1Сорғызуқуатыжеткіліксіз.
- Шаң шелегі толып кеткен болуы мүмкін.
Қажет болса, шаң жинағыш шелекті босатыңыз.
- Шаң шелегінің қақпағы дұрыс орнатылмаған шығар.
Қақпақты дұрыстап орнатыңыз.
- Сүзгіні тазалау немесе ауыстыру қажет болуы мүмкін.
Қажет болса, сүзгілерді тазалаңыз немесе ауыстырыңыз.
- Саптама, түтік немесе шланг бітеліп қалған болуы мүмкін (Cурет 41).
Тұрып қалған заттарды алып тастау үшін, бітеліп қалған бөлікті (шланг немесе түтік) ажыратып,
керісінше жалғаңыз (мүмкін болса). Шаңсорғышты қосып, тұрып қалған затты кері бағытта
сорғызып, шығаруға болады.
2Шаңсорғызыпжатқанда,шаңсорғыштаншыққандыбысбірденөзгереді.
- Шаңсорғыш бөтен затты жұтып, шаң жинағыш шелектің ішінде секіріп жатқан болар.
Шаң жинағыш шелекті босатыңыз.
3Шаңсорғыштыпайдаланғандакейдеэлектрсоққыларыналамын.
- Шаңсорғышта статикалық ток түзілді. Ауаның ылғалдылығы бөлмеде неғұрлым төмен болса,
соғұрлым құрылғыда статикалық ток түзіледі. Бөлмеде түтікті басқа металл заттардың
(мысалы, үстелдің не орындықтың аяқтары, радиотар, т.б.) жанына жиі қойып, құрылғыны
зарядсыздандырыңыз. Сондай-ақ, ауа ылғалдылығының деңгейін бөлмеде арттыруға болады.
4Шаңжинағышшелектегісудыңдеңгейіеңтөменгідеңгейкөрсеткішінентөмен.
- Шаңсорғыштың жұмысы оңтайлы емес. Шаң жинағыш шелекке су құйыңыз. Су деңгейінің ең
төменгі және ең жоғарғы деңгейдің аралығында тұрғанына көз жеткізіңіз.
5Шаңжинағышшелектегісудыңдеңгейіеңжоғарғыдеңгейкөрсеткішіненасыптұр.
- Су деңгейі ең жоғарғы деңгейден түскенше, шаң жинағыш шелекті босатыңыз.
6Шаңсорғыштысунебасқасұйықтықсоруғапайдаландым.
- Құрылғы су немесе сұйықтықтар соруға қолайлы емес. Су деңгейінің шаң жинағыш
шелектегі ең жоғарғы деңгейден асып тұрмағанына көз жеткізіңіз (4-тармақты қараңыз).
7Құралдансуағады.
- Құрылғыны тым көп еңкейттіңіз. Ол судың ағуына себеп болады. Шаңсорғышты тегіс жерде
ұстаңыз.
8Шаңсорғыштыпайдаланыпжатқанымда,көбікшаңжинағышшелектіңішіндетарайды.
- Егер суға сабын немесе иіссу қоссаңыз, оның көбіктенбейтін сабын не иіссу екеніне көз
жеткізіңіз.
- Егер көбік шаң жинағыш шелектің ішінде тараса, тазалауды тоқтатыңыз. Шаң жинағыш
шелекті босатып, оған таза су құйыңыз.
9ТекFC8952үшін:шағынтурбощетканыңішіндегіщеткағақылтұрыпқалады.
- Шағын турбо щетканы тазалаңыз. «Шағын турбо щетканы тазалау» бөліміндегі «Тазалау»
тарауын қараңыз.
Шаң жинайтын дорбасы жоқ шаң сорғыш
Өндіруші: “Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.”, Туссендиепен 4, 9206 АД, Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы: “Филипс” ЖШҚ, Ресей Федерациясы,
123022 Мәскеу қаласы, Сергей Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111
FC8952, FC8950: 230 В; 50/60 Гц; 1700 Bт
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған
19
ҚАЗАҚША