EWF12270W

Electrolux EWF12270W Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации стиральной машины Electrolux EWF 12270W. Готов ответить на ваши вопросы о её установке, использовании и уходе. В руководстве подробно описаны программы стирки, функции, а также рекомендации по устранению неполадок. Спрашивайте!
  • Как выбрать подходящую программу стирки?
    Что делать, если машина не сливает воду?
    Как использовать функцию отложенного старта?
    Как очистить барабан стиральной машины?
Қолдану туралы
нұсқаулары
Інструкція
Кір жуғыш машина
Пральна машина
EWF 12270W
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 4
Бұйым сипаттамасы 6
Бірінші қолдану 8
Әркүндік қолдану 9
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
12
Жуу бағдарламалары 14
Күту менен тазалау 16
Не істерсіңіз, егер... 20
Техникалық сиппатама 23
Пайдалану көлемі 23
Орнату 23
Электртоғына қосу 27
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 27
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Өте маңызды! Нұсқаулықты мұқият
оқыңыз да келешекте пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Құрылғыңыздың қауіпсіздігі өнеркәсіп
стандарттары мен тұрмыстық
құрылғылардың қауіпсіздігіне қатысты
заң талаптарына сай келеді.
Дегенмен, өндіруші ретінде
қауіпсіздікке қатысты төмендегі
ақпараттарды беруді өз міндетіміз деп
санаймыз.
Бұл нұсқаулық кітапшаны келешекте
де пайдалану үшін құрылғымен бірге
сақтап қою қажет. Құрылғы сатылса не
басқа пайдаланушыға берілсе не
өзіңіз көшіп құрылғыны қалдыратын
болсаңыз, оның жаңа иесі құрылғының
функциялары мен оған қатысты
ескертулерден хабардар болу үшін
осы кітапшаны құрылғымен бірге
қалдырудың маңызы зор.
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас
бұрын бұл ақпараттарды мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ.
Құрылғыны алғаш рет іске қоспас
бұрын, тасымалдау барысында оның
еш жерінің бүлінбегендігін тексеріп
алыңыз. Бүлінген машинаны ешқашан
қоспаңыз. Құрылғы бөлшектері
бүлінген жағдайда оны сатушыға
хабарласыңыз.
Құрылғы қыстың минус
температуралы айларында жеткізілсе:
Кір жуғыш машинаны ең алғаш
пайдаланбас бұрын бөлме
температурасында 24 сағат ұстаңыз.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл өнім сипатына өзгеріс енгізу не
өзгеріс енгізуге әрекеттену қатерлі
жағдайға ұшыратады.
Жоғарғы температурадағы жуу
бағдарламаларын пайдаланған кезде
пеш есігінің шынысы қызып кетуі
ықтимал. Оған қол тигізбеңіз!
•Кішкене үй жануарларының барабанға
өрмелеп кіріп кетуіне жол бермеңіз.
Бұның алдын алу үшін машинаны
пайдаланбас бұрын барабанның ішін
тексеріп алыңыз.
Тиын, темір түйреуіш, шеге, бұранда
шеге, тас не басқа да қатты, өткір
заттар шексіз зиян келтіретіндіктен
оларды машинаға салмау керек.
Мата жұмсартқыш пен жуғыш затты
тек көрсетілген мөлшерде ғана
пайдаланыңыз. Бұл заттарды
шамадан тыс көп мөлшерде
пайдалану матаға зиян келтіреді. Бұл
заттарды қанша мөлшерде пайдалану
қажеттігін өндіруші нұсқаулығы
бойынша анықтаңыз.
2 electrolux
Нәски, бау, жууға келетін белбеу т.б
ұсақ заттарды зат жууға арналған
дорбаға не жастық тысына салып
жуыңыз, себебі мұндай заттар
машинаның сыртқы және ішкі
барабандарының арасына түсіп кетуі
мүмкін.
Кір жуғыш машинаңызды қыл
өткізілген киім-кешек, жиегі
көмкерілмеген не материалы жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланып, тазалап не машинаға
күтім көрсетіп болған соң оны әрқашан
электр желісінен ағытып, суды
тоқтатып қойыңыз.
Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды жарақаттап не
машинаны елеулі ақаулыққа
ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Әрқашан тек фирмалық бөлшектерді
ғана пайдалануды талап етіңіз.
Орнату
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Құрылғы орауышын ашқанда, оның еш
жеріне нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Егер күмәндансаңыз, оны
пайдаланбай тұрып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Пайдаланбас бұрын барлық
орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз
қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда өнім мен басқа да
меншігіңізге елеулі нұқсан келеді. Осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы тиісті
тарауды қараңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң оның
су құятын және кір суды ағызатын
түтігінің басылып қалмағанын, қорек
сымының жұмыс алаңы мен қабырға
арасында қыстырылып қалмағанын
тексеріп алыңыз.
Егер машина кілем төселген еденге
қойылса, ауа машинаның астыңғы
жағында еркін айналу үшін оның
сирақтарын бұрап лайықтап қойыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін оның
түтіктері мен оларды жалғастырған
жерлерден еш су ақпай тұрғандығын
әрқашан тексеріп отырыңыз.
Егер құрылғы мұздап қалатын жерге
орналастырылса, "мұздап қалудың
салдары" тарауын оқыңыз.
Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс таза және кір су
құбырларына байланысты
жұмыстардың барлығын кәсіпқой
сантехник не білікті адам орындауға
тиіс.
Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс электр
саласына қатысты жұмыстардың
барлығын кәсіпқой электрші не білікті
адам орындауға тиіс.
Пайдалану
Бұл құрылғы тек тұрмыста ғана
пайдалануға арналған. Бұны басқа
мақсатта пайдалануға болмайды.
Тек ғана машинада жууға болатын
матадан жасалған заттарды ғана
жуыңыз. Әр киімнің затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. Жуу бағдарламалары
кестесіне қараңыз.
Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екендігін тексеріп,
түймелер мен тартпалардың салынып
тұрғандығын тексеріңіз. Тозығы
жеткен не жыртық заттарды жуудан
сақ болыңыз және сыр, сия, тот, шөп
нілінен қалған дақтарды алдын ала
кетіріңіз. Сым өткізілген төс
тартқыштарды машинада жууға
БОЛМАЙДЫ.
Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Егер буланатын
тазалағыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмас бұрын
сұйықты кетіру шарасы жүзеге
асырылуға тиіс.
Ашаны розеткадан қорек сымынан
тартып ағытпаңыз; әрқашан ашаның
өзінен ұстап тартыңыз.
Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс
алаңы не түбіне нұқсан келіп, ішкі жағы
ашық қалған кір жуғыш машинаны
ешқашан пайдаланбаңыз.
electrolux 3
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы
ерекше нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Орауыш материалдар(мысалы,
пластик таспа, полистирол)балалар
үшін қауіпті болуы мүмкін - тұншығып
қалу қаупі бар! Оларды балалардан
барынша алыс ұстаңыз.
Барлық жуғыш заттарды балалардың
қолы жетпейтін сенімді жерге
сақтаңыз.
Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Машина балалар мен үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп қамалып
қалмас үшін арнайы функциямен
жабдықталған. Бұл құралды қосу үшін
есіктің ішкі жағындағы
түймешікті(баспай тұрып),
таңбаламасы көлденең қалыпқа
келгенше сағат бағыты бойынша
бұраңыз. Қажет болса тиынды
пайдаланыңыз.
Бұл құралды ажыратып есікті қайтадан
жабылатындай қалыпқа келтіру үшін,
түймешікті сағат бағытына қарсы
бұрап, таңбаламасын тік қалыпқа
әкеліп қойыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Жаңа құрылғыңыз су мен қуатты, жуғыш затты аз мөлшерде тұтына отырып, кірді
аса тиімді түрде жуу мен кептіруге қойылатын соңғы кездегі талаптардың
барлығына сай келеді. Машинаның жаңа жуу жүйесі жуғыш затты толықтай
пайдалануға, суды аз мөлшерде жұмсай отырып шығындалатын қуатты да
азайтуға мүмкіндік береді.
4 electrolux
1 2
3
4
5
6
1 Жуғыш зат үлестіргіш
2 Басқару панелі
3 Есіктің тұтқасы
4 Техникалық ақпарат тақтайшасы
5 Кір су сорғышы
6 Өзгермелі сирақ
Жуғыш зат үлестіргіш
Алдын ала жуу циклі мен кірді жібіту
үшін пайдаланылатын жуғыш зат
қорапшасы не қақты тазарту циклі
кезінде қақ кетіргіш зат салынатын
қорапша(егер бар болса). Алдын ала
жуу және кірді жібіту цикліне арналған
жуғыш зат жуу бағдарламасы басталған
уақытта қосылады. Қақ кетіргіш зат
қақты арылту циклі кезінде қосылады.
Негізгі жуу циклі кезінде қосылатын
ұнтақ жуғыш не сұйық жуғыш затқа
арналған қорапша. Егер сұйық жуғыш
затты пайдаланып отырсаңыз, оны
бағдарламаны бастаудан сәл бұрын
ғана қосыңыз.
Сұйық қоспаларға арналған
қорапша(мата жұмсартқыш, крахмал).
Өнім өндірушісінің жуғыш затты
пайдалану мөлшеріне қатысты
ұсыныстарын орындаңыз, оны
үлестіргіш қорапшасындағы "MAX"
таңбаламасынан асырмай салыңыз. Кез
келген мата жұмсартқыш не
крахмалдайтын қоспаны қорапшаға жуу
бағдарламасын бастамай тұрып құю
керек.
electrolux 5
Бағдарлама кестесі
Құрылғымен бірге әртүрлі тілдерде
жазылған бағдарлама кестелері
беріледі. Олардың бірі жуғыш зат
үлестіргіш суырмасының алдыңғы
жағына, қалғандары құрылғыны орнату
бойынша нұсқаулыққа жапсырылған.
Суырмадағы кестені оңай ауыстыруға
болады: суырмадағы кестені оң жаққа
қарай тартып алыңыз да, оның орнына
өзіңізге қажетті тілде жазылған кестені
жапсырыңыз.
Бұйым сипаттамасы
Бұдан былай бағдарламаны таңдайтын түймеше, түймешіктер мен бейнебет
осы кестеде көрсетілген нөмірлер арқылы беріліп отырады.
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Бағдарламаны таңдайтын түймеше
2 АЙНАЛДЫРУ түймешігі
3 ФУНКЦИЯ түймешігі
4 ЭКСТРА ШАЮ түймешігі
5 Бейнебет
6 БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
7 КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі
8 Сигнал шамдары
Белгішелер кестесі
Мақта мата
Үнемді
Алдын ала жуу
Синтетика
Нәзік мата
Жүн мата
Қолмен жуу
Қолмен суық сумен
жуу
Шаю кезеңдері
Су төгу
Айналдыру/
Айналдыруды
азайту
Түнгі цикл
Шаюды кідірту
Функциялар
Күнделікті
Жеңіл
Жылдам
Супер шаю
Кір жуу
Есік бекітілген
Соңы
6 electrolux
Кешіктіріп бастау
Бағдарламаны таңдайтын түймеше
Бұл түймеше құрылғыны қосу/өшіру мен/
не бағдарламаны таңдау үшін
қолданылады.
Айналдыру жылдамдығын азайту
Осы түймешікті басу арқылы таңдалған
бағдарламаның кірді айналдыру
жылдамдығын өзгерте аласыз.
Түнгі цикл
Бұл функцияны таңдаған кезде, машина
жуылған кір бырысып қалмас үшін соңғы
шаю циклінің суын сарқымайды және
айналдыру циклдерінің ешбірін
болдырмайды. Бұл жуу циклі еш
шуылсыз орындалады, оны түнгі
мезгілде не электр қуатының қарқыны
азырақ кездері таңдауға болады. Кейбір
бағдарламалардың шаю циклдеріне
көбірек су қосылады. Есікті ашпас бұрын
суды төгу қажет болады. Суды сарқу
үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын
қараңыз.
Шаюды кідірту
Бұл функцияны таңдағанда, киімдер
бырысып қалмас үшін соңғы шаюдан
қалған су түбіне дейін сарқылмайды.
Есікті ашпас бұрын суды төгу қажет
болады. Суды сарқу үшін
"Бағдарламаның соңы" тарауын
қараңыз.
Күнделікті - Жеңіл - Жылдам
функциялары
Бұл түймешіктерді басу арқылы аз
уақытта жақсы нәтижеге жету үшін,
машина автоматты түрде ұсынған жуу
уақытын өзгертуге болады.
Күнделікті: қалыпты кірлеген мақта
мата, синтетика не нәзік маталар үшін
қолдануға арналған.
Жеңіл: аздап ғана кірлеген мақта мата,
синтетика не нәзік маталар үшін
қолдануға арналған.
Жылдам: аз ғана уақыт киілген, болар-
болмас кірлеген киімді жууға арналған
өте қысқа цикл.
Экстра шаю
Бұл құрылғы қуатты үнемдейтін етіп
жасалған. Кірді қосымша сумен
(қосымша шаю) шаю қажет болса, осы
параметрді таңдаңыз. Бірнеше қосымша
шаю циклдері орындалады. Бұл функция
жуғыш заттарға аллергиясы бар
адамдарға, сондай-ақ суы аса тұщы
жерлерде қолдану үшін ұсынылады.
Бастау Үзіліс
Бұл түймешік таңдалған бағдарламаны
бастау мен үзіліске қоя тұруға мүмкіндік
береді.
Кешіктіріп бастау
Бағдарламаны осы түймешік арқылы 30
мин.- 60 мин. - 90 мин., 2 сағат, содан соң
1 сағаттан қоса отырып, максимум 20
сағатқа дейін кешіктіруге болады.
Сигнал шамдары
8.1
8.2
8.3
6 түймешігін басқан соң ЖУЫЛЫП
ЖАТЫР сигнал шамы (8,1) жанады.
Жанып тұрған 8.1 сигнал шамы
машинаның іске қосылып тұрғандығын
білдіреді.
ЕСІК сигнал шамы (8.2) бағдарлама
басталған кезде жанады да, есікті ашуға
болатын-болмайтынын көрсетеді:
шам жанып тұрса: есікті ашуға
болмайды. Машина жұмыс істеп тұр не
оны ішіндегі суын төкпей тоқтатып
қойған.
electrolux 7
шам өшіп тұрса: есікті ашуға болады.
Бағдарлама аяқталған не машина суы
төгілген.
шам жыпылықтап тұрса: есік бірнеше
минуттан кейін ашылады.
Бағдарлама аяқталған кезде ЦИКЛ
СОҢЫ сигнал шамы (8.3) жанады.
Бейнебет
5.2 5.1
Бейнебетте төмендегі ақпараттар
көрсетіледі:
5.1:
Таңдалған бағдарламаның ұзақтығы
Бағдарламаны таңдап болған соң,
бейнебетте оның ұзақтығы сағат пен
минут арқылы(мысалы,
)
көрсетіледі. Ұзақтық матаның әрбір
түрі үшін ұсынылатын максимум
салмақ негізінде автоматты түрде
есептеледі. Бағдарлама басталған
соң, оның соңына дейін қалған уақыт
әрбір минут сайын жаңартылып
көрсетіліп отырады.
Ескерту кодтары
Құрылғы жұмысына қатысты
ақаулықтар туындаған кезде,
бейнебетте ескерту кодтары мысалы,
пайда болады ("Төмендегі
жағдайларда не істеу керек..." тарауын
қараңыз).
Бағдарлама соңы
Бағдарлама аяқталған кезде үш нөл
(
) жыпылықтап, "Есік" сигнал
шамы ( 8.2 ), "Жуылып жатыр" сигнал
шамы ( 8.1 ) мен 6 түймешігінің сигнал
шамдары өшеді де, есікті аша беруге
болады.
Функцияның теріс таңдалуы
Орнатылған жуу бағдарламасына сай
келмейтін параметр таңдалса,
бейнебетте Err жазуы бірнеше секунд
пайда болып тұрады да, 6 түймешігінің
қызыл сигнал шамы жыпылықтай
бастайды.
Кешіктіріп бастау
Тиісті түймешіктер көмегімен
таңдалған кешіктіріп бастау уақыты
бейнебетте бірнеше секунд
көрсетіледі. Кешіктіріп бастау уақыты
әрбір сағат өткен сайын бір сағатқа
азайып отырады. Тек 1 сағат қалған
кезде, уақыт әрбір минут сайын
азайып отырады.
5.2:
Ысыту циклі
Жуу циклі орындалып тұрған кезде
бейнебетте температура белгішесі
( 5.2 ) пайда болады да, машинаның
барабан ішіндегі суды ысыту циклін
бастағанын көрсетіп тұрады.
Бірінші қолдану
Машинаның электр желісі мен су
жүйесіне "орнату туралы
нұсқауларға" сай қосылғандығын
тексеріңіз.
8 electrolux
Барабан ішінен полистирол блогы
және басқа да материалдардың
барлығын алыңыз.
Біз жуғыш зат үлестіргіштің негізгі
жуу цикліне арналған
қорапшасына
of the detergent
drawer in order to activate the ЭКО
тығырығын белсенді күйге көшіру
үшін 2 литр су құюды ұсынамыз.
Содан соң мақта мата циклін
максимум температураға қойып,
барабан мен машина ішінен
өндіру барысында қалған
қалдықтардан тазалау үшін
машинаны ішіне еш кір салмастан
қосыңыз. Негізгі жуу цикліне
арналған үлестіргіш қорапшаға 1/2
мөлшердегі жуғыш заттан
салыңыз да, машинаны іске
қосыңыз.
Әркүндік қолдану
Кірді салу
Есікті тұтқасынан ұстап еппен сыртқа
қарай тартып ашыңыз. Кірді барабанға
бір-бірлеп, барынша сілки отырып
салыңыз. Есікті жабыңыз.
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты
өлшеп алыңыз.
Үлестіргіш қорапшасын сыртқа қарай
тоқтағанынша тартып шығарыңыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерде өлшеп
алыңыз да, негізгі жуу цикліне арналған
қорапшаға
не таңдалған бағдарлама/
параметрге сай тиісті қорапшаға
салыңыз(қосымша ақпаратты "Жуғыш
зат үлестіргіші" тарауынан алыңыз).
Қажет болса, мата жұмсартқышты
таңбаламасы бар қорапшаға
құйыңыз(қорапшадағы "MAX" белгісінен
асырмаңыз). Қорапшаны еппен
жабыңыз.
electrolux 9
Қажетті бағдарламаны бағдарлама
таңдағыш түймеше (1) арқылы
таңдаңыз.
Жуу бағдарламалары кестесіндегі
сипаттамаларға сүйене отырып, кез
келген мата түріне арналған дұрыс
бағдарламаны таңдап алуыңызға
болады("Жуу бағдарламалары" тарауын
қараңыз). Бағдарламаны таңдайтын
түймешені қажетті бағдарламаға дейін
бұраңыз. Бағдарламаны таңдағыш
түймеше кірдің түріне қарай жуу циклінің
түрі(мысалы, судың деңгейі,
барабанның қозғалуы, шаю кезеңдерінің
саны) мен жуу температурасын
таңдайды. 6 түймешігінің сигнал шамы
жыпылықтай бастайды да, бейнебетте
таңдалған бағдарламаның ұзақтығы
пайда болады. Таңдағыш түймешені
сағат бағыты бойынша не сағат
бағытына қарсы бұрауға болады.
қалпы, бағдарламаны бастапқы қалпына
қайтару/машинаны өшіру функцияларын
орындайды.
Таңдағыш түймешедегі жуу
бағдарламаларының әрбірінің
сипаттамасын көру үшін "Жуу
бағдарламалары" тарауын қараңыз.
Бағдарлама аяқталған соң машинаны
өшіру үшін түймешені
қалпына қою
керек.
Сақтандыру туралы ескерту!
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
бағдарламаны таңдайтын
түймешені басқа бағдарламаға
қойсаңыз, 6 түймешігінің қызыл
шамы 3 рет жыпылықтайды да,
бейнебетте Err жазуы пайда болып,
таңдаудың теріс екендігін білдіреді.
Машина жаңадан таңдалған
бағдарламаны орындамайды.
Айналдыру жылдамдығын 2 түймешігін
басу арқылы азайтыңыз
Қажетті бағдарлама таңдалған соң,
құрылғы автоматты түрде осы
бағдарламаға арналған максимум
айналдыру жылдамдығын ұсынады.
Кірді кір жуғыш машина ұсынған
жылдамдықтан басқа жылдамдықта
жуғыңыз келсе, 2 түймешігін қайта-қайта
басып машинаның айналдыру
жылдамдығын өзгертіңіз. Тиісті шам
жанады.
Бар функцияларды 2, 3, және 4
түймешіктерін басып таңдаңыз
Бағдарлама түріне қарай әртүрлі
функцияларды біріктіріп пайдалануға
болады. Бұны қажетті бағдарламаны
таңдап алған соң, бағдарламаны
бастамай тұрып таңдау қажет. Бұл
түймешіктерді басқан кезде, тиісті сигнал
шамдары жанады. Оларды қайта басқан
уақытта сигнал шамдары өшеді. Функция
дұрыс таңдалмаған кезде 6 түймешігінің
қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтайды.
Жуу бағдарламалары мен
параметрлердің өзара үйлесімділігі
туралы ақпаратты "Жуу
бағдарламалары" тарауынан
алыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын 7
түймешігін басып таңдаңыз
Бағдарламаны бастамай тұрып
кешіктіріп бастау функциясын қосқыңыз
келсе, қажетті кешіктіріп бастау уақытын
7 түймешігін қайта-қайта басып
таңдаңыз. Кешіктіріп бастау уақытының
мәні(ең көбі 20 сағатқа дейін)
бейнебетте бірнеше секунд көрсетіліп
тұрады да, содан соң бағдарламаның
ұзақтығы қайта пайда болады.
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып
болып, 6 түймешігін баспай тұрып
таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, 6 түймешігін баспай тұрып
біржола тоқтатуға не өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау функциясын таңдау:
1. Бағдарлама мен қажетті
функцияларды таңдаңыз.
2. Кешіктіріп бастау функциясын 7
түймешігін басып таңдаңыз.
3. 6 түймешігін басыңыз:
машина сағат сайын кеміп
отыратын кері санақты бастайды.
Кешіктіріп бастау уақыты аяқталған
соң бағдарлама басталады.
6 түймешігін басқан соң кешіктіріп
бастауды болдырмау:
1. 6 түймешігін басу арқылы кір жуғыш
машинаны ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
10 electrolux
2.
7 түймешігін бейнебетте
' мәні
пайда болғанша бір рет басыңыз
3. Бағдарламаны бастау үшін 6
түймешігін қайта басыңыз.
Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын тек жуу бағдарламасын
қайта таңдап болған соң ғана өзгертуге
болады.
Кешіктіріп бастау функциясын СУ ТӨГУ
бағдарламасымен бірге таңдауға
болмайды .
Бағдарламаны 6 түймешігін басып
бастаңыз
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін 6
түймешігін басыңыз, тиісті жасыл сигнал
шамы жыпылықтауын тоқтатады. 8.1
және 8.2 сигнал шамдары жанады да,
машинаның жұмыс істей бастағанын
және есіктің құлыпталып қалғандығын
көрсетеді.
Орындалып тұрған бағдарламаны
үзіліске қою үшін 6 түймешігін басыңыз:
жасыл сигнал шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны үзілген жерінен әрі қарай
жалғастыру үшін 6 түймешігін қайта
басыңыз. Кешіктіріп бастау функциясы
таңдалған жағдайда машина кері
санақты бастайды.
Теріс параметр таңдалған жағдайда, 6
түймешігінің қызыл шамы 3 рет
жыпылықтайды да, бейнебетте Err
жазуы бірнеше секунд көрсетіледі.
Параметрге не орындалып тұрған
бағдарламаға өзгеріс енгізу
Кейбір параметрлерді бағдарлама
орындамай тұрып өзгертуге болады.
Қандай да бір өзгерісті енгізбес бұрын,
машинаны 6 түймешігін басып барып
ҮЗІЛІСКЕ қоюға тиіссіз.
Орындалып тұрған бағдарламаны тек
бастапқы қалыпқа әкелген соң ғана
өзгертуге болады. Бағдарламаны
таңдайтын түймешені
қалпына
әкеліңіз де, содан кейін оны жаңа
бағдарламаға қойыңыз. 6 түймешігін
қайта басып жаңа бағдарламаны
бастаңыз. Машина ішіндегі кір жуылатын
су сарқылмайды.
Бағдарламаны үзу
Орындалып тұрған бағдарламаны
кідірте тұру үшін 6 түймешігін басыңыз,
тиісті жасыл шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны қайта бастау үшін
түймешікті қайта басыңыз.
Бағдарламаны болдырмау
Орындалып тұрған бағдарламаны
болдырмау үшін түймешені
қалпына
қойыңыз.
Енді жаңа бағдарламаны таңдауыңызға
болады.
Есікті ашу
Бағдарлама басталған соң (не кешіктіріп
бастау функциясы кезінде) есік
құлыпталып тұрады, оны ашқыңыз келсе
алдымен машинаны 6 түймешігін басып
ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз. Бірнеше минуттан
соң 8.2 шамы өшеді де, есікті аша беруге
болады.
Егер шам жанған қалпы қалып, есік
құлыпталып тұрса, бұл машинаның суды
әлдеқашан қыздыра бастағанын не су
деңгейінің тым жоғары екендігін
білдіреді. Есікті ешбір жағдайда күшпен
ашуға тырыспаңыз!
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны міндетті
түрде ашу қажет болса, түймешені
қалпына қою арқылы машинаны өшіріңіз.
Бірнеше минуттан соң есікті ашуға
болады (судың деңгейі мен
температурасына назар аударыңыз!) .
Есікті жапқан соң, бағдарлама мен
функцияларды қайта таңдап, 6
түймешігін басу қажет.
Бағдарламаның соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды. 6
және 8.1 түймешіктерінің сигнал
шамдары өшеді де, бірнеше минуттан
соң, 8.2 түймешігінің сигнал шамы өшеді.
8.3 түймешігінің шамы жанады.
Егер аяқталған кезде машина ішінде су
қалатын бағдарлама не функция
таңдалса, 8.2 сигнал шамы жанған қалпы
қалады да, есік бекітіліп, машинадағы
суды есікті ашпай тұрып төгу қажеттігін
ескертеді.
Суды сарқу үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
electrolux 11
1. Бағдарламаны таңдайтын түймешені
қалпына қойыңыз.
2. Суды төгу не айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
3. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын тиісті түймешікті
басып азайтыңыз.
4. 6 түймешігін басыңыз.
Бағдарлама соңында 8.2 сигнал шамы
өшеді де, есікті енді аша беруге
болатындығын көрсетеді. Машинаны
өшіру үшін бағдарламаны таңдайтын
түймешені
қалпына қойыңыз.
Кірді машинадан еппен алыңыз да,
барабанның бос екендігіне көз жеткізіңіз.
Тағы да кір жуғыңыз келмесе су құятын
кранды жабыңыз. Зең мен жағымсыз иіс
пайда болмас үшін есікті ашық
қалдырыңыз.
Күту режимі : бағдарлама аяқталғаннан
кейін бірнеше минут өткен соң, қуатты
үнемдейтін режим іске қосылады.
Бейнебеттің жарықтылығы азаяды. Кез
келген түймешікті басу арқылы
құрылғыны қуатты үнемдейтін режимнен
шығаруға болады.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Жуылатын кірді сұрыптау
Әрбір киімнің затбелгісіндегі жууға
қатысты белгішелерге мұқият назар
аударып, өндірушінің жууға қатысты
нұсқауларын орындаңыз. Киімді
төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік мата, жүн тоқыма.
Жуылатын кірді салмас бұрын
Ақ және түрлі-түсті киімдерді ешқашан
бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет
жуғанда бояуы шығуы мүмкін; сондықтан
да оларды алғашқыда жеке-жеке жуу
қажет.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды
бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен тазалаңыз.
Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не
торға салып буыңыз.
Дақтарды кетіру
Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен
жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз
мүмкін. Сондықтан да бұндай дақтарды
кірді жумай тұрып кетіріп алған дұрыс.
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды арнайы
жуғыш зат салынған суға салып түні
бойы жібітіңіз де, содан соң сабынды
суға салып ысқылаңыз.
Майлы сырдан қалған дақ: дақ кетіргіш
бензинмен жібітіңіз де, киімді жұмсақ
матаның үстіне қойып, дақты сіңіріп
алыңыз; осыны бірнеше рет қайталаңыз.
Кеуіп қалған май дақтары: скипидармен
жібітіңіз де, киімді жұмсақ заттың үстіне
қойып, мақтадан жасалған матаны даққа
қойып, оны саусағыңыздың ұшымен
басып сіңіріп алыңыз.
Тот: ыстық суға ерітілген қымыздық
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына әлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары: ағартқышпен сүртіңіз де
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: аздап ғана сабындап
ағартқышпен сүртіңіз(ақ не бояу тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шарикті қалам не желім: ацетонмен
жібітіңіз
1)
, киімді жұмсақ матаның үстіне
қойып, дақты сіңіріп алыңыз;
Далап: жоғарыда көрсетілгендей
ацетонмен жібітіңіз де, содан соң дақты
этил спиртімен сүртіңіз. Кез келген қалып
қойған дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Қызыл шарап: жуғыш зат салынған суға
жібітіңіз де, сірке не лимон қышқылымен
сүртіңіз, содан соң шайыңыз. Кез келген
1) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз
12 electrolux
қалып қойған дақты ағартқышпен
сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай алдымен
матаны ацетонмен
1)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіңіз; ақ матада қалып
қойған кез келген дақты ағартқышпен
сүртіңіз де, содан соң мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ кетіргіш,
этил спирті не бензинмен сүртіңіз, содан
соң жуғыш қоймалжыңмен ысқылаңыз.
Жуғыш заттар мен қоспалар
Жуған кезде жақсы нәтижеге жету
сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап
алу, оны босқа ысыраптамай және
қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей
тиісті мөлшерде пайдалануға да
байланысты.
Сонымен қатар сіңіп кететін заттардың
құрамында, мөлшері шамадан тыс көп
болған жағдайда табиғаттың үйлесімін
бұзуы мүмкін заттар кездеседі.
Жуғыш затты таңдау матаның
түріне(нәзік мата, жүн тоқыма, мақта
мата т.б.),түсіне, жуу температурасына
және қаншалықты кірленгендігіне
байланысты болады.
Әдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да осы машинада қолдануға
болады:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар
нәзік мата(макс. 60°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар
матаның барлық түрлеріне не әсіресе,
жүн заттарға ғана арналған төменгі
температурада жуатын
бағдарламаларға(макс. 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Жуу бағдарламасын бастамас бұрын
жуғыш зат не басқа да пайдаланылатын
қоспалар тиісті үлестіргіштер
қорапшасына салынуға тиіс.
Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда
алдын ала жуу функциясы жоқ
бағдарламаны таңдау қажет.
Кір жуғыш машина жуғыш зат
концентратын барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін
араластырғыш жүйемен жабдықталған.
Өнім өндірушісінің жуғыш затты
пайдалану мөлшеріне қатысты
ұсыныстарын орындаңыз, оны
үлестіргіш қорапшасындағы "MAX"
мөлшерінен асырмай салыңыз .
Жуғыш заттың пайдаланылатын
мөлшері
Жуғыш заттың түрі мен қолданылатын
мөлшері киім матасының түрі, салынған
мөлшері, қаншалықты кірленгендігі мен
пайдаланылған судың кермектігіне
байланысты.
Заттың пайдаланылатын мөлшерін
өндіруші нұсқауларына сай анықтап
пайдаланыңыз.
Төменгі жағдайларда жуғыш затты аз
мөлшерде жұмсаңыз:
аз ғана кір жусаңыз,
заттар тек жеңіл-желпі кірлесе,
жуған кезде көбік көп болса.
Су кермектігінің деңгейі
Судың кермектігі "деңгей" арқылы
өлшенетін өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен жабдықтайтын
компания не жергілікті әкімшілік
мекемеден алуға болады. Судың
кермектігі орташа не жоғары болса,
өндіруші нұсқауларын әрқашан орындай
отырып су жұмсартқыштан қосыңыз. Су
жұмсақ болса жуғыш заттың қосылатын
мөлшерін қайта баптаңыз.
electrolux 13
Жуу бағдарламалары
Бағдарлама
Максимум және минимум температура
Цикл сипаттамасы
Максимум айналдыру жылдамдығы
Жүктің максимум салмағы
Жуылатын кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
Қорапша
МАҚТА МАТА
95°-30°
Негізгі жуу - Шаю кезеңдері
Максимум айналдыру жылдамдығы 1200 мин/айн
Жүктің макс. салмағы 6 кг - Азайт. жүк 3 кг
1)
Ақ және түрлі-түсті мақта мата (қалыпты кірлеген
заттар).
АЙНАЛДЫРУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ,
КҮНДЕЛІКТІ,
ЖЕҢІЛ, ЖЫЛДАМ,
ЭКСТРА ШАЮ
МАҚТА МАТА, ҮНЕМДІ
60°
Негізгі жуу - Шаю кезеңдері
Максимум айналдыру жылдамдығы 1200 мин/айн
Макс. салмақ 6 кг
Ақ және түрлі-түсті мақта мата .
Бұл бағдарламаны аздап не қалыпты кірлеген
мақта матадан жасалған заттар үшін таңдауға
болады. Температура төмендейді де, жуу уақыты
созылады. Бұл қуатты үнемдей отырып жуу
нәтижесін жақсартады.
АЙНАЛДЫРУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ,
ЭКСТРА ШАЮ
МАҚТА МАТА, ҮНЕМДІ
40°
Негізгі жуу - Шаю кезеңдері
Максимум айналдыру жылдамдығы 1200 мин/айн
Макс. салмақ 6 кг
Ақ және түрлі-түсті мақта мата .
Бұл бағдарламаны аздап кірлеген мақта матадан
жасалған заттар үшін таңдауға болады.
Температура төмендейді де, жуу уақыты
созылады. Бұл қуатты үнемдей отырып жуу
нәтижесін жақсартады.
АЙНАЛДЫРУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ,
ЭКСТРА ШАЮ
МАҚТА МАТА, АЛДЫН АЛА ЖУУ ЦИКЛІ БАР +
95°
Алдын ала жуу - Негізгі жуу - Шаю кезеңдері
Максимум айналдыру жылдамдығы 1200 мин/айн
Жүктің макс. салмағы 6 кг - Азайт. жүк 3 кг
1)
Ақ мақта матаға арналған , алдын ала жуу циклі
бар.
АЙНАЛДЫРУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ,
КҮНДЕЛІКТІ,
ЖЕҢІЛ, ЖЫЛДАМ,
ЭКСТРА ШАЮ
2)
МАҚТА МАТА, АЛДЫН АЛА ЖУУ ЦИКЛІ БАР +
60°
Алдын ала жуу - Негізгі жуу - Шаю кезеңдері
Максимум айналдыру жылдамдығы 1200 мин/айн
Жүктің макс. салмағы 6 кг - Азайт. жүк 3 кг
1)
Ақ не түрлі-түсті мақта матадан жасалған заттарға
арналған , алдын ала жуу циклі бар (аса қатты
кірлеген заттар).
АЙНАЛДЫРУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ,
КҮНДЕЛІКТІ,
ЖЕҢІЛ, ЖЫЛДАМ,
ЭКСТРА ШАЮ
2)
14 electrolux
Бағдарлама
Максимум және минимум температура
Цикл сипаттамасы
Максимум айналдыру жылдамдығы
Жүктің максимум салмағы
Жуылатын кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
Қорапша
СИНТЕТИКА
60°-30°
Негізгі жуу - Шаю кезеңдері
Максимум айналдыру жылдамдығы 900 мин/айн
Жүктің макс. салмағы 3 кг - Азайт. жүк 1,5 кг
1)
Синтетика не аралас мата: іш киім, түрлі-түсті киім-
кешек, отырып қалмайтын жейде, блузкалар.
АЙНАЛДЫРУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ,
КҮНДЕЛІКТІ,
ЖЕҢІЛ, ЖЫЛДАМ,
ЭКСТРА ШАЮ
НӘЗІК МАТА
40°-30°
Негізгі жуу - Шаю кезеңдері
Максимум айналдыру жылдамдығы 700 мин/айн
Жүктің макс. салмағы 3 кг - Азайт. жүк 1,5 кг
1)
Нәзік мата: акрил, вискоза, полиэфир.
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ,
КҮНДЕЛІКТІ,
ЖЕҢІЛ, ЖЫЛДАМ,
ЭКСТРА ШАЮ
ЖҮН МАТА
40°
Негізгі жуу - Шаю кезеңдері
Максимум айналдыру жылдамдығы 900 мин/айн
Жүктің макс. салмағы 1 кг
Машинада жууға болатын жүн мата, сонымен
қатар қолмен жууға болатын жүн тоқыма мен нәзік
маталарға арналған бағдарлама. Ескерім :
Жалғыз не ауыр зат салмақ тепе-теңдігін бұзуы
мүмкін. Егер құрылғы соңғы айналдыру циклін
орындамаса, кірді көбірек қосып салып, оларды
қолмен таратыңыз да, содан соң айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
АЙНАЛДЫРУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ
ҚОЛМЕН ЖУУ
30°-Суық
Негізгі жуу - Шаю кезеңдері
Максимум айналдыру жылдамдығы 900 мин/айн
Жүктің макс. салмағы 1 кг
Затбелгісінде "Қолмен жуылады" деп көрсетілген
нәзік матадан жасалған заттарға арналған арнайы
бағдарлама.
АЙНАЛДЫРУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮ КЕЗЕҢДЕРІ
Шаю кезеңдері
Максимум айналдыру жылдамдығы 1200 мин/айн
Макс. салмақ 6 кг
Бұл бағдарлама арқылы қолмен жуылған, мақта
матадан жасалған киім-кешектерді шаюға және
айналдыруға болады. Машина 3 рет шаяды,
соңында ұзақ айналдыру циклін орындайды.
Айналдыру жылдамдығын тиісті түймешікті басып
азайтуға болады.
АЙНАЛДЫРУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ,
ЭКСТРА ШАЮ
electrolux 15
Бағдарлама
Максимум және минимум температура
Цикл сипаттамасы
Максимум айналдыру жылдамдығы
Жүктің максимум салмағы
Жуылатын кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
Қорапша
ТӨГУ
Суды төгу
Макс. салмақ 6 кг
Шаюды кідірту мен түнгі цикл функциялары
таңдалған бағдарламаларда кірді соңғы рет
шайған суды төгуге арналған.
АЙНАЛДЫРУ
Суды төгу және ұзақ айналдыру
Максимум айналдыру жылдамдығы 1200 мин/айн
Макс. салмақ 6 кг
Қолмен жуылған киім-кешек үшін және шаюды
кідірту мен түнгі цикл функциялары бар
бағдарламалардан соң пайдаланылатын арнайы
айналдыру. Тиісті түймешікті басып, жуылатын
матаға сай келетін айналдыру жылдамдығын
таңдап алуыңызға болады.
АЙНАЛДЫРУ
(=OFF)
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны біржола
тоқтату не машинаны өшіруге арналған.
1) Егер 3 түймешігін басып "Жылдам" функциясын таңдасаңыз, салынатын кірдің максимум
салмағын көрсетілгендегідей азайтыңыз. (Азайт. жүк = жүктің азайтылған салмағы).
Машинаға кірді толтыра салуға болады, бірақ кірдің жуылу нәтижесі аздап төмендейді.
2) Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда АЛДЫН АЛА ЖУУ функциясы жоқ бағдарламаны таңдау
қажет.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Тазалау не
жөндеу жұмыстарын жүргізбес
бұрын құрылғыны міндетті түрде
электр желісінен ажыратуыңыз
қажет.
Қақ тазалау
Біз пайдаланатын судың құрамында
әдетте әк болады. Су жұмсартқыш
ұнтақты машинада мезгіл-мезгіл
пайдаланып отырған дұрыс. Бұны кір
жумай тұрған кезде, жұмсартқыш
ұнтақты өндірушінің нұсқауларына сай
орындаңыз. Бұл әк қағының жиналып
қалуынан сақтайды.
Әрбір жуу циклі аяқталған соң
Есікті біраз уақыт ашып қойыңыз. Бұл
құрылғының ішінде зең пайда болып не
борсық иіс тұрып қалудың алдын алуға
көмектеседі. Әрбір жуу циклі аяқталған
соң құрылғының есігін ашық қалдыру,
есіктің тығыздағышын қалыпты күйде
сақтауға көмектеседі.
Тазалау үшін жуу
Төмен температурадағы
бағдарламаларды пайдаланған кезде
барабанның ішіне қалдық жиналып
қалуы мүмкін.
Машинаны тазалау мақсатында жуу
бағдарламасын мезгіл-мезгіл орындап
отыруды ұсынамыз.
Жуу бағдарламасын машинаны тазалау
мақсатында орындау үшін:
Барабанға ешбір кір салынбауға тиіс.
Мақта матаны жууға арналған
бағдарламаны ең жоғарғы
температураға қойып таңдаңыз.
Жуғыш затты қалыпты мөлшерде
пайдаланыңыз, ол биологиялық
қасиеті бар ұнтақ зат болуға тиіс.
16 electrolux
Сыртын жуу
Құрылғының сырт жағын сабынды сумен
жуыңыз да, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғыны жуу үшін
метил спирті, еріткіштер не сол сияқты
заттарды пайдалануға болмайды.
Үлестіргіш қорапшасын тазалау
Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасын
мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет.
1. Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасын
тартып шығарып алыңыз. Қалып
қойған жуғыш ұнтақты тазалаңыз.
Тазалық жасау оңай болу үшін қоспа
салынатын қорапшаның үстіңгі жағын
алып қою қажет.
2. Ортаңғы қорапшадан мата
жұмсартқыш салынатын құралды
алыңыз.
3. Барлығын суға салып жуыңыз.
4. Мата жұмсартқыш салынатын
құралды барынша итеріп өз орнына
қойыңыз
5. Кір жуғыш машинаның барлық
жерлерін жуып тазалаңыз, әсіресе кір
жуылатын камера үстіндегі
түтікшелерді шөткемен жақсылап
тазартыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішті бағыттағыш
жолдарға салыңыз да, алға қарай
итеріңіз.
Жуғыш барабан
Жуатын судың құрамындағы тот пайда
болдыратын заттар мен құрамында
темірі су құбырының суы, барабан ішінің
тот басуына себеп болуы мүмкін.
electrolux 17
Өте маңызды! Барабанды құрамында
қышқылы бар қақ кетіргіштермен, хлоры
бар жеміргіш заттармен, немесе темір не
болат жөкемен тазаламаңыз.
1. Барабандағы тотты тот баспайтын
болатқа арналған тазалағышпен
тазартыңыз.
2. Тазалағыш заттың қалдығын арылту
үшін жуу циклін ешбір зат салмастан
орындап шығыңыз.
Бағдарлама: Мақта матаға арналған
қысқа бағдарламаны максимум
температураға қойып, шамамен
мөлшерлегіш ыдыстың 1/4 бөлігіне
салынған жуғыш заттан салыңыз.
Есік тығыздағышы
Есіктің тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тексеріп, оның қатпарларының арасына
тұрып қалуы мүмкін заттарды алып
қойыңыз.
Кір су сорғышы
Су сорғышты уақытылы тексеріңіз,
әсіресе:
машина суы сарқылмаса және/не ол
айналмаса тексеріп отыру қажет
машинаның суын сарқыған кезде
түйреуіш, тиын т.б. сорғышты бітеп
тастайтын заттарға байланысты одан
өзіне тән емес шуыл шығады.
Төмендегіні орындаңыз:
1. Құрылғыны ажыратыңыз.
2. Қажет болса судың суығанын күтіңіз.
3. Сорғыш есігін ашыңыз.
4. Төгілген затты жинап алу үшін
сауытты сорғышқа жақын қойыңыз.
5. Тосын жағдайларда
пайдаланылатын түтікшені ағытып
алыңыз да, оны сауытқа салып,
қақпағын ашыңыз.
6. Су ағуын тоқтатқан кезде сорғыштың
қақпағын бұрап алып қойыңыз.
Сорғышты алған кезде ағып кеткен
суды сүртіп алу үшін шүберек
әрқашан дайын тұрсын.
7. Сорғыш импеллерінде қандай да бір
зат тұрып қалса оны бұрап барып
алыңыз.
18 electrolux
8. Қақпақты тосын жағдайда суды сарқу
үшін пайдаланылатын түтікке қайта
салып, түтікті өз орнына орнатыңыз.
9. Сорғышты өз орнына шегіне дейін
бұрап орнатыңыз.
10. Сорғыш есігін жабыңыз.
Назарыңызда болсын!
Машина іске қосылып тұрған кезде,
таңдалған бағдарламаның түріне қарай
сорғышта ыстық су тұруы мүмкін. Жуу
циклі кезінде сорғыш қақпағын ешқашан
ашпаңыз, әрқашан да циклдің аяқталып,
судың сарқылуын күтіңіз. Қақпақты
орнына су жылыстап ағып не болмаса
жас балалар оны алып тастамас үшін
мықтап бұрап қойыңыз.
Су құятын түтікшедегі сүзгілерді тазалау
Машинаға су құюға ұзақ уақыт кетіп
жатқанын байқасаңыз, су құятын
түтікшедегі сүзгінің бітелген-
бітелмегенін тексеріп алыңыз.
1. Су құятын шүмекті жабыңыз.
2. Су құятын түтікшені бұрап ағытып
алыңыз.
3. Түтікшедегі сүзгіні қатты қылдан
жасалған шөткемен тазалаңыз.
4. Түтікшені шүмекке бұрап бекітіп
қойыңыз.
5. Түтікшені машинадан ағытып
алыңыз. Су ағып кетуі мүмкін, еден
сүрткіш дайын тұрсын.
6. Клапандағы сүзгіні қатты шөткемен
немесе шүберектің қиқымымен
тазалаңыз.
7. Түтікшені машинаға қайта бұраңыз
да, берік жалғанғанын тексеріңіз.
electrolux 19
8. Су құятын шүмекті ашыңыз.
Тосын жағдайда суды сарқу
Егер су сарқылмаса, машинадағы суды
ағызу үшін төмендегі шараларды
орындаңыз:
1. ашаны розеткадан суырып алыңыз;
2. судың шүмегін жабыңыз;
3. қажет болса су суығанша күтіңіз;
4. сорғыш есігін ашыңыз;
5. шыныаяқты еденге қойыңыз да, суды
тосын жағдайда сарқуға арналған
түтікшенің ұшын соған салыңыз.
Оның қақпағын алыңыз. Су
шыныаяққа гравитациялық екпінмен
ағып құйылады. Шыныаяқ толған
кезде, түтікшенің қақпағын жабыңыз.
Шыныаяқтағы суды төгіңіз. Бұл
әрекетті су ақпай қалғанша
қайталаңыз;
6. қажет болса сорғышты осыған дейін
айтылып өткендегідей тазалаңыз;
7. суды тосын жағдайда сарқуға
арналған түтікшені орнына қойып
орналастырыңыз;
8. сорғышты қайта бұраңыз да, есікті
жабыңыз.
Мұздап қалудың алдын алатын сақтық
шаралары
Егер машина температурасы 0°C төмен
түсіп кететін жерге орнатылса төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
1. судың шүмегін жабыңыз да, су құятын
түтікшені шүмектен ағытып алыңыз;
2. тосын жағдайда суды сарқуға
арналған түтікшенің ұшы мен су
құятын түтікшенің ұшын еденге
қойылған шыныаяққа салып суын
әбден сарқып ағызыңыз.
3. қақпақшасын қайта жапқан соң тосын
жағдайда кір суды сарқуға арналған
түтікшені орнына қойыңыз да, су
құятын түтікшені өз орнына бұрап
салыңыз.
Осылайша, машинаның ішінде қалып
қоюы мүмкін суды ағызып, мұз қатып,
құрылғыға зиян келтіруге жол бермейсіз.
Машинаны қайта пайдаланған кезде,
қоршаған орта температурасының 0°C
градустан жоғары екендігіне көз жеткізіп
алыңыз.
Өте маңызды! Суды тосын жағдайда су
сарқитын түтікше арқылы ағызған кезде,
әрқашан 2 литр суды жуғыш зат
үлестіргіштің негізгі жуу цикліне
арналған қорапшасына құйып, содан соң
сарқу бағдарламасын орындау қажет.
Бұл ЭКО тығырығын белсенді күйге
көшіреді де, жуғыш заттың жартысының
келесі жуу цикліне дейін пайдаланылмай
қалып қоюына жол бермейді.
Не істерсіңіз, егер...
Кейбір мәселелер қарапайым жөндеу
жұмыстары орындалмағандықтан не
немқұрайлықтан туындайтындықтан,
оларды арнайы маманды шақырмай-ақ
оңай шешуге болады. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласпас бұрын
төмендегі тексерулерді орындап
шығыңыз.
Машина жұмыс жасап тұрған кезде
қызыл сигнал шам - 6 түймешігі
жыпылықтап, бейнебетте төмендегі
ескерту кодтарының бірі пайда болып,
машинаның жұмыс жасамай
тұрғандығын білдіреді:
: су құюға қатысты ақаулық.
: суды төгуге қатысты ақаулық.
: есік ашық.
Ақаулықты түзеткен соң 6 түймешігін
басып бағдарламаны қайта бастаңыз.
Осы тексерулерден соң ақаулық қайта
орын алса, жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
20 electrolux
/