13
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
KZ
КЕПІЛДІК ШАРТТАР
Сіздің назарыңызды кепілдік мерзімнің ішінде келісідей шарттардың сақталуы
кезінде электр құралының тегін сервистік қызмет көрсетуге немесе жөндеуге
қабылданатындығына аударамыз:
Кепілдік міндеттемелер сатып алынған күні, сериялық нөмірі, сауда ұйымының мөрі
(мөртабаны), сатушының қолтаңбасы көрсетілген кепілдік талоны дұрыс толтырылған
кезде ғана жүзеге асырылады. Сізде дұрыс толтырылған кепілдік талоны болмаған
жағдайда біз Сіздің аталған ұйымның сапасы бойынша шағымыңызды қабылдамауға
мәжбүр боламыз.Түсінбеушіліктерге жол бермеу үшін бұйыммен жұмыс жасауды
бастамастан бұрын Сізден пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып
шығуды өтінеміз. Сіздің назарыңызды бұйымның тек тұрмыстық тағайындалуға ғана
арналғандығына аударамыз. Кепілдік шарттар иегердің үйінде кезеңдік техникалық
қызмет көрсетуді қарастырмайды. Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасы
аталған кепілдік шарттардың құқықтың негіздемесі болып табылады, атап айтқанда,
«Тұтынушылардың құқығын қорғау» Федералды заңының соңғы редакциясы және Ресей
Федерациясының Азаматтық кодексі. Бұйымға кепілдік пайдалану мерзімі 12 айды
құрайды. Бұл мерзім бөлшектік желі арқылы сатылғаннан күнінен бастап есептеледі.
Біздің кепілдік міндеттемелер тек кепілдік мерзімнің ішінде анықталған ақаулықтарға
және дайындаушы- кәсіпорынның кінәсі бойынша жол берілген өндірістік, технологиялық
және құрылымдық ақауларға ғана таралады.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Құралдарды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға түзелмейтін зиян келтіреді. Ақаулы
құралдарды, сонымен бірге қуат берудің пайдаланылған элементтерін тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Осы мақсаттар үшін мамандандырылған құралдарды
кәдеге жарату бекетіне жүгініңіз. Тұрмыстық құралдар мен пайдаланылған қуат
беру элементтерін қайта өңдеу үшін қабылдау бекеттерінің мекен-жайларын Сіз өз
қалаңыздың муниципалдық қызметтерінен ала аласыз.
Кепілдік міндеттемелер келесілерге таралмайды:
1) Бұйымда келесідей жағдайлардың нәтижесінде пайда болған ақаулықтарға:
- қолданушы арқылы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы нұсқамалардың сақталмауы;
- сыртқы және кез келген басқа да әсерлер арқылы шақырылған механикалық бүлінулер;
- бұйымды тағайындалу бойынша қолданбау;
- жаңбыр, қар, жоғары ылғалдылық, қызу, агрессивтік орталар, қуат беруші электр
желілері параметрлерінің пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес
болмауы секілді жағымсыз атмосфералық және сыртқы әсерлер;
- өндіруші арқылы ұсынылмаған немесе мақұлданбаған керек-жарақтарды, шығын
материалдары мен қосалқы бөлшектерді қолдану.
2) Уәкілетті емес тұлға арқылы ашылған, жөнделген немесе түрлендірілген бұйымға.
3)Желілік кабельдің үзілуі мен тілінуі, сызаттар, корпустың күшті ескіруі және т.б.
секілді бұйымда лайықсыз пайдаланудың немесе сақтаудың салдарынан пайда болған
ақаулықтарға:
4) Бұйымның қызып кетуінің нәтижесінде пайда болған ақаулықтарға.
5) Сериялық нөмірі оқылмайтын бұйымға.
Сіздің назарыңызды бұйымды сервистік орталыққа және одан жеткізудің соңғы тұтынушы
(иегері) арқылы немесе оның қаражатының есебінен жүзеге асырылатындығына аудартамыз.