пышақтың ең үлкен және астыңғы жағын шешілгенше дөңгелекшені бұраңыз.
Құралды бөлшектеу кезінде араластырғыштың пышағы өте өткір және жақсылап
қайралғандықтан сақтық шараларын сақтаңыз.
Пышақты орнына орнату кезінде жалғастырушы элементі туралы ұмытпаңыз.
Құралды пайдалану
ҚАҚПАҒЫН ОРНАТУ
Қақпақты жабу үшін, белгілерді бір сызық бойында сәйкестендіре отырып оны
тостағанға орнатыңыз және солға қарай бұраңыз - 4/5 сурет
Ескертпе: Бөліктенген тостаған құрал тұрқына бекітілген болса, қақпақты алуға
болмайды
ҚҰРАЛ ТҰЛҒАСЫНА ЫДЫСТЫ ОРНАТУ
Қақпағы жабылғаннан кейін азық-түлікке арналған ыдысты құралдың тұлғасына
орнатыңыз, сақтандыру шертпесіне дейін бұраңыз - 6/7 сурет.
Ескертпе: азық-түлік салуға арналған бөліктенген тостаған дұрыс бекітілмесе,
құрал жұмыс істемейді
БУДА ӘЗІРЛЕУ ТӘРТІБІН ПАЙДАЛАНУ
Су ыдысының тығынын ашып, су мөлшерлемесімен көрсетілген азықты пісіруге
арналған су көлемін құйыңыз – 8 сурет. Ағызу тетігін тығынмен жабыңыз.
Азық-түлікті буда әзірлеуге арналған себетке салыңыз, содан кейін себетті
ыдыстың ішіне арнайы ойықтарға орнатыңыз - 9 сурет, содан кейін қақпағының
дұрыс бекітілгенін тексере отырып, оны жауып қойыңыз - 4/5 сурет.
Содан кейін тостағанды құралдың қорабына орнатыңыз да- 6/7 сурет, тәртіпті
ауыстырып қосқышты буда әзірлеу күйіне бұрыңыз.
Айқындағыш жарығы жанады да, тәртіпті ауыстырып қосқыш өз күйіне оралады.
Қыздыру қосылады да, барлық су буға айналып, су ыдысы босап қалған кезде
қыздыру автоматты түрде тоқтайды.
Назар аударыңыз: алғашқы рет қолданғанда, буда әзірлеу тәртібі қосылып тұру
мүмкін.
Сондықтан аспапты қосар алдында су ыдысын алдын ала толтыру қажет.
ТАҒАМДЫ ӘЗІРЛЕУ
Әзірлеу уақыты өнімдердің температурасы мен құралды іске қосу алдында
құйылған судың булануына байланысты өзгереді.
Қосымша берілген нұсқаулықта көрсетілген әзірлеу уақыты шамамен алынған
және ұсақтап туралған жаңа немесе мұздатылған өнімдердің 100 г-на келтірілген.
Ескертпе: тағам жеткілікті түрде дайын болмаса, су ыдысының тығынын ашардан
бұрын 10 минуттай күте тұрыңыз. Ыдысты азық-түлікпен қайтадан толтырып,
қажетті су көлемін құйып, жаңа айналымды бастаңыз.
ЖЫЛЫТУ ЖӘНЕ ЕРІТУ
Сіз, сондай-ақ, азық-түлікті немесе әзірленген өнімдерді сақтауға арналған шыны
ыдыс ішіндегісін жылыту үшін, сонымен қатар шыны ыдыс ішіндегі өнімді еріту
үшін буда әзірлеу тәртібін пайдалана аласыз.
Азық-түлікті жылыту үшін судың 3 мөлшерін және еріту үшін 6 мөлшерін
пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз: әзірленген өнімдерді сақтауға арналған шыны ыдысты пайдалану
кезінде оны үнемі қақпақсыз буда әзірлеуге арналған себетке орнатыңыз - 10 сурет.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Құрал жиынтығына кіретін электр баусымы мен айырын пайдаланыңыз.
Баусымды толығымен жазып, құралды қосқалы жатқан розетка жерге
қондырылғандығына көз жеткізіңіз.Элект желісіндегі қуат пен кернеу құралда
көрсетілгендей екендігіне көз жеткізіңіз.
Электр баусымы бүлінген жағдайда, қауіп тудырмас үшін, оны өндіруші,
өндірушінің сатылғаннан кейінгі қызмет көрсету жөніндегі қызметі немесе арнайы
біліктілігі бар тұлға ауыстыруы тиіс.
Бұл құралды басқару үшін сыртқы таймер немесе жеке қашықтықтан басқару тетігі
қарастырылмаған.
ПАЙДАЛАНҒАННАН КЕЙІН
Құралды және электр баусымын ешқашан ағын су астына қоймаңыз және де
ыдыс-аяқ жуатын машинада жумаңыз.
Бұл құралды суға батыруға болмайды.
Құралды берілген нұсқаулыққа сәйкес қолданбау TEFAL-ды кез-келген
жауапкершіліктен босатады.
Сақтық шаралары
Әр түрлі суреттер құралдың техникалық сипаттамасын мысалмен көрсету үшін
салынған және шындықтың дәл көрінісі болып табылмайды.
Жылыту уақыты шамамен алынған, ол басқаша болып және сұйықтық немесе
жылытуды қажет ететін ішіндегінің температурасына байланысты болуы мүмкін.
- Баланы тамақтандырмас бұрын:
Қолдың сыртқы жағына бірнеше тамшы тамызып немесе тамақ өнімін татып
көру арқылы сұйықтық температурасын тексеріңіз.
Тамақты тым ұзақ уақыт жылытпаңыз.
Пайдаланар алдында құралдың барлық бөлшектері дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Пышақ пен бөліктенген тостағанның дұрыс бекітілгенін тексеріңіз.
Пышақтың жүздерін өткір күйінде сақтау үшін, қатты шоколад, кесек қант,
пармезан ірімшігі, жаңғақ, мұзкәмпит және т.б.сияқты қатты азық-түлікті
өңдемеңіз.
Аспапты пайдаланып болғаннан кейін немесе оны тазарту не болмаса пышағымен
әрекеттер жасар алдында оны желіден ажыратыңыз.
Құрал бос болған кезде араластырғыш тәртібін пайдалануға тиым салынады.
Құралдың араластырғыш тәртібіндегі үздіксіз жұмысы 10 секундтан аспауы тиіс.
Ыдыстың тығынын қосылып тұрған кезде ашпаңыз, өнім әзірленгеннен кейін ашар
алдында 10 минут күте тұрыңыз.
Құралдың ішіне ешқашан шанышқы, пышақ не басқа бір металл заттарын
қоймаңыз.
Пайдалану
Алғаш пайдаланар алдында
Жалғастырушы элементті 1-суретте көрсетілгендей етіп орнатыңыз, бағытын
сақтаңыз.
Дөңес жағы пышаққа түйсіп тұру керек
Содан кейін пышақты тостағанның түбіне қарай бұраңыз - 2/3 сурет.
Алғаш рет пайдаланар алдында мөлшерлегіш арқылы ыдысқа 4 үлес су құйып,
будың бір айналымын жүргізіңіз.
Содан кейін бөліктенген тостағанды, себетті, қақпағын, пышағы мен керек-
жарақтарын ыдыс-аяқ жууға арналған сұйықтықты қоса отырып жуыңыз.
Бұйымның қорабын жұмсақ шүберекпен суртіңіз.
Пышақты шешіп алу үшін, 3 суретте көрсетілгендей пышақта ұстап тұрып,
FR
NL
DE
IT
EN
ES
PT
EL
TR
RU
UK
PL
CS
SK
HU
BG
KZ
84