• Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін əрқашан "off" (сөндіру)
қалпына қойыңыз.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе мүлде ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
• Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа жəне пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
• Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
• Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын қоймаңыз, себебі қызудың
əсерінен құрылғы
бүлінуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды
алып-салғанда абай болыңыз.
• Шойыннан, құйма алюминийден жасалған не түбіне бүлінген ыдысты
əрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
əсер етпейді.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына
ешбір затты тура қоймаңыз жəне оны
алюминий фольгамен жаппаңыз;
– құрылғының ішіне ыстық суды тура қоймаңыз;
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда тек
қызуға төзімді заттарды (егер болса) ғана қойыңыз.
• Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар тұмшапештің
артқы жағының үстін ала орналасқан (егер бар болса).
• Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі төгілмес үшін пішімі мен диаметрі
дұрыс, орнықты ыдысты қолданыңыз. Күйіп қалу қаупі бар.
Қақпақ
• Жабық тұрған қақпақ құрылғыны шаңнан қорғайды, ашық тұрғанда
шашыраған майды жинайды. Оны басқа мақсатта пайдаланбаңыз.
• Қақпақты əрқашан таза ұстаңыз.
• Қақпақты жаппай тұрып, құрылғының суығанына көз жеткізіңіз.
• Ыстық қақпақ шытынап кетуі мүмкін.
Күту менен тазалау
• Жуып-тазалардың алдында құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
• Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның беткі қабаты бүлінбейді.
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін
құрылғыны тек
сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе тот
басуына себеп болатын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары қысыммен тазалайтын
құралдармен, өткір, түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі жөкелермен
жəне дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар