• Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Буға пісіру
Назарыңызда болсын!
Күйіп қалу және құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
• Тағамды буға пісіру кезінде құрылғының
есігін ашпаңыз. Бу шығып кетуі мүмкін.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың немесе
тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық шараларын
орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.
Пиролитпен тазалау
Назарыңызда болсын!
Пиролит режимінде Жарақат алу /
Өрт / Химиялық заттардың бөлінуі
(Түтін) қаупі бар.
• Пиролитпен өздігінен тазалау немесе
құрылғыны алғаш рет қолданар алдында
тұмшапештен келесі заттарды алыңыз:
– Тағам қалдықтарын, май немесе тоңмай
шашырандыларын / жиналған
қалдықтарды.
– Алмалы керек-жарақтарды (соның
ішінде, құрылғымен бірге жеткізілген
сөрелерді, сырғытпа жолдарды т.с.с.),
зат жабыспайтын қаптамасы бар
табаларды, науаларды, ыдыстарды,
т.с.с.
• Пиролитпен тазалау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда балаларды құрылғыдан
алыс ұстаңыз. Құрылғы қатты қызып кетеді.
• Пиролитпен тазалау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда балаларды құрылғыдан
алыс ұстаңыз. Құрылғы қатты қызып кетеді
және алдыңғы салқындатқыш тесіктерден
ыстық ауа шығады.
• Пиролитпен тазалау жоғары
температурада орындалады және тағам
қалдықтарынан, қолданылған
материалдардан күшті иіс шығуы мүмкін,
сондықтан пайдаланушылар келесіні
ескеруі керек:
– Бірінші рет қосқан кезде және бірінші рет
қолданып болғаннан кейін жоғары
температураға қойып жақсылап
желдетіңіз.
– Пиролитпен тазалау барысында және
тазалап болғаннан кейін үнемі жақсы
желдетіңіз.
• Кейбір құстар мен бауырымен
жорғалаушылар тұмшапештерді
Пиролитпен тазалау барысында бөлінетін
түтіндердің барлығына адамдарға
қарағанда ерекше сезімтал келеді.
– Пиролитпен тазалау барысында және
тазалағаннан кейін үй жануарларын
(әсіресе құстарды) құрылғының қасынан
алыңыз және жақсы желдетілген жерде
әуелі ең жоғары температураға қойыңыз.
• Кішкене жануарлар Пиролитпен
тазаланатын пештердің қасында
температураның өзгеруіне өте сезімтал
келеді.
• Кәстрөлдердің, табалардың, науалардың,
ыдыстардың т.с.с. зат жабыспайтын
қаптамасы барлық Пиролит
тұмшапештерінің жоғары температурада
Пиролитпен тазалау режимі кезінде бүлініп
қалуы және олардан аздаған зиянды
түтіндер бөлінуі мүмкін.
• Барлық Пиролит тұмшапештерінен
бөлінген түтіндер / тағам қалдықтары
адамдарға, соның ішінде жас балаларға
6
www.electrolux.com