ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ КӘДЕГЕ ТАСТАУ
Ескі тоңазытқышты немесе мұздатқышты кәдеге
тастамас бұрын кішкентай балалар немесе
жануарлар тоңазытқыштың ішінде қамалып
қалмас үшін оның есіктерін/есіктің тығыздағыш
төсемелерін және есіктің ілгектерін шешіп алып
тастаңыздар.
Балалар ішіне кіргісі келген жағдайда оларға
кедергі болуы үшін сөрелерді орнында
қалдырыңыз.
Егер бұл өнімде тұтанғыш газ (R600a) болатын
болса, онда жергілікті билік органдарының
өнімді кәдеге тастау қауіпсіздігі жайлы кеңесіне
жүгініңіз.
Жылу оқшаулауын көпіршіген газ ретінде
дайындау барысында циклопентан қолданылады.
Жылу оқшаулағыш материалының құрамындағы
газ кәдеге тастаудың арнайы тәртібін қажет
етеді. Өнімді қаптауда қолданылатын қаптау
материалын қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін
әдіспен тастаңыз. Берілген өнімді қоршаған
ортаға зиянын тигізбей тастау үшін жергілікті
билік органдарына хабарласыңыз. Берілген
өнімның құрамында жылу оқшаулағышын
көпіршітуде қолданылатын тұтанғыш газ бар.
Өнімді қаптауда қолданылатын қаптау
материалын экологиялық қауіпсіз жолмен
тастаңыз.
САҚТАНДЫРУ
• Тоңазытқыш/мұздатқышта қолданылатын газ бен жылу оқшаулағыш материалдарындағы
газ кәдеге тастаудың арнайы үрдісін қажет етеді. Тоңазытқышты кәдеге тастамас бұрын
оның артқы жағындағы түтіктерінің зақымданбануын қадағалаңыз.
ЕСКЕРТУ
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚАЛАЙ ҚОСУ КЕРЕК
Тоңазытқыштың орнын ауыстыруда желі шнурын
тоңазытқыштың дөңгелегімен басып кетпеңіз және
желі шнурына зақым келтірмеңіз.
Желі шнурының айырын розеткаға су
қолдарыңызбен сұқпаңыз.
Тоңазытқышты тазаламас бұрын немесе жөндеудің
алдында желі шнурының ажыратқыш айырын
розеткадан суырыңыз. Ажыратқыш айырды
тазалауда ешқашан су немесе дымқыл шүберек
қолданбаңыз. Ажыратқыш айырдың метал
бөліктерінің үстін шаң немесе басқа да заттардан
тазалап отырыңыз. Ластанған айырды қолдану
өртке әкеліп соғуы мүмкін. Егер тоңазытқыш
розеткадан ажыратылған болса, айырды қайтадан
розеткаға тығу үшін кем дегенде бес минуттай
күту қажет.
Егер электр розеткасының тесіктері «кеңіп кетсе»,
оған желі шнурының айырын сұқпаңыз. Ол электр
тоғының соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Тоңазытқышты әрқашанда оның құжаттық
кестесінде көрсетілген кернеуге сәйкес
келетін номиналды кернеуіне есептелген
ауыстырмалы тоқ желісінің жеке розеткасына
қосу қажет. Бұл тоңазытқыштың ары қарай
жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді,
сонымен қатар үйдегі электр сымдарына күш
түсіп, қатты қызуынан өртке әкеліп соғатын
жағдайлардың алдын алады.
Тоңазытқыштың айырын розеткадан ешқашан
желі шнурынан ұстап суырмаңыз. Әрқашанда
айырдың өзін қатты ұстап розеткадан
шығарыңыз.
Тоңазытқыштың артқы қабырғасымен
оқшаулық айырдың қысылып қалмағандығына
және зақымданбағандығына көз жеткізіңіз.
Желі шнурын қатты бүкпеңіз және оның
үстіне ауыр заттар қоймаңыз. Оқшаулығышы
тозған немесе басқа да зақымданулар алған
барлық желі шнурларын дереу жөндеңіз
немесе ауыстырыңыз. Оқшаулығында
жарықшақтар немесе шнурының бойында
немесе аяқтарының бірінде сызаттар бар желі
шнурын пайдаланбаңыз. Егер желі шнуры
зақымданған болса, оны ауыстыру үшін
дереу өндіруші фирмаға немесе оның қызмет
көрсету агентіне хабарласыңыз.
ЕО талаптарына сәйкестігі туралы хабарлама
Бұл бұйым төменгі вольтті құрылғылар директивасына
(2006/95ЕО), электрлік магниттік үйлесімділігі директивасына
(2004/108/ЕО), сондай-ақ Еуроодақ үшін электр энергиясын
тиімді пайдалану туралы директивасына сәйкес жасалған.
DA99-01220P.indb 3 2010.12.14 8:2:38 PM