Zanussi ZOP37902XK Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
26
UK
Інструкція 51
Тұмшапеш
Духовой шкаф
Духова шафа
ZOP37902
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Сағат фунциялары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Қосымша функциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ 10
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 11
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 24
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам жарақат
алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының
барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
2
www.zanussi.com
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат
түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
Пиролитпен тазалау алдында көп ластықты тазалау керек.
Тұмшапештің ішіндегі керек-жарақтардың барлығын
алыңыз.
Сөре сырғытпаларын алу үшін əуелі сөре сырғытпасының
алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік
қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын əрекеттерді
керісінше орындап салыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
3
www.zanussi.com
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының есігіне,
əсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
Тоққа қосулы тұрған жəне оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып
болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Құрылғыны электртоғына қосар алдында
тұмшапештің есігін мықтап жабыңыз.
Пайдалану
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының
қатеріне ұшырау немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын
орын ретінде қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
4
www.zanussi.com
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
Ыдыстарды немесе басқа заттарды
құрылғының табанына тура қоймаңыз.
Құрылғының табанына алюминий
жұқалтырды тура қоймаңыз.
ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыстарды жəне тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алып-салған кезде
абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы
мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып,
ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл,
жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Пиролитпен тазалау
Назарыңызда болсын! Күйіп қалу
қаупі бар.
Пиролит функциясымен өздігінен
тазалау немесе Функцияны алғаш рет
қолданар алдында тұмшапештен келесі
заттарды алыңыз:
Тағам қалдықтарын
, май немесе
тоңмай шашырандыларын / жиналған
қалдықтарды.
Алмалы керек-жарақтарды (соның
ішінде, құрылғымен бірге жеткізілген
сөрелерді, сырғытпа жолдарды т.с.с.),
зат жабыспайтын қаптамасы бар
табаларды, науаларды, ыдыстарды,
т.с.с.
Пиролитпен тазалау нұсқауларын
мұқият оқып шығыңыз.
Пиролитпен тазалау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда балаларды құрылғыдан
алыс ұстаңыз. Құрылғы қатты қызып
кетеді.
Пиролитпен тазалау жоғары
температурада іске асырылады жəне
тағам қалдықтарынан, қолданылған
материалдардан күшті иіс шығуы мүмкін,
сондықтан да пайдаланушыларға келесі
жағдайларды ерекше ескертеміз:
Пиролитпен тазалау барысында жəне
тазалап болғаннан кейін үнемі жақсы
желдетіңіз.
Бірінші рет қосқан кезде жəне бірінші
рет қолданып болғаннан кейін жоғары
температураға қойып жақсылап
желдетіңіз.
5
www.zanussi.com
Пиролитпен тазалау барысында жəне
тазалап болғаннан кейін үй
жануарларын (əсіресе құстарды)
құрылғының қасынан алыңыз жəне
жақсы желдетілген жерде əуелі ең
жоғары температураға қойыңыз.
Кейбір құстар мен бауырымен
жорғалаушылар тұмшапештерді
Пиролитпен тазалау барысында
бөлінетін түтіндердің барлығына
адамдарға қарағанда ерекше сезімтал
келеді.
Кішкене үй жануарлары да Пиролитпен
өздігінен тазалау бағдарламасы
қосылып тұрғанда, Пиролит
тұмшапештерінің қасындағы
температураның өзгерісіне өте
сезімтал
келеді.
Кəстрөлдердің, табалардың,
науалардың, ыдыстардың т.с.с. зат
жабыспайтын қаптамасы барлық
Пиролит тұмшапештерінің жоғары
температурада Пиролитпен тазалау
бағдарламасы жұмыс істеп тұрған кезде
бүлініп қалуы мүмкін жəне олардан
аздаған зиянды түтіндер бөлінуі мүмкін.
Пиролит тұмшапештерінен / Тағам
қалдықтарынан бөлінген, жоғарыда
сипатталған түтіндердің адамдарға,
соның ішінде жас балалар мен
дəрігердің бақылауындағы адамдарға
зияны жоқ.
Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы қолданылған.
Оны бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын
! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
Бұйым сипаттамасы
5
4
9
8
6
7
5
4
1
2
3
2 31
1
Тұмшапеш функцияларының тетігі
2
Электрондық бағдарламалағыш
3
Температура тетігі
4
Гриль
5
Тұмшапештің шамы
6
Желдеткіш
7
Сөренің алмалы сырғытпалары
8
Техникалық ақпарат тақтайшасы
9
Сөре деңгейлері
Тұмшапештің керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарын қоюға,
тағам қуыруға арналған.
Пісірме табақ
6
www.zanussi.com
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
Керек-жарақтарының барлығын жəне
алмалы сөре сырғытпаларын (бар
болса) алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Өте маңызды! "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Тəулік уақытын орнату
Бейнебетте
жəне 12:00 көрсетіледі. 12
жыпылықтайды.
1. Дұрыс сағатты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
2.
түймешігін басып растаңыз. Бұл
əрекетті уақытты бірінші рет орнатқан
кезде ғана орындау қажет. Содан кейін
жаңа уақыт мəні бес секундтан кейін
автоматты түрде сақталады.
Бейнебетте
жəне орнатылған
сағат мəні көрсетіледі. 00
жыпылықтайды.
3. Дұрыс минутты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
4.
түймешігін басып растаңыз. Бұл
əрекетті уақытты бірінші рет орнатқан
кезде ғана орындау қажет. Содан кейін
жаңа уақыт мəні бес секундтан кейін
автоматты түрде сақталады.
Бейнебетте жаңа уақыт пайда болады.
Тəулік уақытын өзгерту
Тəулік уақытын құрылғы сөніп тұрса
ғана өзгерте аласыз.
түймешігін бейнебетте тəулік
уақытының индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта басыңыз.
Жаңа уақытты орнату үшін "Тəулік
уақытын орнату" тарауындағы əрекеттерді
орындаңыз.
Алдын ала қыздыру
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 45 минут қосып қойыңыз.
3.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар əдеттегіден ыстық болып
кетуі мүмкін. Құрылғыдан иіс жəне түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Ауаның жеткілікті түрде айналуын
қамтамасыз етіңіз.
Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғыны іске пайдалану үшін тетікті
басыңыз. Тетік бері шығады.
Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру
1. Тұмшапеш функцияларының тетігін
тұмшапеш функциясына бұраңыз.
2. Температураны орнату үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функцияларының тетігін "сөндірулі"
қалпына бұраңыз.
7
www.zanussi.com
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Ыстық желмен
пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бірнеше сөреге қойып,
иістерін сіңірмей қуыру немесе қуырып-пісіруге арналған.
Дəстүрлі пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін. Үстіңгі жəне
астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта іске қосылады.
Гриль жасау
Жайпақ тағамды аз мөлшерде сөренің ортасында қақтауға
арналған. Тост жасауға арналған.
Жылдам гриль
жасау
Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп мөлшерде гриль
дайындауға арналған. Тост жасауға арналған. Толық гриль
элементі жұмыс істейді.
Турбо гриль
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Гриль элементі мен
тұмшапештің желдеткіші бірінен кейін бірі жұмыс істеп, ыстық
ауаны тағамның айналасына таратады.
Пицца параметрі Пицца, киш немесе бəліш пісіруге арналған.
Ет Етті өте жұмсақ етіп, былбыратып қуыруға арналған.
Жылы ұстау Тағамды жылы ұстауға арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Пиролит
Тұмшапешті тазалауға арналған. Жоғары температура қалған
қоқыстарды күйдіріп жібереді. Содан кейін оны құрылғы суыған
кезде шүберекпен тазалайсыз.
Бейнебет
1
Таймер
2
Қыздыру жəне қалдық қызу
индикаторы
3
Су сауыты (таңдаулы үлгілерде ғана)
4
Ішкі температура сенсоры (таңдаулы
үлгілерде ғана)
5
Есіктің бекітпесі (таңдаулы үлгілерде
ғана)
6
Сағат / минут
7
Сағат функциялары
17 2 3
4567
8
www.zanussi.com
Түймешіктер
Түймешік Функция Сипаттама
Сағат Сағат функциясын орнатуға арналған.
,
Минус, плюс Уақытты орнатуға арналған.
Қыздыру жəне қалдық қызу
индикаторы
Тұмшапеш функциясын іске қосқан кезде
бейнебеттегі жолақтар
жанады.
Жолақтар тұмшапеш температурасының
көбейгенін немесе азайғанын көрсетеді.
Егер тұмшапештің ішіндегі температура 40
°C градустан артық болса, құрылғыны
сөндірген кезде, бейнебетте қалдық қызу
индикаторы
көрсетіледі. Тұмшапеш
температурасын бейнебетке шығару үшін
температура тетігін солға немесе оңға
бұраңыз.
Сағат фунциялары
Белгіш
е
Функция Сипаттама
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
Тəулік уақыты Тəулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
"Тəулік уақытын орнату" тарауын қараңыз.
Ұзақтық Құрылғының жұмыс жасау уақытының ұзақтығын орнатуға арналған.
Бұл функцияны орнатар алдында тұмшапеш функциясын орнату
керек.
Аяқтау Құрылғының сөндірілетін уақытын орнатуға арналған. Бұл
функцияны орнатар алдында тұмшапеш функциясын орнату керек.
Ұзақтық жəне Аяқтау функцияларын құрылғының іске қосылатын,
содан кейін сөнетін уақыттарын орнату үшін бір уақытта (Уақытты
кешіктіру) пайдалануға болады.
Сағат функциясын өзгерту үшін
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
Сағат функцияларының параметрін
растау үшін
түймешігін басыңыз
немесе параметр автоматты түрде
құпталғанша 5 секунд күтіңіз.
Ұзақтық немесе Аяқтау функциясын
орнату
1.
түймешігін бейнебетте немесе
белгісі жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2. Минут мəндерін орнату үшін + немесе
- түймешігін басыңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
4. Сағатты қою үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
5.
түймешігін басып растаңыз.
6.
Орнатылған уақыт аяқталған кезде
немесе белгісі мен орнатылған
уақыт жыпылықтайды. Дыбыстық
сигнал екі минут естіледі. Құрылғы
сөнеді. Дыбыстық сигналды тоқтату
үшін түймешікті басыңыз немесе
құрылғының есігін ашыңыз.
Егер
түймешігін Ұзақтық
параметрінің уақытын орнатып
жатқанда бассаңыз, құрылғы Аяқтау
параметріне ауысады.
9
www.zanussi.com
Минут операторын орнату
Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Ең
көбі 23 сағат 59 минутқа қоюға болады.
Бұл функция тұмшапештің жұмысына
ешбір əсер етпейді. Минут операторын кез
келген уақытта, тіпті құрылғы сөніп тұрса
да орнатуға болады.
1.
түймешігін бейнебетте жəне 00
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2. Минут операторын орнату үшін +
немесе - түймешігін басыңыз. Əуелі
уақыт минут жəне секунд бойынша
есептеледі. Орнатылған уақыт 60
минуттан көп болса бейнебетте
белгісі көрсетіледі. Құрылғы содан
кейін уақытты сағат пен минут
бойынша есептейді.
3. Минут операторы бес секундтан кейін
автоматты түрде іске қосылады.
4. Орнатылған уақыт аяқталған кезде, екі
минут бойы дыбыстық сигнал естіледі.
Бейнебетте 00:00 жəне
жыпылықтайды. Дыбыстық сигналды
тоқтату үшін түймешікті басыңыз.
Егер Минут операторын Ұзақтық
немесе Аяқтау функциялары
жұмыс істеп тұрған кезде орнатсаңыз,
бейнебетте
белгісі пайда болады.
Санақ таймері
Құрылғының жұмыс істеу уақытын бақылау
үшін Санақ таймерін пайдаланыңыз. Бұл
функция құрылғы қыза бастаған бетте
дереу іске қосылады.
Санақ таймерін бастапқы қалпына қою
үшін + жəне - түймешігін басып ұстап
тұрыңыз. Таймер қайта санай бастайды.
Санақ таймерін Ұзақтық
немесе
Аяқтау
функциясы жұмыс істеп
тұрғанда қолдана алмайсыз.
Қосымша функциялар
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса,
тұмшапешті пайдалану мүмкін емес. Бұл
функция балалар құрылғыны байқаусызда
қосып қоюға жол бермеу үшін қажет.
Бала қауіпсіздігінің құралы
функциясын іске қосу жəне ажырату:
1. Тұмшапеш функциясын орнатпаңыз.
2.
жəне + түймешігін екі секунд қатар
басып ұстап тұрыңыз.
3. Дыбыстық сигнал естіледі. Бейнебетте
SAFE жəне
жанады немесе сөнеді
(Бала қауіпсіздігінің құралын қосқанда
немесе сөндіргенде).
Егер тұмшапештің Пиролитпен
тазалау функциясы бар болса, есік
құлыпталады.
Тетікті бұрағанда немесе түймешікті
басқанда бейнебетте SAFE жəне
жанады.
Автоматты түрде өшіру
Құрылғы біраз уақыттан кейін қауіпсіздік
мақсатында автоматты түрде сөнеді:
Егер тұмшапеш функциясы жұмыс істеп
тұрса.
Егер тұмшапештің температурасын
өзгертпесеңіз.
Тұмшапештің
температурасы
Сөндіру уақыты
30 - 115 °C 12.5 сағ
120 - 195 °C 8.5 сағ
200 - 245 °C 5.5 сағ
250 - ең көбі °C 3.0 сағ
Автоматты түрде сөндіргеннен кейін
құрылғыны қайта іске қосу үшін түймешікті
басыңыз.
10
www.zanussi.com
Өте маңызды! Автоматты түрде сөндіру
функциясы тұмшапештің Шам, Ұзақтық,
Аяқтау жəне Кешіктіріп бастау
функцияларынан басқа функциялардың
барлығында жұмыс істейді.
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының температурасы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термоэлементі
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған кезде
немесе құралас бөлшектерінде ақау бар
болса, қатты қызып кету қаупі орын алады.
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін
тұмшапеш қуаттың берілуін тоқтататын
термоэлементпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайтадан автоматты түрде іске қосылады.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Құрылғының сөре қойылатын бес
деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан бастап
санау керек.
Құрылғы ауа айналдыратын жəне буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ жəне сыртын күтірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен
пайдаланылатын қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есіктің шыны
панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі
артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат
мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам
пісірер алдында 10 минут қосыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
оның ылғалын тазалаңыз.
Тағам пісірген кезде заттарды
құрылғының табанына қоймаңыз жəне
құрылғының бөлшектеріне алюминий
жұқалтыр жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесін өзгертіп, эмаль
қаптамаға да
нұқсан келтіруі мүмкін.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру табағын
пайдалансаңыз, араларына бір бос
деңгей қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына жəне мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге
жəне тағамның мөлшеріне сай келетін
параметрлерді (қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
11
www.zanussi.com
Пісіру жəне қуыру кестесі
ТОРТТАР
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Шайқап пісіру
рецептері
2 170 3 (2 жəне 4) 160 45 - 60 Тортқа арналған
қалыпта
Үгілмелі қамыр 2 170 3 (2 жəне 4) 160 20 - 30 Тортқа арналған
қалыпта
Сарысу
қосылған
чизкейк
1 170 2 165 60 - 80 26 см торт
қалыбында
Алма торты
(Алма бəліші)
2 170 2 (сол жəне
оң)
160 80 - 100 Торкөз сөреге
қойылған 20 см
торт қалыбы
1)
Штрудель 3 175 2 150 60 - 80 Пісірме табақта
Джем қосылған
пирожныйлар
2 170 2 (сол жəне
оң)
165 30 - 40 26 см торт
қалыбында
Бисквит торт 2 170 2 160 50 - 60 26 см торт
қалыбында
Рождество
торты/
шырынды
жеміс-жидек
торты
2 160 2 150 90 - 120 20 см торт
қалыбында
1)
Қара өрік торты 1 175 2 160 50 - 60
Нан қалыбында
1)
Кішкене
кекстер - бір
деңгейде
3 170 3 140 -
150
20 - 30 Пісірме табақта
Кішкене
кекстер - екі
деңгейде
- - 2 мен 4 140 -
150
25 - 35 Пісірме табақта
Кішкене
кекстер - үш
деңгейде
- - 1, 3 жəне 5 140 -
150
30 - 45 Пісірме табақта
Печенье / тəтті
таспалар - бір
деңгейде
3 140 3 140 -
150
30 - 35 Пісірме табақта
Печенье / тəтті
таспалар - екі
деңгейде
- - 2 мен 4 140 -
150
35 - 40 Пісірме табақта
Печенье / тəтті
таспалар - үш
деңгейде
- - 1, 3 жəне 5 140 -
150
35 - 45 Пісірме табақта
12
www.zanussi.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Меренга - бір
деңгейде
3 120 3 120 80 - 100 Пісірме табақта
Меренга - екі
деңгейде
- - 2 мен 4 120 80 - 100
Пісірме табақта
1)
Мейізді тоқаш 3 190 3 190 12 - 20
Пісірме табақта
1)
Эклер - бір
деңгейде
3 190 3 170 25 - 35 Пісірме табақта
Эклер - екі
деңгейде
- - 2 мен 4 170 35 - 45 Пісірме табақта
Тарталетка 2 180 2 170 45 - 70 20 см торт
қалыбында
Шырынды
жеміс торты
1 160 2 150 110 - 120 24 см торт
қалыбында
Виктория
сэндвичі
1 170 2 160 50 - 60 20 см торт
қалыбында
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
НАН ЖƏНЕ ПИЦЦА
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Ақ нан 1 190 1 190 60 - 70 1 - 2 бөлке, біреуі
500 г
1)
Қарабидай
наны
1 190 1 180 30 - 45 Нан қалыбында
Булочка 2 190 2 (2 жəне 4) 180 25 - 40 6 - 8 булочка,
пісіру
табағында
1)
Пицца 1 230 -
250
1 230 -
250
10 - 20 Пісіру табасында
немесе шұңғыл
табада
1)
Шелпек 3 200 3 190 10 - 20
Пісірме табақта
1)
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
АШЫҚ БƏЛІШ
13
www.zanussi.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Макаронды
ашық бəліш
2 200 2 180 40 - 50 Қалып
Көкөністі ашық
бəліш
2 200 2 175 45 - 60 Қалып
Киш лорен 1 180 1 180 50 - 60
Қалып
1)
Лазанья 2 180 -
190
2 180 -
190
25 - 40
Қалып
1)
Каннелони 2 180 -
190
2 180 -
190
25 - 40
Қалып
1)
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
ЕТ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Сиыр еті 2 200 2 190 50 - 70 Торкөз сөреде
Шошқа еті 2 180 2 180 90 - 120 Торкөз сөреде
Бұзау еті 2 190 2 175 90 - 120 Торкөз сөреде
Шала
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 50 - 60 Торкөз сөреде
Орташа
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 60 - 70 Торкөз сөреде
Жақсы
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 70 - 75 Торкөз сөреде
Шошқаның қол
омыртқасы
2 180 2 170 120 - 150 Терісі алынбаған
Шошқаның
жіліншігі
2 180 2 160 100 - 120 2 дана
Қой еті 2 190 2 175 110 - 130 Қол еті
Тауық еті 2 220 2 200 70 - 85 Тұтас еті
Күркетауық еті 2 180 2 160 210 - 240 Тұтас еті
Үйрек еті 2 175 2 220 120 - 150 Тұтас еті
Қаз еті 2 175 1 160 150 - 200 Тұтас еті
14
www.zanussi.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Қоян 2 190 2 175 60 - 80 Кесектеп
туралған
Қоян еті 2 190 2 175 150 - 200 Кесектеп
туралған
Қырғауыл 2 190 2 175 90 - 120 Тұтас еті
БАЛЫҚ ЕТІ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Бақтақ/Теңіз
мөңкесі
2 190 2 175 40 - 55 3 - 4 балық
Тунец/Албырт
балық
2 190 2 175 35 - 60 4 - 6 филе
Гриль жасау
Бос тұмшапешті тағам пісірер
алдында 10 минут қыздырыңыз.
Мөлшері Гриль жасау Пісіру уақыты [мин]
ТАҒАМ ТҮРІ Саны [г] Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет стейктері 4 800 4 макс. 12-15 12-14
Сиыр етінің
стейктері
4 600 4 макс. 10-12 6-8
Шұжық 8 - 4 макс. 12-15 10-12
Туралған шошқа еті 4 600 4 макс. 12-16 12-14
Тауық (2-ге
бөлінген)
2 1000 4 макс. 30-35 25-30
Кəуап 4 - 4 макс. 10-15 10-12
Тауықтың төс еті 4 400 4 макс. 12-15 12-14
Гамбургер 6 600 4 макс. 20-30 -
Балықтың қоң еті 4 400 4 макс. 12-14 10-12
Тост сэндвичтері 4-6 - 4 макс. 5-7 -
Қыздырылған нан 4-6 - 4 макс. 2-4 2-3
Турбо гриль
Сиыр еті
15
www.zanussi.com
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері
Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қуырылған сиыр еті
немесе қоң ет, шала
пісірілген
əр см
қалыңдығы үшін
1
190 - 200
1)
5 - 6
Қуырылған сиыр еті
немесе қоң ет,
орташа пісірілген
əр см
қалыңдығы үшін
1
180 - 190
1)
6 - 8
Қуырылған сиыр еті
немесе қоң ет, əбден
пісірілген
əр см
қалыңдығы үшін
1
170 - 180
1)
8 - 10
1) Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Шошқа еті
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері
Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қол омыртқа, мойын
омыртқа, сан еті
1- 1.5 кг 1 160 - 180 90 - 120
Жаншылған ет,
қабырға
1- 1.5 кг 1 170 - 180 60 - 90
Қабаттама ет 750 г - 1 кг 1 160 - 170 50 - 60
Шошқа сирағы
(алдын ала
пісірілген)
750 г - 1 кг 1 150 - 170 90 - 120
Бұзау еті
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қуырылған бұзау
еті
1 кг 1 160 - 180 90 - 120
Бұзау сирағы 1.5 - 2 кг 1 160 - 180 120 - 150
Қой еті
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қойдың сирағы,
қуырылған қой еті
1- 1.5 кг 1 150 - 170 100 - 120
Қозы белдемесі 1- 1.5 кг 1 160 - 180 40 - 60
Құс еті
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Құстың кесек еті əрқайсысы 200 -
250 г
1 200 - 220 30 - 50
16
www.zanussi.com
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Тауықтың жарты
еті
əрқайсысы 400 -
500 г
1 190 - 210 35 - 50
Тауық еті,
пулярка
1- 1.5 кг 1 190 - 210 50 - 70
Үйрек еті 1.5 - 2 кг 1 180 - 200 80 - 100
Қаз еті 3.5 - 5 кг 1 160 - 180 120 - 180
Күркетауық еті 2.5 - 3.5 кг 1 160 - 180 120 - 150
Күркетауық еті 4 - 6 кг 1 140 - 160 150 - 240
Балық (буға пісірілген)
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Тұтас балық еті 1- 1.5 кг 1 210 - 220 40 - 60
Жібіту
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
[г]
Жібіту
уақыты [мин]
Қосымша жібіту
уақыты [мин]
Ескерім
Тауық еті 1000 100 - 140 20 - 30
Тауықты үлкен табақтың
үстіне төңкеріліп қойылған
табақшаға қойыңыз. Орта
тұсында аударыңыз.
Ет 1000 100 - 140 20 - 30 Орта тұсында аударыңыз.
Ет 500 90 - 120 20 - 30 Орта тұсында аударыңыз.
Бақтақ 150 25 - 35 10 - 15 -
Құлпынай 300 30 - 40 10 - 20 -
Сары май 250 30 - 40 10 - 15 -
Қаймақ 2 x 200 80 - 100 10 - 15
Кілегейдің кейбір жерлері
сəл тоңазыса да, шайқауға
болады.
Печеньелер 1400 60 60 -
Кептіру - Желдеткіш арқылы пісіру
Тұмшапештің сөрелерін ас қағазымен
жабыңыз.
КӨКӨНІСТЕР
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Бұршақ 3 1/4 60 - 70 6 - 8
17
www.zanussi.com
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Бұрыш 3 1/4 60 - 70 5 - 6
Сорпаға арналған
көкөністер
3 1/4 60 - 70 5 - 6
Саңырауқұлақ 3 1/4 50 - 60 6 - 8
Шөптер 3 1/4 40 - 50 2 - 3
ЖЕМІС
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Қара өрік 3 1/4 60 - 70 8 - 10
Сары өрік 3 1/4 60 - 70 8 - 10
Алма тілімдері 3 1/4 60 - 70 6 - 8
Алмұрт 3 1/4 60 - 70 6 - 9
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін кəдімгі
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Тұмшапешті пайдаланып болған сайын
ішкі жағын тазалаңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, əрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын
пайдаланып болған
сайын тазалаңыз
жəне кептіріңіз. Шүберекті, жылы су мен
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Себебі
ластық жабыспайтын қаптаманы
бүлдіруі мүмкін.
Болаттан немесе алюминийден
жасалған құрылғылар:
Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Жүн мақтаны, қышқылды немесе жеміргіш
материалдарды пайдаланбаңыз, себебі
тұмшапештің бетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де осындай
сақтық шараларды орындап тазалаңыз.
Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
18
www.zanussi.com
Сөре сырғытпаларын алу
1
Сөре
сырғытпасының
алдыңғы жағын
бүйір қабырғадан
тартып шығарыңыз.
2
1
2
Сырғытпа
жолдың артқы
ұшын бүйір
қабырғадан тартып
шығарыңыз.
Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Сөре сырғытпаларының доғал ұштары
алдыңғы жаққа қарап тұруға тиіс.
Пиролитпен тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғы
қатты қызып кетеді. Күйіп қалу қатері
бар.
Сақтандыру туралы ескерту! Егер
пештің үстін құрылғыға орнатсаңыз,
оны Пиролитпен тазалау функциясы
орындалып тұрған кезде пайдаланбаңыз.
Себебі құрылғыны
бүлдіруі мүмкін.
1. Құрылғыдан алмалы сөре
сырғытпаларын (егер бар болса) жəне
керек-жарақтарды алыңыз. "Сөре
сырғытпаларын алу" тарауын қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Пиролитпен тазалау барысында сөре
сырғытпаларын құрылғының ішінде
қалдырмаңыз. Ақау пайда болуы мүмкін.
2. Қатып қалған қоқысты қолмен
тазалаңыз.
3. Тұмшапештің есігін толық жабыңыз.
Егер тұмшапештің есігін жаппасаңыз,
пиролитпен тазалау функциясы
басталмайды.
4. Пиролитпен тазалау функциясын
орнатыңыз. "Тұмшапеш функциялары"
тарауын қараңыз.
5.
жыпылықтаған кезде, қажетті
үрдісті таңдау үшін + немесе -
түймешігін басыңыз:
P1 - егер тұмшапеш қатты лас
болмаса. Бұл функция 1 сағат
созылады.
P2 - егер тұмшапеш қатты лас
болса. Бұл функция 1 сағат 30
минутқа созылады.
6.
Функцияны бастау үшін
түймешігін
басыңыз. Тазалау циклін кешіктіріп
бастау үшін Аяқтау функциясын
қолдануға болады.
Тұмшапеш орнатылған температураға
жеткенде есік бекітіледі. Бейнебетте
белгісі мен қызу индикаторының
жолақтары көрсетіледі.
Пиролитпен тазалау функциясын
аяқталмай тұрып тоқтату үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін "off"
(сөндіру) қалпына бұраңыз.
Пиролитпен тазалау аяқталғаннан кейін
бейнебетте тəулік уақыты көрсетіледі.
Тұмшапештің есігі құлыпталған қалпы
тұрады. Құрылғы қайта суыған кезде
дыбыстық сигнал естіліп, есіктің бекітпесі
ағытылады.
Пиролитпен тазалау кезінде
тұмшапештің шамы сөніп тұрады.
Тазалық ескертушісі
Пиролитпен тазалау қажет екенін
ескерту
үшін құрылғыны қосып жəне сөндірген
сайын PYR белгісі бейнебетте 10 секунд
жыпылықтап тұрады.
Тазалық ескертушісі сөнеді:
Пиролитпен тазалау функциясы
аяқталғаннан кейін
+ жəне - түймешігін бейнебетте PYR
жыпылықтап тұрған кезде бір уақытта
бассаңыз.
Тұмшапештің шамы
19
www.zanussi.com
Назарыңызда болсын! Тұмшапештің
шамын ауыстырған кезде абай
болыңыз. Электр қатері бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына жəне шыны
қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек төсеңіз.
Шамға майдың қалдығы жұғып күймес
үшін, галоген шамды үнемі шүберекпен
ұстаңыз.
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат
тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш
шамын салыңыз.
Шамның дəл осындай түрін
пайдаланыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапеш есігінің үш шыны панелі бар.
Тұмшапештің есігін жəне ішкі шыны
панельдерін алып тазалауға болады.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай
тұрып, шыны панельдерін алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі
жабылып қалуы
мүмкін.
Тұмшапештің есігі мен шыны
панельдерін алу
1
Есікті толық
ашып, есіктің екі
топсасын ұстап
тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
3
Тұмшапештің
есігін бірінші ашу
күйіне (жартылай)
қарай жабыңыз.
Есікті алға қарай
тартыңыз да,
ұясынан шығарып
алыңыз.
4
Есікті жұмсақ
мата төселген
орнықты жерге
қойыңыз.
5
Шыны
панельдерді алу
үшін бекіту жүйесін
босатыңыз.
90°
6
Екі бекіткіш
тетікті 90° градусқа
бұраңыз да, ағытып
алыңыз.
20
www.zanussi.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76

Zanussi ZOP37902XK Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ