Жабдықты тазалаудың алдында немесе Сіз оны қолданбасаңыз электр жүйесінен әрқашан сөндіріп тастаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса
немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.Тоққа қосылған аспапты бақылаусыз
қалдырмаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис орталығына
апарыңыз.
ЕСКЕРТУ! Дұрыс қолданбаған кезде пайда болуы мүмкін қауіптер және пешті қауіпсіз қолдану туралы тисті
түрде нұсқаулық түсіндірілген жағдайда ғана балаларға пешті қадағалаусыз қолдануға рұқсат етіледі.
Қараусыз қосылған құралды қалдырмаңыз.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілеттік
берген сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ! Есікшеде немесе есікше нығыздауышында ақау болған жағдайда, білікті маман ақауды жоюғанға
дейін пешпен жұмыс жасауға болсайды.
ЕСКЕРТУ! Қысқа толқынды сәулелену өтімінің жоғарылау қауіпінен қашу үшін, кезкелген қақпағын түсірумен
байланысты барлық жөндеу жұмыстары тек қана маманмен атқарылуға тиісті.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Қоректену бауынан тартпаңыз, оны ширатпаңыз және құрылғының тұлғасын айнала орамаңыз.
Микротолқынды пешті тек қана азықтарды даярлауға қолданыңыз. Еш жағдайда оған киімді, қағазды немесе
басқа заттарды кептірмеңіз.
ЕСКЕРТУ! Ыдыстардың жарылуын болдырмау үшін сұйық немесе басқада тамақтарды жабық ыдыстарда
қыздыруға болмайды.
Сусындардлы қысқа толқындар көмегімен қыздырған жағдайда бүлкілдеп қайнауға ұласуы мүмкін,
сондықтан, ыдыстарды қолданған кезде байқап және сақ болу керек.
Өнімдерді даярлау кезінде жарылмауы үшін, пешке салар алдында тығыз қабығын не терісін пышақпен
немесе шаңышқымен тесіңіз, мысалы, картоптың, алманың, каштанның, шұжықтың және т.б.
Пластик немесе қағаз сияқты тез жанатын материалдардан жасалған ыдыста азықтық тамақтарды пеште
қыздырған кезде, жануын болдыртпау үшін пешті бақылап отыру керек.
Пештің үрленетін шкафы жанбауы үшін қажет:
– өнімдердің өте ұзаққа созылған даярлық нәтижесінде күйуінен қашқақтау;
– өнімдерді микротолқынды пешке орамасыз салып, сондай-ақ фольгасыз пісіру;
– камера тұтанған кезде, есігін ашпай пешті өшіріңіз және оны электр жүйесінен сөндіріп тастаңыз.
Пешті бос камерамен қоспаңыз. Камераны бірдеңе сақтауға қолданбаңыз.
Микротолқынды пеш азықтарды консервілеуге арналмаған.
Азықтарды тікелей камера түбіне қоймаңыз, шыны табақты пайдаланыңыз.
Дайын азықтың температурасын әрқашан тексеріңіз, әсіресе, егер ол балалар үшін арналса. Даярлықтан
кейін табақты лезде үстелге әкелмеңіз, оған аздап суынуға мұрша беріңіз.
Даярлық рецепттерін басшылыққа алыңыз, бірақ есте сақтаңыз, кейбір өнімдер (джемдер, пудингілер, ішіне
бадам қант немесе цукаттар салынған пирог) өте жылдам қыздырылады.
Қысқа тұйықталу және пештің бұзылмауы үшін, желдету тесіктеріне су тигізбеңіз.
Шағын толқынды пеш тағам өнімдері мен сусындарды жылытуға арналған. Тағам өнімдерін немесе киімді
кептіру және кілемше, шәрке, жөке, дымқыл киім және сол сияқты басқа заттарды қыздыру жарақатқа,
олардың тұтануына және өрт шығуына әкелуі мүмкін.
НАЗАР:
Азықарды тікелей шыны табаққа емес, арнайы ыдыста даярлау керек, тек арнайы рецеппен даярлайтын
кезден ғана.
Тек қана микротолқынды пештерге микротолқынды ыдысты қолданыңыз.
Микротолқынды пеште даярлауға жарамды ыдысты оны әзірлеушінің нұсқауларымен қатал сәйкестікте
пайдалану керек.
Есте сақтаңыздар, микротолқынды пештегі ыдыстан бұрын ішіндегісі едәуір жылдам қыздырылады,
сондықтан пештен ыдысты шығарар алдында бумен күйіп қалмау үшін ықыласты болыңыз, қақпақты сақ
ашыңыз.
Өнімдерден алдын ала олардың орама бауын немесе металл және фольганы алып тастыңыз.
Микротолқынды пештерде жұмыртқаны қабығымен дайындауға және қатты піскен жұмыртқаны
жылытуға болмайды, себебі олар микротолқынды қыздыру аяқталғаннан кейін де жарылып кетуі
мүмкін.
Пешті таза күйінде ұстамау бетінің тозуына алып келеді, бұл аспаптың жұмысына кері әсерін тигізуі және
пайдаланушы үшін ықтимал қауіп тудыруы мүмкін.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.