AEG F88072VI0P Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я — чат-бот, ознакомленный с инструкцией по эксплуатации посудомоечной машины AEG FAVORIT 88072 VIOP. В этом документе подробно описаны все функции устройства, включая различные программы мойки, функции экономии ресурсов (ExtraHygiene и ÖKO PLUS), а также рекомендации по уходу и устранению неполадок. Задавайте ваши вопросы — я с радостью вам помогу!
  • Как настроить жесткость воды в посудомоечной машине?
    Что делать, если посудомоечная машина не включается?
    Как очистить фильтры посудомоечной машины?
    Какие моющие средства подходят для этой посудомоечной машины?
    Что означает индикатор соли?
FAVORIT 88072 VI0P KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
ROManual de utilizare 20
RUИнструкция по эксплуатации 37
UK Інструкція 55
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
5. ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі
тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс
жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп,
құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.aeg.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі,
Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.aeg.com
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар
алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен
дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі
сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу
қаупі бар.
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ немесе қолдана
білмейтін адамдарға, балаларға
оны іске қосуға рұқсат бермеңіз.
Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның
нұсқауы немесе қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға
рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын алыс
ұстаңыз.
1.2 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Құрылғының
қорек сымын ауыстыру қажет болса,
оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген
екі қабат қаптамадан тұрады және
қауіпсіздік клапанымен
жабдықталған.
ҚАЗАҚ 3
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны
дереу розеткадан суырыңыз. Су
құятын түтікті ауыстыру үшін Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
1.3 Қолданылуы
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты
төменде аталған жерлерде
қолдануға арналған:
Дүкендердің, кеңселердің және
басқа жұмыс орындарының
қызметкерлерге арналған ас
бөлмелерінде
Фермадағы үйлерде
Қонақ үйлерде, мотельдер мен
басқа да тұрғынды жерлерде
Төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр
немесе өрт қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен
қаратып немесе көлденеңінен қойып
ас құралдарына арналған себетке
салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
Ашық тұрған есікке отырмаңыз
немесе үстіне шықпаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың
орамында көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Ыдыстарда жуғыш зат болуы
мүмкін.
Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу
шығуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
1.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
4
www.aeg.com
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1
2
3
4
5
8
10
6
7
12
9
11
1
Ең үстіңгі бүріккіш түтік
2
Үстіңгі бүріккіш түтік
3
Астыңғы бүріккіш түтік
4
Сүзгілер
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Тұз сауыты
7
Су кермектігі тетігі
8
Шайғыш зат үлестіргіші
9
Жуғыш зат үлестіргіші
10
Ас құралдары себеті
11
Астыңғы себет
12
Үстіңгі себет
2.1 Beam-on-Floor
Beam-on-Floor - құрылғы есігінің
астыңғы жағындағы еденнен көрінетін
жарық.
Бағдарлама жұмыс істей бастаған
кезде, қызыл жарық пайда болады
да, бағдарламаның соңына дейін
жанып тұрады.
Бағдарлама аяқталған кезде, жасыл
жарық жанады.
Құрылғыда ақаулық пайда болған
кезде, қызыл жарық жыпылықтайды.
Құрылғыны сөндірген кезде
Beam-on-Floor сөнеді.
ҚАЗАҚ 5
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
2
3
4
5
6
7 8
9
1
Қосу/өшіру түймешігі
2
Бейнебет
3
Delay сенсорлық түймешігі
4
Program сенсорлық түймешігі
5
ExtraHygiene сенсорлық түймешігі
6
ÖKO PLUS сенсорлық түймешігі
7
Multitab сенсорлық түймешігі
8
RESET сенсорлық түймешігі
9
Индикатор шамдар
Индикатор
шамдар
Сипаттама
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде осы
индикатор сөніп тұрады.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде осы индикатор сөніп тұрады.
Аяқтау индикаторы.
4. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама Ластану дәрежесі
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдар
Функциялар
1
1)
Барлығы
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 45 °C градустан
70 °C дейін
Шаю циклдары
Құрғату
ExtraHygiene
2)
ÖKO PLUS
2)
2
3)
Қатты ластанған
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
ÖKO PLUS
3
4)
Жаңа ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 60 °C
Шаю
ExtraHygiene
4
5)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Алғашқы жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Құрғату
ExtraHygiene
2)
ÖKO PLUS
2)
6
www.aeg.com
Бағдарлама Ластану дәрежесі
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдар
Функциялар
5 Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 55 °C
Шаю циклдары
ExtraHygiene
6
6)
Аралас ластық
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
ÖKO PLUS
7 Қалыпты не
шамалы
ластанған
Осал ыдыс-аяқ
пен шыны ыдыс
Жуу 45 °C
Шаю циклдары
Құрғату
ÖKO PLUS
8
7)
Барлығы Алғашқы жуу
1)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын
анықтай алады. Ол судың температурасы мен мөлшерін, қуаттың тұтынылу
шамасы мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2)
ExtraHygiene және ÖKO PLUS функцияларын бірге пайдалану мүмкін емес. Егер
ExtraHygiene функциясын орнатса, ÖKO PLUS сөнеді.
3)
Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада
шаю циклы бар. Шаю циклі кезінде температура кем дегенде 10 минут 70 °C
градуста тұрады.
4)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт
ішінде жақсы нәтиже береді.
5)
Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас
құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ
мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
6)
Осы бағдарламамен ыдыстардағы аралас ластықты жууға болады. Қатты
ластанған ыдыстарды астыңғы себетке және қалыпты ластанған ыдыстарды үстіңгі
себетке салыңыз. Астыңғы себеттегі судың қысымы мен температурасы үстіңгі
себетпен салыстырғанда жоғары болады.
7)
Бұл бағдарламаны ыдыстарды жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл қалдықтардың
ыдыстарға жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шығуына жол бермейді.
Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Тұтыну мәндері
Бағдарлама
1)
Ұзақтық
(мин)
Қуат
(кВт)
Су
(л)
1 40 - 150 0.6 - 1.4 7 - 14
2 150 - 160 1.4 - 1.6 13 - 15
ҚАЗАҚ 7
Бағдарлама
1)
Ұзақтық
(мин)
Қуат
(кВт)
Су
(л)
3 30 0.8 9
4 195 0.92 10.2
5 55 - 65 1.0 - 1.2 10 - 11
6 130 - 140 1.3 - 1.5 14 - 15
7 70 - 80 0.8 - 0.9 11 - 12
8 14 0.1 4
1)
Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы,
параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
Сынақ институттарына арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға
жолдаңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып
қойыңыз.
5. ФУНКЦИЯЛАР
Параметрлерді бағдарламаны
бастамай тұрып іске қосыңыз
немесе сөндіріңіз.
Параметрлерді бағдарлама
жұмыс істеп тұрған кезде қосу
немесе сөндіру мүмкін емес.
Егер бір немесе бірнеше
параметрлер орнатылса, тиісті
индикаторлардың
бағдарламаларды бастамай
тұрып қосылғанына көз
жеткізіңіз.
5.1 ExtraHygiene
Осы функцияны пайдаланғанда
тазалық барынша жақсы сақталады.
Шаю циклі кезінде температура кем
дегенде 10 минут 70 °C градуста
тұрады.
ExtraHygiene функциясын іске қосу
1. ExtraHygiene түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бейнебетте бағдарлама
ұзақтығының мәні жаңартылып
көрсетіледі.
Егер бұл параметр
бағдарламада жұмыс істемесе,
8
www.aeg.com
тиісті индикатор 3 рет жылдам
жыпылықтайды да, содан кейін
сөнеді.
5.2 ÖKO PLUS
Бұл функция соңғы шаю циклының
температурасын азайтады.
Осы функцияны пайдаланған кезде
қуат мөлшері (25% пайызға дейін)
азайып, бағдарламаның уақыты
қысқарады.
Бағдарламаның соңында ыдыстар
дымқыл болуы мүмкін.
ÖKO PLUS функциясын іске қосу
1. ÖKO PLUS түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бейнебетте бағдарлама
ұзақтығының мәні жаңартылып
көрсетіледі.
Егер бұл параметр
бағдарламада жұмыс істемесе,
тиісті индикатор 3 рет жылдам
жыпылықтайды да, содан кейін
сөнеді.
5.3 Multitab
Бұл параметрді аралас жуғыш
таблеткаларды қолданғанда ғана іске
қосыңыз.
Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды
ағызбай тоқтатады. Тиісті
индикаторлар сөніп тұрады.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын іске қосу
1. Multitab түймешігін басыңыз, тиісті
индикатор жанады.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат
мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке
қолданар алдында мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішінің толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат
қолданбай және ыдыс салмай
орындаңыз.
4. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын
жердегі судың кермектігіне
лайықтап қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
5.4 Дыбыстық сигналдар
Құрылғыда ақау пайда болған кезде,
су жұмсартқыштың деңгейін реттеген
кезде және бағдарлама аяқталғанда
дыбыстық сигналдар естіледі.
Әдетте бұл дыбыстық сигналдар
қосылып тұрады, бірақ оларды
сөндіруге болады.
Дыбыстық сигналдарды қалай
сөндіруге болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз,
"Бағдарламаны орнату және
бастау" тарауын қараңыз.
2. (4) және (5) түймешіктерін (3), (4)
және (5) түймешіктерінің
индикаторлары жыпылықтай
бастағанша бірге басып ұстап
тұрыңыз.
3. (5) түймешігін басыңыз,
(3) және (4) түймешіктерінің
индикаторлары сөнеді.
(5) түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын жалғастырады.
Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
Дыбыстық
сигналдар
қосулы.
Дыбыстық
сигналдар
сөндірулі.
4. Параметрді өзгерту үшін (5)
түймешігін басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіру және
параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
ҚАЗАҚ 9
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың қойылған
деңгейі тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың
кермектігін, жергілікті сумен
жабдықтау мекемесіне хабарласып
біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің
қалдықтары қалуы мүмкін. Оларды
тазалау үшін бағдарламаны
бастаңыз. Жуғыш затты
қолданбаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
6.1 Су жұмсартқышты реттеу
Судың кермектігі
Су жұмсартқыш
реттеу
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк
градусы
Қолдан Элект
ронды
тәсілм
ен
47 - 50 84 - 90 8.4. - 9.0 58 - 63
2
1)
10
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45
2
1)
7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
2
1)
5
1)
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0.7 < 5
1
2)
1
2)
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Су жұмсартқышты қолмен және
электрондық тәсілмен реттеу
қажет.
10
www.aeg.com
Қолмен реттеу
Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-ші
орынға бұраңыз.
Электондық жолмен реттеу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз,
"Бағдарламаны орнату және
бастау" тарауын қараңыз.
2. (4) және (5) түймешіктерін (3), (4)
және (5) түймешіктерінің
индикаторлары жыпылықтай
бастағанша бірге басып ұстап
тұрыңыз.
3. (3) түймешігін басыңыз.
(4) және (5) түймешіктерінің
индикаторлары сөнеді.
(3) түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын жалғастырады.
Дыбыстық сигнал іске қосылады;
бес рет үзік-үзік сигнал естілсе =
5-ші деңгей.
Бейнебетте су жұмсартқыштың
ағымдық параметрі көрсетіледі,
мысалы,
= 5-ші деңгей.
4. Параметрді өзгерту үшін (3)
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіру және
параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
6.2 Тұз сауытын толтыру
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап
ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз
(ең алғаш қолданғанда ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш
машина тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытымен бұрап жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұз сауытын толтырған кезде
одан су және тұз ағуы мүмкін.
Тот басу қауіпі бар. Бұндай
жағдайға жол бермеу үшін тұз
сауытын толтырғаннан кейін
бағдарламаны бастаңыз.
ҚАЗАҚ 11
6.3 Шайғыш зат үлестіргішін толтыру
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
D
C
1.
(D) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішін (A)
толтырыңыз, 'max' деңгейінен
асырмаңыз.
3.
Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш
шүберекпен тазалаңыз.
4.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
Үлестіру мөлшерін реттеу
тетігін (B) 1 (ең аз мөлшер)
және 4 (ең көп мөлшер)
аралығына қоюға болады.
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз,
"Бағдарламаны орнату және
бастау" тарауын қараңыз.
Тұз индикаторы қосулы тұрса,
тұз сауытын толтырыңыз.
Шайғыш зат индикаторы қосулы
тұрса, шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
Егер аралас жуғыш
таблеткаларды қолдансаңыз,
Multitab функциясын қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай дұрыс орнатыңыз да, іске
қосыңыз.
7.1 Жуғыш затты қолдану
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
C
1.
(B) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне
салыңыз.
3.
Бағдарламаның алдын ала жуу
циклы болса, құрылғы есігінің ішкі
бөліміне жуғыш заттан аздап
салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды
қолдансаңыз, оларды жуғыш зат
үлестіргішіне (A) салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
12
www.aeg.com
7.2 Бағдарламаны орнату
және бастау
Параметрлерді орнату
режимі
Құрылғы кей параметрлер үшін
параметрді орнату режимінде тұруға
тиіс.
Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Бейнебетте 2
көлденең қалып-күй жолағы
көрсетілсе, құрылғы параметрлерді
орнату режимінде тұрады. Егер
басқару панелінде бұндай жағдай
көрсетілмесе RESET түймешігін
басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы
жоқ бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Program түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген бағдарламаның
нөмірі пайда болғанша қайта-қайта
басыңыз. Бағдарламаның нөмірі
жыпылықтайды. Қаласаңыз, тиісті
функцияларды орната аласыз.
4. Құрылғының есігін жабыңыз,
бағдарлама басталады.
Бағдарламаның уақыты 1 минутқа
тең қадаммен азая бастайды.
Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген кешіктіріп
бастау уақыты (1- 24 сағат)
көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау
уақыты жыпылықтайды.
Delay индикаторы жанады.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ
басталады.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды.
Есікті жапқаннан кейін, құрылғы
тоқтаған жерінен бастап жұмыс
істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған
кезде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
Кешіктіріп бастау уақытын біржола
тоқтатқанда бағдарлама да біржола
тоқтайды.
1. RESET түймешігін басыңыз.
Бейнебетте 2 көлденең қалып-күй
жолағы көрсетіледі.
2. Бағдарламаны қайта орнатыңыз.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
1. RESET түймешігін басыңыз.
Бейнебетте 2 көлденең қалып-күй
жолағы көрсетіледі.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың бар
екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бейнебетте 0 көрсетіледі де, аяқтау
индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/сөндіру түймешігін
баспасаңыз, бағдарлама
аяқталғаннан кейін бірнеше
минут өткенде AUTO OFF
функциясы құрылғыны
автоматты түрде сөндіреді.
Бұл электр қуатын аз тұтынуға
көмектеседі,
ҚАЗАҚ 13
Маңызды
Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан
суығаннан кейін ғана алыңыз.
Ыстық ыдыстар осал келеді.
Алдымен астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі ыдысты
алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен
есігіне су тұруы мүмкін. Тот
баспайтын болат, ыдыс-аяққа
қарағанда тез салқындайды.
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС
8.1 Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға
нұқсан келтіруі және жуу нәтижесіне
жаман әсер етуі мүмкін минералдар
өте көп мөлшерде кездеседі. Су
жұмсартқыш бұл минералдарды
бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз
су жұмсартқышты таза, жақсы
қалыпта ұстайды. Су жұмсартқыштың
дұрыс деңгейін орнатқан маңызды.
Бұл су жұмсартқыштың ыдыс жуғыш
машина тұзы мен суды дұрыс
мөлшерде қолдануын қамтамасыз
етеді.
8.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш
зат ыдыстарға ешбір жолақ, дақ
қалдырмай құрғатуға көмектеседі.
Аралас жуғыш таблеткалардың
құрамында жуғыш зат, шайғыш зат
және басқа қоспалар бар. Бұл
заттардың тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне сай келетініне
көз жеткізіңіз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті
мөлшерден артық
пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың
орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
8.3 Себеттерді толтыру
Себеттерді толтыру
мысалдары көрсетілген
парақшаны қараңыз.
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада
жууға болатын заттарды жуу үшін
ғана қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы
және мыстан жасалған заттарды
құрылғыға салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам
қалдықтарын алыңыз.
Күйіп жабысып қалған тағамды оңай
тазалау үшін кәстрөлдер мен
табаларды құрылғыға салмай
тұрып, суға салып жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе,
стакан және кәстрөл) аузын төмен
қаратып салыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты
араласып кетпейтін етіп салыңыз.
Қасықтарды басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей
салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдары
себетіне салыңыз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды жылжып
кетпейтін етіп салыңыз.
14
www.aeg.com
Бағдарламаны бастамай тұрып,
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
8.4 Бағдарламаны бастау
алдында
Мынаны ескеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және
орнатылып тұрғанын.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп
қалмағанын.
Заттардың себеттерге дұрыс
салынғанын.
Бағдарламаның салынған ыдыстың
түріне және ластану дәрежесіне сай
екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
Кір жуғыш машина тұзы бен шайғыш
заттың (егер аралас жуғыш
таблетканы қолданбасаңыз) бар
екенін.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны жөндеу алдында
электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен
бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін
төмендетеді.
Уақытылы тексеріп, қажет
болса тазалаңыз.
9.1 Сүзгілерді тазалау
A
B
C
C
1.
Сүзгіні (A) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап алыңыз.
A1
A2
2.
(A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) және
(A2) бөліктерін ажыратыңыз.
3.
(B) сүзгісін алыңыз.
4.
Сүзгілерді сумен жуыңыз.
5.
(B) сүзгісін орнына салар
алдында, сорғының ішінде немесе
айналасында тағам қалдығының
немесе қоқыстың жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 15
6.
(B) сүзгісінің 2 бағыттағыштың
астына (C) дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
7.
(A) сүзгісін құрастырып, (B)
сүзгісіне салыңыз. Сырт етіп
орнына түскенше сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу
нәтижесі қанағаттанғысыз
болуы және құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
9.2 Бүріккіш түтіктерді
тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп
қалса, қалдықтарды жіңішке
шырпымен тазалаңыз.
9.3 Сыртын тазалау
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
9.4 Ішін тазалау
Егер қысқа бағдарламаларды жиі
пайдалансаңыз, құрылғының ішінде
май немесе әк жиналып қалуы мүмкін.
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін
ұзақ бағдарламаларды айына кем
дегенде 2 рет қосып орындауды
ұсынамыз.
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр
немесе жұмыс жасап тұрған кезде
тоқтап қалады.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласпай тұрып, ақаулықты
шешуге қатысты ұсыныстарды
орындаңыз.
Кей ақаулықтар орын алғанда,
бейнебетте ескерту кодтары
көрсетіледі:
- Құрылғыға су құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын!
Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса
алмасаңыз.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай тұр. Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
16
www.aeg.com
Ақаулық Ықтимал шешімі
Егер кешіктіріп бастау функциясы
орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз
немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғыға су құйылмай тұр. Су шүмегінің ашық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың
қысымының өте төмен емес екеніне көз
жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып
алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе
майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыдан су ақпайды. Раковина түтікшесінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе
майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы құрал қосулы. Судың шүмегін жабыңыз да, қызмет
көрсету орталығына хаарласыңыз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны
іске қосыңыз. Бағдарлама үзілген
жерінен бастап жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бейнебетте басқа ескерту кодтары
көрсетілсе, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
10.1 Егер жуу және құрғату
нәтижелері
қанағаттанарлықтай болмаса
Стакандар мен ыдыстарда ақ
жолақтар немесе көк дақтар пайда
болған.
Шайғыш зат тым көп мөлшерде
қосылады. Шайғыш затты үлестіру
мөлшерін ең төменгі деңгейге
қойыңыз.
Жуғыш зат тым көп мөлшерде
салынған.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар
және кепкен су тамшыларының ізі
қалған.
Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде
үлестірілген. Шайғыш затты
үлестіру мөлшерін ең жоғары
деңгейге қойыңыз.
Бұл жуғыш заттың сапасына
байланысты болуы мүмкін.
Ыдыстар су болып тұр
Кептіру циклы жоқ немесе төмен
температурада кептіру циклы бар
бағдарлама таңдалған.
Шайғыш зат үлестіргіші босап
қалған.
Бұл шайғыш заттың сапасына
байланысты болуы мүмкін.
Бұл аралас жуғыш таблеткалардың
сапасына байланысты болуы
мүмкін. Басқа түрін қолданыңыз
немесе шайғыш зат үлестіргішті
қосып, шайғыш зат пен аралас
жуғыш таблеткаларды бірге
пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Басқа ықтимал себептерді
"АҚЫЛ-КЕҢЕС" тарауынан
қараңыз.
10.2 Шайғыш зат үлестіргішін
іске қосу
Multitab функциясы іске қосылған
кезде ғана шайғыш зат үлестіргішін
қосуға болады.
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз,
"Бағдарламаны орнату және
бастау" тарауын қараңыз.
2. (4) және (5) түймешіктерін (3), (4)
және (5) түймешіктерінің
индикаторлары жыпылықтай
бастағанша бірге басып ұстап
тұрыңыз.
3. (4) түймешігін басыңыз.
(3) және (5) түймешіктерінің
индикаторлары сөнеді.
(4) түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын жалғастырады.
Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
Шайғыш зат үлестіргіші
сөндірулі.
Шайғыш зат үлестіргіші
қосулы.
4. Параметрді өзгерту үшін (4)
түймешігін басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіру және
параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
7. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері Ені / Биіктігі / Тереңдігі
(мм)
596 / 818 - 898 / 550
Электртоғына қосу Техникалық ақпарат тақтайшасына қараңыз.
Кернеу 220-240 В
Жиілік 50 Гц
Сумен жабдықтау
қысымы
Ең аз / ең көп (бар / мПа) (0.5 / 0.05 ) / (8 / 0.8 )
Сумен жабдықтау
1)
Суық су немесе ыстық су
2)
макс. 60 °C
Сыйымдылығы Орналастыру
параметрлері
12
Қуат тұтынуы Қосылған қалпы қалдыру
режимінде
0.10 Вт
Сөндірулі режимде 0.10 Вт
1)
Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
2)
Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, желдің қуаты)
алынса, тұтыну қуатын азайту үшін ыстық суды қолданыңыз.
18
www.aeg.com
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге
тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта
өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған
ортаға және адамның
денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті
қайта өңдеу орталығына өткізіңіз
немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 19
CUPRINS
1. INSTRUCŢIUNI PRIVIND SIGURANŢA . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2. DESCRIEREA PRODUSULUI . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
3. PANOUL DE COMANDĂ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
4. PROGRAME . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
5. OPŢIUNI . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
6. ÎNAINTE DE PRIMA UTILIZARE . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
7. UTILIZAREA ZILNICĂ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
8. INFORMAŢII ŞI SFATURI . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
9. ÎNGRIJIREA ŞI CURĂŢAREA . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 32
10. DEPANARE . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
11. INFORMAŢII TEHNICE . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 35
PENTRU REZULTATE PERFECTE
Îţi mulţumim că ai ales acest produs AEG. Am creat acest produs pentru a vă oferi performanţe
impecabile, pentru mulţi ani de acum inainte, cu tehnologii inovatoare care fac viaţa mai simplă
- funcţii pe care s-ar putea să nu le găsiţi la aparatele obişnuite. Vă rugăm să alocaţi câteva
minute cititului pentru a obţine tot ce este mai bun din acest aparat.
Vizitaţi website-ul la:
Aici găsiţi sfaturi privind utilizarea, broşuri, informaţii care vă ajută la rezolvarea unor
probleme apărute şi informaţii despre service:
www.aeg.com
Înregistraţi-vă produsul pentru a beneficia de servicii mai bune:
www.aeg.com/productregistration
Cumpăraţi accesorii, consumabile şi piese de schimb originale pentru aparatul dvs.:
www.aeg.com/shop
SERVICIUL DE RELAŢII CU CLIENŢII ŞI SERVICE
Vă recomandăm utilizarea pieselor de schimb originale.
Atunci când contactaţi unitatea de Service, asiguraţi-vă că aveţi disponibile următoarele
informaţii.
Informaţiile pot fi găsite pe plăcuţa cu datele tehnice. Model, PNC, Număr de serie.
Avertisment / Atenţie-Informaţii privind siguranţa.
Informaţii şi recomandări generale
Informaţii cu privire la mediul înconjurător
Ne rezervãm dreptul asupra efectuãrii de modificãri.
20
www.aeg.com
/