Electrolux EW8HR458B Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации сушильной машины Electrolux EW8HR458B и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны программы сушки, функции, рекомендации по уходу и устранению неполадок. Например, вы можете узнать, как выбрать правильную программу для разных типов тканей или как очистить фильтр.
  • Как выбрать правильную программу сушки?
    Что делать, если сушилка остановилась во время работы?
    Как часто нужно чистить фильтр?
    Как включить функцию защиты от детей?
EW8HR458B
KK Кептіргіш барабан Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Сушильный барабан Инструкция по эксплуатации 26
UK Сушильний барабан Інструкція 51
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................8
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ................................................................................... 9
6. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................11
7. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................12
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................13
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................14
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 15
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 16
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................19
13. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................20
14. ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ............................................................................. 22
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Бұл құрылғыны орнату және іске қолдану алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
- Жинақпен берілген нұсқауларды қараңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАЗАҚ 3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір кептіргіш
машина қойылып тұрса, орнату жинағын
пайдаланыңыз. Уәкілетті дилерден алуға болатын
орнату жинағын нұсқауларда көрсетілген, керек-
жарағы бірге жеткізілген құрылғыларда ғана
пайдалану керек. Орнатуды бастамай тұрып
мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын қараңыз).
Бұл құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып ас үй қаптамасының астына
орнатуға болады (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма
есіктің артына немесе топсасы керісінше
орналасқан, құрылғының есігін толық ашуға кедергі
жасайтын жерлерге орнатпаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны таймер сияқты сыртқы қосу
құрылғысымен жабдықтамау немесе жиі қосылып
және сөніп тұратын желілерге қоспау керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Газ немесе басқа жанармай қолданатын
құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан бөлінетін
қажетсіз газдар қайта бөлмеге кірмес үшін құрылғы
орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
www.electrolux.com4
Ең көбі 8 кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Өнеркәсіп химикаттарымен ластанған заттар үшін
осы құрылғыны қолданбаңыз.
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды немесе орамдарды тазалаңыз.
Құрылғыны сүзгісін салмай іске қоспаңыз.
Пайдаланар алдында немесе пайдаланып
болғаннан кейін қыл-қыбыр сүзгісін тазалаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш
машинада кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат
пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін
қалпақтар, су өткізбейтін текстиль, резеңкемен
астарланған заттар мен киімдерді немесе резеңке
толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
оларды өндірушінің нұсқауларына сәйкес ғана
пайдалану керек.
Темекі тұтатқыш немесе сіріңке тәрізді өрт көзіне
айналуы мүмкін заттардың барлығын алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер барлық кір дереу алынып,
қызулары тезірек тарап кетпесе, кір кептіргіш
машинаны ешқашан кептіру циклы аяқталмай
тұрып тоқтатпаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны температурасы 5°C
градустан төмен немесе 35°C
градустан жоғары жерге
орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылған еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғыны орнынан жылжытқан
кезде әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл үйде ғана қолдануға арналған
құрылғы.
Төсемесі немесе толтырмасы
(жыртылған, сөгілген) бар, нұқсан
келген заттарды кептірмеңіз.
Кір кептіргіште кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз.
Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
кептірер алдында қосымша шаю
циклын орындаңыз.
Конденсат/тазартылған суды
ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін
пайдаланбаңыз. Себебі адамдар
мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді кір
кептіргіш машинада кептірмеңіз.
2.4 Ішкі жарық шамы
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу қауіпі бар.
Шамнан көзге көрінетін сәуле
шығады, сәулеге тура қарамаңыз.
LED шамы барабанды
жарықтандыру үшін қажет. Бұл
шамды басқа жарықтандыру
мақсаттары үшін қайта пайдалануға
болмайды.
Ішкі жарықтама шамын ауыстыру
үшін уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
www.electrolux.com6
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Салқындату жүйесін зақымдамау
үшін құрылғыны абайлап
тазалаңыз.
2.6 Компрессор
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Компрессор мен оның кептіргіш
машина ішіндегі жүйесі фтор-хлор-
көмірсутек қосылмаған арнайы
затпен толтырылған. Бұл жүйе
жабық тұруға тиіс. Жүйеге зақым
келсе ішіндегі зат ағып кетуі мүмкін.
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2
6
3
4
5
7
8
9
10
1
Су сауыты
2
Басқару панелі
3
Ішкі жарық шамы
4
Құрылғының есігі
5
Сүзгі
6
Техникалық ақпарат тақтайшасы
7
Ауа саңылаулары
8
Қызу алмастырғыштың қақпағы
9
Қызу алмастырғыштың қалқаны
10
Реттемелі тірек
Кірді оңай салу үшін
немесе ауыстырылатын
есікті оңай орнату үшін.
(ілеспе парақты қараңыз).
ҚАЗАҚ 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
89 7 6
3
5
4
2
1
Бағдарлама тетігі және RESET
түймешігі
2
Дисплей
3
Сушка по времени(Уақыт)
сенсорлық түймешігі
4
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
сенсорлық түймешігі
5
Отсрочка (Кешіктіру) сенсорлық
түймешігі
6
Антисминание (Мыжылудан
сақтау) сенсорлық түймешігі
7
Очень тихая (қосымша үнсіз)
сенсорлық түймешігі
8
Влажность (Құрғақтық) сенсорлық
түймешігі
9
Қосу/Өшіру түймешігі
Сенсорлық түймешіктердің
белгісі немесе функция
атауы көрсетілген тұсын
саусағыңызбен түртіңіз.
Басқару панелін қолданған
кезде қолғап кимеңіз.
Басқару панелінің үнемі
таза және құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз.
4.1 Дисплей
Бейнебеттегі белгі Белгі сипаттамасы
кептіру уақыты қосулы
кешіктіріп бастау параметрі қосулы
индикаторы:
қызу алмастырғышты тексеру
www.electrolux.com8
Бейнебеттегі белгі Белгі сипаттамасы
индикаторы:
сүзгіні тазалаңыз
индикаторы:
су сауытын босатыңыз
бала қауіпсіздігінің құралы қосулы
теріс таңдау не тетік "Reset" қалпына
қойылған
бағдарлама ұзақтығы
-
Кептіру уақытының ұзақтығы
-
кешіктіріп бастау уақыты
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Бағдарлама
Жүк
1)
Ерекшелігі / Мата белгісі
2)
Хлопок (Мақта
мата) Eco
8 кг Мақта мата - Шкафқа
/
Хлопок (Мақта мата) 8 кг
Мақта маталар. Күнделікті
пайдалану бағдарламасы.
/
Синтетика (Синтетика) 3,5 кг
Синтетика және аралас
маталар.
/
Тонкие ткани (Нәзік
мата)
4 кг
Вискоза, жасанды жібек, акрил
және басқа қоспалар.
/
Одеяла (Көрпе) 3 кг
Бір қабат немесе қос қабат
көрпе және жастықтар (құс
жүні, мамық, синтетика
салынған) үшін.
/
Освежить (Жаңарту) 1кг Шкафта тұрған маталарды жаңарту.
Шелк (Жібек мата)
1 кг
Қолмен баппен жууға болатын
жібек.
/
ҚАЗАҚ 9
Бағдарлама
Жүк
1)
Ерекшелігі / Мата белгісі
Шерсть (Жүн мата)
1 кг
Жүн маталар. Қолмен жуылатын жүн
маталарды баппен кептіру. Бағдарлама
аяқталғанда заттарды дереу алыңыз.
Woolmark компаниясы бұл машинаның жүн
матаны кептіру циклын сертификаттаған,
дегенмен бұл компанияның талабы
бойынша «қолмен жуу» деген затбелгісі
бар заттарды, осы машинаны өндірушінің
нұсқауларын сақтап кептіру керек. Киімге
күтім көрсетуге қатысты басқа нұсқауларды
киімге күтім көрсету белгісінен қараңыз.
M1525
Woolmark белгісі көп елдерде
сертификатталған белгі болып табылады.
OВерхняя одежда
(Outdoor)
2 кг
Сыртта киілетін киімдерді,
жұмыс киімдерін, спорт, су
өткізбейтін және ауа өткізетін
күртешелерді, алмалы флис
немесе ішкі қабаты бар шолақ
күртешені кептіруге арналған.
Кептіргіш машинада кептіруге
жарамды.
/
Джинсы (Джинсы) 4 кг
Джинс, жейде тәрізді
қалыңдығы әр түрлі (мысалы,
мойыны, манжеті, тігістері)
материалдан жасалған,
демалыс киімдері.
/
Постельное белье
(Tөсек) XL
4,5 кг
Үш төсек жаймасынан тұратын
жинақ, біреуі екі еселік
болуына болады.
/
Быстрая микс
(Жылдам микс) XL
6 кг
Мақта мата, мақта-синтетика
және синтетика маталар
аралас.
/
1)
Ең үлкен салмақ құрғақ заттардың негізінде берілген.
2)
Хлопок (Мақта мата) В шкаф (Шкафқа) бағдарламасы - “Стандартты мақта
мата бағдарламасы”. Бұл қалыпты деңгейдегі дымқыл мақта матаны кептіруге
жарамды және дымқыл мақта матаны кептіргенде қуатты барынша тиімді
пайдаланатын бағдарлама.
www.electrolux.com10
6. ФУНКЦИЯЛАР
6.1 Влажность (Құрғақтық)
Бұл функция кірді барынша кептіре
түсуге көмектеседі. Қолжетімді
функцияның 3 түрі бар:
Очень сухое (Өте құрғақ)
В шкаф (Шкафқа)
Под утюг (Үтіктеуге)
6.2 Очень тихая (қосымша
үнсіз)
Құрылғы кептіру сапасына ешбір әсер
етпей, өте төмен деңгейде шуыл
шығарады. Құрылғы баяу жұмыс
істейді, цикл уақыты ұзағырақ болады.
6.3 Антисминание
(Мыжылудан сақтау)
Кептіру циклының соңында
стандартты мыжылудан сақтау циклын
(30 минут) 60 минутқа дейін созады.
Бұл функция кірді мыжылып қалудан
сақтайды. Мыжылудан сақтау циклы
кезінде кірді алуға болады.
6.4 Сушка по времени(Уақыт)
Бағдарламаның уақытын ең кемі 10
минуттан бастап, ең көбі 2 сағатқа
дейін қоюға болады. Уақыт параметрі
құрылғының ішіндегі кірдің мөлшеріне
байланысты қойылады.
Аз кір жуғанда немесе бір
ғана кірді жуған кезде
бағдарлама уақытын
азайтуды ұсынамыз.
6.5 Сушка по времени(Уақыт)
Шерсть (Жүн мата)
бағдарламасында
Көбірек не азырақ кептіру үшін кептіру
деңгейін реттеуге арналған Шерсть
(Жүн мата) бағдарламасының
опциясы.
6.6 Функциялар кестесі
Бағдарламалар
1)
Влажность
(Құрғақтық)
Очень
тихая
(қосымша
үнсіз)
Антисмин
ание
(Мыжылу
дан
сақтау)
Сушка по
времени(
Уақыт)
Хлопок (Мақта
мата) Eco
Хлопок (Мақта мата)
Синтетика
(Синтетика)
Тонкие ткани (Нәзік
мата)
Одеяла (Көрпе)
Освежить (Жаңарту)
Шелк (Жібек мата)
ҚАЗАҚ 11
Бағдарламалар
1)
Влажность
(Құрғақтық)
Очень
тихая
(қосымша
үнсіз)
Антисмин
ание
(Мыжылу
дан
сақтау)
Сушка по
времени(
Уақыт)
Шерсть (Жүн мата)
2)
OВерхняя одежда
(Outdoor)
Джинсы (Джинсы)
Постельное белье
(Tөсек) XL
Быстрая микс
(Жылдам микс) XL
1)
Бағдарламамен бірге 1 не одан көп функцияларды орнатуға болады. Оларды қосу
немесе ажырату үшін тиісті сенсорлық түймешікті басыңыз.
2)
ОПЦИЯЛАР тарауын қараңыз: Мақта мата бағдарламасындағы кептіру уақыты
7. ПАРАМЕТРЛЕР
A B C
E
DF
A. Сушка по времени(Уақыт)
сенсорлық түймешігі
B. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
сенсорлық түймешігі
C. Отсрочка (Кешіктіру) сенсорлық
түймешігі
D. Антисминание (Мыжылудан
сақтау) сенсорлық түймешігі
E. Очень тихая (қосымша үнсіз)
сенсорлық түймешігі
F. Влажность (Құрғақтық) сенсорлық
түймешігі
7.1 Бала қауіпсіздігі
функциясы
Бұл параметр бағдарлама параметр
орнату күйінде не жұмыс істеп
тұрғанда, балаларға құрылғымен
ойнауға жол бермейді. Сенсорлық
түймелер бекітілген.
Қосу/сөндіру түймешігі ғана
бұғатталмай тұрады.
Бала қауіпсіздігі функциясын
қосу:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. (D) сенсорлық түймесін бірнеше
секунд басыңыз. Бала қауіпсіздігі
функциясының индикаторы
жанады.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жанады.
www.electrolux.com12
Бала қауіпсіздігі
функциясын бағдарлама
жұмыс істеп тұрған кезде
ажыратуға болады. Бала
қауіпсіздігі функциясының
индикаторы сөнгенше
сенсорлық түймені басып
тұрыңыз. Бала
қауіпсіздігінің құралы
құрылғыны қосқаннан кейін
8 үшін қолжетімді емес.
7.2 Кірде қалған ылғалдың
деңгейін реттеу
Кірде қалған ылғалдың әдепкі деңгейін
реттеу үшін:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (F) және (E) түймешіктерін бірге
басып ұстап тұрыңыз.
Осы индикаторлардың бірі жанады:
өте құрғақ кір
барынша құрғақ кір
қалыпты құрғақ кір
4. (F) және (E) түймешігін дұрыс
деңгейдің индикаторы жанғанша
қайта басыңыз.
5. 5 секундтан кейін дисплей қалыпты
режимге оралады.
7.3 Су сауытының
индикаторы
Әдетте су сауытының индикаторы
жанып тұрады. Бұл индикатор
бағдарлама аяқталған кезде немесе су
сауытын босату қажет болған кезде
жанады.
Егер су төгу жинағы
(қосымша керек-жарақ)
орнатылса, құрылғы су
сауытындағы суды
автоматты түрде төгеді.
Бұндай жағдайда су
сауытының индикаторын
сөндіріп қоюды ұсынамыз.
Бар керек-жарақтарды
құрылғымен жеткізілген
ақпараттан қараңыз.
Су сауытының индикаторын
сөндіру:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (E) және (D) сенсорлық түймешігін
бірге басып ұстап тұрыңыз.
Дисплейде осы 2 теңшелімнің бірі
көрсетіледі:
Дисплейде "Сөндіру"
көрсетіледі. 5 секундтан кейін
дисплей қалыпты режимге
оралады.
Дисплейде "Қосу" көрсетіледі. 5
секундтан кейін дисплей
қалыпты режимге оралады.
7.4 Сигнал қосулы/сөндірулі
Дыбыстық сигналдарды сөндіру
немесе қосу үшін (A) және (C)
сенсорлық түймешіктерін шамамен 2
секунд бірге басып ұстап тұрыңыз.
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Кептіргішті бірінші рет іске
қосқанда, барабанның
артқы орамы автоматты
түрде алынады. Шамалы
шуыл естілуі мүмкін.
Құрылғыны ең алғаш рет пайдалану
алдында:
Кір кептіргіш машинаның
барабанын дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Дымқыл кірлерді салып қысқа
бағдарламаны (мысалы, 30 минут)
бастаңыз.
ҚАЗАҚ 13
Кептіру циклының бас
кезінде (бастапқы 3-5 мин)
сәл қаттырақ шуыл естілуі
мүмкін. Бұл
компрессордың іске
қосыла бастауына
байланысты. Бұл
тоңазытқыш және
мұздатқыш тәрізді
компрессордан қуат
алатын құрылғылар үшін
қалыпты жағдай.
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
9.1 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастаңыз
1. Кірді дайындап, құрылғыға
салыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Есікті жапқан кезде
құрылғының есігі мен
резеңке
тығыздағышының
арасына кір
қыстырылып
қалмағанына көз
жеткізіңіз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
Дисплейде бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
Мақта мата және джинс
бағдарламаларындағы
кептіру уақыты 5 кг кірге
арналған. Басқа
бағдарламалардың кептіру
уақыты, кірдің ұсынылған
салмағына байланысты
берілген. 5 кг-нан көп кірге
арналған мақта мата және
джинс бағдарламалардың
кептіру уақыты ұзағырақ.
4. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) сенсор
пернесін басыңыз.
Бағдарлама басталады.
9.2 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте қажетті кешіктіріп
бастау уақыты пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
Бағдарламаны ең кемі
1 сағаттан бастап, ең
көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіріп бастай
аласыз.
3. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) сенсор
пернесін басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау
функциясының кері санағы көрінеді.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
9.3 Бағдарламаны өзгерту
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
Балама ретінде:
1. Таңдау тетігін "Қайта қалп. келт."
қалпына бұраңыз.
2. 1 секунд күтіңіз. Бейнебетте
көрсетіледі.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
www.electrolux.com14
9.4 Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде:
Үзік-үзік дыбыстық сигнал естіледі.
Бейнебетте
көрсетіледі
Фильтр (Сүзгі) және
Резервуар для воды (Сауыт)
индикаторлары жанады.
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
индикаторы жанады.
Егер Антисминание (Мыжылудан
сақтау) опциясы орнатылған болса,
құрылғы мыжылудан сақтау
функциясымен бірге тағы 30 минут не
бұдан ұзақ жұмыс істейді. (
Опция -
Антисминание (Мыжылудан сақтау)
тармағын қараңыз).
Мыжылып қалуға қарсы цикл кірдің
бырысын жазады.
Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл
аяқталмай тұрып алуға болады.
Нәтижесі жақсы болу үшін кірді цикл
аяқталған кезде немесе аяқталуға
жақын қалған кезде алуды ұсынамыз.
Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл
аяқталған кезде:
Дисплейде әлі көрсетіліп
тұр
Фильтр (Сүзгі) және
Резервуар для воды (Сауыт)
индикаторлары жанады.
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
индикаторы өшеді.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының есігін ашыңыз.
3. Кірді алып шығыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз.
Бағдарлама аяқталған
кезде сүзгіні әрқашан
тазалаңыз және су
сауытын босатыңыз.
9.5 Күту режимі
Пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, бұл функция құрылғыны
келесі жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
Егер бағдарламаны бастамасаңыз
5 минуттан кейін.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткен кезде.
Таңдау тетігін "Қайта
қалп. келт." қалпында
тұрса, уақыт 30 секундқа
азаяды.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Кірді дайындау
Тартқыштарын жабыңыз.
Көрпе тыстарының түймелерін
салыңыз.
Галстук немесе бантиктерді
(мысалы, фартук бауларын) сол
күйінде кептірмеңіз. Оларды
бағдарламаны бастамай тұрып
байлаңыз.
Қалталардағы барлық заттарды
алыңыз.
Ішкі астары мақта матадан
жасалған заттарды аударыңыз.
Мақта мата қабаты сыртқа қарап
тұруы керек.
Әрқашан кептірілетін кірдің түріне
сәйкес бағдарламаны орнатыңыз.
Ашық және баран түстерді бірге
салмаңыз.
Мақта мата, джерси және тоқыма
заттар отырып қалмау үшін сай
келетін бағдарламаны
пайдаланыңыз.
Бағдарлама тарауында немесе
дисплейде көрсетілген макс. кір
салмағынан асырмаңыз.
Кептіргіш машинада кептіруге
болатын кірлерді ғана кептіріңіз.
Заттардың матасындағы затбелгіні
қараңыз.
Үлкен және кішкене заттарды бірге
кептірмеңіз. Кішкене заттар үлкен
заттардың ішіне кіріп, кеппей қалуы
мүмкін.
ҚАЗАҚ 15
Матаның
затбелгісі
Сипаттама
Кептіргіш машинамен кептіруге жарамды кір.
Кептіргіш машинамен жоғары температурада кептіруге
жарамды кір.
Кептіргіш машинамен төмен температурада ғана кептіруге
жарамды кір.
Кептіргіш машинамен кептіруге жарамсыз кір.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
11.1 Сүзгіні тазалау
1. 2.
1
2
3.
1
2
4.
5.
1)
6.
2
1
1)
Қажетіне қарай, су жүйесінің сүзгісін жылы суды қолданып шөткемен және/немесе
шаңсорғышпен тазалаңыз.
www.electrolux.com16
11.2 Су сауытын босату
1. 2.
3. 4.
Су сауытындағы суды
тазартылған судың орнына
(мысалы, булап үтіктеу
үшін) пайдаланыңыз. Суды
пайдаланар алдында
қалдықтарын сүзгімен
тазалаңыз.
11.3 Қызу алмастырғышты тазалау
1. 2.
1
2
3. 4.
11
22
ҚАЗАҚ 17
5. 6.
7. 8.
9.
2
1
АБАЙЛАҢЫЗ
Металл бетті жалаң
қолмен ұстамаңыз.
Жарақат алу қауіпі бар.
Қорғайтын қолғап киіңіз.
Металл бетке зақым түсіріп
алмау үшін байқап
тазалаңыз.
11.4 Барабанды тазалау
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны тазалар
алдында тоқтан ағытыңыз.
Барабанның ішкі беті мен барабан
көтергіштерді тазалау үшін стандартты
бейтарап сабынды жуғышты
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Барабанды тазалау үшін
жеміргіш материалдарды
немесе темір жүн жөкені
қолданбаңыз.
11.5 Басқару панелі мен
корпусын тазалау
Басқару панелі мен корпусын тазалау
үшін стандартты, бейтарап сабынды
жуғышты қолданыңыз.
Тазалау үшін дымқыл шүберекті
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны жиһаз
тазалайтын заттармен
немесе тот бастыратын
жуғыш заттармен
тазаламаңыз.
11.6 Ауа шығатын
саңылауларын тазалау
Желдеткіш саңылаулардағы қыл-
қыбырды тазалау үшін шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
www.electrolux.com18
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Ашаның розеткаға қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы (үй
желісіндегі) сақтандырғышты
тексеріңіз.
Бағдарлама басталмай тұр. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) түймешігін
басыңыз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының есігі жабылмайды. Сүзгінің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының есігі мен резеңке
тығыздағышының арасына кір
қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрып тоқтап
қалады.
Су сауытының бос екеніне көз
жеткізіңіз. Бағдарламаны қайта бастау
үшін Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басыңыз.
Өте аз кір салынған, кірді көбірек
салыңыз не Время сушки (Уақыт)
бағдарламасын пайдаланыңыз.
Цикл уақыты тым ұзақ немесе кептіру
нәтижесі қанағаттанғысыз.
1)
Кірдің салмағының бағдарлама
уақытына сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сүзгінің таза екеніне көз жеткізіңіз.
Кір өте дымқыл. Кірді кір жуғыш
машинаға салып қайта айналдырыңыз.
Бөлме температурасының +5°C
градустан жоғары және +35°C
градустан төмен болуын қамтамасыз
етіңіз. Бөлменің оңтайлы
температурасы 19°C градустан 24°C
градусқа дейін.
Время сушки (Уақыт) немесе Очень
сухое (Өте құрғақ) бағдарламасын
орнатыңыз.
2)
Бейнебетте көрсетіледі.
Егер жаңа бағдарлама орнатқыңыз
келсе, құрылғыны сөндіріңіз де,
қосыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Ақаулық Ықтимал шешімі
Функциялардың бағдарламаға сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Дисплейде қате коды көрсетіледі
(мысалы, E51).
Құрылғыны сөндіріңіз де, іске қосыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастаңыз.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
1)
Ең көбі 5 сағат өткеннен кейін бағдарлама автоматты түрде аяқталады.
2)
Үлкен заттарды (мысалы, үлкен ақжаймалар) кептірген кезде кей жерлері дымқыл
қалпы қалуы мүмкін.
12.1 Егер кептіру нәтижелері
қанағаттанарлық болмаса
Дұрыс бағдарлама орнатылмаған.
Сүзгі бітеліп қалған.
Қызу алмастырғыш бітелген.
Құрылғыға өте көп кір салынған.
Барабанның іші лас.
Өткізгіш сенсорының параметрі
дұрыс орнатылмаған (Жақсырақ
параметрді "
Параметрлер - Кірде
қалған ылғал деңгейін реттеу
"
тарауынан қараңыз).
Ауа шығаратын саңылаулар
бітелген.
Бөлме температурасы тым төмен
немесе тым жоғары (бөлменің
оңтайлы температурасы 19°C
градустан 24°C градусқа дейін)
13. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
Биіктігі x Ені x Тереңдігі 850 x 600 x 630 мм (ең көбі 640 мм)
Құрылғының есігі ашық тұрған кездегі
макс. тереңдігі
1100 мм
Құрылғының есігі ашық тұрған кездегі
макс. ені
950 мм
Реттеуге болатын биіктік 850 мм (+ 15 мм - тіректерді реттеу)
Барабанның сыйымдылығы 118 л
Кірдің макс. салмағы 8 кг
Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц
Жалпы қуаты 900 Вт
Қуат тиімділігі санаты A++
Қуатты тұтыну
1)
1,99 кВт/сағ
Жылдық пайдаланылатын қуат
көлемі
2)
235 кВт/сағ
Қосулы тұрғанда пайдаланылатын қуат
мөлшері
0,13 Вт
www.electrolux.com20
/