Hilti ST 2500 Инструкция по эксплуатации

Тип
Инструкция по эксплуатации
ST 2500
de Original-Bedienungsanleitung . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1
en Original operating instructions . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
nl Originele handleiding . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
fr Mode d'emploi original . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
es Manual de instrucciones original . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
pt Manual de instruções original . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41
it Manuale d'istruzioni originale . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49
da Original brugsanvisning . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 57
sv Originalbruksanvisning . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65
no Original bruksanvisning . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
fi Alkuperäiset ohjeet . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 81
et Originaalkasutusjuhend . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 89
lv Oriģinālā lietošanas instrukcija . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 97
lt Originali naudojimo instrukcija . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 105
kk Түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 113
el Πρωτότυπες οδηγίες χρήσης . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 122
ar . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 130
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
*378505*
378505 Қазақ 113
1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Бұл құжаттама туралы
Импорттауыш және өндірушінің өкілетті ұйымы
(RU) Ресей Федерациясы
"Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АҚ, 141402, Мәскеу облысы, Химки қ., Ленинградская көш., ғим. 25
(BY) Беларусь Республикасы
222750, Минск облысы, Дзержинский ауданы, Р-1, 18-ші км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34
бөлімі
(KZ) Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы, индекс 050011, Алматы қ., Пугачев көш., 4-үй
(KG) Қырғыз Республикасы
"T AND T" ЖШҚ, 720021, Қырғызстан, Бішкек қ., Ибраимов көш., 29 А үйі
(AM) Армения Республикасы
Эйч-Кон ЖШҚ, Армения Республикасы, Ереван қ., Бабаян көш., 10/1 үйі
Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru
Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен
басқа арнайы талаптар қойылмайды.
Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.
Іске қосу алдында осы құжаттаманы оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін
алғышарт болып табылады.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым өнімде сақтаңыз және оны басқа тұлғаларға тек осы
нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
1.2 Шартты белгілердің анықтамасы
1.2.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
пайдаланылады:
ҚАУІПТІ
ҚАУІПТІ !
Ауыр жарақаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ !
Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ !
Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың
жалпы белгіленуі.
1.2.2 Құжаттамадағы белгілер
Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады:
Пайдалану алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
114 Қазақ 378505
*378505*
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу
Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз
1.2.3 Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:
Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді
Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс
қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
Сымсыз дерек тасымалы
1.3 Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Металл құрылыстарға арналған гайка бұрауыш ST 2500
Буын 01
Сериялық нөмір
1.4 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз. Сәйкестілік декларациясының суреті осы
құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2 Қауіпсіздік
2.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл электр құралына арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды,
суреттердіжәне техникалықдеректердіоқып шығыңыз. Төмендеберілген нұсқаулардыорындамау
электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Қауіпсіздікнұсқауларындақолданылатын«электрқұралы»термині электр желісінен (желілік кабельмен)
және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралын білдіреді.
Жұмыс орны
Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
*378505*
378505 Қазақ 115
Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралды
қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдар ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп тұрған электр құралға жақындауынарұқсат
етпеңіз. Жұмысқа көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр құралдың байланыс ашасы электр желісінің розеткасына сай болуы керек. Айырдың
конструкциясын өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосуы бар электр құралдарымен бірге өтпелі
айырларды қолданбаңыз. Түпнұсқа айырлар және оларға сай розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға)
және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал әсерінен сақтаңыз. Электр құралға су тиюі
нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
Байланыссымын басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, электр құралды тасымалдау, оны іліп
қою немесе электр желісінің розеткасынан айырды шығару үшін. Байланыс сымын жылу,
май, өткір жиектер немесе жылжымалы бөліктерден алшақ ұстаңыз. Байланыс сымының
зақымдалуы немесе қабаттасуы нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
Егер жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат етілген
ұзартқыш сымдарды пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш сымды
пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Егер электр құралмен ылғалдылық жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау мүмкін емес
болса, шығып кететін токтан қорғау автоматын қолданыңыз. Шығып кететін токтан қорғау
автоматын қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Адамдардың қауіпсіздігі
Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралмен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралды
қолданбаңыз. Электр құралды қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жарақаттарға апарып соғуы
мүмкін.
Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан міндетті түрде қорғауыш көзілдірікті
киіңіз. Электр құралының түріне және пайдалану жағдайларына байланысты жеке қорғану
құралдарын, мысалы, шаңнан қорғайтынреспираторды, сырғымайтын аяқ киімді, қорғауыш шлемді,
естуді қорғау құралдарын қолдану жарақаттану қаупін азайтады.
Электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз. Электр қуатына қосу және/немесе
аккумуляторды қою, көтеру немесе тасымалдау алдында электр құрал өшірілгеніне көз
жеткізіңіз. Электр құралды тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын немесе қосылған
электр құрал желіге қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Электр құралды қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр
құралдың айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралды жақсырақ басқаруға мүмкіндік
береді.
Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралдың айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын
шаш оларға ілінуі мүмкін.
Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралға арналған қауіпсіздік
ережелерін бұзбаңыз, тіпті электр құралды жиі қолданатын тәжірибелі пайдаланушы
болсаңыз. Мұқиятсыз қолдану бірнеше секундта ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
Электр құралын қолдану және оған қызмет көрсету
Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралын қолданыңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сөндіргіші бұзылған электр құралын қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құралы
қауіпті және оны жөндеу керек.
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
116 Қазақ 378505
*378505*
Электр құралын реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс
алдында розеткадан ашаны және/немесе электр құралынан алмалы-салмалы аккумуляторды
шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
Қолданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен таныс
емес немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз
қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр
құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың
зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық
қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2 Бұрауыштар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Бұранданың жасырын қуат сымдарымен немесе электр құралының байланыс сымдарымен
жанасу мүмкіндігі бар жұмыстарды орындап жатқан кезде электр құралын оқшауланған
тұтқа беттерінен ұстаңыз. Бұранда кернеу астындағы электр сымдарына тиген жағдайда аспаптың
металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналып, электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар, гайка бұрауыш
Адамдардың қауіпсіздігі
Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде
ұстаңыз.
Пайдаланатын аспабыңыз көзден таса электр желісіне тиіп кетуі мүмкін болса, аспаптың арнайы
жеке бөлінген жерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері
кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
Аспапты қолданған кезде арнайы қорғаныс көзілдірігін, қорғаныс шлемін, құлаққап, қорғаныс
қолғап пен жеңіл респиратор тағып жүріңіз.
Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию
кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жарақаттауы
мүмкін.
Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз. Құрамында қорғасын бар бояулар,
ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар және минералдар мен
металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін.
Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
*378505*
378505 Қазақ 117
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
Саусақтарыңыздың қандандыруын жақсарту үшін үзіліс жасап, жаттығулар жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
кері әсер тиюі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық
екендігіне көз жеткізіңіз. Ток сымына байқамастан зақым келтірген жағдайда, аспаптағы сыртта
орналасқан металл бөлшектер ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Электр құралмен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
Электр құрал блокталған кезде құралды бірден өшіріңіз. Аспап бүйірімен ауытқуы мүмкін.
Электр құралды алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін
күтіңіз.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
@
Құрал бекіткіші
;
Қорғауыш төлке
=
Қосу орны, тереңдік шектегіші аспап
%
Негізгі сөндіргіштің бекіткіші
&
Желілік кабель
(
Негізгі сөндіргіш
)
Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышы
+
Тереңдік шектегіші реттегіш
3.2 Мақсатына сай қолдану
ST 2500 аспабы қалыпталған профильдер, табақ металдар мен көп қабатты тақталарды металл
құрылыстарға бұрап бекітуге арналған қолмен басқарылатын, металл құрылыстарға арналған электрлік
гайка бұрауыш болып табылады.
3.3 Негізгі пайдалану салалары
Қолданыс Бұранда түрі Ø, мм Өнім
Болат трапециялық таспаға оқшаулағыш
материалды бекіту
Бұрғы тәрізді ұштығы
бар оқшаулағыш
бұрандалар
S-ID түрі, S-IS ұштық
түрімен
•/• ST 2500
Ағашты металға бекіту
Болат сапасы: ST 37 - 12 мм
Болат сапасы: ST 52 - 8 мм
Бұрғы тәрізді ұштығы
бар қанатты бұрғы
бұрандалары
S-WW түрі
•/• ST 2500
Табақ металды табақ металға
Табақ металды табақ металға
Табақ металды болат профильге
Табақ металды болат профильге
S-MD
S-MD
S-MD 51 + S-MD 21
S-MD 53 + S-MD 23
4,2
4,8
5,5
5,5
ST 2500
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
118 Қазақ 378505
*378505*
Қолданыс Бұранда түрі Ø, мм Өнім
Табақ металды ағашқа S-MP 53 6,5 ST 2500
Фиброцементтік тақталарды болат профильге
Фиброцементтік тақталарды ағашқа
S-FD 03
S-FD 01
6,3
6,5
ST 2500
Көп қабатты тақталарды болат профильге
Көп қабатты тақталарды ағашқа
S-CD 63
S-CDW 61
5,5
6,5
ST 2500
3.4 Жеткізілім жинағы
Аспап, STGT 17 тереңдік шектегіші, пайдалану бойынша нұсқаулық.
4 Техникалық сипаттамалар
Номиналды кернеу, номиналды ток, жиілік және/немесе номиналды тұтынылатын қуат туралы
ақпарат елге тән фирмалық тақтайшада берілген.
Генераторда немесе трансформаторда жұмыс істеген кезде, осы шығыс қуат аспаптың фирмалық
тақтайшасында көрсетілген номиналды тұтынылатын қуаттан кем дегенде екі есе жоғары болуы керек.
Трансформатор немесе генератордың басқару кернеуі әрдайым аспаптың номиналды тұтынылатын
қуатының +5% және -15% аралығында болуы керек.
ST 2500
Номиналды қуат тұтынылуы
600 Вт
Салмағы
1,5 кг
Айналу жылдамдығы (бос жүріс күйінде)
0 А/мин 2200 А/мин
Maкс. айналу моменті
19 Н⋅м
Құрал бекіткіші
Ішкі алты қырлы геометриялық
тұйықталу
1
/
4
"
Қорғау класы
II
4.1 EN 62841 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол
экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.
Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа
мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық
қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу
кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын
да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай
азаюы мүмкін.
Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша сақтық
шараларын қолданыңыз, мысалы: электр аспабына және жұмыс аспаптарына техникалық қызмет
көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.
Шуыл туралы ақпарат
ST 2500
Дыбыс күшінің деңгейі (L
pA
)
84 дБ
Дыбыс қысымының деңгейі (L
wA
)
95 дБ
Дәлсіздік
3 дБ
Діріл туралы ақпарат
ST 2500
Үш осьті діріл мәні
2,5 м/с²
Дәлсіздік (K)
1,5 м/с²
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
*378505*
378505 Қазақ 119
5 Жұмысқа дайындық
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Өнімнің кездейсоқ іске қосылуы.
Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында желілік ашаны тартып
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
5.1 Қорғауыш төлкені бөлшектеу 2
Қорғауыш төлке мен аспап арасына бұрауышты орнатыңыз.
5.2 Тереңдік шектегішін орнату
ЕСКЕРТУ
Ток соғудан пайда болатын қауіп Бұрап бекіту кезінде жабық тұрған сымдарға зақым тиіп, дәл сол
уақытта қондырма ұстағышы немесе тереңдік шектегішіне тигеннен болатын ток соғу қаупі.
Бұрандалардыбұрапбекіткенжәнешығарғанкездегайкабұрауыштытектұтқышынанұстаптұрыңыз.
Тығыздауыш шайбамен бұрандаларды пайдаланған кезде тығыздауыш шайбаның диаметріне
арналған тереңдік шектегішін (керек-жарақ) пайдаланыңыз. Тереңдік шектегіші орнатылғанда
бұранданың тығыздауышы дұрыс қысылады.
Тереңдік шектегіші сарт еткізіп бекітілетін қосылым арқылы металл құрылыстарға арналған гайка
бұрауышқа жалғанады және оңай босатылып бекітіледі.
Тереңдік шектегішін орнатыңыз.
5.3 Тереңдік шектегішін бөлшектеу 3
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі Орнатылған, бірақ пайдаланылмаған тереңдік шектегішінен пайдаланушыға кедергі
келтіру қаупі.
Аспаптан тереңдік шектегішін алыңыз.
Тереңдік шектегішін аспаптан алға бағытында тартыңыз.
5.4 Айналу моментін орнату 4
Реттегіш сақинаны қалаулы айналу моментінің деңгейіне дейін айналдырыңыз.
5.5 Айналу бағытын орнату 5
Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын қалаулы айналу бағытына орнатыңыз.
Оңға айналу үшін оңға қарай.
Солға айналу үшін солға қарай.
Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын қалаулы айналу бағытына орнатыңыз.
6 Жұмыс істеу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдалу қаупі. қате қолдану себебінен!
Сөндіргішті жұмыс барысында айналу бағытын және/немесе функцияны таңдау үшін пайдаланбаңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
120 Қазақ 378505
*378505*
6.1 Қосу
Негізгі сөндіргішті баяу басыңыз.
Айналу моменті қадамсыз реттеледі.
6.2 Үздіксіз жұмыс режимін қосу
Негізгі сөндіргіш басылған күйінде тежегіш түймені басыңыз.
6.3 Үздіксіз жұмыс режимін өшіру
Негізгі сөндіргішті одан әрі басыңыз.
6.4 Қондырылған бұранданы шығарып алу
1. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын солға айналу күйіне орнатыңыз.
2. Қондырылған бұранданы шығарып алыңыз.
7 Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым тартып шығарыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлықкөзгекөрінетінбөлшектердезақымдардың бар-жоғынжәнебасқаруэлементтерініңақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Аспап зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
8 Тасымалдау және сақтау
Электр аспапты енгізілген құралымен бірге тасымалдамаңыз.
Электр аспапты әрқашан ажыратылған ашасымен бірге сақтаңыз.
Аспапты құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Электр аспапты ұзақ уақыт тасымалдаған не сақтаған соң, оны пайдалану алдында зақымдардың
бар-жоғын тексеріңіз.
9 Кәдеге жарату
Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санын қамтиды. Кәдеге жарату
алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды
қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилеріңізден сұраңыз.
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
*378505*
378505 Қазақ 121
Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз!
10 RoHS (зиянды заттектердің пайдаланылуын шектеу директивасы)
Төмендегі сілтемелер бойынша зиянды заттектердің кестесі келтірілген: qr.hilti.com/r2992.
RoHS кестесінің сілтемесі осы құжаттаманың соңында QR коды ретінде берілген.
11 Өндіруші кепілдігі
Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне хабарласыңыз.
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88
  • Page 89 89
  • Page 90 90
  • Page 91 91
  • Page 92 92
  • Page 93 93
  • Page 94 94
  • Page 95 95
  • Page 96 96
  • Page 97 97
  • Page 98 98
  • Page 99 99
  • Page 100 100
  • Page 101 101
  • Page 102 102
  • Page 103 103
  • Page 104 104
  • Page 105 105
  • Page 106 106
  • Page 107 107
  • Page 108 108
  • Page 109 109
  • Page 110 110
  • Page 111 111
  • Page 112 112
  • Page 113 113
  • Page 114 114
  • Page 115 115
  • Page 116 116
  • Page 117 117
  • Page 118 118
  • Page 119 119
  • Page 120 120
  • Page 121 121
  • Page 122 122
  • Page 123 123
  • Page 124 124
  • Page 125 125
  • Page 126 126
  • Page 127 127
  • Page 128 128
  • Page 129 129
  • Page 130 130
  • Page 131 131
  • Page 132 132
  • Page 133 133
  • Page 134 134
  • Page 135 135
  • Page 136 136
  • Page 137 137
  • Page 138 138
  • Page 139 139
  • Page 140 140
  • Page 141 141
  • Page 142 142
  • Page 143 143
  • Page 144 144
  • Page 145 145
  • Page 146 146

Hilti ST 2500 Инструкция по эксплуатации

Тип
Инструкция по эксплуатации

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ