Zanussi FCS825C Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
GETTING
STARTED?
EASY.
User Manual
FCS 825C
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кір жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 26
Стиральная машина
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Бұл құрылғы үйде немесе сол сияқты төменде аталған
жерлерде пайдалану үшін жасалған:
дүкендерде, кеңселерде және басқа сол сияқты
жерлерде;
2
ферма үйлерінде
қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас ұсынатын
қонақжайларда және басқа тұрғынды жерлерде;
коммунальды квартираларда және кір жуатын
жерлерде.
Ең көбі 3 кг-нан асырмаңыз ("Бағдарлама кестесі”
тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың жұмыс
қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа)
аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем, төсеніш
немесе еденнің қаптамасы кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік жинағын
немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа
түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/немесе буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
Жергілікті стандарттарға сәйкес
етіп орнату керек.
Барлық орам материалдарын және
тасымал болттарын, пластик тығыздағышы
бар резеңке төлкесін алыңыз.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны көшірген кезде,
ішкі бөліктеріне зақым келмеу үшін
барабанды бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ
киім киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
3
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге
орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еден тегіс, орнықты,
қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына қойғаннан
кейін, ватерпас арқылы деңгейінің әбден
дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
Құрылғыны едендегі су ағатын арықшаның
үстіне тура орнатпаңыз.
Құрылғыға су шашпаңыз немесе оған
ылғал әсерін тигізбеңіз.
Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін жабық сауыт қоймаңыз.
Қолданылатын керек-жарақтың түрін
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласып біліңіз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Өрт және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау
желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
СУҒА ҚОСУ
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату алдында,
жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін
немесе жаңа құралдарды орнатқаннан
кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза
және тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында немесе
бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік тым қысқа болса ұзартқыш
түтікті қолданбаңыз. Су құятын түтікті
ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Су төгетін түтіктен судың ағып тұрғанын
көруге болады. Бұл құрылғыны зауытта
суды пайдаланып сынақтан өткізгенге
байланысты.
Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге ұзартуға
болады. Басқа су төгетін түтік алу не оны
ұзарту үшін уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт қаупі,
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
Май немесе басқа да майлы заттар қатты
ластаған маталарды жумаңыз. Бұл кір
жуғыш машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай маталарды кір
жуғыш машинаға салар алдында, алдын
ала қолмен жуыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
шыны есікті ұстамаңыз. Шыны ысып кетуі
мүмкін.
СЕРВИС
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
4
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен жабдықтау
желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары барабанға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын тастауға
(WEEE) арналған жергілікті ережелерге
сәйкес тастаңыз.
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ҚОРАПТАН ШЫҒАРУ
Кір жуғыш машинаның барабаны мен
қозғалтқышына тасымал барысында зақым
келмеу үшін бірнеше бекіту құралдары/орам
материалдарымен бекітіліп, оралып
жеткізіледі. Құрылғыны іске пайдаланар
алдында барлық тасымал болттары мен орам
материалдарын алу керек.
Бұл тасымалдау құралдарын машина
қайтадан көшірілетін жағдай туса пайдалану
үшін сақтап қоюды ұсынамыз.
1. Полистиролдан жасалған кейбір орам
материалдарын машинаның артқы
жағындағы еденге төсеңіз де, олардың
үстіне машинаны сыртқы жағын төмен
қаратып абайлап жатқызыңыз. Осы кезде
құрылғының ешбір түтігінің жаншылып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
2. Құрылғының астыңғы жағынан полистирол
төсемді алып тастаңыз.
3. Машинаны тік қалпына келтіріп қойыңыз
да, қорек сымы мен су төгетін, құятын
түтіктерін құрылғының артқы жағындағы
ұстағыштардан алыңыз.
4. Машинаның артқы жағындағы үш бұранда
мен оның тығыздағыштарын сай келетін
кілтпен ағытыңыз.
5
5. Содан кейін үш тесікті, барабанның
ішіндегі пайдаланушы нұсқаулығы
салынған қалтадағы пластик тығындармен
тығындау керек.
МАШИНАНЫ КӨТЕРУ
Машинаны көтерген кезде абай болыңыз.
Дұрыс көтермеген кезде адам жарақат алу
және машинаға зақым келу қаупі күшейеді.
Есікті ашыңыз да, есіктің жақтауының ішкі
үстіңгі жағынан ұстаңыз. Машинаны сонымен
қатар артқы үстіңгі жағындағы шығыңқы
жерінен ұстап көтеруге де болады.
ЕСКЕРТУ! Машинаны ешқашан
басқару панелінен, есігінен немесе
жуғыш зат үлестіргішінен ұстап
көтеруге болмайды.
ОРНАЛАСТЫРУ
Машинаны тегіс, қатты еденге орнатыңыз.
Машинаның айналасында ауа алмасып тұруға
кілемдер, сүрткіштер т.с.с. кедергі жасамай
тұрғанына көз жеткізіңіз. Машинаның
қабырғаға немесе жиһаздарға тимей
тұрғанына көз жеткізіңіз. Кір жуғыш машинаны
алдыңғы екі тірегін көтеру не төмен түсіру
арқылы реттеп қойыңыз. Қажет болса,
деңгейді ватерпас көмегімен тексеріп көріңіз.
Қажетті түзетулерді гайка кілтінің көмегімен
жүзеге асыруға болады. Құрылғыны дұрыс
тіктеп орнатсаңыз діріл, шуылдың пайда
болуына және машина жұмыс істеп тұрған
кезде орнынан жылжып кетуге жол бермейсіз.
АБАЙЛАҢЫЗ Еден тегіс болмаса,
оны түзету үшін машинаның
астына ешқашан ағаш текше,
сынама тақта не кішкене заттарды
қоймаңыз.
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІК
ЕСКЕРТУ! Бұл құрылғыны суық
сумен жабдықтау жүйесіне қосу
қажет.
1. Машинамен бірге жеткізілген су құятын
түтікті 3/4" резьбасы бар шүмекке
жалғаңыз. Әрқашан құрылғымен бірге
жеткізілген түтікті пайдаланыңыз.
Машинаны су жүйесіне
жалғау үшін бұрынғы
машинадан қалған түтікті
пайдаланбаңыз.
2. Су құятын түтіктің машинаға жалғанатын
ұшын кез келген бағытқа бұрауға болады.
Дөңгелек сомынды босату арқылы түтікті
дұрыстап орнатыңыз. Су құятын түтікті
орналастырғаннан кейін су жылыстап
ақпау үшін, дөңгелек сомынды қатайтып
бұраңыз.
6
Су құятын түтікті ұзартуға болмайды. Егер ол
тым қысқа болса және су шүмегін орнынан
жылжытқыңыз келмесе, осындай қосылымға
арналған жаңа, әрі ұзын түтік сатып алу қажет.
Машинаны жаңа құбыр жүйесіне
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбыр жүйесіне жалғар алдында,
жиналып қалуы мүмкін қоқысты
тазалау үшін суды әжептәуір
ағызыңыз.
СУ ТӨГУ
Суды төгетін түтіктің ұшын үш түрлі жолмен
орнатуға болады:
Машинамен бірге жеткізілген түтктің
пластик бағыттауышы арқылы
раковинаның жиегінен асыра іліп қою.
Мұндай жағдайда машинадан су төгілген
кезде, түтіктің ұшының раковина жиегінен
шығып кетпеуін қадағалаңыз. Бұл үшін оны
шүмекке баумен байлап қоюға не қабырғаға
бекітіп қоюға болады.
Раковинаның төлкесі бар су төгетін түтігі.
650-800 mm
Су төгетін түтікті су төлкесінің тура үстіңгі
жағынан, құбырға тікелей (мысалы, ванна
немесе раковинаның астыңғы жағында)
жалғау керек. Су төгетін түтікті төсеген кезде
оның кейбір жерін ваннаның үстіңгі жиегімен
деңгейлес жерге төсеп, сол жерге бекіту
керек.
Ақаба су құбырына 65 см-ден кем емес және
80 см-ден аспайтын биіктікте тікелей жалғауға
болады.
ø40 mm
650-800 mm
Су төгетін түтіктің айналасында және астыңғы
жағында ауа жастықшасы болуға тиіс. Бұл тік
құбырдың ішкі диаметрінің түтіктің сыртқы
диаметрінен үлкен болуға тиіс екенін
көрсетеді.
Түтік тік құбырға 50 мм-ден аса жақындап
кетпеуге және өз орнында бекітіліп тұруға тиіс.
Су төгетін түтік жаншылып қалмауға тиіс.
Су төгетін түтікті жалпы 3,5 м-ге дейін ұзартуға
болады. Ұзарту үшін ішкі диаметрі кем
дегенде машинаның өз түтігінің диаметріндей
түтікті пайдаланыңыз. Сай келетін түтік
жалғастырғышты пайдаланыңыз.
7
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
1 2
6
7
9
8
4
3
5
1
Жуғыш зат үлестіргіш
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Құрылғыны деңгейлеуге арналған тіректер
6
Су төгетін түтік
7
Су құятын түтіктер
8
Тасымал тетіктері
9
Қорек сымы
8
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1 2 3 4 5 6 8 97
1
Жуғыш зат үлестіргіш
2
Опция түймесі /
3
ЭКО түймешігі
4
АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі
5
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ түймешігі
6
БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
7
Бағдарлама үрдісінің индикаторлары
8
АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі
9
Бағдарлама таңдау тетігі
ОПЦИЯ ТҮЙМЕСІ
Осы түймешіктің көмегімен параметрлердің
тек біреуін ғана таңдай аласыз. Бағдарламаны
орнатып, Бастау/Үзіліс
түймесін баспай
тұрып опцияны таңдау керек. Тиісті индикатор
жанады.
Күнделікті
Шамалы кірлеген ақ-/түрлі-түсті және
синтетикадан жасалған заттарға арналған
қысқа бағдарлама. Жуу уақыты шамамен
10 минутқа азаяды. Ең көп ұсынылатын
температура 60°C градус.
Жылдам
Қалыпты кірлеген мақта мата, синтетика
немесе нәзік матадан жасалған заттарға
арналған қысқа бағдарлама. Жуу уақыты
матаның түріне және таңдалған
температураға қарай қысқарады.
Бұл параметрлерді 60E
бағдарламасымен бірге және
жүн матаға, нәзік матаға
немесе қолмен жууға арналған
бағдарламалармен бірге
таңдауға болмайды. Жуу
уақыты матаның түріне және
таңдалған температураға қарай
қысқарады. Мақта мата үшін
ұсынылатын салмақ: 2 кг.
ЭКО
Қалыпты кірлеген мақта матаны және
синтетиканы қуатты үнемдей отырып жуғыңыз
келсе, осы параметрді қолдануыңызға
болады.
АЛДЫН АЛА ЖУУ
Осы функцияның көмегімен машина негізгі
жуу циклінің алдында алдын ала жуу циклін
орындайды. Жуу уақыты ұзарады. Бұл
опцияны қатты кірлеген заттарды жуу үшін
қолдануды ұсынамыз.
9
ОҢАЙ ҮТІКТЕУ
Бұл функцияны таңдағанда, құрылғы кір
мыжылып қалмау үшін баппен жуады және
айналдырады. Бұдан кейін машина мақта
матаға арналған 3 рет шаю циклының орнына
6 рет шаяды және синтетикаға арналған 3 рет
шаю циклының орнына 4 рет шаяды.
БАСТАУ/ҮЗІЛІС
Бұл түймешік таңдалған бағдарламаны
бастауға немесе кідіртуге мүмкіндік береді.
ИНДИКАТОР ШАМДАРЫ
A
B
C
D
E
A шамы машина жуу циклін орындап тұрған
кезде жанады.
B шамы машина шаю циклін орындап тұрған
кезде жанады.
C шамы машина айналдыру циклін орындап
тұрған кезде жанады.
D шамы жуу циклі аяқталғанда жанады.
E шамы есікті ашуға болатын-болмайтынын
көрсетеді:
Шам қосулы: есікті ашуға болмайды.
Шам сөндірулі: есікті ашуға болады.
Шам жыпылықтап тұр: есікті көп
кешіктірмей ашуға болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ АЗАЙТУ ТЕТІГІ
Айналдыру жылдамдығын таңдау тетігін бұрау
арқылы, таңдалған бағдарламаның кірді
айналдыру жылдамдығын өзгертуге немесе
Шаюды кідірту немесе Айналдырмау
параметрін таңдауға болады.
БАҒДАРЛАМА ТАҢДАУ ТЕТІГІ
Бұл құрылғыны қосуға/сөндіруге және/немесе
бағдарлама таңдауға мүмкіндік береді.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бағдарлама/Температура Кірдің түрі
Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
МАҚТА
90°C
Ақ мақта
мата (қатты
немесе
қалыпты
кірлеген мақта
мата заттар)
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/ШАЮДЫ
КІДІРТУ
КҮНДЕЛІКТІ/
ЖЫЛДАМ
1)
ҮНЕМДІ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Базалық
айналдыру
жылдамдығы
800 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
10
Бағдарлама/Температура Кірдің түрі
Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
МАҚТА МАТА ECO
2)
60°C - 40°C
Ақ мақта
мата эко
(Бұл
бағдарламан
ы шамалы не
қалыпты
кірлеген мақта
мата заттар
үшін таңдауға
болады.
Температура
азайып, жуу
уақыты
ұзарады. Бұл
қуатты
үнемдеп,
жақсы жуу
нәтижесіне
қол жеткізуге
мүмкіндік
береді.)
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/ШАЮДЫ
КІДІРТУ
КҮНДЕЛІКТІ/
ЖЫЛДАМ
1)
ҮНЕМДІ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Базалық
айналдыру
жылдамдығы
800 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
МАҚТА
60°C - 30°C
Ақ мақта
мата
(қалыпты
кірлеген мақта
мата заттар).
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/ШАЮДЫ
КІДІРТУ
КҮНДЕЛІКТІ/
ЖЫЛДАМ
1)
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ҮНЕМДІ
3)
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Базалық
айналдыру
жылдамдығы
800 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
АРАЛАС
20°C
Қуатты
үнемдеу
жағынан өте
тиімді суық
сумен жуатын
бағдарлама.
Шамалы
кірлеген. Бұл
бағдарлама
суық суда
белсенді
жуғыш затты
қажет етеді.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/ШАЮДЫ
КІДІРТУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Базалық
айналдыру
жылдамдығы
800 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
11
Бағдарлама/Температура Кірдің түрі
Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
СИНТЕТИКАЛЫҚ МАТА
60°C - 30°C
Қатты
немесе
қалыпты
кірлеген
синтетика не
аралас
маталар: іш
киім, түрлі-
түсті киім-
кешек,
отырып
қалмайтын
жейде,
блузалар.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/ШАЮДЫ
КІДІРТУ
КҮНДЕЛІКТІ/
ЖЫЛДАМ
1)
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ҮНЕМДІ
4)
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Базалық
айналдыру
жылдамдығы
Қысқа
айналдыру, макс.
800 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
НӘЗІК МАТА
40°C - 30°C
Нәзік
маталар:
акрил,
вискоза,
полиэстер.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/ШАЮДЫ
КІДІРТУ
КҮНДЕЛІКТІ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Базалық
айналдыру
жылдамдығы
600 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
ЖҮН МАТА
30°- СУЫҚ ( )
Машинамен
жууға
болатын жүн
матаға
арналған жуу
бағдарламасы
.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/ШАЮДЫ
КІДІРТУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Базалық
айналдыру
жылдамдығы
800 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1 кг
12
Бағдарлама/Температура Кірдің түрі
Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
ШАЮ ЦИКЛДАРЫ
Бұл
бағдарлама
арқылы
қолмен
жуылған,
мақта
матадан
жасалған
киім-
кешектерді
шаюға және
айналдыруға
болады.
Машина 3 рет
шаяды да,
соңынан ұзақ
айналдыру
циклын
орындайды.
Айналдыру
жылдамдығын
азайтуға
болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/ШАЮДЫ
КІДІРТУ
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ
Шаю циклдары
Базалық
айналдыру
жылдамдығы
800 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
СУ ТӨГУ
Шаюды кідірту
немесе
айналдырмау
функциялары
таңдалған
бағдарламала
рда кірді
соңғы рет
шайған суды
төгуге
арналған.
Суды төгу
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
13
Бағдарлама/Температура Кірдің түрі
Қолданыстағы
параметрлер
Бағдарлама
сипаттамасы
АЙНАЛДЫРУ
Қолмен
жуылған киім-
кешек үшін
және шаюды
тоқтата тұру
параметрі
таңдалған
бағдарламала
рдан соң
бөлек
айналдыру.
Айналдыру
жылдамдығын
таңдау тетігін
бұрап,
айналдырыла
тын матаға
сай келетін
айналдыру
жылдамдығын
таңдауға
болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
Суды төгу және
ұзақ айналдыру
Базалық
айналдыру
жылдамдығы
800 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
СӨНДІРУ
Бағдарламаны бастапқы қалпына қою немесе машинаны
сөндіруге арналған
1) Егер осы параметрді таңдасаңыз, ең үлкен салмақты азайтуды ұсынамыз. Мақта мата үшін
ұсынылатын салмақ: 2 кг. Бұл параметрді Үнемді параметрімен таңдауға болмайды.
2) 3кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R IEC 60456:2010 стандартына сәйкес
дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
3) 60° және 40° градус температурада жұмыс істей алады.
4) 60° градус температурада жұмыс істейді.
ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Құрылғының барлық тасымал
болттарының алынып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
2. Ашаны розеткаға қосыңыз.
3. Су құятын шүмекті ашыңыз.
4. Барабанға шамамен 100 мл жуғыш затты
тура құйыңыз.
5. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып
ешбір кір салмай жуыңыз. Бұл цикл
барабан мен машинаның ішінде бар болуы
мүмкін қоқыс-кірлердің барлығын кетіреді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРДІ САЛУ
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
3. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
14
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз
жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
Су төгіліп не кірге зақым келмес
үшін тұмшалағыш пен есіктің
арасына кір қыстырылып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қатты майланған, май дақтары
түскен затты жуғанда, кір жуғыш
машинаның резеңке бөліктеріне
зақым келуі мүмкін.
ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ
Жуғыш зат тартпасының жуғыш зат пен мата
баптағышқа арналған 2 жеке бөлігі бар.
Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ
немесе сұйық жуғыш зат бөлігі. Егер
сұйық жуғыш затты пайдалансаңыз, оны
бағдарламаны бастаудың сәл алдында
ғана құйыңыз.
Алдын ала жуу опциясы бар
бағдарламаны орнатқанда,
алдын ала жуу циклына
арналған жуғыш затты
барабанға тура салыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата
жұмсартқыш, крахмал).
Кез келген мата жұмсартқышты немесе
крахмалды жуу бағдарламасын бастау
алдында бөлікке құю керек.
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН МАТА ЖҰМСАРТҚЫШТЫ
ӨЛШЕП АЛЫҢЫЗ
Үлестіргіш қорапшаны тоқтағанша тартып
шығарыңыз. Жуғыш затты қажетіне орай
өлшеп алып, сол жақтағы
үлкенірек бөлікке
салыңыз.
Қажет болса, мата жұмсартқышты белгісі
салынған кішкене бөлікке салыңыз
(пайдаланылатын мөлшері тартпаның «MAX»
таңбасынан аспауға тиіс). Қорапшаны еппен
жабыңыз.
ҚАЖЕТТІ ПАРАМЕТРЛЕРДІ ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарлама түріне қарай әр түрлі
функцияларды біріктіріп пайдалануға болады.
Бұны қажетті бағдарламаны таңдап алған соң,
түймешігін баспай тұрып таңдау қажет.
Тиісті шам жанады.
15
Егер теріс функция таңдалса, тиісті индикатор
шам шамамен 2 секунд жыпылықтайды.
Опциялардың жуу бағдарламаларымен
үйлесетін-үйлеспейтінін «Жуу
бағдарламалары» тарауынан қараңыз.
АЙНАЛДЫРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН, ШАЮДЫ
КІДІРТУ НЕМЕСЕ АЙНАЛДЫРМАУ
ФУНКЦИЯСЫН ТАҢДАҢЫЗ
Айналдыру жылдамдығын, Шаюды кідірту
немесе Айналдырмау параметрін айналдыру
жылдамдығын таңдау тетігімен таңдаңыз.
800 - синтетика және жүн мата
бағдарламаларында 800 мин/айн-ға тең
болса, баппен жуу бағдарламасында 700
мин/айн-ға тең.
Шаюды кідірту
Бұл параметрді таңдағанда, киімдер мыжылып
қалмас үшін соңғы шаю циклынан қалған су
түгел төгілмейді. Бағдарлама аяқталғанда D
және E шамдары жанып, суды төгу қажет
екенін көрсетеді (Қараңыз: "Бағдарламаның
соңы").
Айналдырмау
Осы параметрді таңдағанда айналдыру
циклдарының ешбірі орындалмайды. Өте нәзік
матаны жууға арналған. Мақта мата және
синтетика бағдарламалары үшін машина
қосымша шаю циклдарын қосады.
Әр бағдарламада рұқсат етілген ең үлкен
айналдыру жылдамдығы туралы ақпаратты
"Жуу бағдарламалары" тарауынан қараңыз.
ҚАЖЕТТІ БАҒДАРЛАМАНЫ БАҒДАРЛАМА
ТАҢДАЙТЫН ТЕТІКПЕН ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз. Таңдау тетігін сағат
тілінің бағытымен не сағат тілінің бағытына
қарсы бұрауға болады.
түймешігінің жасыл индикаторы
жыпылықтай бастайды.
Таңдалған бағдарламаның барлық
циклдарына қатысты шамдар жанады.
қалпына қойған кезде бағдарлама
бастапқы қалпына қойылады және машина
СӨНЕДІ.
Бағдарламаның соңында машинаны сөндіру
үшін бағдарлама таңдау тетігін қалпына
қойыңыз.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
бағдарлама таңдау тетігін басқа
бағдарламаға қойсаңыз,
таңдаудың қате екенін көрсету
үшін бағдарлама үрдісінің
дисплейіндегі шамдар
жыпылықтай бастайды. Машина
жаңадан таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін
түймешігін басыңыз; тиісті индикатор шам
жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы
тұрады.
Бағдарлама күйінің дисплейінде A және E
индикатор шамдары жанып, құрылғының
жұмыс істей бастағанын және есіктің
құлыптаулы екенін көрсетеді.
ПАРАМЕТРДІ НЕ ОРЫНДАЛЫП ТҰРҒАН
БАҒДАРЛАМАНЫ ӨЗГЕРТУ
Бағдарламаның кейбір функцияларын
орындалмай тұрғанда өзгертуге болады.
Қандай да бір өзгеріс енгізердің алдында, кір
жуғыш машинаны
түймешігін басып
үзіліске қою қажет.
Бағдарламаны түймешігі басылмай
тұрғанда өзгертуге болады. Орындалып
тұрған бағдарламаны, қайта бастапқы
қалпына қойғаннан кейін ғана өзгерте аласыз.
Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойып,
содан кейін жаңа бағдарламаға қойыңыз.
Жаңа бағдарламаны түймешігін қайта
басып бастаңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ
Орындалып тұрған бағдарламаны кідірту үшін
түймешігін басыңыз, тиісті индикатор
жыпылықтай бастайды. Бағдарламаны қайта
бастау үшін түймешікті тағы да басыңыз.
16
БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны біржола
тоқтату үшін таңдау тетігін
қалпына
қойыңыз. Енді жаңа бағдарламаны
таңдауыңызға болады.
БАҒДАРЛАМА БАСТАЛЫП КЕТКЕН СОҢ
ЕСІКТІ АШУ
Әуелі түймешігін басып бағдарламаны
үзіліске қойыңыз.
Біраз минут өткеннен кейін, келесі жағдайлар
орындалса есікті аша беруге болады:
Судың температурасы 55°C градустан
төмен.
Судың деңгейі есіктің астыңғы жиегінен
төмен болса.
Машина кірді айналдырмайды.
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны міндетті
түрде ашу қажет болса, таңдау тетігін
қалпына қойып машинаны сөндіріңіз. Бірнеше
минуттан кейін есікті ашуға болады. (Судың
деңгейі мен температурасына назар
аударыңыз!).
Осы әрекеттен кейін, бағдарлама мен
параметрлерді қайта орнатып, содан кейін
түймешігін басыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Машина автоматты түрде тоқтайды.
D индикатор шамы жанып, бағдарламаның
аяқталғанын көрсетеді. E индикатор шамы
сөнеді; есікті ашып, кірді ала беруге болады.
Бағдарламаның соңында барабан ішінде су
қалса ("Шаюды кідірту" функциясы
таңдалған кезде), суды төгу үшін келесі
нұсқауларды орындаңыз:
бағдарлама таңдау тетігін қалпына
қойыңыз
немесе бағдарламасын таңдаңыз
түймешігін басыңыз
E индикатор шамы сөнген кезде есікті ашып,
кірді ала беруге болады.
Циклдың соңында машинаны сөндіру үшін
бағдарлама таңдау тетігін қалпына
қойыңыз.
Кірді машинадан алыңыз да, барабанның бос
екенін мұқият тексеріңіз. Енді кір жумайтын
болсаңыз, су құятын шүмекті жабыңыз.
Зең мен жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есікті ашық қалдырыңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
КІР САЛУ
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш
жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
Көп қабатты матадан, жүн матадан және
сурет салынған киімдердің астарын
сыртына аударыңыз.
Қатып қалған дақтарды арнайы жуғыш
затпен тазалаңыз.
Қатып қалған дақтары бар заттарды
барабанға салу алдында жуыңыз және
дағын алдын ала кетіріңіз.
Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз да, перделерді кір жуатын торға
немесе жастықтың тысына салыңыз.
Көмкерілмеген немесе кесілген жерлері
бар заттарды құрылғыда жумаңыз. Кішкене
заттарды жуу үшін (мысалы, сым өткізілген
төс тартқыш, белдіктер, колготкилер, т.с.с.)
кір жууға арналған торды пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе
орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
ОҢАЙ КЕТПЕЙТІН ДАҚТАР
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат
жеткіліксіз болады.
Бұл дақтарды кірді құрылғыға салмай тұрып
алдын ала тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
17
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҮСТЕМЕЛЕР
Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не тек жүн
матаға арналған, төмен температурада
жуатын бағдарламаларға (ең көбі 60
°C) арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен кірдің
деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде
мөлшерлегіш құрал болмаса, (жуғыш зат
өндірушісі қамтамасыз етеді) сұйық жуғыш
затты мөлшерлегіш шарикпен қосыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРІМ
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі
жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын әрқашан кірді ең көп
рұқсат етілетін мөлшерде салғаннан кейін
бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса
дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз. "Судың кермектігі"
тарауын қараңыз.
СУ КЕРМЕКТІГІ
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы
тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін
су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны сабын мен жылы сумен ғана
тазалаңыз. Барлық беттерін әбден
құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Спирт, еріткіш
немесе химиялық заттарды
қолданбаңыз.
ҚАҚТЫ ТАЗАЛАУ
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинаға
арналған қақ тазалайтын құралды қолдануды
ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк
және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір жуғыш
машиналарға арналған арнайы құралдарды
ғана пайдаланыңыз. Бұны кір жумай тұрғанда
орындаңыз.
Бұйымның орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
ТАЗАЛАП ЖУУ
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш зат
қалып қоюы мүмкін. Тазалап жуу
процедурасын уақытылы орындаңыз. Ол үшін:
Барабаннан барлық кірді алыңыз.
Мақта мата бағдарламасын шамалы жуғыш
зат салып, ең жоғары температураға қойып
таңдаңыз.
18
ЕСІК ТЫҒЫЗДАҒЫШЫ
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп, ішіндегі
заттардың барлығын алыңыз.
ҮЛЕСТІРГІШТІҢ СУЫРМАСЫН ТАЗАЛАУ
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар үлестіргішінің
суырмасын мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет.
1. Қажет болса, машинаны тазалау үшін
жуғыш зат суырмасын тұтас алып қоюға
болады. Тежегіштен шығару үшін қатты
ұстап тұрып тарту керек.
2. Суырманың ішіндегі түтікшені тазалау үшін
алғыңыз келсе, оны ішке қарай басып
тұрып, жоғары көтеру керек. Ағып тұрған
суға шайып, жиналып қалған ұнтақ
жуғышты тазалаңыз. Орнына қойған кезде,
"сырт" еткен дыбыс естілгенше төмен
басыңыз.
ТАРТПАНЫҢ ҰЯСЫН ТАЗАЛАУ
Суырманы алғаннан кейін, оның ұясын
кішкене шөткемен тазалап, ұяның астыңғы
және үстіңгі жағынан жуғыш ұнтақты кетіріңіз.
Суырманы орнына қойып, шаю
бағдарламасын барабанға ешбір кір салмай
орындаңыз.
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКТІҢ ЖӘНЕ КЛАПАННЫҢ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
1.
1
2
3
2.
19
3. 4.
45°
20°
МҰЗДАП ҚАЛУ ҚАУПІ
Машина 0°C градустан төмен температурасы
бар жерде тұрса, тиісті сақтық шараларын
орындау керек.
Сумен жабдықтауды тоқтатыңыз.
Су құятын түтікті шүмектен ағытып алыңыз.
Жуу бағдарламасын таңдаңыз, машинаны
іске қосыңыз және бағдарламаны шамалы
уақыт қосып қойыңыз.
Бағдарламаны кідірту үшін бағдарламаны
таңдау тетігін қалпына қойыңыз.
Су құятын және төгетін түтіктердің ұшын
едендегі су жинағышқа салыңыз. Түтіктің
ұшының ақаба су (ақаба) шүмегінің
деңгейінен төмен емес екеніне көз
жеткізіңіз.
"Су төгу" бағдарламасын таңдаңыз да,
соңына дейін қосыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігін қалпына
қойыңыз. Құрылғыны қайта іске қосқыңыз
келген кезде, бөлме температурасының 0
°C градустан жоғары екендігіне көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны температурасы қалыпты бөлме
ішінде ғана қолдану және сақтау керек. Мұз
қату салдарынан болған ақаулық үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Көрсетілген мәндер зертхана жағдайында тиісті стандарттар көмегімен алынған.
Әр түрлі себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері және түрі,
қоршаған ортаның температурасы. Судың қысымы, ток кернеуі және берілетін
судың температурасы жуу бағдарламасының ұзақтығына әсер етуі мүмкін.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін техникалық параметрлер алдын ала ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
Бағдарламалар
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Мақта мата 60°C 3 0,90 45 120
Мақта мата, үнемді 60°C
бағдарламасы
1)
3 0,90 45 120
Мақта мата 40°C 3 0,45 45 110
20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52

Zanussi FCS825C Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ