Philips PT927/21 Руководство пользователя

Категория
Электробритвы для мужчин
Тип
Руководство пользователя
107

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Осы Philips қырыну ұстарасын сатып алғаныңызға рахметімізді айтамыз.
Мына қолданушы нұсқасын оқыңыз, себебі ол осы ұстараның керемет
мүмкіндіктері жөнінде, әрі қырынуды жеңіл және рахат ететін жақсы
кеңестер туралы ақпарат ұсынады.

A Электр ұстара
1 Қорғау қақпағы
2 Қыру бөлігі
3 Қырыну бөлігін босату түймесі
4 Триммер
5 Триммерді босату сырғытпасы
6 Электр ұстараны қосу/өшіру түймесі
7 Қырыну басы белгісі
8 Батарея белгісі
B Зарядтау қондырғысы (тек PT927/PT925/PT923/PT920/PT876/PT875
үлгілерінде)
C Адаптер
D Jet Clean жүйесі (тек PT927CC/PT923CC үлгілерінде)
1 Бекіту иіні
2 Электр ұстараның ұстағышы
3 Тазалау орнын босату түймесі
4 Jet Clean жүйесін қосу/өшіру түймесі
5 Тазалау белгісі және «сұйықтық аз» деген белгі
6 Батарея белгісі
E Jet Clean сұйықтығы (HQ200)
F Щетка
G Сақтау қалтасы (тек PT927CC/PT927/PT925/PT923CC/PT920/
PT876 үлгілерінде)
Ескертпе. Түр нөмірін ұстараның артқы жағынан табуға болады.

Ұстараны, Jet Clean жүйесін (тек PT927CC/PT923CC үлгілерінде)
және зарядтау қондырғысын (тек PT927/PT925/PT923/PT920/PT876/
PT875 үлгілерінде) пайдаланбас бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын
мұқият оқып шығыңыз. Алдағы уақытта анықтама ретінде қарау үшін
пайдаланушы нұсқаулығын сақтап қойыңыз.

- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.

- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.

108
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз қозғалу мүмкіндігі мен ойлау қабілеті
шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (балаларды
қоса) бұл ұстараны және Jet Clean жүйесін қолдануына болмайды.
- Балалардың ұстарамен және Jet Clean жүйесімен ойнамауын
қадағалаған жөн.
- Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым розеткадан ажыратыңыз.

- Ұстараны суға батырмаңыз.
- Jet Clean жүйесін немесе зарядтау қондырмасын суға ешқашан
батырмаңыз және ағынды су астында шаймаңыз.
- Бұл құралды ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолдануға
болмайды.
- Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
- Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
- Ұстараны, Jet Clean жүйесін, зарядтау қондырмасын және басқа
қосалқы құралдарды ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
- Зақымданған жағдайда, ұстараны, Jet Clean жүйесін,
адаптерді, зарядтау қондырмасын немесе кез келген басқа
бөлшекті пайдаланбаңыз. Жарақаттануыңыз мүмкін. Зақымданған
адаптерді, зарядтау қондырмасын немесе бөлшектерді әрқашан тек
түпнұсқа түрлерімен ауыстырыңыз.
- Ұстара мен Jet Clean жүйесін 10°C және 35°C аралығындағы
температурада пайдаланыңыз, зарядтаңыз және сақтаңыз.
- Ұстараны және Jet Clean жүйесін сұйықтық өткізбейтін жерлерге
қойыңыз және пайдаланыңыз.
- Тек жинақпен берілген адаптерді, зарядтау қондырғысын
және қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
- Жарақаттанып қалмас үшін және қырыну бастарында шаң жиналып
қалмас үшін әрдайым қорғаныс қақпағын ұстараға кигізіп қойыңыз.
- Jet Clean жүйесімен тек түпнұсқа Jet Clean сұйықтығын (HQ200)
пайдаланыңыз.
- Сұйықтықтың ағып кетуін болдырмау үшін, Jet Clean жүйесін тек
тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз.
- Jet Clean жүйесі қолдануға дайын болғанда, ағуды болдырмау үшін
жүйені қозғалтпаңыз.
- Jet Clean жүйесі электр ұстараны жақсылап тазалайды, алайда
дезинфекцияламайды, сондықтан оны басқа адамдармен бірігіп
қолданбаңыз.
- Jet Clean жүйесінің тазалау орнын босатып, оны ыстық ағынды
судың астында 15 күн сайын мұқият шайып отырыңыз.
- Температура, қысым немесе ылғалдылық қатты өзгеретін жерде
пайдаланылған жағдайда, пайдаланбас бұрын, ұстара мен Jet Clean
жүйесіне 30 минуттай қоршаған ортаға бейімделуге мүмкіндік
беріңіз.
108
109

- Осы Philips құралы электромагниттік өрістердің туындауына
қатысты барлық тиісті стандарттар мен ережелерге сай келеді және
оны ағын су астында қауіпсіз жууға болады.

- Құралда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан, кернеуі
100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.

Ұстараны толық зарядтау үшін шамамен 1 сағат кетеді.
Ұстараны алғаш рет немесе ұзақ уақыт бойы қолданбағаннан соң
зарядтағанда, ақ батарея шамдары тоқтаусыз жанғанша зарядтаңыз.
Толығымен зарядталған ұстарамен қуат сымынсыз 60 минут (PT927CC/
PT927/ PT925/PT923/PT923CC/PT920) немесе 50 минут (PT877/PT876/
PT875/PT870) қырынуға болады.
Қырыну әдетіңізге, тазалау дағдыларыңызға немесе сақал түріне
байланысты қырыну уақыты 60 минуттан (PT927CC/PT927/PT925/
PT923/PT923CC/PT920) немесе 50 минуттан (PT877/PT876/PT875/
PT870) аз болуы мүмкін.


- Батарея толығымен дерлік таусылғанда (батареяда 5 минут немесе
одан да аз уақыт қалғанда), батарея жарығы қызғылт сары болып
жыпылықтай бастайды.
- Ұстараны өшіргенде, батарея жарығы бірнеше секунд қызғылт сары
болып жыпылықтап тұрады.

- Қуаты таусылған батареяны зарядтап бастағанда батарея жарығы
ақ және қызғылт сары болып жыпылықтайды.
Ескертпе. Батарея жарығы тек ақ емес, ақ және қызғылт сары болып
жыпылықтағанда, 3 минутта жылдам қырынып алуға болады.

- Ұстара зарядталып жатқанда, батарея жарығы ақ болып
жыпылықтайды.
 109
110

- Батарея толығымен зарядталғанда, батарея жарығы үздіксіз ақ
болып жанып тұрады.
Ескертпе. Шамамен 30 минуттан соң, батарея жарығы қуатты
үнемдеу үшін сөнеді.

Ұстараны жабық қалтада (тек PT927CC/PT927/PT925/PT923CC/
PT923/PT920/PT877 үлгілерінде) зарядтауға болмайды.
1 Кішкене шанышқыны ұстараға енгізіңіз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
, Батарея белгісі ұстараның зарядталу күйін көрсетеді (осы
тараудағы «Зарядтау көрсеткіштері» бөлімін қараңыз).


1 Кіші штепсельді зарядтау тұғырына қосыңыз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
3 Ұстараны зарядтайтын қондырғыға қойыңыз.
, Батарея белгісі ұстараның зарядталу күйін көрсетеді (осы
тараудағы «Зарядтау көрсеткіштері» бөлімін қараңыз).


1 Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean жүйесіне жалғаңыз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
3 Ұстараны қорғаныс қақпағынсыз ұстара ұстағышқа жоғары жағын
төмен қаратып қойыңыз.
Ескертпе. Қыру бөлігіне қорғау қақпағы тағылған болса, ұстараны Jet
Clean жүйесіне салу мүмкін емес.
110
111
4 Ұстараны орнына бекітіп орнату үшін, иінін толығымен төмен
қарай басыңыз.
, Ұстара зарядталып жатқандығын білдіріп, Jet Clean жүйесінде
батарея белгісі жыпылықтайды.
Ескертпе. Jet Тазалау Жүйесі тазалау бағдарламасын орындап
жатқанда, батарея белгісі жойылады.
, Батарея толығымен зарядталғанда, Jet Clean жүйесіндегі батарея
белгісі тоқтаусыз жанады.
Ескертпе. Шамамен 30 минуттан соң, батарея белгісі қуатты үнемдеу
үшін сөнеді.
5 Ұстараны Jet Clean жүйесінен алу үшін, әрі қарай қозғалмайтындай
болғанша, бекіту иінін жоғары жылжытыңыз да, ұстараны
шығарып алыңыз.

Ескертпе. Құралды тікелей ток көзінен қолдануға да болады. Ұстараны
жай ғана ток көзіне қосыңыз.

1 Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2 Қырыну бастарын тері бетімен жүргізіңіз. Айналдыра жүргізіңіз.
- Терінің Philips қырыну жүйесіне үйренуіне 2 немесе 3 апта кетуі
мүмкін.
3 Электр ұстараны өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет
басыңыз.
4 Ұстараны тазалаңыз («Тазалау және күтіп ұстау» тарауын
қараңыз).
 111
112

Мұрт пен жақ сақалды тегістеу үшін, триммерді қолдануға болады.
1 Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2 Кескіш қайшы сырғымасын төмен қарай итеріп, кескіш қайшыны
ашыңыз.
, Енді тегістеуді бастауға болады.
3 Кесіп болғаннан соң, қайшыны жауып, ұстараны өшіріңіз.

Ұстараны, зарядтау қондырғысын (тек PT927/PT925/PT923/PT920/
PT876/PT875 үлгілерінде) және Jet Clean жүйесін (тек PT927CC/
PT923CC үлгілерінде) тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын
шүберектерді, қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе
ацетон сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
- Ұстараны тазалаудың ең жақсы және гигиеналық жолы — Jet Clean
жүйесін пайдалану (тек PT927CC/PT923CC үлгілерінде). Сондай-ақ,
ұстараны ағынды сумен шаюға немесе берілген щеткамен тазалауға
болады.
- Жақсылап қыруы үшін, қолданған сайын ұстараны тазалап отырыңыз.
- Электр ұстараны әрдайым тазалап тұру оның жақсы қыруына
себепкер болады.
- Жақсы тазалау нәтижелеріне қол жеткізу үшін, Philips Cleaning
спрейін (HQ110) және (тек PT927CC/PT923CC үлгілерінде) Jet
Clean сұйықтығын (HQ200) пайдалануды ұсынамыз.
- Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
Ескертпе. Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы
тесіктен су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес,
себебі бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
112
113

1 Ұстараны сөндіріп, тоқтан суырыңыз.
2 Босататын түймені басып, ұстараның қыратын бөлігін ашыңыз.
3 Қырыну бөлігі мен шаш жинайтын орынды ыстық су астында
30 секунд шайыңыз.
Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін, судың
ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
- Шаш жинайтын орын мен қырыну бөлігінің ішін шайыңыз.
- Қыратын бөліктің ішін сумен шайыңыз.
4 Ұстараның қыратын бөлігін жауып, артық суды сілкіп жіберіңіз.
Артық суды сілку кезінде қырыну бөлігін ешнәрсеге ұрып алмаңыз.
Қырыну бөлігін және шаш орнын орамалмен немесе сүлгімен
кептірмеңіз, бұл қырыну бастарына және қос ұршыққа зақым келтіруі
мүмкін.
5 Ұстараның қыратын бөлігін қайтадан ашып, кепкенше ашық
қалдырыңыз.

1 Ұстараны сөндіріп, тоқтан суырыңыз.
2 Босататын түймені басып, ұстараның қыратын бөлігін ашыңыз.
3 Қырыну бөлігін қырыну ұстарасынан тартып алыңыз.
 113
114
4 Бекітпені солға қарай бұрап, (A), қорғауыш жақтауын шығарып
алыңыз (A).
5 Қырыну бастарын бір-бірден алып, тазалаңыз. Әр қырыну басы
кескіш пен қорғаудан тұрады.
Ескертпе. Бір дегенде бір кескіш пен бір қорғаныштан көп тазаламаңыз,
себебі олардың бәрі жұпталған топтама болып келеді. Егер байқаусызда
кескіш пен қорғаныштарды шатастырып алсаңыз, қырыну қызметінің
тиімді болуы қалпына келгенше бірнеше апталар кетуі мүмкін.
- Қырыну қорғауынан кесу бөлігін шығарып, щеткамен тазалаңыз.
- Қырыну қорғауының іші-сыртын щеткамен тазалаңыз.
6 Қыратын бастарды ұстараның қыратын бөлігіне қайтадан
орнатыңыз.
Ескертпе. Ұстараның қыратын басының томпиып тұрған бөлігі
тесікшеге дәлме дәл түсуі тиіс.
7 Қорғаушы жақтауын ұстараның қыратын бөлігіне қайтадан
салыңыз да (А), бекітпені солға қарай бұраңыз (В).
A
114
115
8 Қырыну бөлігінің тілін ұстараның үстіңгі жағындағы ұяға кіргізіңіз.
Одан кейін, қырыну бөлігін жабыңыз.
Ескертпе. Егер қырыну бөлігі оңай жабылмаса, қырыну бастары дұрыс
салынғанын және ұстағыш жақтауы бекітілгенін тексеріңіз.


Jet Тазалау Жүйесі қырыну бөлігін тазалайды.

Ескертпе. Алғаш қолданарда және сұйықтық деңгейі тым төмен болып
түсіп кеткенін білдіретін «сұйықтық аз» деген белгі жыпылықтағанда
тазалау орнын толтырыңыз. Егер тазалау орнындағы сұйықтық
деңгейі минималды деңгейден түсіп кетсе, тазалау белгісі және
«сұйықтық аз» деген белгі жыпылықтай бастайды және ұстара
ұстағыш бастапқы қалпына келеді.
1 Тазалау орнының екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта
басыңыз (A). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау
орнынан шығарыңыз (B).
, Тазалау орны астында қалады.
2 Jet Clean сұйықтығы (HQ200) бар бөтелкеден қақпақты босатып,
герметикалық тығыздағышты алып тастаңыз.
3 Тазалау орнын Jet Clean сұйықтығымен (HQ200) MAX
көрсеткішіне дейін толтырыңыз.
Ескертпе. Тазалау орны әрдайым MIN көрстекішінен жоғары болып
толып тұруы тиіс.
4 Jet Clean жүйесін тазалау орнына қайтадан салыңыз («сырт» етуі
тиіс).
Босату түймелері қайтадан орнына сырт етіп келгендігін тексеріңіз.
Тазалау орны Jet Clean сұйықтығымен толтырылғанда, ағуды
болдырмау үшін оны қозғалтпаңыз.
 115
116
5 Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean жүйесіне жалғап, адаптерді
қабырға розеткасына жалғаңыз.
, Ұстара ұстағыш өзінің ең жоғарғы орнына автоматты түрде
жылжиды.
Енді Jet Тазалау Жүйесі қолдануға дайын.

1 Ұстараны қорғаныс қақпағынсыз ұстара ұстағышқа жоғарғы жағын
төмен қаратып қойыңыз. Ұстараны орнына бекіту үшін бекіту
иінін толығымен басыңыз.
, Ұстара зарядталып жатқандығын білдіріп, Jet Тазалау Жүйесінде
батарея белгісі пайда болады.
Ескертпе. Қыру бөлігіне қорғау қақпағы тағылған болса, ұстараны Jet
Clean жүйесіне салу мүмкін емес.
2 Тазалау бағдарламасын іске қосу үшін, Jet Clean жүйесіндегі қосу/
өшіру түймесін басыңыз.
, Jet Тазалау Жүйесінде батарея белгісі жойылады.
, Тазалау бағдарламасы барысында тазалау белгісі жыпылықтайды
және ұстара тазалау сұйықтығына автоматты түрде түсіріледі.
, Ұстара автоматты түрде бірнеше рет қосылып, сөніп, біресе
жоғары біресе төмен жылжыйды.
, Тазалу бағдарламасы барысында тазалау белгісі жыпылықтап
тұрады, бұл шамамен 8 минут алады.
, Тазалау бағдарламасынан соң, Jet Тазалау Жүйесінде батарея
белгісі пайда болады, демек ұстара зарядталып жатыр деген сөз.
Ескертпе. Егер тазалау бағдарламасы барысында Jet Clean жүйесіндегі
қосу/өшіру түймесін бассаңыз, бағдарлама доғарылады және бастапқа
қалпына келеді. Бұл жағдайда, тазалау белгісі жыпылықтауын
тоқтатып, ұстара ұстағыш өзінің бастапқы қалпына келеді. Ұстара
әлі де кір және су болуы мүмкін, себебі тазалау процесі аяғына дейін
жасалған жоқ.
Ескертпе. Тазалау барысында адаптер қабырға розеткасынан
ажыратылса, бағдарлама тоқтайды. Ұстара ұстағыш ағымдағы
позициясында қалады. Адаптер қабырға розеткасына қайтадан
жалғанғанда, ұстара ұстағыш ең жоғарғы позициясына жылжиды.
Ескертпе. Егер сұйықтық деңгейі ең төменгі деңгейден түсіп кетсе,
тазалау белгісі және «сұйықтық аз» деген белгі араға интервал салып
жыпылықтайды және ұстара ұстағыш бастапқы қалпына келеді.
116
117

Егер сіз Jet Тазалау Жүйесін күнделікті қолданатын болсаңыз, әр бір
15 күнде бір рет тазалау орнын босатып, оны ыстық сумен жақсылап
тұрып шәйіп алыңыз. Болмаса тазалау орнын кем дегенде айына бір рет
босатып, тазалап тұрыңыз.
1 Jet Тазалау Жүйесінің сыртын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Jet Clean жүйесін ешқашан суға батырмаңыз және оны ағын су
астында шаймаңыз.
2 Jet Clean жүйесінің екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта
басыңыз (A). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау
орнынан шығарыңыз (В).
, Тазалау орны астында қалады.
3 Қалған тазалау сұйықтығын тазалау орнынан төгіп тастаңыз.
Сіз тазалау сұйықтығын әшейін ғана раковинаға ағыза салсаңыз да
болады. Оның қоршаған айналаға зияны жоқ.
4 Тазалау орнын ыстық ағын су астында шәйіп жіберіңіз.
Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін, судың
ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
Тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
5 Тазалау орнын Jet Clean сұйықтығымен (HQ200) MAX
көрсеткішіне дейін толтырыңыз.
Ескертпе. Тазалау орны әрдайым MIN көрстекішінен жоғары болып
толып тұруы тиіс.
6 Jet Clean жүйесін тазалау орнына қайтадан салыңыз («сырт» етуі
тиіс).
Босату түймелері қайтадан орнына сырт етіп келгендігін тексеріңіз.
 117
118

Триммерді әр қолданған сайын тазалап тұрыңыз.
1 Ұстараны сөндіріп, тоқтан суырыңыз.
2 Кескіш қайшы сырғымасын төмен қарай итеріп, кескіш қайшыны
ашыңыз.
3 Кескіш қайшыларын тазалау қылшығының қысқа қылшықты
жағымен тазалаңыз. Қайшы тістерінің бойымен жоғары және
төмен қарай сырғытыңыз.
4 Қайшыны жабыңыз («сырт» етуі тиіс).
Кеңес Тиімді қайшы жұмысын алу үшін, әрбір алты ай сайын, қайшы
тістерін бір тамшы машина майымен майлап отырыңыз.

Ұстараны сақтап қоюдың немесе өзіңізбен бірге сапар шеккенде алып
жүрудің бірнеше жолы бар:
- Жарақаттанып қалмас үшін және қырыну бастарында шаң жиналып
қалмас үшін әрдайым қолданып болғаннан кейін қорғаныс қақпағын
ұстараға кигізіп қойыңыз.
- Ұстараны жинақтағы қалтада (тек PT927CC/PT927/PT925/
PT923CC/PT923/PT920/PT876 үлгілерінде) сақтаңыз.
- Ұстараны жинақтағы зарядтау қондырғысында (тек PT927/PT923/
PT920/PT876/PT875 үлгілерінде) сақтаңыз.
- Ұстараны Jet Clean жүйесіне қойыңыз (тек PT927CC/PT923CC
үлгілерінде). Қорғаныс қақпағы қырыну бөлігінде еместігін тексеріңіз.
Ескертпе. Егер ұстараны Jet Clean жүйесінде тұрғанда зарядтағыңыз
келмесе, бекіту иінін жай ғана жоғары қалыпта қалдырыңыз.
118
119

Жақсылап қырыну үшін, қырыну бастарын әр екі жыл сайын ауыстырып
отыруды ұсынамыз.

Қырыну басы белгісі қырыну басын ауыстыру қажеттігін көрсету үшін
жанады. Дәл қазір зақымдалған қырыну басын ауыстырыңыз.
Қырыну басын түпнұсқа HQ9 Philips қырыну бастарымен (PT927CC/
PT927/PT925/PT923CC/PT923/PT920) немесе HQ8 Philips қырыну
бастарымен (PT877/PT876/PT875/PT870) ауыстыруға кеңес береміз.
1 Қырыну басы белгісі үздіксіз қызғылт сары болып жанады.
2 Ұстараны сөндіріңіз. Оны ток көзінен ажыратып, Jet Clean
жүйесінен шығарып алыңыз.
3 Босататын түймені басып, ұстараның қыратын бөлігін ашыңыз.
4 Қырыну бөлігін қырыну ұстарасынан тартып алыңыз.
5 Бекітпені солға қарай бұрап, (A), қорғауыш жақтауын шығарып
алыңыз (A).
6 Қыратын бастарды алып, жаңа қыратын бастарды қыратын бөлікке
салыңыз.
Ескертпе. Ұстараның қыратын басының томпиып тұрған бөлігі
тесікшеге дәлме дәл түсуі тиіс.
7 Қорғауыш жақтауын ұстараның қыратын бөлігіне қайтадан
салыңыз да (А), бекітпені солға қарай бұраңыз (В).
 119
120
8 Жаңа қырыну бөлігінің тілін ұстараның үстіңгі жағындағы ұяға
кіргізіңіз. Одан кейін, қырыну бөлігін жабыңыз.
Ескертпе. Егер қырыну бөлігі оңай жабылмаса, қырыну бастары дұрыс
салынғанын және ұстағыш жақтауы бекітілгенін тексеріңіз.
9 Ұстарадағы ауыстыру туралы ескертуді қайта орнату үшін қосу/
өшіру түймесін 5 секунд басып тұрыңыз. Қызғылт сары жарық
сөнеді.

Ұстара ең жақсы түрде істей беруі үшін, оны міндетті түрде тазалап
тұру және оның қырыну бастарын ұсынылған уақытта ауыстыру қажет.

- Біз сізге қырыну бастарын әр екі жыл сайын ауыстырып тұруға кеңес
береміз. Әрқашан HQ9 Philips қырыну бастарымен (PT927CC/
PT927/PT925/PT923CC/PT923/PT920) немесе HQ8 Philips қырыну
бастарымен (PT877/PT876/PT875/PT870) ауыстырыңыз.

- Тек PT927CC/PT923CC үлгілерінде: қырыну бастарын кезеңді түрде
тазалау үшін Jet Clean сұйықтығын (HQ200) пайдаланыңыз.
- Қырыну бастарын мұқият тазалау үшін тазалау спрейін (HQ110)
пайдаланыңыз.

- Қызмет мерзімі аяқталғанда, ұстара мен Jet Clean жүйесін (тек
PT927CC/PT923CC үлгілерінде) әдеттегі тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз. Оны өңдеуге жіберу үшін арнайы жинау орнына
тапсырыңыз. Осылайша, қоршаған ортаны қорғауға көмегіңіз тиеді.
5 sec.
120
121
- Ішіне орнатылған қайта зарядталатын ұстара батареясының
құрамында қоршаған ортаға зиянды заттар бар. Құралды
тастамас немесе арнайы жинап алатын орынға бермес бұрын,
батареяны шығарыңыз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын
орынға өткізіңіз. Батареяны шығара алмаған жағдайда, құралды
Philips қызмет көрсету орталығына апаруға болады. Орталық
қызметкерлері батареяны шығарып, қоршаған ортаға қауіпсіз
жолмен жояды.

Батареяны тек ұстараны тастар алдында ғана алыңыз. Батареяны алар
алдында оның толығымен таусылғандығын тексеріңіз.
1 Ұстараны ток көзінен ажыратыңыз, оны Jet Clean жүйесінен (тек
белгілі бір түрлерде) немесе зарядтау қондырмасынан (тек белгілі
бір түрлерде) алыңыз.
2 Ұстараны тоқтағанша жұмыс жасатыңыз.
3 Ұстараның артындағы және шаш жинайтын орындағы
бұрандаларды босатыңыз.
4 Алдыңғы панель мен артқы панельді шешіңіз.
5 6 ілмекті жанына қарай иіп, қуат бөлігін шығарыңыз.
Абай болыңыз, ілмектер өткір болады.
6 Батареяны алыңыз.
Абай болыңыз, батарея қырлары өте өткір болады.
Зарядталатын батареяны алғаннан кейін, ұстараны ток көзіне
қосылған Jet Clean жүйесіне (тек белгілі бір түрлерде) немесе
зарядтау қондырмасына (тек белгілі бір түрлерде) қайта қоймаңыз.
Ұстараның батареяларын алып тастағаннан соң оны тоққа қоспаңыз.

Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, 
 сайтына кіріңіз немесе дүниежүзілік кепілдік парақшасын
оқыңыз.

Қыратын құрал бастары (кескіштер мен қорғауыштар) тез
ескіретіндіктен, халықаралық кепілдік шарттарымен қамтылмайды.

Бұл тарауда құрылғыда ең жиі кездесетін мәселелер
жинақталған. Төмендегі ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз,
жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін 
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
 121
122
Проблема Ықтимал себебі Шешімі
Электр ұстара
бұрынғыдай
жақсы қырмайды.
Jet Clean жүйесі (тек PT927CC/
PT923CC үлгілерінде) ұстараны
дұрыстап тазаламаған, себебі тазалау
орнындағы тазалау сұйықтығы
ластанып қалған немесе тазалау
сұйықтығының деңгейі өте төмен.
Қырынуды жалғастырмас бұрын, электр
ұстараны жақсылап тазалаңыз. Керек
болса, тазалау орнын тазалап, сұйықтық
құйыңыз («Тазалау және техникалық
қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Қыру ұштары зақымданған немесе
тозған.
Қырыну бастарын ауыстырыңыз
(«Ауыстыру» тарауын қараңыз).
Қыру ұштарына ұзын шаш тұрып
қалған.
Қырыну бастарын бір-бірденп тазалаңыз
(«Тазалау және техникалық қызмет
көрсету» тарауындағы «Қырыну бөлігін
щеткамен тазалау» бөлімін қараңыз.).
Қырыну бастарын дұрыс салмадыңыз. Қырыну бастарының томпиып тұрған
бөлігі тесікшеге дәлме дәл түсуі тиіс
(«Тазалау және күтіп ұстау» тарауын
қараңыз).
Қосу/өшіру
түймесін
басқанда, ұстара
қосылмайды.
Қайта зарядталатын батарея қуаты
таусылған.
Батареяны зарядтаңыз («Зарядтау»
тарауын қараңыз) немесе ұстараны ток
көзіне қосыңыз.
Электр ұстараның температурасы
тым жоғары. Бұндай жағдайда,
ұстара жұмыс істемейді.
Ұстара температурасы жеткілікті түрде
төмендегеннен кейін оны қайта қосуға
болады.
Jet Clean
жүйесімен (тек
PT927CC/
PT923CC
үлгілерінде)
тазалағаннан
кейін ұстара
толық таза
болмайды.
Тазалау орнындағы тазалау
сұйықтығы ластанған.
Тазалау орнын босатып, тазалаңыз
(«Тазалау және күтіп ұстау» тарауын
қараңыз).
Тазалау сұйықтығының деңгейі
өте төмен. Тазалау бағдарламасы
кезінде, тазалау орнындағы сұйықтық
мөлшері ең төменгі деңгейінен
азайса, тазалау бағдарламасы
тоқтайды. Тазалау белгісі және
«сұйықтық төмен» белгісі аралықпен
жыпылықтап, ұстағыш бастапқы
қалпына қайтады.
Тазалау орнына MAX (ЕҢ ЖОҒ.)
деңгейіне жеткенше тазалау
сұйықтығын құйыңыз («Тазалау және
күтіп ұстау» тарауын қараңыз).
Түпнұсқа Philips тазалау
сұйықтығынан басқа
сұйықтық қолданылған.
Тек Jet Clean HQ200 сұйықтығын
пайдаланыңыз.
122
123
Проблема Ықтимал себебі Шешімі
Jet Clean жүйесінің бекіту иінін
дұрыс жаппағансыз немесе ұстараны
Jet Clean ұстарасына дұрыс
қоймағансыз. Бұл жағдайларда Jet
Clean жүйесі жұмыс істей бастайды,
бірақ тазалау бағдарламасы дұрыс
орындалмайды.
Ұстараны қорғаныс қақпағынсыз Jet
Clean жүйесіне дұрыстап қойыңыз.
Бекіту иінін дұрыстап жабыңыз.
Қосу/өшіру
түймесін
басқанда, Jet
Clean жүйесі
(тек PT927CC/
PT923CC
үлгілерінде)
қосылмайды.
Jet Clean жүйесі розеткаға
жалғанбаған.
Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean
жүйесіне жалғап, адаптерді қабырға
розеткасына жалғаңыз.
Тазалағаннан
кейін ұстарадан
су ағады.
Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті
емес.
Шайып жатқанда су қуат бөлігі мен
корпусы арасында жиналып қалуы
мүмкін. Шайғаннан кейін су розетка
арқылы ағады. Қуат бөлігіне су өтпейді,
сондықтан су ұстараның электронды
бөлігіне өте алмайды. Ұстара
толығымен қауіпсіз болады.
 123
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88
  • Page 89 89
  • Page 90 90
  • Page 91 91
  • Page 92 92
  • Page 93 93
  • Page 94 94
  • Page 95 95
  • Page 96 96
  • Page 97 97
  • Page 98 98
  • Page 99 99
  • Page 100 100
  • Page 101 101
  • Page 102 102
  • Page 103 103
  • Page 104 104
  • Page 105 105
  • Page 106 106
  • Page 107 107
  • Page 108 108
  • Page 109 109
  • Page 110 110
  • Page 111 111
  • Page 112 112
  • Page 113 113
  • Page 114 114
  • Page 115 115
  • Page 116 116
  • Page 117 117
  • Page 118 118
  • Page 119 119
  • Page 120 120
  • Page 121 121
  • Page 122 122
  • Page 123 123
  • Page 124 124

Philips PT927/21 Руководство пользователя

Категория
Электробритвы для мужчин
Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ