Жүн мата
бағдарламаларынан басқа
бағдарламаларда).
9.11 AUTO OFF функциясы
AUTO OFF параметрі қуатты аз қолдану үшін
келесі жағдайларда құрылғыны автоматты
түрде сөндіреді:
•Құрылғыны
түймешігін басар алдында 5
минут пайдаланбасаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 5
минут өткен соң
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте соңғы орнатылған
бағдарламаның соңы көрсетіледі.
Жаңа циклді орнату үшін бағдарлама тетігін
бұраңыз.
16
www.electrolux.com
10. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - КЕПТІРУ
Назарыңызда болсын!
Су құятын шүмекті ашыңыз. Су төгетін түтікті
раковинаға салыңыз немесе су төгетін
құбырға жалғаңыз.
Құрылғыны қосу үшін
түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Кірді бір-бірден салыңыз.
Бағдарлама тетігін кірлерді кептіретін
бағдарламаға бұраңыз.
Бейнебетте кептіру индикаторы
пайда
болады.
АВТ. ДЕҢГЕЙЛЕРГЕ ДЕЙІН КЕПТІРУ:
Бейнебетте құрғақтық деңгейлерінің
біреуінің индикаторы көрсетілгенше
түймешігін қайта-қайта басыңыз:
: Мақта мата заттарды ҮТІКТЕУГЕ
болатын құрғақтық деңгейі
: Мақта мата және синтетика
заттарды ШКАФҚА салуға болатын
құрғақтық деңгейі
: Мақта мата заттарды ӨТЕ ҚҰРҒАҚ
етіп кептіретін құрғақтық деңгейі
Бейнебетте әдепкі кір салынымы
салмағының негізінде есептелген уақыт
мәні көрсетіледі. Егер кірдің мөлшері әдепкі
мөлшерден көп немесе аз болса, цикл
орындалып тұрғанда құрылғы уақыт мәнін
автоматты түрде реттейді.
Бағдарламаны бастау үшін
түймешігін
басыңыз.
Бейнебетте "есік құлыптаулы"
индикаторы көрсетіледі. Кептіру
индикаторы
жыпылықтай бастайды.
Кез келген кірдің түріне арнап,
барлық құрғақтық деңгейлерін орнату
мүмкін емес.
УАҚЫТЫ ҚОЙЫЛҒАН КЕПТІРУ ЦИКЛЫ:
Уақыт мәнін орнату үшін
түймешігін
қайта-қайта басыңыз («Кептіру
бағдарламасы» кестесін қараңыз).
Бейнебетте 10 минут көрсетіледі. Осы
сенсорлық түймешікті әр басқан сайын
уақыт мәні 5 минутқа артып отырады.
Бейнебетте орнатылған уақыт мәні
көрсетіледі: мысалы –
.
Бірнеше секундтан кейін бейнебетте жаңа
уақыт мәні көрсетіледі:
. Құрылғы
мыжылып қалудан сақтау және салқындату
циклдарының уақыттарын да есептеп
шығарады.
Бағдарламаны бастау үшін
түймешігін
басыңыз. Бейнебетте жиі-жиі жаңа уақыт
мәні көрсетіліп тұрады.
Кептіру индикаторы
жыпылықтай
бастайды.
Бейнебетте "есік құлыптаулы"
индикаторы көрсетіледі.
Егер 10 минуттық кептіру циклын ғана
орнатсаңыз, құрылғы тек салқындату
циклын орындайды.
Кір жеткілікті түрде кеппесе, қайта
қысқа кептіру уақытын орнатыңыз.
10.1 Кептіру бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар (егер қосылып тұрса)
естіледі.
Бейнебетте
жанады.
индикаторы сөнеді.
Кептіру циклының соңғы минуттарында
құрылғы салқындату және мыжылудан
сақтау циклын орындайды. Есік әлі
құлыптаулы.
Есік бекітулі белгісі
бейнебеттен
көрінбей кеткенде, есікті аша беруге
болады.
Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше
минут өткен соң, қуат үнемдеу функциясы
құрылғыны автоматты түрде сөндіреді.
Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос
екеніне көз жеткізіңіз.
Зең және иіс пайда болмас үшін есікті сәл
ашып қойыңыз.
Судың шүмегін жабыңыз.
ҚАЗАҚ 17
11. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ
11.1 НОН-СТОП бағдарламасы
Құрылғыны қосу үшін
түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Кірлерді бір-бірден салыңыз.
Жуғыш зат пен үстемелерді тиісті
бөліктерге салыңыз.
Бағдарлама тетігін жуу бағдарламасына
бұраңыз. Бейнебетте әр түрлі жуу
циклдарының индикаторлары көрсетіледі.
Қолжетімді функцияларды орнатыңыз.
11.2 Жуу және автоматты түрде
кептіру
Бейнебетте құрғақтық деңгейлерінің
біреуінің индикаторы көрсетілгенше
түймешігін басыңыз.
: Мақта мата заттарды ҮТІКТЕУГЕ
болатын деңгей
: Мақта мата және синтетика заттарды
ШКАФҚА салуға болатын деңгей
: Мақта мата заттарды ӨТЕ ҚҰРҒАҚ
етіп кептіруге болатын деңгей.
Бейнебетте
индикаторы пайда болады.
Бейнебетте көрсетілген уақыт мәні, кір
салынымының әдепкі салмағының негізінде
есептелген жуу циклының + кептіру
циклдарының ұзақтығынан тұрады.
Кірді жақсы кептіру үшін құрылғы
жуылатын және кептірілетін заттар
үшін өте төмен жылдамдық мәнін
орнатуға жол бермейді.
Бағдарламаны бастау үшін
түймешігін
басыңыз.
Бейнебетте орнатылған құрғақтық деңгейі
көрсетіліп тұрады. Есік бұғаттаулы
индикаторы жанып тұрады. Бейнебетте жиі-
жиі жаңа уақыт мәні көрсетіліп тұрады.
Кептіру циклының соңғы
минуттарында құрылғы мыжылудан
сақтау және салқындату циклдарын
орындайды.
11.3 Жуу және уақыты қойылған
циклмен кептіру
Кептіру уақытының мәнін орнату үшін
түймешігін басыңыз. Бейнебетте 10 минут
көрсетіледі.
Бейнебетте
индикаторы жанады.
Бейнебетте орнатылған кептіру уақытының
мәні, мысалы
көрсетіледі.
Бірнеше секундтан кейін бейнебетте жуу
және кептіру (жуу + кептіру + мыжылудан
сақтау + салқындату циклдары)
циклдарының уақытынан тұратын аяқтау
уақытының мәні
көрсетіледі.
Егер жуғаннан кейін 10 минут ғана
кептіру уақытын орнатсаңыз, құрылғы
мыжылудан сақтау және салқындату
циклдарын да қоса есептейді.
Бағдарламаны бастау үшін
түймешігін
басыңыз.
Кірді жақсы кептіру үшін құрылғы
жуылатын және кептірілетін заттар
үшін өте төмен жылдамдық мәнін
орнатуға жол бермейді.
Бейнебетте
индикаторы жанады. Есік
құлыпталған. Бейнебетте жиі-жиі жаңа
уақыт мәні көрсетіліп тұрады.
11.4 Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар (егер қосылып тұрса)
естіледі.
Қосымша ақпаратты алдыңғы тараудағы
"Кептіру бағдарламасының соңында"
тармағынан қараңыз.
11.5 Маталардың түгі
Жуу және/немесе кептіру циклы кезінде кейбір
кірлердің (мысалы, жөкенің, жүн матаның,
мақта мата жейденің) түгі шығуы мүмкін.
Осындай түк немесе мамық келесі цикл
кезінде кірге жабысып қалуы мүмкін.
Техникалық маталардың түктері бұдан да көп
шығады.
Кірге түк жабысып қалуға жол бермеу үшін
мына ұсыныстарды орындаңыз:
Ашық түсті киімдерді (жаңа жөке, жүн мата,
мақта-мата жейде) жуып-кептіріп болғаннан
18
www.electrolux.com
кейін, баран түсті маталарды, немесе
керісінше баран маталардан кейін ашық
түсті маталарды жумаңыз.
Бұндай маталарды алғаш рет жуып
болғаннан кейін ашық ауаға шығарып
кептіру керек.
Су төгу сүзгісін тазалау үшін.
Кептіру циклынан кейін бос барабанды,
тығыздағыш пен есікті дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Барабанның ішіндегі қыл-қыбырды тазалау
үшін арнайы бағдарламаны орнатыңыз:
Барабанды босатыңыз.
Барабанды, тығыздағыш пен есікті дымқыл
шүберекпен тазалаңыз.
Шаю бағдарламасын орнатыңыз.
Тазалау функциясын қосу үшін
және
түймешігін бейнебетте CLE пайда
болғанша қатар басыңыз.
Бағдарламаны бастау үшін
түймешігін
басыңыз.
12. АҚЫЛ-КЕҢЕС
12.1 Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш
жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет салынған
киімдердің астарын сыртына аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына салыңыз.
Құрылғыны келесі заттарды жуу үшін
пайдаланбаңыз:
Жиегі көмкерілмеген немесе жыртығы
бар заттарды жумаңыз
Сым өткізілген төс тартқыштарды.
Ұсақ заттарды кір жуатын торға салып
жуыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе
орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
12.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат
жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
12.3 Жуғыш заттар мен үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз.
Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен кірдің
деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде
мөлшерлегіш құрал болмаса, мөлшерлегіш
шарикті қолданыңыз.
12.4 Қоршаған ортаға қатысты
ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі
жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса
дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз
12.5 Судың кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы
тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін
су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
12.6 Кептіруге қатысты ақыл-кеңес
Кептіру циклын дайындаңыз
Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанын
тексеріңіз. Қосымша ақпаратты Орнату
тарауынан қараңыз.
Кептіру бағдарламаларымен кептіруге
болатын кірдің ең үлкен салмағын, кептіру
бағдарламалары кестесінен қараңыз.
Мына кірлер үшін кептіру бағдарламаларын
орнатпаңыз:
Өте нәзік заттар үшін.
Синтетика перделер.
Жүн және жібек матадан жасалған заттар.
Темір заттар тағылған киімдер.
Нейлон шұлықтар.
Көрпелер.
Төсек жапқыштар.
–Сырма көрпе.
Анорак.
Саяхатқа арналған қап төсектер
Шаш спрейі, тырнақ бояуын тазалағыш
немесе сол сияқты заттың қалдығы бар
маталар.
Көбікті резеңке немесе сол сияқты бөліктері
бар киімдер.
12.7 Киімнің затбелгілері
Кірді кептірген кезде өндірушінің затбелгіде
көрсеткен нұсқауларын орындаңыз:
= Кептіргіш машинада кептіруге болады
= Жоғары температурада кептіру циклы
= Азайтылған температурада кептіру
циклы
= Кептіргіш машинада кептіруге
болмайды.
12.8 Кептіру циклының уақыты
Кептіру уақыты мына жағдайларға
байланысты өзгереді:
соңғы айналдыру циклының жылдамдығы
құрғақтық деңгейі
•кірдің түрі
кір салынымының салмағы
ЖАЛПЫЛАМА ҰСЫНЫСТАР
Орташакептіру уақыттарын "Кептіру
бағдарламалары" кестесінен қараңыз.
Кірді барынша дұрыс кептіруге тәжірибе
көмектеседі. Бұрынғы кептіру циклдарының
уақыттарын жазып алыңыз.
Кептіру циклының соңында статикалық тоқ
болмас үшін:
Жуу циклы кезінде мата жақсартқышты
пайдаланыңыз.
Кір кептіргіш машиналарға арналған
арнайы мата жақсартқыштарды
пайдаланыңыз.
Кептіру бағдарламасы аяқталған кезде кірді
жылдам алыңыз.
12.9 Қосымша кептіру
Кептіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін кір
әлі де дымқыл болса, қысқа кептіру циклын
қайта орнатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Матаның қыжымданып немесе
киімнің отырып қалуына жол бермеу
үшін, кірді өте қатты кептірмеңіз.
20
www.electrolux.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88

Electrolux EWW51476HW Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ