54
2. Біріктірілген LivingColors шамдары
1. Бірнеше LivingColors шамдарын бір ғана қашықтан
басқару құралы арқылы реттеуге болады. Сонда
LivingColors шамдары бірдей түсті жарық түсіреді (немесе
түстерді бір мезгілде өзгертеді). Бірнеше LivingColors
шамын бір басқару құралына қосу үшін, оны шамның
жоғарғы жағындағы Philips белгісіне жақындатып, «I» (қосу)
түймесін басыңыз. LivingColors шамы 3 рет жыпылықтайды
да, аз уақыт жасыл түс жанады. Енді түймені жіберуге
болады. Біріктірілген шамдар басқару құралында соңғы
қойылған түспен жанады.
- Осы қадамдарды әрбір біріктіру қажет LivingColors
шамымен орындаңыз.
- LivingColors шамын қайта жеке пайдалану үшін, оны басқа
басқару құралына жоғарыда суреттелген әдіспен қосыңыз.
2. Сонымен қатар, бір ғана LivingColors шамын бірнеше
басқару құралымен басқаруға болады. Ол үшін алдымен
басқару құралдарының біреуін «0» және ( ) түймелерін
бірге 5 секунд басып ұстап тұру арқылы бастапқы қалпына
қайта келтіріңіз. Сосын екі қашықтан басқару құралын бір-
біріне жақын ұстап, екеуіндегі «I» түймесін 7 секунд басып
тұрыңыз. Енді жаңа басқару құралын LivingColors шамына
жоғарыда суреттелген әдіспен қосуға болады.
- Екі (немесе одан артық) басқару құралына қосылған
LivingColors шамдары олардың кез-келгенімен басқарыла
алады.
- Басқару құралын LivingColors шамынан ажырату үшін, оны
шамға жақындатып, «0» түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
LivingColors шамы 3 рет жыпылықтайды. «0» түймесін
ұзағырақ басып тұрыңыз, шам біраздан кейін сөнеді. Енді
басқару пульті мен LivingColors шамы ажыратылған.
3.Таймермен сәйкестендіру
LivingColors шамын таймермен пайдалануға болады
(жинақта кірмейді). LivingColors шамы таймермен қосылып
тұрғанда, ол соңғы реттеуді көрсетеді (тұрақты немесе түсті
автоматты түрде алмастыру режимі)
Тазалау және күту:
Ашаны қабырғадағы ток көзінен ажыратыңыз.
Сырып алмас үшін, LivingColors шамын, басқару құралын және
жалғау ашасын тек жұмсақ дымқыл шүберекпен ғана тазалау
керек.
Тазалайтын құралдарды қолдануға болмайды.
Қауіпсіздік нұсқаулары:
Ашаны және LivingColors шамын сұйықтықтан және ылғал
жерден алшақ ұстаңыз.
-LivingColors шамы тек үйде пайдалануға арналған. Ылғал
жерде пайдаланбаңыз, мысалы, ваннада немесе сыртта.
-LivingColors балалар ойнайтын ойыншық емес.
-Ыстық бетке қоймаңыз
-Қауіпсіздік үшін және кепілдік шарттары бойынша, LivingCo-
lors шамын және ашаны ашуға болмайды.
-Жинақтағы қуат адаптерін ғана пайдаланыңыз: басқа
адаптер түрі LivingColors шамын зақымдау мүмкін.
Қоршаған орта:
Егер құралды қоқысқа тастамақшы болсаңыз, оны
жергілікті үкімет берген нұсқау бойынша тастаңыз. Басқару
құралын тастаған кезде, батареяларды шығарып тастаңыз.
Батареяларды тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Оларды
ресми жинақтау нүктесіне немесе Philips компаниясының
дилеріне тапсыру міндетті, өйткені олар батареялардан
құтылудың қоршаған ортаға зиян тигізбейтін әдісін
пайдаланады.
Аша ерекшеліктері:
Айнымалы ток адаптері
Үлгі: EADP-15YB C(Еуропа түрі)
EADP-15YB D (Ұлы Британия түрі + Сингапур)
EADP-10EB E (Австралия түрі)
Кіріс: 220 - 240В ~ 0,3A 50 Гц
Шығыс: 18,5В 0,83 A
Шамның қуатты тұтынуы : 15,4 Вт-қа дейін
Қашықтан басқару құралы:
Батареялар: 3 x Philips Powerlife Alkaline AAA LR03, 1,5 В
Сымсыз мүмкіндік ерекшеліктері:
Сымсыз радио жиілігінің мөлшері: 2405~2475 МГц
Сымсыз байланыс хаттамасы: IEEE 802,15.4)
Қызмет ету каналдары: 11, 15, 20
немесе 25 каналдары
Сыртқы ортаға бейімделу ерекшеліктері:
Температура (қызмет ету): 0...40 °C
Температура (сақтау): -25...60 °C
Салыстырмалы ылғалдылық мөлшері:
5...95 % қоюланбайтын
Қоршаған айнала:
Басқару пультін тастар алдында батареяларын алып
тастаңыз. Батареяларды әдеттегі үй қоқыстарымен
бірге тастауға болмайды. Олар арнайы жинайтын
орынға немесе Philips Диллеріне апарылуы тиіс,
осы екі жерде де оны қоршаған айналаға зақым
тигізбейтін жолмен жояды.
Кепілдік:
Philips компаниясының екі жылдық кепілдігі өнім нұсқауларға
сәйкес және көрсетілген мақсатқа пайдаланылған жағдайда
жарамды болып табылады. Шағымдар сатып алынған күні,
дилердің аты-жөні және өнімнің сипаттамасы көрсетілген
сатып алу дәлелі (инвойс, сатып алу түбіртегі немесе чегі)
берілгенде ғана қабылданады.
Philips кепілдігі жарамайды, егер:
- сатып алған құжатта немесе өнім сипаттамасы құжатында
кез келген нәрсе алмастырылған, шимайланған, өшірілген
немесе айырғысыз болса;
- зақымдалса, дұрыс қосылмаса және дұрыс
пайдаланылмағандықтан жұмыс істемей тұрса;
- LivingColors шамына сәйкес келмейтін жағдайлар
барысында, мәселен, найзағай, су тасқыны, өрт, дұрыс
қолданбау немесе ұқыпсыздық салдарынан зақым тиген
болса;
- LivingColors ашылған немесе бөлшектелген болса.
Кепілдік және қызмет:
Қосымша ақпарат керек болса және егер ақаулық туындап
жатса, www.philips.com/livingcolors мекенжайы бойынша
Philips веб-торабына кіріңіз немесе мына тегін телефон
арқылы Philips жарық байланыс орталығымен байланысыңыз:
00800-PHILIPSL немесе 00800-74454775