Electrolux EWC1350 Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
EWC 1350
KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ 2
RU СТИРАЛЬНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ 28
UK ПРАЛЬНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 56
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................8
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................9
7. ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ.............................................................................. 12
8. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................15
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 16
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 17
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................20
12. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА........................................................................22
13. ОРНАТУ......................................................................................................... 23
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 3 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп)
0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында
болуға тиіс.
ҚАЗАҚ 3
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерлерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің
тегіс, орнықты, қызуға төзімді және
таза болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында
тиісті орын болуын қамтамасыз ету
үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
2.2 Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
www.electrolux.com4
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған:
Құрылғының 13 амперлік қуат
ашасы бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет
болса 13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Кірдегі темір заттардың
барлығының алынғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін сауыт
қоймаңыз. Қолданылатын керек-
жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып
біліңіз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде есіктің шынысына қол
тигізбеңіз. Шыны ыстық болуы
мүмкін.
2.5 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Кір жуғыш машинаның алдыңғы жағы
1 2
3
4
5
1
Жуғыш зат үлестіргіші
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Өзгермелі тірек (алдыңғы)
3.2 Кір жуғыш машинаның артқы жағы
1
2
4
3
5
1
Тасымал құралдары
2
Су төгетін түтік
3
Электр сымы
4
Су құятын түтік
www.electrolux.com6
3.3 Жуғыш зат үлестіргіші
Негізгі жуу циклына арналған
ұнтақ немесе сұйық жуғыш зат
салуға арналған бөлімше. Егер
сұйық жуғыш зат қолдансаңыз,
оны бағдарлама басталардың
сәл алдында салыңыз.
Алдын ала жуу
цикліне арналған
жуғыш затты
барабанға тура құю
керек.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлімше (мата жұмсартқыш,
крахмал).
Кез келген мата жұмсартқыш не
крахмалдайтын үстемелерді
бөлімшеге жуу бағдарламасын
бастамай тұрып құю керек.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
1 2 3 4 5 6 8 97
1
Жуғыш зат үлестіргіш
2
КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі
3
АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі
4
ЖЫЛДАМ түймешігі
5
ҚОСЫМША ШАЮ түймешігі
6
БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
7
Бағдарлама үрдісінің
индикаторлары
8
АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі
9
Бағдарлама таңдау тетігі
ҚАЗАҚ 7
4.2 Жуғыш зат үлестіргіш
Жуғыш заттың жуғыш зат пен мата
жұмсартқышқа арналған 2 жеке
бөлімшесі бар.
4.3 Кешіктіріп бастау
Осы түймешік арқылы бағдарламаны 6
немесе 3 сағат кешіктіріп бастауға
болады.
4.4 Алдын ала жуу
Осы функцияның көмегімен машина
негізгі жуу циклінің алдында алдын ала
жуу циклін орындайды. Жуу уақыты
ұзарады. Бұл функциян қатты кірлеген
заттарды жуу үшін ұсынылады.
4.5 Жылдам
Осы функцияны таңдағанда жуу
уақыты шамамен 10 минутқа азаяды.
Бұл функция шамалы кірлеген ақ-/
түрлі-түсті және синтетика заттар үшін
ұсынылады.
4.6 Қосымша шаю
Бұл құрылғы қуатты үнемдейтін етіп
жасалған. Егер кірді қосымша сумен
шаю (қосымша шаю) керек болса осы
функцияны таңдаңыз. Қосымша шаю
циклдары орындалады. Бұл функция
жуғыш заттарға аллергиясы бар
адамдарға, сондай-ақ суы аса тұщы
жерлерде қолдану үшін ұсынылады.
4.7 Бастау Үзіліс
Бұл түймешік таңдалған
бағдарламаны бастауға немесе
кідіртуге мүмкіндік береді.
4.8 Индикатор шамдары
A
B
C
D
E
A шамы машина жуу циклін орындап
тұрған кезде жанады.
B шамы машина шаю циклін орындап
тұрған кезде жанады.
C шамы машина айналдыру циклін
орындап тұрған кезде жанады.
D шамы жуу циклі аяқталғанда
жанады.
E шамы есікті ашуға болатын-
болмайтынын көрсетеді:
Шам қосулы: есікті ашуға
болмайды.
Шам сөндірулі: есікті ашуға болады.
Шам жыпылықтап тұр: есікті көп
кешіктірмей ашуға болады.
4.9 Айналдыруды азайту тетігі
Айналдыру жылдамдығын таңдау
тетігін бұрау арқылы, таңдалған
бағдарламаның кірді айналдыру
жылдамдығын өзгертуге немесе
«Шаюды кідірту» немесе
«Айналдырмау» параметрін таңдауға
болады.
4.10 Бағдарлама таңдау тетігі
Бұл құрылғыны қосуға/сөндіруге және/
немесе бағдарлама таңдауға мүмкіндік
береді.
5. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Барабаннан кірдің бәрін
алыңыз.
Кір жуғыш машинаны өндіру
барысында қалуы мүмкін
қалдықтардан тазалау үшін жуу
бағдарламасын ешбір кір салмай
орындаңыз. Шамамен 100 мл жуғыш
затты барабанға тура құйып, мақта
www.electrolux.com8
мата циклін 60°C градусқа қойып
орындаңыз. Бағдарлама аяқталған
кезде машина іске қосуға дайын
тұрады.
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті жабыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тығыздағыш пен есіктің арасына
ешбір кір қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге
нұқсан келуі мүмкін.
6.2 Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп
алыңыз
Үлестіргіш қорапшаны тоқтағанша
тартып шығарыңыз. Жуғыш затты
қажетіне орай өлшеп алып, сол
жақтағы үлкенірек бөлікке салыңыз.
Қажет болса, мата жұмсартқышты
белгісі салынған кішкене бөлікке
салыңыз (пайдаланылатын мөлшері
тартпаның «MAX» таңбасынан аспауға
тиіс).
Қорапшаны еппен жабыңыз.
6.3 Қажетті бағдарламаны
бағдарлама таңдайтын
тетікпен таңдаңыз
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз. Таңдау тетігін
сағат тілінің бағытымен не сағат тілінің
бағытына қарсы бұрауға болады.
ҚАЗАҚ 9
Бастау түймешігінің жасыл
индикаторы жыпылықтай бастайды
Таңдалған бағдарламаның барлық
циклдарына қатысты шамдар жанады.
қалпына қойған кезде бағдарлама
бастапқы қалпына қойылады және
машина СӨНЕДІ.
Бағдарламаның соңында машинаны
сөндіру үшін бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойыңыз.
Машина жұмыс істеп
тұрған кезде бағдарлама
таңдау тетігін басқа
бағдарламаға қойсаңыз,
таңдаудың қате екенін
көрсету үшін бағдарлама
үрдісінің дисплейіндегі
шамдар жыпылықтай
бастайды. Машина
жаңадан таңдалған
бағдарламаны
орындамайды.
6.4 Айналдыру
жылдамдығын, Шаюды кідірту
немесе Айналдырмау
функцияларын таңдаңыз
Айналдыру жылдамдығын, Шаюды
кідірту немесе Айналдырмау
параметрін айналдыру жылдамдығын
таңдау тетігімен таңдаңыз.
Синтетика және жүн мата
бағдарламаларында 1300 (немесе
1000) орны 900 мин/айн-ға тең
болса, баппен жуу
бағдарламасында 700 мин/айн-ға
тең.
500 мәні - синтетика және жүн мата
бағдарламаларында 500 мин/айн-ға
тең болса, баппен жуу
бағдарламасында 450 мин/айн-ға
тең.
Шаюды кідірту
Бұл параметрді таңдағанда, киімдер
мыжылып қалмас үшін соңғы шаю
циклынан қалған су түгел төгілмейді.
Бағдарлама аяқталғанда "D" және "E"
шамдары жанып, суды төгу қажет
екенін көрсетеді (Қараңыз:
"Бағдарламаның соңы").
Айналдырмау
Осы параметрді таңдағанда
айналдыру циклдарының ешбірі
орындалмайды. Өте нәзік матаны
жууға арналған. Мақта мата және
синтетика бағдарламалары үшін
машина қосымша шаю циклдарын
қосады.
Әр бағдарламаға арналған ең үлкен
жылдамдық туралы ақпаратты Жуу
бағдарламалары тарауынан қараңыз.
6.5 Кешіктіріп бастау
функциясын таңдаңыз
Бағдарламаны бастамай тұрып, оны
кешіктіріп бастағыңыз келсе, қажетті
кешіктіріп бастау уақытын таңдау үшін
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
Орнатылған кешіктіру уақытына сай
келетін шамдар жанады.
Бұл функцияны бағдарламаны
орнатып, Бастау түймешігін баспай
тұрып таңдау керек.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта Бастау түймешігін баспай
тұрып біржола тоқтатуға немесе
өзгертуге болады.
Бастау түймешігін басқаннан кейін
кешіктіріп бастауды болдырмау:
1. Кір жуғыш машинаны ҮЗІЛІС
параметріне Бастау түймешігін
басып қойыңыз.
2.
түймешігін бір рет басыңыз,
таңдалған кешіктіріп бастауға
қатысты шам сөнеді.
3. Бағдарламаны бастау үшін Бастау
түймешігін қайта басыңыз.
www.electrolux.com10
Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын, жуу
бағдарламасын қайта
таңдағаннан кейін ғана
өзгертуге болады.
Кешіктіру уақыты кезінде
есік құлыпталып тұрады
("есік құлыптаулы" шамы
жанады).
Кешіктіріп бастау
функциясын СУ ТӨГУ
немесе АЙНАЛДЫРУ
циклымен бірге таңдау
мүмкін емес.
6.6 Қажетті параметрлерді
таңдаңыз
Бағдарлама түріне қарай әр түрлі
функцияларды біріктіріп пайдалануға
болады. Бұны қажетті бағдарламаны
таңдағаннан кейін Бастау түймешігін
баспай тұрып таңдау қажет. Тиісті шам
жанады.
Егер теріс функция таңдалса, тиісті
индикатор шам шамамен 2 секунд
жыпылықтайды. Функциялардың жуу
бағдарламаларымен үйлесетін-
үйлеспейтінін «Жуу бағдарламалары»
тарауынан қараңыз.
6.7 Бағдарламаны бастау
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін
осы Бастау түймешігін басыңыз; тиісті
индикатор шам жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама үрдісінің дисплейінде A
және E индикатор шамдары жанып,
құрылғының жұмыс істей бастағанын
және есіктің құлыптаулы екенін
көрсетеді.
6.8 Параметрді не орындалып
тұрған бағдарламаны өзгерту
Бағдарламаның кейбір функцияларын
орындалмай тұрғанда өзгертуге
болады.
Қандай да бір өзгеріс енгізу алдында,
кір жуғыш машинаны келесі Бастау
түймешігін басып үзіліске қою қажет.
Бағдарламаны Бастау түймешігі
басылмай тұрғанда өзгертуге болады.
Орындалып тұрған бағдарламаны,
қайта бастапқы қалпына қойғаннан
кейін ғана өзгерте аласыз. Бағдарлама
таңдау тетігін
қалпына қойып,
содан кейін жаңа бағдарламаға
қойыңыз. Жаңа бағдарламаны Бастау
түймешігін қайта басып бастаңыз.
6.9 Бағдарламаны кідірту
Орындалып тұрған бағдарламаны
кідірту үшін Бастау түймешігін
басыңыз, тиісті индикатор
жыпылықтай бастайды. Бағдарламаны
қайта бастау үшін түймешікті тағы да
басыңыз.
6.10 Бағдарламаны
болдырмау
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны
біржола тоқтату үшін таңдау тетігін
қалпына қойыңыз. Енді жаңа
бағдарламаны таңдауыңызға болады.
6.11 Бағдарлама басталып
кеткен соң есікті ашу
Әуелі Бастау түймешігін басып
машинаны үзіліске қойыңыз.
Біраз минут өткеннен кейін, келесі
жағдайлар орындалса есікті аша
беруге болады:
Судың температурасы 55°C
градустан төмен.
Судың деңгейі есіктің астыңғы
жиегінен төмен болса.
Машина айналдырмай тұрса.
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны
міндетті түрде ашу қажет болса,
таңдау тетігін
қалпына қойып
ҚАЗАҚ 11
машинаны сөндіріңіз. Бірнеше
минуттан соң есікті ашуға болады.
(Судың деңгейі мен
температурасына назар
аударыңыз!).
Осы әрекеттен кейін, бағдарлама мен
параметрлерді қайта орнатып, содан
кейін Бастау түймешігін басу қажет.
6.12 Бағдарламаның соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды.
D индикатор шамы жанып,
бағдарламаның аяқталғанын
көрсетеді. E индикатор шамы сөнеді;
есікті ашып, кірді ала беруге болады.
Бағдарламаның соңында барабан
ішінде су қалса ("Шаюды кідірту"
функциясы таңдалған кезде), суды
төгу үшін келесі нұсқауларды
орындаңыз:
бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойыңыз
"Суды төгу" не "Айналдыру"
бағдарламасын таңдаңыз
Бастау түймешігін басыңыз
E индикатор шамы сөнген кезде есікті
ашып, кірді ала беруге болады.
Циклдың соңында машинаны сөндіру
үшін бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойыңыз.
Кірді машинадан алыңыз да,
барабанның бос екенін мұқият
тексеріңіз. Енді кір жумайтын
болсаңыз, су құятын шүмекті жабыңыз.
Зең мен жағымсыз иіс пайда болмас
үшін есікті ашық қалдырыңыз.
7. ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бағдарлама/
Температура
Кірдің түрі Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
МАҚТА МАТА
90°
Ақ мақта мата
(қатты немесе
қалыпты кірлеген
мақта мата заттар)
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП
БАСТАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ЖЫЛДАМ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1300 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
www.electrolux.com12
Бағдарлама/
Температура
Кірдің түрі Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
МАҚТА МАТА
ECO
2)
60°
Ақ мақта мата,
үнемді
(Бұл
бағдарламаны
шамалы не
қалыпты кірлеген
мақта матадан
жасалған заттар
үшін таңдауға
болады.
Температура
төмендейді де, жуу
уақыты ұзарады.
Бұл қуатты
үнемдей отырып,
жуу нәтижесін
жақсартуға
көмектеседі.)
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП
БАСТАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1300 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
МАҚТА МАТА
60° - 30°
Ақ мақта мата
(қалыпты кірлеген
мақта мата
заттар).
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП
БАСТАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ЖЫЛДАМ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1300 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
МАҚТА
МАТАECO
2)
40°
Түрлі-түсті мақта
мата, үнемді
(Мақта матаға
арналған үнемді
бағдарлама.
Қараңыз: Мақта
мата 60° ECO)
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП
БАСТАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1300 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
СИНТЕТИКА
40°-30°
Синтетика не
аралас мата: іш
киім, түрлі түсті
киімдер, отырып
қалмайтын
жейделер,
блузалар.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП
БАСТАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ЖЫЛДАМ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 900 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
ҚАЗАҚ 13
Бағдарлама/
Температура
Кірдің түрі Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
НӘЗІК МАТА
40°
Нәзік маталар:
акрил, вискоза,
полиэстер.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП
БАСТАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 700 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
АРАЛАС
20°
Қуатты өте тиімді
пайдаланатын,
суық сумен жуатын
бағдарлама.
Шамалы кірлеген.
Бұл бағдарламаға
суық суға арналған
жуғыш зат қажет.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП
БАСТАУ
ҚОСЫМША ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 900 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
ЖҮН МАТА
40°- СУЫҚ ( )
Машинамен жууға
болатын жүн
матаға арналған
жуу
бағдарламасы.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП
БАСТАУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 900 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1 кг
ШАҒЫН
30°
Шамалы кірлеген
немесе жаңартуды
қажет ететін
кірлерге арналған
бағдарлама.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП
БАСТАУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 700 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
ШАЮ
ЦИКЛДАРЫ
Бұл бағдарлама
арқылы қолмен
жуылған, мақта
матадан жасалған
киім-кешектерді
шаюға және
айналдыруға
болады. Машина 3
рет шаяды да,
соңынан ұзақ
айналдыру циклын
орындайды.
Айналдыру
жылдамдығын
азайтуға болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ҚОСЫМША ШАЮ
Шаю циклдары
Айналдыру, макс.
1300 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
www.electrolux.com14
Бағдарлама/
Температура
Кірдің түрі Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
СУ ТӨГУ
Шаюды кідірту
функциялары
таңдалған
бағдарламаларда
кір соңғы рет
шайылған суды
төгуге арналған.
Суды төгу
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
АЙНАЛДЫРУ
Қолмен жуылған
киім-кешек үшін
және шаюды
тоқтата тұру
параметрі
таңдалған
бағдарламалардан
соң бөлек
айналдыру.
Айналдыру
жылдамдығын
таңдау тетігін
бұрап,
айналдырылатын
матаға сай келетін
айналдыру
жылдамдығын
таңдауға болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
Суды төгу және
ұзақ айналдыру
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы 1300
мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
/СӨНДІРУ
Бағдарламаны бастапқы қалпына қою немесе машинаны
сөндіруге арналған
1)
Егер осы параметрді таңдасаңыз, ең үлкен салмақты азайтуды ұсынамыз. Мақта
мата үшін ұсынылатын салмақ: 2 кг.
2)
Қуат жапсырмасында көрсетілген мәндерге сай келетін стандартты
бағдарламалар. Бұл бағдарламалар 1061/2010 стандарты бойынша "стандартты 60
°C мақта мата бағдарламасы" мен "стандартты 40 °C мақта мата бағдарламасы"-на
сай келеді. Бұл бағдарламалар қалыпты кірлеген мақта маталарды жууға арналған
бағдарламалардың ішіндегі, қуат және суды тұтыну жағынан қарағанда ең тиімді
бағдарламалар болып есептеледі.
8. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі
себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен
түрі, судың және қоршаған ортаның температурасы.
ҚАЗАҚ 15
Бағдарламалар Салмақ
(кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарла
маның
болжалды
ұзақтығы
(минут)
Қалдық
ылғал
(%)
1)
Мақта мата 60 °C 3 0,90 45 120 53
Мақта мата 40 °C 3 0,45 45 110 53
Синтетика 40 °C 1,5 0,50 50 80 35
Нәзік мата 40 °C 1,5 0,50 52 70 35
Жүн мата/Қолмен
жуу 30 °C
1 0,30 60 75 30
Стандартты мақта мата бағдарламалары
Стандартты 60 °C
мақта мата
3 0,59 42 127 53
Стандартты 60 °C
мақта мата
1,5 0,54 38 127 53
Стандартты 40 °C
мақта мата
1,5 0,49 38 137 53
1)
Айналдыру циклының соңында.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,10 0,98
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат 2009/125/EО нұсқауын жүзеге асыру
үшін ЕО Комиссиясының 1015/2010 ережесіне сай берілген.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
9.1 Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік және жүн
мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу
нұсқауларын орындаңыз.
Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін.
Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға
кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін
салып, тартпаларды тартып жауып,
ілгектер мен батырма
түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған
заттарды ашыңыз.
Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет
салынған киімдердің астарын
сыртына аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Өте кір дақтарды арнайы жуғыш
затпен жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз.
Ілгектерін алыңыз немесе
перделерді кір жуатын торға немесе
жастықтың тысына салыңыз.
Шашақтары бар немесе кесілген
жерлері бар заттарды құрылғыда
жумаңыз. Кішкене заттарды жуу
үшін (мысалы, сым өткізілген төс
тартқыш, белдіктер, колготкилер,
www.electrolux.com16
т.с.с.) кір жууға арналған торды
пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру
циклі кезінде теңгерімді сақтауға
қатысты мәселе орын алуы мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса,
барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
9.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен
жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға
салмай тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар
болады. Дақ пен матаның түріне сай
келетін арнайы дақ кетіргішті
қолданыңыз.
9.3 Жуғыш заттар мен
үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған
жуғыш заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне
арналған ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен
жүн тоқымаларға арналған
ұнтақ жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не
тек жүн матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (ең көбі 60 °C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды
араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу
үшін жуғыш затты қажетті
мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін
құралдарды қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
(жуғыш зат өндірушісі қамтамасыз
етеді) болмаса, мөлшерлегіш
шарикті қолданыңыз.
9.4 Қоршаған ортаға қатысты
ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала
жуу циклі жоқ бағдарламаны
қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін
бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде,
қажет болса дақ кетіргішті
қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде
қолдану үшін, жергілікті су
жүйесіндегі судың кермектігін
тексеріңіз
9.5 Су кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинада су жұмсартқышты
қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы
жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін
білу үшін су жүйесін басқару
мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы суды
ғана қолданып тазалаңыз. Барлық
беттерін әбден құрғатыңыз.
ҚАЗАҚ 17
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Спирт, еріткіш немесе
химиялық заттарды
қолданбаңыз.
10.2 Қақты тазалау
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинаға арналған қақ
тазалайтын құралды қолдануды
ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл
тексеріп, әк және тот бөлшектерінің
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір
жуғыш машиналарға арналған арнайы
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бұны
кір жумай тұрғанда орындаңыз.
Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды
әрқашан орындаңыз.
10.3 Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы
жуғыш зат қалып қоюы мүмкін.
Құрылғыға күтім көрсету үшін
уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
Барабаннан кірді алыңыз.
Мақта мата жууға арналған
бағдарламаны, шамалы жуғыш зат
салып ең жоғары температураға
қойып орнатыңыз.
10.4 Есік тығыздағышы
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың барлығын алыңыз.
10.5 Үлестіргіштің суырмасын
тазалау
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар
үлестіргішінің суырмасын мезгіл-мезгіл
тазалап отыру қажет.
1. Қажет болса, машинаны тазалау
үшін жуғыш зат суырмасын тұтас
алып қоюға болады. Тежегіштен
шығару үшін қатты ұстап тұрып
тарту керек.
2. Суырманың ішіндегі түтікшені
тазалау үшін алғыңыз келсе, оны
ішке қарай басып тұрып, жоғары
көтеру керек. Ағып тұрған суға
шайып, жиналып қалған ұнтақ
жуғышты тазалаңыз. Орнына
қойған кезде, "сырт" еткен дыбыс
естілгенше төмен басыңыз.
10.6 Тартпаның ұясын
тазалау
Суырманы алғаннан кейін, оның ұясын
кішкене шөткемен тазалап, ұяның
астыңғы және үстіңгі жағынан жуғыш
ұнтақты кетіріңіз.
www.electrolux.com18
Суырманы орнына қойып, шаю
бағдарламасын барабанға ешбір кір
салмай орындаңыз.
10.7 Су құятын түтіктің және клапанның сүзгісін тазалау
1.
1
2
3
2.
3. 4.
45°
20°
10.8 Мұздап қалу қаупі
Машина 0°C градустан төмен
температурасы бар жерде тұрса, тиісті
сақтық шараларын орындау керек.
Сумен жабдықтауды тоқтатыңыз.
Су құятын түтікті шүмектен ағытып
алыңыз.
Жуу бағдарламасын таңдаңыз,
машинаны іске қосыңыз және
бағдарламаны шамалы уақыт
қосып қойыңыз.
Бағдарламаны кідірту үшін
бағдарламаны таңдау тетігін
қалпына қойыңыз.
Су құятын және төгетін түтіктердің
ұшын едендегі су жинағышқа
салыңыз. Түтіктің ұшының ақаба су
(ақаба) шүмегінің деңгейінен төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз.
"Су төгу" бағдарламасын таңдаңыз
да, соңына дейін қосыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойыңыз. Құрылғыны қайта
іске қосқыңыз келген кезде, бөлме
температурасының 0 °C градустан
жоғары екендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны температурасы қалыпты
бөлме ішінде ғана қолдану және
сақтау керек. Мұз қату салдарынан
болған ақаулық үшін өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Кіріспе
Кейбір мәселелер қарапайым
техникалық қызмет
көрсетілмегендіктен не бақылаудың
аздығынан пайда болатындықтан,
оларды маманды арнайы шақырмай
шешуге болады. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласпас
бұрын төмендегілерді тексеріңіз.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде End
(Соңы) жыпылықтап, машинаның
жұмыс істемей тұрғанын көрсетуі
мүмкін:
1 рет жыпылықтау: сумен
жабдықтауға қатысты ақаулық.
2 рет жыпылықтау: су төгуге
қатысты ақаулық.
4 рет жыпылықтау: есік ашық.
Ақаулықты түзеткеннен кейін
бағдарламаны қайта бастау үшін
БАСТАУ түймешігін басыңыз. Егер
осының бәрін тексергеннен кейін
ақаулық түзелмесе, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
11.2 Ықтимал ақаулықтар
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі
Машина іске қосылмай
тұр:
Есік жабылған жоқ.
Есікті нығыздап жабыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Таңдау тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған және Бастау
түймешігі басылмаған.
Таңдау тетігін бұраңыз да, Бастау түймешігін
қайта басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған.
Кірді дереу жуу қажет болса, кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтатыңыз.
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84

Electrolux EWC1350 Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ