14
ОРНАТУ ОРНЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ
1. Кез-келген жуғыш заттар мен қоспалар балалардың қолы жетпейтін жерде
сақталуы керек.
2. Машинаны кілемге орнатпаңыз. Жабын салқындатуға арналған тесіктерді
жауып, машинаның бүлінуіне әкелуі мүмкін.
3. Пластикалық және резеңке бөлшектердің бүгілуіне жол бермеу үшін, кір
жуғыш машинаны жылу көздеріне жақын және тікелей күн сәулесі түсетін
жерге қоймаңыз.
4. Кір жуғыш машинаны ылғалдылығы жоғары немесе жарылғыш немесе
күйдіргіш газдары бар бөлмелерде пайдаланбаңыз. Су кеткен немесе су
шашылған кезде, кір жуғыш машинаны ашық ауада кебуіне жол беріңіз.
5. Кір жуғыш машинаны құлыпталатын есіктері, жылжымалы есіктері немесе
кір жуғыш машинаның орнатылған жеріне қарама-қарсы жаққа қарай
ашылатын есіктері бар үй-жайларда орнатуға тыйым салынады.
6. Кір жуатын машинаны температурасы 5°C-тан төмен бөлмелерде
пайдалануға тыйым салынады, кір жуатын машинаның бөліктерін бүлдіруі
мүмкін. Егер жеткілікті температураны қамтамасыз ету мүмкін болмаса,
мұздың пайда болуын болдырмау үшін, әр қолданғаннан кейін кір жуғыш
машинадан суды мұқият төгіп тастаңыз («техникалық қызмет көрсету –
сорғы сүзгісін тазалау» бөлімін қараңыз).
7. Кір жуғыш машинаға жақын жерде кез-келген тұтанғыш аэрозольдер мен
басқа заттарды қолдануға тыйым салынады.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
1. Кір жуғыш машина жұмыс істей бастағанға дейін барлық қаптау материал-
дары мен тасымалдау бұрандаларын алып тастаңыз. Бұл талапты орында-
мау елеулі бүлінуге әкелуі мүмкін.
2. Кір жуатын машина бір кіріс қысымтығынмен жабдықталған және тек суық
сумен жабдықтау желісіне қосылады.
3. Желілік сымның ашасы оңай қол жетімді жерде орналасуы керек.
4. Киімді бірінші рет жуар алдында, киімді машинаға салмай-ақ бір толық жуу
айналымын орындаңыз.
5. Пайдаланар алдында, кір жуатын машинаны калибрлеу керек.
6. Кір жуғыш машинаға су ыдыстары мен жылыту ыдыстары сияқты ауыр зат-
тарды салмаңыз.
7. Тек машинамен бірге келетін жаңа құбыршек жинағын пайдаланыңыз, ескі
құбыршекті пайдалану ұсынылмайды.
8. Сумен жабдықтау желісіндегі су қысымы 1 Мпа-дан аспау керек. Ең төмен
қысым: 0,03 МПа.
ЭЛЕКТРМЕН ҚОСУ
1. Кір жуғыш машинаның астындағы қуат сымының қысылып қалуына жол
бермеңіз, бұл оның бүлінуіне әкеледі.
2. Кір жуатын машинаны жерге тұйықталған және «техникалық сипатта-
малар» кестесінде көрсетілген сақтандырғышпен қорғалған розеткаға
қосыңыз. Жерге қосу тізбегін орнатуды білікті электрик жүргізуі керек.
Машинаны орнату жергілікті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
3. Су мен электр қуатын қосуды шығарушының нұсқауларына және жергілікті
қауіпсіздік талаптарына сәйкес білікті маман орындауы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
– Электрлік ұзартқыштар мен үштіктерді пайдалануыңа тыйым салынады.
– Кір жуғыш машинаны таймерлер сияқты сыртқы коммутациялық
құрылғылар арқылы, сондай-ақ әлсін-әлсін тоқсыздандырылатын
желілерге қосуға тыйым салынады.
– Жанғыш газбен газданған жағдайда, қуат сымын розеткадан ажыратуға
тыйым салынады.
– Қуат беру ашасын дымқыл қолмен ұстауға тыйым салынады.
– Ашаны розеткадан суырарда, баусымынан емес, ашаның өзінен тартыңыз.
– Машина қолданылмаса, ашаны розеткадан суырып тастаңыз.
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА/КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСУ
1. Су қысымының өзгеруіне төзімділігіне сумен жабдықтау құбыршектерінң,
тығындау кранының және су төгетін түтіктің қосылуын тексеріңіз. Егер
қосылыстар босап қалса немесе су ағып кетсе, тығындау клапанын жау-
ып, қосылысты жөндеңіз. Кір жуатын машинаны білікті мамандар барлық
қосылыстарды дұрыс орындағаннан кейін ғана қолданыңыз.
2. Кір жуғыш машинаның есігінің әйнегі жұмыс істеу кезінде қатты қызуы
мүмкін. Жұмыс істеу кезінде балалар мен үй жануарларының кір жуғыш
машинаның жанында болуына жол бермеңіз.
3. Жеткізу және ағызу құбыршектері бүлінбеуі үшін қауіпсіз орындарға орна-
тылуы тиіс. Әйтпесе, судың ағып кетуі мүмкін.
4. Кір жуатын машинада су болған кезде, ағызу сорғысының сүзгісін алып
тастауға жол берілмейді. Сұйықтықтың көп мөлшері ағып кетуі мүмкін, со-
нымен қатар ыстық сумен күйіп қалу қаупі бар.
ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Жанғыш, жарылғыш немесе улы еріткіштерді пайдалануға тыйым салына-
ды. Тазалау үшін бензин, алкоголь және т.б. пайдалануға тыйым салынады.
Кір жуғыш машиналарға жарамды жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
2. Жуар алдында, киімнің қалталарын тексеріңіз. Монеталар, түймелер, шеге-
лер, бұрандалар, тастар және т.б. сияқты өткір және қатты заттар машина-
ны қатты бүлдіруі мүмкін.
3. Жуар алдында қалтаңыздан оттықтар, сіріңкелер және т.б. сияқты заттар-
ды алып тастаңыз.
4. Алдын ала қолмен жуылған киімдерді мұқият шайыңыз.
5. Күнбағыс майы, ацетон, алкоголь, бензин, керосин, дақ кетіргіштер, ски-
пидар, балауыз немесе балауыз кетіргіштер сияқты заттармен ластанған
киімдерді сығар алдында жоғары температурада жуғыш зат мөлшерін
көбейте отырып жуу керек.
6. Кір жуғыш машинада көбік резеңке немесе латекс бар заттарды сығу
ұсынылмайды: душқа арналған қалпақшалар, су өткізбейтін маталар,
резеңкеленген киімдер немесе көбік резеңке төсемдері бар киімдер
7. Мата жұмсартқыштар мен соған ұқсас құралдар шығарушылардың
нұсқауларына сәйкес қолданылуы керек.
8. Машинаның есігін мәжбүрлеп ашуға тыйым салынады. Есік жуу айналымы
аяқталғаннан соң біраз уақыттан кейін ашылады.
9. Есікті жабу кезінде артық күш салуға тыйым салынады. Есікті жабу қиын
болған жағдайда, киімнің дұрыс орналасуы мен машинаға салынуын
тексеріңіз.
10. Әр қолданғаннан кейін және техникалық қызмет көрсетуден бұрын кір
жуғыш машинаны желіден ажыратып, тығындау кранын жабыңыз.
11. Тазалау үшін кір жуғыш машинаның үстіне су төгуге тыйым салынады.
Электр тогының соғу қаупі бар!
12. Кір жуғыш машинаны жөндеуді қауіпті жағдайларды болдырмау
үшін шығарушының, оның сервистік қызметінің немесе өзге де білікті
мамандардың күшімен ғана жүргізуге рұқсат етіледі. Шығарушы
біліктіліксіз жөндеуден туындаған бұзылу үшін жауап бермейді.
ТАСЫМАЛДАУ
1. Тасымалдар алдында:
– Білікті маманның күшімен көліктік бұрандаларды орнына орнату қажет.
– Машинадан судың барлығын төгіп тастаңыз.
2. Кір жуғыш машинаның айтарлықтай салмағы бар. Тасымалдау кезінде абай
болыңыз. Кір жуғыш машинаны шығыңқы бөліктерінен көтеруге тыйым са-
лынады. Машинаның есігін қозғау кезінде тұтқа ретінде пайдалануға тый-
ым салынады.
МОНТАЖДАУ, САҚТАУ, ТАСУ (ТАСЫМАЛДАУ), ӨТКІЗУ ЖӘНЕ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ
1. Кір жуғыш машина қандай да бір монтаждауды немесе тұрақты бекітуді
қажет етпейді.
2. Кір жуғыш машинаны сақтау дайындаушы мен тұтынушыда ауа тем-
пературасы 5 °С - тан 40 °С-қа дейін және ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 80 % - дан аспайтын жылытылатын үй-жайларда қаптамада
жүргізілуі тиіс. Үй-жайларда коррозияны тудыратын агрессивті қоспалар
(қышқылдар, сілтілер буы) болмауы тиіс.
3. Кір жуғыш машинаны дұрыс тасымалдауды қамтамасыз ету үшін келесі
талаптарды орындау қажет:
– егер бар болса, кір жуғыш машинадан барлық ішкі керек - жарақтарды
алып тастаңыз және оларды бөлек ораңыз;
– кір жуғыш машинаның жұмысқа қабілеттігі мен сыртқы түрін сақтау
үшін оның қаптамасының дұрыстығына көз жеткізіңіз (үлкен габаритті
жабдықты қауіпті жерлерде гофрленген картон төсемдері бар полиэтилен-
мен немесе көпіршікті үлдірмен орау керек);