Hilti ST 1800 Инструкция по эксплуатации

  • Здравствуйте! Я ознакомился с руководством по эксплуатации металлоконструкционного шуруповерта Hilti ST 1800. Я готов ответить на ваши вопросы о его функциях, технических характеристиках и правилах безопасной эксплуатации. В руководстве описаны важные моменты по технике безопасности, различные настройки крутящего момента для разных типов работ, а также информация по уходу и техническому обслуживанию. Задавайте свои вопросы!
  • Как установить ограничитель глубины?
    Какие типы шурупов совместимы с этим шуруповертом?
    Какая максимальная скорость вращения?
    Как правильно ухаживать за инструментом?
*378502*
378502 Қазақ 99
1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Бұл құжаттама туралы
Іске қосу алдында осы құжаттаманы оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін
алғышарт болып табылады.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым өнімде сақтаңыз және оны басқа тұлғаларға тек осы
нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
Импорттауыш және өндірушінің өкілетті ұйымы
(RU) Ресей Федерациясы
"Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АҚ, 141402, Мәскеу облысы, Химки қ., Ленинградская көш., ғим. 25
(BY) Беларусь Республикасы
222750, Минск облысы, Дзержинский ауданы, Р-1, 18-ші км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34
бөлімі
(KZ) Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы, индекс 050011, Алматы қ., Пугачев көш., 4-үй
(KG) Қырғыз Республикасы
"T AND T" ЖШҚ, 720021, Қырғызстан, Бішкек қ., Ибраимов көш., 29 А үйі
(AM) Армения Республикасы
Эйч-Кон ЖШҚ, Армения Республикасы, Ереван қ., Бабаян көш., 10/1 үйі
Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru
Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен
басқа арнайы талаптар қойылмайды.
Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.
1.2 Шартты белгілердің анықтамасы
1.2.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
пайдаланылады:
ҚАУІПТІ
ҚАУІПТІ !
Ауыр жарақаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ !
Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ !
Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың
жалпы белгіленуі.
1.2.2 Құжаттамадағы белгілер
Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады:
Пайдалану алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 05
100 Қазақ 378502
*378502*
Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу
Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз
1.2.3 Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:
Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді
Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс
қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
Сымсыз дерек тасымалы
1.3 Өнімге қатысты белгілер
1.3.1 Таңбалар
Төмендегі белгілер қосымша қолданылады:
Аспаппен жұмыс істеу барысында қорғауыш көзілдірік тағыңыз.
Аспаппен жұмыс істеу барысында құлақаспап киіңіз.
Аспаппен жұмыс істеу барысында қорғауыш қолғап киіңіз.
1.4 Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Металл құрылыстарға арналған гайка бұрауыш ST 1800
Буын 01
Сериялық нөмір
1.5 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз. Сәйкестілік декларациясының суреті осы
құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 05
*378502*
378502 Қазақ 101
2 Қауіпсіздік
2.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл электр құралына арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды,
суреттердіжәне техникалықдеректердіоқып шығыңыз. Төмендеберілген нұсқаулардыорындамау
электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Қауіпсіздік нұсқауларындақолданылатын«электрқұралы» термині электр желісінен (желілік кабельмен)
және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралын білдіреді.
Жұмыс орны
Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралды
қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдар ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп тұрған электр құралға жақындауынарұқсат
етпеңіз. Жұмысқа көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр құралдың байланыс ашасы электр желісінің розеткасына сай болуы керек. Айырдың
конструкциясын өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосуы бар электр құралдарымен бірге өтпелі
айырларды қолданбаңыз. Түпнұсқа айырлар және оларға сай розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға)
және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал әсерінен сақтаңыз. Электр құралға су тиюі
нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
Байланыс сымын басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, электр құралды тасымалдау, оны іліп
қою немесе электр желісінің розеткасынан айырды шығару үшін. Байланыс сымын жылу,
май, өткір жиектер немесе жылжымалы бөліктерден алшақ ұстаңыз. Байланыс сымының
зақымдалуы немесе қабаттасуы нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
Егер жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат етілген
ұзартқыш сымдарды пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш сымды
пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Егер электр құралмен ылғалдылық жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау мүмкін емес
болса, шығып кететін токтан қорғау автоматын қолданыңыз. Шығып кететін токтан қорғау
автоматын қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Адамдардың қауіпсіздігі
Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралмен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралды
қолданбаңыз. Электр құралды қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жарақаттарға апарып соғуы
мүмкін.
Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан міндетті түрде қорғауыш көзілдірікті
киіңіз. Электр құралының түріне және пайдалану жағдайларына байланысты жеке қорғану
құралдарын, мысалы, шаңнан қорғайтын респираторды, сырғымайтын аяқ киімді, қорғауыш шлемді,
естуді қорғау құралдарын қолдану жарақаттану қаупін азайтады.
Электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз. Электр қуатына қосу және/немесе
аккумуляторды қою, көтеру немесе тасымалдау алдында электр құрал өшірілгеніне көз
жеткізіңіз. Электр құралды тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын немесе қосылған
электр құрал желіге қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Электр құралды қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр
құралдың айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралды жақсырақ басқаруға мүмкіндік
береді.
Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралдың айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын
шаш оларға ілінуі мүмкін.
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 05
102 Қазақ 378502
*378502*
Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралға арналған қауіпсіздік
ережелерін бұзбаңыз, тіпті электр құралды жиі қолданатын тәжірибелі пайдаланушы
болсаңыз. Мұқиятсыз қолдану бірнеше секундта ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
Электр құралын қолдану және оған қызмет көрсету
Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралын қолданыңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сөндіргіші бұзылған электр құралын қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құралы
қауіпті және оны жөндеу керек.
Электр құралын реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс
алдында розеткадан ашаны және/немесе электр құралынан алмалы-салмалы аккумуляторды
шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
Қолданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен таныс
емес немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз
қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр
құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың
зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық
қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар, гайка бұрауыш
Адамдардың қауіпсіздігі
Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде
ұстаңыз.
Пайдаланатын аспабыңыз көзден таса электр желісіне тиіп кетуі мүмкін болса, аспаптың арнайы
жеке бөлінген жерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері
кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
Аспапты қолданған кезде арнайы қорғаныс көзілдірігін, қорғаныс шлемін, құлаққап, қорғаныс
қолғап пен жеңіл респиратор тағып жүріңіз.
Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию
кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жарақаттауы
мүмкін.
Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз. Құрамында қорғасын бар бояулар,
ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар және минералдар мен
металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін.
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 05
*378502*
378502 Қазақ 103
Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
Саусақтарыңыздың қандандыруын жақсарту үшін үзіліс жасап, жаттығулар жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
кері әсер тиюі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық
екендігіне көз жеткізіңіз. Ток сымына байқамастан зақым келтірген жағдайда, аспаптағы сыртта
орналасқан металл бөлшектер ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Электр құралмен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
Электр құрал блокталған кезде құралды бірден өшіріңіз. Аспап бүйірімен ауытқуы мүмкін.
Электр құралды алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін
күтіңіз.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
@
Құрал бекіткіші
;
Қорғауыш төлке
=
Қосу орны, тереңдік шектегіші аспап
%
Айналу моментінің реттегіші
&
Сөндіргіштің бекіткіші
(
Желілік кабель
)
Негізгі сөндіргіш
+
Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышы
§
Тереңдік шектегішінің реттегіші
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім қалыпталған профильдер, табақ металдар мен көп қабатты тақталарды металл
құрылыстарға бұрап бекітуге арналған қолмен басқарылатын, металл құрылыстарға арналған электрлік
гайка бұрауыш болып табылады. Аспап құрғақ құрылыста тиісті материалдардағы бұрандаларды бұрап
бекітуге және босатуға арналған.
Қораптағы бұрандаларды бұрап бекіту үшін тұғырдағы аспапты пайдалануға болады.
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 05
104 Қазақ 378502
*378502*
3.3 Басты қолдану салалары / айналу моментін реттеу
Қолданыс Бұранда түрі Диаметрі,
мм
Айналу
моментінің
деңгейі
Табақ металды табақ металға S-MD
S-MD
S-MS
4,2
4,8
4,8
1 - 2
1 - 8
1 - 8
Табақ металды болат профильге S-MD 51 + S-MD 21
S-MD 53 + S-MD 23
S-MP 52
5,5
5,5
6,3
8 - 13
6 - 11
4 - 12
Табақ металды болат арқалыққа S-MD 55 + S-MD 21
S-MP 53
5,5
6,5
2 - 7
8 - 14
Табақ металды ағашқа S-MP 53 6,5 14 - 18
Фиброцементтік тақталарды болат профильге S-FD 03 6,3 6 - 12
Фиброцементтік тақталарды болат арқалыққа S-FD 05 6,3 12 - 15
Фиброцементтік тақталарды ағашқа S-FD 01 6,5 12 - 18
Көп қабатты тақталарды болат профильге S-CD 63 5,5 2 - 7
Көп қабатты тақталарды болат арқалыққа S-CD 65 5,5 2 - 9
Көп қабатты тақталарды ағашқа S-CDW 61 6,5 5 - 8
3.4 Жеткізілім жинағы
Металл құрылыстарға арналған гайка бұрауыш, STDG 17 тереңдік шектегіші, пайдалану бойынша
нұсқаулық.
4 Техникалық сипаттамалар
4.1 Техникалық сипаттамалар
Номиналды кернеу, номиналды ток, жиілік және/немесе номиналды тұтынылатын қуат туралы
ақпарат елге тән фирмалық тақтайшада берілген.
Генераторда немесе трансформаторда жұмыс істеген кезде, осы шығыс қуат аспаптың фирмалық
тақтайшасында көрсетілген номиналды тұтынылатын қуаттан кем дегенде екі есе жоғары болуы керек.
Трансформатор немесе генератордың басқару кернеуі әрдайым аспаптың номиналды тұтынылатын
қуатының +5% және -15% аралығында болуы керек.
ST 1800
Салмағы
1,9 кг
Айналу жылдамдығы (бос жүріс күйінде)
0 А/мин 1900 А/мин
Maкс. айналу моменті
22 Н⋅м
Құрал бекіткіші
1
/
4
" ішкі алты қырлы
Қорғау класы
II
4.2 EN 60745 стандартына сәйкес анықталатын шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол
экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды. Берілген деректер электр құралдың негізгі жұмысын
көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса
немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін.
Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын
да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай
азаюы мүмкін. Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 05
*378502*
378502 Қазақ 105
сақтық шараларын қолданыңыз, мысалы: электр құралға және алмалы-салмалы аспаптарға техникалық
қызмет көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.
Шуыл туралы ақпарат
Дыбыс күшінің деңгейі (L
pA
)
84 дБ
Дыбыс қысымының деңгейі (L
wA
)
95 дБ
Дәлсіздік
3 дБ
Діріл туралы ақпарат
Үш осьтік діріл мәні
2,5 м/с²
Дәлсіздік (K)
1,5 м/с²
5 Қызмет көрсету
Қосу
Негізгі сөндіргішті баяу басыңыз.
Үздіксіз жұмыс режимін қосу
Үздіксіз жұмыс режимін өшіру
Қорғауыш төлкені бөлшектеу
2
Айналу моментін орнату
6
Айналу бағытын орнату
3
Құралды алмастыру
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Алмалы-салмалы аспап ыстық не өткір болуы мүмкін.
Аспапты қолданғанда және алмалы-салмалы аспапты алмастырған кезде қорғаныс
қолғаптарды киіңіз.
Тереңдік шектегішін орнату
ЕСКЕРТУ
Ток соғудан пайда болатын қауіп Бұрап бекіту кезінде жабық тұрған сымдарға зақым
тиіп, дәл сол уақытта қондырма ұстағышы немесе тереңдік шектегішіне тигеннен болатын
ток соғу қаупі.
Бұрандаларды бұрап бекіткен және шығарған кезде гайка бұрауышты тек тұтқышынан
ұстап тұрыңыз.
Тереңдік шектегішін бөлшектеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі Орнатылған, бірақ пайдаланылмаған тереңдік шектегішінен
пайдаланушыға кедергі келтіру қаупі.
Аспаптан тереңдік шектегішін алыңыз.
5
Тереңдік шектегішін (керек-жарақ) орнату
4
Қондырылған бұранданы шығарып алу
6 Кәдеге жарату
Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санын қамтиды. Кәдеге жарату
алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды
қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилеріңізден сұраңыз.
Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз!
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 05
106 Қазақ 378502
*378502*
7 RoHS (зиянды заттектердің пайдаланылуын шектеу директивасы)
Төмендегі сілтемелер бойынша зиянды заттектердің кестесі берілген: qr.hilti.com/r2991 (ST 1800)
RoHS кестесінің сілтемесі осы құжаттаманың соңында QR коды ретінде берілген.
8 Өндіруші кепілдігі
Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне хабарласыңыз.
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 05
/