Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу, күйіп қалу немесе электр
тоғының қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі
жағы ысып кетеді. Құрылғының
ішіндегі
қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе
ыдыстарды алып-салған кезде үнемі
қолғап киіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Құрылғыны басқару үшін сыртқы
таймерді немесе бөлек қашықтан
басқару
жүйесін қолданбаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кəстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Пісіру алаңын пайдаланып болғаннан
кейін "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу
тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл əрекет
электр қатеріне ұшырап
қалуға жол
бермейді.
Назарыңызда болсын! Өрт немесе
жарылыс шығу қаупі бар.
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
əкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
• Өртті сумен сөндіруге əрекеттенбеңіз.
Құрылғыны ажыратып, жалынды
қақпақпен немесе көрпемен басыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– Пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
– Алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
5
www.zanussi.com