Aeg-Electrolux SCN71800F0 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я — чат-помощник, который прочитал руководство по эксплуатации холодильника-морозильника AEG SCN71800F0. Я готов ответить на ваши вопросы о его функциях, таких как регулировка температуры, функции быстрого охлаждения и заморозки, а также о решении возможных проблем. Задавайте ваши вопросы!
  • Как включить и выключить холодильник?
    Как установить нужную температуру?
    Что делать, если раздается звуковой сигнал?
    Как заменить лампочку в холодильнике?
    Как ухаживать за холодильником?
SCN71800F0
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ-МҰЗДАТҚЫШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RO FRIGIDER CU CONGELATOR INFORMAŢII PENTRU
UTILIZATOR
23
RU ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
43
SK
KOMBINOVANÁ CHLADNIČKA S
MRAZNIČKOU
NÁVOD NA POUŽÍVANIE
65
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген
жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға
мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға
негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе
бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз
жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз.
Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының
мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен
танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың
барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары
стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен
арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары
салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір
жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардың
барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg-electrolux.com/shop
2
МАЗМҰНЫ
4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7 Басқару панелі
12 Бірінші қолдану
12 Әркүндік қолдану
14 Пайдалы нұсқаулар менен
кеңестер
16 Күту менен тазалау
18 Не істерсіңіз, егер...
20 Техникалық сиппатама
21 Орнату
22 Қоршаған орта мәселелері
Осы қолдану туралы нұсқауларда астыда
көрсетілген белгілер қолданылады:
Өзіңіздің жеке бас қауіпсіздігіңіз менен
бұйымды бұзылдырмай қолдану туралы
мағлұматтар.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей
пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу
құқығына ие.
Мазмұны
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны
дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың
алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап
қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда,
оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған
қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты
да қоса беруді ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен
туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты
не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы
ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын
қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының
қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не
қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Сақтандыру туралы ескерту!
Желдету тесіктерін ашық ұстаңыз.
Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл құрылғы әдеттегі үй жағдайларында тамақты
және/немесе сусындарды сақтау үшін арналған.
Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық немесе кез келген
басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр
құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған
ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын,
табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым
келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері болмауы тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның сипаттарын өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын
алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші агент немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1. Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2. Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып
қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым
қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3. Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4. Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5. Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу
қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының
1)
қалпағынсыз қоспаңыз.
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болу керек.
Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз,
себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн сәулелерінің астына қоймаңыз.
Осы құрылғыдағы шамдар
2)
— тек үй құрылғылары үшін пайдаланылуға арналған
арнайы шамдар. Оларды үйді жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
Күнделікті пайдалану
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі
мүмкін.
Тағамды пештің артқы қабырғасындағы ауа шығатын саңылауға тура қарама-қарсы
жерге қоймаңыз.
3)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды мұздатылған тағам өндірушінің нұқсауларына сай
сақтаңыз.
1) Егер шамның қақпағы бар болса.
2) Егер шамның қақпағы бар болса.
3) Егер құрылғыға мұз қатпайтын болса.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек.
Тиісті нұсқауларға қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға
қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
Күтім және тазалау
Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр
желісіндегі розеткадан суырып алыңыз. Егер желідегі розеткаға қолыңыз жетпесе,
ток желісін өшіріп қойыңыз.
Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты
пайдаланыңыз.
Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса,
табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша толып қалған жағдайда су құрылғының
астыңғы жағына жиналады.
Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият
орындаңыз.
Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының
бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны
сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде
екі сағат күтіңіз.
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз
болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор)
ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын
әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын
қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана жалғаңыз.
4)
Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам
жүзеге асыруға тиіс.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
4) Егер суға қосу қажет болса.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны
тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция
қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден
алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе
оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған
белгішесімен белгіленген материалдар қайта өңдеуден өткізуге
жарайды.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Құрылғы ON/OFF түймешігі
2 Тоңазытқыш температурасын суыту түймешігі
3 Тоңазытқыш температурасын жылыту түймешігі
4 Mode түймешігі
5 OK түймешігі
6 Мұздатқыш температурасын суыту түймешігі
7 Мұздатқыш температурасын жылыту түймешігі
8 Бейнебет
Түймешіктердің алдын ала орнатылған дыбысын Mode түймешігі мен температураны
суыту түймешігін бірнеше секунд қатар басып қаттырақ етуге болады. Осыны қайта
өзгертуге болады.
Бейнебет
Off
COOL FROST
MATICMATIC
min
11 10 89
6 74321 5
1 Тоңазытқыш бөліктің индикаторы
2 Тоңазытқыш температурасының индикаторы және таймер индикаторы
3 Тоңазытқыш "сөндірулі" индикаторы
4 COOLMATIC функциясы
5 Демалыс функциясы
6 FROSTMATIC функциясы
Басқару панелі
7
7 Мұздатқыш температурасының индикаторы
8 Мұздатқыш бөліктің индикаторы
9 Ескерту индикаторы
10 Балалар құлпы функциясы
11 Minute Minder функциясы
Іске қосу
Құрылғыны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Егер бейнебет сөніп тұрса, құрылғының ON/OFF түймешігін басыңыз.
3. Бірнеше секундтан кейін ескерту құралы сигнал береді.
Ескерту құралын қалпына келтіру үшін "Жоғары температураны ескерту" тарауын
қараңыз.
4. Температура индикаторы бастапқы орнатылған температураны көрсетеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Құрылғының ON/OFF түймешігін 5 секунд басыңыз.
2. Бейнебет сөнеді.
3. Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін ашаны розеткадан суырыңыз.
Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін:
1. Mode түймешігін тиісті белгіше пайда болғанша басыңыз.
Тоңазытқыш "сөндірулі" индикаторы мен тоңазытқыш бөліктің индикаторы
жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасы индикаторында үзік сызықшалар көрінеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы көрсетіледі.
Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін:
1. Тоңазытқыш температурасын реттеу тетігін басыңыз.
Немесе:
1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы жыпылықтайды.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы өшеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
8
Басқару панелі
Температураны реттеу
Тоңазытқыштың және мұздатқыштың орнатылған температурасын температура
тетіктерін басып реттеуге болады.
Әдепкі температураны орнатыңыз:
тоңазытқыш температурасы +5°C
мұздатқыш температурасы -18°C
Температура индикаторлары орнатылған температураны көрсетеді.
Орнатылған температураға 24 сағат ішінде қол жеткізіледі.
Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады.
COOLMATIC функциясы
Жылы тағамды көп мөлшерде мысалы, азық-түлік дүкенінен келген соң бірден
салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым тез тоңазытып алу үшін, әрі тоңазытқыштағы
тағамдар жылып кетпес үшін, COOLMATIC функциясын қосуды ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз.
Индикатор COOLMATIC жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны
көрсетеді.
2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
Индикатор COOLMATIC көрсетіледі.
Шамамен 6 сағат өткеннен кейін COOLMATIC функциясы автоматты түрде өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:
1. Мына түймешікті Mode, COOLMATIC индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
3. Индикатор COOLMATIC сөнеді.
Тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде функция өшеді.
“Демалыс” функциясы
Бұл функция ұзаққа созылатын демалыс кездері, тоңазытқышта жағымсыз иіс
туғызбай, босатып, жауып қоюға мүмкіндік береді.
“Демалыс” функциясы қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш камерасының іші бос болуға
тиіс.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз.
“Демалыс” функциясының индикаторы жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны
көрсетеді.
2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
Басқару панелі
9
“Демалыс” функциясының индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. “Демалыс” функциясының индикаторы жыпылықтағанша, Mode түймешігін
басыңыз.
2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
3. "Демалыс” функциясының индикаторы сөнеді.
Тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде, функция өшеді.
FROSTMATIC функциясы
Мұздатқыңыз келген жаңа тағамды астыңғы камерадан басқа камералардың
барлығына қоюға болады.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше көрсетілгенше, Mode түймешігін басыңыз.
Индикатор FROSTMATIC жыпылықтайды.
Мұздатқыш температурасының индикаторы
белгішесін көрсетеді.
2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
Индикатор FROSTMATIC көрсетіледі.
Жандану басталады.
Бұл функция 52 сағаттан соң автоматты түрде тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:
1. Мына түймешікті Mode, FROSTMATIC индикатор жыпылықтағанша басыңыз.
2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
3. Индикатор FROSTMATIC сөнеді.
Мұздатқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде функция өшеді.
Жоғары температураны ескерту сигналы
Мұздатқыш камераның ішіндегі температураның жоғарылағаны (мысалы, электр қуаты
өшкен кезде) төмендегідей көрсетіледі:
ескерту сигналының және мұздатқыш температурасының индикаторлары
жыпылықтайды
дыбысты сигнал естіледі.
Ескерту сигналын тоқтату үшін:
1. Кез келген түймешікті басыңыз.
2. Дыбысты сигнал өшеді.
3. Мұздатқыш температурасының индикаторы, ең жоғары температураны бірнеше
секунд көрсетіп тұрады. Содан кейін қайта орнатылған температураны көрсетеді.
4. Ескерту индикаторы қалыпты жағдай орнағанша жыпылықтап тұрады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде ескерту индикаторы сөнеді.
10
Басқару панелі
Тоңазытқыш және мұздатқыш бөліктердің "есік ашық" индикаторы
Есік бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық сигнал естіледі. Есіктің ашық тұрғандығы
төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
Ескерту индикаторы жыпылықтайды
•дыбыстық сигнал
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік жабылғанда), дыбыстық сигнал
тоқтайды.
Ескерту сатысында кез келген түймешікті басып ескерту сигналын ажыратуға болады.
Бала қауіпсіздігі функциясы
Түймешіктер байқаусызда іске қосылып кетпес үшін, бала қауіпсіздігі функциясын
таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз.
2. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтайды.
3. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтағанша, Mode түймешігін
басыңыз.
2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
3. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы сөнеді.
Minute Minder функциясы
Minute Minder функциясы дыбысты сигналды қажетті кезде орнату үшін қолданылады,
мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны белгілі бір уақыт ішінде суытып алу
қажет болса, немесе мұздатқышқа жылдам суыту үшін қойылған шөлмектерді ұмытып
кетпеу үшін ескерту сигналы қажет болған кезде қолданылады.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.
Minute Minder индикаторы жыпылықтайды.
Таймер орнатылған мәнді (30 минут) бірнеше секунд көрсетіп тұрады.
2. Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90 минут аралығында өзгерту үшін таймер
тетігін басыңыз.
3. OK түймешігін басып құптаңыз.
Minute Minder индикаторы көрсетіледі.
Таймер жыпылықтай бастайды (min).
Кері санақ аяқталған кезде Minute Minder индикаторы жыпылықтайды да, дыбысты
сигнал естіледі.
1. Мұздатқыш камерадағы сусындарды алыңыз.
2. Дыбыстық сигналды сөндіру және функцияны біржола тоқтату үшін OK түймешігін
басыңыз.
Функцияны кері санақ орындалып тұрған кезде, кез келген уақытта ажыратуға болады.
Басқару панелі
11
1. Mode түймешігін Minute Minder индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
3. Minute Minder индикаторы сөнеді.
"Суығырақ температура" түймешігі мен "Жылырақ температура" түймешігін басып,
уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде және аяқталған кезде өзгертуге болады.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның
іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан
соң мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына
зиян келтіреді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған
тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін FROSTMATIC функциясын, мұздатылатын тағамды
мұздатқыш камераға қоярдың алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды суретте
көрсетілгендей "X" камерасына қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі
техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген
басқа тағамды қосып салмаңыз.
12
Бірінші қолдану
Мұздатылған тағамды сақтайтын камера
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске қосқан кезде,
тағамды мұздатқыш камераға салмай тұрып құрылғыны жоғары параметрлерге қойып
кем дегенде 2 сағат қосып алыңыз.
Сақталатын тағамның мөлшері көп болса, құрылғының ішіндегі суырмалар мен
себеттердің барлығын алыңыз да, тоңазыту барысында жақсы нәтижеге жету үшін
салқындатқыш сөрелердің үстіне қойыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қойылатын тағам мөлшерінің үстіңгі бөлік(бар болса)үшін көрсетілген салмақ шегінен
асып кетпеуін қадағалаңыз.
Мысалы, электр қуаты өшіп қалып құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп кетсе және электр
қуаты техникалық сипаттамалар кестесінің "температураның жоғарлау уақыты"
бөлімінде көрсетілген шамадан да ұзақ уақыт жоқ болса, тағамды дереу тауысу не
пісіріп барып қайта тоңазыту керек(салқындатқан соң).
Мұздатылған тағам күнтізбесі
Белгілер әр түрлі тағам түрлерін көрсетеді.
Сандар арқылы әр түрлі мұздатылған тағамдарды қанша ай сақтауға болатыны
көрсетілген. Сақтау уақыты бағанында көрсетілген жоғарғы және төменгі мәндер,
тағамның сапасы мен мұздатар алдында қалай дайындалғанына байланысты.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады.
Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға арналған бір не одан да көп науалар бар. Осы
науаларға су толтырыңыз да, содан соң оларды мұздатқыш камераға салыңыз.
Науаларды камерадан алу үшін металл аспаптарды пайдаланбаңыз.
Суық аккумуляторы
Мұздатқыш бір не бірнеше суық аккумуляторымен жабдықталған; бұл электр қуаты
өшкенде не құрылғы сынып қалған жағдайда оның ішіндегі тағамды ұзағырақ сақтауға
көмектеседі.
Әркүндік қолдану
13
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қажетті қатарға орналастыруға арналған
бірнеше бағыттағыш жолдар бар.
Ішкі кеңістікті тиімді пайдалану үшін алдыңғы
кішкене сөрелерді артқы сөрелердің үстіне
қоюға болады.
Есік сөрелерін орналастыру
Әртүрлі үлкендікте оралған тағамдарды орналастыру үшін есіктегі сөрелерді әртүрлі
биіктікке қою болады.
Сырғытпа жәшікті орналастыру
Сырғытпа жәшікті әр түрлі биіктікке қоюға болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. сырғытпа жәшігі бар сөрені жоғары
көтеріңіз де, есіктегі тіреуіштен алыңыз.
2. сөренің астындағы бағыттағыш жолдан
қапсырманы алыңыз.
3. Сырғытпа жәшікті басқа биіктікке қою
үшін жоғарыда көрсетілген әрекеттерді
керісінше орындаңыз.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес
Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан артық уақыт ашып тұрмаңыз.
Орта температурасы жоғары болса, температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса және тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылса салынса,
компрессор буландырғыш құралдың үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы
14
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура регуляторын құрылғы электр қуатын
үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.
Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп орналастырыңыз
Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы
шыны сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: бұлардың бетін жауып кез келген сөреге қоюға
болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий
қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға
қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.
Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды
кеңестер берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс
ешбір қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып, қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін
ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа
өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан мұздаған тағамға, оның температурасы
көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш камерадан алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні
қарып кетуі мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының кестесін жасау үшін, тағамның әрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін жазып қою ұсынылады;
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
15
Тоңазытылған тағамдарды сақтауға қатысты ақыл-кеңес
Құрылғыны аса тиімді пайдалану үшін:
сатылып алынатын тағамдардың бөлшек сауда орнында тиісті түрде сақталғанын
тексеріп алыңыз;
мұздатылған тағамдардың тағам дүкенінен тоңазытқышқа мүмкіндігінше қысқа
уақыт ішінде жеткізілуін қадағалаңыз;
есікті жиі-жиі ашып не қажетті уақыттан артық ашып қалдырмаңыз.
Тағамды бірден жібітіп алған соң оның сапасы төмендей бастайды және қайта
тоңазытуға келмейді.
Тағам өндірушісі көрсеткен уақыттан артық уақыт сақтамаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да,
жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға
тиіс.
Мерзімді тазалау
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
құрылғының іші мен керек-жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы
сумен жуыңыз.
есіктің тығыздағыштарын жиі тексеріп, қоқыстан арылту үшін, тазалап отырыңыз.
шайыңыз да, жақсылап құрғатыңыз.
Камераның ішіндегі түтікше немесе сымдардың ешқайсысын тартуға, қозғауға немесе
бүлдіруге болмайды.
Жуғыш заттар, жеміргіш ұнтақ, әтір иісі қатты шығатын тазалағыш зат немесе
жылтыратқыш балауызбен тазаламаңыз, себебі мұндай заттар құрылғының ішкі бетін
бүлдіріп, қатты иіс қалдырады.
Құрылғының артында орналасқан конденсат құрылғысы (қара гриль) мен
компрессорды шөтке немесе шаңсорғышпен тазалаңыз. Желдеткіш торды бұлай
тазалау құрылғының жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
Салқындатқыш жүйені бүлдіріп алудан сақтаныңыз.
Тазалап болғаннан кейін 2 үстіңгі сөрені өз орындарына қойыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
16
Күту менен тазалау
Сүзгіні Clean Air Control ауыстыру
Жұмыс тиімділігін арттыру үшін Clean Air Control сүзгісін жылына бір рет ауыстырыңыз.
Жаңа сүзгіні жергілікті сатушыдан сатып алуға болады.
"Clean Air Control сүзгісін орнату" тарауындағы нұсқауларды қараңыз.
Тоңазытқыш мұзын-қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде
жойылып отырады. Еріген су құрылғының артындағы, мотор компрессорының үстіндегі
арнайы контейнерге түтікше арқылы жиналады да, осы жерде буға айналады.
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне ақпас үшін
тоңазытқыш камераның ортасындағы
каналдағы еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-
мезгіл тазалап отырған дұрыс. Арнайы
берілген тазалағышты пайдаланыңыз, оны су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге
жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда құрылғының ішкі қабырғаларына да,
тағамдырдың үстіне де еш қырау тұрмайды дегенді білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде басқарылатын желдеткіштің көмегімен құрылғы
ішінде үздіксіз айналыстағы суық ауаның болуына байланысты.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда мына сақтық шараларын
орындаңыз:
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
барлық тағамдарды шығарыңыз
егер қажет болса
5)
құрылғы мен оның керек-жарақтарын тазалаңыз
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса, электр қуаты өшіп қалған жағдайда
ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның арасында бір рет бақылап
қойып отыруын сұраңыз.
5) Жібітіңіз.
Күту менен тазалау
17
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Ақаулықты анықтамас бұрын ашаны розеткадан суырыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулықты тек электрші маман немесе білікті адам
ғана анықтауға тиіс.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш
сұйықтықтың айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады
Құрылғы дұрыс орнықпаған Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт
аяғы да еденге тиіп тұруға тиіс)
Құрылғы жұмыс істемей
тұр. Шам жанбай тұр.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс
сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
Құрылғыға электр қуаты
келмей тұр. Розеткада тоқ жоқ.
Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамның ақауы бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз.
Сигнал шамы
жыпылықтайды.
Құрылғы дұрыс жұмыс істемей
тұр.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту шамы
жыпылықтап тұр.
Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым жоғары.
"Жоғары температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана ашыңыз,
ұзақ ашып қоймаңыз.
Тағамның температурасы тым
жоғары.
Тағамды сақтардың алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бөлме температурасы тым
жоғары.
Бөлменің температурасын
азайтыңыз.
18
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Компрессор FROSTMATIC
не COOLMATIC
түймешігін басқаннан
кейін немесе
температураны
өзгерткеннен кейін бірден
жұмыс істей бастамайды.
Бұл қалыпты жағдай,
ешқандай ақаулық жоқ.
Компрессор біраз уақыттан
кейін жұмыс істей бастайды.
Тоңазытқыштың артқы
тақтасына су ағады.
Мұзды автоматты түрде еріту
барысында еріген су артқы
тақтаға ағады.
Бұл дұрыс.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
Су ағатын түтікшені тазалаңыз.
Тағамдар судың су жинағыш
науаға құйылуына кедергі
жасайды.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
Температура
орнатылмайды.
FROSTMATIC не COOLMATIC
функциясы іске қосулы.
FROSTMATIC не COOLMATIC
функциясын қолмен сөндіріңіз
немесе функция өздігінен
бастапқы қалпына келгенше
күтіңіз де, температураны
орнатыңыз. "FROSTMATIC не
COOLMATIC функциясы"
тарауын қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым төмен/
жоғары.
Температураны реттеу тетігі
дұрыс мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Тағамның температурасы тым
жоғары.
Тағамды сақтардың алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бір мезгілде тым көп тағам
сақтауға қойылған.
Бір мезгілде сақталатын тағам
мөлшерін азайтыңыз.
Тоңазытқыштың ішіндегі
температура тым жоғары.
Құрылғының ішінде суық ауа
айналымы жоқ.
Құрылғы ішінде суық ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым жоғары.
Тағамдар бір-біріне өте жақын
қойылған.
Тағамдарды суық ауа айнала
алатындай етіп сақтаңыз.
Қырау тым көп қатқан. Тағам дұрыс оралмаған. Тағамды дұрыстап ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Температураны реттеу тетігі
дұрыс мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
19
Шамды ауыстыру
Сақтандыру туралы ескерту!
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
1. Артқы ілгекті басып тұрып, қақпақты
көрсеткі бойымен сырғытыңыз.
2. Шамды тұрмыстық құрылғыларға
арналған, қуат параметрі дәл сондай
шаммен ауыстырыңыз. (ең үлкен қуат
мөлшері шамның қақпағында
көрсетілген).
3. Шамның қақпағын бастапқы орнына
қойып бекітіңіз.
4. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
5. Есікті ашыңыз. Шамның жанып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Есікті жабыңыз
1. Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті лайықтаңыз. "Орнату" тарауын қараңыз.
3. Қажет болса, есіктің нұқсан келген тығыздағыштарын айырбастаңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Қуыстың өлшемдері
Биіктігі 1780 мм
Ені 560 мм
Тереңдігі 550 мм
Көтеру уақыты 25 сағ.
Кернеу 230-240 В
Жиілік 50 Гц
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол жағында орналасқан ақпараттар
тақтайшасында және қуат туралы мәлімет көрсетілген жапсырмада берілген.
20
Техникалық сиппатама
/