БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ
БАСТАУ
Параметрлерді орнату режимі
Кей әрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс.
Құрылғы іске қосылғаннан кейін
параметрлерді орнату режимінде тұрады:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары
жанады.
• Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы
көрсетіледі.
Бейнебетте басқа жағдай орын алса, Delay
және Start түймешіктерін құрылғы
параметрлерді орнату режиміне ауысқанша
қатар басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
5. Program түймешігін орнатқыңыз келген
бағдарламаның индикаторы жанғанша
қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
жыпылықтайды.
• Орнатылған бағдарлама циклдарының
индикаторлары жанады.
6. Қаласаңыз, параметрлерді орната аласыз.
7. Start түймешігін басыңыз. Бағдарлама
басталады.
• Орындалып тұрған циклдің индикаторы
ғана жанып тұрады.
• Бейнебетте 1 минутқа тең қадаммен
азайып тұратын бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны және параметрлерді
орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз
келген кешіктіріп бастау уақыты (1-24
сағат) көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты
жыпылықтайды.
• Кешіктіру индикаторы қосылады.
3. Start түймешігін басыңыз. Кері санақ
басталады.
• Бейнебетте 1 сағатқа тең қадаммен
азаятын кешіктіріп бастау уақытының
кері санағы көрсетіледі.
• Орнатылған бағдарлама циклдарының
индикаторлары сөнеді.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
– Орындалып тұрған циклдің индикаторы
жанады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату
Delay түймешігін келесі жағдай орын алғанша
қайта-қайта басыңыз:
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
• Цикл индикаторлары жанады.
• Бағдарлама басталады.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Delay және Start түймешігін келесі жағдай
орын алғанша басып ұстап тұрыңыз:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары
жанады.
• Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы
көрсетіледі.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде бейнебетте 0
көрсетіледі де "соңы" индикаторы жанады.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
14